Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Зейнетақы жүйесін жаңғырту

03.10.2019 ж.

БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне және «БЖЗҚ» АҚ-тың 2018 жылы атқарған қызметіне қатысты сенімсіз, жалған ақпараттар тарап кетті. Азаматтар үшін анық, шынайы ақпараттың қажеттілігін ескере отырып, «БЖЗҚ» АҚ мына мәліметтерді хабарлайды

2018 жылғы табыстылық бойынша негізгі көрсеткіштер

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы активтері (ол зейнетақы жарналарын, зейнетақы активтерін инвестициялаудан түсетін табысты қамтиды және салымшылар мен алушылардың меншігі болып табылады) мен меншікті активтер (ол инвестициялық қызмет, БЖЗҚ-ның инвестициялық қызметі, меншікті операциялық шығындары және қызметтерді одан әрі дамытуға қатысты барлық шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған) бөлек есепке алынады.

Салымшылардың зейнетақы активтері бойынша: 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшылардың шоттарына үлестірілген таза инвестициялық табыс 917,1 млрд теңгені құрады. Бұл ретте табыстылық 11,27 пайызды көрсетсе, инфляция деңгейі 5,3 пайыз болды. Осылайша 2018 жылы зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 5,97 пайызға жетті.

БЖЗҚ меншікті активтері бойынша: 2018 жылы салық салынғаннан кейінгі таза пайда 41,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 8,6 млрд теңге көлемінде пайда салығы төленді.

БЖЗҚ қызметінің негізгі көрсеткіштері, зейнетақы активтерін басқару туралы ақпарат enpf.kz сайтына орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.

БЖЗҚ 2018 жылғы комиссиялық сыйақысы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 53-бабына сәйкес БЖЗҚ үшін комиссиялық сыйақысының шекті шамасы: инвестициялық табыстың 7,5 пайызынан және зейнетақы активтерінің айына 0,025 пайызынан аспайтын шекте белгіленген.

Сыйақының БЖЗҚ үшін жыл сайынғы нақты шамасы Ұлттық Банк Басқармасының шешімімен бекітіледі. 2019 жылы Қордың комиссиялық сыйақысы инвестициялық табыстың 5,0 пайызын және зейнетақы активтерінің айына 0,015 пайызын құрады.

Атап өту керек, аталған көрсеткіштер 2014 жылдан бері бірнеше рет кезең-кезеңмен қысқартылды, сөйтіп 2019 жылға қарай инвестициялық табыстың шекті шамасынан 33 пайызға (2014 жылы — 7,5%), ал зейнетақы активтерінің шекті шамасынан 40 пайызға (2014 жылы — 0,025%) қысқарды. Ұлттық Банк комиссиялық сыйақының көлемін одан әрі азайтуды қарастырып жатыр.

БЖЗҚ заңға сәйкес комиссиялық сыйақының екі түрін де алады, сөйтіп барлық шығындарды, олардың ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты шығындарды да жабады. БЖЗҚ-ның меншікті капиталының өсімі және меншікті активтерді инвестициялау комиссиялық сыйақыны одан әрі төмендетуге мүмкіндік береді.

БЖЗҚ-ның 2018 жылғы әкімшілік шығындары

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жалпы әкімшілік шығындары — 4,3 млрд теңге, қызметкерлер құрамына жұмсалған шығындары — 7,9 млрд теңгені құрады. Бұл шығындар заңнамада көрсетілген барлық төлемдерді, салықтар мен әлеуметтік аударымдарды қамтиды. Қордың 2018 жылғы қаржылық есептілігі Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарына сәйкес жасалған.

Бұдан басқа, БЖЗҚ әкімшілік шығындарға жатпайтын шығындарды өтеді. Бұл зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және кастодиан банктің қызметтері бойынша шығындар. 2018 жылы мұндай шығындардың жалпы сомасы шамамен 8,2 млрд теңгені құрады. Бұл ретте сенімгер басқарушыға төленетін комиссиялық сыйақыға қатысты шығындар 2018 жылы елеулі түрде қысқарды (2017 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса қысқарған).

Тәуелсіз аудитор — Deloitte» компаниясы куәландырған толыққанды аудиттелген есептілік Қор сайтының «Көрсеткіштер» — «Жылдық аудиторлық есеп» бөліміне орналастырылған.

Жалпы әкімшілік шығындар

2018 жылдың қорытындысы бойынша әзірленген қаржы есептілігінің деректеріне сәйкес Қордың жалпы әкімшілік шығындары 2018 жылы 4,3 млрд теңгені құрады.

Бұл сома мынадай шығыс баптарын қамтиды:

  • негізгі құрал-жабдықтардың өтемпұлы (1,16 млрд теңге);
  • операциялық жалдау (783 млн теңге). 2018 жылы бүкіл республика бойынша Қордың 231 қызмет көрсету кеңселері жұмыс істеді. Өткен жылы Қордың өңірлік кеңселерінде және көшпелі қызмет көрсету барысында 5,3 млн астам операция орындалды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бері электрондық қызметтердің өсуі және операциялық бөлімшелерге түсетін жүктеменің азаюына байланысты қызмет көрсету кеңселерінің саны 215-ке дейін қысқартылды;ақпараттық және телекоммуникациялық қызметтерге кеткен шығындар
  • (391,0 млн теңге), оған зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде деректер алмасу үшін байланыс арналарын жалға алу төлемі, интернетке қол жеткізуге арналған байланыс арналарын жалға алу, мобильдік кеңселердің жұмыс істеуіне арналған телефон және жерсеріктік байланыс қызметтері кіреді;
  • ақпарат беру-түсіндіру жұмыстары (277 млн теңге). Қор алдында халық арасында белсенді түрде ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша стратегиялық міндет тұр. Ол азаматтардың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық қызметтің нәтижесі, зейнетақы жарналарын төлеу, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған. Бұдан басқа салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушыларды қызықтыратын маңызды ақпараттар жариялау. 2018 жыл барысында республикалық және облыстық газеттерде, интернет-порталдар мен телеарналарда шамамен 30 мың материал жарияланды;
  • пошталық шығындар (256 млн теңге), олар жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы салымшыларға жыл сайын хабар беру қызметіне төленеді;
  • бағдарламалық жасақтаманы қолдау және оны дамытуға кеткен шығындар (225 млн теңге). Еске саламыз, БЖЗҚ 10 млн-нан астам шоттағы жинақтардың есебін жүргізеді. Қордың көрсететін қызметтерінің 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Ал бұл ақпараттық жүйені тұрақты дамытуды және дерекқордың қауіпсіздігін және құпиялылылғын қамтамасыз етуді талап етеді;
  • негізгі құралдарды жөндеу және пайдалану (151 млн теңге);
  • коммуналдық қызметтер (123 млн теңге);
  • операциялық қызметтер бойынша автокөліктерді жалға алу барлық өңірлік филиалдар және орталық аппарат бойынша, оның ішінде салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету үшін еліміздің шалғай аудандарына баратын мобильдік кеңселерге кеткен шығындар (95 млн теңге).

Еңбекақы қорына қатысты шығындар

2019 жылдың 1 қаңтарынан бері қызметкерлер құрамы 1981 адамнан 1735 адамға (12,4 пайызға) дейін қысқарды. Барлығы 2017 жылдан 2019 жылға дейінгі аралықта «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 2302 адамнан 1735 адамға дейін немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше 2017-2018 жылдары қызметкерлер құрамына қатысты шығын 13 пайызға төмендеді.

Осылайша қызметкерлер құрамы мен еңбекақы төлеу қоры БЖЗҚ-ның бизнес-үдерістерді оңтайландыру, қызметтерді автоматтандырып, электрондық форматқа ауыстыру, операциялық бөлімшелерді оңтайландыру, еңбек өнімділігі мен жұмыскерлердің тиімділігін арттыру бойынша атқарып жатқан жұмыстарының арқасында елеулі түрде қысқартылды.

Қор қызметкерлері жалақысының көлемі олардың лауазымы, біліктілігі, қызметтік міндеті және жауапкершілігіне сәйкес тағайындалады. БЖЗҚ-да орташа жалақы көлемі Қазақстан бойынша орташа жалақы көлемінен жоғары емес. Жұмыскерлерге жұмыс нәтижесі бойынша төленетін сыйлықақыны ескеретін болсақ, БЖЗҚ-дағы жалақы деңгейі қаржы саласындағы орташа атаулы жалақыға жақындатылған, бірақ одан 25 пайызға төмен.

Бұл ретте Қорда білікті мамандардың жұмыс істейтіндігін ескерген жөн. Қызметкерлердің 95 пайыздан астамы жоғары білімді және негізінен экономика, қаржы, заңтану, естептегіш техникалар, ақпараттық техникалар, аудит, қаржылық талдау және тәуекелдерді басқару салалары бойынша маманданған. Жұмыскерлердің басым бөлігінің БЖЗҚ-дағы еңбек өтілі 3 жылдан 10 жылға дейін. Сондай-ақ қосымша арнайы дайындықтары және біліктілік сертификаттары бар.

«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес лауазымдық жалақы мөлшерін, еңбекақы төлеу шартын анықтау және Басқарма жетекшісі мен мүшелеріне сыйлықақы беру Директорлар кеңесінің құзырлығына жатады. 2018 жылы еңбекақы төлеу шарты мемлекеттің қатысуымен жұмыс істейтін басқа да қаржылық ұйымдар мен компаниялардағы сыйақы төлеу деңгейімен салыстырымды болған.

БЖЗҚ дамыту бойынша стратегиялық міндеттер

Электрондық қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, тиімділікті арттыру БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс істейді және жергілікті халыққа барлық қолжетімді зейнетақы қызметтерін көрсетеді. Күн сайын Қор кеңселерінде 13 мыңнан астам қызмет көрсетіледі. Бұл ретте БЖЗҚ жоғары технологиялық ұйым ретінде дамып жатыр. Қазіргі уақытта қызметтердің шамамен 80 пайызы электрондық форматта көрсетіледі.

Көрсетілетін қызметтердің көлемі мен атқарылатын міндеттер артып жатыр. Соған қарамастан 2017 жылдан 2019 жылға дейін «БЖЗҚ» АҚ қызметкерлерінің саны 567 бірлікке немесе 25 пайызға қысқарды. Сәйкесінше екі жыл ішінде қызметкерлер құрамына қатысты шығын (2017-2018 жж.) 13 пайызға төмендеді. 2017-2018 жылдар аралығында Қордың қызметкерлерге жұмсаған шығындары, сондай-ақ операциялық жалға алу, іс-сапарлық шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 2 млрд астам теңгені құрады.

Қызметті автоматтандыру, электрондық қызметтерді дамыту, операциялық бөлімшелердің бір бөлігін қысқарту, еңбек өнімділігін арттыру негізінде қызметтерді дамыту, шығындарды оңтайландыру, Қор жұмысының тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасатын болады.

Проблемалық зейнетақы активтерін қайтару

БЖЗҚ проблемалық активтерді қайтару бойынша күрделі және маңызды жұмыстарды жүзеге асыруда. Олардың басым бөлігі жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан мұра болып қалған. Осыған байланысты Қазақстанда және басқа да шетелдік юрисдикцияларда оңалту, эмитенттердің банкротқа ұшырауы рәсімдері және сот талқылаулары жүріп жатыр. Берешектерін азаматтық тәртіпте қайтарудың барлық мүмкіндіктері таусылған эмитенттердің ісі қылмыстық-құқықтық арнаға аударылды.

БЖЗҚ-ның проблемалық зейнетақы активтерін қайтару бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары мүдделі тұлғалар, проблемалық компаниялардың жекелеген акционерлері тарапынан наразылық және белгілі бір қарсылық тудырады. Қазір Қорға қарсы жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар және жалпыға қолжетімді мәліметтердің бұрмаланып түсіндірілуі осыған байланысты болуы мүмкін.

БЖЗҚ Ұлттық Банк және Үкіметпен бірлесе отырып, алдына қойылған стратегиялық міндеттерді орындауды одан әрі жалғастырады. Бұл ретте Қор салымшылардың қаражатын қайтаруға және зейнетақы активтеріне келтірілген залалға қатысы бар тұлғаларды жауапқа тартуға ниетті.

Сенімділік, тұтынушыны бағдар тұту және қызметтің ашықтығы – Қордың басты құндылықтары және қызмет ету қағидалары болып табылады. Жинақтаушы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі бойынша шынайы ақпарат және түсініктемелер алу қажет болған жағдайда қалаған уақытта Қорға жүгінуге немесе БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына қатысуға болады. Қордың қызметі туралы ақпарат, оның ішінде қаржы есептілігі, проблемалық активтерге қатысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәліметтер, зейнетақы активтерін басқару туралы деректер enpf.kz сайтында орналдастырылған, сондай-ақ БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңеске тұрақты түрде ұсынылып отырады. Бұдан басқа бұқаралық ақпарат құралдарында және Қордың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында жарияланады.

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы N 136 Заңы 
  2. «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы N 126 Заңы  
  3. Зейнетақы аннуитетi шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 Қаулысы (2015.28.11. берiлген өзгерiстермен)
  4. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  5. Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi № 341 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстермен)
  6. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 984 Қаулысы (2016.14.04. берiлген өзгерiстер мен толықтырулармен)
  7. Өндiрiстердiң, жұмыстардың, пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агенттер меншiктi қаражаты есебiнен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 Қаулысы (2015.10.12. берiлген өзгерiстермен)

ҚР зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті сауалдары

Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесiн жаңғырту жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық материал

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудың мақсаты мен ерекшелiктерi:

1. Зейнетақы төлемдерiнiң алдыңғы табысқа және елiмiздегi өмiр сүру деңгейiне сәйкестiгiн қамтамасыз ету.

2. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету(зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылатын ағымдағы табыстар мен резервтердiң, сондай-ақ бюджет қаражатының және өзге түсiмдердiң зейнетақы төлеу бойынша шығыстарға үнемi сәйкес келуi).

Жаңғырту зейнетақымен қамсыздандырудың көпдеңгейлi жүйесiн сақтай отырып жүзеге асырылады. Қажеттi және өзара байланысты өзгерiстер базалық деңгейде жүргiзiлетiн болады, ал мiндеттi деңгейде — ынтымақты және жинақтаушы, және ерiктi құрамдас бөлiктерде жүргiзiледi.

Алдағы өзгерiстер тұрғындар мен зейнеткерлердiң қандай топтарына бағытталатын болады?

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерiнiң ерекшелiгi бүкiл және әрбiр адамға қатысты болатындығында: бүгiнгi зейнеткерлердi де, зейнетке шығу құқығына әлi еңбек сiңiретiндерге де, әйелдер мен ер кiсiлерге; жұмыс iстейтiндер мен жұмыссыздарға, азаматтық тұрғындар мен әскерилер және т.б. қатысты болады.

Осыған орай, алдағы өзгерiстер мемлекет, жұмыс берушi және тiкелей азаматтардың арасында қарттық туындаған кезде қажеттi қамтамасыз етуге жауапкершiлiктi бөлудi көздейтiн адам мүддесiнде жүзеге асырылады.

Жаңғырту бағыттары

1. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi институционалдық өзгерiстер, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастырудың және оның қызметiндегi ерекшелiктер.

2. Ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына ауыстыру.

3. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын 2018 жылдан бастап кезең-кезеңiмен ұлғайту.

Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру моделi, оның негiзгi құрамдас бөлiктерi

Бүгiнгi таңда Қазақстанда базалық, мiндеттi және ерiктi деңгейлерден тұратын көпдеңгейлiзейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Базалық деңгейдезейнеткерлiк жасқа жеткен адамдарға (ынтымақты (01.01.1998ж.) және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде қатысуды ескергенде) базалық зейнетақы төлемi (БЗТ) төленедi. Бұл төлем еңбек өтiлiне және алдын алған табыстарына қарамастан барлық мөлшерде бiркелкi белгiленедi.

Анықтама үшiн: БЗТ алушылардың саны 2013 ж. 1 шiлдеге 1833,5 мың адамды құрайды, оның iшiнде шамамен 830 мың адамы — ынтымақты жүйеге қатысушылар, ал 1 млн-ға жуығы — зейнетақымен қамсыздандырудың аралас (ынтымақты және жинақтаушы) жүйесi. БЗТ мөлшерi 2013 жылы 9 330 теңгенi немесе ЕТКД-нiң 50%-н құрады.

Мiндеттi деңгейде зейнеткерлерге мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты (еңбек) және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорларын қаржыландыру есебiнен –жинақтаушы зейнетақылар төленедi.

1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесiне өту кезiнде азаматтар үшiн оларда 01.01.1998 ж. кемiнде 6 ай еңбек өтiлi және 1995 жылдан бастап кез-келген қатар 3 жыл үшiн жалақысы болған жағдайда мемлекеттiк бюджеттен ынтымақты зейнетақы алу құқығы сақталды. Толық зейнетақы тағайындау үшiн мiндеттi еңбек өтiлi әйелдер үшiн 20 жылды және ер кiсiлер үшiн — 25 жылды құрайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен зейнетақылар жалақының 10% мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы аударымдарын жүзеге асырған жинақтаушы жүйе қатысушыларына төленедi.

Әйелдер өз зейнетақы жинақтарын аннуитеттiк (сақтандыру) компанияға аудару арқылы зейнетақы аннуитетiн сатып алу жолымен зейнетке шыққаннан кейiн 18 жыл iшiнде оның ең төмен мөлшерiнен аз емес мөлшерде ай сайын зейнетақы төлеу үшiн жеткiлiктi болған жағдайда әйелдерге — 50 жастан, ер кiсiлерге — 55 жастан бастап зейнетақы жинақтарын ертелеу алуға құқық көзделген.

I. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын (БЖЗҚ) құру және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру

2013 жылғы 1 тамызда Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылып, Қазақстан Республикасының Үкiметi оның құрылтайшысы мен акционерi болып белгiлендi.

БЖЗҚ құрудың мақсаты мен басымдықтары:

  • мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсiмдерiнiң және зейнетақы активтерiн пайдаланудың тиiстi есебiн қамтамасыз ету;
  • инвестициялық стратегияларды жетiлдiру және зейнетақы активтерiнiң табыстылығын арттыру, әкiмшiлiк шығыстарды азайту;
  • тұрғындардың зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және оның қозғалысының барынша тазалығын қамтамасыз ету.

БЖЗҚ барлық зейнетақымен қамсыздандыру шарттары бойынша құқықтық мирасқор болып табылады және алдын жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлiнген барлық зейнетақы активтерiн шоғырландырады.

Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын және олардың зейнетақы жинақтарын зейнетақы қорларынан аудару биылғы жылдың қыркүйегiнен бастап кесте бойынша салымшылардың өз зейнетақы жинақтарына меншiк құқығы сақтала отырып (бұл өте маңызды!), толық көлемде жүзеге асырылатын болады.

БЖЗҚ негiзгi мiндеттерi:

  • мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) және салымшының қалауы бойынша ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) тарту;
  • салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын есепке алу;
  • салымшыларға шоғырландырылған зейнетақы жинақтары есебiнен зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру;
  • зейнетақы жинақтарының жоғары табыстылығын қамтамасыз ету;
  • ЖЗЖ қатысушыларды қамтуды кеңейту
  • халықты жеке зейнетақы шотындағы қаражат туралы ақпараттандыру арқылы қаржылық сауаттылықты арттыру.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiнҚазақстанның Ұлттық Банкi басқаратын болады.

Инвестициялауды ұйымдастыру үшiн ҚР ҰБ-ға инвестициялық стратегияға сәйкес инвестициялық портфельдердi басқаратын ұйымдарды таңдау құқығы берiледi. Алайда инвестициялық стратегия мен БЖЗҚ зейнетақы активтерiн орналастыру үшiн рұқсат берiлген қаржылық құралдардың тiзбесi жөнiндегi ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мақұлдайтын болады.

Оның дербес құрамын және ол туралы ереженi Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Кеңестiң құрамына ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң, ҚР Үкiметiнiң, ҚР Ұлттық Банкiнiң өкiлдерi, қаржылық нарық қатысушылары мен отандық тәуелсiз сарапшылар кiретiн болады.

Кеңестiң негiзгi функциясы:

  • Қордың зейнетақы активтерiн басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi ұсыныстарды қарау және әзiрлеу;
  • Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат берiлген құралдардың тiзбесi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және осы тiзбенi мақұлдау;
  • Қордың инвестициялық стратегиясын бекiту.

Мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша мемлекеттiң зейнетақы жинақтарының сақталуы жөнiндегi кепiлдiк сақталатын болады.

Осылайша, мемлекеттiң зейнетақы активтерiнiң сақталуы және инвестициялық табыстылығын қамтамасыз етуге жауаптылығы арттырылады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

II. Ерiктiден мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына өту

Зейнетақы жүйесiн жаңғырту бағытындағы қайта құрулар қолданыстағы үлгiнiң ерекше еңбек жағдайларында жұмыс iстеуiмен байланысты тәуекелдердi өтей алмауына байланысты.

Еңбек жағдайлары зиянды жұмыспен айналысатын адамдарды зейнетақымен қамсыздандырудың ерiктi кәсiптiк схемасы тиiстi деңгейде дамымағанын атап өткен жөн. Ол ЕКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын көбейтiп және 53-55 жаста зейнеткерлiкке шығуға мүмкiндiк бередi деп болжанған едi. Алайда, қазiргi уақытта 4 мыңнан аса адам жүйеге қатысушы болып табылады, ал олардың жинақтары бар болғаны 100 млн. теңгенi құрайды.

Еңбек жағдайлары ерекше жұмыста iстейтiн адамдардың жұмыстарының ерекшелiктерiн ескере отырып 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына (МКЗЖ) өту жүзеге асырылатын болады.

Бұл ендi еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда iстейтiн адамдардың дербес зейнетақы шоттарына 15 пайыз зейнетақы жарналары түсетiн болады, оның 10 пайызы қызметкердiң өзiнiң еңбекақы төлеу қорынан және 5 пайызы жұмыс берушi есебiнен жүргiзiледi. Бұл олардың жүйеге үздiксiз қатысқаны (30 жылдан кем емес) және жүйелi түрде аударғаны (жылына 12 рет) кезiнде зейнеткерлiкке ерте шығуы үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарына мүмкiндiк бередi.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Бұл ретте жұмыс берушiге де жүктеме азаяды, өйткенi кәсiптiк зейнетақы жарналарына төленетiн сома салық төлемдерiн жүзеге асырған кезде шегерiмге жатқызылады.

Бұдан басқа, осы санаттағы адамдар үшiн:

1) базалық зейнетақы төлемдерi;

2) 1998 жылғы 1 қаңтарға кемiнде 6 ай стажы болған кезде ынтымақты (еңбек) зейнетақы;

3) жалпыға ортақ белгiленген зейнеткерлiк жасқа толғанға дейiн жалпы еңбек ету қабiлетiнен айрылу жағдайына Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

4) еңбек жарақатынан және кәсiби аурулар салдарынан еңбек ету қабiлетiнен айрылған кезде сақтандыру компанияларынан төленетiн өмiрлiк сақтандыру төлемдерi сақталады.

Бүгiнде, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының салымшылары меншiктi қаражаты есебiнен олардың пайдасына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндiрiстердiң, жұмыстардың, қызметкерлер кәсiптерiнiң тiзбесiн дайындау жұмысы аяқталды.

Тiзбе жобасының түпкiлiктi нұсқасы 17 бөлiмнен — өндiрiс түрлерiнен және кәсiптер, лауазымдар және оларды бiрiктiретiн мазмұндардың атаулары көрсетiлген үш мыңнан астам ұстанымдардан тұрады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары зиянды, қауiптi жағдайлардағы еңбегi еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестаттау нәтижесiмен расталған қызметкерлерге қолданылады, аттестаттауды өткiзу тәртiбiн елiмiздiң Үкiметi айқындайды.

Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау мамандандырылған 146 ұйымда жүргiзiлуде. Аталған ұйымдарды еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган өндiрiстiк объектiлердi аттестациялау бойынша қызметтердi жүргiзу құқығына аккредиттеуге тиiс.

Еңбек жағдайлары бойынша өндiрiстiк объектiлердi аттестациядан өткiзу сапасын бақылауды мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге асырады.

Сондықтан, ұсынылатын шаралар зейнетақы жүйесiнiң тұрақтылығын күшейтедi және елiмiздегi артып келе жатқан өмiр деңгейiн зейнетақымен қамсыздандыру шегiнiң барабарлығын арттырады.

III. Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын ұлғайту

Әйелдердiң зейнеткерлiк жасын арттыру 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек өтiлiнiң азаюына байланысты. 2012 жылы зейнетақы тағайындау үшiн өтiнiш бiлдiрген әйелдердiң 12 астамы 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған толық еңбек өтiлi жоқ, ал 2018 жылы зейнетке шығатын әйелдердiң барлығында толық өтiл болмайды.

Бұл, 2018 жылдан кейiн зейнетке шығатын әйелдердiң зейнетақысы:

  • базалық зейнетақыны;
  • 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлiне сәйкес бюджеттен ынтымақты зейнетақыны қамтитын болады. Бұл ретте, еңбек зейнетақысының мөлшерi толық емес еңбек өтiлiне байланысты жыл сайын бекiтiлетiн ең төменгi зейнетақы мөлшерiнен төмен болуы мүмкiн,
  • зейнетақы жинақтарына сәйкес салыстырмалы түрде аздаған мөлшерде ЖЗҚ жинақтау зейнетақысын қамтитын болады.

Болжамды есептер бойынша әйелдердiң алатынзейнетақысының мөлшерi осы онжылдықтың өзiнде бұрынғы орташа айлық жалақысының 40 пайызынан төмен болады.

Мұндай жағдайларда, зейнетақы жасын бiрiздендiру бюджет қаражатын үнемдеу үшiн емес, әйелдердiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiн және зейнетақы жинақтарының көлемiн арттыру үшiн ұсынылады, бұл тиiсiнше, ЖЗҚ алынатын зейнетақы мөлшерiнiң артуына алып келуге тиiс.

Қазiргi кезде көптеген шет елдерде (Ұлыбритания, Германия, Франция, Норвегия, Швеция, Оңтүстiк Корея, Чехия, Әзiрбайжан, Украина, Эстония және т.б.) зейнетақы жасын арттыру есебiнен зейнетақы жүйесiн халықтың жасына бейiмдеу пайдаланылады.

Бұл ретте Еуроодақтың 18 елiнде әйелдердiң зейнеткерлiк жасы ер адамдардың зейнеткерлiк жасына 2020 жылға теңестiрiледi, бесеуi оны кейiн жасауды жоспарлап отыр.

Әлемдiк тәжiрибеге және 1996 жылдан 2001 жылға дейiн iске асырылған қазақстандық тәжiрибеге сәйкес зейнетақы жасын ұлғайту кезең-кезеңiмен, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайын 6 айдан қоса отырып 10 жыл iшiнде жүзеге асырылады.

Бұл:

  • бiрiншiден, зейнетке шығар алдындағы адамдарға ауыртпалық салмай өтуге мүмкiндiк бередi. Мысалы, 58-ге келген әйелдер 58,5 жасында зейнетке шыға бередi, яғни 6 айдан кейiн, ал 57-ге толғандар бiр жылдан кейiн немесе 59 жасында зейнетке шығады;
  • екiншiден, психологиялық тұрғыдан дайын болуға және бейiмделуге (63 жаста зейнетке шығатын адамдар үшiн);
  • үшiншiден, әйелдердiң нәтижелi жұмыспен қамтылу мүмкiндiктерiн кеңейту шараларын қабылдауға мүмкiндiк бередi.

Дей тұрғанмен, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес аталған үлгi, барлық әлеуметтiк ерекшелiктердi ескерiп, ауыртпалық салмай және негiзделiп 5 жылдан кейiн — 2018 жылы қолданыла бастайды.

Себебi ынтымақты жүйеден зейнетақы тағайындау 2043 жылға дейiн жүзеге асырылатын болады, ал зейнетақы жасын бiрiздендiру ынтымақты да, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қатысушылары болып табылатын әйелдерге қатысты болады.

Зейнеткерлiк жасты ұлғайта отырып, Үкiмет халықты, оның iшiнде ең алдымен орташа жастағы әйелдердi жұмыспен қамту бойынша қосымша шараларды қолға алу қажеттiгiн түсiндi.

