Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Азаматтар үшін ақпарат

Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Ағымдағы жылғы 26 қыркүйекте сағат 17.00-де Ленин көшесi, 2 мекенжайы бойынша 1 қабаттағы мәжiлiс залында мобильдiк қосымшалар арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды танымал ету, сондай-ақ «Digital agent» мобильдiк қосымшасы арқылы мемлекеттiк органдардың және Мемкорпорация филиалының бөлiмiнiң жұмысын бағалау мүмкiндiгi бойынша семинар өтедi.

Барлық ниет бiлдiрушiлердi шақырамыз.

Барлық қызықтыратын ақпаратты 8 (715 35) 22 5 36 тел.нөмiрi арқылы бiлуге болады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Президенттiк жастар кадр резервiне өтiнiмдердi қабылдау басталды.

Құжаттарды қабылдау үшiн автоматтандырылған онлайн-платформа iске қосылды.

Онлайн-платформаны қолдану жеңiл әрi өте ыңғайлы.

Үмiткер сайттың басты бетiнде Президенттiк жастар кадр резервiнiң iрiктеуiне қатысты мағлұматты инфографика арқылы бiле алады. Онда iрiктеуге кiмдер қатыса алатындығы, уақыты мен iрiктеу кезеңдерi жазылған.

Тiркеу тәртiбi барынша жеңiлдетiлген.

Үмiткерге мiндеттi түрде өзiнiң жеке мәлiметтерiн, аты-жөнiн, тегiн, ЖСН, iрiктеу кезеңдерiнен өтуге қолайлы тiлдi таңдап өзiнiң ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келiсiммен танысып, тиiстi талаптарды қабылдауы керек.

Талаптарды қабылдамайынша үмiткер Президенттiк жастар кадр резервiне қатыса алмайды.

Президенттiк жастар кадр резервiне қатысу үшiн үмiткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz. сайтына тiркелу қажет.

Азаматтардың дербес мәліметтерінде анықталған сәйкессіздіктерге түзету жүргізу бойынша
жадынама

I. Сізге қатысты азаматтық хал актілерінде /туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу және т.б./ ақпараттық жүйелерде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда түзетулер енгізу үшін Сіз «электрондық үкімет» порталында «Жеке кабинет» арқылы төменде көрсетілген тәртіппен өтініш бере аласыз (өздерінің акт жазбаларының өзектілігін тексеру бойынша сервис әзірленді):

Бұл үшін, бірінші кезекте ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) және «электрондық үкімет»порталында тіркелген болуыңыз керек.

Басты беттесервистер бөлімінде «Жеке тұлғалардың акт жазбаларын тексеру сервисі» сілтемесін басу қажет.

  1. Ашылған терезеде түсетін тізімнен «Акт жазбасының түрін» таңдау қажет: «Туу туралы актілік жазба», «Неке қию туралы актілік жазба», «Некені бұзу туралы актілік жазба», «Аты-жөнін өзгерту туралы актілік жазба», «Қайтыс болу туралы актілік жазба», «Әке болуды белгілеу туралы актілік жазба», «Бала асырап алу туралы актілік жазба».
  2. «Туу туралы актілік жазбаны» таңдалған жағдайда , жүйеде өтініш беруші санаты «Ата-ана» немесе «Бала» деп көрсетіледі.
  3. Егер пайдаланушы «Ата-ана» өтініш беруші санатын таңдаса, баланың «ЖСН» немесе «Аты-жөні және туған күні бойынша» іздеу әдісі пайда болады.
  4. ЖСН немесе Аты-жөнін және баланың туған күнін толтырғаннан кейін пайдаланушы «Іздеу» әрекетін таңдайды.
  5. Егер көрсетілген параметрлер бойынша АХАЖ АЖ-де актілік жазба болған жағдайда, келесі деректерді толтыру қажет: облыс/қала, актілік жазбаға түзету енгізетін АХАЖ бөлімі, актілік жазба нөмірі, актілік жазбаны тіркеу күні, баланың деректері (ЖСН, аты-жөні, азаматтығы, ұлты, туған күін, жынысы), баланың туған жері (Елі, облыс/қала, аудан, жергілікті пункті/қаласы), әкесінің деректері (ЖСН, аты-жөні, туған күні, ұлты, азаматтығы), анасының деректері (ЖСН, аты-жөні, туған күні, ұлты, азаматтығы), «Жаңа файлды жүктеу» батырмасын басу арқылы туу туралы куәліктің көшірмесін қоса беру және сұрау салуға ЭЦҚ-мен қол қою.
  6. АХАЖ АЖ-де акт жазбасы болмаған жағдайдапайдаланушыға «Мәліметтерді цифрлау» бастырмасын басу қажет.Мәліметтердітолтыру 5 тармақта көрсетілгенге ұқсас.
  7. Акт жазбаларының басқа түрлерін өзектендіру барысында бұл схема ұқсастығы бойынша қолданылады.

Несиенi жабу

Несиенi жабу

Қазiргi таңда Президенттiң Жарлығы бойынша қарыз жүктемесiнiң төмендеуi мен несиенiң бiр бөлiгiн жабу жүрiп жатыр. Бұл хабар барша қазақстандықты қуантқаны рас. Алайда халық арасында бұл жеңiлдiктi кiмдер пайдалана алады, қарызы кешiрiлетiндердiң тiзiмiнде болмаса не iстеу керек деген сұрақтар туындауда.

Осы сұрақтарды талқылап, кiшi-гiрiм лайфхактармен бөлiсудi жөн көрдiк.

ӨЗ МӘРТЕБЕҢIЗДI ҚАЛАЙ ТЕКСЕРУГЕ БОЛАДЫ:

enbek.gov.kz сайтына кiрiңiз;

«Борыштық жүктеменi төмендету бағдарламасына қатысу үшiн мәртебенi тексеру» тетiгiн таңдау;

өз ЖСН-iңiздi жазып, мәртебеңiздi бiлу.

НЕМЕСЕ:

111 бiрiңғай нөмерiне хабарласу.

ТАҒЫ ДА:

egov.kz электронды порталында көруге болады.

ЕҢ СОҢЫНАН, БАСҚА АМАЛЫҢЫЗ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА:

ХҚО-ға барыңыз.

Алайда, егер сiздiң аты-жөнiңiз тiзiмде болмаса және сiз онымен келiспесеңiз, онда сiзге 111, 74-32-20, 75-01-79 және 75-01-78 нөмiрлерiне хабарласу керек.

Егер сiздi тiзiмнен алып тастау себебiмен келiспесеңiз, онда Сiзге банкке немесе несие берген микрокредиттiк ұйымға жүгiну қажет.

Уақытыңызды әр түрлi жұмсауға болады, бiрақ бiз әрқашан сiз үшiн оңтайлы шешiм табуға тырысамыз және бос уақыттарңызды жақындарыңызға көбiрек жұмсағандарыңызды қалаймыз.

Зейнетақы жинақтарын онлайн тексерiңiз!

Сiз ай сайын жалақыңыздың 10% бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналды? Мұны тексеру өте оңай. Әдеттегiдей, оны екi тәсiлмен бiлiп-көруге болады — электронды үкiмет порталы мен телеграм-бот арқылы.

Egov.kz порталы арқылы мәлiметтердi бiлу үшiн «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметiн таңдайсыз. Тиiстi өтiнiштi жолдап, дайын құжатты жеке кабинетiңiзден көре аласыз.

ЭЦҚ болу мiндеттi.

Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты бiлу үшiн телеграм қосымшасына кiрiп, боттағы қызметтер тiзiмiнен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметiн таңдайсыз.

Мобидьдi азаматтар базасына тiркелу мiндеттi.

Зейнетақы жинақтарын онлайн тексерiңiз!

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Елiмiзде халыққа қызмет көрсететiн орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегi халықтың өсуi жедел шаралардың қабылдануын талап етедi. Жарты жылдың өзiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетiлген. Тамыз айының соңына дейiн бiз астанамыз бен Алматыда қосымша бiр-бiр халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бiр айлық үзiлiстен кейiн қайтадан өз қызметiн жандандырды», — делiнген әлеуметтiк желiдегi жазбада.

Оған қоса, елiмiздегi мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бiр-бiр орталық iске қосылады. Әсемгүл Серiкқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көлiктерiн сатып, жаңасын алып, тiркеу рәсiмдерiн де сонда жасатады. Жарты жыл iшiнде Қазақстанда көлiк секторы бойынша көрсетiлген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесiлi», — деп атап өткен Ә.Балташева өз парақшасында.

Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО iске қосылады делiнген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгiнде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс iстейдi, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көшi-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жiктеледi. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетiлген.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезiнде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшiн жаңа ХҚО-ларды, әсiресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырған болатын.

Азаматтарға арналған үкiмет «Мектепке жол» акциясын өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет «Мектепке жол» акциясын өткiздi

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткiздi.

1 қыркүйек күнiне орай, балалардың оқу портфелiн дайындап, қажеттi мектеп формасымен қамтамасыз ету үшiн корпорация қызметкерлерi қаражат жинап, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектестi.

«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етедi. Ал отбасында бiрнеше бала болса, тiптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң тағы бiр көрiнiсi. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетiнен қаржы бөлген әрiптестерiме алғысымды бiлдiремiн», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Шара барысында корпорацияның қызметкерлерi 1,8 млн теңге қаражат жинап, 200 баланың мектепке баруына жағдай жасады.

Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және «NurOtan» ХДП ұйытқы болуымен өтедi.

Халықтың цифрлық сауаттылығы

Ағымдағы жылғы 7 тамызында сағат 16.00-де аудандық әкiмдiктiң үлкен залында бiлiм бөлiмiмен бiрлесiп тұрғындар арасында цифрлық сауаттылық деңгейiн арттыру бойынша оқыту семинары өтедi.

Барлық қызықтыратын ақпаратты 8 (715 35) 22 5 36 телефон нөмiрi арқылы бiлуге болады.

Халықтың цифрлық сауаттылығы

Ағымдағы жылғы 16 шілдеде сағат 16.00-де аудандық әкімдіктің үлкен залында білім бөлімімен бірлесіп тұрғындар арасында цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша оқыту семинары өтеді.

Барлық қызықтыратын ақпаратты 8 (715 35) 22 5 36, 21 5 37 телефон нөмірлері арқылы білуге болады.

Цифрлық Қазақстан

Құрметті аудан тұрғындары, халықтың барлық санаттары үшін (тегін түрде) цифрлық сауаттылықты оқыту курстары жалғастырылатынын естеріңізге саламыз. Семинар өткізу уақыты келісім бойынша.

Барлық тілек білдірушілер 4 бағыттың бірі бойынша оқудан өте алады:

  • біріншісі — базалық, компьютер мен мобильді гаджеттерді пайдалану дағдылары, интернетте ақпарат таба білу, қауіпсіздік және деректерді қорғау;
  • екіншісі ақпараттық дағдыларды қамтиды, бұл «электрондық және ашық үкімет» сервистерін пайдалана білу;
  • үшінші — транзакциялық дағдылар, қызметтерді алу және төлеу қызметтерін пайдалана білу;
  • төртінші дағды Интернетте тауарлар мен қызметтерді сатып алу, сату және жылжыту, яғни электрондық сауда дағдылары.

Барлық қызықтыратын ақпаратты 8 (715 35) 22 5 36, 21 3 57 телефон нөмірлері арқылы білуге болады.

Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданның аппараты

12.06.2019 ж.

Сандық сауаттылықты насихаттау

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста а.ж. 17 маусымнан 31 тамызға дейiн халықтың сандық сауаттылығын арттыру курстары өтедi.

Тiлек бiлдiрушiлер келесi бағыттар бойынша (тегiн) оқудан өте алады:

  • Базалық цифрлық дағдылар-ақпаратты одан әрi тиiмдi қолдану үшiн iздеу, басқару, сақтау және алу үшiн қажеттi базалық ақпараттық-коммуникациялық құралдармен және дағдылармен жұмыс iстеу дағдыларын қамтиды.
  • Электрондық мемлекеттiк қызметтер — қызметтердi алудың қосымша көздерiмен «Электрондық үкiмет» порталын пайдалануды оқыту.
  • Ақпараттық қауiпсiздiк-интернет ресурстарын, пошта ресурстарын, гаджеттердi және ақпаратты сақтау және беру үшiн өзге де құрылғыларды пайдалануда ақпараттық қауiпсiздiк дағдыларын арттыру.

Кеңес беру және жазу телефоны 8(71535)2-13-57 — Марина.

Хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданының әкiмiдiгi 10 жыл мерзiмге мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Хабарламаның (хабарлама) бiрiншi жариялымынан күнтiзбелiк он бес күн кезеңi бойынша конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау басталады. Өтiнiмдердi қабылдау күнiнен бастап 10 жұмыс күн iшiнде осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер қабылданады. 2019 жылдың 24 маусымнан бастап 2019 жылдың 05 шiлдесi сағат 18.00 дейiн қоса өтiнiмдердi қабылдау жүзеге асырылады. Конкурстың соңғы күнi нәтижесi шығарлыған күнi болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi конкурстың нәтижесi шығарылады.

Конкурстың өтетiн орны және күнi, уақыты: Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында Солтүстiк Қазақстан облысы, Есiл ауданы, Явленка ауылы, Ленин көшесi, 10, 1-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша, 2019 жылдың 09 шiлдесi сағат 15 00 минутта өтедi.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс Қазақстан Респубиликасының Жер Кодексiнiң 43-бабы 2-тармағына сәйкес жер комиссиясымен өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiм қағаз тасығышта қолма-қол не почта арқылы немесе Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңына сәйкес «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы өтiнiмдердi беру мерзiмi аяқталғанша берiледi.

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде Жер кодексiнiң 43-1-бабының 9-тармағында көрсетiлген мәлiметтер қамтылуы тиiс.

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшысының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «_ жылғы _ «_» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Талаптарға сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2019 жылдың 09 шiлде айында шығарылады.

Конкурстың өту тәртiбi туралы мәлiметтердi және қосымша ақпаратты Есiл ауданы әкiмiнiң сайтында esl.sko.gov.kz, «СҚО Есiл ауданы әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ ozo-esl.sko.kz, немесе 8(71543)216-91, 215-65 тел. бойынша алуға болады. Мекенжайы: СҚО, Есiл ауданы, Явленка а., Ленин к., 20.

Қосымша (DOC 37 Kb)

Азаматтарға арналған үкімет: «Өз уақытыңызды және күшіңізді бізбен бірге үнемдеңіз»

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Экономьте своё время и силы вместе с нами😉

Публикация от Правительство для граждан (@gov4c.kz)

Азаматтарға арналған үкімет: «Өз уақытыңызды және күшіңізді бізбен бірге үнемдеңіз»

Құрметтi Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан тұрғындары!

А.ж. 17 мамырда сағат 10.00-де аудан әкiмi аппаратының қолдауымен ауылдық әкiмдiкте, СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Новоселовка ауылы, Целинная көшесi, 24 мекенжай бойынша жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, автокөлiктi тiркеу, көшi-қон қызметi, тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, ХҚКО саласындағы мемлекеттiк қызметтер көрсету жәрмеңкесi өтедi.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Сiзге тиiстi мемлекеттiк органдар консультациялық-әдiстемелiк көмек көрсетедi, сондай-ақ жергiлiктi жерде Сiзге қажеттi қызметтi көрсету мүмкiндiгi ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы бiле аласыз: 22 5 36.

Сайлау учаскесінің мекенжайын ЖСН арқылы біл

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда Call-орталық құрылды.

  • Телефон: 21-2-27.
  • Оператор: Сұлтанова Айнұр Мұратқызы.
  • Жұмыс уақыты: сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн.

Оған ауданның әрбiр тұрғыны қоңырау шалып, операторға өзiнiң ЖСН атай отырып, қай сайлау учаскесiне жатқызылғанын және сайлау учаскесiнiң қайда орналасқанын тексере алады.

Жастар тәжiрибесi бойынша 2019 жылға Жұмыс берушiлердiң тiзбесi (ZIP 4 Kb)

2019 жылғы қоғамдық жұмыстар бойынша жұмыс берушiлердiң тiзбесi (ZIP 4 Kb)

Әлеуметтiк жұмыс орындарына 2019 жылға жұмыс берушiлердiң тiзбесi (ZIP 4 Kb)

Азаматтар үшін ақпарат

ЖСН символдары туған күнiмен сәйкес келмеуi — қате емес

«Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңының 1-бабына сәйкес жеке сәйкестендiру нөмiрi (әрi қарай – ЖСН) — жеке тұлға, соның iшiнде өзiндiк кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын дара кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 22 мамырдағы №406 қаулысымен бекiтiлген «Сәйкестендiру нөмiрiн қалыптастыру» Ережесiнiң 3-тармақшасының 1-тармағына сәйкес ЖСН 12 цифрдан тұратын бiрегей комбинацияны бiлдiредi, сондай-ақ, жеке басты куәландыратын (туу туралы куәлiк, ҚР азаматының паспорты, ҚР азаматының жеке куәлiгi, шетелдiктiң ҚР тұруына ықтияр хат және т.б.) құжаттарды беру кезiнде жеке тұлғаға құрылады.

Бұрын 2013 жылға дейiн аталған Ережемен ЖСН қалыптастыру және оқылу алгоритмi жеке тұлғаның туған күнiн, жынысын қамтыған болатын.

ҚРҮкiметiнiң 26.08.2013 жылғы №853 қаулысымен бұл Ережеге өзгерiстер енгiзiлiп, ЖСН сандық мәлiметтерiн азаматтардың дербес деректерiне байланыстыру алынып тасталды.

ЖСН қалыптастыру алгоритмi және оның құрылымы тек техникалық мәнi бар, ол бала (қыз) асырап алудан басқа жағдайда, бастапқы қалпынан қандайда бiр өзгертуге немесе түрлендiруге жатпайды.

Осылайша, ЖСН символдары туған күнiмен сәйкес келмеуi қате болып табылмайды.

Мемлекеттiк органдарымен және басқа да мекемелермен ЖСН нөмiрлерiнiң дұрыс еместiгi негiзiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартуға жол берiлмейдi.

Құрметтi аудан тұрғындары!

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Чистополье а. көпiрден өту жолы жабылды.

2019 жылдың 2 сәуiрiнен бастап Чистополье а. Ақан-Бұрлық өзенi арқылы өткел (қайық) ұйымдастырылды.

Көкшетау жағынан өткел уақыты: 7,00, 12.00, 16.00, 20.00, 23.00 с.

Чистополье а. жағынан өткел уақыты: 6.00, 8.30, 14.30, 18.00 с.

Онлайн-БКМ енгізуі бойынша

Отбасылық сүт фермаларын қаржыландыру сомасы 155 млн. теңгеге дейiн өстi

Астана қаласы 2019 жылғы 27 ақпан

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» жүзеге асырып жатқан «Ырыс» бағдарламасы бойынша сүттi мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтары 155 млн. теңге ала алады. Қуаттылығы 100 мал басына арналған отбасылық тауарлы сүт фермалары мал, жабдықтар мен техниканы сатып алады. Сондай-ақ, мал азық, жанармай сатып алуға, құрылыс-монтаж жұмыстарын өткiзуге қажеттi айналым капиталын толықтыруға мүмкiндiк бар.

Ақпан айында Қор «Ырыс» бағдарламасы бойынша несиелендiру шарттарын өзгертуге шешiм қабылдады.

Әлеуеттi қарыз алушы ала алатын сома 85 миллионнан 155 миллион теңгеге дейiн көтерiлдi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несие департаментiнiң директоры Геррард Бааль. — Сонымен қатар, несие мерзiмi 12 жылға дейiн ұзартылды, бұрын несиелер 10 жылға берiлетiн. Мал, техника мен жабдықты сатып алу бойынша пайыздық мөлшерлеме жылдық 16% құрайды, жылына 10% мемлекет субсидияланады. Тиiмдi мөлшерлеме жылына 6,4%-дан басталады.

Бұдан басқа, «Ырыс» бағдарламасының кепiлдiкпен қамту талаптары өзгердi. Бұрын кепiлдiкке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлкi қойылатын болса, қазiр кепiлге болашақта несие қаржысынан сатып алынатын мүлiк — мал, техника, құрал-жабдықтар алынады.

Кепiлдiк құрылымы келесiдей болуы мүмкiн: 25%-на дейiн қолданыстағы жылжымайтын мүлiк ұсынылуы тиiс. Қалғаны — несиелiк қаражаттан сатып алатын мүлiкпен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.

Бағдарлама басталғаннан берi Қор 114 отбасылық тауарлы сүт фермасын құру және кеңейтуге 4,4 миллиард теңге бағыттады. Несиелiк қаражаттың көмегiмен сүт бағытындағы 8 703 мал басы сатып алынды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша кеңес алу үшiн облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Семей қалаларында орналасқан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» филиалдары мамандарымен байланысу қажет.

Сонымен қатар, 8 800 080 3505 тiкелей желi бойынша қоңырау шалу арқылы алдын-ала кеңес ала аласыз (Қазақстан бойынша қоңырау тегiн). Қосымша ақпаратты www.kazagro.kz/web/fond сайтынан алуға болады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ — «ҚазАгро» холдингi құрамына кiретiн мамандандырылған қаржы-несиелiк ұйым. Қордың негiзгi мiндетi — ауыл халқының қаржылық қызметтер мен ресурстарға қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметi

Тел. 8/7172/678 250 (iшкi 109), e-mail: pressa@fagri.kz 

«АХАТ электронды мұрағаты»

2018 жылдың  маусымынан бастап, азаматтарға 2008 жылға дейiн тiркелген мұрағаттық акт жазбаларын, өздерiнiң жеке мәлiметтерiн тексеру қолжетiмдi болады. Мұрағаттық жазбаларда қатенiң болмауын жетi жағдай бойынша тексеруге болады: туу, қайтыс болу, некенi қию, некенi бұзу, бала асырап алу, қыз асырап алу, әке болуды анықтау, тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту.

Сәйкес келмеушiлiк анықталған жағдайда азаматтар үшiн түзетуге өтiнiм берудiң үш нұсқасы  қарастырылған.

  1. «Электронды үкiмет» порталы арқылы «жеке кабинетте» өтiнiмдi өзi қалдырады (АХАЖ АЖ мәлiметтердi жаңарту бойынша қызмет). Дұрыс емес мәлiметтердi түзету үшiн сканерленген құжаттарджың көшiрмелерiн eGov.kz. порталы арқылы жiберу жеткiлiктi. Қызметтi көрсету мерзiмi 1 күндi құрайды, қызмет тегiн көрсетiледi;
  2. «ХҚКО» ақпараттық жүйесi арқылы өтiнiм беруге мүмкiндiктерi бар Мемкорпорация  қызметкерлерi арқылы;
  3. Ақпараттық жүйелерi «АХАЖ» ақпараттық жүйесiмен бiрiктiрiлген мемлекеттiк органдарға, жеке нотариустарға  қандай да болса  қызмет алу үшiн жүгiну кезiнде.

Мемлекеттiк органдарга немесе жеке нотариустарға жүгiнген кезде, өтiнiш берушiлерге тиiстi түзету енгiзу үшiн, тiркеушi органдарға (АХАТ бөлiмдерiне) немесе әдiлет департаменттерiне жүгiнуге ұсыныс берiледi.

Осы жұмыс тұрақты түрде жүргiзiлетiн болады.

Сонымен бiрге,  азаматтар қағаздағы мәлiметтердi электронды форматқа көшiру кезiнде жiберiлген дұрыс емес мәлiметтердi ғана түзетуге болатынына назар аударған жөн.

Қағаз акт жазбаларындағы, азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердегi қателердi заңда белгiленген тәртiпте түзетуге болады.

Мемлекеттiк қызметке кiру туралы ақпарат

Мемлекеттiк қызметке кiру үдерiсi конкурс ұғымына бiрiктiрiлген бiрнеше кезеңнен өтедi. Егер мемлекеттiк органда бос лауазымдар пайда болса, онда кандидаттарды конкурстық iрiктеу өткiзiледi. Бос орындар аудан әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында (http://gm.sko.gov.kz/page/read/ Gosudarstvennaya_sluzhba_i_kadrovoe_obespechenie.html?lang=ru), Facebook ресми парақшасында (https://www.facebook.com/home.php) орналастырылады.

Мемлекеттiк қызметке алғаш кiретiн немесе қайтадан кiретiн азаматтар iрiктеудiң келесi кезеңдерiнен өтедi:

  1. мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге тестiлеу;
  2. жеке қасиеттерiн бағалауға тестiлеу;
  3. соңғы әңгiмелесу.

Ең күрделi кезеңдердiң бiрi мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге тестiлеу рәсiмiнен мiндеттi түрде өту болып табылады. Бұл тесттi алдын ала тапсыруға болады, оның қолданылу мерзiмi 1 жылды құрайды. Тестiлеудi сәттi тапсырған жағдайда, белгiлi бiр бағдарлама бойынша сертификат берiледi. Осы сертификатпен онда көрсетiлген санаттар бойынша кез келген конкурсқа қатысуға болады. Тестiлеуге egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе Азаматтарға арналған үкiмет МК арқылы тiркелуге болады, онда әрбiр азамат тестiлеу өткiзiлетiн қаланы, күнiн және уақытын таңдай алады.

Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан Республикасы заңнамасының бiлуге тестiлеу Қағидаларға сәйкес үш бағдарламадан тұрады. Сiз таңдаған лауазым санатына сәйкес бағдарламаны таңдау қажет. Аталған тестiлеуден өту жөнiндегi нұсқаулықпен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң сайтында танысуға болады.

Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган құжаттардың бiлiктiлiк талаптарға және мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестiгiн қарайды, содан кейiн қабылданған шешiм туралы Сiздi 2 жұмыс күнi iшiнде хабардар етедi. Лауазымға орналасу шарттарына сай келген жағдайда Сiз әңгiмелесуге қатысасыз (хабарланған күннен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде). Әңгiмелесу қорытындысы бойынша комиссия лауазымға тағайындау немесе лауазымға тағайындаудан бас тарту шешiмдерiнiң бiрiн қабылдайды.

Сiздi қызықтыратын мәселелер бойынша персоналды басқару қызметiне 22-113, 22-449 телефон нөмiрлерi арқылы хабарласа аласыз.

Аудан әкiмi аппаратының басшысы
А. Кенжебеков

Ақпараттық хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi мемлекеттiк меншiктегi және 10 жыл мерзiмге жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау хабарлама (хабарландыру) бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2019 жылғы 20 наурыздан бастап 12 сәуiрге дейiнгi кезеңде жүзеге асырылады. Өтiнiмдер Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппаратында Абылай хан көшесi 28, 2-қабат 26 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң тiзбесi Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң қаулысымен бекiтiлген.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 15 сәуiрде сағат 15.00 минутта, СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы, Новоишим ауылы, Абылайхан көшесi, 28, мекенжайы бойынша Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң ғимаратында шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қағаз тасығышта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеу нөмiрiн мiндеттi түрде бере отырып және өтiнiш берушiге хабарлама бере отырып, «электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның орналасқан жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтер, өтiнiш берушi — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы, олардың жарғылық капиталдағы үлесiнiң мөлшерi (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) көрсетiлген мәлiметтер, Өтiнiш берушiнiң аффилиирленген тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. Жеке тұлғалар үшiн — өтiнiш берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлсе), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, Өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiш берушi үмiткер жер телiмiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiш берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, аталған шартқа қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде шаруа немесе фермер қожалығын не Ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартын жасасу жөнiндегi мiндеттемелер.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхат негiзiнде Қазақстан Республикасының жеке тұлғасының немесе мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi ұсынуы мүмкiн. Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңы, ауыл шаруашылығы малдары, қолданылатын Агротехнология, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтардың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi iс-шараларды орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №268 бұйрығымен бекiтiлген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алқаптарының құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды сақтау бойынша мiндеттемелер, фитосанитариялық және карантиндiк талаптар.

Өтiнiш берушi конкурстық ұсыныста ұсынған мiндеттемелер мен бизнес-жоспар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Жер комиссиясы барлық өтiнiмдердi олардың сәйкестiгi, толықтығы, есептерде қателердiң болуы, құжаттардағы барлық қол қою мәнiне зерделейдi, сондай-ақ жалпы ресiмдеудiң дұрыстығын тексередi, өтiнiмдердi бағалайды, бизнес-жоспар бойынша, оның iшiнде конкурстық ұсыныста көрсетiлген инвестициялардың болжамды көлемi бойынша балл беру жолымен салыстырады. Балдар келесi критерийлер бойынша берiледi:

1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемi туралы, мың теңге:

1. суарылмайтын егiстiкке:

  • 50-ге дейiн — 1 балл;
  • 50-ден 70-ке дейiн — 5 балл;
  • 70-тен 90-ға дейiн — 10 балл;
  • 90-нан 110-ға дейiн — 15 балл;
  • 110-нан жоғары — 20 балл;

2. суарылатын егiстiкке (суарылатын жерлер):

  • 200-ге дейiн — 1 балл;
  • 200-ден 300-ге дейiн — 5 балл;
  • 300- ден 400-ге дейiн — 10 балл;
  • 400-ден 500-ге дейiн — 15 балл;
  • 500-ден жоғары — 20 балл;

3. жайылымдық және шабындық алқаптарға:

  • 5-ке дейiн — 1 балл;
  • 5-тен 10-ға дейiн — 5 балл;
  • 10-нан 20-ға дейiн — 10 балл;
  • 20-дан 30-ға дейiн — 15 балл;
  • 30-дан жоғары — 20 балл.

Инвестиция сомасында өнiмдердi сақтау және өңдеу объектiсiн салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды.

Конкурстық ұсынысты, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, конкурсқа қатысушы беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде мөрленген немесе өшiрiлмейтiн сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы бетi жеке тұлғалар (немесе сенiмдi өкiл) үшiн — қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшiн — бiрiншi басшысының (немесе сенiмдi өкiл) қолымен және мөрiмен (бар болса) куәландырылады.

Өтiнiмде және конкурстық ұсыныста қатысушыға грамматикалық және арифметикалық қателердi түзету қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай кiрiстiрмелер, өшiрулер немесе қосып жазулар болмауы тиiс.

Конкурстық ұсыныстың жабық конвертiнде «шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурс» және «_ жылғы _ «_» дейiн ашуға болмайды» (ашудың нақты күнi көрсетiледi) деген сөздер жазылады.

Жер кодексiнiң 43-1 бабы 9 тармағының талаптарына сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Конкурсқа шығарылған әрбiр жер учаскесi бойынша конкурсқа қатысуға екiден аз өтiнiм келiп түскен және конкурсқа шығарылған әрбiр жер учаскесi бойынша конкурске қатысуға екiден аз қатысушы жiберiлген жағдайларда өткiзiлмедi деп танылады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телiмдерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурстың нәтижелерi 2019 жылдың 15 сәуiр айында шығарылады.

Жер комиссиясының отырысы Жер кодексiнiң 43 бабының 2 тармағына сәйкес аудио-, бейнежазба құралдарының көмегiмен мiндеттi түрде тiркеледi. Жер комиссиясының отырысын аудио-, бейнежазба құралдарымен тiркеудi аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары жүзеге асырады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң сайтынан алуға болады. gm.sko.gov.kz «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ ozo-gm.sko.gov.kz немесе тел.: 8(71535)2-14-74.

Мекен-жайы: СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Ленин көшесi, 2., 3-қабат.

Лот нөмірі Жер учаскесінің қысқаша сипаттамсы (құрамы және түрі балл бонитеті) Жалпы ауданы га. Жер учаскесінің орналасқан жері (аудан орталығына дейінгі орташа арақашықтығы) ауданы, га.
егістік жайылым
1

Егістік – 128 га. (балл бонитет 52,6)

Жайылым – 10 га. (балл бонитет 52,6)

Су асты – 1 га.

Жолдар – 1 га.

140 Чистопол ауылдық округі Новоишим ауылына дейін 90 ш. 128 10
2

Егістік – 169 га. (балл бонитет 51,7)

Жолдар – 1 га.

170 Чистопол ауылдық округі Новоишим ауылына дейін 90 ш. 169 -
3

Егістік – 93 га. (балл бонитет 49,6)

Жолдар – 4 га.

97 Чистопол ауылдық округі Новоишим ауылына дейін 90 ш. 93 -
4

Егістік – 95 га. (балл бонитет 23,4)

Жолдар – 1 га.

96 Чистопол ауылдық округі Новоишим ауылына дейін 90 ш. 95 -

Құрметтi Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан тұрғындары!

А.ж. 15 ақпанда сағат 15.00-де аудан әкiмi аппаратының қолдауымен Мәдениет үйiнде, СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Чистополье ауылы Ленин көшесi мекенжай бойынша жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ТКШ, жұмыспен қамту, бiлiм беру, денсаулық сақтау, сәулет, автокөлiктi тiркеу, көшi-қон қызметi, мемлекеттiк кiрiстер, сондай-ақ АХАТ саласында мемлекеттiк қызмет көрсету жәрмеңкесi өтедi. Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Сiзге тиiстi мемлекеттiк органдар мен Мемлекеттiк корпорацияның (ХҚКО) консультативтiк-әдiстемелiк көмегi, электрондық қызметтер мен ЭЦҚ алу презентациясы, сондай-ақ жергiлiктi жерде қызығушылық танытқан қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы
бiле аласыз: 22 5 36

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 2019 жылғы 04 ақпандағы фермер қожалығын, шаруа қожалығын немесе ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін 10 жылға жалға беру бойынша конкурстың жеңімпаздары

№ лота Жер телімінің атауы ЖТ ауданы Жер телімінің орналасқан жері
1. Өтінім түскен жоқ Жалпы – 128 га., Оның ішінде табиғи жайылымдар 126 га., басқа ауылшаруашылық емес санаттар (бұталар, су асты, жолдар) 2 га. Андреев ауылдық округі, Андреевка ауылы
2. Өтінім түскен жоқ Жалпы – 34 га., Оның ішінде жақсартылған жайылым – 34 га. Андреев ауылдық округі, Андреевка ауылы
3. «Жуматаев» ШҚ, басшысы Қайыр тасмағанбетұлы Жұматаев,Чистополь ауылдық округі, Дубровка ауылы Жалпы – 100 га., Оның ішінде табиғи жайылымдар - 42 га., жақсартылған жайылымдар - 56 га. басқа ауылшаруашылық емес санаттар (жолдар) - 2 га. Чистополь ауылдық округі, Дубровка ауылы
4. «НИВА 2016» ЖШС, директор Асхат Қайыржанұлы Әбілпеисов, Чистополь ауылдық округі, Чистополье ауылы Жалпы – 400 га., Оның ішінде табиғи жайылымдар - 318 га., Жақсартылған жайылымдар - 73 га., басқа ауылшаруашылық емес санаттар (жолдар, су асты) - 9 га. Чистополь ауылдық округі, Дубровка ауылы

Хабарландыру
Құрметті кәсіпкерлер!

Бизнестi дамыту бойынша қолданыстағы мемлекеттiк қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және бизнестi жүргiзудiң өзектi мәселелерiн жариялау, кәсiпкерлiктi дамыту проблемалары мен перспективаларын талқылау мақсатында қаржы институттарының қатысуымен ауданның кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн «Ашық есiк күнi» өтедi.

Iс-шара 2019 жылддың 6 ақпанында «Нұр Отан» аудандық партиясы филиалының конференц-залында сағат 11.00-де, мекен-жайы Новоишим ауылы, Абылай Хан көшесi 11 В ү.

Барлық сұрақтар бойынша «СҚО Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның кәсiпкерлiк бөлiмi» КММ мына телефон нөмерi 8(71535)21745 бойынша хабарласа аласыз.

Кәсiпкерлiк субъектiлерiне белсендi түрде қатысуларыңызды сұраймыз.

Құрметтi Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан тұрғындары!

А.ж. 8 ақпанда сағат 16.00-де аудан әкiмi аппаратының қолдауымен Мәдениет үйiнде, СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Чистополье ауылы Ленин көшесi мекенжай бойынша жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ТКШ, жұмыспен қамту, бiлiм беру, денсаулық сақтау, сәулет, автокөлiктi тiркеу, көшi-қон қызметi, мемлекеттiк кiрiстер, сондай-ақ АХАТ саласында мемлекеттiк қызмет көрсету жәрмеңкесi өтедi. Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Сiзге тиiстi мемлекеттiк органдар мен Мемлекеттiк корпорацияның (ХҚКО) консультативтiк-әдiстемелiк көмегi, электрондық қызметтер мен ЭЦҚ алу презентациясы, сондай-ақ жергiлiктi жерде қызығушылық танытқан қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы бiле аласыз: 22 5 36.

Құрметтi Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан тұрғындары!

А.ж. 8 ақпанда сағат 11.00-ден 15.00-ге дейiн аудан әкiмi аппаратының қолдауымен Тахтаброд орта мектебiнде, СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Тахтаброд ауылы Садовая көшесi 44, мекенжай бойынша жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ТКШ, жұмыспен қамту, бiлiм беру, денсаулық сақтау, сәулет, автокөлiктi тiркеу, көшi-қон қызметi, мемлекеттiк кiрiстер, сондай-ақ АХАТ саласында мемлекеттiк қызмет көрсету жәрмеңкесi өтедi.

Барлық қызықтыратын мәселелер бойынша Сiзге тиiстi мемлекеттiк органдар мен Мемлекеттiк корпорацияның (ХҚКО) консультативтiк-әдiстемелiк көмегi, электрондық қызметтер мен ЭЦҚ алу презентациясы, сондай-ақ жергiлiктi жерде қызығушылық танытқан қызмет көрсету мүмкiндiгi ұсынылады.

Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы бiле аласыз: 22 5 36.

Азаматтар үшін ақпарат

22 өңiрлiк ХҚО бөлiмiнде жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болады

22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

Елiмiздiң 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргiзушi куәлiгiн ауыстыра алды. Онда көлiктi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан алу бөлiмiнiң мамандары қызмет көрсетедi. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлiк жүргiзушiсiнiң куәлiгi берiлген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзiмi бiтуге таяу жүргiзушi куәлiгiн жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиiстi емтихандарды тапсырып, медициналық тексерiстен өтудiң қажетi жоқ. Аймақ тұрғындары көлiк жүргiзу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзiмi 1 ай, кейiн «жоғалғанның орнына» белгiсiмен жаңа көлiк жүргiзу куәлiгi берiледi.

Бұл ретте көлiк жүргiзу құқығынан айырылған тұлғалар жүргiзушi құжатын қалпына келтiру үшiн тиiстi емтихандарды тапсыру керектiгiн еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлiк иелерiнiң назарына жүргiзушi куәлiгiн мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсiздiк даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiнiң электрондық үкiмет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшiн көлiк жүргiзушiсiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданып, баж салығы төленедi. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргiзушi куәлiгiн алып кетуге болады.

Жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

Облыс атауы Аудан атауы Облыс атауы Аудан атауы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Ақмола облысы Есіл ауданы Жалағаш ауданы
Ақкөл ауданы Арал ауданы
Степногорск қаласы Жаңақорған ауданы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Қармақшы ауданы
Талас ауданы Шиелі ауданы
ШҚО Жарма ауданы Павлодар облысы Ақсу қаласы
БҚО Қазталов ауданы СҚО Тайыншы ауданы
Бөрілі ауданы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Түркістан облысы Түркістан қаласы
Осакаров ауданы Сайрам ауданы

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар тегiн психологиялық көмекке онлайн жүгiне алады

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк сала бойынша кеңес беретiн 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалу арқылы мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегiн брондай алады.

Мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретiн онлайн қолдау қызметiн құру жөнiндегi әрiптестiк келiсiм ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетiнiң арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметi құрылғалы берi барлық аймақтан 2,4 мың өтiнiш келiп түскен. Қоңыраулардың денi Алматы, Атырау және Түркiстан облыстарына тиесiлi.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгiлеп, кезекке тұрады. Медицина университетiнiң мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшiн белгiленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналарына психологиялық көмектi медицина университетiнiң психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсiби мамандары бередi.

Психологтардың қызметiне жүгiну — балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметiн төлей алмайтын және кәсiби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдiмекендерде тұратын ата-аналар үшiн жақсы мүмкiндiк.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Хабарландыру

Құрметтi Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның тұрғындары аудан әкiмi Б.С. Жұмабековтiң аудан тұрғындары алдында қорытынды есеп беру кездесуi 2019 жылғы 31 қаңтарда сағат 15.00-де Новоишим а. аудандық Мәдениет үйiнде өтетiнiн Сiздердiң назарларыңызға жеткiземiз.

Аудан әкiмiнiң аппараты

Жаңа жылдық сыйлық ретiнде — Цифрлық ХҚО

Бүгiн Петропавлда Цифрлық ХҚО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Елена Степаненко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахмет және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов қатысты.

Цифрлық ХҚО — бұл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрған Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа үлгiдегi фронт-офисi. Азаматтар өз бетiнше, операторлардың көмегiнсiз өздерiне қажеттi қызметтердi ала алады. Келушiлердiң мұнда цифрлық сауатын арттыру мүмкiндiгi бар. Орталық кiреберiсiнде бөлiм қызметкерi кеңес беретiн ресепшн орналасқан, келушiлер күту секторында жайлы жиһазда отырып, цифрлық қызметтер туралы медиа ақпаратпен таныса алады. Мұнда, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету — ConnectionPoint секторы бар, онда келушiлер өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi ала алады.

«Цифрлы ХҚО — бұл өңiр тұрғындары оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi ала алатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жаңа нұсқадағы фронт-офисi. Цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып, керектi анықтамаларды өздерiнiң электрондық поштасына жолдай алады. Ал осы цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртiбiн бiлмейтiндер үшiн арнайы цифрлық сауаттылық курстары өткiзiледi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Анықтама үшiн:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылы өңiр тұрғындарына 859 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның 329 мыңы электрондық түрде. Сонымен қатар 2018 жылы аймақта egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы өз бетiнше қызмет алу үшiн 179 мың электрондық цифрлық қолтаңба берiлдi. Цифрлық ХҚО М. Әуезов көшесi, 157 мекенжайында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан бойынша 2018 жылғы ауыл шаруашылығы тауар өндірісін, фермер және шаруа қожалығын жүргізу үшін әр түрлі мерзімге жалға берілген жер телімдері

№р/с Жер телімінің атауы Жер телімінің орналасқан жері Қаулының нөмірі, күні Жалпы ауданы (гектар) Жалға алу мерзімі Оның ішінде
Егістік Жайы лым
1 «Ақселеу» ЖШС Кырымбет ауылдық округі №130, 2018 жыл 20 сәуір 435 10 жыл 421 13
2 «Возвышенка-СК» ЖШС, директоры Нукаев Абдурахим Изуддинович Рузаев ауылдық округі №131, 2018 жыл 20 сәуір 10 462 10 жыл 8 101 2 248
3 «Ермағанбетов» ФҚ, басшысы Ермағанбетов Бауыржан Амантайұлы Новоселов ауылдық округі №133, 2018 жыл 20 сәуір 67 10 жыл - 54
4 «Нұрмұқанов» ФҚ, басшысы Нұрмұқанов Ғабит Төлеубайұлы Кокалажар ауылдық округі №132, 2018 жыл 20 сәуір 134 10 жыл - 134
5 «МИР-НАН 1» ФҚ, басшысы Мирная Елена Николаевна Новоишим ауылдық округі №09, 2018 жыл 12 қаңтар 172 34 жыл 172 -
6 «МИР-НАН 1» ФҚ, басшысы Мирная Елена Николаевна Червонный ауылдық округі №10, 2018 жыл 12 қаңтар 171 37 жыл 156 5
7 «Возвышенка-СК» ЖШС, директоры Нукаев Абдурахим Изуддинович Новоселов ауылдық округі №48, 2018 жыл 08 ақпан 44 37 жыл 44 -
8 «Нұрғазин және К» ФҚ, глава Нұрғазин Қоныспек Мырзағалиұлы Андреев ауылдық округі №49, 2018 жыл 08 ақпан 43 33 жыл 33 -
9 «Нұрғазин және К» ФҚ, глава Нұрғазин Қоныспек Мырзағалиұлы Андреев ауылдық округі №167, 2018 жыл 21 мамыр 102 36 жыл 102 -

Бөлiм басшысы Ж. Қабдуннасов

Ақпараттық хабарлама

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы мемлекетке тиесiлi жер телiмдерiне 10 жыл уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткiзедi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдау хабарлама (хабарландыру) бiрiншi жарияланған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн басталады. Осы конкурсқа қатысуға өтiнiмдер өтiнiмдердi қабылдау басталған күннен бастап 15 жұмыс күнi iшiнде қабылданады. Өтiнiмдердi қабылдау 2019 жылғы 14 қаңтардан 1 ақпанға дейiнгi кезеңде жүзеге асырылады. Өтiнiм Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппаратында Абылай хан көшесi 28, 2 қабат 26 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады. Конкурстың аяқталған күнi қорытынды шығарылған күн болып есептеледi. Конкурстың қорытындысы конкурсқа қатысуға өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн келесi күнi өткiзiледi.

Конкурстың өтетiн күнi, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2019 жылғы

4 ақпанда сағат 15:00 минутта СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы әкiмдiгiнiң ғимаратында, СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Аблайхан көшесi 28, 2 қабат, кiшi мәжiлiс залында шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексiнiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткiзедi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм мiндеттi түрде тiркеу нөмiрi берiлiп және өтiнiм берушiге хабарлама берiле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткiзгiште немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы берiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғалары үшiн — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жерi, заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелуi (қайта тiркелуi) туралы мәлiметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнен) үлестерiнiң мөлшерi көрсетiле отырып, өтiнiм берушiнiң — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлерi туралы мәлiметтер, өтiнiм берушiнiң үлестес тұлғалары туралы мәлiметтер;
  2. жеке тұлғалар үшiн — өтiнiм берушiнiң тегi, аты және әкесiнiң аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетiлген болса), тұрғылықты жерi, азаматтығы, жеке сәйкестендiру нөмiрi, өтiнiм берушiнiң жеке басын куәландыратын құжат туралы мәлiметтер;
  3. өтiнiм берушi үмiттенiп отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтiнiм берушi шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурстың жеңiмпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттiгi туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген шартты жасасу жөнiндегi мiндеттеме қамтылуға тиiс.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасының уәкiлеттi өкiлдерi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенiмхаттың негiзiнде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемi, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы бiлiктi мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықiшiлiк жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту iс-шараларын орындау жөнiндегi мiндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңiрдiң мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егiс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтiк көрсеткiштердi орындау, ғылыми негiзделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндiк талаптарды сақтау жөнiндегi мiндеттемелер қамтылуға тиiс.

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы беру жағдайларын қоспағанда, беттерi нөмiрленiп, тiгiлген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Сәйкес келмейтiн, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөнiндегi конкурсқа қатысуға өтiнiм қабылдамай тастауға жатады.

Мемлекеттiк меншiктегi және жер пайдалануға берiлмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөнiндегi конкурстың қорытындысы 2019 жылғы 04 қаңтарда шығарылады.

Конкурсты өткiзу тәртiбi туралы мәлiметтер мен қосымша ақпаратты «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң жер қатынастары бөлiмi» КММ немесе тел.: 8(71535)21474 алуға болады.

Мекен-жайы: СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы, Новоишим ауылы, Ленин көшесi 2, 3 қабат.

Лот нөмірі Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы (алқаптың түрі мен құрамы, бонитет баллы) Жалпы ауданы, га. Жалға алу мерзімі, жыл. Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылық және аудандық орталығының орташа қашықтық) Жалпы алаңы
1 2 3 4 5 жыртпа жайылым
1 Табиғи жайылымдар 126 га., (балл бонитет 40,4) басқа санатты ауылшаруашылық емес (бұталар, су асты, жолдар) 128 10 Андреев ауылдық округі Андреев с. Новоишим селосына дейін 110 км. - 126
2 жақсартылған жайылымдар 34 га. (балл бонитет 51,0) 34 10 Андреев ауылдық округі Андреев с. Новоишим селосына дейін 110 км. - 34
  Округ бойынша қорытынды 162      
160
3 табиғи жайылымдар 42 га. (балл бонитет 41,0), жақсартылған жайылым - 56 га. (балл бонитет 41,3) басқа санатты ауылшаруашылық емес (жолдар) 100 10 Чистопол ауылдық округі Дубровка с. Новоишим селосына дейін 91 км. - 98
4 табиғи жайылымдар 318 га. (балл бонитет 30,4) жақсартылған жайылымдар - 73 га. (балл бонитет 26,3), басқа санатты ауылшаруашылық емес (бұталар, су асты, жолдар) 400 10 Чистопол ауылдық округі Дубровка с. Новоишим селосына дейін 91 км. - 391
  округ бойынша қорытынды 500       489
  Аудан бойынша барлығы 662       649

Құрметтi аудан тұрғындары!

2018 жылғы 20 желтоқсанда сағат 10.00-де «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша «Ашық есiк күнi» iс-шарасы өткiзiледi.

Азаматтарды қабылдауды аудан әкiмi, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, аудандық бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, құрылыс, iшкi саясат, ауыл шаруашылығы, ветеринария, экономика және қаржы, жер қатынастары, мәдениет және тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт, ТКШ, кәсiпкерлiк бөлiмдерiнiң басшылары және халықты жұмыспен қамту орталығының директоры жүргiзедi.

Анықтама телефоны: 21-148.

Құрметтi аудан тұрғындары!

2019 жылғы қаңтар-ақпанда Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша аудан әкiмiнiң, ауылдық округтер әкiмдерiнiң халық алдында есеп беруiнiң өткiзiлуiне байланысты.

Сұрақтар мен ұсыныстарды gmusrepova-akimat@sko.kz электрондық поштасына немесе 8(715-35)21-148 телефоны бойынша жiберулерiңiздi сұраймыз.

