Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мәдениет және тілдерді дамыту

2019 жылғы 1 тоқсанда Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет саласындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

Аудан желiсiнде 66 мәдениет объектiлерi жұмыс iстейдi: 29 клуб мекемелерi, оның iшiнде 5 мемлекеттiк (аудандық Мәдениет үйi, Рузаевка, Чистопол Мәдениет үйi, Шұқыркөл, Ялты бос уақыт орталығы), 24 жеке меншiк (16 клуб және шаруашылық субъектiлерiнiң есебiнен ұсталатын 8 демалыс орталығы) және 37 мемлекеттiк кiтапхана.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 10,0 млн. теңгеден астам қаражат бөлiндi.

2019 жылғы 1 тоқсанда ауданның клуб мекемелерiмен 1380 iс-шара өткiзiлiп, 35175 адамға қызмет көрсетiлдi.

Оқырмандар саны 8538 адам, келушiлер саны 62226, кiтап беру саны — 123415 дана.

2018 жылы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет саласындағы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

Жалпы аудан желiсiнде 66 мәдениет объектiлерi жұмыс iстейдi: 29 клуб мекемелерi, оның iшiнде 5 мемлекеттiк (аудандық Мәдениет үйi, Рузаев МҮ, Чистопольский МҮ, Шұқыркөл ОД, Ялты ДО), 24 жеке меншiк (16 клуб және ЖШС есебiнен ұсталатын 8 демалыс орталығы) және 37 мемлекеттiк кiтапхана.

2018 жылы ауданның клуб мекемелерi 5522 бұқаралық iс-шаралар өткiздi (концерттер, спектакльдер, шерулер, митингiлер, КВН, спартакиадалар және т.б.), 135065 адамға қызмет көрсетiлдi (2017 жылы тиiсiнше 5520 iс-шаралар, 134700 адамға қызмет көрсетiлдi). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 10,0 млн. теңге (костюмдерге 4,5 млн. теңге, сахнаға және трибунаға 3,4 млн. теңге, жаңа жылдық шыршаға 2,5 млн. теңге) бөлiндi.

29 клуб мекемелерiнде 58 шығармашылық ұжым жұмыс iстейдi (32 вокалдық, 22 би, 4 драмалық).

2018 жылы Новоишим а. аудандық мәдениет үйiнiң шатырын күрделi жөндеуге облыстық бюджеттен 19385,0 мың теңге бөлiндi.

Ауданда 66 елдi мекеннiң 34-i кiтапханалық қызмет көрсетумен қамтылған, онда 37 мемлекеттiк кiтапхана жұмыс iстейдi. Оқырмандар саны 17947 адамды құрады, жалпы сомасы 20012,0 млн. теңгеге 8216 дана кiтап түстi (2017 жылы оқырмандар саны 12850 адамды құрады, жалпы сомасы 11,0 млн. теңгеге 4436 дана кiтап түстi). Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 597,7 мың теңге бөлiндi (орындықтар — 331,3 мың теңге, шкаф — 134,5 мың теңге, процессор және қуат көзi 131,9 мың теңге).

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет саласының 2018 жылдың
1-жартыжылдығында әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

Жалпы аудан желiсiнде 66 мәдениет нысандары жұмыс iстейдi: 29 клубтық мекемелер оның iшiнде 5 мемлекеттiк (Аудандық МҮ, Рузаевка МҮ, Чистополье МҮ, Шұқыркөл МДО, Ялты МДО), 24 — жеке (16 клуб және 8 ойын сауық Орталықтарының есебiнен ұсталатын ЖШС) және 37 мемлекеттiк кiтапханалар.

29 клубтық мекемелерде 58 шығармашылық ұжымдар жұмыс iстейдi (32 вокалдық, 22 би, 4 драма).

2018 жылдың 1 жартыжылдығында мәдениет мекемелерiмен бiрге 2653 мәдени iс-шаралары өткiзiлдi.

Ауданымыздың 66 елдi мекендерде кiтапханалық қызметпен қамтылған — 34, және 37 мемлекеттiк кiтапханалар жұмыс iстейдi. Оқырмандар саны 12850 адам, жалпы 11,0 млн. теңгенi құраған 4436 кiтап данасы келiп түстi.

«Рухани қазына-2018» облыстық конкурстың нәтижесiнде, Ставрополка ауылдық округi «ауылдық маңызы бар үздiк клуб» номинациясымен 1-орын, «Үздiк ауылдық кiтапханашы» номинациясымен 1-орынды Воладар ауылдық кiтапханасының кiтапханашысы Вербовский Н.Ю., «Ауылдық маңызы бар үздiк клуб қызметкерi» номинациясымен 3-орынды Ставропол ауылдық клубының хореографы Рогова В.В. иелендi.

