Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн жою жөнiндегi iс-шаралар жоспары (ZIP 59 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi бойынша талдамалық анықтама (ZIP 16 Kb)

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысының №3 хаттамасы (2019 жылғы «25» қыркүйек Новоишим а.) (ZIP 11 Kb)

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн сақтауға және нығайтуға бағытталған аудиороликтер (ZIP 24985 Kb)

Аудан әкiмдiгi жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы

Аудан әкiмi А.А. Тастемiровтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның отырысы өттi.

2019 жылдың 1 жартыжылдығындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасы және алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Новоишим ауылдық округi әкiмiнiң мiндетiн атқарушы Ә.М. Букпин сөз сөйледi.

Әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк бағдарламалар саласында азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс iстеу және мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi жұмыс туралы жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң басшысы Б.Қ. Әмрина баяндады.

Жоғарыда көрсетiлген мәселелердi қарау нәтижелерi бойынша аудан әкiмi тиiстi органдарға ұсыныстар мен тапсырмалар бердi.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің отырысы

2019 жылғы 11 қыркүйекте «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесiнiң отырысы өттi.

Отырыс барысында жобалық кеңсе басшысының «Қызылжар — адалдық алаңы» жобасын iске асыру барысы туралы ақпараты тыңдалды, сондай-ақ 2019 жылғы 4 тоқсанға арналған Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан аумағында «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» деңгейiн төмендету бойынша iс-шаралар жоспары әзiрлендi.

«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің отырысы

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысының №2 хаттамасы 2019 жылғы «27» маусым (ZIP 5 Kb)

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi ведомствоаралық комиссия отырысының №1 хаттамасы (ZIP 5 Kb)

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мемлекеттiк органдары қызметкерлерiнiң арасында 2018 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жариялау бойынша дөңгелек үстел өткiзу туралы баспасөз-релизi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты бағалау процесiне жұртшылықтың кең ауқымын тарту мақсатында Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi арасында 2018 жылғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негiзгi ережелерi жарияланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қарау және зерделеу барысында 2018 жылы ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Сыйлықты парадан қалай ажыратуға болады

Көбiнесе адамдар өздерi мемлекеттiк қызметшiлердi пара алуға итермелейдi, сыйлықтар бередi немесе ауызша алғысты бекiту үшiн қандай да бiр материалдық сыйақы беруге тырысады. Жоғарғы соттың 2015 жылғы 27 қарашадағы «Кейбiр сыбайлас жемқорлық қылмыстарын қарау тәжiрибесi туралы» нормативтiк қаулысына сәйкес қызметтiк өкiлеттiктерге кiретiн лауазымды адамның iс-әрекеттерi деп қызметтiк құзыретi шегiнде жасауға құқығы бар және мiндеттi әрекеттердi түсiну керек. Адамның өзiнiң қызметтiк өкiлеттiгi қолданылатын бағыныштылардан немесе өзге де адамдардан қызметi бойынша қамқорлығы немесе жол бергенi үшiн, оның құзыретiне кiретiн, оның iшiнде болашақта болуы мүмкiн мәселелердi оңтайлы шешкенi үшiн ақша қаражатын немесе өзге де құндылықтарды алуы пара алу ретiнде бағаланады. Яғни, мемлекеттiк қызметшiнiң өзiне бағыныштылардан немесе оның қызметтiк өкiлеттiктерi қолданылатын басқа да адамдардан, оларды сыйға тарту себептерiне (мерекелiк күндер, туған күндерi, қызмет бабында жоғарылату, жұмысқа орналастыру және т.б.) қарамастан, сондай-ақ сыйлық түрiне, санына, құнына және басқа да сипаттамаларына қарамастан (кәмпит, торт, кәдесыйлар және т. б.) сыйлықтар қабылдауға құқығы жоқ.

Сонымен қатар, ресми тұлғаларға мүлiктiк пайда, игiлiктер мен артықшылықтар алу үшiн сыйлықтар беруге және қызметтен тыс қызмет көрсетуге тыйым салынады. Тiптi мемлекеттiк қызметшiнiң бiлуiнсiз келiп түскен немесе көпшiлiк алдында немесе ресми iс-шаралар кезiнде берiлген (тапсырылған) сыйлықтарды өзiне қалдыра алмайды. Үкiметтiң 2002 жылғы 26 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген, мемлекет меншiгiне айналдырылған мүлiктi есепке алу және сақтау ережесiне сәйкес мемлекеттiк қызметшi оларды алған күннен бастап күнтiзбелiк 7 күн iшiнде арнайы қорға ерiктi түрде тапсыруға мiндеттi. Жетi күндiк мерзiмдi бұзу (оның бiлуiнсiз шотқа түскен ақша бойынша — екi апта мерзiм), сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды орындауға байланысты сыйлықтар қабылдау мемлекеттiк қызметшiнi қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға негiз бола алады.

