Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кәсiпкерлiк

Басшылық

Директор — Ахметов Марат Қайыржанұлы

Байланыс мәлiметтер:

СҚО Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалы

Мекенжайы: Новоишим с, Абылай-Хан к-сi, 11

Тел.: 8 (71535) 79153

Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалы — бұл 2014 жылдың ақпанында құрылған СҚО КП аумақтық бөлiмшесi.

Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалының қызметi кәсiпкерлiктi дамытуға және қолдауға, кәсiпкерлердiң құқықтарын және заңды мүдделерiн қорғауға, бизнестiң билiкпен байланыс процесiн нығайтуға, кәсiпкерлердi нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу процесiне тартуға бағытталған.

Солтүстiк Қазақстан облысының Кәсiпкерлер палатасының Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның филиалы өз қызметiн төмендегi негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  1. кәсiпкерлiк қоғамдастықты шоғырландыру;
  2. кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бiлдiру, қамтамасыз ету және қорғау;
  3. кәсiпкерлiк субъектiлерi мен олардың қауымдастықтарының (одақтарының) мемлекеттiк органдармен өзара тиiмдi iс-қимылын ұйымдастыру;
  4. Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк бастаманы iске асыру үшiн қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтiк жағдайлар жасауға жәрдемдесу;
  5. кәсiпкерлiк мүдделерiн қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру процесiне қатысу;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген өзге де мiндеттер болып табылады.

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның «Бастау Бизнес» жобасына қатысушылардың 1 тобын тестiлеу нәтижелерi (ZIP 8 Kb)

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Қазақстанның үздiк тауары» өңiрлiк көрме-байқауына қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

Облысымызда өнеркәсiптiк, азық-түлiк тауарлар мен өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм өндiретiн жеке кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар Байқауға қатыса алады. Байқауға қатысу тегiн.

Байқау үш номинация бойынша жүргiзiледi: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк тауарлар», «Халық тұтынатын үздiк тауарлар», «Үздiк азық-түлiк тауарлары». Әр номинацияда үш жеңiмпаз анықталып, олар Республикалық көрме-бауқауында облыс атынан қатысады.

«Қазақстанның үздiк тауары» — кәсiпорын үшiн жарнама жасау мен тұтынушыны тартуға үлкен мүмкiндiк.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

Құрметтi кәсiпкерлер!

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығын алуға арналған байқауға қатысу үшiн өтiнiштер қабылдауы туралы хабарлайды.

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентiнiң сыйлығы конкурстық негiзде талапкер кәсiпорынның өнiмi немесе қызмет көрсету сапасы үшiн жыл сайын берiледi.

2018 жылдан бастап «Алтын сапа» байқауына ауыл шаруашылық пен азық-түлiк өнiмдерiн өндiру саласындағы жаңа төртiншi номинациясы енгiзiлдi. Сәйкесiнше сыйлық келесi категориялар бойынша берiлетiн болады: «Өндiрiстiк мақсаттағы үздiк кәсiпорын», «Халық тұтынатын тауарларды шығаратын үздiк кәсiпорын», «Қызметтер көрсететiн үздiк кәсiпорын» және «Азық-түлiк тауарларын және/немесе ауылшаруашылық өнiмдерiн шығаратын үздiк кәсiпорын» номинациядағы шағын, орта және iрi кәсiпкерлiктiң субъектiлерi.

Сонымен қатар осы жылдан бастап Байқаудың жеңiмпаздары лауреат дипломы мен эмблемалардан бөлек, 450 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерде (бiр миллион теңгедей) ақшалай сыйақы алатын болады.

Бүгiнгi таңда осы байқау ұлттық брендке айналып, сапа саласындағы ең беделдi байқауы балып саналады. Байқауға қатысу тегiн.

Өтiнiш беру сұрақтары бойынша толық ақапаратты келесi сайтта: http://www.altynsapa.kz, 20-35-87 телефон арқылы немесе Петропавл қаласы, Абай көшесi, 29, 101 каб. мекен-жайында алуға болады.

26.02.2018 ж.

Тақырыбы: 2017 жылы «Атамекеннiң» бизнеске көрсеткен қолдауы

мәтiн: Құрметтi кәсiпкер!

