Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Құрылыс

Құрылыс бойынша ақпарат

Құрылыс жұмыстарының көлемi 2018 жылы 5085,8 млрд. теңгенi құрады (үлесi 6,4%).

Жеке инвестициялар есебiнен 2,541 млн. теңге көлемi орындалды, бұл 2017 жылдың көлемiнен 1,730,9 млн. теңгеге артық (жылына 811,1 млн. теңге).

Қазiргi уақытта Новоишим ауылында Советская көшесi бойында «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру аясында инженерлiк желiлерi бар 50 пәтерлi жалға берiлетiн-коммуналдық тұрғын үйдiң құрылысы жүргiзiлуде. Құрылысқа 420 млн. теңге бөлiндi. Нысанды пайдалануға беру 2019 жылға жоспарланған. Тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтарға берiлетiн болады.

«Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi iске асыру үшiн Новоишим селосында Локомотивная көшесiнде инженерлiк желiлерi бар 50 пәтерлi тұрғын үй құрылысына және аумақты абаттандыруға жобалау-сметалық құжаттама әзiрлендi.

2018 жылы 13,5 мың ш. м. тұрғын үй пайдалануға берiлдi, оның iшiнде 98,7% — халық есебiнен және 1,3% — «АФ Приишимский» ЖШС Шаруашылық субъектiлерiнiң есебiнен (120 ш. м.).

Құрылыс саласындағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

2018 жылдың 9 айында алдын ала болжам бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2 692,5 млн. теңгені немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 114,0% құрады (2017 жылы көлемі 2 179,6 млн. теңгені құрады).

2018 жылға құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы 9100 шаршы метр тұрғын үйді іске қосу жоспарын жеткізді.

9 айда 9 117 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен арақатынаста 102,4% құрайды (2017 жылы 8 901 шаршы метр тапсырылды).

Мемлекеттiк қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша 2017 жылы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған тұлғалар:

Оразымбетова Рита Жексембiқызы — Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның №1 сотының судьясы.

Мемлекеттiк қызметшiлердi тұрғын үймен қамтамасыз ету

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша 2016 жылы мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй алған тұлғалар:

  1. Ермекова Дана Қайратқызы (Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ОАА СӨС дәрiгерi)
  2. Әбiлқалыкова Сәуле Еркенқызы (Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның АIIБ штабының аға инспекторы полицияның аға лейтенанты)
  3. Әмiржанов Талғат Шақанұлы («Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның экономика және қаржы бөлiмi» ММ басшысы)
  4. Оразалин Серiк Қуанышұлы («Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi» ММ басшысы)
  5. Қабдуннасов Жәдiгер Мұхтарұлы (Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң көмекшiсi)
  6. Айманов Нұрлан Бағдәулетұлы (Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ОАА бас дәрiгерi)

Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы

Тұрғын үйдiң құрылысы, оларды сыртқы инженерлiк желiлермен және аумақты абаттандырумен, инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылымды өткiзумен қамтамасыз етуiн есепке алумен «Нұрлы жол», 2020 жылға дейiнгi Өңiрлердi дамытудың және Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламалары шеңберiнде жүзеге асырылды.

Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы (әрi-қарай Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберiнде әзiрленген.

Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының мынадай негiзгi бағыттары көзделедi:

1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшiн тұрғын үй.

2. ҚТҚЖБ желiсi бойынша тұрғын үй:

  1. халықтың барлық санаты үшiн;
  2. жас отбасылар үшiн.

3. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — «ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үйi:

  1. сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй;
  2. сатып алу құқығынсыз жалға берiлетiн тұрғын үй.

4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ) тұрғын үйi.

5. Авариялық тұрғын үйдi бұзу жөнiндегi пилоттық жобалар шеңберiндегi тұрғын үй.

6. Жеке меншiк тұрғын үй.

«Қазақстанның үшiншi жаңғыртуы: ғаламдық бәсекеге қабiлеттiлiк» Қазақстан халқына Жолдауындағы Қазақстан Республикасы Президентiмен 2017 жылдың 31 қаңтарда тапсырылған екiншi кешендi мiндетiн орындау аясында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының iс-шаралар жоспарын iске асыруға дайын.

Пилоттық жоба шеңберiнде ДСК технологияларды және жергiлiктi құрылыс материалдарды қолданумен бiрыңғай сәулеттiк стильде жеке тұрғын үйдiң құрылысы жоспарланды. Объектiлердiң қаржыландыруы кредиттiк тұрғын үйдiң құрылысына борышкерлiк бағалы қағаздарды шығару жолымен, «Бәйтерек Девелопмент» АҚ бұрын тартылған қаражаты есебiнен револьвердiк тетiгiн қолданумен.

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы ең бiрiншi мақсаты азаматтар үшiн тұрғын үйге қол жетiмдiлiк болып табылады.

Халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң тұрғын үй мәселесiн шешу үшiн мемлекет жалға берiлетiн (коммуналдық) тұрғын үй салуды жүзеге асыруда.

2012 жылдан берi халықтың ауқымды жiктерi, оның iшiнде әлеуметтiк осал жiктер мен жас отбасылар үшiн жергiлiктi атқарушы органдар және мемлекет қатысатын компаниялар жалға берiлетiн тұрғын үйдi, сондай-ақ тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесiнiң кредиттiк тұрғын үйiн салуды жүзеге асыра бастады.