Бұл ретте бұрын жасалған заңды әрекеттерi үшiн сыйлықты алу туралы алдын ала уағдаластық болмаған кезде алғаш рет (құны 2 АЕК немесе 4 242 теңгеден кем) сыйлық алу маңызы аз болуына байланысты қылмыс болып табылмайды. Алайда, бұл ӘҚБтК-нiң 677-бабына сәйкес әкiмшiлiк жауапкершiлiкке әкеп соғады (заңсыз материалдық сыйақы алу), бұл 600 АЕК-ке дейiн (немесе 1 272 600 теңге) айыппұл салуға, сондай-ақ мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке әкеп соғады, бұл терiс себептер бойынша жұмыстан шығаруға әкеледi. Алайда, бұл шектеулер «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» Заңға сәйкес мемлекеттiк қызметшiге көтермелеу ретiнде тапсырылған бағалы сыйлықтарға қолданылмайды.

07.12.2018 ж.

Петропавл қ. сыбайлас жемқорлыққа қарсы облыстық форум

Ү.ж. 7 желтоқсанда Ғ. Мүсiрепов атындағы ауданның делегациясы Петропавл қаласында өткен облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумға қатысты. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң аумақтық департаментiнiң басшысы Е.Ф. Степаненконың алғыс хатымен Жастар ресурстық орталығы басшысының м.а. А.К. Нұрқанов марапатталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында үздiк жариялау номинациясы бойынша Ғ. Мүсiрепов атындағы аудан дипломмен және статуэткамен марапатталды.

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызметiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн iшкi талдау нәтижелерi бойынша талдамалық анықтама (2018 жылғы 22 қазан) (ZIP 25 Kb)

«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерi мiнез-құлқының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (ZIP 19 Kb)

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның жұмысы туралы ақпарат

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда Солтүстiк Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015-2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылады.

Ауданда аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссия құрылды (аудан әкiмдiгiнiң 04.11.2008 ж. №309 қаулысы, оған аудан әкiмдiгiнiң 11.10.2017 ж. №316 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлдi, комиссия құрамына «Ардагерлер кеңесi» қоғамдық бiрлестiгiнiң төрағасы Н.Қ. Барақаев, «Жастардың Нұрлы жолы» жастар қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы М.К. Әбуова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Л.Е. Әбдiрахманова енгiзiлдi).

Комиссия отырыстарында тоқсан сайын ауылдық округтер әкiмдерiнiң, аудандық бөлiмдер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама аясында жұмыс және Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн орындауы бойынша қол астындағылармен жүргiзiлген жұмыстары туралы есептерi тыңдалады. 2017 жылдың басынан аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссияның 3 отырысы өткiзiлдi.

2017 жылғы 3 сәуiрде келесi мәселелер қаралды:

  1. «Мектеп ортасында рухани-адамгершiлiк және азаматтық-отансүйгiштiк тәрбие беру контекстiнде сыбайлас жемқорлық мәдениеттi қалыптастыру бойынша жүргiзiлген жұмыстар туралы» (баяндаушы: аудандық бiлiм бөлiмi басшысының орынбасары Э.М. Қарабаева)
  2. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы жүргiзген шаралары» (баяндаушы: аудандық iшкi саясат бөлiмiнiң басшысы Г.С. Слюсарь)

2017 жылғы 30 маусымда келесi мәселелер қаралды:

  1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның атқарушы органдарының қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы Ә.Ж. Әлiмғожин)

2017 жылғы 28 қыркүйекте келесi мәселелер қаралды:

  1. «Новоишим ауылдық округi әкiмiнiң сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: Новоишим ауылдық округiнiң әкiмi С.М. Айтмағамбетов)
  2. «Аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмi басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: аудандық ауыл шаруашылығы бөлiмiнiң басшысы Қ.М. Тоқпанов)

Құқықтық мәдениеттi және құқықтық ақпараттандыруды арттыру, заңдылықты, құқықтық тәртiптi және тәртiптiлiктi нығайту мақсатында құқықтық жаппай бiлiм беру бойынша дәрiстердiң оқыту-тақырыптық жоспары жыл сайын бекiтiледi.