Бұған мемлекет iске асырып отырған, нәтижелi жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек табыстарының өсiмiне бағытталған Жұмыспен қамту 2020 жол картасы септiгiн тигiзедi, оның шеңберiнде әйелдер халықтың жұмысқа орналасуда және өзге де әлеуметтiк қолдау нысандары бойынша басымды құқыққа ие нысаналы тобына жатқызылған.

Аталған бағдарлама 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын iске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.

Бағдарламада әйелдер мен жастарды жұмыспен қамтылуына баса назар аударылған. Әйелдердiң еңбек нарығында бәсекеге қабiлеттi болуы мақсатында Жол картасы шеңберiнде оларға:

  • еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегiн оқу, оларды мемлекет субсидиялайтын әлеуметтiк жұмыс орындарына, жастар практикасына жiберу мүмкiндiгi берiледi. Бұл ретте оқу кезеңiне оларға жол жүруге және тұруға материалдық көмек берiледi, степендия төленедi;
  • микрокредит алу арқылы өз iсiн ашу және кеңейту және кәсiпкерлiк негiздерiне оқу;
  • еңбек ресурстарына қажеттiлiк бар әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi жоғары елдi мекендерге өз еркiмен көшудi жүзеге асыру мүмкiндiгi берiледi. Осындай отбасыларға жаңа тұрғылықты жерiнде жұмысқа орналасуына, қызметтiк тұрғын үймен қамтамасыз етуде, көшуге субсидия беруде көмек көрсетiледi.

2011 жылдан бастап бүгiнгi күнге дейiн Бағдарлама шараларымен 100 мыңнан әйел қамтылды.

Әйелдерге бала күтiмi бойынша демалыстан шыққаннан кейiн еңбек нарығында бейiмделуiне жәрдемдесу. Бәсекеге қабiлеттiлiгi арттыру мақсатында жұмыспен қамту орталықтары еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет есебiнен бiлiктiлiгiн арттыруды, қажетiне қарай қайта оқуын және сұранысқа ие мамандық алуын қамтамасыз етедi.

Әйелдердiң еңбегiн кеңiнен қолдануға, қашықтықтан жұмыспен қамту түрлерiн пайдалануға, үйде еңбек етудi дамытуға, сондай-ақ әйелдер үшiн кәсiпкерлiктi дамытуға бағытталған бiрқатар шаралар көзделуде.

Бұдан басқа, Еңбек кодексiне жұмысқа орналастыру кезiнде кемсiтушiлiктi жоюға және 55 жастан асқан адамдардың жұмыспен қамтылуын сақтауға бағытталған кепiлдiктердi күшейтудi, сондай-ақ бос жұмыс орындары туралы еңбек саласындағы кемсiтушiлiк сипаттағы талаптарды (жынысты және жасты көрсету) қамтитын ақпаратты орналастырғаны үшiн өсiмпұл енгiзудi көздейтiн түзетулер енгiзiлдi.

Сонымен қатар, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек өтiлi бар әйелдер үшiн зейнеткерлiкке ерте шығу құқығы сақталады:

  • 5 және одан көп бала туған(немесе асырап алған) және оларды сегiз жасқа дейiн тәрбиелеген әйелдерге 53 жаста 1998 жылдың 1 қаңтарына еңбек өтiлi 6 айдан кем емес;
  • «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1949 жылғы 29 тамыздан бастап 1963 жылғы 5 шiлдеге дейiн кемiнде 10 жыл төтенше және ең жоғары радиациялық қатер аймақтарында тұрған, кемiнде 20 жыл жалпы еңбек өтiлi бар әйелдерге 45 жаста.

Сондай-ақ еңбек өтiлiне жұмыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен уақыты, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейiн, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт есептеледi.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысушылар үшiн зейнетақы жинақтары жеткiлiктi болған кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiн тағайындау құқығы 50 жаста сақталатын болады.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

IV. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтуды кеңейту

Қазақстанның еңбекке қабiлеттi халқының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуының ағымдағы деңгейi 67,7%, оның iшiнде жалдамалы қызметкерлер 98%-ын құрайды.

Сондықтан, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тартымдылығын арттыру, көлеңкелi сектор қызметкерлерiнiң еңбек қатынастарын заңдастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтыған халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамтылуын кеңейту жөнiнде ұсыныстар қарастырылуда.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтыған азаматтардың негiзгi үлесi жалақының 10% мөлшерiнде зейнетақы жарналарын төлейдi.

Егер қарапайым есептеулер жүргiзетiн болсақ, онда осындай жарналарды жүзеге асыратын азаматта 35 жылда қандай жинақ болатынын есептеуге болады: жыл сайын адам 23 мың теңгедей жинайды (егер 2013 жылды алатын болсақ), тиiсiнше 35 жыл iшiнде жинақтар 42 ең төменгi жалақыны құрайды. Мұндай жинақтар 3,5 жылға ең төменгi жалақы мөлшерiнде зейнетақы төлеуге жетедi.

Егер өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар зейнетақы жүйесiне қатыспайтын болса, зейнеткерлiк жасқа толған кезде оларға жасына байланысты мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 50 пайызынан аспайтын әлеуметтiк жәрдемақы төленедi, ол 2013 жылдың үлгiсi бойынша 9330 теңгенi құрайды.

Бұл мәселенi шешу үшiн мынадай жұмыстар жоспарлануда:

  • өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн нақтылау және оларды нәтижелi жұмыспен қамтуға тарту жөнiнде (Жұмыспен қамту 2020 картасы шеңберiнде) жүргiзiлетiн шараларды ескере отырып, өзiн-өзi жұмыспен қамтығандардың мәртебесiн алған адамдарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне мiндеттi қатыстыру туралы талап енгiзiлетiн болады;
  • жарналарды төлеу тәртiбi өзгередi;өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар бүкiл табысын жариялап, осы сомадан зейнетақы жарнасын төлеуге тиiс болады.
  •  ең төменгi кепiлдiктер жүйесi өзгертiледi.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғырту жөнiнде кешендi шаралар әзiрлеу бойынша тапсырмалары

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына 2013 жылғы 7 маусымдағы үндеуiнде жария еткен тапсырмаларын ескер отырып, халықты әлеуметтiк қорғау деңгейiне мемлекеттiң, жұмыс берушiнiң және қызметкердiң ынтымақты жауапкершiлiгiн көздейтiн зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi жаңғыртудың кешендi шаралары әзiрленетiн болады, атап айтқанда:

А)жұмыс iстейтiн әйелдер үшiн бала туу және бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын мемлекеттiң субсидиялауы.

Әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болуы, бiрiншiден жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiнiңүзiлуiне, екiншi жағынан — зейнетақы жинақтары мөлшерiнiң объективтi түрде артта қалуына (ерлермен салыстырғанда) әкеледi.

Есептеулер мiндеттi әлеуметтiк сақтандыруға қатысушылар (бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмi бойынша) үшiн жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдерден мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталған жағдайда бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңде (Заң бойынша — 3 жыл) жинақ мөлшерi тиiсiнше 2,5 есеге төмендейдi.

2014 жылғы 14 қаңтардан бастап әйелдердiң бала күтiмi бойынша демалыста болған кезеңiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау көзделген. Бюджеттен субсидияланатын мiндеттi зейнетақы жарналары Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен төленетiн әлеуметтiк төлемдерден ұсталатын зейнетақы жарналарымен қоса белгiленетiн болады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналарының жиынтық мөлшерi аударымдар объектiсi ретiнде ескерiлген бұрынғы табыстан 10% құрайды.

Ел Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлген «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында көрсетiлген мақсаттарға 30,6 млрд. теңге сомада шығыстар көзделген.

Қазiргi уақытта Мемлекет басшысының бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айрылған жағдайда әлеуметтiк төлемдер алушылардың мiндеттi зейнетақы жарналарын субсидиялау жөнiндегi бастамаларын сүйемелдеудi көздейтiн заң жобасы әзiрлендi. Аталған норма әйелдердiң зейнетақы жарналарының мөлшерiн көбейтуге септiгiн тигiзедi және ана мен баланы қолдауға бағытталады.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

1-мысал, баланың туған күнiне дейiн соңғы 2 жыл әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген орташа айлық табысы 150 мың теңге құрайтын жұмыс iстейтiн әйелдi алатын болсақ. Егер қазiргi уақытқа дейiн бала бiр жасқа дейiн оның күтiмi кезiнде оның зейнетақы жарналары айына 6 мың теңгенi құраса, ұсынылып отырған тетiк бойынша 9 мың теңге мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын бюджеттен қосымша субсидиялауды ескере отырып, оның жалпы зейнетақы аударымдары айына 15 мың теңгенi құрайды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Назарға алыңыз! Әлеуметтiк аударымдарды есептеу үшiн ескерiлетiн табысқа арналған қолданыстағы шектеудi ескере отырып, субсидиялау мөлшерi ең төмен жалақы мөлшерiнен (ағымдағы жылы 18 600 теңге) аспайтын болады.

Зейнетақы жарналарын есептеу объектiсiн 10 ең төмен жалақымен шектеу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында енгiзiлген жоқ. Ол МӘСҚ-тан төленетiн сақтандыру төлемдерiне, сол сияқты мемлекет субсидиялайтын зейнетақы жарналарын мөлшерiн айқындауға зейнетақы жарналарын есептеуге бiрыңғай тәсiл қолдану қажеттiгiмен байланысты. Осындай тәсiл/шектеу әдiл болып отыр және Қазақстан Республикасының әлеуметтiк заңнамасына сәйкес ол өзге де әлеуметтiк қатерлердi сақтандыруда қолданылады.

2-мысал. баланың туған күнiне дейiн соңғы 2 жыл әлеуметтiк аударымдар жүргiзiлген орташа айлық табысы 1399,5 мың теңге (75 ең төмен жалақы) құрайтын жұмыс iстейтiн әйелдi алатын болсақ.Ұсынылып отырған тетiк бойынша 11 196 теңге мөлшерiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын бюджеттен қосымша субсидиялауды ескере отырып, оның жалпы зейнетақы аударымдары айына 18 660 теңгенi құрайды.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін жаңғыртудың өзекті мәселелері

Б) жұмыс берушiнiң есебiнен барлық қызметкерлер үшiн 5 % мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу.

Мiндеттi жинақтаушы деңгей шеңберiнде әрбiр қызметкер (салымшы) өзiнiң қарттығын қамтамасыз етуге (өзiнiң табыстарынан 10 пайыз мiндеттi зейнетақы жарналары) жауапкершiлiкте болады. Бұл ретте, мемлекет зейнеткерлiкке шығу және өмiр бойы базалық зейнетақы төлемдерiмен қамсыздандыру кезiнде әрбiр салымшы бойынша зейнетақы жинақтарының нақты құнына кепiлдiктi қамтитын бiрқатар мәселелер бойынша жауапты болады.

Осыған байланысты, жұмыс берушiлердiң өз қызметкерлерiнiң пайдасына аударатын мiндеттi зейнетақы жарналары енгiзiледi. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жұмыс нәтижелерiн ескере отырып, аудару тәртiбiн, осы жарналарды қалыптастыру және пайдалану тетiгiн әзiрлеу ұсынылады.

Осындай негiзде қол жеткiзiлетiн базалық және ерiктi құрамдауыштарды сақтау кезiнде жұмыс берушiлердiң тiкелей қатысуы есебiнен мiндеттi деңгейде зейнетақымен қамсыздандыру көздерiн кеңейту зейнетақы жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын күшейтедi және зейнетақы төлемдерiнiң сәйкестiгiн және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейiнiң халықаралық стандарттарға сәйкестiгiн қамтамасыз етедi.

В) жұмыс берушi есебiненмiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын кезең-кезеңiмен тағы 5 пайызға арттыру (жыл сайын 1%).

2014 жылдан бастап еңбек жағдайлары зиянды және қауiптi жұмыстармен айналысатын қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланатын жұмыс берушiлер есебiнен еңбекақы қорынан 5 % мөлшерiнде мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiледi.

Кәсiптiк жүйенi одан әрi дамыту мақсатында мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi 5-тен 10 %-ға дейiн кезең-кезеңiмен арттырылатын болады.

Осы өзгерiстер:

  • зиянды өндiрiсте жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң әлеуметтiк қорғалуына және жұмыс берушiлердiң жауапкершiлiгiн арттыруға;
  • жұмыс берушiнiң салық салу базасындағы кәсiптiк зейнетақы жарналарын шегеруге жатқызу бөлiгiнде салық жеңiлдiгi бойынша нормалардың сақталуына әкеледi.

Осылайша, зиянды және қауiптi өндiрiстерде жұмыс iстейтiн адамдар үшiн зейнетақы жинақтары айтарлықтай тез көбейетiн болады, өз кезегiнде, оларға зейнетақы төлемдерiн ерте алу мүмкiндiгiн берiледi. Бұл жүйеге үздiксiз (кемiнде 30 жыл) қатысқан және жарнаны ұдайы (жылына 12 рет) аударған кезде зиянды және қауiптi еңбек жағдайларында жұмыс iстейтiн адамдарға 50 жасқа жеткенде зейнетақы аннуитетiн сатып алу арқылы зейнеткерлiкке ерте шығу үшiн жеткiлiктi зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға мүмкiндiк туады.

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша бақылау және
әлеуметтiк қорғау департаментi» ММ

09.09.2019 ж.

5 сұрақ айдары

1. Мен таяуда жұмыстан шығып, «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түстiм. Мен бұл жағдайда зейнетақы жарнасын төлеймiн бе?

Жоқ, төлеуге мiндеттi емессiз. Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару қағидалары мен мерзiмдерiне сәйкес бiлiм алу ұйымдарынан берiлетiн шәкiртақылардан, ҚР Үкiметi бекiткен мемлекеттiк атаулы шәкiртақылардан және ҚР Президентiнiң арнаулы шәкiртақыларынан мiндеттi зейнетақы жарналары ұсталмайды және Қорға аударылмайды.

2. Қайырлы күн! Менiң жолдасым Өзбекстан азаматы. Бiрақ Қазақстанда тұрақты тұрамыз. Осы жерде жұмыс iстеп жатырмыз. Жолдасым Қазақстанның азаматы болмаса да кейiн зейнетақыдан құралақан қалмас үшiн осы бастан зейнетақы қорына жарна аудара ала ма?

Әрине, Сiздiң жұбайыңыз Қазақстанның зейнетақы жүйесiне қатысуға құқылы. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес елiмiзде тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтарымен бiрдей зейнетақымен қамсыздандырылу құқығын пайдаланады. Бұл ретте жұмыс берушiге жеке басты куәландыратын құжатты (шетелдiктер үшiн — шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, ал азаматтығы жоқ адамдарға — азаматтығы жоқ адамның куәлiгi) ұсынса болғаны, жұмыс берушi күйеуiңiздiң жеке зейнетақы шотына зейнетақы жарналарын аудара бастайды.

3. Мен зейнетақы қорындағы жеке шотымның жай-күйi бойынша ақпаратты қалай алуыма болады?

Қазiргi уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты алудың бiрнеше тәсiлi бар. Сiз салымшы ретiнде өзiңiзге ыңғайлысын таңдай аласыз.

Мысалы, ақпаратты электрондық поштаңызға алуыңызға болады (бұл үшiн «БЖЗҚ» АҚ кеңсесiне барып, жазбаша өтiнiш қалдыру керек).

Ең ыңғайлы және ұтқыр тәсiл — бұл ақпаратты www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет арқылы алу. Егер Сiздiң логин мен паролiңiз немесе электрондық цифрлық қолтаңбаңыз бар болса, үйден немесе жұмыс кеңсесiнен шықпай-ақ жеке шотыңыздың жай-күйiн қадағалап тұруыңызға болады. Сонымен қатар смартфондар мен планшеттерге арналған ұялы қосымшаны пайдалануға мүмкiндiк бар.

Егер ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ мамандарынан алғыңыз келсе тiптi жақсы — Қордың бүкiл республика бойынша дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстейдi. Солардың бiрiне барып, жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы ақпаратты және Қор мамандарына сұрақ қойып, толыққанды жауаптар ала аласыз.

Олардан басқа, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiште ақпаратты алу тәсiлi ретiнде пошта байланысы көрсетiлген болса, үзiндi көшiрме салынған хат әрбiр жылдың басында сол пошта байланысы бойынша үйiңiзге жеткiзiледi.

4. Осыдан екi ай бұрын немере ағам жол-көлiк апатынан көз жұмды. Оның зейнетақы қорында жинақ ақшасы болуы мүмкiн. Егер бар болса оны қалай алуға болады?

Жеке зейнетақы шотындағы ақша салымшының (алушының) меншiгi болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да «БЖЗҚ» АҚ-та мерзiмсiз сақтала бередi. Қайтыс болған салымшылардың заң немесе өсиет бойынша мұрагерлерi мұра қалдырушының зейнетақы шотының бар болуы, онда қанша ақша бар екендiгi және оның қозғалысы туралы анықтаманы Қорға жазбаша сауал жолдау арқылы алуға құқы бар. Бiрақ бұл үшiн оларда Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiгi болуы керек. Бұдан басқа мұндай анықтама соттарға да олардың жүргiзуiндегi мұрагерлiк iстер бойынша берiледi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33 — баптарына сәйкес мұраға қалдырылады. Зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор қажет жағдайда (қанша уақыт өтсе де) оның отбасына немесе жерлеудi ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi. Бұл төлем 1998 жылдан берi жүзеге асырылып келедi және оның көлемi әр жылдары әрқалай болып келдi. Ал биыл оның сомасы тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерiнде (2525*52,4 = 132 310 теңге) белгiленген.

Бiрақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс. Егер жерлеуге арналған бiржолғы төлемнен кейiн шотта қалған ақшаның сомасы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған бiр жолғы төлемге қосылып төленедi. Заң бойынша жерлеуге арналған төлем 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде алушының банк шотына аударылады.

Жерлеуге арналған бiржолғы төлемдi алу үшiн мынадай құжаттар талап етiледi: зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған адамның отбасы мүшесiнiң немесе жерлеудi жүзеге асырған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы, зейнетақы жинақтары бар адамның қайтыс болғаны туралы куәлiктiң көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы және алушының банк шоты туралы мәлiметтер.

Ал зейнетақы қорында жерлеуге арналған бiржолғы төлемнен кейiн қалған зейнетақы жинақтарын алу үшiн Мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк қажет. Оны алу үшiн мұрагер нотариусқа жүгiнiп, өтiнiш бередi.

5. Зейнетақы қорында менiң ерiктi жарналар есебiнен жинақ ақшам бар. Оны зейнет жасына жетпей ала аламын ба?

Ерiктi зейнетақы жинақтарының артықшылығы сол, оны зейнет жасына толғанға дейiн, яғни — 50 жастан бастап ала беруге болады.

«БЖЗҚ» АҚ-тан ерiктi жарналар есебiнен қалыптасқан жинақтарды алу үшiн мынадай құжаттар ұсынылады:

1) алушының жеке басын куәландырушы құжаттың көшiрмесi және оны салыстыру үшiн түпнұсқасы;

2) алушының банк шоты туралы мәлiметтер.

Атап өту керек, салымшылардың бұл тобына мүгедек болып табылатын және

Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар қосыла алады.

Еске саламыз, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 326-бабының талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дан жүзеге асырылатын зейнетақы төлемдерi салық салуға жататын табысқа жатады.

21.08.2019 ж.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы 5 сұрақ

Менiң азық-түлiк дүкенiм бар. Зейнетақы жарналарын өзiмнiң және жұмыскерлерiмнiң пайдасына қалай аударамын?

Мiндеттi зейнетақы жарналарын заңды тұлғалардың, жеке кәсiпкерлердiң, жеке практикамен айналысушылардың және басқа да адамдардың пайдасына аудару мерзiмi мен тәртiбi ҚР заңнамасында көрсетiлген.

Егер Сiз жеке кәсiпкер ретiнде жұмыс iстейтiн болсаңыз, мiндеттi зейнетақы жарналарын өз қарамағыңыздағы қызметкерлерiңiздiң зейнетақы шотына табыстар төленген айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлеуiңiз қажет. Ал өз пайдаңызға аударылатын жарнаны — есептегi айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрмей төлейсiз.

Арнайы салық режимiн патент негiзiнде қолданатын жеке кәсiпкерлер мiндеттi зейнетақы жарналарын патент құнын төлеуге арналған мерзiмде аударады. Бұл ретте салық кезеңi — бiр күнтiзбелiк жыл. Демек, мiндеттi зейнетақы жарналары жылына бiр рет патент алғанға дейiн төленедi. Толығырақ БЖЗҚ сайтының «Қызметтер»-«Зейнетақы жарналарын қалай жүзеге асырады» бөлiмiнен оқи аласыз.

Мен өзiмдi-өзiм жұмыспен қамтушымын. Ерiктi зейнетақы жарналарын аудара аламын ба?

Сiз жеке тұлға ретiнде ерiктi жарналарды өз табысыңыздың есебiнен өз пайдаңызға немесе үшiншi тұлғаның пайдасына аудара аласыз. Сәйкесiнше ерiктi жарналар өзiңiздiң және үшiншi тұлғаның зейнетақы капиталын толықтыруға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте ерiктi жарналардың мөлшерiн, оларды аудару және Қордан алу тәртiбiн Қормен өзара келiсе отырып өзiңiз белгiлейсiз.

Айта кетелiк, айлық табысыңызға қарай ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерi ай сайын өзгерiп тұруы мүмкiн. Ерiктi жарналарды өзiңiз төлеуiңiз қажет. Бұл үшiн БЖЗҚ-мен зейнетақы шартын жасасып, ерiктi жарналарды Қордың шартта көрсетiлген деректемелерiне банк арқылы аударып тұрасыз.

Қазiргi кезде ерiктi жарналар бойынша шот ашудың екi жолы бар. Бiрi — жеке басты куәландыратын құжатпен Қор бөлiмшесiне келу арқылы, екiншiсi — үйде отырып-ақ, Қордың ресми сайты арқылы ашу. Соңғысы өткен жылдың шiлде айында iске қосылған. Бұл қызметтi пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Ал оны Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) бередi. Бұл туралы толық ақпаратты Қор сайтынан оқи аласыз.

Мен фрилансермiн. Екi-үш тапсырыс берушiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқанмын. Ендi зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын қалай төлеуге болады?

Егер Сiз салық агенттерiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасу арқылы жұмыс атқаратын болсаңыз, Сiз үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын Қорға осы салық агенттерi төлейдi. Ал салық агенттерi деген кiмдер? Олар: заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсiби медиаторлар болуы мүмкiн. Бұл ретте жарналар мен шарттардың санына шектеу қойылмайды: егер үш шартыңыз болса, жарналар сол үш шартыңыз бойынша түседi.

Ал егер салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болсаңыз, онда Сiз осы шарт бойынша алған табысыңыздан Қорға зейнетақы жарналарын төлеуден босатыласыз. Бiрақ бұл жарналарды Қорға өз еркiңiзбен төлеуге құқыңыз бар. Бұл қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етедi. Яғни, еңбек өтiлiңiз үздiксiз жүрiп отырады. Ал бұл базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға мүмкiндiк бередi. Жарналар екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы төленедi.

Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлей бастадым. Бiрақ бiрнеше айды жiберiп алдым. Мен ендi осы ағымдағы айда бiрыңғай төлемдi өткен айлар үшiн төлей аламын ба?

Жоқ, бiрыңғай жиынтық төлемдi ағымдағы ай мен алдағы айлар үшiн ғана төлеуге болады.

Жеке тұлғалар бұл төлемдi өз бетiмен екiншi деңгейдегi банктер және жекелеген банк операцияларын орындайтын ұйымдар немесе Қазпошта арқылы қолма-қол ақшамен немесе банктегi шоты арқылы Мемлекеттiк корпорацияның банк шотына аударады.

Төлеушiлердiң бiрыңғай жиынтық төлемiн төлеудi олар өз бетiнше немесе үшiншi жақтың пайдасына жасайды, бұл бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеудiң «ММЖЖЖ» форматында көрсетiлген мерзiмiн көрсете отырып жүзеге асырылады.

Адвокаттық практикамен айналыса бастадым. Адвокаттар мiндеттi зейнетақы жарналарын өз пайдасына қандай мөлшерде аударулары тиiс?

Адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiпқой медиаторлар және жеке кәсiпкерлер мiндеттi зейнетақы жарналарын өз пайдаларына өз бетiмен аударып отырады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары алынатын табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi. Жарна үшiн есептелетiн табысты олар өз бетiмен айқындайды.

Табыс болмаған жағдайда, Сiз тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiмен өз пайдаңызға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылысыз.

19.07.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

1. Менiң жалақы мөлшерiм аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуiме болады ма?

Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға мiндеттi. Зейнетақы жарналарының жиiлiгi жинақ көлемiне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi өтiлге де байланысты. Жүйедегi өтiл базалық зейнетақыға тiкелей әсер етедi. Зейнетке шығуға әлi уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткiш болып табылады. Бұл сiз үшiн жүйеге белсендi қатысудың тағы бiр ынталандырушы көрiнiсi.

Қазақстан Республикасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгiлi санаттағы тұлғалардың бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған:

1) Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелдер 58 жасқа толған кезде. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап — әйелдер 58,5 жасқа толғанда, одан әрi жыл сайын жарты жылға ұлғайып, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап — 63 жасқа толғанда);

2) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар жеке тұлғалар босатылады. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу осы тармақшада көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша жүзеге асырылады;

3) әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған адамдар;

4) еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар;

5) салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар босатылады.

Бұл тiзiмге кiрмейтiндердiң барлығы зейнетақы жарналарын мiндеттi түрде төлейдi, сол арқылы өзiнiң жеке зейнетақы капиталын қалыптастырады.

2. Жақын уақыттан берi кеншi болып жұмыс iстеймiн. Маған түсiндiргендей, жұмыс берушi ай сайын 10% мiндеттi зейнетақы жарналарымен қоса, 5% мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын өз есебiнен аударуға тиiс екен. Салымдардың дер кезiнде аударылғанын қалай қадағалуға болады? Жұмыс берушi салымдарды аудармай, уақытынан кешiктiрiп жатса оған қандай шара қолданылады?

Әрине, зейнетақы шотының, мiндеттi және мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының жай-күйiн әркез тексеруге болады. Осыған орай, БЖЗҚ сiзге барлық жағдайларды жасап отыр. Мысалы, БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiне баруыңызға болады. Онда шоттың жай-күйiн бiлiп, сондай-ақ, ақпарат алу тәсiлiн таңдау туралы қосымша келiсiм жасауға болады: жылына бiр рет әдеттегi пошта хаты арқылы немесе сiз таңдаған кезеңдiлiкпен көрсетiлген мекенжайға электрондық хат жiберу арқылы. Интернет арқылы ақпарат алу ең ыңғайлы болып табылады. Жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасы арқылы шотыңызды тексеруiңiзге болады. Осы тәсiлдi пайдалану арқылы жеке шотыңызды кез келген ыңғайлы уақытта қадағалай аласыз. Егер сiзде электрондық цифрлық қолтаңба болса, онда үзiндi көшiрмеңiздi тексерiп, Қорға бармай-ақ ақпарат алу тәсiлiн таңдай аласыз.

Ендi мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары (МКЗЖ) ұғымына түсiнiктеме бере кетейiк. МКЗЖ жұмыс берушiнiң өз пайдасы есебiнен жұмысшы пайдасына аударылатын 5% қосымша жарнасы болып табылады. Қосымша жарна аудару себебi, кеншiлер қауiптi, денсаулыққа зиянды еңбек жағдайларында, өндiрiстiк орындарда жұмыс iстейтiн мамандықтар тiзiмiне кiредi. Денсаулыққа зиянды, өмiрге қауiптi ортада жұмыс iстейтiн жұмыскерлер үшiн қосымша зейнетақы жарналары аударылады.

Егер жұмыс берушi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртiпте және мерзiмде арнаулы салық режимi қолданылатын шаруашылық субъектiсi болмаса, табыстарды төлеу айынан кейiнгi айдың 25-нен кешiктiрiлмей МКЗЖ төленiп отыруы тиiс. МКЗЖ уақытылы аударылуын салық органдары қадағалайды. Ал егер жұмыс берушi дер кезiнде Сiздiң зейнетақы шотыңызға қаражат аудармаса, салық органдары жұмыс берушiден әрбiр кешiктiрiлген күн үшiн есептелген сыйақы сомасымен бiрге БЖЗҚ-ғы шотыңызға ай сайынғы салымды аудартады.