Сiздiң назарыңызға «Атамекен» ҚР ҰКП қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша ақпаратты ұсынамыз. Аталған ақпарат топтамасы келесi тақырыптар бойынша негiзгi көрсеткiштер мен фактiлердi қамтиды:

  • «Атамекен» тарапынан кәсiпкерлер құқығы қалай қорғалды?
  • Бизнестiң мүддесi заңнамалық тұрғыда қаншалықты шешiлдi?
  • Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту бойынша қандай жұмыс жүргiзiлiп жатыр?

Бiз атқарылған жұмыс бойынша тұрақты түрде ақпаратпен бөлiсуге дайынбыз.

Толық ақпаратты «Атамекен» ҚР ҰКП ресми сайтынан www.atameken.kz таба аласыздар, сұрақтар туындаса байланыс-қызметiне 1432 қысқа нөмерi бойынша хабарласуға болады

Құрметпен, «Атамекен» ҚР ҰКП ұжымы

«Атамекен» — бизнестiң сенiмдi серiктесi

Пакет: 3 инфографика

Кәсiпкерлiк Кәсiпкерлiк Кәсiпкерлiк

2017 ж. 30.10.

«Атамекенiм» акциясы кәсiпкерге жаңа мәртебе бередi

«Атамекенім» акциясы кәсіпкерге жаңа мәртебе береді

11 Қыркүйекте «Атамекен» алаңында Ұлттық кәсiпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, кәсiпкер Қайрат Құдайбергеннiң қатысуымен баспасөз мәжiлiсi өттi. Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов Ұлттық палатаның бастамасымен «Атамекенiм» акциясының басталғаны туралы хабарлады.

Акцияның мақсаты — әлеуметтiк жауапкершiлiк мәселелерiнде бизнестiң бастамаларына қолдау көрсету. Акция Қазақстанның 16 өңiрiнде өтедi.

«Елiмiзде «Туған жер», «Туған жерге тағзым» атты шаралар өткiзiлiп келедi. Бiз Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгiн арттыру мақсатында «Атамекен» акциясын ұйымдастырып отырмыз. Бұл акция аясында Ұлттық палата бiрнеше бастамаларды көтерiп отыр», — деп хабарлады Абылай Мырзахметов.

БАҚ өкiлдерiмен кездесу барысында Абылай Мырзахметов қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары бар екенiн еске салды. Әлеуметтiк мәселелердiң шешiлуiне атсалысқан кәсiпкерлер белгiлi бiр салық жеңiлдiктерiн пайдаланады.

«Қолдағы ақпаратты қарайтын болсақ, салық жеңiлдiктерiн пайдаланудың тиiмдiлiгi, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсерi туралы бағалау мен мониторинг жоқ. Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң мәлiметiнше, қайырымдылық бойынша салық салудың жеңiлдiк нормасын пайдаланған кәсiпорындар саны 2015 жылы 2 мыңға жеткен, ал салық салынатын табысты азайту сомасы — шамамен 46 млрд теңге», — дедi Басқарма Төрағасы.

Абылай Мырзахметов сонымен қатар «Атамекен» ҰКП бастамалар жайында таныстырып өттi.

«Бiз «Парыз» мемлекеттiк сыйлығын бекiтудi, «Үздiк әлеуметтiк кәсiпкер» аталымын беру туралы бастама көтерiп отырмыз. Басты мақсат — қайырылымдылық жасау, жақсылыққа шақыру идеясын таратып, әлеуметтiк жобаларды жүзеге асыруға үлес қосқан кәсiпкерлердiң үлесiн бағалау, ынталандыру», — деп түсiндiрiп өттi Басқарма Төрағасы.

Ал кәсiпкер Қайрат Құдайберген қайырымдылық жасаған, әлеуметтiк мәселелердi шешуге үлес қосқан кәсiпкерлер туралы ақпаратты тарату көпшiлiктi игi iстердi атқаруға үндеу екенiн атап өттi. Ал кәсiпкерлердiң көбi салық саласында белгiлi бiр артықшылыққа ие болатыны туралы хабарсыз екенiн айтқан бизнесмен ынталандыру шараларының ауқымы кең болуы керектiгiн ұсынды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев Ұлттық палата әзiрлейтiн Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн түсiндiрiп өттi.