Құқықтық жаппай бiлiм беру бойынша дәрiстердi тыңдаушылардың қатарына аудан әкiмi аппараттарының, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының қызметкерлерi, ауданның мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi жатады.

2017 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелерi бойынша 10 семинар өткiзiлдi:

Аудан әкiмi аппаратының персоналды басқару жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiмен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргiзiледi.

2017 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаудың бiр фактiсi орын алды («Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Новоишим ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ әкiмiнiң орынбасары Р.Ж. Жапаров).

Ауданның мемлекеттiк органдар басшылары Мемлекеттiк қызметшiлердiң кодексiнiң (мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп қағидалары) мәтiнiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде мемлекеттiк органдардың ғимараттарында жалпыға қол жетiмдi жерде орналастыру қамтамасыз етiлдi, стендтерде сенiм телефондар көрсетiлдi (аудан әкiмiнiң аппаратында сенiм телефоны 2-13-35, Қазақстан бойынша бiрыңғай сенiм телефоны 1424 (call-center).

Аудандық бөлiмдердiң және ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының мамандары Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiмен таныстырылды. Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексi барлық қызметкерлермен сақталады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аудан әкiмiнiң 2017 жылғы 11 қыркүйектегi №40 өкiмiмен әдеп жөнiндегi уәкiлдiң мiндеттерi аудан әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары Алтыншаш Жұлдызбекқызы Тайшабаеваға жүктелдi.

2017 жылы мемлекеттiк қызметке кiр келтiретiн тәртiптiк терiс қылық жасағаны үшiн қызметiне толық емес сәйкестiгi туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жауапкершiлiкке 2 мемлекеттiк қызметшi тартылды («Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ басшысы Қ.М. Тоқпанов, «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмi» КММ бас маманы Р.Б. Шарақпаева).

30 сыбайлас жемқорлық стандарты әзiрлендi (1 — аудан әкiмiнiң аппараты, 17 — ауылдық округтер әкiмдерiнiң аппараттары, 12 — аудандық бөлiмдер).

Азаматтардың сенiмiн нығайту, қызметтiң айқындылығын арттыру мақсатында, халықтың лауаздымдық мiндеттерiн асыра пайдалану фактiлерi және мемлекеттiк органның лауазымды тұлғаларының Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн, мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы, азаматтың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқықық бұзушылық жасау фактiлерi бойынша уақытылы шағымдану үшiн аудан әкiмi аппаратының, аудандық бөлiмдердiң және ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының жанында «Сенiм телефонының» үздiксiз жұмысы ұйымдастырылды, оның нөмiрi тоқса сайын аудандық «Есiл Өңiрi» және «Новости Приишимья» газеттерi арқылы аудан тұрғындарының мәлiметтерiне жеткiзiледi.

Ауданның мемлекеттiк органдарының басшылары азаматтардың жеке қабылдауына арнайы сағаттар бөлiнген, қабылдау кестелерi қол жетiмдi орындарда орналастырылған және тоқсан сайын аудандық газеттерде және веб-сайттарда жарияланады.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту және құқық қорғау қызметiн одан әрi жетiлдiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 22 сәуiрдегi Жарлығын iске асыру мақсатында мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың ережелерi мен жарғыларына басшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл үшiн дербес жауаптылық белгiлене отырып, осы жөнiнде мiндет жүктеу туралы тармақ қосылды.

Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау бойынша жұмысты жақсарту мақсатында ұдайы аудан әкiмiмен, оның орынбасарларымен, аудан әкiмi аппаратының басшыларымен, ауылдық округтер әкiмдерiмен, аудандық бөлiмдер басшыларымен бекiтiлген кестеге сәйкес азамттарды қабылдау жүргiзiледi.

Көрсетiлген кестелер мемлекеттiк органдардың үй-жайларында, азаматтар танысуы үшiн қол жетiмдi орындарда және мемлекеттiк органдардың веб-сайттарында орналастырылған.

Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау «Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

2017 жылғы 20 қазандағы жағдайға аудан әкiмi аппаратына келiп түскен өтiнiштер санын 469 өтiнiш құрады, оның iшiнде заңды тұлғалардан 44, жеке тұлғалардан 425, оның iшiнде 165 оң шешiлдi, 295 түсiнiктеме берiлдi, 9 қаралуда.

2016 жылғы 12 айда аудан әкiмi аппаратына келiп түскен өтiнiштер санын 544 өтiнiш құрады, оның iшiнде заңды тұлғалардан 75, жеке тұлғалардан 469, оның iшiнде 161 оң шешiлдi, 383 түсiнiктеме берiлдi.

Көрсетiлген кезеңде келiп түскен барлық өтiнiштер «Айқын» базасына енгiзiлiп, уақытылы қаралды.

Аудан әкiмiнiң аппаратында Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы комиссияға лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекетiне өтiнiштер мен шағымдарға арналғаг жәшiк орнатылған, бүгiнгi күнi өтiнiш түскен жоқ.

Жоспар кестеге сәйкес мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жүзеге асырылады, оның бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқып-бiлу енгiзiлдi.

Ағымдағы жылы 60 мемлекеттiк қызметшi оқудан өттi.

Мемлекеттiк қызметшiлердiң табыс және мүлiк туралы декларацияны уақтылы тапсыруы ұдайы бақылауда. Аудан әкiмiнiң сайтында жыл сайын «Өзiңнен баста» акциясының мәлiметтерi орналастырылады.

Ауданның мемлекеттiк органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен халықта сыбайлас жемқорлыққа қатысты мүлдем төзбеушiлiк қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кең ауқымды ақпараттандыру науқанын ұйымдастыру бойынша жүйелi жұмыс орнатылған. Аудандық газеттер беттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау бойынша жұмыстың маңыздылығын жарықтандыруға және тұтасымен алғанда мемлекеттiк органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың нәтижелiлiгiн көрсетуге бағытталған ақпараттық материалдар жарияланып отырады.

Аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында «Сыбайлас жемқорплыққа қарсы iс-қимыл», «Борьба с коррупцией», «Законы и общество» тақырыптық айдарлар жұмыс iстейдi.

2017 жылдың басынан бастап аудандық БАҚ («Есiл Өңiрi», «Новости Приишимья») сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiнде 38 мақала жарияланды.

Сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрiнiстерiне мүлдем төзбеушiлiк атомосферасын қалыптастыру және азаматтарды тез қабылдау мақсатында 2017 жылғы 2 маусымда «Болашаққа парасыз. Бiрге!» ұранымен ауданда ақпараттық-түсiндiру iс-шараларын жүргiзу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдiк топ өз жұмысын бастады. Аталған науқанды қамтамасыз ету үшiн арнайы безендiрiлген автобус бөлiндi.

Ағымдағы жылы 1 тамызда мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында «Жастардың нұрлы жолы» қоғамдық бiрлестiгiмен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» жобасы бастау алды. «Солнышко» балалар сауықтыру лагерiнде «ЖОҚ деп айт» үгiтбригадасының конкурсы және суреттер конкурсы өттi.

Чистополье, Рузаевка, Новоишим ауылдарында әлеуметтiк сауал, тренинг өткiзiлдi, тiлек бiлдiрушiлер заңгерлерден кеңес ала алды. Барлық қатысқандар сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi бойынша тарату материалдарын алды.

2017 жылғы 14 қыркүйекте «Жемқорлыққа Жол Жоқ» — «Скажи «Нет!» коррупции» ұранымен өткен автожарыс жобасы аяқталды. Одан соң «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының конференц-залында аудан әкiмi В.С. Дудовтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз ел — гүлденген ел» онлайн-конференциясы өттi. Оның қатысушылары аудандық бөлiмдер басшылары, Рузаев және Чистопол ауылдық округтер әкiмдерi болды, байланысқа Рузаев аграрно-техникалық колледжiнiң және Чистопол ОМ ұжымдары шықты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиiмдi шара мемлекеттiк қызмет көрсету стандарттарын енгiзу болып табылады. Бұл ретте мемлекеттiк қызметтердi енгiзу жұмыстың ашықтығы мен айқындығын және қабылданатын шешiмдердiң тиiмдiлiгiн арттыруды, қоғам мен билiк арасындағы керi байланыс тетiгiн құруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiне сәйкес ауданның жергiлiктi атқарушы органдары 100 түрлi мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Қызметтер қағаз және электрондық түрде көрсетiледi.