Сыйлықты парадан қалай ажыратуға болады

Көбiнесе адамдар өздерi мемлекеттiк қызметшiлердi пара алуға итермелейдi, сыйлықтар бередi немесе ауызша алғысты бекiту үшiн қандай да бiр материалдық сыйақы беруге тырысады. Жоғарғы соттың 2015 жылғы 27 қарашадағы «Кейбiр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қарау тәжiрибесi туралы» нормативтiк қаулысына сәйкес қызметтiк өкiлеттiктерге кiретiн лауазымды адамның iс-әрекеттерi деп қызметтiк құзыретi шегiнде жасауға құқығы бар және мiндеттi әрекеттердi түсiну керек. Адамның өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгi қолданылатын бағыныштылардан немесе өзге де адамдардан қызметi бойынша қамқорлығы немесе жол бергенi үшiн, оның құзыретiне кiретiн, оның iшiнде болашақта болуы мүмкiн мәселелердi оңтайлы шешкенi үшiн ақша қаражатын немесе өзге де құндылықтарды алуы пара алу ретiнде бағаланады. Яғни, мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне бағыныштылардан немесе оның қызметтiк өкiлеттiктерi қолданылатын басқа да адамдардан, оларды сыйға тарту себептерiне (мерекелiк күндер, туған күндерi, қызмет бабында жоғарылату, жұмысқа орналастыру және т.б.) қарамастан, сондай-ақ сыйлық түрiне, санына, құнына және басқа да сипаттамаларына қарамастан (кәмпит, торт, кәдесыйлар және т. б.) сыйлықтар қабылдауға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, ресми тұлғаларға мүлiктiк пайда, игiлiктер мен артықшылықтар алу үшiн сыйлықтар беруге және қызметтен тыс қызмет көрсетуге тыйым салынады. Тiптi мемлекеттiк қызметшiнiң бiлуiнсiз келiп түскен немесе көпшiлiк алдында немесе ресми iс-шаралар кезiнде берiлген (тапсырылған) сыйлықтарды өзiне қалдыра алмайды. Үкiметтiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген, мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу және сақтау ережесiне сәйкес мемлекеттiк қызметшi оларды алған күннен бастап күнтiзбелiк 7 күн iшiнде арнайы қорға ерiктi түрде тапсыруға мiндеттi. Жетi күндiк мерзiмдi бұзу (оның бiлуiнсiз шотқа түскен ақша бойынша — екi апта мерзiм), сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау мемлекеттiк қызметшiнi қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға негiз бола алады.

Бұл ретте бұрын жасалған заңды әрекеттерi үшiн сыйлықты алу туралы алдын ала уағдаластық болмаған кезде алғаш рет (құны 2 АЕК немесе 4 242 теңгеден кем) сыйлық алу маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды. Алайда, бұл ӘҚБтК-нiң 677-бабына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады (заңсыз материалдық сыйақы алу), бұл 600 АЕК-ке дейiн (немесе 1 272 600 теңге) айыппұл салуға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғады, бұл терiс себептер бойынша жұмыстан шығаруға әкеледi. Алайда, бұл шектеулер «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiге көтермелеу ретiнде тапсырылған бағалы сыйлықтарға қолданылмайды.

Петропавл қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық форум

Ү.ж. 7 желтоқсанда Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның делегациясы Петропавл қаласында өткен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң аумақтық департаментiнiң басшысы Е.Ф. Степаненконың алғыс хатымен Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. А.К. Нұрқанов марапатталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында үздiк жариялау номинациясы бойынша Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан дипломмен және статуэткамен марапатталды.

«Электрондық үкiмет» порталының қосымша сервистерiне оқыту семинары

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде әкiмшiлiк кедергiлердi жою, сондай-ақ электрондық қызметтердi көпшiлiкке тарату мақсатында, 2018 жылдың 27 қарашасында аудандық әкiмдiк залында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Халыққа қызмет көрсету бөлiмiнiң HR-менеджерi Л.Б. Чугунова «Электрондық үкiмет» порталы бойынша оқыту семинарын өткiздi.

Семинарға жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттiк қызметшiлерi мен квазимемлекеттiк сектор ұйымдарының қызметкерлерi қатысты. Семинар барысында бiр реттiк пароль арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу, «үшiншi тұлғаларға анықтама беру» сервисiн пайдалану, телеграмма-бот арқылы мемлекеттiк қызметтердi алу, мобильдiк азаматтар базасында тiркеудiң болуын тексеру, әлеуметтiк мәртебесiн және т.б. тексеру мүмкiндiгi түсiндiрiлдi.

«Атамекен» бизнеске арналған «Құжаттар конструкторын» iске қосты

Ұлттық кәсiпкерлер палатасы бизнесмендердiң нақты қажеттiлiгiне қарай құжаттарды автоматты түрде құруға мүмкiндiк беретiн келiсiм-шарттар нұсқаларының онлайн-сервисiн iске қосты.

Заманауи ахуалда шағын және микро-бизнес өз қызметiн белсендiру бойынша маңызды мiндеттердi орындау, рұқсаттар мен мақұлдауларды алу, түрлi органдарға барумен қатар басты нәрсенi — сауатты құрылған шарттар, заңгерлер мен бухгалтерлер кеңесi, заңдар мен актiлер ережелерiн бiлу бойынша шараларды ұмытып кетедi.

«Атамекен» бұл мiндеттi өзiне алып, BestProfi компаниясымен бiрлесiп, бiрегей сервис — «Құжаттар конструкторын» www.contract.аtameken.kz әзiрледi.  

Жаңа сервистiң артықшылығы қандай?

Шағын және микро-бизнеске арнап, «Атамекен» осы сегментке анағұрлым өзектi 100 құжатты дайындап, «Бизнес құқығын қорғау» айдарында ашық қолданыста жариялады. Бұл қызметкермен еңбек келiсiм-шарты (оның iшiнде шетел азаматымен), атқарылған жұмыс актiсi, дүңгiршек немесе асхананы жалға алу шарты, бiр реттiк қызмет көрсету келiсiм-шарты және т.б.

Сервистiң артықшылығы — кәсiпкер нұсқалық блоктарды қатар қолданып, өзiнiң қажетiне қарай құжаттарды «құрастыра» алады. Ыңғайлылық үшiн сервис құрылған құжаттар нұсқасы тарихнамасы және контрагенттер деректерiн сақтап отырады. Осылайша келесi жолы толтыру кезiнде уақыт үнемделедi.      

Оңай және ыңғайлы

сontract.аtameken.kz сервисi пайдалануда ашық әрi ыңғайлы. Кәсiпкерлерге бар болғаны сайтқа тiркелiп, тегiн «Бизнес құқығын қорғау» тарифын таңдау керек. Сервисте жарияланған келiсiм-шарттар үлгiлерi мүмкiн болатын тәуекелдер ескерiлген, кәсiпкерлердiң құқығын қорғау механизмдерi ойластырылып, әлеуеттi шығындар барынша азайтылған. Бұған қоса әр құжат кәспкерлер арасында туындаған дауды сотқа дейiн «Атамекеннiң» Арбитраж орталығы арқылы шеше алатыны туралы тармақ бар. Дауларды осындай жолмен шешу — бизнестiң уақыты мен қаражатын үнемдейдi.  

Қосымша мүмкiндiктер

Сервисте дайын құжаттардан бөлек, азаматтық еңбек, қалмыстық құқық, бухгалтерлiк саласында практикалық тәжiрибесi мол сарапшылардың 500 дайын кеңесi жарияланған. Сонымен қатар сервиске кәсiпкерлiк жайында мемлекеттiк органдандың 10 000 жауабы қамтылған. Сайтта iздеу тетiгi арқылы бухгалтерия, заңгерлiк, маркетинг және басқа да мәселелер бойынша вебинарларды көруге болады.

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша Новоишим ауылдық округiнiң әкiмiн қызметiнен босату мәселесiн қарастыру бойынша жергiлiктi қоғамдастықпен кеңес өткiзу кестесi

Күні
Аудан
2018 ж. 8 қазан
Ғабит Мүсірепов атындағы Новоишим ауылдық округі, Новоишим а., Новоишим ауылдық округінің мәжіліс залы, сағ. 15.00

«Connection Point» өз-өзiне қызмет көрсету аймақтары

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның 8 ауылдық округтерде «Connection Point» өзiне-өзi қызмет көрсету аймақтары орнатылды — Андреев а/о, Ломоносов с/о, Нежин с/о, Новоишим с/о, Новоселов с/о, Рузаев с/о, Тахтаброд с/о, Чистопол с/о.

Азаматтардың өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi алуға арналған «Connection Point» алаңдары. «Connection Point» кеңесшiлерi клиенттерге электрондық қолтаңба алу өтiнiмiн беруге, ЭЦҚ және қажеттi электрондық қызметтi алуға көмектеседi.

«Өзiне-өзi қызмет көрсету бұрышы құжаттарды алу уақыты жылдамдатады және кезек жасамайды» — деп бөлiседi көрсетiлетiн қызметтi алушылар.

Өзiне өзi қызмет көрсету алаңдарында азаматтар арасында кеңiнен танылған қызметтер — мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама, жылжымайтын мүлiктiң болмауы /болуы, ЖК тiркеу.

Халықты өзiне-өзi қызмет көрсету форматына аударумен қатар халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарға ыңғайлы болу үшiн ұсынылатын қызметтер санын көбейтедi.

2018 жылғы 3-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының шығу кестесi

Шiлде

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Ломоносовский а/о., Ломоносовское а.

2018 ж. 13.07

2018 ж. 19.07

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Габдулов Ш.Н.
Рузаевский а/о., Рузаев а.

2018 ж. 16.07

2018 ж. 20.07

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Пугачева Ю.В.

Тамыз

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ
1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Возвышенский а/о., Возвышенка а.

2018 ж. 02.08

2018 ж. 7.08

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Яшина Т.И.
Андреевский а/о., Андреевка а.

2018 ж. 03.08

2018 ж. 8.08

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Альмуканова А.А.

Қыркүйек

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Шукыркөл а/о., Шұқыркөл а. 2018 ж. 12.09 2018 ж. 17.09 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Абаев А.К.
Дружбинский а/о., Дружба а. 2018 ж. 13.09 2018 ж. 18.09 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Черемухина Т.А.

Ақпарат
Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзiмi қысқартылды

Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.

Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.

Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Биыл тағы да 19 проактивтi қызмет iске қосылады

Биыл жыл соңына дейiн 12 өмiрлiк жағдай бойынша 19 мемлекеттiк қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивтi қызметтер саны арта түседi. Бұл туралы бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Сондай-ақ ол мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелердi көтердi.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкiмет» пен мемлекеттiк қызметтердiң дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивтi қызмет көрсетудiң маңыздылығын атап өттi. «ТМД елдерi бойынша Қазақстан проактивтi қызметтердi алғашқы болып енгiздi. Былтыр бiз бала туу бойынша мемлекеттiк қызметтер кешенiн проактивтi тәсiлмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттiлiгiн алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтiн аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келедi. Бүгiнгi таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жiберiлдi. Жуырда әлеуметтiк мәселелер бойынша тағы да бiрқатар қызметтердi проактивтi нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететiн боламыз», — дедi ол.

Атап айтсақ, жүктiлiкке, бала асырап алуға, мүгедектiктi белгiлеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тiркеуге байланысты мемлекеттiк қызметтер проактивтi тәсiлмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсiмделетiн болады. Сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктердi төлеу, жылжымайтын мүлiктiң сипаттамасын өзгерту, атқарушылық iс жүргiзудi қозғау жұмыстары және бiлiм беру саласындағы қызметтер кешенi де проактивтi нұсқада ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттiк корпорация басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы өзектi мәселелерге де тоқталды. «Елiмiзде жаппай цифрландыру үрдiсi жүрiп жатқанына қарамастан, мемқызметтердiң 51 пайызы әлi күнге дейiн қағаз жүзiнде ұсынылады, оның үстiне қазақстандықтар қызметтердi электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тiлек танытпай отыр. Сондай-ақ бiр қызметтi алу үшiн басқа бiр қызметке жүгiну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша бiздiң фронт-офистерге бiрнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесi бойынша әлi де қарапайым және қауiпсiз механизмнiң жоқ екендiгiн айту керек», — деп ой түйдi Абылайхан Оспанов.

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Автокөлiктi онлайн тiркеу сервисi iске қосылды

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, электрондық үкiмет порталында жаңа сервистi пилоттiк режимде iске қосты. Ендi қазақстандықтар автокөлiктерiн онлайн тәртiпте тiркей алады.

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе IIМ тiркеу-емтихан бөлiмшелерiне бармай-ақ,автокөлiктерiн электрондық үкiмет порталында рәсiмдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында бiз мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстарын жүргiзудемiз. Автокөлiктердi тiркеу қызметiне деген сұраныс қарқынды түрде өсiп келе жатқандықтан, бiз бұл қызметтi электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Мәселен, бiздiң корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлiктi тiркеу және қайта тiркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетiлдi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейiн көлiктi сатушы мен сатып алушы өтiнiм беру үшiн бiр уақытта «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне барып, қажеттi құжаттарды тапсыруы тиiс едi. Ендi азаматтар өтiнiмдi үйден шықпай-ақ, онлайн тәртiпте жолдай алады. Электрондық үкiмет порталы арқылы бiз алдағы уақытта тағы да бiраз мемелкеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдетпекпiз», — дейдi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейiк, биылғы мамыр айынан бастап ҚР IIМ автокөлiктi тiркеу кезiндегi салыстыруды алып тастаған болатын. Ендi есептен шығару немесе көлiктi тiркеу кезiнде нөмiрлiк агрегатты тексертудiң қажетi жоқ. Мұндай талап тек көлiктi алғашқы рет тiркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргiзушi куәлiгiнiң мерзiмi өткенге дейiн ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерiстен өтудiң және психиатр, наркологтан анықтама әкелудiң қажетi жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн тәртiпте ауыстыруға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Жаднама
Кiрiстер мен мүлiктi жалпыға бiрдей декларациялау

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кiрiстер мен мүлiктi жалпыға бiрдей декларациялау еңгiзiледi.

Мақсаты — көлеңкелi экономика мен сыбайлас жемқорлыққа күрес үшiн адамдардың кiрiстер мен мүлiктерiн бақылау жүйесiн құру бойынша, сонымен салықтарды қаматамасыздандыру ретiнде мемлекеттiң рөлiн күшейту.

Жалпыға бiрдей декларациялаудың субъектiлерi болып табылатындар:

  • Қазақстаның кәмелетке толған азаматы, оралмандар және тұруға ықтиярхаты бар тұлға;
  • кәмелетке толмағандар- оларда тiркелген мүлiк болғанда және кiрiстер алған кезде;
  • шетелдiктер — Қазақстан аумағында мүлiктер тiркелген кезде немесе дербес салық салуға жататын (төлем көзiнен емес) қазақстандық көздерден табыстар алынған жағдайда.

Активтер мен мiндеттемелер туралы декларация (250.00 н.)

жеке тұлғалар Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерде мыналардың болуы туралы тұрғылықты (болу) жерi бойынша тапсырылады:

  • меншiк құқығындағы мүлiк;
  • тұрғын үй құрылысына қатысу үлесi;
  • банктiк шоттардағы ақшасы;
  • ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерi шегiнен аспайтын сомада көрсетiлетiн қолма-қол ақшасы;
  • басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегi (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдында берешегiнiң (кредиторлық берешек);
  • асыл тастар мен бағалы металдар, олардан жасалған зергерлiк бұйымдар және құрамында асыл тастар мен бағалы металдар бар басқа да заттар, сондай-ақ өнер және антиквариат туындылары осы мүлiктiң бiр бiрлiгi үшiн бағасы (құны) ең төмен жалақының 500 еселенген мөлшерiнен асқан жағдайда;

биологиялық активтер ветеринариялық паспорт болған кезде;

мәдени құндылықтар Ұлттық мәдени игiлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген жағдайда;

Кiрiстер мен мүлiк туралы декларация (260.00; 270.00 н.)

жыл сайын жеке тұлғалардың тұрғылықты (болу) жерi бойынша тапсырылады. Декларацияда табыс және мүлiк туралы ақпарат көрсетiледi:

  • күнтiзбелiк жылы үшiн, оның iшiнде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерде алынған кiрiстер;
  • салықтық шегерiмдер;
  • мемлекеттiк немесе өзге тiркеуге жататын мүлiктi оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде сатып алынған жағдайда немесе сатылғанда;
  • жеке табыс салығы бойынша, асып кету сомасын есепке жатқызу және қайтару жөнiндегi талап.

Декларацияларды тапсыру мерзiмi

  • қағаз жеткiзгiште тапсырылған жағдайда — 15 шiлдесiнен кешiктiрiлмей;
  • электрондық түрде тапсырылған жағдайда — 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей.

Жалпыға бiрдей декларациялау ретiнде қосымша салықтық шегерiмдер:

  • көп балалы отбасыларына арналғанн — күнтiзбелiк жыл үшiн ата-аналарының бiреуiне ең төмен жалақының 24 еселенген мөлшерiнен артық емес;
  • оқу төлемiне арналған — күнтiзбелiк жылға ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде;
  • банк қарызы бойынша сыйақы төлемiне арналған — күнтiзбелiк жылға ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде;
  • медициналық көрсетiлген қызметтерге арналған — күнтiзбелiк жылға ең төмен жалақының 10 еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде.

Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан
бойынша мемлекеттiк кiрiстер басқармасы

Шағын және орта бизнестi дамытуға несие беру бағдарламалары (ZIP 119 Kb)

1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы өседi

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай базалық төлемдер қайта есептелетiн болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгiленген зейнеткерлiк жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерiстер зейнеткерлiкке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледi.

Қазiргi таңда Қазақстанда мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 15 274 (ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54%) теңгенi құрайды. Бұл төлемақының көлемi еңбек өтiлiне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшiн бiрдей.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы көлемi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай қайта есептеледi. Есептеу барысында тұлғаның 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi ынтымақты зейнетақы өтiлi мен содан кейiнгi жинақталған өтiлi ескерiледi.

Егер адамның жұмыс өтiлi болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54% пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әр жылдың жұмыс өтiлi үшiн базалық зейнетақы 2 пайызға өседi. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтiлi болса, базалық зейнетақы көлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтiлi — 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтiлi 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызын, яғни 28 284 теңгенi құрайды.

Зейнетақы өтiлiне ынтымақты жүйеде атқарған еңбек өтiлi (1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн), мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдi қамтитын жинақтаушы өтiлi, 3 жасқа дейiнгi бала күтiмi, бала кезiнен мүмкiндiгi шектеулi тұлғаның 16 жасқа дейiнгi күтiмi, әскери қызметтегi, арнайы мемлекеттiк органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бiрге тұрған кезең және т.б. кiредi.

Бұл өзгерiстер зейнеткерлiкке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледi. Айта кету керек, мемлекеттiк базалық зейнетақыны қайта есептеу процесi автоматты түрде жүргiзiледi, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгiнудiң немесе құжат тапсырудың қажетi жоқ.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Назар аударыңыз!
«Өрт қауiпi бар кезең»

Жыл сайын өрт қауiптi кезең басталғанда, қолайлы орташа тәулiктiк ауа температурасы орнағанда өртпен жағдай күрт ушығады. Өрт кез-келген жерден пайда болуы мүмкiн, тек болмашы бiр саңлау тапса болғаны. Әдетте осы мезгiлде жаппай рұқсатсыз құрғақ шөп пен қоқысты жағу, тұрғындардың табиғатқа демалуға шыққан кезде от жағу және темекi шеккенде абайсыздық орын алады.

Өртке адам — орманда отпен жұмыс iстегенде және дем алғанда оның бейберекеттiлiгi себепшi болып табылады.

Жайма-шуақ күндер келген соң көбi орманға тынығуға шығады. Алайда адамдардың абайсыздығы, ұқыпсыздығы кейде табиғат үшiн жойқын өртке айналуы мүмкiн. Бiздiң өңiрге құрғақ және желдi климат, шөптесiн өсiмдiктердiң көп болуы тән және де бұл өртiң үлкен аумаққа таралуына мүмкiндiк бередi. Сондықтан өздерiңiзден кейiн орманда қоқыс, бос бөтелкелер қалдыруға болмайды, өйткенi күн сәулелерi бөтелке арқылы қызып, құрғақ шөптiң тұтануын тудыруы мүмкiн.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның төтенше жағдайлар бөлiмi ормандағы өрттердiң алдын алу мақсатында аудан тұрғындары мен қонақтарын 2018 жылғы жаз маусымында өрт қауiпсiздiгi талаптарын сақтауы қажеттiлiгiн естерiңiзге саламыз:

  • өрт қауiптi кезеңiнде орман алабында көлiк құралдарының болуын және кiруiн шектеу;
  • өрт қауiптi кезеңде елдi мекендердiң аумақтарында, орман және дала алқаптарында от жағуға, құрғақ шөптi, қоқыс және қалдықтарды өртеуге жол бермеу;
  • арнайы бөлiнген орындарда ғана дем алу;
  • орман алқабында жанып тұрған сiреңкенi, темекi тұқылын, ыстық күл және шыныны тастамау;
  • орманды тұрмыстық, құрылыс өнеркәсiптiк және өзге де қалдықтармен және қоқыстармен ластамау;
  • орманға, қорғалатын және көгалдандырылған орман екпелерiне iргелес жер учаскелерiнде тұрақты бақылаусыз шөптi күйдiрмеу.

Тек өрт қауiпсiздiгi талаптарын қатаң сақтау және уақтылы орындау өрт қауiптi кезеңде өрттердi және олардың жойқын салдарын болдырмауға мүмкiндiк бередi.

Темекi шегушiлер — темекi тұқылын сөндiрңiздер! Ойланыңыздаршы, СIЗ бөтен мүлiктiң жойылуына, ал кей жағдайда адам өлiмiне ерiксiз кiнәлi болуыңыз мүмкiн.

Табиғатты сақтаңыздар, өртпен ойнамаңыздар, ол оны кешiрмейдi!

Өрт белгiлерi анықталған жағдайда өрттiң орнын және мекенжайын көрсете отырып «101» және «112» телефонына қоңырау шалыңыз.

СҚО ТЖД Ғ. Мүсiрепов атындағы
ауданның ТЖБ инженерi
азаматтық қорғау аға лейтенанты Д. Әубәкiров

Хабарландыру
Халықтың цифрлық сауаттылығы

Хабарландыру

Ағымдағы жылғы 1 маусым — 30 тамыз аралығында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда азаматтардың барлық санаттарын оқыту бойынша курстар өткiзу жоспарланды (ақысыз негiзде).

Барлық тiлек бiлдiрушiлер 4 бағыттың бiреуiнен оқудан өте алады:

  • бiрiншi — компьютер мен мобильдi гаджеттi пайдалану дағдысынан, интернетте ақпарат таба бiлуден, деректердiң қауiпсiздiгi мен оларды қорғаудан тұратын базалық;
  • екiншi — ақпараттық дағдыдан тұрады, бұл — «Электрондық үкiмет» және «Ашық үкiмет» сервистерiн қолдана бiлу;
  • үшiншi — транзакциондық дағды, сервистi пайдалана бiлу және қызметтерге төлем жасай бiлу;
  • төртiншi — интернетте тауарды және қызметтi сатып ала, сата және жылжыта бiлуге байланысты дағды, сонымен қатар электронды сауда дағдысы.

Курстарды өткiзу уақыты мен орны туралы ақпарат аудандық газеттерде, Facebook әлеуметтiк желiсiнде https://www.facebook.com/profile.php?id=100022744401479 және Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң ресми интернет-ресурсында gm.sko.gov.kz жарияланатын болады.

Курсқа жазылуға және барлық Сiздi қызықтыратын ақпаратты 8(71535)21227, 8(71535)21324 тел. арқылы бiлуге болады.

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппараты

Қоғамдық тыңдауларды өткiзу туралы хабарлама

«Казводхоз» ШЖҚ» РМК «СҚО Ғ. Мүсiрепов ауданындағы Шарық су торабын қайта салу» жұмыс жобасына «ҚОӘБ» жобасы бойынша ашық жиналыс түрiнде қоғамдық тыңдаулар өткiзетiндiгi туралы тұрғындарға және жұртшылыққа хабарлайды. Тыңдаулар 2018 жылғы 16 шiлде сағат 11.00-де өтедi. Өткiзiлетiн орны: Андреевка с., «Жарык-2005» ЖШС акт залы. Жоба тапсырысшысы «Казводхоз» ШЖҚ» РМК, тел. 8(7152)467968. Жұмыс жобасын жобалаушы — «ЮПИТЕР» ЗО» ЖШС, тел. 8(7172)577380. «ҚОӘБ» жобасын әзiрлеушi — «ЭКОС» ЖШС, тел. 8(7162)257064. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыруға жауапты тұлға — Андреевский с/о әкiмi аппаратының бас маманы Альмуканова А.А. тел. 8(71535)34180. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы өткiзушi орган — «Жобалардың мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасы» ШЖҚ РМК. Жоба материалдарын сұрату, ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау үшiн эл. поштаның мекенжайы — shapkina@ecosltd.kz.

Ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiнiң назарлары үшiн ақпарат

«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау Ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2014 жылғы 12 желтоқсандағы №4-2/664 бұйрығымен бекiтiлген тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау Ережесiне сәйкес (Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң Орынбасары-Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрiнiң 2017 жылғы 27 қаңтардағы №34 бұйрығына өзгерту енгiзiлдi) «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау бойынша өтiнiмдердi қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

АШТӨ-дiң субсидиялар алуға өтiнiмдерiн қабылдау ауыл шаруашылығы бөлiмiнде 2018 жылғы 01 маусымынан бастап дүйсенбiден жұмаға дейiн, сағат 9-00-ден 13-00-ге дейiн немесе сағат 14-30-ден 18-30-ға дейiн жүргiзiледi.

Мекенжайымыз: Новоишим с., Абылай хан көшесi, 28-үй, «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ, тел. 21-446.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-байқауына қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

Облысымызда өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм өндiретiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар Байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу тегiн.

Байқау үш номинация бойынша жүргiзiледi: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық тұтынатын үздiк тауарлар», «Үздiк азық-түлiк тауарлары». Әр номинацияда үш жеңiмпаз анықталып, олар Республикалық көрме-бауқауында облыс атынан қатысады.