«Бiз Қазақстан бойынша қандай әлеуметтiк мәселе бар екенiн жинақтағымыз келедi. Өңiрлер бойынша жеке-жеке сараланған мәселелер кәсiпкердiң әлеуметтiк мәселелердi шешуiне көмек болады. Кәсiпкер қандай да бiр көмек бере отырып, салықтық артықшылықтарды пайдалана алады», — дедi Эльдар Жұмағазиев.

«Атамекен» ҚР ҰКП ресми интернет-ресурсында «Қайырымдылық» айдары ашылады және осы айдарда Әлеуметтiк мәселелер тiзiмi жарияланады. Қандай да бiр көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тiзiмге өтiнiм қалдыруға мүмкiндiгi бар. Кәсiпкерлер өтiнiм-тiлектермен таныса алады. Өтiнiм қалдыратын немесе керi байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да iске қосылады.

Бүгiнде «Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкiмдiгiмен бiрге Екiбастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдiмекендер жеке-жеке енгiзiлген Әлеуметтiк мәселелер тiзiмiн дайындады. Ұлттық палата облыстарда және әрбiр елдiмекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшiн мәселелерге сұрыптау жүргiзудi ұсынып отыр.

Баспасөз мәжiлiсiнде «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов атап Ұлттық палата кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, жас ұрпақтың қаржылық сауатын ашу, интеллектуал ұлт қалыптастыру мәселесiне көңiл бөлiп отырғанын екреше атап өттi. Сонымен қатар меценаттардың, қайырымдылықпен айналысатын кәсiпкерлердiң де тiзiмiн дайындау туралы бастама көтерiлгенiн хабарлады.

«Атамекен» акциясы аясында Facebook пен Instagram әлеуеметтiк желiлерiнде жалпыға ортақ топтар ашылады. Аталған топтар әлеуеметтiк жауапкершiлiк танытатын азаматтар мен көмектесуге дайын бизнесмендердiң басын қосады. Аталған акция 2017 жылдың соңына аяқталады.

atameken.kz

СҚО Кәсiпкерлер палатасының директоры «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тiкелей эфирiнде солтүстiкқазақстандықтар алдында есеп бердi

Тұрар Ысқақов өткен жылы тындырылған шаруаларды бағамдады. Жыл санап кәсiпкерлiк қауымдастықтың Палатаға деген сенiмi артып келедi. Дәйектердi тергiштесек, 2016 жылы солтүстiкқазақстандық кәсiпкерлер тарапынан 3,5 мыңнан астам өтiнiм жолданды. 312-сi кәсiптi қорғауға байланысты болып, 245-i бойынша жағымды шешiм қабылданды. Кәсiпкерлердiң мүддесi 360 млн. астам теңге деңгейiнде қорғалды. Өткен жылы Палатаның филиалымен 39 әкiмшiлiк кедергi анықталды. Оның iшiнде 23 жергiлiктi деңгейдегi әкiмшiлiк кедергiлердiң 16-сы оң шешiлдi. 14-i бойынша ақпарат Мәселелердiң республикалық тiзiлiмiне енгiзу үшiн ҚР ҰКП жолданды.

Палатаның басқа қызметтерi бағытында да қол жеткен жiтiстiктер бар. «Бiздiң бастамамыз бойынша облыс әкiмдiгiнiң өкiлдерiнен жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына облыс әкiмiнiң орынбасары, басқармалардың басшылары және кәсiпкерлер кiрдi. Жалпы комиссияның бiлiм беру, денсаулық сақтау, тұрғын үйлер мен жолдарды салу бағытында мемлекеттiк сатып алу бойынша 8 отырысы ұйымдастырылды. Оған кәсiпкерлер шақырылып, азық-түлiк өнiмдерiн, тауарларды, қызметтер мен жұмыстарды сатып алуда туындайтын мәселелер қарастырылды. Мемлекеттiк сатып алу бойынша 17 компанияға 2 млрд. астам теңгеге 150 шарт жасасуға қолғабыс етiлдi», — деп атап өттi Тұрар Ысқаков.