2017 жылғы 9 ай iшiнде ауданның жергiлiктi атқарушы органдарымен 32524 мемлекеттiк қызмет көрсетiлген, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 5414 мемлекеттiк қызметке немесе 20% артық (27110).

оның iшiнде:

  1. қызметтi берушiлермен қағаз түрiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер (Мемлекеттiк корпорациясын арқылы көрсетiлгендердi қоспағанда) — 6030;
  2. қызметтi берушiлермен қағаз түрiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер (Мемлекеттiк корпорациясын арқылы көрсетiлгендердi қоспағанда), алайда «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлуi мүмкiн болғандар — 26494.

2016 жылдың ұқсас кезеңiнде — 21110 мемлекеттiк қызмет, оның iшiнде:

  1. қызметтi берушiлермен қағаз түрiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер (Мемлекеттiк корпорациясын арқылы көрсетiлгендердi қоспағанда) — 21875;
  2. қызметтi берушiлермен қағаз түрiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер (Мемлекеттiк корпорациясын арқылы көрсетiлгендердi қоспағанда), алайда «электрондық үкiмет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлуi мүмкiн болғандар — 5235.

2016 жылғы 23 желтоқсанда аудан әкiмi аппараты басшысының №23 бұйрығымен 2017 жылға арналған мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына бақылау iс-шараларының жоспары бекiтiлдi.

Аталған жоспарға сәйкес ү.ж. қаңтар-қыркүйек аралығында 5 мемлекеттiк органдарда 4 бақылау iс-шаралары өткiзiлдi:

  • ақпан: «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Нежинка ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ;
  • сәуiр: «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Новосел ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ;
  • маусым: «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Тахтаброд ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ;
  • шiлде: «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Дружба ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ;
  • қазан: «Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Ломоносов ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ.

Бақылау iс-шаралары барысында тексеру парағының тармақтарына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуын талдау жүргiзiледi. Бақылау iс-шараларының қорытындысы бойынша 8 ұсыныс енгiзiлдi, ескертулер жойылды.

Бақылау iс-шаралары барысында мемлекеттiк қызметтер стандарттары мен регламенттер талаптарының сақталуын талдау ақпараттандырылуы, ақпараттың қол жетiмдiлiгi, уақытылы көрсету және құжаттардың толықтығы критерийлерi бойынша жүргiзiледi. Бақылау iс-шараларының қорытындысы бойынша 8 ұсыныс енгiзiлдi, ескертулер жойылды.

Аудан әкiмi аппаратының, аудандық бөлiмдердiң және ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының интернет-ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл» арнайы бөлiмi бар, аталған бөлiмдi сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өзектi ақпараттармен уақытылы толықтыру қамтамасыз етiлiп отырады.

Ауданда мемлекеттiк қызметте сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу және жолын кесу бойынша барлық қажеттi шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсендi насихаттау және халықтың басым көпшiлiгiн сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы ұдайы хабарлау жолымен жүргiзiледi.

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның жергiлiктi атқарушы органдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат

Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015 - 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары аясында жүзеге асырылады.

Ауданда аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссия құрылды (аудан әкімдігінің 04.11.2008 ж. № 309 қаулысы, бұдан бұрын 27.11.2006 ж. кезеңнен бастап сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесі әрекет етті).

Комиссия отырыстарында тоқсан сайын ауылдық округтер әкiмдерiнiң, аудандық бөлiмдер басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама аясында жұмыс және Мемлекеттiк қызметшiлердiң әдеп кодексiн орындауы бойынша қол астындағылармен жүргiзiлген жұмыстары туралы есептерi тыңдалады. Жыл басынан 2016 жылы аудан әкiмдiгi жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi өңiрлiк комиссияның 4 отырысы өткізілді.

2016 жылғы 31 наурызда келесi мәселелер қаралды:

  1. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша Рузаев ауылдық округінің әкімі жүргізген шаралары» (баяндаушы: Рузаев ауылдық округінің әкімі И.И.Кобялко).
  2. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша аудандық ветеринария бөлімінің басшысы жүргізген шаралары» (баяндаушы: аудандық ветеринария бөлімінің басшысы А.Б.Есентаева).

