Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауданмен танысу

Аудан туралы ақпарат

Ауданның атауы — Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан

Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс

  1. Андреев ауылдық округi
  2. Бiрлiк ауылдық округi
  3. Возвышен ауылдық округi
  4. Дружба ауылдық округi
  5. Көкалажар ауылдық округi
  6. Қырымбет ауылдық округi
  7. Ломоносов ауылдық округi
  8. Нежинка ауылдық округi
  9. Новоишим ауылдық округi
  10. Новосел ауылдық округi
  11. Рузаев ауылдық округi
  12. Салқынкөл ауылдық округi
  13. Тахтаброд ауылдық округi
  14. Червонный ауылдық округi
  15. Чистопол ауылдық округi
  16. Шөптiкөл ауылдық округi
  17. Шұқыркөл ауылдық округi

Ақпарат келесi кезеңге 2018 жыл (5 айға)

Жалпы мәлiметтер: Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан 1997 жылы құрылған, 2002 жылы атауын өзгерттi.

Аумағы — 11,09 мың шаршы км.

Халқы

2018 жылғы 1 маусымға халқының саны 41120 адам.

  • Қазақтар — 33%
  • Орыстар — 43%
  • Украиндар — 10,7%
  • Немiстер — 5,1%
  • Басқа ұлттар өкiлi — 1,1%.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның орталығы — Новоишим ауылы (бұрынғы атаулары — Козырное, Ашанино, Трудовой, Куйбышевский), 1997 жылы құрылған, 11 583 адам құрайды.

Ақпараттық кеңiстiк

Билiктiң оң бет-бейнесiн қолдау және барабар қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру үшiн ауданда бұқаралық ақпарат құралдары басым рөл атқарады.

Ауданда 2 баспа басылымдары бар.

«Есiл Өңiрi» және «Новости Приишимья» газеттерi — ақпараттық саясатты жүргiзудегi аудан әкiмiнiң ресми басылымы, тиiсiнше 2058 және 3246 дана шығарылады.

Iрi кәсiпорындар

«Азко» ЖШС

 

 

 

«Новоишимский мелькомбинат» ЖШС

 

 

 

«Ишим Гарант» ЖШС

 

 

 

«Масло дел» ЖШС

 

 

 

 

Өнеркәсiп

2019 жылдың қаңтар-қазанда айларында ауданның өнеркәсiп секторы қолданыстағы бағада 14 389,4 млн. теңге сомасына (2018 жылы — 10 681,6 млн. теңге) өнеркәсiп сипатындағы қызмет көрсеттi, нақты көлем индексi 106,1.

Есептi кезеңде өңдеу өнеркәсiбiнiң көлемi 12 234,9 млн. теңгенi құрады (2018 жылы — 9 751,9 млн. теңге), нақты көлем индексi 106,1%.

Тау-кен өнеркәсiбiнiң көлемi 317,2 млн. теңгенi құрады.

Өсiмдiк майы мен күнжара өндiрiсiнiң көлемi 6 075,7 млн. теңгенi құрады (2018 жылы — 5 426,3 млн. теңге).

Машина жасауда көлемi 2 952,5 млн. теңгенi құрады (2018 жылы - 1 425,3 млн. теңге), НКИ 118,2%.

Сумен жабдықтау, су бұру және тұрмыстық қалдықтарды жинау көлемi 142,1 млн. теңгенi құрады (2018 жылы — 130,5 млн. теңге), нақты көлем индексi 102,2%.

Электрмен және жылумен қамту көлемi 695,1 млн. теңгенi құрады (2018 жылы — 634,4 млн. теңге), нақты көлем индексi 130,5%.

Ауыл шаруашылығы

Ауданның ауыл шаруашылық жалпы iшкi өнiм көлемi 2018 жылдың 1 маусымға 3598,5 млн. теңге құрады, индекстiң физикалық көлемi — 100,8% құрады, облыстық көлемiдей метшiктi салмағы 7,6%.

Тiрi салмақпен ет өндiру көлемi 2594,3 тонна немесе 101,5% 2017 жылдың тиiстi мерзiмiне сәйкес, сүт — 13817,8 тонн (99,2%), жұмыртқа — 5630,7 мың дана (101,2%).

1.06.2018 жылға жағдай бойынша мал басының саны томендегiдей қалыптасты: мүйiздi iрi қара мал саны 3,8% артты 2017 жылға қарағанда 43,2 мың. бас, қой — 2,2% (46,1 мың бас) көбейдi, жылқы — 7,7% (15,5 мың бас) көбейдi, шошқа басы өткен жылғы аналогиялық мерзiмге салыстырғанда — 18,9% (28,6 мың бас) артты, ешкi саны 3,3% (1 мың бас) көбейдi, құс — 103% (299,6 мың бас) көбейдi.