«Қазақстанның үздiк тауары» — кәсiпорын үшiн жарнама жасау мен тұтынушыны тартуға үлкен мүмкiндiк.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 203587 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған байқауға қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы конкурстық негiзде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы үшiн жыл сайын берiледi.

2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылық пен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру саласындағы жаңа төртiншi номинациясы енгiзiлдi. Сәйкесiнше сыйлық келесi категориялар бойынша берiлетiн болады: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» номинациядағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi.

Сонымен қатар осы жылдан бастап Байқаудың жеңiмпаздары лауреат дипломы мен эмблемалардан бөлек, 450 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде (бiр миллион теңгедей) ақшалай сыйақы алатын болады.

Бүгiнгi таңда осы байқау ұлттық брендке айналып, сапа саласындағы ең беделдi байқауы балып саналады. Байқауға қатысу тегiн.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Қайғысыз, су басында

2015-2017 жылдар аралығында Ғабит Мүсiрепов ауданының аумағында 13 адам суға батқан, оның iшiнде 2 бала болған.

Шомылу маусымы жақындап келедi, сондықтан қауiпсiздiк шараларын естен шығармағанымыз жөн. Есiңiзде болсын, жүзу мен жүзу ережелерiн бұзу қайғылы оқиғалар мен су өлiмiне әкеледi.

  1. Бiрiншi шомылуды желсiз күн ауа-райында су температурасы 180-20кезiнде бастау керек. Суда 1-5 минуттан артық қалудың қажетi жоқ. Келесi шомылуды 15 минутқа дейiн жеткiзуге болады.
  2. Шомылуға таңдаған жердiң суы таза, мөлдiр, су асты тастарынсыз, шұңқырсыз болуы қажет.
  3. Жалғыз шомылуға барудан сақ болған жөн, себебi қайғылы оқиға орын алса көмек беретiн ешкiм табылмайды.
  4. Күн астында ұзақ тұрғаннан кейiн, бiрден суға секiруге болмайды; шомылуды тек көлеңке астында бiрнеше минут тұрып немесе жүрек маңайын сумен сүрткеннен кейiн ғана болады.
  5. Ешқашан бiреудi суға , әсiресе, кенеттен итеруге болмайды, себебi бұл теңтектiк адам бойындағы суық суға деген сезiмталдыққа, шок өлiмге әкелiп соқтыруы мүмкiн.
  6. Су құбырларына жүзiп бармаңыздар, бұл — судағы ең қауiптi аймақ.
  7. Сүңгуге тек арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда ғана болады. Суға баспен секiру жүзу құрылыстарында қауiптi, себебi су астында өмiрге қауiптi заттар болуы мүмкiн.
  8. Мас күйiнде суға шомылу және жүзу өте қауiптi.

Көбiнесе суда болатын оқиғалар адамдардың өздерiне деген артық сенiмдiлiктерiнен, өз күштерi мен мүмкiндiктерiн дұрыс бағаламаудан, қарапайым су ережелерiн елемеуден, мас күйiнде шомылуға бөлiнген тыс жерлерде жүзуден болады.

Өзiңiздi күтiңiз және абай болыңыз!

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының
ТЖБ бас маманы азаматтық қорғаныс майоры А. Тәниев

СҚО, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан 2018 жылғы18 сәуірдегі ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер телімдерін 10 жылға жалға беру бойынша конкурс жеңімпаздары

лот № Қатысушылардың атауы Жер телімінің орналасқан жері
1 «Акселеу» ЖШС Қырымбет ауылдық округі
2 «Нурмуканов» ФҚ, басшысы Ғабит Тілеубайұлы Нұрмұқанов Көкалажар ауылдық округі
3 «Ермаганбетов» ФҚ, басшысы Бауыржан Амантайұлы Ермағанбетов Новосел ауылдық округі
4 «Возвышенка СК» ЖШС Рузаев ауылдық округі

Назар аударыңыз! Өрт қаупi бар кезең!

Жылы, құрғақ ауа райына аз уақыт қалды. Былтырғы тәжiрибе көрсеткендей, осы уақытта құрғақ шөптердi жандыру, көшелерде, елдi мекендерде, орман алқаптарындағы, үй маңайындағы қоқыстарды жағу өрт санын күрт өсiредi.

Бұл бау-бақша учаскелерiн жинаумен де байланысты (оның салдары ретiнде, қоқыспен шөптердi ,ауыл шаруашылығындағы сабандарды жағу) және жаппай халықтың табиғатқа шығуынан (тұрғындардың отпен абайсыз болуы және т.б.) жиi ауыр зардаптарға әкелiп соқтырады.

От ұшқыны айналып орман алқаптары, шаруашылық құрылыстар, тұрғын және тұрғын емес құрылыстарда өрттiң пайда болуына әкеледi.

Түтiннiң ластануынан елдi мекендердiң тұрғындары зардап шегедi. Осы өрттердiң пайда болуына кiм кiнәлi? Бiрқатар осындай өрттерде темекi тартқандар кiнәлi болады. Күтпеген мата немесе құрғақ шөпке лақтырылған шылым шегесi, бiрнеше секундта «жанып тұрған кiлемге» айналады.

Осы кезеңде балалардың отпен теңтектiктерi өрт сөндiру қызметкерлерiне көптеген қиындықтар туғызады.

Шөптiң өртенуi қаншама қиыншылықтар мен зардабтарға әкелетiнiн, балалар түсiнбейдi. Тағы бiр «өрт қауiптiлiгi санаты» — бақбаншылар және жеке сектордың тұрғындары. Жыл сайын көктемде құрғақ шөптердi және жер,бау-бақша алаңдарында жапырақтарды жағу табиғатқа үлкен зиян келтiредi.

Өрт қаупi бар жағдайларды болдырмау үшiн Ғабит Мүсiрепов ауданының ТЖБ және ӨСБ-16 қызметкерлерi отбасыларға арналған өрт қауiпсiздiгi ережелерiн түсiндiрiп, көктемгi-жазғы өрт қауiпi кезеңiнде ерекше сақтықпен және абай болу керектiгiн мәлiмдейдi.

Естерiңiзге сала кетсек, Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк Кодексiнiң 410 бабына сәйкес, әкiмшiлiк жауапкершiлiк «Бұзушылық немесе өрт қауiпсiздiгiн сақтамағаны үшiн» ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға бес, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға — он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне — жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне — елу АЕК көлемiнде айыппұл салынады, АЕК (айлық есептiк көрсеткiш) 2018 жылдан бастап 1 АЕК 2405 теңгенi құрайды.

Есiңiзде болсын — сiздiң қауiпсiздiгiңiз және мүлiктi өрттен сақтау, бiрiншi кезекте, өзiңiзден байланысты.

Шоқан Қаликайдаров,
СҚО ТЖД Ғ. Мүсрепов атындағы ауданының
ТЖб аға инженерi,
азаматтық қорғау капитаны

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың 1 тобын тестiлеу нәтижелерi (ZIP 8 Kb)

СҚО ТЖ департаментiнде балалардың өртке қарсы тақырыбында өткiзiлген сурет байқауы қорытындыланды

Ағымдағы жылдың наурыз айы бойы ТЖ департаментi облыс мектептерi оқушыларының арасында «Табиғат — ол өмiр арнасы» акция төңiрегiнде өртке қарсы тақырыпқа балалар суреттерiнiң байқауын өткiздi.

Iс-шара өрт қауiпсiздiгi саласындағы балалар мен жасөспiрiмдердiң көркем шығармашылығын жария етуге, сонымен қатар өскелең ұрпақтың өртке қарсы мәдениетi деңгейiн жоғарылатуға бағытталды.

30 наурыз СҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қоғау полковнигi Нұрлан Атығаевтың төрағалығы және Солтүстiк Қазақстан Облыстық Филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Абылай Қайроллаев, «Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң Жастар саясатының мәселелерi басқармасы» КММ «Солтүстiк Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар бастамаларын қолдау секторының басшысы Қожанова Зарина, ТЖ ведомства қызметкерлерiнен құрылған қазылар алқасының қатысуымен байқауға қорытынды жасалды.

Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар жас ерекшелiгiне қарай үш топқа бөлiндi: 1-4, 5-7 және 8-11 сыныптар. Оқушыларға еркiн жанр мен стилде келесi тақырыптар бойынша жұмысты орындау ұсынылды: «Балалардың отпен ойнауы», «Тұмыстағы өрт қауiпсiздiк», «От-дос, от-жау», «Өрттiң алдын алу және өрт кесiндегi әрекет». Балалар шығармашылығы шеберлiктерiне, образдылығы мен ерекшелiгiне қарай бағаланды.

Байқауға жалпы саны 175 жұмыс келiп түстi. Олардың бәрi өзiнiң айқын бояуы, өзiне тән образдылығы мен тақырыптық мазмұны жағынан бiр-бiрiнен ерекше болды. Балалар сурет және тақпақтар арқылы өрт сөндiрушiлердiң күнделiктi батырлықтары туралы, бақылаусыз жанған оттың қауiптiлiгi және өрттiң шықпауы үшiн қандай ережелердi сақтау керектiгi жайлы әңгiмеледi. Көп жұмыстар балалардың отпен ойнауы, тұрмыстық, ағаш өрттерi тақырыбына бағытталған болды. Адамдардың бейқамдығынан лақтырылған темекi және шырпы үлкен қайғы-қасiретке апарып соқтыратынын әр бала түсiнедi. Әр жұмыс отты пайдалануда абай болуға шақыру болып табылды.

Қазылар алқасы суреттердi тыңғылықты қарастырып, жеңiмпаздарды анықтады.

Орта жастағы суретшiлер iшiнде ең жақсы суреттiң авторы ретiнде Мамлют ауданының Краснознаменка орта мектебiнен Кислюк Ангелина атанды, 2 орынды Ғ. Мүсiрепов ауданының Привольный орта мектебiнен Ануаров Жандос, 3 орынды Айыртау ауданы Айыртау бала үйiнен Спивакова Ксения алды.

Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданының ТЖБ Ануаров Жандосты жеңiстерiмен құттықтап, оған шығармашылық табыстар тiлейдi!

Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданының
ТЖБ бас маманы
Азаматтық қорғау майоры
Таниев А.М.

Табиғат — өмiр көзi

Қалың ормандар бiздiң Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданымызды көркейтiп тұр.

Орман — өмiрдiң қайнар көзi, табиғат кiндiгi, адамдарды алдағы экологиялық дағдарыстан сақтайтын қорғаушысы.

Құрметтi оқырмандар, орманды тиiмдi қолданыңыздар, ол сiздерге беретiн барлық нәрселерге өз назарларыңызбен қамқорлықтарыңызды көрсетiңiздер.

Есiңiзде болсын: орманның ең қауiптi жауы — от!

Көп жағдайда орманда өрт басталуының себебi, оған келушiлердiң мұқиятсыз немесе қамқорсыз болуынан емес, адамның өрт қауiпсiздiгiн сақтамай немқұрайлы қарайтындығынан болады.

Жылы, құрғақ ауа-райына дейiн аз уақыт қалды. Былтырғы тәжiрибе көрсеткендей, осы уақыт аралығында құрғақ шөптердi жандыру, ауылдық жерлерде, далада қоқыстарды өртеу, өрт шығуы қаупiн күшейтедi.

Өрттiң басым бөлiгi ауыл шаруашылығындағы (былтырғы шөп пен сабанды жағу) байланысты және балық аулаушылар мен аңшылардың отпен жұмыс iстегенде мұқиятсыз болуынан болып жатады.

Бұл, сонымен қатар, бау-бақша маңдарында (және соның салдарынан қоқыс пен шөптiң күйiп кетуiне) және халықтың жаппай табиғатқа шығуы (жалынды оттың жануы, шылым шегу кезiндегi немқұрайлық және т.б.) салдарынан болуы мүмкiн.

Өрт жиi ауыр зардаптарға әкеледi. От құрылыс нысандарына, тұрғын үй және басқа ғимараттарға керi әсерiн тигiзедi. Жалын желдiң бағытымен бiрнеше секунд аралығында ағаштан жасалған ғимаратқа тигеннен кейiн, лаулап жана бастайды.

Сонымен қатар, өртпен бiрге атмосфераға көмiрқышқыл газы, улы газ, азот бар қара түтiн шығады.

Түтiннен қала тұрғындарымен қоса, жергiлiктi мекенде өмiр сүрiп жатқан халық зардап шегедi. Осындай жағдайларда, өрт сөндiру үшiн үлкен қаражат жұмсалады.

Жыл сайынғы, көктемде құрғақ шөптердi және бау-бақша алаңдарындағы жапырақтарды жағу табиғатқа үлкен зиян келтiредi. Көктем басталуымен адамдар жаппай орманға шыға бастайды. Мұндай жағдайларда апаттардың басты себебi — сөнбей қалған қазан ошақтары, шылым, сереңкелер. Жылы, құрғақ ауа-райында орманның жануына бiр ғана жалынның өзi де жеткiлiктi. Сол себептi, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның төтенше жағдай бөлiмi көктемгi-жазғы жоғары өрт қауiптiлiгi кезеңiнде сақтықпен абайлап жүруге шақырады.

Орманда өрт қауiптiлiгi кезеңiнде жол берiлмейдi:

  • ашық отты пайдалануға;
  • бөтелкелердi немесе әйнек қалдықтарын қалдыруға, себебi бұл өртке әкелуi мүмкiн;
  • шөптердi ағаштың астында, орман алаңдарында, сондай-ақ кең алқапта өртеуге;
  • қылқан жапырақты жас ағаштарда, құрғақ шөптерде, ағаштар жиi орналасқан таулардың қасында, сондай-ақ зақымдалған ормандарда от жағуға;

Табиғат бiзден көп зардап шектi. Ең бастысы, бiз оның бiр бөлiгi екенiмiздi ұмытпау. Табиғат — өмiр көзi. Оны сүйiп, қорғауымыз қажет.

Есiңiзде болсын! Өрттi сөндiргеннен гөрi, ескерту жеңiл!

СҚО ТЖД Департаментiнiң
Ғабит Мүсрепов атындағы
ауданының ТЖ бөлiмiнiң инженерi
азаматтық қорғау лейтенанты Д. Әубәкiров

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.

Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.

Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан бөлiмдерiнiң қызметкерлерi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртiпте жұмыс iстей бастады. Олар көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР IIМ-нiң әкiмшiлiк полициясының ТЭБ қызметкерлерiн аудандық ХҚО бөлiмдерiнде орналастыру туралы шешiм ҚРПремьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететiн ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанындағы арнайы мониторингтiк тобы ұсынғанжаңа жүйенiңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкiметтiң» тағы 21 фронт-офисiнде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлiк иелерi үшiн жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру және көлiктердi тiркеу жұмыстары айтарлықтай жеңiлдейдi. Ендi оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе iшкi iстер органдарына тiкелей жүгiнудiң қажетi жоқ. Ескеретiн жайт, жүргiзушi куәлiгiн алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетiлмейдi.

Осакаров аудандық №1 бөлiмi Осакаров ауылы Пристанционная көшесi, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлiмi Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан берi Қазақстанда бiр терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және көлiктi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстеуде. Бүгiнгi таңда елiмiзде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлiмдерiн ашу жоспарланып отыр.

Анықтама үшiн:

ТЕБ-нiң қызметкерлерi орналасқан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлiмi;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлiмi;
  3. Ақмола облысы Есiл ауданының ХҚО бөлiмi;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлiмi;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлiмi;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлiмi;
  7. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының ХҚО бөлiмi;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлiмi;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлiмi;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлiмi;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлiмi;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлiмi;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлiмi;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлiмi;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлiмi;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлiмi;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлiмi;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлiмi;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөiлiмi;
  20. Қызылорда облысы Шиелi ауданының ХҚО бөлiмi;
  21. Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлiмi (ЖК беру қызметi);
  22. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қ. ХҚО бөлiмi;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлiмi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

ҮЕҰ Дерекқоры

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41 бабындағы 5 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында әрекет ететiн коммерциялық емес ұйымдар жыл сайын 31 наурызға дейiн Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң азаматтық қоғам iстерi бойынша Комитетiне ұйымның қызметi туралы қазақ және орыс тiлдерде ҚР МСМ 2016 жылғы 19.02. №51 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы «Деректер базасын қалыптастыру және үкiметтiк емес ұйымдары өз қызметтерi туралы мәлiметтердi ұсыну Ережесiн бекiту туралы», РК ӘМ 2017 жылғы 29.12 №16166 тәртiптiң қосымшасына сәйкес ҮЕҰ Дерек базасын қалыптастыру үшiн мәлiмет ұсыну қажет.

Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi жөнiнде мәлiметтердi ұсыну және дерекқорын үкiметтiк ұйымдардың қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланады:

  1. үкiметтiк емес ұйым — ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).
  2. Үкiметтiк емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрi — Дерекқор) — үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру шеңберiнде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшiн қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор; 

2-тарау. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну тәртiбi

3. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтердi үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде жыл сайын 31 наурызға дейiн қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.   

Үкiметтiк емес ұйымдар есептi кезең үшiн ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы iске асырылатын жобалар жөнiндегi ақпараты бар өз қызметтерi туралы мәлiметтерiн ұсынады.

Есептi кезең Дерекқорға мәлiметтер ұсыну жылының алдындағы күнтiзбелiк жылы деп түсiндiрiледi.

Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген әкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсiндiрмеге сәйкес толтырылады.

4. Үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен жолдайды.

5. Үкiметтiк емес ұйымдар мәлiметтер туралы веб-портал арқылы уәкiлеттi органға ұсынған жағдайда, мәлiметтер заңды тұлғаға берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.  

6. Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдар және өкiлеттiктер) бар үкiметтiк емес ұйымдар осы Қағидалармен белгiленген тәртiпте филиалдар немесе өкiлеттiктер туралы мәлiметтердi ұсынады.  

7. Осы Қағидаларда 1-қосымшада I, II және VII бөлiмнiң  1-кестесiнде көзделген үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда, үкiметтiк емес ұйымдар негiздемесi бар өзгертiлген мәлiметтердi қазақ және орыс тiлдерiнде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде веб-портал арқылы осындай өзгерiстер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынады.

3-тарау. Үкiметтiк емес ұйымдар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi

8. Уәкiлеттi органдар үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастыруды үкiметтiк емес ұйымдар және жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мәлiметтер негiзiнде жүзеге асырады.

9. Уәкiлеттi орган үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады. 

Осы Қағиданың көрсетiлген 1-қосымшасына сәйкес мәлiметтi толық ұсыну, бұл барлық кестенi толтыру болып табылады. 

Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi толық ұсыну уәкiлеттi органға жолдау күннiң шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкiметтiк емес ұйым туралы мәлiметтердi анық емес деп тану үшiн негiздеме болып саналмайды.

10. Уәкiлеттi орган үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердiң келiп түсуiне қарай он бес жұмыс күн iшiнде Дерекқорды жаңартады. 

11. Үкiметтiк емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң Ұлттық тiзiлiмiнен үкiметтiк емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

12. Дерекқорға ұсынатын үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердi тексерудi жүзеге асыру үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуiрге дейiн аумақтық әдiлет органдарынан және мемлекеттiк кiрiстер органдарынан тиiстi  әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен үкiметтiк емес ұйымдар туралы (тiркеу/қайта тiркеу күнi, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректерi, соңғы есептi мерзiмге салықтық есеп беру күнi) қорытынды мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады. Мәлiметтер қазақ және орыс тiлдерiнде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

Қосымша (ZIP 18 Kb)

Ақпараттық хабарлама

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi ауылшаруашылық мақсатқа арналған жалға алу туралы жер телiмдерiне мемлекеттiк жер пайдалануға жер пайдалануға берiлмеген жер телiмдерiне конкурс өткiзiледi.

Кокурсқа қатысушы ретiнде тiркелу үшiн:

1. конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмi;

2. өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжатты ұсыну қажет.

Жер учаскесiн жалға алу құқығына берiлетiн конкурстық өтiнiштерiнде келесiдей мәлiметтер болуы қажет: қатысушының толық атауы, лоттың нөмiрi, жер учаскесiнiң ауданы, жер учаскесiнiң мекен-жайы, қатысушының қолы, күнi (мөрi).

Конкурсқа қатысуға өтiнiм 2018 жылдың 10 сәуiрiне дейiн мекен жайы: Новоишим селосы, Абылай хан көшесi, 28-үй, 26 кабинет, сағат 18:00 ге дейiн қабылданады.

Конкурсқа катысушылардың конвертiн ашу отырысы 2018 жылдың 16 сәуiр сағат 16-00 де Солтүстiк Казақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Новоишим селосы, Аблайхан көшесi №28 үй мекен-жайы бойынша аудандық әкiмшiлiк кiшi отырыс залында ұйымдастырылады. Конкурстың қорытындылары 2018 жылдың 18 сәуiрдегi сағат 11-00 де жоғарыда аталған мекен-жайында өткiзiледi.

Конкурсқа қатысуға өтiнiм бергеннен кейiн өтiнiм берушi конкурс өткiзу туралы 2018 жылдың 10 сәуiрдегi сағат 18-00 ге дейiн жер учаскесiн пайдалану жөнiндегi жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтiнiмдi) бередi. 

Қатысушы ұсынысты (конкурстық өтiнiмдi) конвертте көрсетедi, онда: атауы және мекен-жайы; конкурсты ұйымдастырушының, оның мекен-жайы, сондай-ақ 2018 жылдың 16 сәуiрдiң сағат 16:00 ДЕЙIН ашпаңыз деген жазу (көрсетiледi нақты уақыты мен күнi).

Ұсынылатын жер учаскесiн пайдалану жөнiндегi ұсыныстар (конкурстық өтiнiм) мыналарды қамтиды:

заңды тұлғалар үшiн:

  • қатысушы еркiн нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесiн пайдаланудың өндiрiстiк бағдарламасы;
  • кәсiпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиiстi салаларында мамандықтары бойынша бiлiктiлiгi мен жұмыс өтiлi көрсетiлген, кем дегенде екi маманы болуы туралы, бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрi басылған анықтамасының түпнұсқасы;
  • ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшiн қажеттi ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрi басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтердi сатып алу және т.б.) шартының көшiрмесiн ұсыну;

жеке тұлғалар үшiн:

  • қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшiн қажеттi ауылшаруашылық машиналарының iс жүзiнде болуы көрсетiлген ерiктi нысандағы жер учаскесiн пайдаланудың өндiрiстiк бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтердi сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшiрмесiн ұсыну; 
  • бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметi және жұмыс өтiлi туралы мәлiметтерi бар өмiрбаяны.

Конкурс туралы қосымша ақпарат осы мекен-жай бойынша алуға болады: «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң жер қатынастар бөлiмi» КММ және Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң gm.sko.gov.kz сайтында, сонымен қатар «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң жер қатынастар бөлiмi» КММ ozo-gm.sko.gov.kz сайтында, сондай-ақ телефон арқылы: 8(715)-35-21-4-74; 8(715)-35-22-2-71.

Жер учаскесiн пайдаланудың шарттары мен талаптары:

  1. Жер учаскесiн қорғау жөнiндегi ұсыныстар, оны ұтымды және тиiмдi пайдалану, егiстiк айналуының жүйесiн сақтау және әрекеттер жоспарының бар болуы, топырақ құнарлылығын арттыру.
  2. Ғылыми негiзделген стандарттарға сай органикалық және минералды тыңайтулар енгiзу жөнiндегi ұсыныстар.
  3. Мал шаруашылығын дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларға қатысу немесе ауыл шаруашылығын дамыту бойынша басқа мемлекеттiк бағдарламаларға қатысу.
  4. Ақжар ауданында мал шаруашылығын дамыту бойынша ұсыныстар енгiзу.
  5. Жер учаскесiнiң орналасу орны бойынша ауылдық округтегi әлеуметтiк инфрақұрылымдарды дамыту және қызмет көрсету, салықтық аударымдарды ұлғайту бойынша қосымша мiндеттемелердi қабылдау.
  6. Жаңа жұмыс орындарын ашу.

Конкурсқа шығарылатын жер телiмдерiнiң тiзбесi (ZIP 11 Kb)

Су тасқынының қауiпi

2017 жылдың көктем мезгiлiнде аудан аумағында су тасқынының шиеленiскен жағдай байқалды. Қар ери басталысымен жер-жерде ерiген сулардың көптеп жиналуы байқалып, тұрғын үйлердi су басу қауiпiн төндiрдi.

2017 жылы су тасқыны кезеңiнiң аса қиын жағдайы Рузаевка, Чистополье, Раисовка, Құйған, Новоишим ауылдарында орын алды, нәтижесiнде 122 үйдi су басып, оның iшiнде 10 үй қирады, сонымен қатар 2 млн. 762 мың 500 теңге сомасында жануарлар мен құстардың шығынға ұшырады.

Су тасқыны — жаңбыр жауудан немесе қардың қарқынды еруiнен судың қысқа әрi жылдам көтерiлуi.

Бұл құбылыстың орын алуы салдары:

  1. Гидротехникалық құрылыстардан суды ағызу;
  2. Қардың тез еруi, мұз кептелiстерi;
  3. Көп жауын-шашыннан: ұзаққа созылған, не қысқа мерзiмдi, бiрақ өте қарқынды.