3. Қазақстанда зейнетақы жарналарының сақталуының қандай кепiлдiктерi бар?

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңында көрсетiлгендей мемлекет жинақталған зейнетақы қаражатының сақталуын қамтамасыз етудi 2003 жылы қолға алды. Сол уақыттан бастап мемлекет жеке зейнетақы шоттарындағы қаражатты қорғауды өз мiндеттемесiне алды. Бұл iс жүзiнде жасалған жарналар көлемiнде ғана емес, сонымен қатар инфляцияны ескере отырып жүзеге асырылады. Егер зейнеткерлiк демалысқа шығу уақытында жинақ инфляцияға қарағанда төмен болса, онда бұл айырмашылық республикалық бюджет есебiнен өтеледi. Бұл механизм қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы төмендеген кезде 2009 жылдан берi белсендi түрде жұмыс iстеп келедi.

Қаржы нарықтарындағы ахуалға байланысты зейнетақы активтерiн инвестициялаудың кiрiстiлiгi инфляция деңгейiнен жоғары немесе төмен болуы мүмкiн. Осыған байланысты iс жүзiнде жасалған жарналар мен нақты жинақ көлемi арасында айырмашылық бар. Демек, қызметкер зейнетке шықса, жинақталған зейнетақы жүйесiндегi барлық кезең үшiн инфляция деңгейiне байланысты өзiнiң жинақталған зейнетақы қаражатының табыстылығын есептейдi. Инвестициялық кiрiс инфляция деңгейiнен асып кетсе, онда салымшыға мемлекеттiк кепiлдiк төленбейдi. Мемлекет тарапынан кепiлдiк табысы инфляция деңгейiнен төмен болатын тұлғаларға ғана берiледi.

Мемлекеттiк кепiлдiк зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар салымшыларға төленедi. Бұл құқыққа: зейнеткерлiк жасқа толған адамдар, мүгедектiгi мерзiмсiз уақытқа тағайындалған I және II топтағы мүгедектер, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар, сондай-ақ, мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар ие болады. Мемлекеттiк кепiлдiк алуға құқығы бар салымшы қайтыс болған жағдайда, қаражат мұрагерлерге аударылады. Бұл үшiн өтiнiш пен жеке куәлiктiң көшiрмесiнен басқа мұрагерлерге қайтыс болу және мұраға құқық туралы нотариалды куәландырылған куәлiктердi ұсынулары қажет.

4. Мен 2-шi топтағы мүгедекпiн. Өзiмдi қызықтыратын сұрақтар бойынша жеке кеңес алғым келедi. Осы ретте қызметкерлер үйге келiп, маған қызмет көрсете алады ма?

Иә, әрине. 1 және 2 топтағы мерзiмсiз мүгедектiгi бар адамдар үйлерiнде кеңес ала алады. Осы мақсатта Қорда «Мобильдi агент» қызметi бар — ол денсаулығына байланысты кеңсеге өз бетiмен бара алмайтын адамдарға баратын қызметкер. Осы қызмет түрiне ие болу үшiн сайтта өтiнiм қалдырып немесе 1418 нөмiрiне қоңырау шалу керек.

Сiздiң қауiпсiздiгiңiздi қамтамасыз ету үшiн Қор қызметкерлерi алдын-ала қоңырау шалып, келетiн күнiн және уақытын хабарлайды. Сондай-ақ, әр қызметкерде қызметтiк куәлiгi болады, сондықтан күмән туындаса, сiз 1418 нөмiрi арқылы Қордың байланыс орталығына хабарласып, осындай маманның шынымен БЖЗҚ-да қызмет жасайтынын бiле аласыз.

«Мобильдi агент» сапалы жұмыс iстеу үшiн барлық қажеттi құралдармен жабдықталған: ноутбук, USB-модем, құжаттарды сканерлеуге, шығаруға арналған портативтi көпсалалы құрылғы және т.б. Мұның бәрi салымшыларға БЖЗҚ-ның барлық қызметтер түрiн алуға мүмкiндiк бередi: кеңседен тыс мамандар үзiндi көшiрме мен келiсiмшарт көшiрмесiн бередi. Сондай-ақ, кеңес берiп, үзiндi көшiрме салынған конверттi күтпейтiндей, кез келген уақытта смартфон немесе компьютер арқылы өзiнiң жеке кабинетiне кiрiп, барлық қажеттi ақпаратты көре алатындай хабардар ету тәсiлi туралы қосымша келiсiмдер жасайды.

5. Бiз БЖЗҚ кеңсесi жоқ шалғай ауданда тұрамыз. Ендi барлық қызметтердi Қазпошта бөлiмшелерiнен алуға болатыны жайлы естiдiм. Бұл ақпарат қаншалықты рас?

Дұрыс ақпарат. 2019 жылдың 15 сәуiрiнен бастап елiмiздiң шалғай елдi мекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ және «Қазпошта» АҚ Қор салымшылары мен алушыларына қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны iске қосты. Бүгiнгi күнi 94 елдi мекен тұрғындары Ұлттық пошта байланыс операторы арқылы келесi қызмет түрлерiн ала алады:

• салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру).

• ақпараттандыру тәсiлiн өзгерту (анықтау) туралы келiсiмге қол қою (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiне электрондық форматта қол жеткiзу үшiн).

«Қазпошта» АҚ арқылы қызмет көрсетуге Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан және Түркiстан облыстарының елдi мекендерi қосылған.

Сiздiң елдi мекенiңiз бiздiң қызметтер көрсетiлетiн тiзiмде бар/жоғы жайлы Қор сайтынан бiле аласыз https://www.enpf.kz/ru/services/kazpost/index.php

БЖЗҚ кеңселерi жоқ шалғай елдi мекендер мен аудандар үшiн «Казпошта» АҚ-да «Мобильдi кеңсе» көшпелi қызмет көрсету бөлiмi сәттi жұмыс iстейдi, ол online режимiнде барлық қызметтердi ұсынады.

«Мобильдi кеңсе» — ол барлық қажеттi техникамен және спутниктiк байланыспен жабдықталған заманауи жоғары технологиялық микроавтобус. Бұл жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы барлық қызметтердi ұсынады және кеңседен еш кем емес: мұнда операторлар үшiн екi автоматтандырылған жұмыс орындарымен жабдықталған жұмыс бөлiмi, азаматтар үшiн отыратын орындар және күтушiлер үшiн қосымша қарастырылған үш орынды орындықтар бар. Бiр келгенде «Мобильдi кеңсе» қызметкерлерi орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетедi.

«Мобильдi кеңсе» арқылы Қор бөлiмшелерiнде көрсетiлетiн қызметтер түрiн алуға болады. Атап айтқанда — жеке зейнетақы шотын ашу, ақпараттандыру тәсiлiн өзгерту, шоттан үзiндi көшiрме алу немесе зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аударуға өтiнiш беру.

Шалғай аудандарға көлiк алдын-ала жоспарланған кесте бойынша жол жүредi. Барлық бағыттар жергiлiктi атқарушы органдармен келiсiлiп, тұрғындар мамандардың келуiне дейiн хабардар болады. Сондықтан сiз жергiлiктi атқарушы органға елдi-мекенiңiздi сапар кестесiне қосу туралы өтiнiшпен хабарласыңыз.

14.06.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын халықаралық ұйымдарда, шет мемлекеттердiң Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық және консулдық мекемелерiнде жұмыс iстейтiн қазақстандық азаматтар мiндеттi зейнетақы жарналарын қалай төлейдi?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 369-бабы 2 тармағына сәйкес Қазақстандағы халықаралық ұйымдардың өкiлдiктерiнде, шет мемлекеттердiң елiмiзде аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктерiнде және консулдық мекемелерiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан азаматтары, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жерлерде жұмыс iстейтiн отандастарымыз мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу бойынша құқықтық қатынастарға қатысуға құқылы. Бiрақ мiндеттi емес. Дегенмен Қордағы жеке шотыңызға зейнетақы жарналарын тұрақты аударып отыру жинақтарыңыздың көлемiне, сәйкесiнше болашақ зейнетақыңыздың қомақты болуына оң әсерiн тигiзедi.

Айта кетелiк, Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнде жұмыс iстейтiн дипломатиялық қызмет өкiлдерiнен мiндеттi зейнетақы жарналары Қазақстанның Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының қызметкерлерiне теңестiрiлген лауазымдар бойынша жалақының толық мөлшерiнен ұсталады. Бұған негiз болатын құжат: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы №1116 Қаулысымен бекiтiлген «Мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндiрiп алу қағидалары мен мерзiмдерiнiң» 5 тармағы.

Кезiнде кейбiр санаттағы азаматтарға төленген төлемдерден ұсталған жеке табыс салығының таяудан берi оларға қайтарылып жатқандығын естiдiм. Сол ұсталған жеке табыс салығын қайтару үшiн қандай құжаттар ұсыну қажет?

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуiрдегi № 241-VI Заңының нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады.

Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан берi ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуiне құқығы бар зейнетақы төлемдерiн алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан берi ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар БЖЗҚ-ның кез келген кеңсесiне өздерi келiп, немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға не болмаса пошта байланысы арқылы мынадай құжаттарды ұсынулары қажет:

– табысты түзету немесе салық шегерiмiн (оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдер) қолдану туралы БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген нысан бойынша өтiнiш;

– табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдануды растайтын құжаттардың көшiрмелерi және салыстыру үшiн түпнұсқасы.

Құжаттар үшiншi тұлға арқылы ұсынылған жағдайда, үшiншi тұлға жоғарыда көрсетiлген құжаттарға қоса мына құжаттарды ұсынады:

1)нотариат куәландырған сенiмхаттың түпнұсқасы немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi;

2)үшiншi тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;

3)алушының жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Бұл ретте алушының табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi нотариус арқылы куәландырылуы тиiс.

Құжаттарды пошта байланысы арқылы берген жағдайда табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдану құқығын растайтын құжаттардың көшiрмелерi мен алушының өтiнiмдегi қолы да нотариус арқылы куәландырылады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуiне қатысты құқық зейнетақы төлемдерi, оның iшiнде жерлеуге байланысты бiржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Егер зейнетақы төлемдерiн алушы табысты түзету немесе салық шегерiмiн қолдану құқығына ие емес немесе тиiстi құқығының бар екендiгiн растайтын құжаттар жоқ, не болмаса ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келмесе, ұсталған жеке табыс салығы қайтарылмауы мүмкiн.

Зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттарына тыйым салу шарасы қолданыла ма?

Салымшының (алушының), Мемлекеттiк корпорацияның, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан-банктiң және инвестициялық портфельдi басқарушының қарыздары бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарына, мiндеттi кәсiптiк зейнетақым жарналарына, өсiмпұлдарға, зейнетақы активтерi мен зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе өндiрiп алуды қолдануға болмайды. Бұл ретте жоғырада аталған субъектiлер таратылған немесе банкрот болған жағдайда да бұл әрекетке жол берiлмейдi.

Жоғарыдағы талаптарға негiз болатын құжат: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 50-бабының 3 тармағы.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 98-бабының 14) тармақшасына сәйкес салымшының (алушының) борыштары бойынша зейнетақы жинақтарынан ақша өндiрiп алуға болмайды.

Осылайша, БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына тыйым салуға немесе оларға өндiрiп алу рәсiмiн қолдануға болмайды.

Қор төлемдерi салымшылар мен алушылардың өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударылады. Жинақ ақша салымшылар мен алушылардың банк шотына аударылған соң, БЖЗҚ мiндеттемесi орындалды деп есептеледi.

Зейнетақы аннуиетiн қолдана отырып, зейнеткерлiкке ерте шығу үшiн не iстеу керек?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 59-бабына сәйкес 55 жасқа толған ерлер, биыл 51 жасқа толған әйелдер (әйелдердiң жасы 55-ке толғанша жыл сайын алты айға ұзарып отырады) және өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарын өздерi таңдаған сақтандыру ұйымына аудару арқылы мерзiмiнен бұрын алуға құқылы. Бiрақ бұл үшiн Қордағы жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiнде (2019 жылы ол — 36 108 теңге) зейнетақы төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Бұл ретте мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының 2014 жылы енгiзiлгенiн ескерсек, зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiн әрi 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу құқығына ие болды. Зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына зейнетақы аннуитетi шарты бойынша аудару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы №32 қаулысымен бекiтiлген.

Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан сақтандыру ұйымына аудару Қор кеңсесiне келу немесе сенiм бiлдiрiлген тұлға (құжаттарды сенiм бiлдiрiлген тұлға Қорға өзi әкелiп тапсыруы тиiс) арқылы ұсына алады. Бұл ретте өтiнiш бiлдiру тәсiлiне қарай құжаттар тiзiмi Қор сайтында мына сiлтеме бойынша орналасқан: https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/transfer.php

Зейнетақы қоры құжаттарды алған күннен бастап 10 жұмыс күнiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде алушының зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға мiндеттi.

Зейнетақы жинақтары сақтандыру ұйымына аударылған соң, 12 (он екi) айдан кейiн, сол жинақтар керi қайтарылмаса және зейнетақы жарналары түспеген жағдайда салымшының жеке зейнетақы шоты жабылады.

Мен еңбек азаматтық құқықтық сипаттағы шарты негiзiнде жұмыс iстеймiн. Мiндеттi зейнетақы жарналарын өзiм төлеуiм керек пе?

Азматтық құқықтық сипаттағы шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн азаматтар 2018 жылдың шiлде айынан бастап мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттелген болатын.

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрi — Заң) тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Оған негiз болатын құжат: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы.

Соған сәйкес, егер жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер жұмыс iстеу үшiн немесе қызмет қызмет көрсету үшiн салық агенттерiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшiн Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын осы салық агенттерi төлейдi. Ал салық агенттерi: заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсiби медиаторлар болуы мүмкiн.

Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс iстемейтiн жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер жұмыс iстеу үшiн немесе қызмет қызмет көрсету үшiн салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бұл қағида Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көрсетiлген. Дегенмен бұл жеке тұлғалар оның iшiнде фрилансерлер Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын өз ұйғаруымен төлеуге құқылы. Бұл үшiн олар жарналарды екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Мiндеттi зейнетақы жарналарын осылайша Қорға ерiктi түрде аудару қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етедi.

03.06.2019 ж.

Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейi артты

Жыл сайын жүргiзiлетiн тәуелсiз әлеуметтiк зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) деген сенiм деңгейi айқындалды.

Зерттеу қорытындысы бойынша:

–бiр жыл iшiнде Қорға деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейiн өстi;

–бiр жыл iшiнде жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 5,9-дан (2017 ж. желтоқсаны) 6,3 баллға дейiн өстi;

–жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы базалық деңгейге ие тұрғындардың үлесi 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында бұл көрсеткiш 58,2 пайыз болған).

Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызға ие 3 қаласының тұрғындарына жаппай сауалнамалық сұрақтар қою әдiсi бойынша жүргiзiлдi.

Халықтың отандық зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiн анықтау аясында сауалнамаға қатысушыларға сенiм деңгейiн он баллдық шәкiл бойынша бағалау ұсынылды. Мұнда «10» саны — толық сенiмдi, ал «1» — зейнетақы жүйесiне мүлдем сенбеушiлiктi бiлдiредi.

Зерттеу көрсеткендей, халықтың Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi 6,3 балл деңгейiнде қалыптасты. Жалпы БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшi Қазақстанның зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң көрсеткiшiмен тығыз байланысты. БЖЗҚ шын мәнiнде қазiргi зейнетақы жүйесiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және сауалға жауап берушiлердiң көпшiлiгi Қорды жүйе жұмысын жүзеге асыру құралы ретiнде қарайды. Соған қарамастан, сұхбат берушiлердiң БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiн анықтауға бағытталған сауалнама Қорға деген сенiм деңгейiнiң, аз да болса, Қазақстанның зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiнiң жиынтық көрсеткiшiнен жоғары екендiгiн көрсеттi.

БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi 6,4 балл болды.

Облыстар мен республикалық маңызға ие қалалар тұрғысынан алып қарағанда зейнетақы жүйесiне ең көп сенiм бiлдiргендер Алматы (7,19 балл) мен Жамбыл (7,13 балл) облысы және Алматы қаласының (7,10 балл) тұрғындары болды. Шығыс Қазақстан (5,16 балл), Ақтөбе (5,01) және Қарағанды облысының (4,71) респонденттерi Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiне аз сенiм бiлдiретiндер болып шықты.

Егер қала және ауыл тұрғындарының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiм деңгейiн салыстырып қарайтын болсақ, онда Қазақстанның 10 облысында (14 облыстың iшiнде) бұл көрсеткiш қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындары тарапынан жоғары. Ауыл халқының сенiм деңгейiнiң орташа көрсеткiшi — 6,4 балл болса, ал қала тұрғындарына қатысты көрсеткiш — 6,09 балл.

Тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметi аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негiзi зейнетақы болады деген пiкiрмен келiседi. Бұл ретте тұрғындардың көпшiлiгi (сауалнамаға жауап бергендердiң 44,9 пайызы) өздерiнiң қаржылық әл-ауқатының негiзгi көзi Қордан төленетiн зейнетақы жинақтары болады деген сенiмде. Ал сауалнамаға жауап берушiлердiң 33,4 пайызы мемлекеттен төленетiн зейнетақыға үмiт артады. Бұдан басқа, сауалнамаға қатысушылардың пiкiрiне сүйенсек, болашақ қаржылық әл-ауқаттың тағы бiр үшiншi негiзi — кәсiпкерлiк. Яғни, жауап берушiлердiң 9,1 пайызы өз бизнесiне үмiт артады. Мұндай жауапты негiзiнен өзiн-өзi жұмыспен қамтығандар мен өз бизнесiн басқарып жүргендер берiп отыр.

Сауалнама нәтижесi жауап берушiлердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-ның рөлi мен оның жинақтаушы зейнетақы жүйесi үшiн маңыздылығы туралы хабардар екендiгiн көрсеттi. Бұл ретте респонденттердiң басым бөлiгi БЖЗҚ-ның негiзгi атқаратын қызметiн жақсы бiледi. Демек бұл олардың жинақтаушы зейнетақы жүйесiнде Қордың атқаратын рөлiн жақсы түсiнетiндiгiн көрсетедi. Жауап берушiлер үшiн Қор — оның кеңселерi мен ресми сайты — жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша негiзгi ақпарат көзi екендiгi сөзсiз үлкен маңызға ие.

Зерттеу барысында тұрғындарға қосымша түсiндiрудi талап ететiн тақырыптар анықталды. Мысалы, олар ерiктi зейнетақы жарналары мен бiрыңғай жиынтық төлем аясында төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарының мөлшерi мен оларды төлеу шарты, инвестициялық басқару және зейнетақы активтерiне есептелетiн инвестициялық табыстың қалыптасу қағидалары секiлдi сұрақтар. Бұдан басқа, республикалық және жергiлiктi телеарналарды ақпарат беру арналары ретiнде қолдану, сондай-ақ ақпаратты халыққа ұялы қосымша мен дербес кеңес беру арқылы жеткiзу бойынша ұсыныстар берiлдi.

Зерттеу тұжырымдары Қорға деген сенiмдi одан әрi нығайту және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы хабардарлығын арттыру бойынша стратегиялық мiндеттердi жүзеге асыру барысында ескерiлетiн болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

20.05.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секiлдiлерге зейнетақы қызметтерiн қолжетiмдi ету үшiн Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Бүгiнде елiмiздiң шалғай аудандарында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдiк кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдiмекендер мен бөлiмшелерi жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерiмен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлi әлеуметтiк осал топтарымен жұмыс iстейдi. Олардың арасында қандай да бiр себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшiн шағын автобус пайдаланылады. Ол жерсерiктiк байланыс құралдары және басқа да қажеттi заманауи техникалармен жабдықталған. Автобустың салонында операторларға арналған екi автоматтандырылған жұмыс орны мен келушiлерге арналған екi орын бар. Кезек күтушiлер үшiн тағы үш адамдық орындық қойылған. Бұл көлiктi барлық қызметтердi онлайн тәртiбiнде көрсететiн өзiндiк бiр жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы деп атауға болады. «Мобильдiк кеңсе» қызметкерлерi бiр сапар барысында орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетелдi. Қызмет түрлерiн атап айтар болсақ: ерiктi зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, шоттың жай-күйi туралы хабарлау тәсiлiн өзгерту, шоттан үзiндi көшiрме беру, жеке деректемелерге өзгерiстер енгiзу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жөнiнде өтiнiш қабылдау секiлдi қызметтер.

«Мобильдiк кеңсенiң» жолға шығуы арнайы жоспар бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергiлiктi әкiмдiкпен алдын ала келiсiледi және тұрғындар оның келу уақытын алдын ала бiлiп отырады. Өйткенi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру таратылады. Бұл ретте жергiлiктi атқарушы органға хабарласып, елдi мекенiңiздi жоспарға енгiзу жөнiнде өтiнiш беруiңiзге де болады. Әзiрге үш «Мобильдiк кеңсе» Алматы, Атырау және Қостанай облыстарында жұмыс iстеп жатыр. Биыл жыл соңына дейiн тағы 10 облыс қамтылатын болады.

Одан басқа шалғай елдiмекендердi зейнетақы қызметтерiмен қамту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ бiрлескен жобаны iске қосты. Соған сәйкес зейнетақы қызметтерi «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы көрсетiледi.

Осылайша экономикалық тұрғыдан белсендi халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдiмекеннiң тұрғындары зейнетақы қызметтерiн ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткiздi. Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi алады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру;
  • хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтерiне қол жеткiзу) туралы келiсiмге қол қою.

Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар Қор қызметтерiн қалай алады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарын, оның iшiнде әсiресе мүмкiндiгi шектеулi жандарды зейнетақы қызметтерiмен қамту мәселесiне ерекше көңiл бөледi. Осы мәселенi шешу мақсатында «Мобильдiк агент» жобасы iске қосылған. Соның аясында Қор қызметкерлерi қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын салымшылардың үйiне өздерi барып қызмет көрсетедi.

Бүгiнде аталмыш жоба Қордың барлық 18 филиалында жүзеге асырылады. Бұл ретте мүмкiндiгi шектеулi жандар Қор қызметкерлерiн үйге шақыру үшiн enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Халықтың әлеуметтiк осал топтары үшiн электрондық өтiнiш беру» бөлiмi арқылы немесе Байланыс орталығының 1418 тегiн телефон нөмiрiне хабарласып, өтiнiш бере алады. Бұдан кейiн «БЖЗҚ» АҚ қызметкерi өтiнiш берушiге хабарласып, кездесу уақытын белгiлейдi.

«Мобильдiк агент», яғни Қордың маманы барлық керектi құралдармен жабдықталған. Сапарға шыққанда өзiмен бiрге ноутбук, құжаттарды сканерлейтiн әрi басып шығаратын принтер және 4G-модемi бар құрылғыны алып жүредi. Солардың көмегiмен салымшыға қажет құжаттар лезде дайындалады.

Қауiпсiздiктi сақтау мақсатында Қор қызметкерлерi салымшыларға алдын ала телефон шалып, келу уақытын хабарлап қояды. Олардың әрқайсысында қызметтiк куәлiгi бар. Егер сонда да күмәнданатын болсаңыз, Қордың байланыс орталығына хабарласып, маманның аты-жөнiн нақтылауыңызға болады.

Жұмыс берушi қандай уақытта жұмыс берушiсi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары жұмыскердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленген. Бұл жарналарды жұмыс берушiлер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражаты есебiнен төлейдi.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсiптер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1562 қаулысымен бекiтiлген Тiзбеде көрсетiлген. Егер, еңбек өнiмдiлiгi жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндiрiстiк нысандарды аттестаттау нәтижесiмен расталса, жұмыс берушiлер мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi №984 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекiтiлген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, мiндеттер мен жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттiң арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн белгiлейдi.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi. Арнайы салық режимiн қолданатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бұл жарналарды Қорға елiмiздiң салық заңнамасында көрсетiлген тәртiпте аударады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының толық және уақытылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

Мен тұңғыш рет жұмысқа орналасайын деп жатырмын. Жұмыс берушiм зейнетақы жарналарын аудару үшiн Қорға барып, зейнетақы шотын ашудың керегi жоқтығын айтты. Шынымен солай ма? Мүмкiн менiң жұмыс берушiм жарналарды аудырғысы келмейтiн шығар?

Сiздiң жұмыс берушiңiз дұрыс айтады. 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу үшiн Қор кеңсесiне келiп өтiнiш берудiң қажетi жоқ. Ендi алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға жарна аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша сәйкестендiрiледi. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады. Сол үшiн Сiзге уайымдаудың қажетi жоқ. Алайда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Қор кеңсесiне келу керек. Ал ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу үшiн жеке зейнетақы шотын Қор кеңсесiне келгенде немесе үйде отырып-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен Қор сайты арқылы ашуға болады.

Мен бiлiм саласының ардагерiмiн. Жалақым жоғары болған емес. Көп ұзамай зейнеткерлiкке шығамын. Болашақ зейнетақымның болжамды мөлшерiн бiлуге бола ма?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында тұрғындарға көрсетiлетiн қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет iске қосылған. Соның көмегiмен әрбiр салымшы өзiнiң дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екi зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Оның бiрi — «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлiкке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берiлетiн зейнетақының болжамды мөлшерiн анықтауға болады.

Екiншiсi — «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгiнгi жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептей алады. Сонымен қатар бұл калькулятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемiнiң қандай болатындығын көрсетiп бередi.

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде «Жинақтарды өмiрдi сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет iске қосылды. Сол арқылы өмiрдi сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктi сомасын есептеуге болады. Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшiн: туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшерi секiлдi барлық қажеттi деректердi енгiзу қажет. Содан кейiн «Есептеу» түймешiгiн басамыз.

Бiр айта кететiн жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинетi арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтiп, «Есептеу» түймешiгiн басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткiштерге қол жеткiзуге болады.

Салымшы егер қаласа Қордың кез келген бөлiмшесiне жүгiне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат керек. Қорда өткен жылдан берi дербес кеңес беру қызметi жүзеге асырылып келедi. Бiздiң мамандар болашақ зейнетақыны қалай есептеудi және оның мөлшерiн арттыру жолдарын түсiндiредi.

03.05.2019 ж.

«Бес сұрақ» айдары

Мен таяуда декреттік демалысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс беруші менің зейнетақы қорындағы шотыма әрі қарай зейнетақы жарналарын төлей ме? Бұдан басқа, бала күтімімен үйде отырған әйелдерге бюджет есебінен субсидия бөлінетіндігін естідім. Осы рас па?

«Субсидия» деген сөз мемлекет тарапынан ақшалай көмек көрсетіледі дегенді білдіреді. Бұл жерде әңгіме «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айрылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемдерді алушыларға міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау қағидаларымен» бекітілген және бала күтімімен үйде отырған аналарға қолдау көрсету үшін енгізілген.

Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бюджет есебінен субсидияланады және әлеуметтік төлемдерді алушылардың пайдасына Қорға ай сайын төленеді. Яғни, бала бір жасқа толғанға дейін жеке зейнетақы шотына бюджет және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы ай сайын зейнетақы жарналары аударылады.

Мемлекеттік субсидия үшін құжат жинап, табалдырық тоздырып, өтініш берудің керегі жоқ. Ол бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыны төлеу барысында есептеліп, зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады.

Бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер үшін бөлінетін бюджеттік субсидияны ескере отырып, ай сайын аударылатын зейнетақы жарнасының мөлшерін қалай есептеуге болады?

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) жиынтық мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде есепке алынған табыстың 10 пайызын құрайды. Бұл ретте әрине, бюджеттік субсидия мен бала бір жасқа толғанға дейін күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ ескеріледі. Мысалы, жалақы табыс ретінде қаралуы мүмкін. Бірақ оның көлеміне қатысты шектеу бар. 2019 жылдан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу көзі ретінде алынатын ай сайынғы табыстың мөлшері ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс (42500*7= 297 500 теңге).

Зейнетақы шотына аударылатын ай сайынғы бюджеттік субсидияның мөлшері – әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстан есептелетін МЗЖ мен бала күтіміне байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) берілетін әлеуметтік төлемдерден ұсталатын МЗЖ арасындағы айырма сомасы ретінде белгіленеді. Осылайша, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыстың 10 пайызының 4 пайызы бала күтіміне байланысты Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің есебінен, ал 6 пайызы бюджет есебінен төленеді.