2016 жылғы 30 маусымда келесi мәселелер қаралды:

  1. «Бірлік ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: Бірлік ауылдық округінің әкімі О.А.Азлер).
  2. «Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: аудандық ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы С.Қ.Оразалин).

2016 жылғы 29 қыркүйекте келесi мәселелер қаралды:

  1. «Ломоносов ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: Ломоносов ауылдық округінің әкімі Н.Е.Нұрғалиев).
  2. «Аудандық кәсіпкерлік бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Ә.М.Мирхамидов).

2016 жылғы 25 қарашада келесi мәселелер қаралды:

  1. «Нежинка ауылдық округі әкімінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: Нежинка ауылдық округінің әкімі М.А. Дүйселеков).
  2. «Аудандықэкономика және қаржы бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылдаған шаралары туралы» (баяндаушы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.Ш.Әміржанов).

Құқықтық мәдениеттi және құқықтық ақпараттандыруды арттыру, заңдылықты, құқықтық тәртiптi және тәртiптiлiктi нығайту мақсатында құқықтық жаппай бiлiм беру бойынша дәрiстердiң оқыту-тақырыптық жоспары жыл сайын бекiтiледi.

Құқықтық жаппай бiлiм беру бойынша дәрiстердi тыңдаушылардың қатарына аудан әкiмi аппараттарының, ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының қызметкерлерi, ауданның мемлекеттiк органдарының қызметкерлерi жатады.

2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша 12 семинар өткізілді:

29.01.2016 ж. – Жаңа ҚР Еңбек кодексіне енгізілген негізгі өзгерістер және ерекшелігі туралы;

25.02.2016 ж. – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын түсіндіру;

28.03.2016 ж. - «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңын түсіндіру;

21.04.2016 ж. - «Жеке және заңдытұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңын түсіндіру;

27.05.2016 ж. – Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза салу тәртібі туралы;

21.06.2016 ж. – Азаматтардың бойында елдің мемлекеттік рәміздеріне деген құрметті тәрбиелеу;

29.07.2016 ж. - «Медиация туралы» ҚР Заңын түсіндіру;

24.08.2016 ж. - Сыбайлас жемқорлық — қоғамға қауiптi құбылыс. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шаралары. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауаптылық;

19.09.2016 ж. – ҚР азаматтарының әлеуметтік жәрдемақылары және кепілдіктері.

28.10.2016 ж. - Мұқтаж азаматтарға қызметтiк және теңестiрiлген тұрғын үйлер беру тәртiбi

28.11.2016 ж. – «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңын түсіндіру;

21.12.2016 ж. - Жер заңнамасын оқып-бiлу. Жеке және заңды тұлғаларға жер телiмiн беру тәртiбi. Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң негiзгi түсiнiктемелерiн түсiндiру

Аудан әкімі аппаратының персоналды басқару жөніндегі құрылымдық бөлімшесімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға тұрақты мониторинг жүргізіледі.

2016 жылы мемлекеттік қызметшілер және мемлекеті фукциясын атқаруға уәкілетті тұлғалар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

2016 жылдың басынан сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаудың бір фактісі орын алды.

Ауданның мемлекеттік органдар басшылары Мемлекеттік қызметшілердіңә кодексінің (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) мәтінін мемлекеттік және орыс тілдерінде мемлекеттік органдардың ғимараттарында жалпыға қол жетімді жерде орналастыру қамтамасыз етілді, стендтерде сенім телефондар көрсетілді (аудан әкімінің аппаратында сенім телефоны 2-13-35, Қазақстан бойынша бірыңғай сенім телефоны 1494 (call-center)).

Аудандық бөлімдердің және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мамандары Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексімен таныстырылды. Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі барлық қызметкерлермен сақталады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

Азаматтардың сенімін нығайту, қызметтің айқындылығын арттыру мақсатында, халықтың лауаздымдық міндеттерін асыра пайдалану фактілері және мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларының Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін, мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, азаматтың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқықық бұзушылық жасау фактілері бойынша уақытылы шағымдану үшін аудан әкімі аппаратының, аудандық бөлімдердің және ауылдық округтер әкімдері аппараттарының жанында «Сенім телефонының» үздіксіз жұмысы ұйымдастырылды, оның нөмірі тоқса сайын аудандық «Есіл Өңірі» және «Новости Приишимья» газеттері арқылы аудан тұрғындарының мәліметтеріне жеткізіледі.