Су тасқыны нәтижесiнде Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда 2017 жылдың су тасқыны салдарын ескере отырып, елдi мекендер мен жеке тұлғалар мүлкiне материалды залал тиюi мүмкiн. Су тасқынын болжауға, ол үшiн алдын ала шаралар қабылдауға болады. Су басуы мүмкiн деген болжам алысымен халықты дабыл желiсi арқылы радио — және телевизиялық хабар тарату және басқа да мүмкiн болатын құралдарымен хабардар ету жүзеге асырылады. Су басу қауiпi туралы ескерту алған соң туған-туыстарыңызға, көршiлерiңiзге хабарлаңыз, қарт адамдарға және науқастарға көмек көрсетiңiз.

Су тасқыны басталғанға дейiн не iстеу керек?

  1. Барлық iрi және құнды заттарды шатырға немесе басқа қауiпсiз жерге көшiру;
  2. Су, газ, электр қуатын өшiрiп, пештегi отты сөндiру;
  3. Жертөлелерден барлық азық-түлiк қорларын алып тастау;
  4. Ауладан су зақымдауы мүмкiн барлық заттарды қорғалған орынға алып тастау;
  5. Ақаусыз жүзу құралдарын: қайықты, салды (бар болса) дайын күйде ұстау;
  6. Терезелер және есiктердi жабу, қажет болған жағдайда бiрiншi қабаттың терезелерi мен есiктерiн тақталармен немесе фанермен шегелеу;
  7. Дайындау және дайын күйiнде ұстау:
  • Полиэтилен пакеттермен қапталған құжаттармен және бағалы заттармен, бiрiншi қажеттi заттармен сөмкенi (рюкзак);
  • Азық-түлiк қорын, жылы киiмдi, гигиена құралдарын;
  • Дәрi-дәрмек қобдишасын, майшамды, батареялар қоры бар қалта шамды;
  • Төбеге немесе шатырға шығу үшiн сатыны.

Эвакуация басталуы туралы сигнал алған кезде келесiлердi тез жинап, өзiңмен бiрге алу қажет:

  • Құжаттар (герметик орауында), бағалы заттар, дәрi-дәрмектер;
  • Жыл маусымына қарай киiм және аяқ киiм жинағы;
  • Үш күнге азық-түлiк қоры, содан кейiн қауiпсiз орналасқан жерге жiберу үшiн жарияланған көшiру пунктiне бару;

Кенеттен су басқан кезде малды қауiпсiз су басудан шалғай жерге айдау қажет. Жақын маңдағы биiк жерге орналасып, сумен тасымалдауға дайын болу. Құтқарушылар айнала сумен қоршалған және мұқтаж адамдарды уақытында табуға мүмкiндiк беретiн шаралар қабылдау қажет:

  • Жарық кезде жоғары орынға матаны iлу;
  • Қараңғы уақытта жарық сигналдарын беру керек.
  • Есiңiзде болсын! Су басқан жерлерде су тиген азық-түлiктi жеуге және қайнамаған суды iшуге болмайды.

Азаматтар! Кез-келген жағдайда байсалдылықты жоғалтпаңыздар, үрейге бой алдырмаңыздар, бiрақ әбiгерленбей және сенiмдi тез әрекет етiңiздер!

Су тасқынынан кейiн

Су кеткеннен кейiн қалпына келтiру жұмыстарына кiрiсу қажет. Бұл ретте, келесi қауiпсiздiк техникасының талаптары сақталсын:

  • Үй-жайға абайлап кiру керек;
  • Ғимараттың құлау қауiпi жоқтығына көз жеткiзу;
  • Iшкi үй-жайларды, заттарды кептiру, қоқыс жинау, аумақты және тұрғын үйдi жарамды күйге келтiру қажет.

Диас Әубәкiров,
Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның ТЖБ инженерi
азаматтық қорғаудың лейтенанты

Елiмiзде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгiн Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өттi.

«Цифрландыру саласында сiздер құзыреттi орталыққа айналу керексiздер. Бұл үшiн сiздерде барлық ресурстар мен мүмкiндiк бар. Мобильдi үкiметтi қалыптастыру үшiн мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру үрдiсiн қарқынды түрде жүргiзiп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», — дедi А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев өз кезегiнде министрлiктiң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан iс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-мiндеттерiмен бөлiстi. «Мемлекет басшысы бiздiң алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кiрiстiк. Бiр жылдың iшiнде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттiк қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгiзiлдi. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды», — дедi министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүрiп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттiк қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың iшiнде «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғалар электрондық үкiмет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-мiндеттерi туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда iске қосылған бала туу бойынша проактивтi қызмет желiсiмен де бөлiстi. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттiк қызметтердi телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланған. Проактивтi мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тiптi үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлiк пен тиiстi жәрдемақыларды рәсiмдеуге, сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегiмен тұрғылықты жерге тiркеу қызметi де iске қосылады.

«Биыл бiз жылжымайтын мүлiк иесiнiң мәлiметтерiнiң өзгеруiне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк төленуiне, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеу мен атқарушылық iс жүргiзудi қозғауға қатысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысын да проактивтi тәсiлге көшiремiз», — дедi А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейiн арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазiргi таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейiк, 2017 жылы мемлекеттiк корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

Елімізде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисi iске қосылды

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Ендi азаматтар мемлекеттiк органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және жылжымайтын мүлiктiң болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзiнде апаруға мiндеттi емес.

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң тапсырмасымен электрондық үкiмет порталында «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi iске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкiндiк бередi. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берiлдi. Бұл орайда бiз сауалнама жүргiзiп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен бiлiм беру мекемелерiне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесiнде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисi енгiзiлсе, оқу орындары электрондық үкiмет порталынан қажеттi құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бiр реттiк рұқсат бергенiн растап, фронт-офиске бару мiндетiнен құтылады.

Бұл сервистi қолдану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизiмiне сәйкес мүдделi тұлға электрондық үкiмет порталында авторизациядан өтуi тиiс. Сосын «Үшiншi тұлғалардың анықтама алуы сервисi» бөлiмiн таңдап, қай азамат туралы мәлiмет алғысы келедi соның жеке сәйкестендiру нөмiрiн жазуы тиiс. Егер азамат мобильдi азаматтар базасында тiркелген болса, мүдделi тұлға анықтама түрiн таңдап, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшiншi тұлғаға мәлiмет беру/бермеу жөнiнде шешiм қабылдауды сұрайды. Азамат екi сағаттың iшiнде жауап беруi тиiс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында iске қосылған «Paper free» нәтижесiнде қағаз жүзiндегi анықтамалар саны 24 миллионға дейiн кемiп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушiлердiң қатары да азаяды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Алкоголь өнiмдерiнiң саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысында Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң құзырындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейiн кәсiпкерлер үшiн алкогольдiк өнiмдердi сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi.

Қазiр кәсiпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкiмет порталында мәлiметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттiк баж салығын төлеп, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткiлiктi. Ал өзге де қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк орган автоматты түрде тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткiзу мерзiмi он бес жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн қысқарады. Ал этил спиртi мен темекi өнiмдерiн шығару лицензиясын алу мерзiмi он бес күннен он жұмыс күнiне дейiн шегерiледi.

Еске сала кетейiк, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдiк өнiмдердi сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда — 70 АЕК, ауылдық елдi-мекендерде — 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсiмдеу — лицензия берiлгендегi төлемнiң 10%, көшiрмесiн жасату — 100% құрайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ғабит Мүсiрепов атыңдағы ауданның атқарылатын қызмет құны бойынша ақпарат

1. Сумен қамтамасыз ету

  • заңды тұлғалар үшiн — 1402,67 теңге/куб. метр (Новоишим а.), 932,96тг/куб. м. (Новоишим ст.);
  • жеке тұлғалар үшiн — 212,24 тг/куб. м.

2. Жылыту

  • Ленина 6 көшесi — 300 тенге/кв. м.;
  • Ленина 4 көшесi — 309 тг./кв. м.;
  • Ленина 3/5 көшесi — 265 тг./кв. м.;
  • Советски шағын ауданы — 300 тг./кв. м.;
  • Абылай Хана 16 көшесi — 310 тг./кв. м.;
  • Ворошилова, Заслонова көшесi — 260 тг./кв. м.

3. Канализация

  • Новоишим станциясы — 249,82 тг/куб. м. (жеке тұлға), 329,62 тг./куб. м. (заңды тұлға),
  • с. Новоишимское — 178тг/куб. м. (жеке тұлға), 214 тг./куб. м. (юрид. лица)

4. Электр қуаты

  • заңды тұлға үшiн — 23,44 тг./кВт;
  • жеке тұлға үшiн — 15,40 тг./кВт;

СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда проактивті әдісімен алынған алғашқы туу туралы куәлікті табыс ету

11.01.2018 ж. СҚО бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» МК» АҚ — «ХҚКО» Департаментi Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан бөлiмiнiң басшысы Ю.А. Ляпкало Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның АХАТ бөлiмiнiң маманы Л.Д. Байғуанышева Новоишим ауылының тұрғыны Айжан Калишеваға проактивтi әдiсiмен алынған алғашқы туу туралы куәлiктi табыс еттi.

Бала өмiрге келiсiмен оның анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады. Ерлi — зайыпты Калишевтар ұсынылған мүмкiндiктi пайдаланатын болып шештi. Аурухана палатасынан шықпай-ақ, аталған қызметтiң көмегiмен олар баланың тууын тiркедi, балабақшаға кезекке қойды және жәрдемақы мен төлемдердi рәсiмдедi.

Аталған тәсiлмен «Тууды тiркеу» мемлекеттiк қызметiн алуға болады, сондай-ақ SMS-хабарлама арқылы балабақшаға кезекке қоюға және телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақылар мен төлемдердi де рәсiмдеуге болады. Ол үшiн электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетте ЖСН-дi ұялы телефон нөмiрiне бекiту немесе ХҚКО барған кезде Mgov базасында тiркелу қажет.

СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда проактивті әдісімен алынған алғашқы туу туралы куәлікті табыс ету СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда проактивті әдісімен алынған алғашқы туу туралы куәлікті табыс ету СҚО Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда проактивті әдісімен алынған алғашқы туу туралы куәлікті табыс ету

Жаңа нысандағы АӘК енгiзу бойынша ақпарат

Атаулы әлеуметтiк көмек

2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрi — атаулы әлеуметтiк көмек (АӘК) әрекет ете бастайды.

Атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық

табысы кедейлiк шегiнен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретiн төлем (14142).

Отбасының немесе жеке адамның әлеуметтiк жағдайына байланысты, көмек екi түрге бөлiнедi: шартсыз және шартты.

Шартсыз ақшалай көмек — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкiндiгi шектеулi аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрiнде көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек түрi.

Шартсыз ақшалай көмек — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу мүмкiндiгi шектеулi аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер түрiнде көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек түрi.

Шартты ақшалай көмек — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтiк бейiмдеу шараларына мiндеттi түрде қатысу шартымен ай сайынғы немесе бiржолғы ақшалай төлем түрiнде аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) көрсетiлетiн атаулы әлеуметтiк көмек түрi.

АӘК жаңа форматтағы бiрыңғай жәрдемақы болып табылады, ол аз қамтылған отбасылар үшiн үш қолданыстағы әлеуметтiк төлемдердi бiрiктiредi:

  • егер отбасының жан басына ең төменгi күнкөрiс деңгейi 40% төмен табысы шаққанда атаулы әлеуметтiк көмек әр отбасы мүшесiне ұсынылады.
  • егер отбасының жан басына ең төменгi күнкөрiс деңгейi 60% төмен табысы шаққанда 18 жасқа дейiнгi балаларға ағымдағы жылына 1,05 АЕК немесе 2 383 теңге мөлшерiнде балаларға арналған жәрдемақы тағайынды,;
  • төрт және одан да көп кәмелетке толмаған отбасы балалары үшiн олардың табысына қарамастан арнайы мемлекеттiк жәрдемақы берiледi.

Осылайша, АӘК жаңа форматта көрсетiлген үш төлемдердiң орнына төленетiн болады және оның мөлшерi үш аталған жиынтық сомасынан көп болады.

Жаңа форматта АӘК, қазiргi әлеуметтiк төлем түрлерiне қарағанда, аз қамтамасыз етiлген азаматтарға немесе отбасыларға бiр пакетте қолдаудың үш түрi ұсынылады:

1. атаулы әлеуметтiк көмек төлеу;

2. жәрдемдесу жолымен жұмысқа орналастыруға

  • жұмыс берушiлердiң бос жұмыс орындарына ұсынған бағыттары;
  • оқуға жiберу, оқуға жiберген шығынды өтеу, тұруына, жол жүруiне, бiр мезгiл ыстық тамаққа (ТЖКБ-да оқуда болған жағдайда) мемлекет есебiнен стипендия төлеу;
  • жастар практикасына жiберу, әлеуметтiк жұмыс орындарына және мемлекет есебiнен қоғамдық жұмыстарға жалақыны субсидиялауға;
  • өз iсiн ашуға немесе бизнесiн кеңейту микрокредит беруге.

3. әлеуметтiк қызмет көрсетуде мұқтаж адамдарға мемлекет кепiлдiк берген арнайы әлеуметтiк қызметтердi көрсету. Қызметтер әлеуметтiк қызметкерлермен, ҮЕҮ және мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк ұйымдарымен ұсынылуы мүмкiн

Осылайша, АӘК жаңа форматты аз қамтамасыз етiлген азаматтарға немесе отбасыларға жай-кедейлiктен шығу үшiн кешендi қолдау қамтиды.

«Өрлеу» жобасы

Атаулы әлеуметтiк көмек көрсету баяндамаларда «Өрлеу» жобасы аясында жаңа тәсiлдерi және өзiнiң тиiмдiлiгiн көрсеттi. Жыл басынан берi Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданынан «Өрлеу» жобасына 24 отбасы құрамында 111 адам қатысты. Жобаның 26-сы еңбекке қабiлеттi қатысушылары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатыстырылды (24 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, 2 адам қоғамдық жұмысқа жiберiлдi).

С начала года участниками проекта «Өрлеу» в районе им. Г. Мусрепова стали 24 семьи в составе 111 человек. Из них 26 трудоспособных участников проекта были вовлечены в активные меры содействия занятости (24 человека трудоустроены на постоянные рабочие места, 2 человека направлены на общественные работы). Жобаға қатысушылардың табысын 3,9 есе көп жоғарлатты.

Осы жобаны iске асыруға бюджет қаражатынан 3082,2 мың теңге сомасында қарастырылған, оның iшiнде республикалық бюджеттен 2102,0 мың теңге сомасында нысаналы трансферттер бөлiнген және жергiлiктi бюджеттен 980,2 мың теңге сомасында (100% игерiлдi).

Алынған қаражатты IҚМ төлiн, құс (қаз, үйрек), отын (отын мен көмiр) сатып алуға және тұрғын үйдi жөндеу үшiн пайдаланды.

2018 жылғы АӘК жобасы

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыспен қамту орталығының штатына 12 ассистент және 1 консультант АӘК тағайындау үшiн қабылданады.

Ауылдық округ бойынша ассистент тiзiмi

Ауылдық округ Ассистенттердің Т.А.Ж. Телефон
1 Нежинка, Бірлік Ибраева Жадыра Курбановна 28-210
2 Ломоносовка Замарайкина Юлия Васильевна 52-121
3 Дружба Цыпулина Елена Андреевна 28-538
4 Возвышенка Яшина Дарья Игоревна 52-469
5 Рузаевка Колкова Алиса Андреевна 31-372
6 Новосел, Шұкқркөл Кожахметова Дина Ислямовна 27-733  
7 Андреевка, Кокалажар Кузнецова Анжела Викторовна 34-180
8 Червонный Мальцева Светлана Юрьевна 27-585
9 Шөптікөл Толуспаева Базаргуль Амангельдиевна 53-468
10 Чистопол, Салкынкөл Захарова Наталья Геннадьевна 41-162
11 Тахтаброд, Кырымбет Галенда Елена Ивановна 43-123
12 Новоишим Ситникова Рита Алексеевна 62-678

Жоспар бойынша, 2018 жылы АӘК алу үшiн 709 адам (164 отбасы) жұмыспен қамту орталығына өтiнiшпен келедi. 2018 жылы республикалық бюджеттен 6,8 млн. теңге және жергiлiктi бюджеттен 1,3 млн. теңге АӘК төлеуге бөлiндi.

Атаулы әлеуметтiк көмек тағайындау бойынша кеңес алуға болады:

  • Новоишим а. Ленина 4 Б көшесi мекен — жайында орналасқан Жұмыспен қамту орталығына (ХҚКО-на қарама — қарсы), байланыс телефоны 21397, gm.centr@mail.ru электрондық адресi
  • Ауылдық округ әкiмдерiне

БАҚ-та жарияланатын мақала жобасы

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментi төмендегiнi хабарлайды:

2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына (әрi қарай — жоба) сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:

жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi қолға алатын мөлшерден 8%-ға арттырылады;

еңбек ету қабiлетiнен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша МӘСҚ-дан жүргiзiлетiн әлеуметтiк төлемдер 16%-ға арттырылады;

2018 жылғы 1 қаңтарға дейiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалған «бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беретiн ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндiзгi оқу нысанында оқитын балалары бар, яғни кәмелеттiк жасқа толғаннан кейiн олар оқу орнын бiтiретiн уақытқа (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн) оқитын балалары бар көп балалы отбасылар» (әрi қарай — көп балалы отбасылар) жәрдемақының бүл түрiн оны алуға құқығын жоғалтқанға дейiн «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы туралы» ҚР 1999 жылғы 5 сәуiрдегi Заңының 7-бабының 17-тармақшасымен белгiленген мөлшерiнде алатын болады, яғни балалары кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн (бiрақ әрi дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн).

Осыған байланысты, арнаулы мемлекеттiк жәрдемақыны ресiмдемеген көп балалы отбасылар ағымдағы жылдың аяғына дейiн жәрдемақыны ресiмдеулерi қажет, себебi 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап арнаулы мемлекеттiк жәрдемақының бұл түрi тағайындалмайды;

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы Заңына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылдан 2027 жылды қоса алғандағы кезеңде әйелдердiң зейнетке шығу жасын кезең-кезеңмен арттыруды қарастыратын норма өз күшiне енедi. Зейнеткерлiк жасты арттыру 10 жыл iшiнде бiртiндеп жыл сайын 6 айдан арттырылады.

№1 мысал:

2018 жылдың бiрiншi жартысында 58 жасқа толатын әйелдердiң зейнеткерлiк жасы 6 айға артады. Егер ол 1960 жылы 5 қаңтарда туса, зейнетке 2018 жылғы 5 шiлдеден бастап шығады.

№2 мысал:

Егер әйел адам 1959 жылы 5 желтоқсанда туса, онда 2017 жылғы 5 желтоқсан күнi ол 58 жасқа толады, бiрақ егер ол кiсi жасы бойынша зейнетақы тағайындауға өтiнiшпен 2018 жылғы 1 қаңтардан кейiн жүгiнсе, онда тек 58,5 жасқа толғанда ғана, яғни 2018 жылғы 5 маусымда ғана зейнетке шығу құқығына ие бола алады.

Осылайша зейнетке шығу құқығын уақытында пайдалану қажет.

Жыл Зейнеткерлік ЖАС Туған күн датасы
2018 жылғы 1 қаңтардан 58 жас 6 ай 1960 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1960 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2019 жылғы 1 қаңтардан 59 жас 1960 жылғы шілденің 1-нен бастап 1960 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2020 жылғы 1 қаңтардан 59 жас 6 ай 1961 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1961 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2021 жылғы 1 қаңтардан 60 жас 1961 жылғы шілденің 1-нен бастап 1961 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2022 жылғы 1 қаңтардан 60 жас 6 ай 1962 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1962 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2023 жылғы 1 қаңтардан 61 жас 1962 жылғы шілденің 1-нен бастап 1962 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2024 жылғы 1 қаңтардан 61 жас 6 ай 1963 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1963 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2025 жылғы 1 қаңтардан 62 жас 1963 жылғы шілденің 1-нен бастап 1963 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта
2026 жылғы 1 қаңтардан 62 жас 6 ай 1964 жылғы қаңтардың 1-нен бастап 1964 жылғы маусымның 30-ын қоса алғандағы уақытта
2027 жылғы 1 қаңтардан 63 жас 1964 жылғы шілденің 1-нен бастап 1964 жылғы желтоқсанның 31-ін қоса алғандағы уақытта

Зейнетке шығу жасын арттырудың кiмдерге қатысы жоқ:

Қазақстанда зейнетке шығу жасының артуы қазiргi уақытта зейнеткерлiкке ерте шығу бойынша жеңiлдiктерге құқығы бар төмендегi әйелдерге қатысы жоқ:

5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдер, олардың 53 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу құқығы бар;

1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1936 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 5 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған әйелдер 45 жасқа толғанда жасы бойынша зейнетақы төлемдерiн ресiмдеуге құқығы бар.

Базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбiнiң өзгеруi.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап базалық төлемдi тағайындау әдiсiн өзгерту қарастырылып жатыр, ол зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты тағайындалатын болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгiленген зейнетке шығу жасына жеткенде ғана тағайындалады: ерлер үшiн 63 жас, әйелдер үшiн 58 жас 6 айда. Егер азамат 10 жыл ғана жұмыс iстеп, БЖЗҚ-ға аударымдар жасаса немесе мүлде жұмыс iстемесе, онда оған базалық зейнетақы күнкөрiс минимумынан 54% мөлшерде тағайындалады, ал бұл мөлшер бүгiнгi базалық зейнетақы мөлшерiмен тең. Бұдан артық жұмыс iстеген әрбiр 10 жыл үшiн базалық зейнетақы 2%-ға көтерiледi.

Еңбек өтілі күнкөріс минимумынан үлес
10 54%
11 56%
12 58%
13 60%
14 62%
15 64%
16 66%
17 68%
18 70%
19 72%
20 74%
21 76%
22 78%
23 80%
24 82%
25 84%
26 86%
27 88%
28 90%
29 92%
30 94%
31 96%
32 98%
33 100%

Мысал:

1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн адамның еңбек кiтапшасымен расталатын 20 жыл еңбек өтiлi бар және 1998 жылдан кейiн 13 жыл Мемлекеттiк корпорацияның бiрыңғай есептiк орталығымен (бұрынғы ЗТМО) расталатын жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын аударған. Бұл жағдайда базалық зейнетақыны тағайындау үшiн жиынтық еңбек өтiлi 33 жылды құрайды (20 жыл еңбек өтiлi +13 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуы). Базалық зейнетақы мөлшерi 2018 жылғы 1 шiлдеден бастап күнкөрiс минмумы мөлшерiнен 100%-ды құрайды.

Егер сұрақтарыңыз туындаған жағдайда келесi мекенжай бойынша жүгiнуiңiзге болады: СҚО, Ғ. Мүсiрепов ауданы, Новоишим селосы, Школ к., 16 Б , немесе телефон арқылы: 8-715-35-7-99-84.

Мемлекеттiк қызметтер Мемлекеттiк қызметтер Мемлекеттiк қызметтер

Электрондық цифрлы қолтаңбасыз бiрреттiк құпия сөз арқылы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi қалай алуға болады? (ZIP 128 Kb)

Құрметтi аудан тұрғындары!

«Ашық есiк күнi»

2017 жылғы 29 қарашада сағат 10.00-ден 13.00-ге дейiн «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ғимаратында ауданның жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша «Ашық есiк күнi» iс-шарасы өткiзiледi.

Азаматтарды қабылдауды аудан әкiмi, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, аудан әкiмi аппаратының басшысы, бiлiм, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар, құрылыс, iшкi саясат, ауыл шаруашылығы, ветеринария, экономика және қаржы, жер қатынастары, мәдениет және тiлдердi дамыту, дене шынықтыру және спорт, ТКШ, кәсiпкерлiк бөлiмдерiнiң басшылары және Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры жүргiзедi.

Анықтама телефоны: 21-148.

2017 ж. 23.11.

Жұқа мұздың қауiпi!

Су объектiлерде күз-қыс кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн сақтамау адамдардың жарақаттануы мен өлiмiнiң себептерi болып табылады.

Қараша айынан бастап, желтоқсан айына дейiн, яғни қатты аяздар басталғанша,  күзгi мұз өте сенiмсiз. Кешкi немесе түнгi суықпен қатқан мұз үлкен жүктi көтереалмайды, ал күндiз  күннiң жылуы мен және ағынды су мен мұз жұқарады да, жеткiлiктi қалыңдығы бола тұра өте әлсiз болады.

Қауiпсiздiктi болдырмасы үшiн, есте сақтаңыздар:

  • күзгi мұз үздiксiз қатты аязды күндерден соң қалыптасады
  • қауiпсiз мұздың түсi жасылтым немесе көгiлдiр
  • арнаулы мұз өткелдерi мен жабдықталған орындағы су айдыннан өту керек
  • өте қауiптi мұз қардың астында, күртiк қарда және жағалауда

Егер сiз суық суға құлаған жағдайда, не iстеу керек:

  • саспаңыз, шұғыл қимыл жасамаңыз. Тереңiрек және ақырын демалыңыз.Қолыңызды екi жаққа созып, ағыстың бағытымен денеңiздi көлденең ұстап, мұз кесектерiнен ұстауға тырысыңыз.
  • кеудеңiзбен ептеп мұздың шетiне қарай жатып, алдымен бiр аяғыңызды, сонан соң келесi аяғыңызды мұздың бетiне шығаруға тырысыңыз.
  • жылымнан шыққан соң, домалаңыз, мұздың берiктiлiгi тексерiлген, келген жағыңызға қарай еңбектеңiз.