Мысалы, әлеуметтік аударымдарды есептеу нысаны ретінде алынған орташа айлық табыс, яғни жалақы – 100 000 теңге делік. Бұл жағдайда, Қордан бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемнің мөлшері – 40 000 теңге (орташа айлық табыстың 40 пайызы) болады. Сәйкесінше әлеуметтік төлемдер есебінен аударылатын МЗЖ – 4 000 теңге.

Субсидияның есептелген мөлшері (СУБ – міндетті зейнетақы жарналарының ай сайынғы бюджеттік субсидия мөлшері):

СУБ = (100 000 * 10%) — (40 000 *10%) = 6 000 теңге

Осы есептеулерге сәйкес ай сайынғы міндетті зейнетақы жарналарының мөлшері – 10 000 теңге болады. Демек аналардың зейнетақы шотына республикалық бюджеттен жылына 72 000 теңге аударылады.

Осылайша, декретке дейін жұмыс істеген және жүктілік бойынша демалысқа шыққан әйелдерге баласы бір жасқа толғанша зейнетақы шотына орташа ай сайынғы табыстың 10 пайызы түсіп отырады.

Менің еңбек өтілім өте аз. Жұмыс істеуге ұзақ уақыт мүмкіндігім болмады. Енді мен болашақта қандай зейнетақыға үміт арта аламын?

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы жаңа әдістеме бойынша тағайындалып жатыр. Оған дейін базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленіп келді. Енді оны тағайындарда зейнеткердің зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі. Егер ол жоқ немесе 10 жылға дейін болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. 2019 жылы бұл сома – 16 037 теңгені құрайды. 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін базалық зейнетақының көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2 пайызына ұлғайтылып отырады. Ал 33 жыл және одан көп болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызына тең.

2019 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің көлемі 29 698 теңге.

Егер 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі 6 айдан кем болмаса, онда ортақ зейнетақы да тағайындалады. Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен төленетін жасына байланысты ортақ зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап (күні бүгінге дейінгі аралық) жұмыстағы үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл iшiндегi орташа айлық табыстың негізінде есептеледі.

Әрине, жиынтық зейнетақының басым бөлігін жинақтаушы зейнетақы басуы керек. Егер қандай да бір себеппен міндетті зейнетақы жарналары төленбеген болса, оны ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен де толықтыруға болады.

Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен үшінші бір тұлғаның атына да аудара алады. Бұл жағдайда үшінші тұлға да жеке басын куәландыратын құжатпен Қорға келуі тиіс. Қажет жағдайда салымшы мен алушының орнына олар сенім білдірген тұлға да нотариат куәландырған сенімхат негізінде өтініш бере алады.

Айта кетелік, кәмелетке толмаған тұлғалардың да ерiктi зейнетақы жарналары бойынша шот ашуға мүмкіндігі бар. Бұл ретте шартқа кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.

Заңды тұлғалар да өз кезегінде жеке тұлғалардың, мысалы өз қызметкерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Олар әдетте мұны қол астындағы мамандарды еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды. Заңды тұлғалар ұсынатын құжаттар топтамасы enpf.kz сайтында орналастырылған.

Мен шетелге қоныс аудармақпын. Зейнетақы жинақтарымды қалай алуға болады? Оның жолдары қандай?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары заңнамада көрсетілген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн бір мезетте алуға құқығы бар. Бұл ретте бір айта кететін жәйт, басқа елдің азаматтығын алмас бұрын, заң талаптарына сәйкес шетелге кетуге қатысты құжаттарды ресми түрде рәсімдеу керек. Басқа елдің азаматтығын алып болған соң ғана, БЖЗҚ-ға келіп құжаттарды ұсынуға болады. Сонымен қатар, Қазақстаннан шетелге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтарын алуға да құқылы.

Осылайша БЖЗҚ заң талаптарына сәйкес қажетті құжаттарды қабылдаған соң, 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асырады.

Толық ақпарат enpf.kz сайтында көрсетілген.

Таяуда екінші топтағы мүгедектік алдым. Соған байланысты лайықты ем қабылдау үшін зейнетақы жинақтарын алуға құқы бар ма?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектігі мерзiмсiз болып белгiленген жандарға да төленеді. БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпте жүзеге асыруға міндетті. Бұл тәртіп, оның ішінде Қордан бекітілген тәртіп бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын есептеу «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекітілген, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларында» бекітілген. Осылайша, егер екінші топтағы мүгедектік мерзімсіз болып бекітілсе, Сіз Қордан зейнетақы төлемдерін бекітілген кесте бойынша ай сайын ала аласыз.

08.04.2019 ж.

5 сұрақ

1. Зейнетақы шотын ашу үшiн не iстеу керек?

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн БЖЗҚ-ға, оның iшiнде Қордың веб-сайты арқылы жүгiнудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша сәйкестендiрiледi. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

2. Инвестициялық табыс деген не және ол қалай есептеледi?

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледi. Оның көлемi шоттағы жинақ ақшаның сомасына және оған түсетiн жарналардың мөлшерiне және олардың тұрақты аударылуына тәуелдi.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бiрлiгiнiң (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбiр жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгеде және шартты зейнетақы бiрлiгiнде есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбiр зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бiрлiгiне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сiздiң жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемiнде зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. 2019 жылдың 20 ақпанына қарай ШЗБ құны — 748 теңге дейтiн болсақ, Сiздiң шотыңызға есептелетiн ШЗБ саны 13,4 бiрлiк болады (10 000 теңге/ 748 теңге).

Ал 2019 жылдың 21 ақпанындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 750 теңге болды делiк. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерiлдi. Ендi осы күнгi ШЗБ санын есептеп шығару керек. Сiздiң шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негiзiнде былайша қайта бағаланады: 13,4 ШЗБ * 750 теңге = 10 050 теңге. Осылайша Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 21 ақпанына қарай 10 050 теңге болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (50 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралады.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейдi. Соның арқасында ШЗБ құны 2 теңгеге артты (750 теңге — 748 теңге). Зейнетақы жинақтары мен инвестициялық табыстың мөлшерi жарналардың сомасы мен аударылу кезеңiне тәуелдi. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды мәселе.

3. Ерiктi зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы шотын кiмдер аша алады?

Қазақстанның кез-келген азаматы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ерiктi зейнетақы жарналарын аудара алады. Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi шарт тараптарының өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. Бұл ретте жарналардың мөлшерiнен гөрi, олардың тұрақты аударылғандығы маңызды. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақтар болашақта Қордан қомақты мөлшерде зейнетақы төлемдерiн алуға септiгiн тигiзедi. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебiнен төлейдi және өз атына немесе үшiншi бiр тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерiнiң атына ерiктi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерiнiң қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкiлi қол қояды.

Салымшы ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен шот ашу үшiн Қорға өзi келген жағдайда жеке басын куәландыратын құжат тапсырады. Егер шарт үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуi тиiс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкiлi немесе оның орнына нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген тұлға өтiнiш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшiн салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшiншi адамның пайдасына шарт жасау үшiн алушы да жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшiрме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшiншi адамның пайдасына шарт жасасу үшiн тиiстi құжаттар топтамасын ұсынады. Қажеттi құжаттар тiзiмi Қордың enpf.kz сайтында көрсетiлген.

2018 жылдың шiлдесiнде Қор сайтының Жеке кабинетi және «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнде жаңа қызмет iске қосылды. Ол — «Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қызметi» деп аталады. Оны пайдалану үшiн электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтi қажет. Сол арқылы тiркелiп, тиiстi нысандарға қажеттi деректер енгiзiледi. Кейiн осы электрондық цифрлық қолтаңбаның кiлтiмен қол қойылады. Бүкiл операция бiрнеше минут уақытты ғана алады. Ерiктi жарналар бойынша шотты сайт арқылы ашу — уақытты үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Бiр айта кететiн жәйт, салымшылар Қор сайты арқылы шотты әзiрге өз пайдасына ғана ашуға құқылы.

4. Зейнетақы төлемдерi қалай рәсiмдедi?

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 9 қазандағы қаулысы негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы қаулысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлдi.

Осы күннен бастап зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiм мен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш негiзiнде алушыға (үнсiз келiсiм бойынша) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгiзiлген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу жөнiндегi өтiнiштер мына тек жағдайларда ғана қабылданады:

  • шетелге тұрақты тұруға кетуге байланысты;
  • I және II топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда;
  • жерлеуге және мұрагерлiкке байланысты бiржолғы төлемдi жүзеге асырған жағдайда;
  • ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен құралған жинақтарды алу құқығы туындаған кезде;
  • сақтандыру ұйымымен зейнетақы шартын жасасқан жағдайда.

Сонымен қатар БЖЗҚ-ның мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiн есепке алу, есептеу және стратегиялық мiндеттерi сол өзгерiссiз күйiнде қалады.

5. Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепiлдiк берiлген?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепiлдiк берiлетiндiгi туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсендi түрде жүзеге асырыла бастады. Өйткенi осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Мұнда мемлекеттiк кепiлдiк бойынша бiржолғы айырма төлемi есептеледi. Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердiң шотындағы бүкiл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгiзiлген бүкiл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы. Бiржолғы айырма төлемiн зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемдi алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу үшiн Қорға жүгiнедi. Ал мемлекеттiк зейнетақылар мен мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiр өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтiнiш бередi. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгiзiлген Композиттiк қызмет аясында мемлекеттiк зейнетақылар мен Қор төлемдерiн және мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiштi тек бiр жерге — осы Мемлекеттiк корпорацияға тапсырады. Айырма төлемiн алу үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Мемлекеттiк корпорация зейнеткердiң жинақтары туралы Қордан алынған мәлiметтердi оның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексередi. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегi жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейдi. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттiк корпорация айырма төлемiн есептейдi. Бұл сома бiржолғы төлем ретiнде республикалық бюджет есебiнен алушының банк шотына 10 жұмыс күнi iшiнде аударылады.

20.03.2019 ж.

БЖЗҚ-да «2019 жылы күшiне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер» тақырыбы бойынша Ашық есiк күнi өткiзiлдi 

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ-ның барлық филиалында биылғы жылы алғашқы «Ашық есiк күнi» шарасы өткiзiлдi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жалғастырып келедi. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесiне қатысты маңызды сұрақтар бойынша тұрақты түрде ақпарат берiлiп жатыр.

Аталмыш шараның тақырыбы — зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудағы басты мақсат — зейнетақы төлемдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу рәсiмiн оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерiстер енгiзiлдi:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi болса, жеке тұлғаларға, олардың iшiнде фрилансерлерге берiлетiн табыстан мiндеттi зейнетақы жарналарын осы салық агентi төлейтiн болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу — фрилансердiң мiндетi емес, құқығы болып табылады;

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу — оның мiндетi болып есептелмейдi. Бұл ретте жарналарды есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс.

Биылғы жылғы жаңа енгiзiлiмдердiң бiрi — жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Қорға жүгiнудiң қажетi жоқ. Жеке тұлғаның Қорда мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен сәтте шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемдi:

- мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды;

- Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк жарнаны жүзеге асыруға болады.

Бұдан басқа, 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты электрондық үкiмет порталы арқылы алу оңай бола түстi.

Осы күннен бастап кез келген салымшы (алушы) жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi тек электрондық цифрлық қолтаңба ғана емес, бiр реттiк sms-парольдiң көмегiмен де ала алатын болды. Бұл үшiн салымшы (алушы) электрондық үкiмет порталының жеке кабинетiнде тiркелiп, үзiндi көшiрме алуға сауал жолдайды. Содан кейiн mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бiр реттiк sms-пароль жiберiледi.

2019 жылдың ақпанында «Е-нотариат» жүйесi мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнiң өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды. Ендi нотариустар «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесi арқылы өздерiнiң өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша (мұрагерлер өтiнiш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртiбiнде (хат жүзiнде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

Зейнетақы жүйесiне енгiзiлген өзгерiстер Ашық есiк күнiне келушiлер мен Қор мамандары арасында қызу талқыланды. Қатысушылар бүгiнгi кездесудiң пайдалы және достық сипатта өткендiгiн ерекше атап өттi.

Айта кетелiк, БЖЗҚ-да Ашық есiк күнi осымен үшiншi жыл қатарынан әрбiр үш ай сайын өткiзiлуде. Өткен жылы бұл шараға елiмiз бойынша 20 мыңнан астам адам қатысқан болатын.

Бүгiнгi шараға қатысушылар биылғы жылы күшiне енген, зейнетақы заңнамасындағы барлық өзгерiстер туралы толыққанды және маңызды мәлiметтердi, сондай-ақ өздерiн қызықтырған сұрақтар бойынша ақыл-кеңес алды.

Қандай да бiр себептермен Ашық есiк күнiне келе алмағандар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi бойынша Қордың www.enpf.kz сайты арқылы Басқарма Төрайымының блогына сұрақ қоюға, байланыс орталығының 1418 телефон нөмiрiне қоңырау шалуға (Қазақстан бойынша қалалық және ұялы телефон арқылы хабарласу тегiн) болады. Сонымен қатар салымшылар мен алушылар өз өтiнiштерiн Қордың әлеуметтiк желiлердегi негiзгi парақшалары және WhatsApp арнасы арқылы жолдай алады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

01.03.2019 ж.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылғанына 20 жылдан асты. Осы жылдар ішінде ол талай сыннан өтті. Бүгінде жүйе заман талабына сай жемісті жұмыс істеп келеді және болашағы айқын.

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ — жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағындарының бірыңғай операторы. Оның қызметі ашықтық және айқындылық қағидаларына негізделген.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында біз тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап береміз.

1. Зейнетақы жинақтарын біржола алуға бола ма?

— Қордағы зейнетақы жинақтары алушыларға заңнамада көзделген жағдайлар туындаған кезде ғана беріледі. Ең негізгі жағдай — зейнеткерлік жасқа толу. Өйткені зейнетақы тағайындаудағы негізгі мақсат — құрметті демалысқа шыққан адамдардың күнделікті тіршілігін лайықты қамтамасыз ету.

Сонымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес Қордан зейнетақы төлемдері зейнеткерлік жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда) және бірінші немесе екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандарға төленеді. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Жасына байланысты зейнеткерлер мен I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген адамдар төлемдерді ай сайынғы кесте бойынша алады. Өйткені 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қордан зейнетақы төлемдері тек ай сайын беріле бастады. Зейнетақы жинақтарын ай сайын беру — халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және бұл Қордан зейнетақы төлемдерін алу мерзімін едәуір ұзартуға және жиынтық зейнетақының көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Қазір де зейнетақы жинақтарын біржолғы төлем ретінде алуға болатындығын айта кетен жөн. Егер зейнетақы төлемдерін алушы өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сома алушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақы көлемі: 36 108 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 433 296 теңге.

Бұдан басқа, заңнамаға сәйкес ерлер 55 жасқа, ал әйелдер биыл 51 жасқа толғанда өздері таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы ай сайын алып тұру үшін зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл ретте әйелдердің жасы 2027 жылға дейін 55 жасқа жеткенше жыл сайын 6 айға ұлғайтылып отыратындығын еске саламыз. Бірақ зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін Қордағы зейнетақы жинағының сомасы ай сайын ең төменгі зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi төлеуге жеткілікті болуы керек.

Сақтандыру ұйымына аударуға қажетті соманы зейнетақы калькуляторының көмгімен де есептеуге болады. Ал зейнетақы калькуляторы enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлімінде орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php

2. Бізге редакцияға туыстары қайтыс болған адамдар жиі жүгініп, сол қайтыс болған туыстарының жинақтарын қалай алуға болатындығын сұрап жатады. Осы жағын түсіндіріп берсеңіз.

— Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтары салымшының меншігі болып табылады және өсиет бойынша, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 31-33-баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Мұраны қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 6 тарауына (Мұрагерлік құқық) сәйкес мұра ашылған жердегi нотариусқа немесе заңға сәйкес мұра алу құқығы туралы куәлiктi беруге уәкiлеттi лауазымды адамға мұраны қабылдау туралы немесе мұрагерлікке құқық туралы куәлiк беру жөнінде өтiнiш беріледі. Мұра ашылған күннен бастап алты айдың iшiнде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде мұра қабылдануы мүмкін. Алты ай өткен соң, мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердiң өтiнiшi бойынша оған мұрагерлiкке құқық туралы куәлiк беруге мiндеттi.

Егер мұрагер мұра қабылдау мерзiмін дәлелдi себептермен өткiзiп алған болса және бұл мерзiмдi өткiзіп алу себептерi жойылғаннан кейiн алты ай iшiнде сотқа жүгiнген жағдайда осы мерзiмдi өткiзiп алған мұрагердiң өтiнiшi бойынша сот бұл мерзiмдi қалпына келтiре алады және мұрагер мұраны қабылдады деп тани алады

3. Мұрагерлер үшін құжаттарды жинап, тапсыру рәсімін оңайлатуға болмай ма? Өйткені олардың табалдырық тоздырып, құжат жинауға шамасы да, жағдайы да келе бермейді ғой?

— Бұл рәсімді мұрагерлер үшін оңайлату және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара іс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесі мен Қордың ақпараттық жүйесінің өзара іс-қимылы туралы Шарт жасалды.

Енді аталған Шарт аясында нотариустар өздерінің өндірісіндегі мұрагерлік істер бойынша (мұрагерлер өтініш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға онлайн тәртібінде (хат жүзінде емес) сауалдар жолдай алады.

Қор өз кезегінде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгінген мұрагерлердің уақытын үнемдейді.

4. Таяуда бұқаралық ақпарат құралдарында зейнетақы жинақтары бар қайтыс болған салымшыны жерлеуге байланысты зейнетақы қорынан біржолғы төлем берілетіндігі жарияланды. Оның көлемі қандай және қандай құжаттар жинау керек?

— Шынында, бұл мәселе таяуда бұқаралық ақпарат құралдары бетінде талқыланды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мына мәліметті айта кеткім келеді. Қазақстан Республикасында жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген сәттен, яғни 1998 жылдан бастап, жинақтаушы зейнетақы қорында жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді ұйымдастырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бұл төлем заңнамада көрсетілген тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады. Атап өту керек, бұл төлем жаңалық емес, ол әрқашанда төленіп келді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының ережелеріне сәйкес зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, Қор оның отбасына немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы төлем төлейді. Бірақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиіс. 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл сома 132 310 теңгені құрады (2 525*52,4).

Егер жерлеуге арналған біржолғы төлемнен кейін шотта қалған ақшаның сомасы тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен (биыл: 36 108 теңге) аспайтын болса, онда бұл қалдық жерлеуге арналған біржолғы төлемге қосылып төленеді.

Толық ақпаратты Қор сайтынан біле аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/recipient/heir.php

5. БЖЗҚ салымшылары Қордың қандай негізгі ұсынымдарын есте сақтауы тиіс?

— Зейнетақы қорының қызметі туралы бүкіл ақпарат Қордың enpf.kz сайтында және бұқаралық ақпарат құралдары бетінде, сондай-ақ БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады. Сонымен қатар Қор бөлімшелері республиканың барлық өңірлерінде, оның ішінде Астананың барлық ауданында жұмыс істейді. Қор кеңселерінде кез келген зейнетақы қызметін алып қана қоймай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы жан-жақты ақпарат алуға болады.

Қор филиалдарында үш ай сайын Ашық есік күні шарасы өткізіліп тұрады. Онда келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауаптар ала алады. Біз алушыларға зейнетақы жарналарының Қорға уақытылы және толық көлемде аударылуын қадағалап отыруға кеңес береміз. Бұл үшін әр түрлі ыңғайлы тәсілдерді пайдалануға болады. Мысалы: Қор базасына тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі мен парольдің немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көемегімен enpf.kz сайтының Жеке кабинеті, Қордың ұялы қосымшасы, сондай-ақ Қорға ұсынылған жеке электрондық мекенжай.

Қазір жас маман жұмысқа орналасқан жағдайда, Қорға алғашқы зейнетақы жарнасы келіп түскен сәтте, зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Яғни, жаңа салымшыға зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу үшін Қор кеңсесіне барудың қажеті жоқ. Тек өзінің зейнетақы шотының жай-күйін, жарналардың тұрақты аударылуын қадағалап отырса болғаны. Өйткені Қордан төленетін болашақ зейнетақы төлемінің қандай болатындығы Қорға жарналардың уақытылы және толық көлемде аударылуына тікелей байланысты.

Бүгінде базалық зейнетақының көлемі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне тікелей тәуелді. Бұдан басқа зейнетақы аударымдары банктер үшін клиенттерге несие рәсімдеу барысында маңызды көрсеткіш болып саналады.

Зейнетақы жинақтары әрбір салымшының меншігі. Шоттағы зейнетақы жинақтары сенімді қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше шоттарға күн сайын инвестициялық табыс есептеліп отырады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қор салымшыларының зейнетақы шоттарына 917,1 млрд теңге көлемінде инвестициялық табыс есептелді. Бұл жерде әрбір салымшының шотына есептелетін табыстың сомасы сол шоттағы жинақтардың көлеміне тәуелді.

16.01.2019 ж.

Бірыңғай жиынтық төлем және оның артықшылықтары

Жаңа 2019 жыл отандастарымыз үшін бірқатар республикалық заңдарға енгізілген өзгерістерден басталды. Солардың бірі — 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ).

Бұл не және не үшін енгізілді?

Бірыңғай жиынтық төлем өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметін тіркеуді оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт міндетті төлемді: мемлекеттік кірістер органына төленетін жеке табыс салығын (ЖТС), Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ, Қор) төленетін міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін әлеуметтік аударымды бір төлеммен жүзеге асыруға болады.

Бұл бізге қандай мүмкіндіктер береді?

Жеке кәсіпкер ретінде кәсіпкерлік қызметін тіркелместен жүзеге асыратын, бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін: БЖТ төлеген, жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын, қызметтерді салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, өзінің жеке қосалқы шаруашылығында өндірген ауыл шаруашылығы өнiмiн салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлғалар БЖТ төлеушілер деп танылады.

Ал сауда-ойын-сауық орталықтары аумағында жұмыстар атқаратындар (қызметтер көрсететін), тұрғын емес орынжайларды жалға берушілер, жеке практикамен айналысатын адамдар, оралмандарды қоспағанда, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына Қорға төленуге жататын міндетті зейнетақы жарналары республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада — айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 1 еселенген мөлшерінің және басқа елдімекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшерінің 30 пайызын құрайды. Бұл ретте республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.

БЖТ төлеу мүмкіндігіне ие азаматтар барлық төлемдерді оңайлатылған тәртіпте төлеп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатыса алады. Сонымен қатар БЖТ төлеу арқасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында медициналық қызметтерге толық көлемде қол жеткізіледі, яғни, көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы мен түрі бойынша шек қойылмайды және медициналық мекемелерді таңдау құқығы беріледі. Бұдан басқа БЖТ төлеуші қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтіліне қарай мемлекеттік базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үміт арта алады.

Жүйеге қатысушы жұмыстан, еңбекке қабілеттілігінен, асыраушысынан айырылған жағдайда, сонымен қатар жүктілік, бала туу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жоғары мөлшерде әлеуметтік төлемдер алу мүмкіндігіне ие болады.

Осылайша алатын табысты растаудың арқасында азаматтардың несие өтеу қабілеті арта түседі. Сәйкесінше олар өздерінің төлем қабілеттілігін растап, банктен несие ала алады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтушы жеке тұлғалар БЖТ-ны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына екінші деңгейдегі банктер немесе жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар (мысалы, «Қазпошта» АҚ) арқылы төлейді. Әрі қарай Мемлекеттік корпорация төлемді төрт бағыт бойынша: жеке табыс салығы ретінде мемлекеттік кірістер органына, әлеуметтік аударым ретінде мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына, міндетті зейнетақы жарналары ретінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және әлеуметтік аударым ретінде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударады.

БЖЗҚ салымшылары үшін тағы бір жағымды жаңалық! Бұған дейін МЗЖ есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоты (ЖЗШ) жеке тұлғаның БЖЗҚ-ға ұсынған ЖЗШ ашу жөніндегі өтініші негізінде ашылатын. Енді 2019 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшін жеке тұлғаға БЖЗҚ-ға жүгінудің қажеті жоқ. Енді жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келіп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер (тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі, туған күні) бойынша сәйкестендіріледі. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері және тұрғылықты мекенжайы бойынша қажетті мәліметтерді Қор мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алатын болады.

Ескере кететін жәйт, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртібі бұрынғыша өзгеріссіз қалады.

Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ЕЗЖ (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртібінде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшін өте ыңғайлы.

20.11.2018 ж.

БЖЗҚ жастарға есiгiн ашты

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетiмдi» атты Ашық есiк күнi өттi. Оған 366 адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бiрге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Филиал директоры Муканов Рамазан Жарлагасович атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән бередi.

— «Қазiр зейнеткерлер зейнетақысының негiзгi бөлiгiн мемлекеттiк бюджеттен алатын болса, келешекте бүгiнгi оқушылар мен студенттердiң зейнетақы көлемi негiзiнен олардың өздерiнiң аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуiмiз керек», — дейдi филиал жетекшiсi.

Қор қызметкерлерi Ашық есiк шарасына келгендерге зейнетақы қызметтерi мен кеңес алу жолдары туралы айтып бердi. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтерiне қалай жүгiнуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.

Зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бiрi. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсiлдерi мен қызметтердiң сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгiнде Қор қызметтерi елiмiздiң барлық тұрғындарына дерлiк қолжетiмдi. Республиканың бүкiл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстейдi. Көшпелi қызмет тиiмдi ұйымдастырылып, мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға мобильдi агенттер қызмет көрсетедi.

Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елдi мекендерге қызмет көрсету үшiн жылжымалы кеңселер iске қосылды. Келесi жылы көлiктегi кеңселер елiмiздiң тағы 12 аймағында жұмысқа кiрiспек. Өзiне-өзi қызмет көрсетудi жетiлдiру үшiн барлық өңiрлiк филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгiршiктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлерi ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкiмет сайты және биыл iске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетiмдi. Салымшыларға кеңес беру үшiн 1418 нөмiрi бойынша байланыс орталығы жұмыс iстейдi. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтiк желiлердегi парақшаларға жолдауға болады.

— БЖЗҚ қызметтерiнiң 80 пайызы қазiр қашықтықтан электрондық түрде қолжетiмдi. Осының арқасында кеңсеге келiп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесiне бейiмделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкiндiк бередi», — деп атап өттi филиал директоры.

Қор өкiлдерiнiң айтуынша, электрондық тәсiлмен мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын есептеу жөнiндегi жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама алуға, деректемелердi немесе ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердiң шамалас мөлшерiн есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.

Қор қызметкерлерi шараға қатысушыларға жеке кеңес берiп, оларды қор қызметтерiне өз бетiнше жүгiну тәсiлдерiне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйреттi. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесi туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста КББМ «Гуманитарлық-техникалық колледжiнiң» студенттерi — Кус Олег, Любовицкая Екатерина, Шмелева Анастасия; КММ «Солтүстiк Қазақстан кәсiби педагогикалық колледжiнiң» студенттерi — Тулепергенов Нурдаулет, Сапаров Бахтияр, Жуматаев Азат; КММ «Петропавл қаласының құрылыс-экономиқалық колледжiнiң» студенттерi — Шауланбек Гульназ, Куатбекова Ляйля, Айторе Акниет; КММ «№7 Орта мектебiнiң» оқушылары — Кеңес Жомарт, Мақтабек Иманғали, Бейсек Бақұстар озық нәтиже көрсеттi. Филиал директоры жеңiмпаздарды алғыс хаттармен марапаттады.

— «Мен бүгiн зейнетақы жүйесi туралы, Қор қызметтерiн интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым. БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедiм, ендi ата-анамды оны қалай пайдалану керектiгiне үйретемiн», — дейдi шараға қатысушы оқушы Сапаров Бахтияр

БЖЗҚ АҚ Ашық есiк күнiн екiншi жыл қатарынан тоқсан сайын өткiзiп келедi. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстер туралы бiлiп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт аралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

БЖЗҚ АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

13.11.2018 ж.