Кәсiпкерлер палатасының өкiлдерi 147 ККО жұмысына қатысады. Олардың 100-i аудандық деңгейде болып табылады. 2016 жылы басымдыққа ие ККО 102 отырысы өттi. Онда 5 мыңнан астам сұрақ талқыланған. Олардың 1,5 мыңы кәсiпкерлiк субъектiлерiне қатысты. 60% бойынша оң шешiм қабылданды.

Аймақта АӨК басымдыққа ие. Оған баса назар аударылады. 2016 жылы кооперация бойынша ауылшаруашылық тауар өндiрушiлермен 138 жиын ұйымдастырылды.

Бүгiнде аудандарда … АӨК жұмыс жасайды. Олардың … дәндi және майлы дақылдарды өндiруге, …. iрi қараны көбейтуге, … қайта өңдеуге бағытталған. Әлi де аграрлық салада бiлiктi мамандардың тапшылығы байқалып отыр. Мәселенi шешудiң жолдарын Палата мықтап қолға алды. Жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрге дуалды оқытудың жол картасы жүзеге асырылуда.

Қаржы мониторингi субъектiлерiне ақпарат үшiн

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы мониторингi комитетi (бұдан әрi — Комитет) 2016 жылдың 20 сәуiрiнен бастап, 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Заңына (бұдан әрi — АЖ/ТҚҚ Заң) өзгерiстер енгiзуiмен байланысты, қаржы мониторингi субъектiлерiнiң тiзiмiнiң кеңейтiлуi туралы хабарлайды.

АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағы келесi мазмұнмен 13), 14), 15), 16) және 17) тармақшаларымен толықтырылды:

  • лизинг берушi ретiнде лизингтiк қызметтi лицензиясыз жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • ломбардтар;
  • бағалы металдармен және асыл тастармен, олардан жасалған зергерлiк бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • жылжымайтын мүлiктi сатып алу-сату мәмiлелерiн жүзеге асыру кезiнде делдалдық қызметтер көрсететiн дара кәсiпкерлер және заңды тұлғалар;
  • төлемдер қабылдау бойынша операторлары.

Адвокаттарды қоспағанда, АЖ/ТҚҚ Заңының 3-бабы 1-тармағының 7), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларында көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерi «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттiк органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекiту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес, Комитетке, қызметтi жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарлама жiберуге мiндеттi.

2016 жылдың қыркүйек-қарашасында, Комитетпен түсiндiру шаралар сондай-ақ хабарламаларды қабылдау өткiзуi жоспарланып отыр.

Аудиторияны қалыптастыру мақсатында, жоғарыда көрсетiлген қаржы мониторингi субъектiлерiнiң өкiлдерiң, d.mukushev@minfin.gov.kzr.iskakov@minfin.gov.kz электрондық мекенжайларына келесi ақпаратты: ұйымның атауы, тiркеу мекенжайы, өкiлдiң Т.А.Ә, телефон нөмiрлерiң, жолдауынызды сұраймыз.

Жұмыс кездесуiнiң күнi және уақыты туралы ақпарат, Сiздермен көрсетiлген байланыс деректерiне байланысты қосымша хабарланады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-92-26; 74-97-39; 74-97-49; 74-97-52.

Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау

Кәсiпкерлiк субъектiлер жадынамасы

Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне ақпараттық көмек

Бiр терезе

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №375-V Кәсiпкерлiк кодексiнiң 282 бабына сәйкес, инвестор үшiн «бiр терезе» қағидаты деп инвесторлардың құжаттарды жинау мен дайындауға қатысуын барынша азайтуды және олардың мемлекеттiк органдармен тiкелей байланысын шектеудi көздейтiн, инвесторларға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi ұсынуда инвестициялар жөнiндегi уәкiлеттi орган тарапынан жәрдемдесудiң орталықтандырылған нысаны түсiнiледi.

Инвестор деп, Кодекске сәйкес, Қазақстан Республикасында инвестицияларды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлға түсiнiледi.