Вербовский Н.Ю. республикалық «Рухани қазына-2018» конкурсында Солтүстiк Қазақстан облысының намысын қорғап, Мәдениет және спорт министрiнiң Алғыс хатымен марапатталды.

Аудандық МҮ әдiскерлерi Г. Күлманова және М. Айткужин Республикалық «Мен қазақпын» мега-проектысының аймақтық турына қатысты.

2018 жылдың 1 наурызбен 1 мамыр аралығында барлық облыстар бойынша ұйымдастырылған «Мағжан елi — Қызылжар» ақындық оқу марафонының облыстық кезеңiнде №1 Новоишим орта мектебiнiң 9-сынып оқушысы Лопатина Ангелина үшiншi орынды иелендi.

Аудандық мәдениет үйiнiң «Форс» би ұжымы облыстық «Каблучок» би ұжымдары арасында өткiзiлген конкурста 3 орын алды.

Iс-шаралар қарсаңында, Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығына арналған «Жырымен жұртын оятқан» конкурсы өткiзiлдi, оған Мағжан Жұмабаевтың 25 оқырманы, соның iшiнде ересектер, кiшi және жоғары мектеп оқушылары, сонымен қатар өзге ұлт өкiлдерi де қатысты.

Аудандық сайыстың жеңiмпаздары Айтбаева Ж., Воронцов С облыстық «Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерi» конкурсына қатысты.

Аудан облыстық «Мағжан мерейтойы» видеоэстафетасына қатысты.

Ономастика бойынша «Шырайлы аты елiмнiң — қасиетiнде жерiмнiң» және «В имени моей земли — её неповторимое величие» iрiктеу конкурсы өткiзiлдi.

Аудандық кезеңнiң жеңiмпазы Рузаевка орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы Эльдар Таңсықбаев облыстан 3 орын иелендi, өз жұмысын қазақ тiлiнде ұсынды.

Орыс тiлiнде жазылған шығармалар арасында «Исторический подход в раскрытии темы»  номинациясымен Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Червонный орта мектебiнiң 8 сынып оқушысы Штыбина Дина марапатталды.

«Новости Приишимья» аудандық газет басылымының жетекшiсi Н.В. Кузнецова республикалық «БАҚ және мемлекеттiк тiл» конкурсының облыстық кезеңiнде «Үздiк мақала» номинациясымен 1 орын алды.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет саласының 2017 жылы әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындылары

Мәдениет мекемелерiнiң желiсi

Жалпы алғанда аудан желiсiнде 66 мәдениет нысаны жұмыс iстейдi: 29 клубтық мекеме, оның iшiнде 5 мемлекеттiк (аудандық Мәдениет үйi, Рузаев МҮ, Чистопол МҮ, Шұқыркөл ДО, Ялты ДО), 24 жеке (16 клуб және ЖШС есебiнен ұсталатын 8 демалыс орталығы), 37 мемлекеттiк кiтапхана.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда 66 елдi мекеннiң 28-сiнде бiрде-бiр мәдениет нысаны жоқ (Жаңасу, Беспаловка, Брилевка, Григорьевка, Стерлитамак, Тоқты, Құйган, Жаркөл, Мәдениет, Сарыбұлақ, Ломоносовское, Мұқыр, Степное, Куприяновка, Золотоноша, Жаркөл, Привольное, Рухловка, Ұзынкөл, Дубровка, Князевка, Симоновка, Шақпақ, Коңырсу, Үлкен Талсай, Қарағаш, Сивковка, Кырымбет). Нысандардың болмауы елдi мекен халқының аздығымен түсiндiрiледi. Аудан бойынша мәдениет нысандарымен қамтамасыз етiлу — 59% (облыс бойынша — 47,5%).

2017 жылы ауылдық округтер әкiмдерiнiң және шаруашылық субъектiлер басшыларымен 4 нысан ашылды (жоспарланған — 4), оның iшiнде: 3 демалыс орталығы (Қырымбет ауылдық округiнiң Сокологоровка а., Чистопол ауылдық округiнiң Ялты а., Шөптiкөл ауылдық округiнiң Разгульное а.) және кiтапхана (Рузаев ауылдық округiнiң Чернобаевка а.).

Мәдениет мекемелерiн жөндеу

2016 жылы «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы бойынша Рузаев Мәдениет үйiн күрделi жөндеу (шатырды жөндеу) жүргiзiлiп, РБ — 22294,0 мың теңге, МБ — 2477,0 мың теңге бөлiндi.