БЖЗҚ баршаға қолжетімді

2018 жылдың 20 қарашасында «БЖЗҚ» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өткізіледі. Қор бұл шараны екі жылдан бері дәстүрлі түрде әр тоқсан сайын ұйымдастырып келеді. Бұл жолы ол әдеттегіден ерекше болмақ – алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен қатар мектеп оқушылары мен студенттер арнайы шақырылып отыр. Бізге Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директоры Муканов Рамазан Жарлагасович әңгімелеп бергендей, Қор халықтың қаржылық мәдениетін қалыптастыруға үлкен мән береді. Оның айтуынша, бұл шараға жас ұрпақтың тартылуы кездейсоқ емес. Таяу болашақта жоғары сынып оқушылары мен студенттер жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатыса бастайды, ал олардың зейнетақылары қазіргі заманғы зейнеткерлер қамтылатын мемлекеттік бюджеттен емес, өздерінің аударған зейнетақы жинақтарына тікелей байланысты болады. Ашық есік күні барысында Қор қызметкерлері оқушылар мен студенттерді зейнетақы жүйесінің негіздерімен таныстырып, олардың арасында викторина ұйымдастырмақ. Ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.

Сонымен қатар шараға келушілер Қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығын біле алады. Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын жетілдіруді уақыт талабына сай дамытуға ұмтылады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Еліміздің аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары, көшпелі қызмет жұмыс істейді, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

2018 жылдың көктемінде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында енгізілмек. Үстіміздегі жылдың 9 айында 18 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 580 мың адам тартылды. 30 мыңға жуық адам әрбір тоқсан сайын барлық филиалдарда ұйымдастырылатын Ашық есік күндеріне қатысты.

— «БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Соның арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшыларға уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», — дейді филиал директоры.

Зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша www.enpf.kz ресми сайты арқылы Қор төрайымының блогына сауал жолдауға немесе байланыс орталығының 1418 нөміріне хабарласуға болады (Қазақстан бойынша барлық ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін). Биыл БЖЗҚ танымал мессенджер Telegram арқылы өз ботын іске қосты. Бұл сервистің көмегімен тұрғындар өз жинақтары туралы шағын үзінді-көшірме алып, жеке кабинетінің құпиясөзін қалпына келтіріп, өзекті жаңалықтармен, қордың ағымдағы көрсеткіштерімен танысып, Қордың ең жақын бөлімшесінің мекенжайын білулеріне болады. Аталмыш ботты пайдалану үшін іздеу жолына «enpfbot» деп жазу керек.

Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шотын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы да бар.

— «Зейнетақы мәселелері еліміздің барлық тұрғындарын толғандырады. Алайда барлық азаматтардың біздің бөлімшелерге келуге қолдары тие бермейді. Сондықтан біз салымшылар мен алушылармен байланыс жасаудың барлық мүмкіндіктерін қолдануға тырысамыз», — дейді қор қызметкерлері.

08.11.2018 ж.

5 сұрақ

1. Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн қайда жүгiнуге болады? Осы жөнiнде толығырақ айтып берсеңiз.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. Соған сәйкес болашақ зейнеткерлердi зейнетақымен қамту жауапкершiлiгi мемлекет, жұмыс берушi және салымшы арасында оңтайлы үлестiрiлген.

«Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, оның атына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Зейнетақы жинақтары салымшының меншiгi болып табылады және мұраға қалдырылады.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн: зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемдi алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi алуға құқылы. Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар мен шетелге қоныс аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдердi алу үшiн Қорға жүгiнедi. Ал мемлекеттiк зейнетақылар мен мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай (бiр) өтiнiшпен «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) жергiлiктi бөлiмшесiне (халыққа қызмет көрсету орталығына) өтiнiш бередi. Ал зейнет жасына толған азаматтар биыл қазан айында енгiзiлген жаңа Композиттiк қызмет аясында мемлекеттiк зейнетақылар мен Қор төлемдерiн және мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай (бiр) өтiнiш пен қажеттi құжаттарды тек бiр жерге — осы мемлекеттiк корпорацияға тапсырады. Яғни, айырма төлемiн алу үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Мемлекеттiк корпорация зейнетақы жинақтарының сомалары туралы Қордан алынған мәлiметтердi алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгiзiлген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексередi. Егер алушының Қордағы зейнетақы жинақтарының сомасы инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi және мiндетi кәсiптiк зейнетақы жарналары сомасынан артық немесе оған тең болса, айырма сомасы төленбейдi. Ал егер зейнетақы жинақтарының сомасы енгiзiлген жарналардың сомасынан төмен болса, Мемлекеттiк корпорация айырма төлемiн есептейдi. Бұл сома 10 жұмыс күнi iшiнде республикалық бюджет есебiнен алушының банк шотына аударылады.

2. Фрилансерлер де зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi ме?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына («Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 165-VI Заңы) енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар өз пайдасына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) алатын табысының 10 пайызы мөлшерiнде (бiрақ ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеуге мiндеттi.

Осылайша, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар үшiн МЗЖ аудару тәртiбi мынадай:

  • азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қызмет көрсететiн жеке тұлғалар (қызмет көрсетушiлер) мiндеттi зейнетақы жарналарын екiншi деңгейдегi банктер арқылы табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей төлейдi;
  • екiншi деңгейдегi банктерде шоттары жоқ жеке тұлғалар мiндеттi зейнетақы жарналарын кейiннен Мемлекеттiк корпорацияға аудару үшiн оларды банкке қолма-қол ақшамен енгiзедi;
  • екiншi деңгейдегi банктер ТМК (төлем мақсатының коды) 010 кодын қолдана отырып, Мемлекеттiк корпорацияға төлем тапсырмасын әзiрлейдi. Одан әрi, салымшылардың МЗЖ сомасы Мемлекеттiк корпорацияның шотына келiп түскен күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде МТ-100 форматындағы электрондық төлем тапсырмаларымен БЖЗҚ-ға аударылады.

Қандай да бiр кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiнен өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшке қол қою арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген өтiнiш үлгiлерi БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған: https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/4ad/4addeb793dfa25a5136d50e27570398a.pdf.

Жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiштi Қордың кез-келген бөлiмшесiнде және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

3. БЖЗҚ филиалдарында орнатылған өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары арқылы қандай қызметтердi алуға болады?

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетiмен зейнетақы қызметтерiн пайдалануға мүмкiндiк бередi. Терминалдың корпусы тұтас темiрден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлiгiнде сенсорлық экраны бар. Корпустың iшiне жаңа үлгiдегi жүйелiк блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

Қазiргi кезде өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi-көшiрме алу, берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау және шарттардың көшiрме нұсқасын алу секiлдi қызметтердi салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен ала алады. Ал МЗЖ бойынша шарт жасасу жөнiнде өтiнiш беру және жеке деректемелердi өзгерту үшiн салымшыны танып бiлу әдiсi ретiнде тек жеке куәлiктегi ЭЦҚ қажет.

Барлық филиалдарда өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдардарын қолдану арқылы ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың iшiнде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгерiс енгiзу (43,03%) қызметтерi.

4. Зейнетақы активтерi не үшiн екiншi деңгейдегi банктерге инвестицияланады? Олар бiрiнен-соң бiрi жабылып жатыр емес пе?

Қазiргi уақытта зейнетақы активтерi бiрыңғай оператор — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында шоғырландырылған. Оның құрылтайшысы және жалғыз акционерi — Қазақстан Республикасының үкiметi. «БЖЗҚ» АҚ акцияларының мемлекеттiк пакетi ҚР Ұлттық Банкнiң сенiмгерлiк басқаруына берiлген. Зейнетақы активтерiн басқаруды Ұлттық Банк ҚР Ұлттық Қорды басқару жөнiндегi кеңесiмен бiрлесе отырып жүзеге асырады. Сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi бiршама диверсификацияланған, яғни әртараптандырылған. Сәйкесiнше зейнетақы активтерi тәуекелi төмен, табысы тұрақты, ұлттық және шетелдiк валютада номинирленген әр түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады. Басты мақсат — ұзақ мерзiмдi болашақта тұрақты инвестициялық табыс алып тұру. Бұл — басты стратегия.

Портфельдiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарына (47%), екiншi деңгейдегi банктердiң бағалы қағаздарына (17%) және шет мемлекеттердiң бағалы қағаздарына (11%) инвестицияланған.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (68%) және шет мемлекеттердiң валютасында (32%) номинирленген.

Зейнетақы активтерiн екiншi деңгейдегi банктердiң облигацияларына инвестициялау нарық жағдайында жүзеге асырылады. БЖЗҚ банктердiң облигацияларына қатысты жалғыз инвестор емес. Ол бұл бағалы қағаздарды кез келген уақытта сатып алуға және сатуға құқылы.

Ұлттық Банк зейнетақы активтерiн инвестициялау бойынша барлық шешiмдердi ашықтық қағидатын ұстана отырып қабылдайды. Инвестициялық портфельдiң құрылымы ай сайын БЖЗҚ сайтында жарияланып отырады. Оны кез келген адам көре алады.

5. Зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты тегiн беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ал ақпарат алу тәсiлiн салымшы өзi таңдайды. Шоттан үзiндi-көшiрме алудың мынадай тәсiлдерi бар:

  • пошта байланысы арқылы — жылына бiр рет;
  • таңдап алынған төлем кестесiне сәйкес электрондық пошта арқылы — (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өзi келгенде — шек қойылмайды;
  • интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) — онлайн режимiнде шектеусiз;
  • enpf.kz сайтына тiркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе ЭЦҚ бар болса egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы — шектеусiз.

Егер Сiз зейнетақы шотыңыз жайында үзiндi-көшiрме алу тәсiлiн таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегi Қор кеңсесiне келiп, хабарлау тәсiлi туралы қосымша келiсiм жасай аласыз. Қор бөлiмшелерiнiң мекенжайлары мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бiрнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты интернет арқылы алу — қазiргi уақытта өте танымал. Ол зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртiбiнде бақылап отыруға мүмкiндiк бередi.

05.10.2018 ж.

5 сұрақ

1. Менiң әкем — мүгедек. Өздiгiнен жүрiп-тұра алмайды. Оның зейнетақы Қорына қатысты бiрқатар сұрақтары бар едi. Қордың жергiлiктi кеңсесi алыста орналасқан. Өзi бара алмайды. Ал мен күнi бойы жұмыстамын. Айтыңызшы, бұл жағдайда не iстеуге болады?

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтар, шетелдiктер және азаматтығы жоқ адамдар үшiн зейнетақы қызметтерiне бiрдей қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi.

Кiмде-кiм қандай да бiр себептермен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты Қор кеңсесiне келе алмайтын болса, Қор қызметкерлерi оған өздерi барады.

Сiз әкеңiз үшiн «Мобильдiк агент» қызметiне тапсырыс бере аласыз. Бұл үшiн Қордың байланыс орталығына телефон шалу немесе Қор сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнiң «Халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтары үшiн электрондық өтiнiш беру» нысаны арқылы өтiнiм бере аласыз. Бұл қызмет туралы мына сiлтеме арқылы толығырақ бiлуге болады: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/mo.php.

Егер әкеңiзде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзектi кiлтi бар болса, ол соның көмегiмен шарт жасаудан бастап зейнетақы төлемдерiн алуға дейiн зейнетақы қызметтерiнiң барлық дерлiк түрiн ала алады.

2. Мен аптасына 6 күн жұмыс iстеймiн. Яғни, сенбi де — жұмыс күнi. Сондықтан БЖЗҚ бөлiмшесiне келуге мүмкiндiгiм жоқ. Не iстеуге болады?

БЖЗҚ қашанда заман талабына сай қызмет атқаруға күш салады. Бүгiнде Қор негiзгi қызметтердiң барлығын қашықтықтан көрсетедi. Сондықтан салымшы өз мәселелерiн шешу үшiн Қор бөлiмшесiне келуге мiндеттi емес. БЖЗҚ қашықтықтан қызмет көрсету жүйесiн ұсынып отыр. Мысалы, байланыс орталығы және интернет бойынша керi байланыс нысаны арқылы дербес ақыл-кеңес алуға болады. Қордың байланыс орталығының менеджерi сұрағыңызды тыңдап болып, оны сол мезетте шешуi мүмкiн. Күрделi сұрақтар бойынша әрi қарай не iстеу керектiгiн түсiндiредi.

Бұдан басқа, Сiз электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен Қор сайтында барлық дерлiк операцияларды жүзеге асыра аласыз. Мысалы, жеке зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беруге, жеке деректемелерге өзгерiс енгiзуге, зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсiлiн интернет байланысына ауыстыруға және берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалауға болады.

Сонымен қатар «Жеке зейнетақы шотын ашу жөнiндегi өтiнiштiң көшiрме нұсқасын алу» және «Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен шарт жасасу» электрондық қызметтерi де iске қосылған.

3. Мен 10 жылдан кейiн зейнеткерлiк жасқа толамын. Сол кезде шамамен қанша мөлшерде зейнетақы алатынымды бiлгiм келедi. Ай сайынғы төлемнiң мөлшерi қалай есептеледi?

Қазақстан Республикасында жиынтық зейнетақы екi төлем көзiнен құралады. Олар: мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және ортақ зейнетақы, сондай-ақ БЖЗҚ-дан: мiндеттi зейнетақы жарналары және ерiктi құрамдауыш есебiнен қалыптасқан төлемдер.

2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу механизмi өзгертiлдi. Ендi оны тағайындағанда 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейiнгi жылдардағы еңбек өтiлi ескерiледi. Яғни, еңбек өтiлi көп болған сайын базалық зейнетақының мөлшерi де ұлғая түседi. Базалық зейнетақыны тағайындаумен «Азаматтарға арналған үкiмет» «Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы айналысады. Сондықтан базалық зейнетақыны тағайындауға қатысты сұрақтар бойынша корпорацияға бiрыңғай «1414» тегiн телефон нөмiрi арқылы хабарласуға немесе оның Facebook, Twitter және Instagram әлеуметтiк желiсiндегi ресми парақшасына өтiнiш жазып қалдыруға болады.

Ендi БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасатын төлемдерге келер болсақ, ай сайынғы төлемнiң мөлшерiн есепту үшiн зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттерiнiң кестесi пайдаланылады. Бұл кесте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген. Сондықтан ай сайынғы төлемнiң мөлшерi алушының жасы мен жеке зейнетақы шотындағы қаражаттың сомасына тәуелдi. Алушының жасына қарай зейнетақы жинақтарының сомасы тиiстi коэффициентке көбейтiлiп, 12 айға бөлiнедi. Одан шыққан сома Қордан төленетiн ай сайынғы зейнетақы төлемдерi болып саналады.

Атап өту керек, жинақтар көлемдi болған сайын ай сайынғы төлемнiң сомасы да жоғары болады. Сәйкесiнше бұл төлемдер ұзақ уақыт жүзеге асырылады. Бұл құрамдауыш бойынша төлемдердiң көлемi адамның өзiне байланысты — еңбек жолында болашағыңа қанша қаражат жинасаң, зейнет жасында сондай көлемде зейнетақы аласың деген сөз. Осылайша азаматтар қазiрден бастап Қордағы жеке шоттарына зейнетақы жарналарын жиi және қомақты мөлшерде аударып тұрулары керек. Өйтпеген жағдайда зейнетақы мөлшерi аз болады. Сондықтан Қордан зейнетақы төлемдерiн алудың жаңа әдiстемесi зейнетақы жинақтарын дер кезiнде қалыптастыру керектiгiн шынайы түрде көрсетiп бередi. Яғни, төлем сомасы жинақтардың көлемiне тiкелей байланысты.

Мысалы, бiр салымшының шотында 6 млн теңге, ал басқа салымшыда бар болғаны 1 миллион теңге болса, олардың ай сайын алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерi де әр түрлi болады.

Қор сайтында орналасқан зейнетақы калькуляторы қазiрдiң өзiнде болашақ зейнетақының болжамды мөлшерiн есептеуге мүмкiндiк бередi. Бұл ретте аз мөлшерде болса да тұрақты негiзде аударылатын ерiктi зейнетақы жарналарының арқасында зейнетақы жинақтарының көлемiн елеулi түрде арттыруға болатындығына көз жеткiзе аласыз.

Қордың www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» бөлiмiнде орналасқан зейнетақы калькуляторы (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php) ай сайынғы жиынтық зейнетақыны (ол ортақ және базалық зейнетақыны да есепке алады) өз бетiңiзбен есептеуге мүмкiндiк бередi.

Бұл үшiн зейнетақы калькуляторының тиiстi бағандарына еңбек өтiлi (еңбек қызметiнiң басынан берi), зейнетақы жинақтарының сомасы және айлық табыстың сомасын енгiзу қажет. Бұдан басқа, «БЖЗҚ» АҚ-тың жаңа: зейнетақыны жоспарлау мәселелерi бойынша салымшылар мен алушыларға дербес кеңес беру қызметiн пайдалануға болады.

2018 жылдың сәуiрiнде Қор дербес кеңес беру қызметiн iске қосты. Бұл ретте жеке және корпоративтi зейнетақы калькуляторлары қолданылады. Бұл қызмет қазiр тұрғындар арасында танымал болып жатыр. 2018 жылдың тамыз айында «БЖЗҚ» АҚ филиалдары зейнетақыны жоспарлау бойынша 58 107 ақыл-кеңес өткiзген. Сiз осы мәселе бойынша Қордың жергiлiктi бөлiмшесiне жүгiне аласыз.

4. Мен жеке зейнетақы шотын ашуым керек. Бұл үшiн қанша ақша төлеу керек және қандай құжат қажет?

Жеке зейнетақы шоты тегiн ашылады. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, мiндеттемелердi және жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ мен мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы (мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшелiктерiн бекiтедi.

Егер Сiз бұған дейiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, онда жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiш толтыруыңыз керек.

ЖЗШ — салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке атаулы шоты. Онда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналары немесе мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары не болмаса ерiктi зейнетақы жарналары, инвестициялық табыс, өсiмпұл және басқа да түсiмдер есепке алынады және солардың есебiнен төлемдер жүзеге асырылады.

ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi рәсiмдеу үшiн Қор кеңсесiне барған кезде мына құжаттар ұсынылады:

- жеке өзi келгенде — жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа);

- сенiм бiлдiрiлген тұлға келiп өтiнiш бiлдiрген кезде — сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенiмхат немесе оның нотариат куәландырған көшiрмесi, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Сонымен қатар Сiз Қор сайтының мына мекенжайында орналасқан электрондық қызметтердi пайдалана отырып, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi бере аласыз: https://www.enpf.kz/kz/services/depositors/ipa/cpc.php. Бұл үшiн Сiзде электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтi (ЭЦҚ) немесе Жеке кабинет қолжетiмдi болуы қажет. Одан басқа, Қор сайтындағы басқа да электрондық қызметтердi пайдалануға болады. Олар: зейнетақы шотын ашу және зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiнде өтiнiш беру, жеке деректемелерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, интернет-хабарлау тәсiлiн таңдау және берiлген өтiнiштердiң орындалу барысын қадағалау.

Биыл қор сайтында зейнетақы шартының көшiрме нұсқасын алу және «Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу» қызметi iске қосылды. Бұл сервистердi пайдалану бар болғаны бiрнеше минутты алады.

Қордың «Facebook», «ВКонтакте», «Твиттер», «Одноклассники» және «Instagram» әлеуметтiк желiлерiнде ресми парақшалары бар екенi белгiлi. Сонымен қатар Қор биыл Telegram және Whatsapp мессенджерiнде өзiнiң чатботын енгiздi. Барлық коммуникация арналары зейнетақы жүйесi және БЖЗҚ қызметi туралы қажеттi ақпараттарды алуға және қажет жағдайда жеке мәселелер бойынша Қор мамандарына жүгiнуге мүмкiндiк бередi.

Таяуда Whatsapp жүйесiнде (8-777-000-1418 нөмiрi бойынша) салымшылармен байланыс жасаудың жаңа арнасы iске қосылды. Онда қажеттi ақпараттарды телефон арқылы хабарласпай-ақ және Қор бөлiмшесiне келместен автоматты түрде алуға болады.

БЖЗҚ қолданатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметтерiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн арттыруға септiгiн тигiзедi.

5. БЖЗҚ бөлiмшесiнде менеджер маған дербес кеңес беру қызметiн ұсынды. Мен сол кезде одан бас тарттым. Өйткенi, бұл қызметтiң ақылы, ақылы емес екендiгiн бiлген жоқпын.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алдына сапалы қызмет көрсетуден басқа, қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне деген сенiмiн нығайту мақсаты қойылған.

2018 жылдың сәуiр айында Қор дербес кеңес беру қызметiн iске қосты. Ол тегiн көрсетiледi. Салымшылар мен алушыларға кеңес беру барысында оларды ең алдымен зейнткерлiкке шығу, ерiктi зейнетақы жарналарын төлеу, инвестициялық табыс, зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк беру және зейнетақы төлемдерiн арттыру мәселелерi қызықтыратыны белгiлi болды.

Осы және өзге де сұрақтарға Қор мамандары жан-жақты жауап бередi және болжамды зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеп, оның арттыру жолдарын көрсетедi.

2018 жылдың үшiншi тоқсанының 2 айы iшiнде Қор филиалдары 109 889 ақыл-кеңес өткiздi. Бұл 2018 жылдың екiншi тоқсанында берiлген ақыл-кеңестердiң 93 пайызын құрайды. Жоба iске қосылғаннан берi Қор филиалдары 228 406 ақыл-кеңес берiп үлгердi.

12.09.2018 ж.

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi: уақыт биiгiнен

Биыл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл толып отыр. 20 қыркүйек күнi Қордың барлық филиалдарында осы айтулы датаға арналған халықпен дәстүрлi кездесу — Ашық есiк күнi өтедi. Елiмiздiң зейнетақы жүйесiнiң жұмысы туралы кеңiрек бiлу үшiн бiз «БЖЗҚ» АҚ-ның Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Рамазан Жарлагасовичтi әңгiмеге тарттық.

Рамазан Жарлагасович, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiгi неде және бұл жүйеге көшуiмiздiң себебi қандай?

Кеңес Одағының кезiнде ортақ зейнетақы жүйесi жұмыс iстедi. Оның мәнiсi — экономикалық белсендi тұрғындардың қарттардың алдындағы жауапкершiлiгiне құрылған. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейiн бұл зейнетақы жүйесiн бұрынғы кеңестiк жүйеге кiрген барлық мемлекеттер, соның iшiнде Қазақстан да мұраға алды. Бiрақ оның бiрнеше кемшiлiктерi болды. Бiрiншiден, тәуелсiз Қазақстанда туу көрсеткiшi азайып, қарттардың саны өстi. Бұл өз кезегiнде зейнеткерлер мен жұмыс iстейтiндердiң пропорционалды ара қатынасын бұзды. Екiншiден, елде жұмыссыздық көбейдi. Үшiншiден, жұмыс iстейтiндердiң табысы мен зейнетақы көлемi арасындағы байланыс әлсiреп кеттi. Яғни, табысы бiрдей немесе әртүрлi азаматтардың бiрдей зейнетақы алуы мүмкiн едi. Әрi азаматтардың жеке зейнетақы шоты жоқ болғандықтан, олардың зейнетақы жинақтарын нақты есептеу мүмкiн болмады. Бұл азаматтардың өздерiнiң болашағына керектi зейнетақы жинауға ынталандырмайтын.

Сондықтан, 1998 жылы зейнетақы реформасының басты мақсаты — азаматтардың болашақ зейнетақысына қатысты жауапкершiлiгiне негiзделген әдiлеттi зейнетақы жүйесiн қалыптастыру болатын. Жаңа жүйеге негiз ретiнде 80-жылдары әлем бойынша озық болып танылған Чили үлгiсi алынды. Қазақстан оның басты қағидаты — зейнетақы жарналарының мiндеттi сипатын қабылдады.

2013 жылы барлық жеке қорлар жабылып, жалғыз мемлекеттiк қор қалды. Мұның себебi неде? Олар өз жұмысын ақтамады ма?

Зейнетақы нарығындағы бәсекелестiк алғашында жақсы нәтиже бергенiмен, уақыт өте жеке қорлардың әлсiз тұстары бiлiне бастады. Кейде қорлар бәсекелестiк жағдайында жаңа салымшылардың орнына бiр-бiрiнiң салымшыларын тартып алып отырды. Ол аздай көптеп табыс табу үшiн күмәндi құралдарға инвестиция салып, табыс табудың орнына шығынға батқан жағдайлар да болды.

Азаматтардың жинақтарын басқару қауiпсiз әрi тиiмдi болу үшiн 2013 жылы Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қорының негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлiк қоғамы құрылды. БЖЗҚ-ға жүктелген негiзгi мiндеттер — салымшылардың зейнетақы шоттарының есебiн дұрыс жүргiзу, олардың жай-күйiн бақылау, салымшылардың деректемелерiне тиiстi өзгерiстер енгiзiп отыру, ақпараттық –түсiндiрмелiк жұмыс жүргiзу, зейнетақы төлемдерiн жасау ретiнде көрiнiс тапты.

БЖЗҚ-ның құрылуы қандай өзгерiстер әкелдi?

БЖЗҚ-ның құрылуы және зейнетақы активтерiнiң бiрiктiрiлуi нарықты өзгерткенiмен, зейнетақы жүйесiнiң құрылымын өзгерткен жоқ. Қазақстанда көп деңгейлi жүйе мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң жеке шоттардың жүргiзiлуi, жинақтардың жекеменшiгi және олардың мұраға қалдырылуы, зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк сынды негiзгi параметрлерi бұрынғыша қалды. Жиынтық зейнетақы да бұрынғыша екi көзден — мемлекеттiк бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинағы есебiнен қаржыландырылады.

БЖЗҚ-ның құрылуы салымдарды есептеу мен сақтауға кететiн операциялық шығындар мен әкiмшiлiк шығындарды азайтуға мүмкiндiк бердi. Тиiсiнше, комиссиялық шығындар жеке қорлардыкiмен салыстырғанда екi есе азайды. Сонымен қатар, бизнес-үдерiстердi оңтайландыру, тиiмсiз шығындарды жою, жаңа электрондық қызметтер енгiзу, олардың үлесiн арттырудың арқасында комиссиялық сыйақылар тағы да төмендедi. Тағы бiр маңызды жәйт — мүдделес тұлғалармен келiсiм-шарт жасау мүмкiндiгiне тосқауыл қойылды. Салымшылардың бiр қордан екiншi қорға ауысуы доғарылды. Осылайша жүйенiң тағы бiр осал тұсы жойылды. Бiрыңғай базаның арқасында қате техникалық шоттар барынша азайтылды. Мұның бәрi зейнетақы жүйесiн нығайтуға мүмкiндiк бердi.

Жинақтаушызейнетақы жүйесiне толығымен өтуiмiз мүмкiн бе?

Көп деңгейлi зейнетақы жүйесi ойдағыдай жұмыс iстеп келедi және бұл жүйенi таңдауымыздың дұрыс екендiгiн уақыт дәлелдеп бердi. Сондықтан жүйенiң диверсификация қағидатын сақтауымыз қажет.

2040 жылдары зейнетке 1998 жылға дейiн еңбек өтiлi жоқ азаматтар шыға бастайды. Яғни, ортақ компонент толығымен жойылып, оның орнын жинақтаушы жүйе басады. Сондықтан БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотына жүйелi түрде зейнетақы жарналарын аударып, жұмыс берушiнiң өз мiндетiн адал атқарып жүргенiн тексерiп тұрған жөн. Сонымен қатар, ерiктi зейнетақы жарналарын барынша көбiрек аудару керек.

Сонда мемлекет азаматтарды зейнетақымен қамту жұмысына араласпады ма?

Көп деңгейлi жүйе мемлекет, жұмыс берушi мен жұмыскердiң ортақ жауапкершiлiгiне негiзделген. Мемлекет қазақстандықтарды, азаматтығы жоқ тұлғаларды, елiмiзде тұратын шетелдiктердi зейнетақымен қамсыздандыру туралы мiндеттемесiнен бас тартпайды. Керiсiнше, биылдан бастап базалық зейнетақы жүйесi әлеуметтiк әдiлеттiлiк қағидатына сай, халықты зейнетақы жүйесiне қатысуға ынталандыру үшiн одан әрi жетiлдiрiлдi. Он жылдан кем жарна төлегендерге төменгi өмiр сүру шегiнiң 54 пайызы төленiп, әрбiр қосымша жыл үшiн 2 пайыз қосылады. Егер азамат 20 жыл жұмыс iстесе, төменгi өмiр сүру шегiнiң 74 пайызын, 33 жылдан жоғары — 100 пайыз мөлшерiнде базалық зейнетақы белгiленедi.