Төтенше жағдайлар болған кезде 112 нөмiрлi телефонға жедел хабарлау қажет. Барлық қоңыраулар тегiн.

СҚО ТЖД Департаментiнiң
Ғабит Мүсрепов атындағы
ауданының ТЖ бөлiмiнiң инженерi
азаматтық қорғау лейтенанты Д. Әубәкiров

2017 жылғы 4-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмi шығу кестесi

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты
қазан
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі

Рузаевский с/о,

с. Андреевка

02.10.2017 г. 09.10.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
  Салкынкольский с/о, с. Салкынколь 03.10.2017 г. 10.10.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
қараша
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Кокалажарский с/о, с. Кокалажар 17.11.2017 г. 28.11.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
 

Кырымбетский с/о,

с. Кырымбет

20.11.2017 г. 29.11.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
желтоқсан
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі

Тахтабродский с/о,

с. Тахтаброд

04.12.2017 г. 14.12.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
 

Андреевский с/о,

с. Андреевка

05.12.2017 г. 12.12.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.

«Электрондық үкiмет» порталын мектептерде жұртқа таныту

2017 жылдың 05 қарашасында СҚО Бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет және мемлекеттiк қызмет iстерi бойынша агенттiгi Депортаментi, СҚО Бiлiм басқармасы және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес Акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмiнiң арасында қабылданған Өзара iс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумның шеңберiнде №1 Новоишим орта мектебiнiң Информатка пәiнiң ұстаздарын «Электронды үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi қалай алуға болатындығын үйрету өттi. Барлығы 26 адам. Ұстаздарға Электрондық цифрлi қолтаңбаны (ЭЦҚ), egov.kz Порталына тiркелу, мекен-жай анықтамасы, зейнетақы салымдары туралы анықтама, жылжымайтын мүлiк бар (жоқтығы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, балабақшаға кезекке қою, мемлекеттiк баж салығы мен мемлекеттiк салымдарды төлеу және т.б. жиiқолданылатын мемлекеттiк қызметтердi алу тәртiбi түсiндiрiлдi, сонымен қатар кейбiр мемлекеттiк қызметтердi sms-пароль арқылы алу мүмкiндiгi айтылды. Сондай-ақ алдағы уақытта агро-техникалық колледжiнiң ұстаздарын үйрету жоспарлануда.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң
Ғ. Мүсiрепов ат. аудандық бөлiмiнiң
HR дамыту секторының HR-менеджерi
Л. Чугунова

2017 ж. 3.11.

Құтқару мiндеттi — мейiрбан жандарға лайық

Бүгiнгi таңда мамандықты дұрыстаңдау — қазiргi заманғы мектептiң түлектерi үшiн ең күрделi шешiм. Мамандықтар көп, бiрақ атауында оның мәнi айқындалған және игiлiктi миссиясы қайғыға душар болғандарды құтқару болып табылаты бiреуi бар. Құтқарушы болу-бұл құрмет. Өйткенi, таңдалған мамандықтан адамның одан арғы өмiрi мен тағдыры қалыптасады. Кез келген мемлекеттiк жүйежоғары бiлiктi жас мамандарға мұқтаж екендiгi ешкiмге құпия емес. ҚР IIМ ТЖК Көкшетау техникалық институты жоғары адамгершiлiк және iскерлiк қасиеттерi бар, түрлi сипаттағы экстремалды жағдайдарда шешiм қабылдай алатын, азаматтық қорғау органдарында қызмет ету үшiн «Өрт қауiпсiздiгi», «Төтенше жағдайларда қорғау» және «Азаматтық қорғаныстың командалық тактикалық күштерi» мамандықтары бойынша жоғары бiлiмдi бiлiктi офицерлердi даярлайтын, Қазақстан Республикасы IIМ ТЖК жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады.

Институтқа түсу шарттары:

Институтқа күндiзгi оқыту түрi бойынша орта бiлiмi бар, он алты жасқа толған, денсаулығы бойынша əскери қызметке жəне оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Бiлiм жəне ғылым министрлiгiмен өткiзiлетiн ұлттық бiрыңғай тестiлеу (ҰБТ) немесе кешендiтестiлеу (КТ) қорытындылары сертификаттарының балдарына сəйкес жүргiзiледi. Азаматтарды күндiзгi оқу түрi бойынша оқуға қабылдау төрт кезеңнен тұрады: бiрiншi кезеңде қабылдау комиссиясы талапкерлердiң жеке iстерiмен танысып, содан кейiн ҰБТ немесе КТ нəтижесi бойынша iрiктеу жүргiзедi. Екiншi кезеңде медициналық жəне психофизиологиялық көрсеткiштерi бойынша оқуға түсуге денсаулығының жарамдылығын анықтау мақсатында iрiктеу жүргiзiледi. Үшiншi кезеңде талапкерлер бекiтiлген Нормативтерге сəйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша сынақтар тапсырады төртiншi кезеңде қабылдау комиссиясы курсанттар қатарына қабылдайды. Институтқа оқуға қабылдау медициналық, дене бiтiмi жəне психофизиологиялық көрсеткiштерi бойынша iрiктеу қорытындыларын ескере отырып, ұлттық бiрыңғай жəне кешендiтестiлеу қорытындылары бойынша сертификат балдарына сəйкес конкурс бойынша жүргiзiледi.

Курсанттар республикалық бюджет есебiнен оқытылады. Курсанттар барлық оқу кезеңiне киiм-кешекпен, тамақтану жəне мемлекеттiк шəкiртақымен қамтамасыз етiледi. Бiрiншi, екiншi жəне үшiншi курс курсанттары казармалық жағдайда, төртiншi курс — Көкшетау қаласында еркiн тұрады. Институттың күндiзгi оқу түрiнiң толық курсын бiтiрген, 4 жыл оқыған тұлғалардың бiлiм алу уақыты əскери қызметтi өте уақытына теңеледi және оқуды аяқтаған соң жұмысқа орналастырылады.

Институтқа түсуге тiлек бiлдiрушi азаматтарға Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Новоишим а., Пионерская к-сi, 1 мекенжайы бойынша Төтенше жағдайлар бөлiмiне және ӨБ-16 хабарласуға болады.

Құтқару міндетті — мейірбан жандарға лайық Құтқару міндетті — мейірбан жандарға лайық Құтқару міндетті — мейірбан жандарға лайық

Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның ТЖБ инженерi
азаматтық қорғаудың лейтенанты Д.Г. Әубәкiров

2017 жылғы 4 тоқсандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның қазынашылық басқармасы басшылығының азаматтарды қабылдау кестесi (ZIP 960 Kb)

Бекiтемiн
Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi
Солтүстiк Қазақстан облысы
бойынша Қазынашылық департаментiнiң
Ғабит Мүсiрепов атындағы
ауданның қазынашылық басқармасының басшысы
__________ О.Х. Бескемпиров
2017 ж. «12» қыркүйек

2017 жылғы 4 тоқсандағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық комитетi Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның қазынашылық басқармасы басшылығының азаматтарды қабылдау кестесi

Органның атауы Аты-жөні Лауазымы Апта күні Қабылдау уақыты Орналасқан жері Қызметтік телефон (алдын-ала жазылу үшін)
1 «ҚР ҚМ ҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қазынашылық басқармасы» РММ Бескемпіров Оразбек Қалиасқарұлы Басшы сәрсенбі сағат 17.00 ден18.00 ге дейін СҚО, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишимка селосы, Әуелбеков к-сі,60 8-715-35-2-28-19
2 «ҚР ҚМ ҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның қазынашылық басқармасы» РММ Ысқақова Толқын Бекәліқызы Басшының орынбасары жұма сағат 17.00 ден18.00 ге дейін СҚО, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы, Новоишимка селосы, Әуелбеков к-сі,60 8-715-35-2-28-16

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

«Электрондық үкiмет» порталынан мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды жеңiлдету мақсатында бiр реттiк парольдiң көмегiмен қызметке тапсырыс беруге мүмкiндiк жасалған.

Ол қалай жқмыс iстейдi?

Бiр реттiк пароль — бұл sms-хабарлама, ол сұрау жiбергеннен кейiн азаматтың мобильдi телефонына келедi. Ол телефонына тексерiс кодын алады, оны e-gov.kz енгiзу қажет. Кодты енгiзгеннен кейiн портал автоматты түрде сiздiң номерiңiздi тексередi және телефон номерi мен осы базада тiркелген номермен сәйкес келген жағдайда сұралған қызмет нәтижесi тез арада ұсынылатын болады.

Мабильдi азаматтар базасына қалай тiркелуге болады?

Телефон номерiңiздi алушының жеке кабинетiнде не «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына жүгiну арқылы ЖСН байлауға болады.

Бiр реттiк пароль бойынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi:

  1. Мекенжай анықтамасын алу
  2. Жеке тұлғаларда жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру
  3. ЖТ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру
  4. Жеке тұлғалар үшiн жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және тоқтатылған құқықтар туралы анықтамалар беру;
  5. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын беру
  6. Жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру
  7. Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органмен бекiтiлген тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру
  8. Жылжымайтын мүлiктiң меншiк иесi (құқық иесi) туралы мәлiметтi қамтитын техникалық паспортқа қосымша беру
  9. Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын алу
  10. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiнен үзiндi беру
  11. Мұрағаттық анықтамалар беру
  12. Заңды тұлғаларды тiркеу, филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы анықтаманы алу
  13. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру
  14. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерiнiң бар екендiгi туралы анықтама беру
  15. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру
  16. Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға, филиалдар мен өкiлдiктерге қатысуы туралы анықтама алу
  17. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама алу
  18. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру
  19. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру
  20. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру
  21. Некеге тұру туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  22. Әкелiк құқықты бекiту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу
  23. Атын, тегiн, әкесiнiң атын өзгерту туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  24. Ұлды/қызды асырап алу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  25. Некенi бұзу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш беру
  26. Туу туралы куәлiктi қайталап алуға өтiнiш алу
  27. Аты, тегi, әкесiнiң атының ауысқаны туралы анықтама алу
  28. Некенiң бұзылғаны туралы анықтама алу
  29. Некеге тұру туралы анықтама беру
  30. Туу туралы анықтама алу

Бағдарламада айқындалған өңiрлерге қоныс аударатын әлеуеттi қоныс аударушылар үшiн мемлекеттiк қолдау шараларын ұсыну тәртiбi (ZIP 13 Kb)

Хабарландыру

2017-2021 жылдарға Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы аясында (бұдан әрi — Бағдарлама) Новоишим а. Советская №11 «А» көшесi бойынш елу пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысы аяқталды.

Осы үйге орналасуға тек ғана Бағдарлама қатысушылары үмiткер бола алады:

  • 29 жасқа дейiнгi жастар;
  • жастар тәжiрибесiне және әлеуметтiк жұмыс орындарына тұрғызылған қатысушылар;
  • оқуды аяқтаған бiрiншi бағыттың қатысушылары;
  • жұмыс күшi мол өңiрлерден қоныс аударып келген отбасылар.

Өтiнiштер мен құжаттар 2017 жылдың 8 қыркүйегiнен бастап 9 қазан аралығы бойынша қабылданады (қабылдау мерзiмi аяқталған соң құжаттар қабылданбайды).

Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынуға қажеттi құжаттардың тiзiмi:

  1. жеке басын куәландыратын құжат (сондай-ақ, жолдасының)
  2. әлеуметтiк шарт (еңбек шарты)
  3. жылжымайтын мүлiк (бар болуы) болмауы туралы анықтама (сондай-ақ, жолдасының) (ХҚО)
  4. тiркелген құқықтар мен ауыртпалықтар туралы анықтама (сондай-ақ, жолдасының) (ХҚО)
  5. отбасы құрамы туралы анықтама
  6. неке қию туралы куәлiк
  7. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ шарты
  8. мекен-жай анықтамасы (сондай-ақ, жолдасының) (ХҚО)
  9. зейнетақы қорынан үзiндi (ХҚО) (бүкiл жұмыс кезеңiне)
  10. қорғаншылық және қамқоршылық органынан жетiм мәртебесi туралы анықтама;

Сұрақтарыңыз болса, мына мекен-жай бойынша Жұмыспен қамту орталығына хабарласа аласыздар: Новоишим ауылы, Ленин көшесi, №4 «В» үйi (Орталық пошта бөлiмшесiне қарама-қарсы) тел: 21-397 9.00-ден 18.30-ға дейiн (түскi үзiлiс 13.00-ден 14.30-ға дейiн, сенбi, жексенбi).

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасыменмжәне Жұмыс күшiнiң ұтқырлығын арттыру үшiн адамдардың ерiктi түрде қоныс аудару Қағидасымен ozsp-gm.sko.gov.kz, gm.sko.gov.kzcz-gm.sko.kz сайтарында танысуға болады.

Халықты жұмыспен қамту орталығы

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның аумағында ауылдық округтер әкiмдерiне кандидаттардң үгiттiк баспа материалдардын орналастыру үшiн орындарды анықтау және таңдаушыларымен кездесу өткiзу үшiн үй-жайларды ұсыну туралы (ZIP 529 Kb)

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң ауылдық округтер әкiмдерiнiң лауазымдарына кандидаттарды қарау бойынша 2017 жылғы 11-13 шiлде аралығында жергiлiктi қоғамдастықпен кеңес өткiзу кестесi

11 шілде сейсенбі 12 шілде сәрсенбі 13 шілде бейсенбі
Қырымбет ауылдық округі, Сокологоровка а. мәжіліс залы Сокологоров орта мектебі, сағат 10-00 Дружба ауылдық округі, Дружба а. «Дружба» ЖШС кеңсесінің мәжіліс залы сағат 10-00 Андреев ауылдық округі, Андреевка а., «Жарык-2005» ЖШС мәжіліс залы, сағат 10-00
Салқынкөл ауылдық округі, Салқынкөл а., орта мектептің мәжіліс залы, сағат 12-30 Ломоносов ауылдық округі, Ломоносовка а., орта мектептің мәжіліс залы сағат 11-30 Көкалажар ауылдық округі, Көкалажар а., «Тұқым» ЖШС бөлімшесі кеңсесінің мәжіліс залы сағат 12-30
Чистопол ауылдық округі, Чистополье а., Мәдениет үйінің залы, сағат 14-30 Бірлік ауылдық округі, Бірлік а. Ардагерлер үйінің залы, сағат 14-30 Шұқыркөл ауылдық округі, Шұқыркөл а. орта мектептің мәжіліс залы сағат 15-00
Рузаев ауылдық округі, Рузаевка а., ауылдық әкімдіктің мәжіліс залы, сағат 16-30 Нежинка ауылдық округі, Нежинка а., Нежинка ОМ мәжіліс залы, сағат 16-30 Червонный ауылдық округі, Червонное а., орта мектептің мәжіліс залы, сағат 17-30
Возвышен ауылдық округі,Возвышенка а., «Возвышенка-СК» ЖШС кеңсесінің фойесі, сағат 18-00 Новоишим ауылдық округі, Новоишим а., ауылдық әкімдіктің мәжіліс залы, сағат 18-00  

Ақпараттық хабарлама
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны
https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамыныңбаспасөз қызметі

Судағы қауіпсіздік!

Соңғы 2 жылды саралау, ауданда 7 адам, оның ішінде 2 бала қаза тапқандығын көрсетіп отыр (2015 ж. — 3 оқиға, 3 адам суға кеткен, 2016 ж. — 3 оқиға, 4 адам, оның ішінде екі бала суға кеткен).

Адамдардың қаза табуының негізгі себептері бейімделмеген жерге, сондай-ақ су ағысы қатты орындарда суға шомылуы болып отыр.

Осыған байланысты, «Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның ТЖ жөніндегі бөлімі» ММ келесі қарапайым қауіпсіздік ережелерді есте сақтауды сұрайды:

  • Суға кіргенде абай болу, тиым салынған жерлерде шомылмаңыздар;

  • Егер малту білмесеңіздер белден төмен суға кірмеңіздер;

  • Балаларды суда жалғыз қалдырмаңыздар және шомылу кезінде қиянқылық жасауға жол бермеңіздер, қорғаныс құралдарынсыз (жилетсіз) шомылуларына жол бермеңіздер;

  • Шомылу кезінде тақта, доп, камера қолданбаңыздар;

  • Жалған белгі бермеңіздер және өтіп бара жатқан қайықтарға қарай бармаңыздар;

  • Таныс емес жерлерде қайықтан, бөгеттен, көпірден суға сүңгімеңіздер;

  • Мас күйде және тамақ ішкеннен кейін суға шомылмаңыздар;

  • Суға шомылу үшін ағысы қатты орындарды таңдамаңыздар.

Суда қарапайым ережелерді сақтау Сіздерді төтенше жағдайлардан құтқарады. Есте сақтаныздар, Сіздің өміріңіз және жайлылығыңыз — өзіңіздің қолыңызда!

СҚО ТЖД Ғ. Мүсірепов атындағы
ауданның ТЖБ бас маманы А. Тәниев

Жасата-аналарүшiнжаднама

Құрметтiата-аналар!

Шын жүректен сiздi жаңа өмiрлiк мәртебеңiзбен құттықтаймын, осы күннен бастап Сiз ана және әке атандыңыз! Өмiрге жаңа адам келдi, ол Сiз және сiздiң жалғасыңыз болып табылады! Оның пайда болуымен көп қамқорлық және iстер пайда болды! Оның пайда болуымен жаңа құқықтар мен жаңа мiндеттер пайда болды!

Ата-анаретiндеСiзгебiлумаңызды:

  • Ата-аналарөзбалаларына қатыстытеңқұқықты жәнетеңмiндеттератқарады.
  • Балаңыздың туу фактiсi мiндеттi түрде тiркелуi тиiс. Ел өзiнiң әр азаматы туралы бiлуi қажет, тiптi ең кiшкентайы туралы! Тууды тiркеу туралы өтiнiш Сiздiң сәбиiңiз туғаннан кейiн үш күн iшiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерiне немесе Азаматтық хал актiлерiнтiркеу (АХАТ) бөлiмдерiнде берiледi.
  • Балаңызға қандай есiм беретiнiңiз туралыойланыңыз.

Баланың тегiерлi-зайыптылардыңортақ тегiмен берiлуi мүмкiн, анасы немесе әкесiнiң тегi әртүрлiболса, олардың бiреуiнiң тегi бойынша берiлуi мүмкiн. Тегiн ұлттықдәстүрге сәйкес,оның әкесi немесе атасының атынан тағайындауға болады.

Баланың аты оныңата-анасыныңкелiсiмiменберiледi. Егер ата-аналардың келiсiмi жоқ болса, олардың дауыс отта шешiлуi мүмкiн.

Баланыңәкесiнiң аты баланыңәкесi ретiнде жазылған адамның атымен берiледi.

  • Ата-аналар өз баласының физикалық, психикалық, адамгершiлiк және рухани дамуына қажеттi өмiрлiк жағдайлар қамтамасыз етуi тиiс, олар өз баласының денсаулығына қамқорлықетуi керек.
  • Еш бiр жағдайда балаға зорлық көрсетуге жол берiлмейдi, ата-ана құқықтарын тиiстi емес деңгейде атқару немесе оларды асыра пайдалану, заңнамамен қарастырылған жауапкершiлiкке, оның iшiнде қылмыстық жауапкершiлiкке деәкепсоғады.
  • Тәрбие беру мәселелерiнде ата-аналар,барлық басқа тұлғалардың алдында өз баласын тәрбилеуде құқығы басым.
  • Оған бiлiм беру мәселелерiнде ата-анасы балаға мiндеттi орта бiлiм берудi қамтамасыз етуi тиiс, сондай-ақ баланың көзқарасын ескере отырып, жалпы орта бiлiм алғанға дейiн баланы оқытатын бiлiм беру ұйымын және нысанын таңдауға құқығы бар.
  • Баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау.

Ата-ана өз баласының заңды өкiлдерi болып табылады және кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда арнайы өкiлеттiксiз оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.

Өкiнiшке орай, әр түрлi өмiрлiк жағдайларға және себептерге байланысты жекелеген жағдайларда ата-аналар некелерiн бұзады және бала ата-ананың бiреуiмен ғана, әдетте анасымен қалады. Бұл ретте кәмелетке толмаған баларды асырау екi ата-ананың да мiндетi болып қалады.

Ата-аналары ажырасқаннан кейiн балаларды асырау қалай жүзеге асырылады ?

Ата-аналар балаларды асырауға алимент төлеу туралы келiсiм жасасуы не алимент өндiрiп алу туралы арызбен сотқа жүгiнуi мүмкiн, онда өндiрiп алушының, яғни ата-ананың бiреуiнiң пайдасына тиiстi шешiм сот бұйрығы шығарылады. Ата-ананың екiншiсi борышкер болып, алимент төлеуге мiндеттеледi.

Баладан бөлек тұратын ата-ана.

Осындай ата-ананың баласымен қарым-қатынаста болуға, оның тәрбиесiне, бiлiм алу және басқа да бала үшiн маңызды мәселелурдiң шешiлуiне қатысуға құқығы бар. Ал, баламен тұратын ата-ана екiншi ата-ананың баламен араласуына кедергi болмауы керек.

— Баланы асырауға кететiн қосымша шығындарға ата-аналардың қатысуы.

Баланы асырауға кететiн қосымша шығындарды ата-аналар екi жақты келiсiммен алады не оны сот белгiлейдi.

— Баланың мүддесiн ескере отырып, ерлi-зайыптылардың ажырасуы кезiнде ортақ меншiктi бөлу.

Тек қана балаларға арнап сатып алынған заттар, бөлуге жатпайды және балалармен бiрге тұратын ата-анаға берiледi. Ерлi-зайыптылармен ортақ кәмелетке толмаған балаларының атына жасалған жарналар, осы балаларға тиесiлi болып саналады және ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн бөлу кезiнде қарастырылмайды.

Бала өзiнiң заңды мүдделерiн қорғауға құқығы бар. Және оларды бiрiншi болып — ата-аналар, Сiздер қорғау керексiз.

Сiздiң балаңыз өседi және бiздiң елiмiздiң лайықты азаматы болады. Ал қазiр ол жай ғана дүниеге келiп, анасы мен әкесiн бақытты еттi! Кiшкентай сәбиi үшiн жауапкершiлiктi сезiнетiн ата-аналары, әжелерi мен аталары үшiн, есiмi  — сiздiң сәби болып табылатын, ең жас керемет үшiн оның өмiрiнiң алғашқы айлары өте маңызды. Осы сәттер ең қуанышты жаңалықтар, өмiрдi құру, жеке тұлға қалыптастыру ретiнде барлығының есiнде қалсын. Сiздiң балаңыздың денi сау және бақытты болып өссiн!

Шетелдiктермен неке тiркеушiлер үшiн жаднама

Құрметтi азаматтар!

Шетелдiктермен неке қиюшы Қазақстанның азаматтары осындай жұп жасасудың ықтимал құқықтық және әлеуметтiк салдары туралы хабардар болуы және ескертiлуi тиiс.

Бiрiншiден, шетелдiктермен неке құрудан бұрын сiздiң болашақ жұбайыңыз (зайыбыңыз) азаматы болып табылатын елдiң азаматтық және отбасылық құқықтың ерекшелiктерiмен танысуды ұсынамыз. Ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерi, оның iшiнде ортақ балаларға қатысты, сондай-ақ осындай некенi бұзудың құқықтық салдарына ерекше көңiлдi аудару қажет.

Бұл, осы некеде туған балалардың құқықтары, сiздiң құқықтарыңызды бұзумен байланысты, кез келген мәселелердi шешуде дұрыс көзқарас пен мiнез-құлыққа дайын болу үшiн, өмiрдегi нақты жағдайда туындауы мүмкiн көптеген жағымсыз сәттердi болдырмауға мүмкiндiк бередi.

Кейбiр елдердiң заңдары бойынша, шетел азаматтарымен некеге тұратын кезде олардың елiнiң азаматтарының некеге жарамды деп тану жөнiндегi осы мемлекеттiң құзыреттi органының рұқсатын алуды талап етедi. Тиiсiнше, осы келiсiмсiз тiркелген неке Сiздiң таңдау жасалған азаматтың елiнде танылмауы мүмкiн және басқа да көптеген күрделi жағдайлар тудыруы мүмкiн, ол кезде некеге тұрған адамның кез келген құқықтарын қорғау туралы айту айтарлықтай қиын болады.

Шетел азаматымен Қазақстанның азаматы Қазақстанның аумағында кез келген Азаматтық хал актiлерiн тiркеу (АХАТ) бөлiмiнде, Қазақстанның шетелдегi консулдық мекемелерiнде неке жасасуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, неке тiркелгеннен кейiн сiз Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес құжат (басқа сөзбен айтқанда, Қазақстанның үлгiсi бойынша) аласыз.

Шет мемлекеттерiнiң уәкiлеттi органдарында неке қиған жағдайда сiз Қазақстан аумағында оны пайдалану үшiн заңдастыру немесе апостиль қою қажет етiлетiн құжатты аласыз. Қазақстан аумағында мұндай некенi қайта тiркеудiң қажетi жоқ, бұдан бұрын көрсетiлгендей сiздiң құжатыңызды апостильдеу немесе заңдастыру жеткiлiктi болады.

Шетелдiкпен некенi тiркеу үшiн болашақ ерлi-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету қажет. Шетелдiк, басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, нотариалды куәландырылған оның мәтiнiнiң қазақ немесе орыс тiлiне аудармасын қамтамасыз ету қажет. Мұндай құжаттардың мәтiнiн аударуыдың дұрыстығы дипломатиялық өкiлдiкте немесе консулдық мекемеде, шетелдiктiң азаматтығы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттiң Сыртқы iстер министрлiгiмен куәландырылған болуы мүмкiн.