2017 жылы Чистопол Мәдениет үйiнiң шатыр жабынына жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға — мемсараптамаға аудандық бюджеттен 1062,0 мың теңге бөлiндi. Жобаның болжалған сомасы 24329,4 мың теңге.

Новоишим а. аудандық Мәдениет үйiнiң шатырына күрделi жөндеу жүргiзу қажет. Ол үшiн 30,0 млн.теңге керек (ЖСҚ 2016 жылы әзiрленген, 31.01.2017 ж. сараптамадан өттi)

Аталған мәселе аудан әкiмiнiң есеп беру кездесуiнде көтерiлдi. Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi Қ.I. Ақсақаловтың 2017 жылғы 28 шiлдедегi Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданға жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Новоишим а. Мәдениет үйiнiң шатырын күрделi жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру хаттамалық тапсырмасы берiлген.

Аудандық бюджет есебiнен МТБ

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 2017 жылы 3501,0 мың теңге бөлiндi (3000,0 мың теңге жалпы сомасына сахналық костюмдер, 501,0 мың теңгеге барабандар). Салыстыру үшiн 2016 жылы 2821,0 мың теңге (2000,0 — аудандық Мәдениет үйi үшiн сахналық костюмдер, музыкалық аппаратура, 821,0 мың теңге — Рузаев МҮ сахналық аяқ-киiм). 680,0 мың теңгеге артық.

Кадр

Барлық меншiк нысаныдағы 66 мәдениет мекемесiнде 186 адам жұмыс iстейдi, оның iшiнде жоғары бiлiмi бар — 39, арнайы орта — 87, орта — 56 адам. Оның iшiнде шығармашылық: жоғары бiлiмдi 39 маман, арнайы орта — 87, орта — 9 (орта бiлiм негiзiнен қызмет көрсететiн персоналда). Сонымен қатар, ауданның ауылдық елдi мекендерiнде жоғары дәрежелi бiлiктi кадрларға тапшылық бар.

Соңғы 4 жылда «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 8 маман жәрдемақы және тұрғын үйге кредит берумен жұмысқа орналастырылды (5 маман — аудандық Мәдениет үйi, 2 — маман аудандық кiтапхана, 1 маман — Чистопол МҮ).

2017 жылғы қыркүйекте ауданда «Жұмыс күшi мол Оңтүстiк Қазақстан облысы өңiрлерiнен азаматтарды көшiрудi ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша Амангелдi Дәрiпхан келiп, аудандық Мәдениет үйiне және Өнер мектебiне жұмысқа орналастырылды, Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бағдарламасы бойынша жаңа 50 пәтерлi үйден пәтер алды; Баймаханова Әсел — Чистопол Мәдениет үйiне хореограф болып жұмысқа орналастырылып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға бюджеттiк кредит алды.

Мәдениет саласының бюджетi

2017 жылға мәдениет саласының бюджетiн нақтылау — 161025,6 мың тг құрады, оның iшiнде аппарат — 10518,5 мың тг; Мәдениет үйлерi — 85437,5 мың тг; кiтапханалар — 65069,6 мың тг. 2016 ж. салыстырғанда 36985,9 мың теңгеге кем.

«Мәдениет» саласы бойынша 2018 жылға арналған бюджет — 156413,0 мың тг, оның iшiнде аппарат — 9833,0 мың тг, Мәдениет үйлерi — 78046,0 мың тг, кiтапханалар — 68534,0 мың тг.

Клубтық мекемелер

Аудан аумағында клубтық құрылымдар жұмыс iстейдi, қатысушылар саны 1790 адам.

29 клубтық мекемелерде 58 шығармашылық ұжым жұмыс iстейдi (32 вокалдық, 22 би, 4 драмалық).

2017 жылы ауданның клубтық мекемелерiмен 5520 бұқаралық iс-шаралар өткiзiлген (концерттер, спектакльдер, парадтар, митинглер, КВН, спартакиадалар және басқалар), 137700 адамға қызмет көрсетiлдi (2016 жылы 5518 iс-шара, 134700 адамға қызмет көрсетiлдi).

2013 жылы «Новоишимские зори» хоры «Халықтық» атағын алып, 2017 жылы атақты растады.

Бiрiншi рет үш ұжымның «Халықтық» атағы бар — ардагерлердiң, «Алтын домбыра» қазақ ұлттық аспаптар ансамблi, «Золотые россыпи» вокалдық ансамблi, 2017 жылы ақпанда Рузаев Мәдениет үйiнiң «Конфети» би ұжымына «Халықтық» атағы берiлдi.