Көлiк инфрақұрылысы

Ауданды қатты жабынды автожолдар желiсi 1045 км., оның iшiнде республикалық маңызы бар 304 км., облыстық маңызы бар 141 км., аудандық маңызы бар құрайды.

Темiр жол көлiгi

Ауданда «Қазақстан Темiр жолы» ҰК АҚ «Жолдың темiр жол бөлiмшесi» филиалына жататын екi темiржол станциясы бар:

  1. 1 сыныпты учаскелiк Новоишим станциясы.
  2. 5 сыныпты Первоцелинная станциясы.

Новоишим станциясы электрленген, 3 бағытта жұмыс iстейдi: «Новоишим-Көкшетау», «Новоишимское-Пресногорьковка», «Новоишимское-Қостанай». Станция қуатты темiр жол торабы болып табылады аумағында ПЧ-14, ШЧ-13, ЭЧ-7, ТЧ-9, ВП-13, Өрт сөндiру пойызы, вагондарды жөндеу пунктi орналасқан және жұмыс iстейдi. Жұмыс iстеушiлердiң жалпы саны 2000-ға жуық адам.

Новоишим станциясы арқылы 10 жолаушы пойызы өтедi.

Новоишим станциясының 31 кiрме жолы бар, кiрме жолдардың негiзгi қызметi астықты және қайта өңделген өнiмдi тиеп жөнелту болып табылады.

Аудан бойынша темiр жолдың ұзындығы — 70 км. құрайды.

Автомобиль көлiгi

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда жұмыс iстейдi 29 автобус қатынасты жүзеге асыратын 23 автобус бағыты бар:

  • 10 облысаралық автобус бағыты, 15 қатынас;
  • 4 облысiшiлiк автобус бағыты, 4 қатынас;
  • 8 ауданiшiлiк бағыт;
  • 1 Новоишим а. кентiшiлiк бағыт;
  • Аудан аумағында 3 автостанция бар.
  • Новоишим автостанциясы, Чистопол және Рузаев автостанциялары.

Жолдар

2018 жылға барлық деңгейлердiң автомобильдiк жолдарды жөндеуге жоспар бойынша 806,9 млн. тенге көзделген, соның iшiнде облыстық маңызды автомобильдiк жолдарын асыруға — 368,8 млн. теңге, республикалық жолдар — 398,2 млн. теңге, аудандық жолдар — 39,9 млн. теңге. Қаржы жоспар бойынша қантар-мамыр айына 236,7 млн. тенге игерiлдi, соның iшiнде республикалық маңызы бар жолдарға — 80 млн. теңге, облыстық маңызды — 156,7 млн. теңге.

Кәсiпкерлiк Аудан бойынша 2018 жылғы 1 маусымға аудан бойынша 1555 шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi жұмыс iстейдi, 2017 жылдың аналогиялық кезеңiнен 4,5% артық.

2018 жылдың қаңтар-мамыр айында болшек сауда тауар айналымының көлемi 5727,6 млн. теңге құрады, физикалық көлем индекспен — 100,4%. Ауданның облыстық көлемi үлесi 7,1%.

Денсаулық сақтау

Ауданда 51 денсаулық сақтау обьектiлерi бар, 9 амбулаторлық емханалық мекеме, 140 орынды 1 аудандық емхана және 115 күндiзгi стационар, 1 тубдиспансер, 6 фельдшерлiк-акушерлiк пунктi, 34 медпунктi.

Мәдениет және спорт

Ауданда барлық ведомствода 37 кiтапхана, меншiктiң барлық түрiнде 29 клуб, 3 мәдениет үйi.

Ауданда 335 спорттық обьектiлер, соның iшiнде 57 спорт залдар, 37 спортқа бағытталған орындар, 42 хоккейлiк корттар, 5 ату тирлары, 67 футбол алаңы, 36 баскетбол алаңы, 74 влейбол алаңы, 2 спорт кешенi, 1 стадион, 1 жүзу бассейны бар.

2019 жылы мәдени iс шараларды қолдауға 215,5 млн. тенге қарастырылған.

Әрдайым спортпен шұғылданатын адамдар саны 14289 мың адам құрайды немесе 34,8% аудан халқының жалпы санынан.

2019 жылғы қаңтар-қазандағы негiзгi капиталға салынған инвестициялар туралы ақпарат

2019 жылғы қаңтар-қазанда негiзгi капиталға инвестиция көлемi 26 524,7 млн. теңгенi құрады (2018 жылы — 20 339,0 млн. теңге), нақты көлем индексi 128,2%. Облыстық көлемде ауданның үлесi 15,6% құрайды.

