Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ауыл шаруашылығы және ветеринария

Агроөнеркәсіп кешенінде жаңа сақтандыру жүйесі іске қосылды

2020 жылғы 8 маусым

Елiмiздiң агроөнеркәсiп саласында жаңа сақтандыру жүйесi iске қосылды. Оның сақтандыру операторы «ҚазАгро» Холдингiнiң еншiлес компаниясы — Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры.

2004-жылдан берi Өсiмдiк шаруашылығын мiндеттi сақтандыру жүйесi жұмыс iстеп келген болатын. Ал, мына жаңа жүйе одан ерекше болмақ.

Бiрiншiден, агроөнеркәсiп кешенiндегi сақтандыру ендi ерiктi түрде болады.

Екiншiден, салаларға шектеу жоқ. Аграрлық сектордың кез келген бағыты сақтандырылады.

Үшiншiден, сақтандыру сыйақыларын мемлекет субсидиялайды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердi ынталандыруға және сақтандыру шартын жеңiлдетуге бағытталған. Сақтандыру сыйақы сомасының 50 %-ын мемлекет субсидиялайды. Ол үшiн биыл республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлiндi.

- Жаңа жүйенi әзiрлеу кезiнде өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандырудың проблемалық мәселелерi ескерiлдi, — дейдi «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарушы директоры — басқарма мүшесi Асқар Қалиев. — Мәселен, ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң мүдделерiн қорғау мақсатында жүйеде Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөнiндегi агенттiктiң лицензиясы бар сақтандыру компаниялары ғана жұмыс iстей алады.

Жаңа жүйеде әлемдiк сақтандыру нарығында «А» рейтингi бар үш халықаралық қайта сақтандыру компаниясы жұмыс iстейтiн болды. Олар отандық компаниялар сақтандыратын тәуекелдердi қайта сақтандырады. Бұл сақтандыру тәуекелдерi туындаған жағдайда кепiлдi төлемдердi қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Шарт жасасудан бастап төлеммен аяқталатын барлық процедуралар электронды цифрлық қолтаңба арқылы Qoldau.kz электронды платформасында жүргiзiледi. Процестердi автоматтандыру адами факторды азайтады және жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етедi.

Бүгiнгi таңда Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры топырақтағы ылғалдың индексiне негiзделген сақтандыру өнiмдерiн бекiттi, — дейдi Асқар Қалиев. — Сақтандыруға жататын дәндi дақылдар бидай, арпа, сұлы, жүгерi. Ал, майлы дақылдар күнбағыс, рапс, зығыр өнiмдерi. Мониторингтi жүзеге асыру үшiн ақпарат Жердi қашықтан зондтау көздерiнен алынады.

Ылғал деңгейiнiң мониторингi тұрақты негiзде жүргiзiледi және сақтандыру жағдайыныңдеректерi автоматты түрде тiркеледi.

Сақтандыру жағдайытуындағаны туралы Qoldau.kz жүйесiндегi жеке кабинетiне немесе жеке электронды поштасына келген хабарламаны алғаннан кейiн сақтанушы (ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi) төлем жасайтын сақтандырушыға (сақтандыру компаниясына) өтiнiш бередi.

Бұрынғы жүйедегi алынған деректер бойынша сақтандыру жағдайларының 60%-тен астамы ылғалдың жетiспеуiнен, яғни құрғақшылыққа қатысты болды. Осыған байланысты өнiмдi құрғақшылықтан сақтандыру ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, егiс науқанының аяқталу мерзiмi де ескерiледi.

Ылғалдың жетiспеу қаупiнен сақтандыру үшiн ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлер биыл 15 маусымға дейiн сақтандыру шартын жасасуы қажет.Сақтандыру кезеңi 3 айды қамтиды. Яғни, 15-мамырдан 15-тамызға дейiнгi аралық есепке алынады.

Ылғалдың шамадан тыс болуына қатыстысақтандыру келiсiмшартын 15-тамызға дейiн бекiту қажет. Сақтандыру 2020-жылдың 15-тамызынан 15-қыркүйегiне дейiнгi аралықта жүргiзiледi.

Алдағы уақытта агроөнеркәсiп кешенiндегi сақтандыру өнiмдерiнiң нарықтағы қажеттiлiгi ескерiлiп, тiзiмi кеңейтiлетiн болады.

Барлық сұрақтар бойынша Солтустiк Қазақстан филиал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-на +7(7152)465148 телефон нөмiрi бойынша хабарласуға болады.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Баспасөз қызметi
Тел.: 8 800 080 3505

Экспорттау кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық сертификат беру (19.06.2019 ж.) (ZIP 536 Kb)

«Экспорттау кезiнде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлерге ветеринариялық сертификат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (19.06.2019 ж.) (ZIP 30 Kb)

Малшаруашылығын өркендету

Мақаланың шыққан күні: 27.06.2017 09:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.06.2020 12:44

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2020
ДсСсСрБсЖмСнЖк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКСПОРТ ПОРТАЛЫ ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest» «БЖЗҚ» АҚҚазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2020 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+