Кiтапханалар

Ауданда 66 елдi мекеннiң iшiнен 34 кiтапханалық қызметпен қамтылған, онда 37 мемлекеттiк кiтапханалар жұмыс iстейдi.

01.01.2018 жылға ауылдық кiтапханалар оқырмандарының саны 17940 адам құрайды. 2017 жылы ОӘҒК мемлекеттiк тапсырысы есебiнен 5406 дана әдебиет, бюджеттiк қаражат есебiнен 475 дана әдебиет 15158,5 млн.теңге жалпы сомасына келiп түстi.

2017 жылы ауданның мемлекеттiк кiтапханаларымен 1453 iс-шара өткiзiлiп, 2016 жылмен салыстырғанда 9 iс-шараға артық өткiзiлдi (1444 iс-шара). Сонымен қатар, 2017 жылы аталған iс-шараға келгендер саны 38532 адам, 2016 жылы — 38529 адам.

Жыл сайын кiтапханалардың материалдық-техникалық базасы нығайып келедi: 2017 жылы 45,0 мың теңге сомасына 1 принтер, орталық кiтапханаға 95,0 мың теңге сомасына жиһаз сатып алынды.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» КММ

2017 жылғы 1 жартыжылдықта әлеуметтiк-экономикалық дамуы жөнiндегi СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң ақпараты

Аудан желiсiнде жалпы алғанда 67 мәдениет объектiлерi жұмыс iстейдi: 30 клубтық мекемелер, оның iшiнде 4-еуi мемлекеттiк (аудандық Мәдениет үйi, Рузаев Мәдениет үйi, Чистопол Мәдениет үйi, Шұқыркөл мәдени-демалыс орталығы), 26 — жеке (20 клуб және ЖШС есебiнен ұсталатын 6 ойын сауық орталықтары) және 37 мемлекеттiк кiтапханалар.

Мәдениет объектiлерiмен қамтамасыз етiлуi — 59%.

2017 жылғы I жартыжылдықта 1 мәдениет нысаны ашылды, оның iшiнде: Сокологоровка а. мәдени-демалыс орталығы.

2017 жылғы I жартыжылдықта мемлекеттiк кiтапханалар желiсiнде өзгерiстер болған жоқ.

2017 жылғы бюджет барлық «Мәдениет» саласы бойынша 155 млн. теңге құрайды.

Клубтық мекемелер

2017 жылы 1 жартыжылдықта ауданның клубтық мекемелерiмен 2933 iс-шаралар өткiзiлiп, оларға 63825 адам қатысты.

Еңбек сiңiрген өнер қайраткерi Қуандық Қасымовтың атындағы облыстық байқаудың қорытындысы бойынша «Алтын домбыра» ұлттық аспаптар ансамблiнiң ұжымы Астана қаласында өтетiн «ЕХРО» мамандандырылған көрмесiне арналған концерттiк бағдарламаға қатысуға шақырылды.

2013 жылы «Новоишимские зори» ардагерлер хоры «Халықтық» атағын иелендi. Биылғы жылы бұл атақты олар растады.

Тағы үш шығармашылық ұжымдарға: аудандық Мәдениет үйiнiң «Алтын домбыра» ұлттық аспаптар ансамблiне, «Золотые россыпи» вокалдық тобына, Рузаев Мәдениет үйiнiң «Конфетти» би ұжымына ағымдағы жылдың ақпан айында «Халықтық» атағы берiлдi.

Кiтапханалар

Аудан кiтапханалары алғыс күнiне, Халықаралық әйелдер күнiне, Наурыз-мейрамына арналған, ҚР Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауын, салауатты өмiр салтын насихаттау, қазақстандық жазушылардың, қоғамдық және мемлекеттiк қайраткерлердiң мерейтой күндерiне iс-шаралар циклын өткiзген.

2017 жылы 1 жартыжылдықта 615 iс-шаралар өткiзiлдi, 13988 аудан тұрғындары қатысты.

01.07.2017 жылға мемлекеттiк кiтапханалардың қоры 400251 дана, оның iшiнде мемлекеттiк тiлде — 104172 (жалпы қордың 26%).

2017 жылы 1 жартыжылдықта аудандық кiтапхана 12675 пайдаланушыға қызмет көрсеттi. Келушiлер саны 102463 бiрлiк құрады. Берiлген кiтап саны — 209854 дана

2017 жылы 1 жартыжылдықта аудан кiтапханаларына бюджеттен 25852010,0 мың теңге бөлiндi.