Сонымен қатар, бұрын тiркелген неке (азаматтар бұрын некеде тұрса), тоқтатылғанын растайтын құжаттар (болмаса — некеге қабiлеттiк туралы анықтама) табыс етiлуi тиiс.

Шетелдiк, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығын растайтын құжатты ұсынуы керек.

Құрметтi қауым!
Қадiрлi отандастар!

Ауа райы жылынуы мен жауған нөсерлi жаңбыр қырлы жерлердегi қарды ерiтiп, сарқынды сулардың пайда болуына себеп болды.

Қырлы жоталардың сай-салаға жиналған топан су Ғабит Мүсiрпеов атындағы ауданның Рузаев ауылдық округiнде үйлердi су басып, тұрғындарға қауiп төндiрдi.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданында 119 үйге су кiрдi, 90 мал басы шығын болды.

Жерлерлестерiмiздiң басына туған қиын жағдай республиканың, облыстың, ауданның кез келген азаматын бей жай қалдырмайтынына олардың қол үшiн беруден шет қалмайтынына сенiмдiмiз!

«Жұмыла көтерген жүк жеңiл», — деп дана халқымыз айтып қана қоймай ел басына күн туған қай заманда да қабырғасы қайыспай қиындықпен ауыртпашылықты бiрге көтерiпғ, жеңе бiлген!

Жерлестерiмiзге баба жолын ардақтап, тағыда елдiгiн, бiрлiгiн, азаматтықты танытатын кез келiп тұр, отандастар!

Қадiрмендi жерлестер!

Әр қашан қандай да болсын қиындыққа душар болған адамға көмек беру — азаматтық парыз деп есептеледi.

Сол себептi мүмкiндiгiмiзше отандастырымызды желеп-жебеу мақсатында барлық республика тұрғындарын табиғаттың дүлей апатынан зардап шеккендерге материалдық және моральдiк көмек беруге шақырамыз!

2017 жылғы 2-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмiнiң шығу кестесi

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты
сәуір
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Возвышен а/о Возвышенка а. 03.04.2017 ж. 13.04.2017 ж. 2 Ауылдық округі әкімдігі сағ. 10-00
  Салқынкөл а/о, Салқынкөл а. 04.04.2017 ж. 14.04.2017 ж. 2 Ауылдық округі әкімдігі сағ. 10-00
мамыр
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Қырымбет а/о, Қырымбет а. 18.05.2017 ж. 29.05.2017 ж. 2 Ауылдық округі әкімдігі сағ. 10-00
  Көкалажар а/о, Көкалажар а. 19.05.2017 ж. 30.05.2017 ж. 2 Ауылдық округі әкімдігі сағ. 10-00
маусым
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Шөптікөл а/о, Шөптікөл а. 01.06.2017 ж. 12.06.2017 ж. 2 Ауылдық округі әкімдігі сағ. 10-00
  Тахтаброд а/о, Тахтаброд а. 02.06.2017 ж. 13.06.2017 ж. 2 Ауылдық округі әкімдігі сағ. 10-00

Азаматтарға арналған үкiмет дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бiрлесiп дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосуда. Ендi қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшiн ХҚКО-ға барудың қажетi жоқ, кез келген көрсетiлген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткiзiп беретiн болады.

Бұл сервистi пайдалану үшiн клиент қызмет алуға қажеттi толық құжаттар пакетiн ХҚКО инспекторына өткiзедi және дайын құжаттарды жеткiзiп беру жөнiндегi өтiнiмдi толтыру үшiн ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлерiне жүгiнедi. Құжаттарды жеткiзiп беру қызметi жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негiзде көрсетiледi. Үйге жеткiзiп беру бағасы қызмет көрсетiлетiн аймаққа және соңғы жеткiзiлiм мекенжайына байланысты болады. Жеткiзiлiм жайлы ақпаратты берiлген трек-нөмiрi бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтiң ең төменгi құны — 500 теңге. Қызмет алушы жеткiзiлiм төлемiн дайын құжаттарды алғаннан кейiн жүргiзедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазiргi уақытта қызметтердi автоматтандыру жұмыстары белсендi түрде жүрiп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметтi электрондық үкiмет порталының көмегi арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсiмдеуге болмайтын қызмет түрлерi де бар. Соңғы уақытта қызметтi үйде отырып алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың қатарының өсуiне байланысты, бiздiң қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшiн осы сервистi iске қосуды шештiк» — дедi ол.

Сондай-ақ Оспановтың айтуынша, бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсiмдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектiң, бейнекамераның жұмыс iстеуi, сондай-ақ ХҚКО-лардан қызметтi алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкiндiктерi қарастырылуда.

Мемлекеттiк корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бiрнеше сервистер мен жобаларды енгiзудi жоспарлап отыр.

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес
акционерлiк қоғамы баспасөз қызметi

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша жадынама

Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi туралы әдiстемелiк ұсынымдар

ҮЕҰ Дерекқоры бойынша сұрақ-жауаптар

СҚО, Шұқыркөл с., ҚОӘБ жобасы бойынша өнеркәсiптiк зерттеу жобасына мал шаруашылығы кешенiн 5000 бас iрi-қара мал құрылысы жұмыстың жобасылар хаттама

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның тұрғындарына хабарлама!

ҚР 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» №532-IV Заңының 19-бабы 1-тармағына сәйкес газ тұтынушы жүйелер және газ жабдықтары иелерi олардың тиiстi техникалық жағдайын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Сонымен қатар, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар оларға тиесiлi газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек өткiзудi жүзеге асыратын газжелiлiк ұйымдар немесе газ толтырушы пункт иесiмен шарт жасауға мiндеттi.

Одан басқа, осы Заңның 19-бабы 5-тармағына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушыларға газ тұтынушы жүйелер және газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсетуге шарт жасамай пайдалануға тыйым салынады.

Жоғарыда айтылғандар негiзiнде, газ жабдықтарын және газбен жабдықтау жүйесi объектерiн қауiпсiз пайдалану талаптарын қаматамасыз ету мақсатында барлық коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушыларды газжелiлiк ұйымдар немесе газ толтырушы пункт иесiмен жоғарыда көрсетiлген шарттарды жасасуды сұраймыз.

Жоғарыда көрсетiлген газ пайдалану, газбан жабдықтау жүйесi объектерiн қауiпсiз пайдалану бойынша нормаларды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 306-бабы 1-тармағымен әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған.

Су тасқынына алдын ала дайындаламыз

Алдағы көктемде бiздi не күтiп тұр? Қыс уақытындағы жауған қарға қарай, әдетте тез ерiген қардан және мұздан туындайтын алдағы су тасқынына қатысты болжам жасауға болады.

Су тасқыны кезеңiнде су басу аймағына электр мен байланыс желiлерi, жеке тұрғын үйлер, аула жанындағы құрылыстар мен шаруашылық объектiлерi түсуi мүмкiн. Жыл сайын су тасқыны кезiнде уақытша жол жабылатын елдi мекендерде қалатын тұрғындарға келесi қағидаларды естерiне салғымыз келедi:

  • азық-түлiк өнiмдерiнiң және бiрiншi кезекте қажет заттардың қорын жинау;
  • әдетте қолданатын алғашқы көмек қобдишасы мен дәрi-дәрмектердi дайындау;
  • жүктi әйелдердi, ауыр науқас және қарт азаматтарды алдын-ала шығару, медициналық мекемелер аталған санаттағы азаматтарды бақылауға алу;
  • кәсiпкерлерге бүкiл су тасқыны кезеңiне азық-түлiк қорын қамтамасыз ету.

Көп нәрсе көктемгi кезеңнiң өтуiне байланысты болады, алайда, ең алдымен, төмен рельефтi жерде орналасқан жеке сектор тұрғындары және аумақтарды су тасқынына дайындау бойынша шаралар қабылданбаған орындар су басудан құтыла алмауы мүмкiн.

Осындай жағдайдың алдын алу немесе салдарын барынша азайту үшiн не iстеу қажет?

Төтенше жағдайлар қызметкерлерi көктемде орын алатын жағдайларың алды алу үшiн ертерек қамдануға кеңесiн бередi, көп iс атқаруға болатынына сенiм бiлдiредi. Жақсы үй иесi көктемгi күннiң наурыздың қарын ерiтуiн күтпей, қазiрден бастап өзiне тиесiлi аумақты қардан тазалап, ешкiмге кiнә тақпай өз қамын өзi жасақтайды. Сонымен қатар, үйiлген қалың қардың еруi барысында ағынды судың арнасын дұрыс бағыттаған жөн. Әдеттегiдей, олар көктем уақытында жергiлiктi тұрғындарға қарапайым себептерден туындайтын, су басу түрiнде күтпеген «сыйлықтар» тарту етедi. Тығыздалған қар, мұз және қоқыстар өтпес «кептелiс» жасап, кедергiден өте алмай су айналаға жайылады. Қамсыз үй иелерi өздерiн ғана жазалап қоймай, айналасындағыларға да келеңсiз жағдай туындатады, бұл сонымен қатар шаруашылық объектiлердiң, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларына да қатысты, олар шатырларды, ғимараттар мен имараттарды, iргелес аумақтарды қардан тазалау және елдi мекеннен тыс аумаққа шығару бойынша iс-шаралар жүргiзуi қажет, су тасқынына дайындалуға күш-жiгерiмiздi бiрiктiрсек қана су басу мен көктем кезеңiнiң басқа да жағымсыз жағдайларына жол бермеймiз.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның
ТЖБ бастығы азаматтық қорғау подполковнигi
А. Бекчентаев

Қоғамдық тыңдауларды өткiзу туралы хабарлама

ЖШС «Атамекен-Агро-Шукырколь» қоршаған ортаға әсер ету қорытындысы бойынша «Шұқыркөл с., мал шаруашылығы кешенiн 5000 бас iрi-қара мал құрылысы» жұмыстың жобасылар сәйкес қоғамдық отырыс өткiзедi. Жауапты қоғамдық тыңдаулар өткiзу болып табылады Әкiмiнiң Аппараты «ММ ауданның Шұқыркөл а/о». Орган мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу болып табылады бойынша экология Департаментi «РММ Солтүстiк Қазақстан облысы». Тапсырыс берушi: «Атамекен-Агро-Шұқыркөл» ЖШС . Әзiрлеушi ЖЖ: ЖШС «Дизайн Ландшафт» Қоғамдық тыңдаулар 3 ақпан сағат 16.00-де. мекен-жайы: СҚО, р-н. Мүсiрепов атындағы аудан, Шұқыркөл с. Школьная 20, к. Ескертулер немесе ұсыныстар мүдделi жұртшылықтың жоба бойынша құжаттаманы сұрауға болады эл. мекен-жайы: kazecoproect2012@mail.ru немесе тел.: 8 7162402567.

Ендi бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жерiне байланыстырмай-ақ рәсiмдеуге болады

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жобаны iске қосты. Бүгiннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақыны бiр облыс iшiнде тiркеуiне қарамастан ресiмдеуiне болады.

Естерiңiзге түсiре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы пилоттық жобаны iске қосқан болатын, оның шеңберiнде корпорация қызметкерлерi перзентхана ғимараттарында бiрден 4 бiрдей қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тiркеу, бала тууына және оны бiр жасқа дейiн күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк тәуекелдер жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: бiр жасқа толғанға дейiнгi уақытта бала күтiмiне байланысты кiрiсiнен айырылу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою. Бүгiнгi күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетiлетiн композиттiк қызметтер пилотын мемлекеттiк корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестiледi. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тiркелген жерiнен ғана өтiнiш берулерiне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелген болып, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшiн тiркелген жерi бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгiнуiне тура келетiн. Бiз бұл мәселенi шештiк және бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындауға өтiнiш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмiн әзiрледiк. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс iшiнде ғана жұмыс iстейтiн болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша iске қосуды жоспарлап отырмыз», — дедi Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтiң айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсiмдеу үшiн эксаумақтық қағидатты енгiзу — мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетудiң кезектi қадамы, себебi, бұл 4 бiрдей қызметтi алу үшiн қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  — бұл  — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлiк және оның көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәлiктiң көшiрмесiн бермейдi), баланың тууы туралы медициналық куәлiк (перзентханада берiледi), барлық балалардың тууы туралы куәлiктерi немесе ахуалдық жазбалардың көшiрмесi, банктiк шоттың нөмiрi жайлы құжат.

Пилоттық жобаны iске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендiгiн айта кету керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру туралы

«Бизнес жол картасы 2020» және «Өнiмдi жұмыстылық және бұқаралық кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламалары шеңберiнде субсидия, кепiлдiк беру, грант алу, өндiрiстiк инфрақұрылым дамыту, сонымен бiрге кiшiгiрiм кредиттеу түрiнде көрсетiлетiн шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне мемлекеттiк қолдау көрсетiледi. Қажет құжаттар туралы консультацияны алу үшiн аудандық әкiмдiктiң кәсiпкерлiк бөлiмiне жүгiнуге болады.

Осыған орай тiркелусiз кәсiпкерлiк қызметiмен айналысатын тұлғаларға сәйкес органдарда мiндеттi тiркелу процедурасын өтудi ұсынамыз (жеке кәсiпкерлер тiркелудi мемлекеттiк кiрiстер органдарында, ал заңды тұлғалар әдiлет органдарында өтедi).

Сонымен бiрге қазiргi уақытта мемлекеттiк кiрiстер органдарын кәсiпкерлiк қызметiнiң басталуы туралы хабарлауы (хабарламаны қоса өтiнiм жазылады) жеткiлiктi болтанын атап өту қажет.

Бүгiнде Қазақстанның барлық өңiрiнде мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру (бұдан әрi — МӘМС) жүйесiнiң басты қағидаттарын түсiндiру жөнiндегi кең ауқымды акция бастау алды. Қазақстанда мемлекеттiң, жұмыс берушi мен әрбiр адамның тату-тәттi жауапкершiлiгiне негiзделген алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибенi ескере отыра әзiрленген медициналық сақтандыру жүйесi енгiзiлетiн болады. Бұл ретте мемлекет экономикалық тұрғыдан белсендi емес халық үшiн жарна салуды жүзеге асыратын болады. Жұмыс берушiлер — жалдамалы жұмысшылар үшiн. Салық органдарында тiркелген қызметкерлер мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар — өзi үшiн.

Мемлекет азаматтарды тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемiмен (бұдан әрi — ТМККК) қамтамасыз ету құқығын сақтап қалып отыр: әлеуметтiк маңызы бар аурулар, шұғыл жағдайлар, жедел медициналық көмек, санитарлық авиация және вакцинация кезiнде медициналық көмек көрсету.

Жұмыс берушiлер мен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына (бұдан әрi — ӘМСҚ) аударымдарды жүзеге асыра бастайды.

МӘМС аясында көрсетiлетiн медициналық көмек көлемi ӘМС қорына аударылатын жарна сомасына тәуелдi болмайтынын атап өткен жөн. Тек аталған аударымдар тұрақты жүргiзiлуi тиiс.

«Прокурордың 100 кеңесi»

Қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртiптi нығайтудың маңызды шарты азаматтардың құқықтық мәдениетiн арттыру болып табылады.

Осыған байланысты, азаматтардың құқықтық санасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасымен қадағалау қызметiнiң материалдары негiзiнде «Прокурордың 100 кеңесi» анықтамасы әзiрлендi.

Аталған жинақта заң тұрғысынан күнделiктi өмiрде туындайтын сұрақтарға жауаптар берiледi.

Тұрғындар бұл жинаққа екi тiлде Бас прокуратураның сайтында (http://prokuror.gov.kz/kaz/advice), 115.kz порталында және смартфондарға арналған тегiн мобильдi қосымша арқылы (iOS және Android платформаларындағы) қол жеткiзе алады.

Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан прокуратурасы

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлiк және жер кадастры саласы бойынша көрсетiлген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес берiлiп, қызмет көрсетiлген. «Бүгiнде бiз мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкiндiктерiн қолданудамыз. Осылайша, әрбiр бөлiмде азаматтар өз бетiнше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегiне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзiне қызмет көрсету секторлары жұмыс iстеуде. Ол үшiн оларға осы жерде, яғни мемелекеттiк корпорацияның ғимаратында берiлетiн электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлiгi, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақ Қазақстанда көлiктi қайта ресiмдеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi көрсетiлетiн, автокөлiк иелерiне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстеуде. Жыл басынан берi мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлiк қайта тiркелген, ал жүргiзушi куәлiктерiн 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерi жоқ шалғай елдi мекендерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елдi мекендердегi тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, бiздiң қызметкерлер қажеттi жабдықтармен оларға өздерi баруда. Шығу кестесi тоқсан сайын аудандық әкiмшiлiкпен бiрлесiп құрылып, жергiлiктi БАҚ-та жарияланып отырады», -деп қосты ол. Жыл басынан берi мобильдiк ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естерiңiзге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiр айында құрылған, оның құрамына 4 РМК — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiрдi. Қазiргi кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс iстеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттiк корпорацияның 530 мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлығы 362 фронт-офисi жұмыс iстейдi. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.

Хабарландыру

2016 жылғы 13 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетi төрағасының орынбасары Нұрқан Олжабайұлы Сәдуақасов азаматтарды қабылдау өткiзедi.

Қабылдау уақыты сағат 12.00-де.

Қабылдауға жазылуға тiлек бiлдiрушiлер 21-1-77 телефоны арқылы байланыса алады.

Телефон «110 шұғыл желiсi»

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Терроризмге қарсы комиссиясы Қазақстан Республикасының барлық аумағында террористiк қауiптерге байланысты хабарламаларды қабылдау үшiн «110» бiрыңғай үш санды нөмiрi iске қосылғанын хабарлайды.

Егер де сiзге жоспарланып жатқан террорлық акт қаупi белгiлi болған жағдайда, радикалды көзқарастағы тұлғалар тарапынан иландыру, қатарларына тарту қадамдары орын алса немесе өзге адамдарға аталған әрекеттер жасалып жатқанына куәгер болсаңыз, сонымен қатар кiмде-кiм терроризм мен дiни экстремизмдi насихаттайтын әдебиет пен ақпарат таратқаны туралы хабардар болсаңыз, шұғыл түрде «110» нөмiрiне қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Азаматтардың Қазақстанның әр нүктесiнен «110» нөмiрiне қоңырауларды жүзеге асырғанда қоңырау аумақтылық сипатқа байланысты ҰҚК департаменттерiнiң кезекшi қызметтерiне түседi.

Әлемдегi басты құндылық

Отбасы және отбасылық құндылықтар — бұл кез келген адамның өмiрi бастау алатын ең маңызды iргетас болып табылады. Отбасы — бұл үй, әкем мен анам, жақын адамдарым. Бұл ортақ қамқорлық, қуаныш және iс. Махаббат пен бақыт.

Отбасы құру адамның өте маңызды жауапты iсi. Ерлi-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас неғұрлым жақсы болса, балаларды тәрбиелеу соғұрлым оңай болады. Ата-ана тәрбиесi, бұл ең алдымен, баламен кез-келген жаста тұрақты және берiк психологиялық қарым-қатынас жасау бойынша үлкен жұмыс жүргiзу. Атақты педагог В.А.Сухомлинский: — «Су тамшысындағы күн қалай көрiнсе, ана мен әкенiң адамгершiлiк тазалығы балаларда да солай көрiнедi» деп жазған болатын.

Аға ұрпақтың кiшiге идеялық тәжiрибесiн беруде салт-дәстүр басты орын алады (балалардың оқу жылының басталуы және аяқталуы; кәмелетке толған күндер; құжаттарды алу және т. б.). Әр адамның өзiн жақсы көретiн, әлпештейтiн отбасы болуы тиiс. Бұл бiздiң әлемiмiздiң басты құндылығы. Жақын адамдарынсыз адамның өмiрi толыққанды болмайды. Өйткенi өмiрiмiздiң қиын сәттерiнде қол ұшын беретiн отбасы. Бiздiң басты құндылығымыз — бұл ата-аналарымыз. Олар бiзге өмiр сыйлады, мәпелеп өсiредi, қамқорлық көрсетедi. Олардың қамқорлығының арқасында бiз өсiп тұлғаға айналдық. Бiз барлығымыз сүйiктi және қымбатты ата-аналарымызға қарыздармыз.

Балаларыңыздың өздерiңiзге елiктеу үшiн үлгi бола бiлiңiз. Мәселелердi шешу бойынша дағдыларыңызды, бiрлескен жұмысты, қарым-қатынасты үйретiңiз. Барлық материалдық игiлiктер отбасы құндылықтарына теңесе алмайды, өйткенi ол шын мәнiнде баға жетпес!

Аудан әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқытық
жұмыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң азаматтық
хал актiлерiн тiркеу және мұрағат жөнiндегi бас маманы
Д. Караченкова

Мәслихат сессиясы туралы хабарландыру

2016 жылғы 22 шiлдеде сағат 10:00-де Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмi аппаратының үлкен мәжiлiс залында аудан мәслихатының IV кезектi сессиясының отырысы өтедi.

Күн тәртiбi:

  1. Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның 2016 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындысы туралы.
  2. Әр түрлi.

Аудан мәслихатының депутаттары, ауылдық округ әкiмдерi және ауданның мемлекеттiк мекемелерiнiң шақырылады.

Су айдынында абай болыңыздар!

Су қоймаларында азаматтар өлiмiнiң негiзгi себептерi мыналар:

  • шомылу мен демалу қауiптi және құтқару құралдарысыз жабдықталмаған орындарда, мас күйiнде суға шомылу;
  • құтқару құралдарысыз шағын көлемдi кемелерде балық аулау;
  • балаларды қараусыз қалдыру;
  • су айдындарында өрескел мiнез-құлық қағидаларын бұзу.

Көбiнесе демалу, шомылу және өзендер мен көлдерде балық аулау кезiнде адамдарда жеке құтқару құралдарының, яғни атап айтсақ — құтқару кеудешелерi, құтқару шеңберлерi және т.б. құралдардың жоқтығы төтенше жағдайға алып келедi. Жасыратыны жоқ, су қоймаларында азаматтардың мас күйiнде (кейде қатты) жиi кездестiруге болады. Үстiмiзде атап өткеннiң барлығы «Мiндеттi азаматтардың су айдындарындағы қауiпсiздiгiнiң ережелерiне» сәйкес және әдеттегi дұрыс пiкiрлi адам тұрғысынан үзiлдi-кесiлдi жол берiлмейдi.

Бұл мәселеге байланысты ауданымыздың тұрғындары мен қонақтары назар аударса деймiз. Қауiпсiздiк ережелерiн сақтаңыздар, суда шомылу кезiнде әрқашан өзiңiзбен бiрге жеке қарапайым құтқару құралдарын (үрлемелi салдар, матрастар, балалар мен ересектер құтқару кеудешелерi) ұстаңыздар, олар қазiр дүкен сөрелерiнде толып жатыр ғой. Алыс тереңдiкке жүзiп бармаңыздар, егер сiз iшiмдiк шiп алсаңыздар шомылуды шектеңiз. Сiзге таныс емес жерлерде шомылмаңыздар. Әсiресе ата-аналардың назарына, ересектердiң бақылауынсыз су қоймаларына балалардың шығуына жол бермеңiздер. Балықшылардың назарына — құтқару құралдарынсыз су қоймасына шықпаңыздар, сондай-ақ мас күйiнде бармаңыз! Құрметтi азаматтар, абай болыңыздар, су айдындарында қауiпсiздiк шараларын сақтаңыздар, сонда қайғы қасiрет сiздi айналып өтедi.

Е. Аменкин
СҚО ТЖД Ғабит Мүсiрепов
атындағы ауданның ТЖБ-нiң инженерi,
азаматтық қорғау лейтенантi
17.06.2016

Ауданының елдi мекендерiнiн тұрғындарына!

ҚР 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» № 532-IV Заңының 19-бабы 1-тармағына сәйкес газ тұтынушы жүйелер және газ жабдықтары иелерi олардың тиiстi техникалық жағдайын және қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Сонымен қатар, «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңының 19-бабы 4-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын пайдаланатын коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар оларға тиесiлi газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын бөлшек өткiзудi жүзеге асыратын газжелiлiк ұйымдар немесе газ толтырушы пункт иесiмен шарт жасауға мiндеттi.

Одан басқа, осы Заңның 19-бабы 5-тармағына сәйкес коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушыларға газ тұтынушы жүйелер және газ жабдықтарын техникалық қызмет көрсетуге шарт жасамай пайдалануға тыйым салынады.

Жоғарыда айтылғандар негiзiнде, газ жабдықтарын және газбен жабдықтау жүйесi объектерiн қауiпсiз пайдалану талаптарын қаматамасыз ету мақсатында барлық коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушыларды газжелiлiк ұйымдар немесе газ толтырушы пункт иесiмен жоғарыда көрсетiлген шарттарды жасасуды сұраймыз.

Жоғарыда көрсетiлген газ пайдалану, газбан жабдықтау жүйесi объектерiн қауiпсiз пайдалану бойынша нормаларды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнiң 306-бабы 1-тармағымен әкiмшiлiк жауапкершiлiк қарастырылған.

Сiздi қызықтыратын мәселелер бойынша қосымша ақпаратты 22-4-67 телефоны бойынша ала аласыз.