Бүгiнгi күнi, инвесторлар үшiн «бiр терезе» нысанында жұмыс Инвесторларға қызмет көрсету орталығы (мекенжайы Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 32/1) (бұдан әрi — Орталық) және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» РММ базасында Инвесторларға қызмет көрсету 19 сектроларында (бұдан әрi — Секторлар) жүргiзiледi. Консультациялар және мемлекеттiк қызметтердi алу барысында көмек көрсету Орталықтың және Инвесторларға қызмет көрсету сектроларының негiзгi мiндетi болып келедi. Сонымен қатар, инвесторлар үшiн Орталықта Call-Centre 8 (7172) 754540 жұмыс iстейдi.

www.isc.baseinvest.kz интернет — ресурсында «Бiр терезе» модулi жұмыс iстейдi, ол онлайн режимiнде Қазақстандағы инвестициялық қызмет көрсету туралы барлық қажеттi ақпаратты алуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ инвесторларға мемлекеттiк органдар тарапынан мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiнiң мониторингiн жүзеге асырады.

Солтүстiк Қазақстан облысының кәсiпкерлер палатасы өңiрлiк филиалдарының тiзiмi

Филиалдың атауы және мекенжайы  Директордың ТАЖ Ұялы телефондары Телефон/факс Е-mail
1. Айыртау ауданының филиалы 
Саумалкөл ауылы, 
Достык, к., 35
Қалымов Данияр Мұхтарұлы   (71533) 79033 y.sadvakassov@palata.kz
2. Аққайың ауданының филиалы 
Смирнов с., 
Пушкин к., 56
Аитов Руслан Хасанұлы 7 777 902 3921 (71532) 79056 r.Aitov@palata.kz
3. Ақжар ауданының филиалы 
Талшық с., 
Целинная к., 24-11
Ахметов Хасен Қабиденұлы   (71546) 79126 z.Khamitov@palata.kz
4. Есіл ауданының филиалы 
Явленка с., 
Ибраев к., 9
Базарбаев Серік Қабышұлы 7 701 511 1968 (71543) 79092 s.bazarbayev@palata.kz
5. Жамбыл ауданының филиалы 
Пресновка с., 
Е. Шайкин к., 40
Лазарева Наталия Владимировна 7 777 320 0303 (71544) 79015 n.Lazareva@palata.kz
6. Мағжан Жұмабаев ауданының филиалы
Булаев қ., 
Озерная к., 1А
Шәрімов Нұржанат Сабырұлы 7 777 299 9644 (71531) 79055 n.Sharimov@palata.kz
7. Қызылжар ауданының филиалы 
Бескөл ауылы, 
Институтская к., 10
Нұрмұқанов Асқар Запкенұлы 7 705 255 9913 (71538) 79071 a.Nurmukanov@palata.kz
8. Мамлют ауданының филиалы 
Мамлютка қ., 
Школьная к., 41
Василенко Нина Николаевна 7 777 607 3260 (71541) 79016 n.Vassilenko@palata.kz
9. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның филиалы
Новоишим а., 
Абылай-Хан к., 11
Ахметов Марат Кайыржанұлы 7 775 617 7169 (71535) 79153 m.Akhmetov@palata.kz
10. Тайынша ауданының филиалы 
Тайынша қ.,
Астана к., 167
Нұрсейітов Аслан Маратұлы 7 701 893 7373 (71536) 79207 a.Nurseitov@palata.kz
11. Тимирязев ауданының филиалы
Тимирязев с., 
Молодежная к., 31
Гурьянов Александр Анатольевич 7 705 321 2776 (71537) 79052 a.Guryanov@palata.kz
12. Уәлиханов ауданының филиалы
Кішкенекөл с., 
Гагарина к., 84А
Ахметов Батырхан Серікұлы< 7 701 397 7242 (71542) 79068 b.Akhmetov@palata.kz
13. Шал ақына ауданының филиалы
Сергеевка қ., 
Желтоқсан к., 25-11
Жақсыбаев Мұхамеджан Қуанышұлы 7 777 976 8235 (71534) 79008 m.Zhaxybayev@palata.kz

Мақаланың шыққан күні: 27.06.2017 10:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 07.08.2018 12:15

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Болат Серiкұлы Жұмабеков

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2018
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

«Connection Point» өз-өзіне қызмет көрсету секторымен сіз жиі пайдаланыз ба?

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасыҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2018 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+