Халықтың тұрғын үйге қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысының негiзгi бағыттарын көздейтiн, Өңiрлердi дамытудың 2020 жылға дейiнгi бағдарламасы iске асырылуда, оның iшiнде:

  1. жалға берiлетiн (коммуналдық) тұрғын үйлер;
  2. тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесiнiң кредиттiк және жалға берiлетiн тұрғын үйлерi;
  3. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлiк қоры» АҚ-ның жалға берiлетiн тұрғын үйлерi;
  4. «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның жалға берiлетiн тұрғын үйлерi;
  5. жеке меншiктегi тұрғын үйлер.

Қолжетiмдi тұрғын үй тапшылығы проблемасын шешу үшiн неғұрлым перспективтi және қолжетiмдi құрал ретiнде жалға берiлетiн тұрғын үй құрылысының көлемi ұлғайтылады.

Осыған байланысты тұрғын үй инфрақұрылымы «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның желiсi бойынша жалға берiлетiн тұрғын үйдi дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат беру жолымен нығайтылатын болады.

«Нұрлы жол» бағдарламасының «Кредиттiк тұрғын үй» бағытын iске асыру шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органмен (әрi қарай ЖАО) және «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ (әрi қарай — Банк) арасында инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберiнде жұмыс жасау туралы Меморандумдарға қол қойылды (әрi қарай — Меморандумдар). ЖАО салған кредиттiк тұрғын үйдi сатып алуға Банктiң талаптарына сәйкес ЖАО кезектегiлер тiзiмiндегi салымшыларынан көрсетiлген құжаттарға сәйкес Банкпен кредиттелетiн болады.

Осымен қатар хабарлаймыз, ЖАО кезектегiлер санын қолдау мақсатында, 21.09.2016 жылы Банк Директорларының Кеңесiмен ЖАО кезектегiлер үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келiсiм шарт жасауға комиссияны алып тастау туралы шешiмi қабылданды, бүгiнгi күнi ЖАО кезектегiлерi ақысыз тегiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келiсiм шарт жасауға және мемлекеттен 200 АЕК астам сомма 20 пайыз көлемiнде сый алуға мүмкiндiктерi бар.

ЖАО арқылы несиелiк тұрғын үйдi жалға алу үшiн әлеуеттiк үмiткерлер болып табылатындарға «Кредиттiк тұрғын үй» бағыты бойынша ЖАО кезектегiлерi конкурсқа қатысу үшiн тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы (жоқ болған жағдайда) Банкпен «Нұрлы жол» бағдарламасына қатысуға өтiнiш беру мүмкiндiгi үшiн келiсiм шарт жасау қажет.     

Сонымен қатар, азаматтардың коммерциялық тұрғын үй сатып алу мүмкiндiктерiн кеңейту және тұрғын үй жинақтары мен азаматтардың тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу салымдарының қорғалуын арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады.       Үлестiк тұрғын үй құрылысын жүйесiн дамыту үшiн үлескерлердiң үлестiк салымдарына кепiлдiк беру тетiгi мен оларды сақтандыру институты енгiзiледi. Осы мақсаттарда қазiргi «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры» АҚ базасында үлестiк құрылысқа қатысушыларға қаржылық орнықтылығы, тәжiрибесiнiң болуы бойынша бiлiктiлiк талаптарын қоятын және инжинирингтiк компаниялар арқылы үлескерлер ақшасының нысаналы пайдаланылуын бақылау тетiгiн енгiзетiн мамандандырылған ұйым құрылатын болады. Үлестiк салымдарға кепiлдiк беру тетiгiн iске асыруды қамтамасыз ету үшiн Ұлттық қор қаражаты есебiнен «Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры» АҚ-ны капиталдандыру жүзеге асырылады.

Кепiлдiк беру тетiгiн енгiзу тұрғын үй құрылысына қосымша инвестициялар тартуға мүмкiндiк бередi және азаматтардың үлестiк құрылысқа қатысу тәуекелдерiн айтарлықтай төмендетедi.

Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан бойынша мемлекеттiк бағдарламалар шеңберiнде келесi объектiлер салынып, кезекте тұрғандар қоныстандырылды:

  • 2009 жылы 12 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлген, жалпы аумағы 780, 16 ш. м., құны — 82 197 121 тг;
  • 2010 жылы ипотекалық 12 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлген, жалпы алаңы 780 шаршы метр, құны — 79 634 731 тг., Қазақстан Республикасындағы 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы мемлекеттiк бағдарламасысы аясында;
  • 2011 жылы 18 пәтерлi тұрғын үй пайдалануға берiлiп, жалпы аумағы 1544,6 ш. м., құны — 120 097 480 тг., «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттiк бағдарламасы аясында;
  • 2014 жылы 50 пәтерлiк тұрғын үй пайдалануға берiлген, жалпы ауданы 4 182,4 ш. м., құны — 357 712 930 тг., «Қолжетiмдi тұрғын үй-2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясын.

01.01.2017 жылғы жағдайға тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебiнде 797 тұр, соның iшiнде;

  • 267 адам — мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi мен әскери қызметкерлер тiзiмiнде;
  • 225 адам — жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тiзiмiнде;
  • 303 адам — әлеуметтiк әлжуаз азаматтардың тiзiмiнде;
  • 2 адам — жалғыз тұрғын үйi заңнамада белгiленген тәртiппен аппатты жағдайда деп танылған азаматтар тiзiмiнде.

Бөлiм басшысы
С. Оразалин

Мақаланың шыққан күні: 27.06.2017 09:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.02.2019 10:01

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+