Әңгiмеңiзге рахмет!

09.08.2018 ж.

«БЖЗҚ» АҚ салымшыларды белгiсiз тұлғалардың Қор атынан телефон мен электрондық пошта арқылы жұртшылыққа «БЖЗҚ» АҚ сыйлық ұтысын ұйымдастырғаны туралы жалған ақпарат таратып жатқанын ескертедi. Алаяқтар Қор салымшыларына сыйлықты алу үшiн сiлтемеде көрсетiлген өзге ресурстарға кiрiп, өзiнiң банк деректемелерiн жiберудi ұсынуда. Осылайша, зейнетақы қоры салымшыларының жеке деректемелерi туралы ақпараттарды заңсыз иелену әрекетi жасалуда.

«БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды Қор қандай да бiр ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәлiметтердi электрондық әдiспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай iс-әрекет жүргiзуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтiнiн ескертедi.

Құрметтi салымшылар! Өздерiңiздiң жеке мәлiметтерiңiздiң құпиялығын қамтамасыз ету үшiн мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңiздер және электрондық жолдаудағы сiлтемелерге кiрмеңiздер. Алаяқтардың алдауына түспеу үшiн мұқият сақ болыңыздар! Олар iрi компаниялардың атын жамылып әрекет етедi. Сондықтан жеке мазмұндағы ақпараттарды бөтен адамдарға ашпаңыздар! Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңiздер! Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызды ескертудi ұмытпаңыздар! Өтiнiш: мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы мiндеттi түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар!

«БЖЗҚ» АҚ белгiсiз тұлғалардың жоғарыда айтылған ұтыстарды өткiзуге байланысты әрекеттерiне жауапты емес екенiн ескертедi.

01.08.2018 ж.

Дәстүрлi «5 сұрақ» айдарын жалғастыра отырып, оқырман назарына келесi ақпараттарды ұсынамыз.

1. Сәлеметсiз бе! Зейнетақы жинақтарымның жай-күйi туралы ақпаратты қалай алуға болады?

Жауап: Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап оның кез келген күнге қатысты сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты тегiн беруге, сондай-ақ зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Ал ақпарат алу тәсiлiн салымшы өзi таңдайды. Шоттан үзiндi-көшiрме алудың мынадай тәсiлдерi бар:

  • пошта байланысы арқылы — жылына бiр рет;
  • таңдап алынған төлем кестесiне сәйкес электрондық пошта арқылы — (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей өзi келгенде — бұған шек қойылмайды;
  • интернет-хабарландыру арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы бойынша) — онлайн режимiнде — шектеусiз;
  • enpf.kz сайтына тiркелу жолымен оның «Жеке кабинет» арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) бар болса egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы — шектеусiз.

Егер Сiз жеке зейнетақы шотыңыздың жай-күйi туралы үзiндi-көшiрменi дәстүрлi пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы алып келген болсаңыз және ол келмей қалса, бұған тұрғылықты мекенжайыңызды немесе электрондық поштаңызды ауыстырғаныңыз және осы өзгерiстер туралы Қорға дер кезiнде хабарламағаныңыз себеп болуы мүмкiн.

Егер Сiз зейнетақы шотыңыз жайында үзiндi-көшiрме алу тәсiлiн таңдамаған болсаңыз немесе оны интернет байланысы арқылы алғыңыз келсе жеке басыңызды куәландыратын құжатпен жақын жердегi Қор кеңсесiне келiп, хабарлау тәсiлi туралы қосымша келiсiм жасай аласыз. Қор бөлiмшелерiнiң мекенжайлары мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi: https://www.enpf.kz/kz/adresa-i-kontakty/regionalnaya-set/

Электрондық цифрлық қолтаңба бар болса оны Қор сайты арқылы да жасауға болады. Бұл операция бар болғаны бiрнеше минутты алады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты интернет арқылы алу — қазiргi уақытта өте танымал. Ол үнемдi әрi зейнетақы жинақтарын кез келген уақытта онлайн тәртiбiнде бақылап отыруға мүмкiндiк бередi.

2. Сәлеметсiз бе! Мен Ресейге көшiп кетiп едiм. Бiр айдан соң, Алматыға қайтып ораламын. Сондықтан зейнетақы жинақтарымды алудың қандай жолы бар екендiгiн бiлгiм келедi. Бұл қанша уақытты алады?

Жауап: Зейнетақы төлемдерiн алушы ҚР аумағынан тысқары жерге тұрақты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн алу үшiн Қорға жеке өзi келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзге жағдайлар көзделмесе, шетелдiк паспорттың көшiрмесi және салыстыру үшiн түпнұсқасы;
  2. алушының банк шоты туралы мәлiметтерi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы аясында қызмет атқарады. Сондықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi өтiнiштi қараған кезде мына Қағидаларды басшылыққа алады. Ол:

«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидалары».

Соған сәйкес, егер Қазақстан азаматы, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдiк азамат немесе азаматтығы жоқ адам шетелге көшетiн болса, онда ол бiрiншi кезекте елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдейдi. Бұл не үшiн керек? Бұл Қазақстанда орындамаған (салық, мүлiк, сот, мерзiмдi әскери қызметтi өтеу және т. б.) мiндеттемелерiн анықтау үшiн қажет.

Бұл үшiн ол ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң (IIМ) аумақтық бөлiмшелерiне немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ХҚО) барып өтiнiш жасайды.

Айта кетейiк, Қазақстаннан кетудi рәсiмдеуге арналған ақпараттардың барлығын ҚР Iшкi iстер министрлiгi ҚР Әдiлет министрлiгiнiң «Жеке тұлғалар» Мемлекеттiк дерекқорына жiберiп отырады.

Бұдан кейiн шетелге көшетiн азамат Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өтiнiш жасайды. Өзi келiп өтiнiш жасайтын болса: шетелдiк паспортының түпнұсқасын, зейнетақы жинақтарын аударатын банк шоты туралы мәлiметтi ұсынады және өтiнiш жазады.

Айта кетелiк, құжаттарды үшiншi тұлға (сенiм артылған) немесе пошта байланысы арқылы да ұсынуға болады.

Зейнетақы Қоры құжаттарды тексеруге алған соң, өтiнiш берушiнiң шетелге көшетiндiгiн растау үшiн Мемлекеттiк дерекқорға сауал жiбередi.

Құжаттарға қатысты оң жауап алынса, ескертпелер болмаса, Қор құжаттар қабылданған немесе келiп түскен күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде төлемдердi алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына аударады. Ал егер құжаттарға қатысты жағымсыз жауап алынса немесе ескертпелер болса, зейнетақы Қоры өтiнiштi орындаудан бас тартып, алушыға бұл жайында ескертiп, себебiн түсiндiредi. Өкiнiшке қарай, бүгiнде шетелге көшкен немесе көшетiн кейбiр азаматтар құжаттарды дұрыс рәсiмдемейдi. Алдымен шетел азаматтығын алып, кейiн Қазақстанның азаматтығынан айрылады. Бұл дұрыс емес.

Ең алдымен, Қазақстанға келiп, белгiленген тәртiпте елден кетуге арналған құжаттарды рәсiмдеу қажет. Кейiн Қазақстан азаматтығынан бас тартуға болады. Бұдан кейiн егер зейнетақы жинақтары болса, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына келiп өтiнiш жасай алады.

Құжаттардың барлық тiзбесiн, оларды рәсiмдеу талаптарын, сондай-ақ, өтiнiш бланкалары мен толтыру үлгiлерiн «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтынан мына сiлтеме бойынша таба аласыз: https://www.enpf.kz/kz/uslugi/pensioneram/poryadok-oformleniya-pensionnykh-vyplat/vyplaty-v-svyazi-s-vyezdom-na-pmzh-za-predely-respubliki-kazakhstan.php

3. Сәлеметсiз бе! Мен өзiме зейнетақы шотын ашуым керек едi. Бұған ақша төлеу керек пе? Қандай құжат керек?

Жауап: Зейнетақы шоты тегiн ашылады. Мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) Заңда көзделген құқықтарды, мiндеттердi және жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ мен салымшы (кейiннен зейнетақы төлемдерiн алушы) арасындағы құқықтық қатынастардың басқа да ерекшелiктерiн бекiтедi.

Егер Сiз бұған дейiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаспаған болсаңыз, жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөнiнде өтiнiштi толтыруыңыз қажет.

Жеке зейнетақы шоты — Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) мiндеттi зейнетақы жарналары немесе мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары не ерiктi зейнетақы жарналары, инвестициялық табысы, өсiмпұл және өзге де түсiмдер есепке алынатын және зейнетақы төлемдерi жүргiзiлетiн жеке атаулы шоты.

Салымшы ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн Қор бөлiмшесiне өзi келгенде мынадай құжаттарды ұсынады:

  • жеке өзi келгенде — жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа);
  • сенiм бiлдiрiлген тұлға өтiнiш жасағанда — сенiм бiлдiрiлген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа), нотариат куәландырған сенiмхат не оның нотариат куәландырған көшiрмесi, салымшының (алушының) жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесi.

Сонымен қатар Сiз ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi мына сiлтеме бойынша онлайн тәртiбiнде рәсiмдей аласыз: https://www.enpf.kz/kz/uslugi/budushchim-pensioneram/otkrytie-individualnogo-pensionnogo-scheta-ips-za-schet-obyazatelnykh-pensionnykh-vznosov-opv.php

Бұл үшiн қолыңызда электрондық цифрлық қолтаңбаның өзектi кiлтi (ЭЦҚ) болуы керек немесе Қор сайтының Жеке кабинетi Сiз үшiн қолжетiмдi болуы қажет.

4. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болғанда оның жинақтары мұрагерлерге қалай берiледi?

Жауап: Зейнетақы жинақтары өсиет бойынша және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 31-33 — баптарына сәйкес мұраға қалдырылады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, зейнетақы Қоры қажет жағдайда алдымен оның отбасына немесе жерлеудi жүзеге асырған адамға республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң 52,4 еселенген мөлшерiнде (биыл ол: 2405*52,4 = 126 022 теңге) жерлеуге арналған бiржолғы төлем төлейдi. Бiрақ бұл сома жеке зейнетақы шотында жатқан қаражаттан аспауы тиiс.

Мұрагерлiкке құқығы бар тұлғалардың толық тiзiмi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көрсетiлген. Қайтыс болған салымшының зейнетақы жинақтарын алуға қажеттi негiзгi құжаттардың бiрi — мұрагерлiк құқығы туралы куәлiк.

Мұраны қабылдау мұра ашылған жердегi нотариусқа өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады. Заң бойынша, мұрагерлiктi қабылдау туралы өтiнiш, мұраға қалдырушы қайтыс болғаннан кейiн 6 айдан кешiктiрiлмей берiлуi тиiс. Егер уақыт өтiп кетсе, онда сотқа жүгiнуге тура келедi.

Барлық зейнетақы шоттарындағы жинақтар мерзiмсiз сақталады. Салымшылар қайтыс болған жағдайда мұрагерлерiне берiледi. Мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын алуға арналған құжаттардың толық тiзiмi Қопрдың www.enpf.kz сайтының «Қызметтер» айдарының «Алушыларға» деп аталатын бөлiмiнде орналастырылған.

5. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй үшiн бастапқы жарна төлеу үшiн алуға бола ма? Бiз жас отбасымыз. «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға үй алуға мүмкiндiгiмiз бар. Қазiр пәтер жалдап тұрамыз.

Жауап: Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тек заң аясында ғана қызмет атқарады. Сәйкесiнше «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 58,5 жасқа толғанда), сондай-ақ, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленедi.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

Яғни, ағымдағы заңда БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары есебiнен несиенi өтеу, жылжымайтын мүлiк сатып алу, оқу ақысын төлеу және басқа да шығындарға жұмсау мүмкiндiктерi қарастырылмаған.

Жалпы, Қазақстанда жинақтаушы зейнетақы жүйесi тұрақты түрде дамып келедi. Салымшылардың сауалдары мен өтiнiштерiне сараптама, ал зейнетақы жарналарына мониторинг жүргiзiлуде. Актуарлық есептемелер жасалып, әлемдiк тәжiрибелерге талдау жүргiзiлiп жатыр. Сондықтан Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу туралы әңгiме қозғауға әлi ерте.

10.07.2018 ж.

5 сауал

1. Зейнетақы активтерiн кiм басқарады?

«Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 35 бабына сәйкес, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқаруды ҚР Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2013 жылдың 26 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен БЖЗҚ арасында зейнетақы активтерiн сенiмдi басқару туралы келiсiм жасалды. Басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру, инвестициялау бағыттары мен бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерiн салатын қаржы құралдарының тiзiмiн белгiлеуге байланысты ұсыныстар даярлайтын орган — ҚР Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңес. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi. Осыған сүйене отырып, зейнетақы активтерi қатаң қадағалауда және оның сақталуына мемлекет кепiлдiк бередi деп айтуға толық негiз бар.

2. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қалай инвестицияланады?

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi зейнетақы активтерiне қатысты инвестициялық шешiмдердi ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекiтiлген бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бiрге, инвестициялық шешiмдер, соның iшiнде Қордың зейнетақы активтерiн орналастыруға рұқсат етiлген қаржы құралдарының тiзiмi, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсыныстарына сәйкес қабылданады.

ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақ мерзiмдi перспективада табыстылықтың үйлесiмдi деңгейiн қамтамасыз ету үшiн активтер теңгемен де, шет елдiк валюталармен номиналданған түрлi қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдердi барынша төмендету үшiн зейнетақы активтерi түрлi қаржы құралдарына инвестицияланады.

Қазiргi кезде зейнетақы активтерi мемлекеттiк, квазимемлекеттiк сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерiнiң корпоративтiк облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екiншi деңгейлi банктер мен шетелдiк банктердiң депозиттерiне және сенiмдi шетелдiк эмитенттердiң құралдарына салынған. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz ресми сайтында («Қор туралы» — «Инвестициялық қызмет» — «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы») бөлiмiнде жүйелi түрде жарияланып тұрады.

3. Зейнетақы қаржылары қайда инвестицияланады?

«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтерi есебiнен жасақталған инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттiк, орыс және ағылшын тiлiнде жарияланып, эмитенттiң атауын, қағаздардың көлемiн, қаржы құралдарының есептi датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетiледi.

2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкiнiң сенiмдi басқаруындағы зейнетақы активтерi 8, 263 трлн теңге болды.

Портфельдiң негiзгi бөлiгiн — 45,94% — Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қағаздары құрайды. МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.

Инвестицияланған зейнетақы активтерiнiң iшiнде екiншi орында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi банктерiнiң облигациялары тұр, олардың портфельдегi үлесi — 14,71%, ал ағымдағы бағасы — 1 215,58 млрд теңге.

Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:

  • шетелдiк мемлекеттердiң мемлекеттiк құнды қағаздары (11,71%);
  • Қазақстанның квазимемлекеттiк ұйымдарының облигациялары (8,86%);
  • банктердiң депозиттерi: қазақстандық (3,84%) және шетелдiк (5,58%);
  • тәуекел мен портфельдiң табыстылығын қамтамасыз ететiн басқа да құралдар.

Қаржы құралдарының инвестициялық портфелiндегi валюталардың үлесi:

  • Ұлттық валюта — 68,63%
  • АҚШ доллары — 31,16%
  • Ресей рублi — 0,41%
  • Басқа валюталар — 0,10%

Инвестициялық қызметтiң бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты есептелген инвестициялық табыстың көлемi 2018 жылдың басынан 251,41 млрд. теңгенi құрады. 2018 жылдың басынан БЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2,98%-ды құрады.

4. Мен ресми жұмыс iстемеуiме байланысты зейнетақы жарналарын төлемеген уақыт болды. Маған бұл кезеңге инвестициялық табыс аударылмайды ма?

Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбiр қаржы күнiнiң соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзiнде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрi аударыла бередi.

Жинақтардың жай-күйi туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзiндi-көшiрмесiнен алуға болады. Ол ақысыз берiледi, ал хабарландыру тәсiлiн салымшы (алушы) өз бетiнше таңдайды. Үзiндi-көшiрме алудың келесi тәсiлдерi бар:

  • Пошта байланысының көмегiмен — жылына бiр рет;
  • Электрондық пошта арқылы — таңдалған кестеге сәйкес (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын);
  • БЖЗҚ кеңсесiне өзi бару арқылы — шектеусiз;
  • Интернет-хабарландыру (смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы онлаин-режимде) — шектеусiз;
  • enpf.kz сайтындағы «Жеке кабинет» арқылы немесе egov.kz электрондық үкiмет сайты арқылы («Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамсыздандыру» — (Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi (инвестициялық табыстарды есептегенде) бөлiмiнде) порталда тiркелiп, қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болған жағдайда.

5. Инвестициялық табысқа салық салына ма?

ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның iшiнде есептелген инвестициялық табысқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.

Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексi) зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен салық ұсталатын табысқа жатады.

ҚР Салық Кодексiнiң 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемi ретiндегi табыс түрлерiне бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салық төлеушiлердiң келесi зейнетақы жарналары есебiнен жасалатын төлемдерi жатады: мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары.

Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн алғанда салық төленетiн табыс көлемiн азайтатын салық шегерiлiмдерiне қақысы бар. Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнiң барлығына емес, оның бiр бөлiгiне ғана салынады. Салықтың түпкi мөлшерiн есептеу үшiн «бiр жылдық зейнетақы төлемiнен» «бекiтiлген салық шегерiлiмi» сомасын алып тастау керек.

Сонымен қатар кейбiр азаматтар ҚР Салық кодексiнiң 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгi айлық жалақысының 75 еселенген шегiнде түзетуiне болады.

21.06.2018 ж.

Қалың қалай, ЖЗШ?

Бүгiнде елiмiздiң бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында 10 миллионнан астам жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) шоғырланған. Олардың жай-күйiне алаңдаушылық — барлық салымшылар мен алушыларға тән құбылыс. Зейнетақы жинақтарының ахуалы туралы азаматтарды құлақтандыру — зейнетақы қорының басты мiндеттерiнiң бiрi. Ал қазақстандықтар өз зейнетақы шоттарының жағдайы туралы қалай бiле алады? Бұл туралы БЗЖҚ мамандары 20 маусым күнi бүкiл республика бойынша өңiрлiк филиалдарда өткен Ашық есiк күнi әңгiмелеп бердi.

Қор өкiлдерiнiң айтуынша, қазiр көрсетiлетiн қызмет түрлерi дәстүрлi әдiстермен шектелмейдi. Мысалы, бұрын жеке зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме алу үшiн Қор кеңсесiне барып өтiнiм жазу немесе пошта байланысымен пайдалану керек болатын. Соңғы жылдары салымшылар мен алушыларға қолайлы болу үшiн көптеген электрондық қызмет түрлерi енгiзiлген. Ал электрондық үкiметтiң арқасында қашықтықтан қызмет көрсету мүмкiндiктерi кеңейе түстi.

Бiз бүгiн оқырмандарымызды олармен кеңiрек таныстырып өтпекпiз. Алдымен дәстүрлi қызмет көрсету түрлерiне тоқталайық. Бiрiншiсi — Қор кеңсесiне барып тiкелей қызмет алу. Бұл үшiн Қазақстан бойынша 218 бөлiмше жұмыс iстейдi. Жеке куәлiгiңiз немесе шетелдiк төлқұжатыңызды көрсетiп, тиiстi қызмет түрiн алуға болады. Өзiңiздiң орныңызға сенiмдi өкiлiңiздi де жiбере аласыз. Тиiсiнше ол жеке құжатымен бiрге нотариалды бекiтiлген сенiмхатыңызды, құжаттарыңыздың көшiрмелерiн ала баруы керек.

Пошта арқылы қызмет көрсету түрiн таңдаған салымшыларға БЖЗҚ көрсетiлген мекен-жай бойынша жылына бiр рет жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама таратады. Алайда қоныс аударған кезде азаматтардың көпшiлiгi жаңа мекен-жайы туралы ескертудi ұмытып кетiп жатады. Сондықтан бұл тәсiл салымшылар үшiн қолайлы деу қиын.

Тiршiлiктiң барлық салалары цифрландыруға бет бұрған заманда ақпарат алудың электрондық тәсiлдерi қарқынды дамуы заңдылық. Бұл салымшылар үшiн де, Қор үшiн де ыңғайлы. Алғашында салымшыларға ақпарат электрондық пошта арқылы таратылды. Хабарландырудың бұл тәсiлi әлi де кең қолданыста. Ол үшiн азамат немесе оның сенiмдi өкiлi БЖЗҚ кеңсесiне барып, құлақтандырудың аталмыш әдiсiн таңдайтыны туралы өтiнiм жазуы тиiс. Қажеттi құжаттар тiзiмiн жоғарыда атап өттiк.

Заманауи технологиялардың дамуы бiр орнында тұрған жоқ. БЖЗҚ қызметтерiнiң аясы да уақыт талабына сай кеңейе түсуде. Мысалы, бүгiнде ЖЗШ туралы ақпарат Қордың сайтынде қолжетiмдi. Оны пайдаланудың екi түрлi әдiсi бар: қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы (қолтаңба «Азаматтарға арналған Үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында рәсiмделедi) немесе тiркелген логин (жеке сәйкестендiру номерi — ЖСН) арқылы. Сайтта тiркелмес бұрын азамат БЖЗҚ бөлiмшесiне барып, бұл хабарлау тәсiлiн таңдайтыны туралы өтiнiм жазу керек. Сонымен қатар, сайтта электрондық цифрлық қолтаңба арқылы «жеке кабинет» ашуға болады.

Айта кетерлiгi, «Жеке кабинетпен» қолданушылар қатары артып келедi. Сайтта ЭЦҚ арқылы авторизация жасағандар мiндеттi зейнетақы жарналарына арналған жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы, зейнетақы төлемдерiн белгiлеу туралы өтiнiм берiп; өзiне қатысты қосалқы мәлiметтерiн, ақпараттандыру әдiсiн өзгерте алады.

Смартфон, планшет, жеке компьютерлерi барлар арнайы мобильдi қосымшамен пайдалана алады. Авторизация БЖЗҚ сайтына кiру үшiн қолданылатын логин мен құпиясөз арқылы жасалады. Қосымша арқылы ЖЗШ жай-күйiн қадағалап қана қоймай, зейнетақы жүйесi туралы көптеген пайдалы ақпарат алуға болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы бiлу үшiн EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталына да жүгiнуге болады. Бұл үшiн «Азаматтарға» санатының «Әлеуметтiк қамсыздандыру» айдарындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiне кiру керек. Бiр ғана талап — «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы арқылы ЭЦҚ рәсiмдеу немесе бiр мәртелiк құпиясөз қолдану.

БЖЗҚ электрондық сервистердi одан әрi жетiлдiре бермек. Қазiргi таңда Қор операцияларының жартысынан астамы қашықтықтан жүргiзiледi. Корпоративтiк даму стратегиясына сәйкес 2021 жылға қарай олардың үлесiн 60 пайызға жеткiзу көзделiп отыр.

15.06.2018 ж.

5 сұрақ

1. Зейнетақы жүйесiнiң деңгейлерi туралы әңгiмелеп берсеңiз, базалық және ортақ зейнетақы дегенiмiз не? Олардың бiр-бiрiнен айырмашылығы қандай?

Бүгiнде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесi үш деңгейден тұрады. Олар:

  1. мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және жасына (еңбек өтiлiне) байланысты ортақ зейнетақы;
  2. Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарына негiзделген мiндеттi жинақтаушы зейнетақы жүйесi;
  3. ерiктi зейнетақы жарналарына негiзделген жинақтаушы жүйе.

Алғашқы деңгей бойынша ортақ зейнетақы — ұрпақтар ынтымақтастығына негiзделген жүйе. Келешекте ол бiртiндеп азайып, 2040 жылдары мүлдем тоқтатылады. Өйткенi, ортақ зейнетақыны алу үшiн 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi кемiнде 6 ай болуы керек.

Базалық зейнетақы да ортақ зейнетақы секiлдi мемлекеттiк бюджет есебiнен төленедi. Бүгiнде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бiрдей мөлшерде төленедi. Алайда 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртiбi өзгередi. Бұл ретте оны тағайындауда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейiнгi еңбек өтiлi ескерiлетiн болады.

Екiншi деңгей бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлдi. Оның көлемi жұмыскердiң айлық табысының 10 пайызын құрайды. Бұл жарналарды зейнетақы Қорына жұмыс берушiлер аударады. Ал мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген. Оның көлемi жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызын құрайды. Осы жарналардың есебiнен қалыптасқан жинақтар салымшының меншiгi болып табылады және мұраға қалдырылады.

2020 жылдан бастап жарналардың жаңа түрi — жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу жоспарланған. Бұл жарналардың көлемi жұмыскердiң айлық табысының 5 пайызын құрайды.

Үшiншi деңгей бойынша ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерi және төлеу тәртiбi салымшы мен Қордың өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. Бұл жарналар арқылы салымшы өз жинақтарын елеулi түрде көбейте алады. Осылайша Қазақстанда бiрегей зейнетақы жүйесi қалыптасқан. Бұл ретте болашақ зейнеткерлердi зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершiлiгi мемлекет, жұмыс берушi және салымшы арасында оңтайлы үлестiрiлген.

2. Менiң туған жылым — 1988 жыл. Мен ортақ зейнетақыға үмiт арта аламын ба?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 11 бабына сәйкес 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн кемiнде алты ай еңбек өтiлi бар азаматтардың ортақ зейнетақы алуға құқығы бар. 1998 жылы Сiз 10 жаста болғансыз. Сәйкесiнше еңбек өтiлiңiз болмағандықтан ортақ зейнетақы ала алмайсыз. Оның орнына базалық және жинақтаушы зейнетақы алатын боласыз. Биыл базалық зейнетақының мөлшерi — 25 274 теңге. Бұл ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызына тең. Бүгiнде базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге еңбек өтiлiнiң бар-жоғына қарамастан бiрдей мөлшерде төленедi. Алайда биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеудiң жаңа әдiстемесi қолданылады. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейiнгi еңбек өтiлi ескерiледi. Соған сәйкес зейнеткердiң 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi 10 жыл және одан төмен болған жағдайда, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54 пайызын құрайтын болады. 10 жылдан асқан әрбiр жыл үшiн оның көлемi ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң 2 пайызына ұлғайып отырады. Ал 33 жыл және одан жоғары болғанда базалық зейнетақының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызына тең болады (биыл оның көлемi — 28 284 теңге) және одан асырылмайды.

2040 жылдары зейнеткерлiкке шығатын азаматтар ортақ зейнетақы ала алмайды. Өйткенi, оларда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн еңбек өтiлi болмайды. Сондықтан қазiргi жастар үшiн Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұру өте маңызды.

Бұл үшiн ресми түрде жұмысқа орналасып, еңбек қатынасын заңдастыру қажет. Сөйтiп, жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және толық көлемде аударып отыруын қадағалап отырған жөн. Қордағы зейнетақы жинақтарының қомақты болуы жарналардың көлемiне және жиiлiгiне тiкелей байланысты. Ал жалақысын бейресми түрде «конвертпен» алатындардың болашақта алатын зейнетақысының мөлшерi тым аз болуы мүмкiн. Өйткенi, Қорға бiрде-бiр жарна аудармай зейнеткерлiкке шығатын азаматтар тек базалық зейнетақыға ғана үмiт арта алады. Сондықтан болашақта лайықты зейнетақы алу үшiн осы бастан қамданып, зейнетақы Қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұрған абзал.

3. Ерiктi зейнетақы жарналары туралы естiдiм. Оларды кiм төлей алады? Бұл үшiн қандай құжаттар керек?

Салымшылар мен алушылар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарынан басқа ерiктi зейнетақы жарналарын да аудара алады. Ерiктi зейнетақы жарналары — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өз бастамасы бойынша салатын ақшасы. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебiнен төлейдi және өз атына немесе үшiншi бiр тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерiнiң атына ерiктi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерiнiң қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.

Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесi, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерiн жасау тәртiбi шарт тараптарының өзара келiсiмi бойынша белгiленедi. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт БЖЗҚ мен салымшы арасында жазбаша түрде жасалады және қол қойылған күннен бастап күшiне енедi. Шарт жасасу Қорға салымшы (алушы) жеке өзi келгенде жүзеге асырылады. Егер шарт үшiншi тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуi тиiс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкiлi немесе оның орнына нотариат куәландырған сенiмхат негiзiнде сенiм бiлдiрiлген тұлға өтiнiш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшiн салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшiншi адамның пайдасына шарт жасау үшiн алушы да екеуi жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшiрме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшiншi адамның пайдасына шарт жасасу үшiн тиiстi құжаттар топтамасын ұсынады. Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкiлi қол қояды.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

  1. елу жасқа толған;
  2. мүгедек болып табылатын;
  3. Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.

Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

4. Жұмыс берушi қандай жағдайда мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi?

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары жұмыскердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Бұл жарналарды жұмыс берушiлер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражаты есебiнен төлейдi.

Еңбек жағдайлары зиянды кәсiптер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекiтiлген Тiзбеде көрсетiлген. Егер, еңбек өнiмдiлiгi жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндiрiстiк нысандарды аттестаттау нәтижесiмен расталса, жұмыс берушiлер мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.

Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс берушi уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе агент оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесi мөлшерiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (Мемлекеттiк корпорацияға төлеу күнiн қоса алғанда) есепке жазылған өсiмпұлмен бiрге жұмыскерлердiң пайдасына аударуға тиiс.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының толық және уақтылы төленуiн бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк кiрiс органдары жүзеге асырады.

5. Жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары туралы толығырақ әңгiмелеп берсеңiз. Бұл жарналар қашан енгiзiледi?

2020 жылдан бастап елiмiзде жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, барлық отандық жұмыс берушiлер еңбек жағдайларына қарамастан өз қаражаты есебiнен жұмыскерлерiнiң пайдасына олардың айлық жалақысының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударып отырады.

Ал Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс берушiнiң ұсынған тiзiмi бойынша әрбiр жұмыскердiң атына шартты зейнетақы шоты ашылады. Ондағы жинақтар жұмыскердiң меншiгi болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды. Шартты зейнетақы шотындағы жинақтар оған өмiр бойына ай сайын төленiп отырады. Бұл төлемдер шартты-жинақтаушы жүйедегi жинақталған қаржыны салымшылар арасында қайта бөлу, үлестiру арқылы жүзеге асырылады.

Заң бойынша шартты зейнетақы шоттарындағы жинақтар зейнеткерлiкке шыққан жандарға, сондай-ақ, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi бар адамдарға төленедi. Бiрақ бұл үшiн жұмыс берушiнiң мiндеттi зейнетақы жарналары олардың шартты зейнетақы шотына кемiнде 60 ай (5 жыл) тұрақты түрде аударылған болуы керек. Сәйкесiнше алғашқы төлемдер 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.

«БЖЗҚ» АҚ-нан ақпарат

14.10.2019 ж.

2019 жылы 130 астам журналист зейнетақы жүйесi туралы бiлiмдерiн жетiлдiрiп, сертификаттар алды

«БЖЗҚ» АҚ стратегиялық мiндеттерiнiң бiрi — халық арасында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын белсендi түрде жүргiзу. Аталмыш шара қаржылық сауаттылықты, БЖЗҚ-ның көрсететiн қызметтерi, зейнетақы жүйесi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызметтiң нәтижелерi, дербес зейнетақы жинағын қалыптастыру туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған. Бұл мiндеттердi жүзеге асыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлi өте зор. Осыған байланысты Қор мамандары БАҚ өкiлдерi, журналистика факультеттерiнiң студенттерi және блогерлер үшiн Қаржы журналистикасы мектебi үлгiсiнде дәрiстер жүргiзiп жатыр. Басты тақырып: «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы қажеттi мағлұматтар».

Мектептi өткiзудегi мақсат — Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi бойынша журналистердiң, блогерлердiң және журналистика факультетi студенттерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, сонымен қатар БЖЗҚ өкiлдерiнiң олармен кәсiби тұрғыда бiрлесе әрекет жасауына мүмкiндiк беру.

Курс бағдарламасында мына тақырыптар бойынша оқыту модульдерi ұсынылады: зейнетақы жүйесiнiң модельдерi, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi, зейнетақы заңнамасындағы өзгерiстер, жинақтаушы зейнетақыны жоспарлау және есептеу, қолданыстағы электрондық сервистер, зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық қызмет және «БЖЗҚ» АҚ ақпараттық жұмыстары.

Курс барысында журналистерге шұғыл түрде шынайы материалдар дайындау үшiн Қор сайты және басқа да ақпарат көздерiмен қалай жұмыс iстеу керектiгi туралы кеңестер берiледi.

Аталмыш шара осымен төртiншi жыл өткiзiлiп жатыр. Бұған дейiн ол негiзiнен Алматы қаласында өткiзiлiп келген болатын. Биыл БЖЗҚ қаржы журналистикасы мектебi Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Барлық жерде қатысушылар ұсынылған тақырыптарға ерекше қызығушылық танытты.

Оқыту курстарының қорытындысы бойынша барлығы 130-дан астам адамға арнайы сертификаттар табысталды.

11.10.2019 ж.

БЖЗҚ өзiнiң географиясын кеңейтiп жатыр

Тағы 126 елдiмекеннiң тұрғындары БЖЗҚ қызметтерiн «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы алуға қол жеткiздi

Ағымдағы жылдың сәуiрiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта елiмiздiң шалғай орналасқан елдiмекендерiнiң тұрғындарын зейнетақы қызметтерiмен қамту үшiн бiрлескен жобаны iске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлiмшелерi арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.

«Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде зейнетақы қызметтерi көрсетiле бастады.

Еске саламыз, бұған дейiн «БЖЗҚ» АҚ көрсететiн қызметтерi Қазпоштаның 94 елдiмекендегi бөлiмшелерiнде қолжетiмдi болатын. Ендi олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлiмшесi қосылды. Осылайша бөлiмшелердiң жалпы саны 220-ға жеттi.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi ала алады:

  • cалымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру;
  • хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтерiне қол жеткiзу) туралы келiсiмге қол қою.

Атап өту керек, 2019 жылы республика өңiрлерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретiлетiн қызметтерiмен қамту деңгейi 102 пайызға дейiн өстi.

Зейнетақы қызметтерi ұлттық пошта желiсi арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдiмекендерiнде көрсетiлiп жатыр. Елдiмекендердiң толық тiзiмiн Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.

01.10.2019 ж.

Жоғары оқу орындары студенттерiне арналған байқау

Биыл Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында 7 қазан мен 1 қараша аралығында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттерi арасында — «Болашағың өз қолында!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттiк жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет бiлдiрушi студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.

Байқауға қатысу үшiн студент жеке өзi немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бiрге жоба әзiрлеуi қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерiктi жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиiмдi жеткiзуге бағытталуы тиiс. Яғни, ақпаратты әр түрлi байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс iстеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т.б.), IT шешiмдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т.б.) және басқа да әдiстер арқылы халыққа жеткiзетiн дайын әрi тиiмдi шешiм болуы қажет.

Қиялға ерiк берiп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздiк идеялар үшiн бағалы сыйлықтар табыс етiледi. Олардың iшiнде ұялы телефондар, планшеттер және басқа да сыйлықтар бар.

Талпынып, әрекет етiп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенiң өмiрiңе оң өзгерiстер енгiзуi ғажап емес! Дәл сенiң жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкiн! Толық ақпарат Қордың www.enpf.kz сайтының «Жаңалықтар» бөлiмi мен әлеуметтiк желiлердегi ресми парақшаларында.

Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтiнiмi, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттердi student@enpf.kz электрондық поштасына жiберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментiне 331-66-99 (iшкi 5220) телефон нөмiрi арқылы хабарласуға болады.

19.09.2019 ж.

Тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бірлікті құрады. Олардың ішінде 9,8 млн шот — міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 479,5 мың шот — міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және 47 803 шот — ерікті зейнетақы жарналары есебінен ашылған.

МЗЖ есебінен ашылған шоттардың ішінде 8 млн 730 мың шот (зейнеткерлік жасқа толғандарды, қайтыс болған немесе шетелге тұрақты тұруға кеткендерді есепке алмағанда) қызметтегі салымшыларға тиесілі. Бұл көрсеткіш еліміздегі жұмыспен қамтылған халық санына (2019 ж. 1 қаңтарына қарай 8 млн 965 мың адам) сәйкес келеді. Бұған қарап, елімізде жұмыспен қамтылғандар жинақтаушы зейнетақы жүйесімен толық дерлік қамтылған деп тұжырым жасауға болады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша жылына кемінде бір жарна болса да аударатын белсенді салымшылардың саны 6 млн 407 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып жатыр. Мысалы, 2017 жылы бұл көрсеткіш 5 млн 914 мың адамды құраған болатын.

Бүгінде белсенді салымшылардың үлесі әлеуетті салымшылардың жалпы санының шамамен 76 пайызын (төрттен үші) құрайды. Бұл ретте 3 млн шотқа жылына — 12 жарна, ал 5 млн шотқа жылына — 6 жарнадан 12 жарнаға дейін түскен. Сондай-ақ 2018 жылы бір салымшының шотына орта есеппен — 9 жарна келіп түскен.

Салыстырып қарасақ, мысалы, Малайзияда белсенді салымшылардың үлесі шамамен 47 пайызды құрайды.

Атап өту керек, жарналардың тұрақты аударылып тұруы салымшының жұмыспен қаншалықты қамтылғандығына (тұрақты жұмыс, уақытша немесе маусымдық жұмыс), сондай-ақ салық режимдеріне (жеке кәсіпкерлер, өзін-өзі жұмыспен қамтушыларға арналған арнаулы салық режимдері) байланысты.

Негізі салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын олардың алатын айлық табысы және жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілі (МЗЖ-ның аударылу кезеңі және жиілігі) аясында қараған жөн. Өйткені МЗЖ осы айлық табыс есебінен аударылады.

Елімізде салымшылардың көпшілігі зейнетақы жинақтарын енді-енді қалыптастырып жатыр. Салымшылардың 50 пайыздан астамының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысу өтілі 5 жылға жетпейді. Ал салымшылардың 75 пайыздан астамының жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан жоғары, бірақ 10 жылға жетпейтіндігін айта кеткен жөн.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі іске қосылғалы бері міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып келген салымшылардың зейнетақы жинақтарының орташа сомасы ерлерде — 5,1 млн теңге, әйелдерде — 3,9 млн теңге болды.

19.09.2019 ж.

Ұялы қосымшаның жаңа мүмкіндіктері

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылар мен алушыларға арналған ұялы қосымшасы қолдануға барынша ыңғайлы бола түсті.

Еске саламыз, Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Енді осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Бұл ретте зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін қолдана алады.

Қордың ұялы қосымшасын әдеттегідей Google Play және App Store дүкендерінен жүктеп алынады.

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейін оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың бұл электрондық қызметі бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал болып отыр.

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ өзінің ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердің шабуылынан қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың қажеті жоқ.

08.08.2019

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын алу қажеттiлiгiн ескертедi

Зейнеткерлiк жасқа толған және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар, бiрақ қандай да бiр себептермен оларды алмаған адамдар «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының бөлiмшесiне жүгiнуi қажет. Бұл ретте БЖЗҚ 2018 жылдың қазан айына дейiн зейнеткерлiк жасқа толған азаматтардың зейнетақы жинақтарын алу үшiн Қорға, ал мемлекеттiк бюджет есебiнен базалық және ортақ зейнетақыны алу үшiн Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнiп келгенiн еске салады.

2018 жылдың 11 қазанынан бастап жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау барысында «Бiр терезе» қағидаты қолданылады — яғни, зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар мемлекеттiк бюджет есебiнен жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен базалық зейнетақыны, сондай-ақ БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiм мен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — Мемлекеттiк корпорацияның Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет.

Осыған байланысты БЖЗҚ зейнет жасына толған азаматтарға Қорда зейнетақы жинақтарының бар-жоғын тексерудi, егер бар болса, Мемлекеттiк корпорацияның жергiлiктi бөлiмшесiне бару керектiгiн хабарлайды. Толық ақпаратты Қордың байланыс орталығының 1418 тегiн нөмiрiне хабарласу немесе жергiлiктi бөлiмшесiне бару арқылы алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

05.08.2019

Алгоритмдi жеңiлдету-уақытты үнемдеу

«БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсетудi одан әрi жетiлдiруде. Ендi Қор сайтында негiзгi төлем түрлерi бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлiмiнде салымшылар мен төлем алушыларға ыңғайлы болу үшiн қажеттi құжаттарды пошта байланысы арқылы Қорға ұсынылуы мүмкiн төлем түрлерiне сәйкестiгiн тексеру мүмкiндiгi бар.

Сайтта құжаттарды тексеру қызметiн келесi тұлғалар ала алады:

  • ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiне құқығы барлар;
  • мерзiмсiз уақытқа тағайындалған 1,2 топтардағы мүгедектiгi барлар;
  • Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға қоңыс аударғандар;
  • қайтыс болған салымшы / алушының зейнетақы жинақтарының мұрагерлерi.

Құжаттарды алдын ала онлайн-тексеру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына ХҚО арқылы жасына байланысты төлемдердi алуға құжаттарды ұсынған кезде және жерлеуге төлемдер алу кезiнде жүзеге асырылмайды, себебi мұндай құжаттар Қорға жеке жүгiнген кезде берiледi.

Құжаттарды алдын-ала тексеру үшiн бiрнеше қарапайым қадамды орындау керек:

  • сканердi баптау;
  • форматы — A4 қағазын пайдалану;
  • құжаттарды jpg/tif форматында сканерлеу және сақтау;
  • көп парақты құжаттар бiр файлда сақталуы тиiс;
  • түсi бойынша сканерлеген кезде, суреттiң сапасы 300 dpi форматында қолданылуы тиiс, себебi бұл формат құжаттардың анықтығы мен оқылуын қамтамасыз етедi.

Ұсынылатын құжаттар келесi шарттарға сәйкес келуi керек:

  • зейнетақы төлемдерiнiң түрi бойынша, сканерленген құжаттардың толық пакетi зейнетақы төлемдерiнiң түрiне және оларды БЖЗҚ-ға ұсыну әдiсiне байланысты құжаттардың тiзбесiне сәйкес ұсынылуы тиiс;
  • зейнетақы төлемдерiнiң түрлерi бойынша барлық құжаттарды түрлi түстi сканерлеу қажет (құжаттың түпнұсқасы талап етiлген жағдайда құжаттың түпнұсқасын сканерлеу қажет, бұл ретте-шетелдiк паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлiгiнiң/Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасынан белгiлерi бар сканерленген беттердi ұсынуға жол берiледi);
  • түрлi түстi сканерленген әрбiр көшiрменiң өлшемi 2 МБ-тан аспауы тиiс.

Зейнетақылық төлем түрiне және БЖЗҚ-ға өтiнiш беру әдiсiне байланысты құжаттар тiзiмi «Алушыларға қызметтер» бөлiмiнде қолжетiмдi.

Бұл қызметтi алу үшiн сiз https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php сiлтемесiне өтуiңiз керек.

Аталған қызмет түрi уақытты үнемдейдi және барлық қажеттi құжаттарды түзетуге/толықтыруға мүмкiндiк берiп, қойылған талаптарға сай болуға септiгiн тигiзедi.

02.08.2019

Бiрыңғай жиынтық төлем — жартыжылдық қорытындысы

2019 жылдың басынан бастап Қазақстан заңнамасында жаңа жаңалық — Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгiзiлдi. Оны енгiзудiң басты себебi — бейресми жұмыспен қамтылған тұлғалардың қызметiн тiркеудi жеңiлдету.

Бүгiнгi күнi бұл төлем 4 мiндеттi төлемдi бiр реттiк төлеммен алмастырады. Олар:

  • жеке табыс салығы;
  • БЖЗҚ-ға мiндеттi зейнетақы жарнасы;
  • мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына мiндеттi әлеуметтiк аударым (МӘСҚ);
  • әлеуметтiк медициналық сақтандыру Қорына әлеуметтiк жарна (ӘМСҚ).

БЖТ төлеушiлер — кәсiпкерлiк қызметтi жеке кәсiпкер ретiнде тiркеусiз жүзеге асыратын, бiр уақытта келесi шарттарға жауап беретiн тұлғалар: бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеген; жалданған қызметкердiң еңбегiн пайдаланбайтын, салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететiн және акцизделетiн тауарларды қоспағанда, өздерi өндiретiн жеке қосалқы шаруашылықтардың ауылшаруашылық өнiмдерiн сатумен айналысатын тұлғалар болып табылады.

Сауда және ойын-сауық орталықтарының (СОО) аумағында қызмет атқаратын (белгiлi жұмыстарды орындайтын) жеке тұлғалар; жеке практикамен айналысатын адамдар, тұрғын емес үй-жайларды жалға берушiлер, жеке кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен азаматтар, сондай-ақ, оралмандарды қоспағанда, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар БЖТ төлеушiлер ретiнде есептелмейдi.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексiнiң (Салық кодексi) 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушiлерi болып табылатын жеке тұлғалар үшiн БЖЗҚ-ға өз пайдасына төлеуге жататын, мiндеттi зейнетақы жарналары 2019 жылы төмендегiдей:

  • республикалық және облыстық маңызға ие қалаларда, астанада — 2525 теңге.
  • өзге елдi-мекендерде — 1262 теңге.

Төлем жасаушыларға бұл соманы өз бетiмен 4 төлемге бөлудiң қажетi жоқ, ол бюджетке түскеннен кейiн тағайындалуы бойынша автоматты түрде бөлiнедi.

Бiрыңғай жиынтық төлем сомасы «Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ-мен келесi шамаларға бөлiнедi:

  • 10% — жеке табыс салығы (ЖТС);
  • 20% — әлеуметтiк аударымдар (ӘА);
  • 30% — мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  • 40% — мiндеттi медициналық сақтандыруға аударымдар (ММСА).

Бiрыңғай жиынтық төлемнiң мөлшерi алынған табыстың мөлшерiне тәуелдi емес және қосымша есептеулердi (кiрiстер, шығыстар, шегерiмдер, пайда) талап етпейдi.

Табыс алынған әр ай үшiн бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу қажет.

Бiрыңғай жиынтық төлем режимiне түсетiн азаматтардың барлық төлемдердi жеңiлдетiлген шарттарда төлеуге және әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатысуға мүмкiндiктерi бар. Сондай-ақ, БЖТ артықшылықтарына мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесiне қатысу және сомасы мен түрлерi бойынша шектеусiз медициналық қызметтерге қол жеткiзу, ММСА енгiзiлгеннен кейiн медициналық мекеменi таңдау құқығына ие болу жатады. Жүйеге қатысушының сондай-ақ, еңбек ету қабiлетiнен, жұмысынан, асыраушысынан айырылған, жүктiлiк пен босану, бала асырап алған, бала күтiмi жағдайында да әлеуметтiк төлемдердi алуға құқығы бар.

БЖТ төлеушiлерi болып табылатын қазақстандықтар үшiн жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу арқылы жүйеге қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алу басты артықшылықтардың бiрi болып табылады. БЖЗҚ-да өзiнiң зейнетақы жинақтарын толықтырудан басқа БЖТ төлеушiлерi үшiн ендi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне байланысты базалық зейнетақы төлемiн алу мүмкiндiгi пайда болды.

Осылайша төлемнiң осы түрi енгiзiлген күннен бастап өткен бiрiншi жартыжылдықта 121 977 жеке тұлға БЖТ арқылы БЖЗҚ-ға жалпы сомасы 112 млн. теңге көлемiнде мiндеттi зейнетақы жарналарын төледi.

Бiрыңғай жиынтық төлемнiң тағы бiр артықшылығы мемлекет кепiлдiк берген әлеуметтiк көмек түрiндегi минималды жәрдемақыға айтарлықтай қаржылық өсiмнiң қосылуы, сонымен қатар азаматтардың табысын растау арқылы несиенi төлеу қабiлеттiлiгiнiң жоғарылауы болып табылады. Яғни, БЖТ-нi төлеушi ендi тұрақты төлемдер арқылы төлем қабiлеттiлiгiн растап, банктен ресми түрде несие ала алады.

БЖТ екiншi деңгейдегi банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жалпы сомамен төленуге жатады (мысалы, «Қазпошта» АҚ арқылы). Төлемдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының банктiк шотына аудару керек. Бұдан әрi Мемлекеттiк корпорация төлемдi жеке табыс салығы (ЖТС) және әлеуметтiк төлемдер түрiндегi төлемдерге бөледi, содан кейiн ЖТС аймақ бюджетiне, ал әлеуметтiк төлемдердi БЖЗҚ, ӘСМҚ және ММСА аударады.

БЖТ төлеушiлер салық есептiлiгiн ұсынбайды. Қызметтiң басталуын тiркеу (хабарлау) және қызметтi тоқтата тұру (тоқтату) туралы өтiнiш талап етiлмейдi. Жеке тұлға төлем жүргiзген күннен бастап бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеушi болып есептеледi. Егер жеке тұлға төлемдi тоқтатса, онда ол БЖТ-ның төлемшiсi болып есептелмейдi.

15.07.2019 ж.

Салымшылардың алтын уақыты үнемделедi

БЖЗҚ жоғары технологиялық байланыс құралдарының көмегiмен қашықтан байланыс жасау арналарын дамытып жатыр. Бұл қазiргi өркениеттiң қарыштап дамып жатқан кезеңiнде өте маңызды екенi сөзсiз.

Интернет — белсендi қолжетiмдiлiк құралы, ал ұялы қосымша — ақпарат алудың заманауи тәсiлi. Қазiргi уақытта олар көпшiлiк салымшылар үшiн ең сұранысқа ие қызметтердiң бiрiне айналған.

Жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпиясөз немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы кез келген уақытта www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кiрiп, зейнетақы жинақтарының жай-күйiн, табыстылығын көруге болады. ЖСН мен құпиясөз және ЭЦҚ ұялы телефонға жүктелген ENPF ұялы қосымшасында авторлану үшiн де қолданылады. Ұялы қосымшаны Android және iOS базасында жұмыс iстейтiн кез келген смартфон немесе планшетке тегiн жүктеп алуға болады. Пайдаланушыларға ыңғайлы болуы үшiн бұл қызмет қазақ және орыс тiлдерiнде жұмыс iстейдi. Салымшылар ENPF ұялы қосымшасы арқылы: зейнетақы шоттарының жай-күйiн, зейнетақы жинақтарын төлеу жөнiндегi өтiнiштiң орындалу барысын, зейнетақы жүйесiндегi барлық өзгерiстердi, Қордың жақын жердегi кеңсесiнiң мекенжайын анықтап, байланыс орталығына хабарласа алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi туралы барлық сұрақтар бойынша жауап алу үшiн БЖЗҚ байланыс орталығына 1418 нөмiрi бойынша хабарласуға болады (Қазақстан бойынша телефон шалу тегiн). Ағымдағы жылдың 5 айы iшiнде Қор операторлары 171 290 қоңырауға жауап берген.

Қор сайты арқылы тиiстi нысанды толтырып, керi қоңырау шалуға тапсырыс беруге болады. Қор мамандары өтiнiште көрсетiлген уақытта хабарласып, барлық сұрақтарыңызға жауап бередi. Бұдан басқа Қор сайты арқылы жазбаша түрде сұрақ қойып, жауап алуға мүмкiндiк бар. Сондай-ақ онлайн кеңес берушi қызметi арқылы да онлайн тәртiбiнде ақыл-кеңес алуға болады.

Жоғарыда аталған байланыс арналарынан бөлек, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың жеке блогы үлкен танымалдыққа ие. Сол арқылы салымшылар Қор басшысына тiкелей хабарласып, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен Қор қызметi туралы өздерiн толғандырған барлық сұрақтар бойынша жан-жақты жауаптар ала алады.

2019 жылдың қаңтар-мамырында осы блог арқылы 114 сұраққа жауап берiлдi. Ақпараттардың толыққандылығы және ашықтығы БЖЗҚ-ға деген сенiмдi арттыра түседi.

What’s Арp сервисi арқылы +7 777 000 1418 нөмiрi бойынша Қор маманына хабарласып, өзiңiздi қызықтырған ақпаратты ала аласыз.

Telegram-bot қызметi де салымшылар арасында сұранысқа ие болып отыр. Сол арқылы зейнетақы шотыңыздан кiшiгiрiм үзiндi көшiрме алып, оны электронды поштаңызға жiбере аласыз. Айтпақшы, осы сервистiң көмегiмен Жеке кабинетке арналған паролiңiздi қалпына келтiрiп, Қордың маңызды жаңалықтарымен және ағымдағы көрсеткiштерiмен танысып, жақын маңдағы кеңсесiнiң мекенжайын анықтауға болады.

Қашықтан байланысу арналарын дамыту уақытты үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар қазiргi жастарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне тартуға септiгiн тигiзедi. Ал олар әлеуметтiк желiлердiң белсендi пайдаланушылары екенi белгiлi. Сәйкесiнше Қордың «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» әлеуметтiк желiлерiнде ресми парақшалары жұмыс iстейдi. 2019 жылдың 1 қаңтарындағы мәлiмет бойынша оларға жазылушылардың жалпы саны 38 мыңнан асты.

Осылайша Қордың қашықтықтан байланыс жасау арналарын пайдалана отырып, салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәлiметтердi қоспағанда, БЖЗҚ қызметтерi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы ақпараттар және ақыл-кеңестер алуға болады. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың жинақтары туралы мәлiметтер құпия болып саналатындықтан, оны Жеке кабинет арқылы ЭЦҚ немесе ЖСН және құпиясөздiң көмегiмен анықтауға болады.

17.06.2019 ж.

Салымшыларға ақпарат беру тәсiлдерi

«БЖЗҚ» АҚ зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме алудың бiрнеше тәсiлi бар екендiгi туралы тағы да салымшылар мен алушылардың есiне салады. Бұл заң жүзiнде бекiтiлген құқық және оны Қор кеңсесiне келу, дәстүрлi пошта немесе электрондық тәсiл арқылы жүзеге асыруға болады.

Электрондық тәсiлдiң бiрнеше нұсқасы бар:

– БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта арқылы. Бұл жағдайда салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi электрондық пошта арқылы өзi таңдаған кесте бойынша: ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын немесе жыл сайын алады;

– электрондық цифрлық қолтаңба немесе логин мен құпиясөздi қолдана отырып, Қор сайтының Жеке кабинетi арқылы алу;

– электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен электрондық үкiмет порталының Жеке кабинетi арқылы алу. Бұл ретте бiр реттiк sms-парольдi де пайдалануға болады. Ол үшiн салымшы (алушы) электрондық үкiмет порталының Жеке кабинетiнде тiркелiп, үзiндi көшiрме алуға сауал жолдайды. Сонда оның ұялы телефонына бiр реттiк sms-пароль жiберiледi.

egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы мәлiметтер алу үшiн салымшылар осы сайттың «Азаматтар» санатына кiрiп, «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» айдарын таңдайды. Одан әрi «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiнде қажеттi ақпаратты алуға қол жеткiзедi.

Зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн мүлдем таңдамаған салымшыларға үзiндi көшiрме оған Қор кеңсесiне өздерi келiп сұраған жағдайда ғана берiледi. Ақпарат алу тәсiлiн таңдау үшiн салымшы (алушы) Қор кеңсесiне жеке басын куәландыратын куәлiгiн алып келедi. Бұл жерде хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы қосымша келiсiмге қол қояды. Кейiн Қор мамандары ЖСН мен құпиясөздiң көмегiмен enpf.kz сайтының Жеке кабинетiнде тiркелуге көмектеседi.

Егер электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзектi кiлтi болса, Қор кеңсесiне келмей-ақ, оның сайтының Жеке кабинетiнде зейнетақы шотынан ақпарат алу тәсiлiн таңдауға және өзгертуге болады. Сондай-ақ Қор сайтының Жеке кабинетiнде зейнетақы жинақтарыңыз бен есептелген инвестициялық табыстардың көлемiн және зейнеткерлiк жасқа толуға қанша уақыт қалғанын бiле аласыз.