Ауданның мемлекеттік органдарының басшылары азаматтардың жеке қабылдауына арнайы сағаттар бөлінген, қабылдау кестелері қол жетімді орындарда орналастырылған және тоқсан сайын аудандық газеттерде және веб-сайттарда жарияланады.

«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 22 сәуірдегі Жарлығын іске асыру мақсатындамемлекеттік органдардың және ұйымдардың ережелері мен жарғыларына басшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде міндет жүктеу туралы тармақ қосылды.

Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау бойынша жұмысты жақсарту мақсатында ұдайы аудан әкімімен, оның орынбасарларымен, аудан әкімі аппаратының басшыларымен, ауылдық округтер әкімдерімен, аудандық бөлімдер басшыларымен бекітілген кестеге сәйкес азамттарды қабылдау жүргізіледі.

Көрсетілген кестелер мемлекеттік органдардың үй-жайларында, азаматтар танысуы үшін қол жетімді орындарда және мемлекеттік органдардың веб-сайттарында орналастырылған.

Азаматтарды жеке қабылдауда 221 адам қабылданды:

  • аудан әкімімен 23 қабылдау жүргізіліп, 92 адам қабылданды;
  • аудан әкімінің орынбасарларымен 51 қабылдау жүргізіліп, 116 адам қабылданды;
  • аудан әкімі аппаратының басшысымен 9 қабылдау жүргізіліп, 13 адам қабылданды.

Жоспар кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүзеге асырылады, оның бағдарламасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқып-білу енгізілді.

Ағымдағы жылы 81 мемлекеттік қызметші оқуда өтті:

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау өңірлік орталығында қайта даярлау курстарынан 36 адам өтті, оның ішінде басшылық лауазымға алғаш түскендер – 14 адам.

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарынан 45 адам өтті, оның ішінде:

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Кадр жұмысын және әскери есепке алуды ұйымдастыру» тақырыбында 4 адам, «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру» тақырыбында 1 адам, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдардың, мекемелердің және ұйымдардың заң бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру» тақырыбында 1 адам;

Қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарының өңірлік орталығында біліктілікті арттырудан 36 адам өтті;

Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясында «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында 1 адам, «Терроризмнің және діни экстремизмнің алдын алуды ұйымдастыру» ҚР ТҚО қызметінің желісі бойынша 1 адам;

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Азаматтық қорғаудың республикалық оқыту-әдістемелік орталығында 1 адам.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты ескерту, алдын алу бойынша шешуші сәттердің бірі іс жүргізудің, есепке алу-тіркеу тәртібінің, «Жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтініштерін қарау жағдайы болып табылады.

2016 жылдың 12 айы ішінде аудан әкімінің аппаратына түскен өтініштер саны - 544, оның ішінде заңды тұлғалардан – 75, жеке тұлғаларға – 469, олардың ішінен оң шешілгендер - 161, түсіндірілді – 383.

Аудан әкімінің блогына 7 өтініштер, қоғамдық қабылдау бөлмесіне 6 өтініш келіп түсті, түскен өтініштер жауаптармен «Қоғамдық қабылдау» бөлімінде орналастырылады.

Жоғарыда көрсетілген мерзімде түскен барлық өтініштер «Айқын» базасына енгізіліп, уақытылы қаралды. Өтініштердің қарастыру мерзімдерінің бұзылуына жол берілген жоқ.

2015 жылы аудан әкімінің аппаратына түскен өтініштер саны - 530, оның ішінде заңды тұлғалардан – 65, жеке тұлғаларға – 254, жеке қабылдау – 211, олардың ішінен оң шешілгендер - 128, түсіндірілді – 402.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді шара мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын енгізу болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қызметтерді енгізу жұмыстың ашықтығы мен айқындығын және қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттыруды, қоғам мен билік арасындағы кері байланыс тетігін құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ауданның жергілікті атқарушы органдары 87 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді, оның ішінде: білім бөлімі - 24, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі – 19, ауыл шаруашылығы бөлімі - 10, аудан әкімі аппаратының АХАТ бөлімі– 9, жер қатынастары бөлімі - 7, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі, құрылыс бөлімі, ветеринария бөлімі мен ауылдық округ әкімдіктері 4 мемлекеттік қызметтен көрсетеді, дене шынықтыру және спорт бөлімінде, экономика және қаржы бөлімінде - 1 қызмет.