Террористiк актiлердi болдырмау жөнiндегi халыққа арналған жадынама

Мұқият болыңыздар! Үйiңiздiң кiреберiсiндегi, аулаларыңыздағы, көшедегi бөгде заттар мен адамдарды дер кезiнде өздерiңiз ғана байқай аласыздар.

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүрiс-тұрысына, орынсыз жатқан иесiз мүлiктер мен заттарға көңiл аударыңыздар.

Үйлерiңiздiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етiңiздер: кiреберiсте домофонымен темiр есiк орнатыңыздар, жертөлелер, үй шатырлары және техникалық ғимарат есiктерiнiң ашық — жабықтығын тексерiңiздер.

Көлiктегi жолаушының күдiктi жүрiс-тұрысын көрiп тұрып, байқамаған сыңай танытпаңыздар! Сiздер көлiкпен жүру қауiпсiздiгiн сақтауға толық құқыларыңыз бар.

Ешқашан, тiптi, өте қауiпсiз болса да, қандай да бiр сақтау немесе басқа бiреуге беру үшiн бiреудiң қолынан зат алмаңыздар.

Адамдар аз (иесiз) жерде күдiк тудыратын затты тауып алу сiздiң сақтығыңызды әлсiретуге тиiс емес. Қаскөй адам оны бiр нәрседен, бiреуден қорыққандықтан тастай қашуы мүмкiн.

Тiптi, сiздiң жарылғыш құрылғыларын бiлетiн жеке тәжiрибеңiз болса да, онымен бiр нәрсе жасауға тырыспаңыз. Өздiгiнен жарылғыштар өте сезiмтал және әккi болып келедi.

Күдiк тудыратын затқа жақындамаңыздар, тiптi қол тигiзбеңiздер, бұл — өмiрлерiңiзге өте қауiптi.

Балаларыңызға қауiпсiздiк шараларын: бейтаныс адаммен көшеде сөйлесуге, үйде есiк ашуға, жерде жатқан иесiз ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмайтынын және т.б. үйретiңiздер.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда халыққа арналған жаднама

Терроризм актiлерiн дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгiлерi:

  1. сiз жұмыс iстейтiн немесе үйдiң ауласында, ғимарат айналасында (жиi баратын жерiңiздi) күдiктi тұлғалардың бiрнеше рет көрiнуi, фото және бейне түсiрме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;
  2. құқық қорғау орган қызметкерлерiмен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттерi (басын түсiру, бұрылып кету, бетiн жабу);
  3. жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кiруi;
  4. тұрғын және әкiмшiлiк ғимараттарға қызмет көрсететiн персоналдар және күзетушiлермен бейтаныс адамдардың негiзсiз байланысқа түсуi, олардан жұмыс тәртiбi, қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнiнде мәлiметтердi жинақтау;
  5. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйiншек, посылка берiп жiберу) iрi сыйақыға орындайтын тұлғаларды iздеуi.

Күдiктi тұлғаларды байқаған жағдайда келесi iс-қимылды орындау қажет:

  1. Ұстауға өздiгiмен әрекет қабылдамау;
  2. Олар жөнiнде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
  3. Өзiңiз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгiлерiн, киiмдерiн және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлiк номерiн және маркасын, қозғалыс бағытын белгiлеп алу.

Күдiктi зат тауып алған кездегi тұрғындарға арналған жаднама

Бiлiңiздер: заттардың сыртқы көрiнiсi оның расында неге арналғанын жасыруы мүмкiн. Жарылғыш заттар үшiн камуфляж есебiнде әдеттегi тұрмыстық заттар қолданылады: сумка, пакет, түйiншек, қорап, ойыншық және т.б.

Табылған заттардың жарылу қаупiн куәландыратын, белгiлерi:

  1. көлiк маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындарда белгiсiз түйiншектiң немесе басқада бiр заттардың болуы;
  2. бөтен сумка, портфель, қорап, басқада заттың: кiреберiсте, пәтер есiгiнiң, көлiктiң маңында өзгеше орналасуы;
  3. табылған күдiктi заттан шудың шығуы (сағат механизмiне, жиiлiгi төмен дыбысқа тән).

Егер де сiз күдiк тудыратын зат тауып алсаңыз, ол фактiнi назардан тыс қалдырмаңыз:

1) қоғамдық көлiкте:

  • заттың (сөмкенiң және т.б.) кiмдiкi екенiн немесе кiм қалдырып кетуi мүмкiн екенiн қасыңыздағы адамдардан сұраңыз;
  • егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу жүргiзушiге немесе кондукторға хабарлаңыз.

2) үйiңiздiң кiре берiсiнде:

  • көршiлерден сұраңыз, мүмкiн ол зат соларға тиесiлi шығар. Егер иесi анықталмаса, табылған зат туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112).

3) көшеде, саябақта және т. б.:

  • айналаңызға қараңыз, егер мүмкiндiк болса, заттың иесiн анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);
  • затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан затқа бөтендердi жiбермеуге тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерi келген бойда зат табылған уақыт туралы ақпарат берiңiз.

4) мекемелерде, ұйымдарда:

  • тауып алған зат туралы объект күзетшiсiне немесе әкiмшiлiгiне дереу хабарлаңыз.

Табылған затпен немесе күдiк тудыратын заттармен жеке iс-қимыл жасауға тырыспаңыз, олар жарылғыш құрылғылар болуы мүмкiн, бұл жарылысқа, көптеген құрбандыққа, қирауға әкелуi мүмкiн.

Үзiлдi-кесiлдi тыйым салынады:

  • табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, бiр жерден екiншi жерге апаруға, қолға алуға;
  • табылған затты қалтаға, портфельге, сөмкеге салуға және т.б.;
  • жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға;
  • заттардан шығып тұрған сым темiрлердi немесе сымдарды үзiп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға тырысуға;
  • табылған заңсыз затты пайдалануға;
  • оған жақын аралықта радио- және электрлi-аппараттарын, ұялы телефондарды пайдалануға;

Жарылғыш құрылғылардың iске қосылуы нәтижесiнде жарылыс аймағында немесе ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң арасында қалған тұрғындарға арналған жаднама

Егер сiз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бiрiншi кезекте түтiн мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиiссiз.

Егер сiз жарылыс кезiнде зардап шекпесеңiз, ал қасыңызда зардап шеккен адамдар болса, олардың жан-күйлерiн бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есiн жоғалтқан жоқ па? Ешқашан оның есiн мүсәтiр арқылы жиғызуға тырыспаңыз. Естен тану — бұл организмнiң сыртқы әсерден қорғануы. Егер зардап шеккен адамның сынған жерлерi болмаса (оның сүйектерiн мұқият басып көрiңiз), оны қырынан жатқызыңыз. Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетiнен жатса тұншығып қалуы мүмкiн. Күре тамырдан қан кеткен (алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары жағынан жiппен, белбеумен, баумен, белдiкпен таңу керек.

Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерi арасында қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бiрқалыпты тыныс алыңыз. Өзiңiздi құтқаратынына иландырыңыз. Дауыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың назарын аударыңыз. Егер сiз ғимараттың қираған үйiндiлерiнiң түбiнде қалсаңыз, сiздi жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы тауып алу үшiн кез келген металл затты (сақина, кiлт және т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз.

Егер бекiтулi кеңiстiкте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз. Оттегiн сақтаңыз.

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға тырысып, абайлап жылжыңыз, сырттан соққан ауаның қозғалысы бойынша бағдар ұстаңыз. Егер мүмкiндiгiңiз болса, қолға ұстауға келетiн заттардың (тақтайлар, кiрпiштер және т.б.) көмегiмен төбенi бекiтiңiз, содан соң көмек күтiңiз. Қатты шөл қысқан кезде кiшкентай тасты аузыңызға салып, сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.

Адамдарды кепiлге алған жағдайдағы iс-қимылдар бойынша тұрғындарға арналған жаднама

Адамдарды кепiлге алудың әрбiр нақты жағдайы өзгеше және басқалардан ерекшеленедi.

Сонымен қатар егер сiз кепiлге алынсаңыз:

  1. өз-өзiңiзге мүмкiндiгiнше жылдам келiңiз, тынышталыңыз және үрейленбеңiз;
  2. егер өзiңiздi байлап немесе көзiңiздi жапса, бойыңызды еркiн ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  3. болуы мүмкiн қатаң сынаққа жеке адами, моральдық және эмоционалды тұрғыда дайын болыңыз. Осы ретте адамдарды ұстаудың көптеген жағдайларында кепiлге алынғандардың тiрi қалғандығын есте сақтаңыз. Сiздi босату үшiн құқық қорғау және арнайы органдары кәсiби шаралар қолданып жатқанына сенiңiз;
  4. егер қашып кете алатыныңызға толық сенiмдi болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;
  5. террористер туралы мүмкiндiгiнше көбiрек ақпаратты есте сақтаңыздар. Олардың санын, қарулану дәрежесiн мақсатқа сай белгiлеу, дене бiтiмiне, сөйлеу акцентi мен тақырыбына, темпераментiне, өзiн ұстау мәнерiне және т.б. сыртқы пiшiнiн сипаттайтын ерекшелiктерге көңiл аудара отырып, барынша толық кескiнiн жасау. Жан-жақты ақпараттың соңынан террористердiң жеке бастарын анықтауда көмегi тиедi;
  6. әр түрлi белгiлер бойынша өзiңiз отырған (қамалған) орынды анықтауға тырысыңыз;
  7. мүмкiндiгiнше терезелерден, есiктерден және адам ұрлаушылардың өздерiнен алысырақ, яғни құқық қорғау органдары белсендi шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға шабуыл, мергендердiң қылмыскерлердi көздеп атуы және т.б.) неғұрлым қауiпсiз жерге орналасыңыз;
  8. ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңiзге қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;
  9. егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сiзбен әдепкiде (Сiздiң жеке басыңызды анықтағанға дейiн) ықтимал қылмыскер ретiнде бiрқатар дөрекi iс-әрекетке барса, ашуланбаңыз. Сiздi тiнтуi, қолыңызға кiсен салуы, байлауы, эмоционалдық немесе жеке басыңызға жарақат жасауы, тергеуге алуы мүмкiн. Бұл тәрiздi жағдайларға түсiнiстiкпен қараңыз, шабуылдаушылардың мұндай әрекеттерi (барлық адамды түпкiлiктi сәйкестендiргенге және шынайы қылмыскерлердi анықтағанға дейiн) дәлелденген.

Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

  1. агрессивтi қарсылық көрсетпеңiз, шалт және қауiп төндiретiн қимыл жасамаңыз, террористердi өздерi ойластырмаған iс-әрекеттерге итермелемеңiз;
  2. мүмкiндiгiнше адам ұрлаушылармен тiкелей көзбен арбасатын байланыстан қашыңыз;
  3. бастапқыдан-ақ (әсiресе, бiрiншi жарты сағатта) адам ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкiмiн орындаңыз;
  4. пассивтi ынтымақтастық позициясын ұстаныңыз. Сабырлы дауыспен сөйлесiңiз. Басып алушылардың ашу-ызасын тудыруы мүмкiн дұшпандық рең мен iс-қимылға шақыратын жек көрушiлiк сезiмiн бiлдiруден қашыңыз;
  5. өзiңiздi сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды сақтаңыз. Үзiлдi-кесiлдi қарсылық жасамаңыз, бiрақ өзiңiзге өте қажеттi жағдайда сабырмен өтiнiш жасаудан қорықпаңыз;
  6. аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкiн денсаулық кiнәратыңыз болса, бұл туралы өзiңiздi ұстап отырған адамдарға сабырлы түрде жеткiзiңiз. Қалыптасқан жағдайларды ескере отырып, бiртiндеп өзiңiздiң жай-күйiңiздi жақсартуға байланысты өтiнiштер деңгейiн арттыруға болады.

Кепiлдiк жағдайында ұзақ болған кезде:

  1. уайым, абыржу және асып-сасу сезiмiнiң орын алуына жол бермеңiз. Алдағы сынақтарға өзiңiздi ойша дайындаңыз. Ақыл-ой белсендiлiгiн сақтаңыз;
  2. ашыну сезiмiнiң пайда болуынан қашыңыз, ол үшiн өз-өзiңiздi сендiрудiң iшкi ресурстарын пайдаланыңыз;
  3. жағымды нәрселер туралы ойлаңыз және сондай жағдайларды еске түсiрiңiз. Уақыт өткен сайын сiздi босату мүмкiндiктерiнiң арта түскенiн ойлаңыз. Сiздi дәл қазiр босату үшiн барлық мүмкiндiктердiң жасалып жатқандығына сенiңiз.
  4. өзiңiзге тұрақты айналысатын бiр iс (дене жаттығулары, кiтап оқу, өмiр туралы естелiктер және т.б.) табыңыз. Дене және интеллектуалдық iс-қимылдың тәулiктiк кестесiн белгiлеңiз, оларды қатаң әдiстемелiк тәртiппен орындаңыз;
  5. күшiңiздi сақтау үшiн, тiптi ұнамаса және тәбетiңiздi ашпаса да берген тағамның бәрiн жеңiз. Осындай қысылтаяң жағдайда тәбетiңiз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз.

Психологиялық орнықтылықты сақтау кепiлдегi адамды құтқарудың маңызды шарттарының бiрi. Мұнда ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға мүмкiндiк беретiн жағымсыз әсерлер мен күйзелiстерден оқшаулайтын кез келген амал-әдiстер тиiмдi. Келесi ережелердi ұғып алған пайдалы:

  1. аталған жағдайларда қолайлы дене шынықтыру жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегi барлық бұлшық еттердi кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;
  2. барлық жағдайларда аутотренинг пен медитацияны қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға көмектеседi;
  3. iшiңiзден оқыған кiтаптарыңызды, өлеңдерiңiздi, әндерiңiздi есiңiзге түсiрiңiз, жүйелi түрде әр түрлi дерексiз проблемаларды (математикалық есептердi шығарыңыз, шетел сөздерiн есiңiзге түсiрiңiз және т.б.) ойлап алыңыз. Сiздiң ақыл-ойыңыз жұмыс iстеуi керек.
  4. егер мүмкiндiк боласа, қолыңызға түскеннiң бәрiн, тiптi оның мәтiнi сiзге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, жазуыңызға да болады. Ақыл-естi сақтауға көмектесетiн осы үдерiстiң өзi маңызды.
  5. Болып жатқан жағдайларды жүрегiңiзге жақын алмай, сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейiн iстiң сәттi аяқталатынына сенiңiз. Қорқыныш, торығу мен селқостық — бұл үшеуi сiздiң негiзгi жауыңыз, оның бәрi — өз iшiңiзде жатыр.

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегi тұрғындардың iс-қимылдары жөнiндегi жаднама

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiрудi бастау туралы ақпаратты үйiңiзде естiсеңiз:

  1. ауа-райына қарай киiнiңiз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрдi, газды, суды ажыратыңыз, пештегi (алау ошақтағы (камин) отты сөндiрiңiз;
  3. көшу кезiнде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетiңiз;
  4. кiреберiс есiктi құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiрушiнiң командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейiн ғана қайта оралыңыз.

Егер сiз қауiпсiз жерге көшiру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естiсеңiз:

  1. асықпай және дүрлiкпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кiлтпен жабылатын үстел жәшiктерiне жинаңыз;
  2. өзiңiзбен бiрге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндiрiңiз;
  4. есiктi кiлттеп жабыңыз және көшiру тәсiлiнде белгiленген бағытпен жүрiңiз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшiру басшысының командасын орындаңыз.

Хабарландыру

Құрметтi азаматтар!

2016 жылғы 20 наурызда аудан тұрғындарының Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының және барлық деңгейдегi мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларына дауыс беруге қатысуға азаматтық құқықтарын iске асыру үшiн азаматтардың кеңiнен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету аясында Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппаратында ағымдағы 1 наурыздан бастап операторы Буйских Илья Владимирович — 8 (71535) 21-227, операторы Қисықова Айнагүл Амантайқызы — 8 (71535) 21-324 телефондарымен Call-center анықтамалық қызметi жұмысын бастайды, ол арқылы әрбiр азамат сайлаушылар тiзiмiнен өзiн және отбасы мүшелерiн табу, сайлау учаскесiнiң нөмiрi және дауыс беру орны туралы ақпарат алып тексере алады.

2016 жылға жәрдем ақылауға қатысу үшiн өтiнiмдерi қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

«Казахстанская правда» республикалық газетiндегi 2014 жылғы 30 желтоқсанда шыққан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министiрлiгiнiң 2014 жылғы 19 қарашанын № 3-1/600 «Асыл тұкымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» бұйрығы негiзiнде, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлiгiнiң 2015 жылғы 20 шiлдедегi № 3-1/671«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы, «Солтүстiк Қазақстан облысы ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ауыл шаруашылығы бөлiмi» ММ жәрдем ақылауға өтiнiмдер қабылдаудың бастаулы туралы хабарлайды.

8(71535)21494, 22326 телефондары бойынша анықтамалар.

«Агрофирма «Приишимский» ЖШС Разгульное селосы, СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы мекенжайы бойынша орналасқан 6000 тонна ортақ көлемдi мәдениеттердi астықтың тиеуiн құрғату және қабылдау, алдын-ала тазарту, сақтау, үшiн астық қоймасы құрылыс жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды өткiзу туралы хабарлайды. Тыңдаулар Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы Разгульный ауылы «Агрофирма «Приишимский» ЖШС кеңсесi, 2015 жылдың 20 қыркүйек айында сағат 10.00 өтедi. Тел. 8 (71535) 54731. Ұсыныстар мен ескертулердi осы е-mail жiберулерiңiзге болады agro-priihimsk@mail.ru.

«Баксинское MZM» ЖШС «Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Баксинское кен орнында мыс мен алтын барлау жүргiзуiне келiсiм-шартқа iздеу жұмыстарын жобасы» Қосымшаға «Қоршаған ортаға әсердi бағалау» (бұдан әрi — ҚОӘБ) жобасы бойынша тыңдаулар өткiзуiн жариялайды. Тыңдаулар өткiзуi 2015 жылы 2 қырқүйекте сағат 15.00 СҚО, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Рузаевка ауылы, Рузаев көшесi, 123 үй Рузаев ауылдық округiнiң әкiмдiк ғимаратында өткiзiледi. Қоғамдар өкiлдерi таныстыра алатын материалдар kamshat.2010@mail.ru эл. мекен-жайы бойынша сұрауға болады. Тел. 8(7142)390293

Ұсыныстар мен ескертулер kamshat.2010@mail.ru, тел. 8(7142)390293

«Баксинское MZM» ЖШС директоры А.Ю. Салин

2015 жылғы шiлдедегi жиында аудан тұрғындарымен көтерiлген мәселелер бойынша «Қазақтелеком» АҚ ақпараты

2015 жылғы шiлдеде жиындар өткiзу кезiнде Володарское а., Урожайное а., Жаркөл а. тұрғындарынан «Қазпошта» АҚ арқылы телефон және интернет төлемi туралы интернеттi пайдаланғаны үшiн төлемақы мәселесiн ретке келтiру өтiнiшiмен сұрақ келiп түстi (түбiртек бойынша 15 дейiн пошта бөлiмшелерi арқылы төлем жүргiзiледi, алайда интернет төленбеген деп өшiрiледi).

Аудан әкiмiнiң аппаратымен тұрғындар көтерген өзектi мәселе және оны шешу жөнiнде «Қазақтелеком» АҚ, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалдарының басшыларына хат жолданды, оған облыстық «Қазақтелеком» АҚ жауап келiп түстi.

«Қазақтелеком» АҚ филиалы — Солтүстiк Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы (бұдан әрi СҚ ОТД) Ғ.Мүсiрепов атындағы аудан тұрғындарына телекоммуникация қызметтерiн төлеу және түбiртектердi жеткiзу мәселесi жөнiнде келесiнi хабарлайды.

2014 ж. 04.02. «Казпочта» АҚ құрылымдық бөлiмшелерiнде «Қазақтелеком» АҚ абоненттерiнен төлемақы қабылдау жөнiндегi шарт негiзiнде «Казпошта» АҚ СҚОФ ауылдық елдi мекен пункттерiнде телекоммуникация қызметтерi үшiн төлемақы қабылдау жүзеге асырылады.

Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның Володарское а. тұрғыны А.П. Соловьевтың мысалында «Казпошта» АҚ 5 931 теңге мөлшерiндегi сома «Қазақтелеком» АҚ абонентiнiң шотына 2015 ж. 25.06. түскен. Телекоммуникация қызметтерi мерзiмi өткен дебиторлық берешек үшiн 25 күнi автоматты тәртiпте тоқтатылған, осы кезде абонент төлемдi нақты «Казпошта» АҚ СҚОФ бөлiмшесi арқылы 2015 ж. 17.06. төлеген.

Осындай жағдайларды реттеу және төлемдердiң қабылдануы мен шоттардың жеткiзiлуi жөнiндегi проблемалық мәселелердi шешу үшiн 2015 жылдың маусымында СҚ ОТД және «Казпошта» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы басшылары бiрлескен кездесуi өткiзiлдi. Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан тұрғындарының өтiнiшi бойынша Дирекцияның хатына «Казпошта» АҚ СҚОФ жауап алынды (2015.28.07. №28-07/13079), онда барлық аудандық пошта байланысы тораптарына «Қазақтелеком» АҚ пайдасына төлемдердiң дер кезiнде түсуiн қамтамасыз ету қажеттiгi туралы ақпараттық хабарлама жiберiлгенi айтылған.

«Казпошта» АҚ СҚОФ 5 931 теңге мөлшерiндегi сома 2015 ж. 27.06. «Қазақтелеком» АҚ абонентiнiң шотына түскен. А.П.Соловьевқа мерзiмi өткен дебиторлық берешек үшiн телекоммуникация қызметтерi 25 күнi автоматты түрде тоқтатылған.

«Казпошта» АҚ СҚОФ 2015 ж. 28.07. № 28-07/13079 хатына сәйкес пошта байланысының барлық аудандық тораптарына «Қазақтелеком» АҚ пайдасына төлемақы дер кезiнде түсуiн қамтамасыз ету қажеттiгi туралы ақпараттық хабарлама жолданды.

Осындай жағдайларды болдырмау мақсатында абоненттерге берешек бойынша егжей-тегжейлi ақпарат алу жолдары туралы қосымша хабарлаймыз:

  • тұтынушыларды ақпараттық қолдау қызметiнiң автоматты түрде ақпараттандыру қызметiне «195» телефоны арқылы (7152 ХХ ХХ ХХ пiшiмiндегi өз телефон нөмiрiңiздi енгiзу қажет);
  • «Анықтамалық парақты e-mail арқылы жеткiзу» қызметiн қосқан кезде дербес шот бойынша шот-хабарлама және анықтамалық парақ бойынша (қызмет тегiн);
  • http://www.idport.kz корпоративтiк порталдың жеке кабинет құралы арқылы (абоненттер таңдап алынған айға анықтамалық парақпен қоса берешек сомасы мен дербес шот жағдайы, есептелген төлемақы туралы қажет егжей-тегжейлi ақпарат алады, қызметтердi басқарып, комиссиялық алымсыз банкiнiң төлем картасы арқылы төлем жүргiзуге болады);
  • абоненттiң-иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат болған жағдайда «Қазақтелеком» АҚ сервис желiсi пункттерiнде алуға болады.

Қосымша хабарлаймыз, қазiргi телекоммуникация қызметтерiн кезде нақты уақыт тәртiбiнде және комиссия алымынсыз құралдар арқылы төлеуге мүмкiндiктер бар:

  • «Төлем» бiрыңғай төлем картасы, оны «Қазақтелеком» АҚ сервис желiсi пункттерiнен сатып алуға болады;
  • екiншi деңгейлi банктер төлем карталарының көмегiмен www.telecom.kz және www.idport.kz веб порталдары.

Сонымен қатар телекоммуникация қызметтерiн төлеудiң балама әдiстерi бойынша мынадай ақпаратты ұсынамыз:

  1. Қазақстан Республикасының электрондық үкiметi www.egov.kz. веб порталы
  2. Еуразиялық банк www.egov.kz. Казкоммерцбанк www.homebank.kz, КаспийБанк www.kaspi.kz. интернет-банкингiсi.
  3. Екiншi деңгейлi банктердiң төлем терминалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлiмшелерi.
  4. Ақпараттық-төлем дүңгiршектерi.
  5. «Казпочта» АҚ пошта байланысының бөлiмшелерi.

Телекоммуникация қызметтерiн төлеу кезiнде абоненттер комиссиялық алым мөлшерiн нақтылауы қажет. Комиссиялық алым мөлшерi төлемақы қабылдау қызметтерiн жүзеге асыратын терминал иелерiмен және ұйымдармен өзгерiлуi мүмкiн.

«Қазақтелеком» АҚ негiзгi қызметiнiң ерекшелiгiн ескере отыра, компанияның қолданыстағы бизнес-қызметiнiң тiзiлiмiне төлемдер қабылдау енбейдi 1998 жылғы 09 шiлдедегi «Табиғи монополиялар және реттеу нарық туралы» Қазақстан Республикасы №272 Заңының 7 б.2-1 т. сәйкес тек табиғи монополиялар субъектiлерi «өз кассалары арқылы оның ұсынылатын коммуналдық қызметтерi (тауарлар, жұмыстар) үшiн тұтынушылардан төлемдердiң қабылдауын қамтамасыз ету» мiндеттi. Осыған байланысты осы қызмет аутсорсингке бөгде ұйымдарға берiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 26.06.2017 15:34

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2019 12:11

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+