Жаңа әдебиет сатып алуға бюджеттен 572,0 мың теңге бөлiндi.

2 жартыжылдыққа жазылу жүргiзуге жергiлiктi бюджеттен 1150,0 мың теңге бөлiндi.

Мұрағат

2017 жылғы 1 жартыжылдықта қағаз негiзiндегi құжаттардың 26 с. б. физикалық жай-күйi жақсарды: 6 бiрлiк сақтау тiгiлдi, бұл iстердiң мұқабалары ауыстырылды, 12 iстерiндегi 65 парақ қалпына келтiрiлдi.

«Куйбышев элеваторы» 32 н қорында өшiрiлiп бара жатқан мәтiндер қалпына келтiрiлдi.

111 бiрлiк жоспармен 220 бiрлiк сақтау картондалды.

Қорлар бойынша 78 бiрлiк сақтау қағаз негiзiндегi құжаттардың болуы және жай-күйi тексерiлдi.

Есептi кезеңде мұрағатпен мемлекеттiк сақтауға құжаттардың 562 сақтау бiрлiктерi қабылданды, оның iшiнде 459 бiрлiк ұйымдардан, 103 бiрл. жеке құрам бойынша. Ұлттық мұрағат қорының құрамына 459 бiрлiк тұрақты сақтау енгiзiлген.

Азаматтар мен мекемелерден 421 сұрау түстi, оның iшiнде 404 әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы, оның iшiнде 367 — оң шешiлдi, 41 — терiс және 13 бейiндi емес сұраулар тиiстi ұйымдар мен аумақтық тиесiлiгi бойынша жiберiлдi, алыс-жақын шетелдерден 151 сұрау түстi. 17 тақырыптық сұрау орындалды. Барлық сұраулар «Мемлекеттiк қызметтер көрсету стандартына» сәйкес мерзiмiнде орындалды.

Құжаттарды пайдалану саласында 3 фотоқұжаттық көрмелер: Қазақстанның алғыс күнiне арналған «Бiрлiк бесiгi», 8 Наурыз күнiне арналған «Әйелдер туралы сөз», «Ғабит Мүсiреповке115 жыл» дайындалды.

Мұрағат қызметкерлерiмен «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлiмi» ММ-де «Ұйымның iстер номенклатурасы — оның мақсаты», «Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ қызметкерлерi үшiн «Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелерде құжаттау мен құжаттаманы басқарудың жаңа үлгiлiк қағидаларға өзгерiстер енгiзу туралы» тақырыпта 2 дәрiс өткiзiлдi.

2017 жылға жоспарлары

Ағымдағы жылы келесi мерейтойлық iс-шаралар өткiзiлген және жоспарланған (мерекелiк күндердi есепке алмағанда):

15 ақпан — Кеңес әскерлерiнiң Ауғанстаннан шығарылуының 28 жылдығы

15 ақпан — ауданның шығармашылық ұжымдарына «Халықтық» атағын растау және «Халықтық» атағын беру рәсiмi

Андреев ауылдық округiнiң Раисовка а. «Солтүстiк-2017» аудандық спорттық мерекесi (ақпан)

«Менiң Қазақстаным — менiң болашағым» аудандық көркемөнерпаздар байқауы (ақпан-сәуiр)

15 наурыз — СҚО ардагерлер қозғалысының 30 жылдығына арналған салтанатты iс-шара

5 мамыр — әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу

15 мамыр — «Мерейлi отбасы» республикалық байқауының аудандық туры

30 мамыр Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi

2 маусым Петропавл қ. Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мәдениет күнi

3 маусым — Ұлттық спорт түрлерi бойынша аудандық спортакиада

6 маусым — Қазақстандық зағиптар қоғамының (ҚЗҚ) 80-жылдығына арналған мерекелiк iс-шара

21 маусым — Қазақстан полициясының 25 жылдығына арналған мерекелiк iс-шара

23 маусым — Мемлекеттiк қызметшi күнi

26 маусым — Денi сау ұрпақ — елiмiздiң болашағы» облыстық ән марафонына қатысу

3-4 шiлде — Салқынкөл ауылдық округiнiң Салқынкөл а. «Ақ бидай-2017» аудандық спорт мерекесi

24-28 тамыз — Астана қаласында «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрменi өткiзу аясында Мәдениет күндерiнде ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуы

ауданның шығармашылық ұжымдарының облыстық байқаулар мен фестивальдарға қатысуы

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2017 16:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.05.2019 09:15

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+