Қызметтер қағаз және электрондық түрде.

2016 жылдың 12 ай ішінде ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 34920 мемлекеттік қызмет көрсетілген, соның ішінде:

Қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер (Мемлекеттік корпорациясын арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) – 24793;

Қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер (Мемлекеттік корпорациясын арқылы көрсетілгендерді қоспағанда), алайда «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болғандар – 6504;

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 3388;

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 235, оның ішінде:

  • ЭҮП (электрондық үкімет порталы) арқылы - 218,
  • «Е-лицензиялау» ММБ арқылы - 17.

2016 жылғы 28 сәуірде аудан әкімі аппараты басшысының № 6 бұйрығымен 2016 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

Аталған жоспарға сәйкес ү.ж. мамыр-қазан аралығында 19 мемлекеттік органдарда 19 бақылау іс-шаралары өткізілді:

  • мамыр: 30 мамырда – құрылыс және білім бөлімдері, 31 мамырда – Шұқыркөл ауылдық округі әкімінің аппараты мен Жұмыспен қамту орталығы;
  • маусым: 20 - 22 маусымда - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 22 маусымда – жер қатынастары бөлімі, 28-30 маусымда – ТКШ бөлімі, 27 маусымда - экономика және қаржы бөлімі;
  • шілде: 25 шілдеде – ветеринария бөлімі, 26 шілдеде спорт бөлімі, 27 шілдеде Чистопол ауылдық округі әкімінің аппараты, 29 шілдеде Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты;
  • тамыз: 22 тамызда Салқынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты ауданның, 29 тамызда Возвышен ауылдық округі әкімінің аппараты, 31 тамызда - Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты;
  • қыркүйек: 28 қыркүйекті Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты.
  • қазан: 31 қазанда Червонный ауылдық округі әкімінің аппараты.
  • қараша: 28 қарашада - Новоишим ауылдық округі әкімінің аппараты.
  • желтоқсан: 28 - 30 желтоқсанда Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің аппараты.

Бақылау іс-шаралары барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттер талаптарының сақталуын талдау ақпараттандырылуы, ақпараттың қол жетімділігі, уақытылы көрсету және құжаттардың толықтығы критерийлері бойынша жүргізіледі.

Тексерілетін кезеңде уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетпеу фактілері анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметті сапасыз көрсетуде өрескел бұзушылықтарға әкеп соғатын себептер болған жоқ.

Бақылау іс-шараларының нәтижесінде, аудандық бөлімдердің басшыларына, ауылдық округ әкімдеріне ақпараттық стендте және «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде келесілерді орналастыру қажеттілігі туралы ұсыныстар енгізіледі: мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауапты қызметкердің байланыс деректері; қабылдау мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кестесі; «Электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы ақпарат; өз мемлекеттік органының интернет-ресурсында мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы ақпаратты орналастыру және уақытылы жаңарту және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзуға жол бермеу.

Мемлекеттік қызметшілердің табыс және мүлік туралы декларацияны уақтылы тапсыруы ұдайы бақылауда.

Ауданның мемлекеттiк органдары бұқаралық ақпарат құралдарымен халықта сыбайлас жемқорлыққа қатысты мүлдем төзбеушiлiк қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша кең ауқымды ақпараттандыру науқанын ұйымдастыру бойынша жүйелi жұмыс орнатылған. Аудандық газеттер беттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау бойынша жұмыстың маңыздылығын жарықтандыруға және тұтасымен алғанда мемлекеттiк органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстың нәтижелiлiгiн көрсетуге бағытталған ақпараттық материалдар жарияланып отырады.

2016 жылдың басынан бастап 18 мақала жариялады («Есіл Өңірі», «Новости Приишимья»).

Аудан әкімі аппаратының, аудандық бөлiмдердiң және ауылдық округтер әкiмдерi аппараттарының интернет-ресурстарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бөлімі бар, аталған бөлімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы өзекті ақпараттармен уақытылы толықтыру қамтамасыз етіліп отырады.

Ауданда мемлекеттiк қызметте сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнiң алдын алу және жолын кесу бойынша барлық қажеттi шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты белсендi насихаттау және халықтың басым көпшiлiгiн сыбайлас жемқорлықпен күрес барысы туралы ұдайы хабарлау жолымен жүргiзiледi.

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2017 16:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.10.2019 10:15

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+