Инвестициялардың негiзгi көлемi 69,2% немесе 18 344,5 млн. теңге машиналар мен жабдықтарды сатып алуға, 29,4% немесе 7 803,5 млн. теңге ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделi жөндеу жұмыстарына және басқа да күрделi жұмыстар мен шығындарға 1,4% немесе 376,8 млн. теңге бағытталды.

Қаржыландыру көздерi бойынша: 79,7% немесе 21 152,3 млн. теңге инвестиция кәсiпорындардың өз қаражаты есебiнен, 10,1% немесе 2 683,1 млн. теңге бюджет қаражаты есебiнен және 10,2% немесе 2 689,3 млн. теңге — банк кредиттерi және басқа да қарыз қаражаты есебiнен бағытталды.

Құрылыс

2018 жылға каңтар-мамырға тұрғын-үй құрылысының жұмысының көлемi 251,3 млн. тенгенi құрады, ИФО — 33,4%.

Тұрғын үй құрылысы

2018 жылдың жоспары бойынша құрылыс жұмысының жалпы көлемi 9100 м. кв. құрайды, 2018 жылға каңтар-мамырға 1595 м. кв. тұрғын үй қолданысқа берiлдi.

Қаржы саласының дамуы

Қаржылық қызмет көрсету саласы тұрақты жұмыс iстейтiн 6 құрылымдық бөлiмшеден тұрады: «Қазақстанның халық банкi» АҚ, «Казком Банк» АҚ, «Казпочта» АҚ, «Eurasian Bank», 2 микроқаржы ұйымы. Сонымен қатар «Бiрлiк» НС ЖШС қызмет етедi.

Ауданда 7 банкомат жұмыс iстейдi, онда 7,3 мың карта ұстаушыларға қызмет көрсетiледi, соның iшiндегi «Қазақстан Халық банкi» банкоматы Рузаев селосында жұмыс iстейдi.

Бюджет

2018 жылдың 1 маусымға аудан бюджетiне өз кiрiстерiнiң түсiм жоспары 149,4% жоспар бойынша 225,5 млн. теңге, нақты 352,5 млн. теңге, жоспардан тыс түсiм — 467,4 млн. теңге.

Әлеуметтiк қорғау

Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау 2018 ж. 1 маусым 2017 ж. 2016 ж. 2015 ж.
Жұмыссыздар саны, адам. 295 96 76 78
Халықтың экономикалық активінің жұмыссыздардың үлесінің тіркелуі 1,2 0,4 0,3 0,3
Жұмысқа орналасқан азаматтар, адам 535 1297 1185 923
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айына орташа жалақы, тенге, Ауыл шаруашылығнда

87812

69217

93191

88468

87164

78986

79663

77733

Әлеуметтік жағдайы төмен халық саны, (адам) 7522 7561 7453 7353
Соның ішінду, зейнеткерлер 6412 6455 6300 6157
мүгедектер 1110 1106 1153 1222

2018 жылдың жоспары бойынша әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыздандыруға — 309,7 млн. тенге қарастырылып отыр. Қаңтар-мамыр айының жоспары бойынша 114,6 млн. тенге көздеген, нақты — 113,9 млн. теңге игерiлi.

2018 жылдың бiрiншi тоқсны бойынша аудан бойынша бiр жұмысшыға орташа номиналдық еңбек ақы 87812 теңге құрады. Осы кезенде ауыл шаруашылықтың еңбек ақысы 69212 теңге.

Бiлiм беру

Бiлiм беру жүйесiнде жалпыға бiлiм беретiн 43 мектеп, 2 кәсiптiк лицей, 3 мектеп жанындағы интернаттар, 2 мамандандырылған оқу мекемелерi, 1 психология-педагогикалық коррекция кабинетi, 1 БЖСМ, 1 МҚК БЖСБО, 1 МҚК «Көркем өнер мектебi», 49 мектепке дейiнгi мекемелер, соның iшiнде 5 мемлекеттiк балабақша «Дюймовочка», «Ақбота», «Ақниет», «Айгөлек», «Астана» 42 шағын-орталықтар, ЖШС бойында 2 балабақша бар.

Мектептер 100% компьютерлiк техникамен, телефонмен қамтамасыз етiлген, кең жиектi Интернет желiсiне қосылған. 33 мектепте 168 оқушыға инклюзивты оқыту ұйымдастырылған. 5 оқушыға бiр компьютер қамтамасыз етiлген.

2019 жылы бiлiм жүйесiне 4489,6 млн. тенге жоспарланған. Қаңтар айының жоспары бойынша 323,5 млн. тенге көзделген, нақты — 323,3 млн. теңге игерiлi.

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2017 10:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.12.2019 10:13

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Желтоқсан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+