ЭЦҚ және ЖСН мен құпиясөздi қалта телефонындағы ENPF ұялы қосымшасына кiру үшiн де қолдануға болады. Қосымшаны Android және IOS базасында жұмыс iстейтiн кез келген смартфон мен планшетке тегiн жүктей аласыз. Ол қазақ және орыс тiлдерiнде жұмыс iстейдi. Ұялы қосымшадан шотыңыздың жай-күйiн, зейнетақы жүйесiндегi өзгерiстердi бiлуге, Қордың жергiлiктi кеңселерiнiң мекенжайларын көруге және Қордың байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұл қызмет салымшыларға өздерiнiң зейнетақы жинақтарының жай-күйiн аптасына 7 күн, тәулiгiне 24 сағат бойы бақылауға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде Қордың ұялы қосымшасы қазақстандықтар арасында өте танымал болуда. Ал заманауи байланыс құралдарын пайдалана алмайтындардың зейнетақы шоты бойынша үзiндi көшiрменi пошта байланысы арқылы жылына бiр рет алып тұруға мүмкiндiктерi бар. Мекенжай өзгерген жағдайда бұл туралы Қорға мiндеттi түрде хабарлау қажет. Егер бұлай жасалсмаса БЖЗҚ алдағы уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты жiбермеуге құқылы. Сонымен қатар БЖЗҚ зейнетақы шоттарында жинақтары жоқ салымшыларға да үзiндi көшiрме жiбермейдi.

03.06.2019 ж.

БЖЗҚ өзiн-өзi жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейiн анықтау мақсатында биыл да тәуелсiз компанияның күшiмен 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтiк зерттеу жүргiздi. Зерттеу қорытындысы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы базалық бiлiмге ие тұрғындардың үлесi 60,2 пайызды көрсетсе, Қорға деген сенiм деңгейi 10 баллдық шәкiлде 6,4 баллға жеттi. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметi аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негiзi зейнетақы болады деген пiкiрмен келiседi. Демек адамдар ертеңгi күнi, болашақ зейнетақысы туралы ойлана бастады деген сөз. Ал бұл экономикалық тұрғыдан тұрақты қоғамның негiзi болып табылады.

Қор бүгiнде белсендi тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiмен қамту бағытында қарқынды жұмыс жүргiзiп келедi. Сәйкесiнше БЖЗҚ-ға деген сенiм деңгейi арта түсетiндiгiне сенiм мол.

Соңғы жылдары кiшiгiрiм болса да өз бизнесiн жүргiзетiндер, әрi қашықтықтан фрилансер болып жұмыс iстеп, қызмет көрсететiн өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар саны да артып келедi. Соңғы деректер бойынша елiмiзде мұндай адамдардың саны екi миллионнан асады. Олар негiзiнен өздерiне жұмыс iстейдi және әрине, табыстары тұрақты емес. Көпшiлiгi салық төлемейдi және зейнетақы қорына жарна аудармайды. Ал мұның салдары кейiн үлкен қиындыққа әкеп соғары hақ. Өйткенi, олар зейнетақы жинақтары болмаған соң, қарттық шақта кедейлiк қамытын киюi ықтимал. Бұл адамдар зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотын ашқан соң, өкiнiшке қарай, оған жарна аударып тұруды ұмытады.

Мiне, Қор мамандары осындай «ұйқыдағы» (жинақ ақша бар, бiрақ бiрнеше жыл жарна аударылмаған) немесе «нөлдiк» (бiр тиын ақша жоқ) шоттардың иелерiмен жарналарды тұрақты аударып тұру жайында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Мысалы, Қор мамандары 2019 жылдың басынан берi 180,8 мыңнан астам шоттың иелерiмен байланыс орнатты. Олардың iшiнде 9,2 мыңнан астам адам ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуiрi аралығында шамамен 137 млн теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсендi емес шоттармен жұмыс жүргiзу барысында Қор (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 мамыры аралығы) шоттарына бiрнеше жыл бойы жарна түспеген 810,8 мың адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. Соның арқасында белсендi емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд астам теңгеге зейнетақы жарналары түстi.

2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,8 трлн теңгеге жеттi. Жыл сайынғы өсiм 20 пайызды құрап отыр. Бұған зейнетақы жарналарын Қорға тұрақты аударып отыратын белсендi салымшылардың арқасында қол жеткiзiлiп отыр. Олардың шоттарындағы жинақтардың сомасы орташа есеппен 5-10 млн теңгенi құрайды. Қазiрдiң өзiнде Қордан өз жинақтары есебiнен ай сайын 300 мың теңгеге дейiн зейнетақы төлемдерiн алатын зейнеткерлер баршылық.

Өзiн-өзi жұмыспен қамтушылар үшiн зейнетақы жинақтарын қалыптастырудың бiрнеше жолы бар.

Бiрiншiден, жалақысы тұрақты емес немесе жұмыс жағдайына және белгiленген салық тәртiбiне байланысты зейнетақы жарналарын тұрақты төлей алмайтындар үшiн ерiктi зейнетақы жарналарын аудару — болашақта таптырмас табыс көзiне айналуы мүмкiн. Бұл жарналардың мөлшерi мен төлеу кезеңдiлiгiн салымшылар өздерi белгiлейдi. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебiнен үшiншi бiр тұлғаның атына да аудара алады. Мысалы, зейнетақылары қомақты болуы үшiн ата-аналарының атына немесе бала күтiмiмен уақытша үйде отырған жұбайының атына аударуы мүмкiн. Заңды тұлғалар да өз кезегiнде жеке тұлғалардың, мысалы, өз қызметкерлерiнiң атына, оларды жұмысқа ынталандыру үшiн ерiктi зейнетақы жарналарын аударуға құқылы.

Екiншiден, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында әрбiр қазақстандықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуы керектiгi туралы кең көлемде ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуде. Бұған қоса мемлекеттiк деңгейде басқа да ынталандыру шаралары қолданылуда.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс iстеп, қызмет көрсететiн жеке тұлғалар 2018 жылдың шiлдесiнен бастап мiндеттi зейнетақы жарналарын өз бетiмен екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы төлеуге мiндеттелдi. Бұған дейiн олар тек құқылы болатын. Бұл ретте 2019 жылдың қаңтарынан бастап олар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу тәртiбi жеңiлдетiлдi.

Ендi, егер жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер жұмыс iстеу үшiн немесе қызмет қызмет көрсету үшiн салық агенттерiмен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшiн Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын осы салық агенттерi төлейдi. Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс iстемейтiн жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бiрақ бұл ретте олар Қорға мiндеттi зейнетақы жарналарын өз ұйғарымымен төлеуге құқылы. Жарналарды Қорға өз еркiмен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етедi.

Үшiншiден, ағымдағы жылдың басынан бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгiзiлдi. Ол өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметiн тiркеудi оңайлатуға бағытталған. БЖТ арқылы төрт мiндеттi төлемдi: мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын (ЖТС), БЖЗҚ-ға төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды бiр төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша адамдар барлық төлемдердi жеңiлдетiлген жағдайда жүзеге асырып, әлеуметтiк қамсыздандыру мен медициналық сақтандыру жүйесiне қатысуға мүмкiндiк алды. Бұдан басқа БЖТ төлеушi қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтiлiне қарай мемлекеттiк базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үмiт арта алады. Өйткенi, базалық зейнетақы еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай тағайындалатыны белгiлi. Бұл бағытта жақсы нәтижелерге қол жеткiзiлдi.

2019 жылдың 4 айы iшiнде салымшылардың шоттарына жалпы сомасы 49,5 млн теңгеге 95,8 мың жарна келiп түстi. Бұдан басқа өнiмдi еңбекпен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламалары жұмыс iстейдi.

Қазiр жұмыссыз жүрген, бiрақ тұрақты жұмыс iстегiсi келетiндер үшiн жұмысқа тұру, жаңа мамандықты игерi мүмкiндiктерi пайда болып жатыр. Бұл да жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысудың маңыздылығын түсiндiруге бағытталған маңызды қадам болары сөзсiз.

17.05.2019 ж.

Шалғайдағы елдiмекендердiң тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерiн «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiнде ала алады

Алматы, Қазақстан — «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдiң шалғай елдiмекендерiн зейнетақы қызметтерiмен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерiнде қызмет көрсету бойынша бiрлескен жобаны iске қосты.

Еске сала кетелiк, 2018 жылы зейнетақы қызметтерiн елдiң шалғай аудандарындағы пошта бөлiмшелерi арқылы көрсету туралы «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында Меморандумға және агенттiк келiсiмге қол қойылған болатын.

Қазiр «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдiмекендерде зейнетақы қызметтерi көрсетiле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсендi халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдiмекеннiң тұрғындары зейнетақы қызметтерiн ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткiздi. Бұл ретте зейнетақы қызметтерi ұлттық пошта желiсi арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстiк Қазақстан, Түркiстан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдiмекендерiнде көрсетiледi. Елдiмекендердiң толық тiзiмiн Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердiң тұрғындары Қазпошта бөлiмшелерiнде мынадай қызметтердi алады:

• салымшының (алушының) қосымша деректемелерiн (жеке куәлiгiнiң нөмiрi, телефон нөмiрi, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтiнiш беру;

• хабарлау тәсiлiн өзгерту (белгiлеу) (оның iшiнде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтерiне қол жеткiзу) туралы келiсiмге қол қою.

Сонымен 2019 жылы республика өңiрлерiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерiмен қамту деңгейi 43,7 пайызға дейiн өседi. «Қазпошта» АҚ Қазақ елi аумағында ең үлкен филиалдық желiге ие. «БЖЗҚ» АҚ жоспарында елдiң басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» АҚ бөлiмшелерi арқылы зейнетақы қызметiмен қамту көзделген.

08.05.2019 ж.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады.

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

I, II немесе III топтағы мүгедек;

мүгедек бала;

мүгедек бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай мүгедек бала үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

«бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына әрбір осындай адам үшін - оның ата-анасының, қорғаншыларының, қамқоршыларының бірі;

асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін әрбір осындай адам үшін - бала асырап алушылардың бірі болса, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Кодексінің ережелеріне сәйкес Қордан берілетін зейнетақы төлемдері түріндегі табыстарына, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге Салық кодексінде белгіленген шекте жеке табыс салығы салынбады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI редакциясына сәйкес жоғарыда аталған адамдар мен қосымша санаттағы адамдардың (жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алған ата-аналардың бірі) табыстарына, Қордан берілетін зейнетақы төлемдеріне және жерлеуге байланысты біржолғы төлемдерге салық шегерімдері мен табысты түзету қолданылмады. Сәйкесінше Қор төлемдеріне 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы салынды.

Аталған санаттағы зейнетақы төлемдерін алушылардың мүдделерін қорғау мақсатында БЖЗҚ жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерді қайтару үшін Салық кодексіне түзету енгізу туралы бастама көтерді. Бұл бастамаға мемлекеттік органдар (Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық экономика министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және депутаттық корпус қолдау көрсетті және ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 2 сәуірдегі № 241-VІ Заңы аясында бекітілді. Бұл Заңның нормалары 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орын алатын қатынастарға таратылады. Осыған байланысты табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануға және 2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығының өтелуіне құқығы бар зейнетақы төлемдерін алушыларға ұсталынып келген жеке табыс салықтары қайтарылады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бері ұсталынып келген жеке табыс салығын қайтару үшін БЖЗҚ-ға мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • табысты түзету немесе салық шегерімін (оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер) қолдану туралы өтініш;
  • табысты түзету немесе салық шегерімін қолдануды растайтын құжаттардың көшірмелері.

Ұсталынған жеке табыс салығын қайтару жөніндегі өтініштің үлгісін www.enpf.kz

сайтынан жүктеп алуға болады.

Ұсталынған жеке табыс салығының өтелуіне қатысты құқық зейнетақы төлемдері, оның ішінде жерлеуге байланысты біржолғы төлемдер жүзеге асырылған күннен бастап 5 жыл бойы сақталады.

Айта кетелік, бұл құқық табыстардың басқа түрлері бойынша салық заңнамасында көрсетілген шекте табысты түзету немесе салық шегерімін пайдаланбаған жоғарыда аталған тұлғаларға таратылады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 млрд теңгені құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерінің табыстылығы 2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны аралығында (өткен 12 ай ішінде) 11,5 пайызға жетті. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейі 4,8 пайызды көрсетті. Осылайша зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы 6,7 пайыз болды.

2019 жылдың басынан бері есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты.

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

  • бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша сыйақы түріндегі табыстар 152,22 млрд теңге;
  • бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (16,2) млрд теңге;
  • шетелдік валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (28,94) млрд теңге;
  • сыртқы басқарудан түскен табыстар 3,16 млрд теңге;
  • басқа да шығындар 2,37 млрд теңгені құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның ішінде теңгеге номинирленгендері бойынша орташа табыстылық – жылдық 8,4%, ал шетелдік валютада – жылдық 3,9% болды.

Қордың зейнетақы активтері портфелінің негізгі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына (40,66 пайыз) тиесілі. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бірі. Есепті күнге қарай теңгеге номинирленген ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуі бойынша орташа табыстылық жылдық 7,2 пайызды, ал АҚШ долларында – жылдық 4,4 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша ҚР квазимемлекеттік ұйымдары облигацияларының портфельдегі үлесі 13,52 пайыз болды. Осы есептік күнге қарай аталмыш ұйымдардың облигацияларының өтелуі бойынша орташа табыстылық теңгеге номинирленген облигациялар бойынша жылына 10,3 пайызды, ал АҚШ доллары бойынша жылына 5,0 пайызды құрады.

Есепті кезеңде шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздарының ағымдағы құны 1 506,00 млрд теңгеге жетіп, олардың портфельдегі үлесі 15,62 пайызды көрсетті. Сонымен қатар қарастырылып отырған кезеңде жалпы сомасы 158,97 млрд теңгеге шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздары өтелді. Есепті күнге қарай БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліндегі шет елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарының өтелуіне қатысты орташа табыстылық жылына 3,6 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдарының инвестициялық портфелі былайша келтірілген:

ұлттық валютада жасалған инвестиция көлемі – 67,61 пайыз, АҚШ долларында – 31,97 пайыз, басқа валюталарда – 0,42 пайыз болды.

Қордың сенімгерлік басқарудағы зейнетақы активтері портфелінің құрылымдық үлестірілімі БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келеді.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

06.05.2019 ж.

Зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтары бар адам зейнеткерлiк жасқа толған кезде оның зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейi ескерiле отырып, шотындағы жинақ ақша осы шотқа енгiзiлген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер алушының Қордағы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегi жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейдi. Ал егер инфляциядан төмен болса, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн есептейдi. Бұл сома бiржолғы төлем ретiнде республикалық бюджет есебiнен алушының банк шотына 10 жұмыс күнi iшiнде аударылады.

Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру кезеңi бiрнеше ондаған жылдарға созылатыны белгiлi. Бiр жағы содан да болар, кейбiр салымшылар: «Зейнет жасына дейiн әлi талай жыл бар, оған дейiн өмiр де экономика да өзгередi, жинаған ақшамыздың жайы қалай болады?», — деп уайымдайды. Бiрақ уайымдауға еш негiз жоқ. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрi — Заң) 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде мемлекет зейнеткердiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, оның атына Қорға аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi. Бұл норма Заңға 2003 жылы енгiзiлген. Осылайша мемлекет жеке зейнетақы шотындағы жинақтарды сақтау кепiлдiгiн өз мойнына алды.

Бүгiнде Қазақстан әлемде зейнетақы жинақтарының сақталуына толық кепiлдiк беретiн жалғыз мемлекет. Мысалы, Германияның зейнетақы жүйесi әлемдегi ең тиiмдi жүйелердiң бiрi болып саналады. Соған қарамастан бұл елдiң зейнетақы қорлары жинақ ақша бойынша салымшылардың зейнет жасына толуына қарай 2 пайыздан астам мөлшерде ғана табыстылық мөлшерлемесiне кепiлдiк бередi. Чилиде зейнетақы активтерiн басқарушылар зейнетақы жинақтарының сақталуына таңдап алынған қор түрiне қарай кепiлдiк бередi. Дегенмен зейнетақы жинақтарының көлемi соңғы 36 ай iшiндегi орташа сараланған 2 пайыздық нақты табыстылық деңгейiнен төмен болмайды. Ал Швеция, Австралия, Израиль, Норвегия, Мексика, Эстония елдерiнде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк тiптi берiлмейдi.

Елiмiзде зейнетақы жинақтарының сақталуына кепiлдiк механизмi 2009 жылдан бастап белсендi түрде қолданыла бастады. Өйткенi бұл кезеңде қаржы дағдарысының салдарынан зейнетақы активтерiнiң табыстылығы күрт төмендеп кеткен болатын. Қаржы нарығындағы ахуалдарға қарай зейнетақы жинақтарын инвестициялаудан түсетiн табыс бiрде жоғары, бiрде төмен болуы мүмкiн. Осыған байланысты шоттағы жинақтардың сомасы мен осы шотқа нақты енгiзiлген жарналардың арасында айырмашылық пайда болады. Сондықтан салымшы зейнеткерлiк жасқа толғанда оның зейнетақы жинақтарының жалпы табыстылығы есептеледi. Бұл ретте әрине, салымшының жинақтаушы жүйеде болған бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейi ескерiледi. Демек қаржы нарығы мен инвестициялық табысқа қатысты қандай жағдай орын алмасын, салымшылардың жинақтары сенiмдi қорғалған. Мемлекеттiк кепiлдiк төлемi салымшыларға олар зейнетақы төлемдерiн алу құқығына ие болған кезде берiледi.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алуға кiмдер құқылы? Олар — зейнет жасына толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы өтемақыны алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi. Бұл ретте мұрагерлер арнайы өтiнiш және жеке басты кәландыратын құжатпен қатар мұра қалдырушының қайтыс болғаны туралы куәлiк пен мұрагерлiк құқығы туралы куәлiктi тапсырады.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн есептеу және төлеудi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы жүзеге асырады.

2018 жылдың қазан айында зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруды оңтайландыру мақсатында Композиттiк қызмет iске қосылған болатын. Соған сәйкес зейнет жасына толған азаматтар мемлекеттiк бюджеттен берiлетiн зейнетақылар мен Қор төлемдерiн және мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiш пен қажеттi құжаттарды тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырады. Айырма төлемiн алу үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ. Бұрын бұл азаматтар Қордан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн Қордың өзiне жүгiнетiн.

Айта кетелiк, Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандар және Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшiн зейнетақы төлеу тәртiбi өзгерiссiз қалады. Олар зейнетақы жинақтары есебiнен төлемдерiн алу үшiн Қорға жүгiнедi. Ал мемлекеттiк зейнетақылар мен мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн алу үшiн әрине, олар да бiрыңғай өтiнiшпен Мемлекеттiк корпорацияға барады.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары
Жұмыскердiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi

Зиянды өндiрiстегi жұмыс адам денсаулығына нұқсан келтiретiндiгi бәсенеден белгiлi. Сондықтан бұл шетiн мәселеде жұмыс берушiнiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi өте маңызды.

Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) — еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын, кәсiптерi өндiрiстердiң, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсiптерiнiң тiзбесiнде көрсетiлген жұмыскерлердiң пайдасы үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — Қор) агенттер меншiктi қаражаты есебiнен аударған ақша. Тiзбенi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Бұл жарналар зиянды еңбек жағдайы үшiн жұмыс берушiнiң өз қаражаты есебiнен жұмыскерлерiнiң пайдасына аударатын өтемақысы.

Қорға төленуге жататын МКЗЖ Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiп бойынша жұмыскердiң ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерiнде белгiленедi. Зейнетақы жарнасының бұл түрi 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қыркүйектегi № 984 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларының (бұдан әрi — Зейнетақы қағидалары) 10 тармағына сәйкес МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт (қосылу шарты) бекiтiлген. Ол «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында көзделген құқықтарды, мiндеттер мен жауапкершiлiктi, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның (МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн алушының) және агенттiң арасындағы құқықтық қатынастардың өзге де ерекшелiктерiн белгiлейдi.

Зейнетақы қағидаларының 11 тармағына сәйкес МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу БЖЗҚ-ның iшкi құжатымен бекiтiлген нысан (ол enpf.kz сайтында орналастырылған) бойынша МКЗЖ-ны есепке алу жөнiнде жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтiнiшке агенттiң және өзi үшiн МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаның қол қоюы арқылы жүзеге асырылады.

БЖЗҚ «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясынан МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жөнiндегi мәлiметтердiң бiрыңғай тiзiмге енгiзiлгенi туралы электрондық хабарламаны алған күннен бастап агент және өзi үшiн МКЗЖ аударылатын жеке тұлға МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып есептеледi.

МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бұрын жасалған шарт болған жағдайда МКЗЖ аударылатын жеке тұлға және жаңа агент МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа ЖЗШ ашпай-ақ БЖЗҚ-ның iшкi құжаттарымен айқындалатын нысан бойынша МКЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтiнiшке қол қояды. Бұл ретте МКЗЖ есепке алу бойынша жаңа шот ашылмайды.

БЖЗҚ-ға МКЗЖ еспке алу бойынша ЖЗШ ашу туралы өтiнiштi рәсiмдеу үшiн салымшы Қорға тиiстi құжаттарды ұсынады. Бұл құжаттардың тiзiмi Қор сайтында орналастырылған. МКЗЖ табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-iнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленедi.

Арнайы салық режимiн қолданатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көрсетiлген тәртiпте аударады.

Қорға мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын төлеуден агент:

  1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының (бұдан әрi — Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнеткерлiк жасқа толған жеке тұлғалар;
  2. әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа), арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттiк фельдъегерлiк қызметтiң қызметкерлерi, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар;
  3. еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн алушылар үшiн босатылады.

Iс жүзiнде төленген және жұмыскер кiрiс алған жағдайда, жұмыс берушi уақтылы аудармаған МКЗЖ сомаларын мемлекеттiк кiрiс органдары өндiрiп алады немесе жұмыс берушi оларды уәкiлеттi орган белгiлеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесi көлемiнде мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн есепке жазылған өсiмпұлмен бiрге Қорға жұмыскердiң пайдасына аударылуы тиiс. Бұған қарап, еңбеу жағдайлары зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiндердiң мемлекет тарапынан қорғалғандығына және құрметтi демалысқа шыққан соң барабар төлемдерге үмiт арта алатындығына көз жеткiзуге болады.

Қордағы зейнетақы жинақтары ай сайын ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған жағдайда өздерi үшiн МКЗЖ кемiнде күнтiзбелiк 60 ай бойы (5 жыл) төленген әрi 50 жасқа толған азаматтар өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен сақтандыру төлемдерiн өмiр бойы алып тұру үшiн зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы. Бұл жарналардың 2014 жылы енгiзiлгенiн ескерсек, зиянды өндiрiстерде жұмыс iстейтiн әрi 50 жасқа толған азаматтар биылдан, яғни 2019 жылдан бастап зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу құқығына ие болды. Айта кетелiк, 2019 жылдың басынан берi осы санаттағы азаматтар 150-ден астам зейнетақы аннуитетi шартын жасасқан.

Мiндеттi зейнетақы жарналары және (немесе) мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары жеткiлiксiз болған жағдайда, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн салымшы (алушы) ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалануға құқылы.

Осылайша, сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетiн жасасу арқылы сақтандыру ұйымынан ай сайын өмiр бойы сақтандыру төлемдерiн алып тұруға болады. Сақтандыру ұйымына аударуға жеткiлiктi соманы зейнетақы калькуляторы арқылы есептеуге мүмкiндiк бар. Ол Қор сайтындағы «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде қол жетiмдi (https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcInsurance/calc.php).

Айта кетелiк, БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтары алушыларға тек заңнамада көрсетiлген жағдайлар туындаған кезде ғана берiледi. Заң талаптарына сәйкес Қордан төленетiн зейнетақы төлемдерi зейнеткерлiк жасқа толған азаматтарға (ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге биыл 59 жасқа толғанда) және бiрiншi немесе екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жандарға төленедi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, кету дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың да мiндеттi және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқығы бар.

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша Қорда МКЗЖ есепке алу бойынша 487,3 мың шот тiркелген. Оларда барлығы 209,5 млрд астам теңге жинақталған.

Анықтама: 2020 жылдан бастап елiмiзде шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгiзiледi, яғни жұмыс жағдайына қарамастан барлық жұмыс берушiлер жұмыскерлерiнiң пайдасына өз қаражаты есебiнен Қорға айлық табыстың 5 пайызын қосымша аударатын болады.

04.03.2019 ж.

Зейнетақы калькуляторы

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) тұрғындарға көрсетiлетiн қызмет сапасын жақсарту мақсатында инновациялық қызмет iске қосылған. Соның көмегiмен әрбiр салымшы өзiнiң дербес зейнетақы жоспарын Қордың enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде жүзеге асыра алады.

Қор сайтында екi зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Оның бiрi — «Ағымдағы зейнетақы калькуляторы» деп аталады. Ол таяу жылдары зейнеткерлiкке шығуға дайындалып жүрген азаматтарға арналған. Сол арқылы ай сайын берiлетiн зейнетақының болжамды мөлшерiн анықтауға болады. Екiншiсi — «Болжамдық зейнетақы калькуляторы». Сол арқылы зейнетке шығуға дайындалып жүрген азаматтар да, бүгiнгi жас мамандар да болашақта алатын зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептей алады. Сонымен қатар бұл калькуятор зейнетақының қандай төлемдерден құралатындығын, табыстылық пен инфляция өзгерген жағдайда оның болжамды көлемiнiң қандай болатындығын көрсетiп бередi.

Болжамды калькуляторға болашақ зейнетақыны есептеу үшiн: туған күнi, жынысы, еңбек өтiлi, жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi, жинақтардың ағымдағы сомасы және айлық жалақы мөлшерi секiлдi барлық қажеттi деректердi енгiзу қажет. Содан кейiн «Есептеу» түймешiгiн басамыз.

Бiр айта кететiн жәйт, егер болжамды калькуляторды сайттың Жеке кабинетi арқылы ашатын болсаңыз, онда нысандар автоматты түрде толтырылады. Сөйтiп «Есептеу» түймешiгiн басу арқылы анағұрлым дәл көрсеткiштерге қол жеткiзуге болады.

Егер сiз Жеке кабинетте тiркелмеген болсаңыз, болашақ зейнетақыны ағымдағы калькулятор арқылы есептеу барысында оған зейнетақы жинақтарыңыздың ағымдағы сомасын енгiзу қажет. Бұл ақпаратты: БЖЗҚ сайты, Қордың ұялы қосымшасы, электрондық үкiмет порталы және электрондық пошта секiлдi бiрнеше тәсiлмен тегiн алуға болады. Сондай-ақ салымшы Қордың кез келген бөлiмшесiне жүгiне алады. Бұл ретте жеке басты куәландыратын құжат немесе электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) өзектi кiлтi болуы керек.

Болжамды калькулятор болашақ зейнетақыны «Пессимистiк», «Реалистiк» және «Оптимистiк» деп аталатын үш сценарий бойынша есептейдi. Әрбiр сценарийде жинақтардың инфляциямен салыстырғандағы табыстылық деңгейi көрсетiледi.

«БЖЗҚ» АҚ облыстық (қалалық) филиалының директоры түсiндiргенiндей, — «Есептеу барысында калькулятор салымшының тек жеке жинақтарын ғана емес, басқа да деректердi қолданады. Өйткенi зейнетақы калькуляторының мiндетi — болашақ жиынтық зейнетақының мөлшерiн есептеу.

Сонымен жиынтық зейнетақы бiрнеше төлемнен: мемлекеттiк бюджеттен төленетiн ортақ және базалық зейнетақыдан және Қордан берiлетiн зейнетақы төлемiнен құралады. Ортақ зейнетақыны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн кемiнде алты ай еңбек өтiлi бар азаматтар алуға құқылы. Базалық зейнетақының мөлшерi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне тәуелдi. Ал БЖЗҚ-дан берiлетiн төлемдер салымшының зейнетақы жинақтары есебiнен қалыптасады.

Ерiктi зейнетақы жарналарын аударатындардың жиынтық зейнетақысы осы жарналардың есебiнен елеулi түрде ұлғаятындығын айта кеткен жөн.

Зейнетақы калькуляторы жинақтарыңыздың қанша жылға жететiндiгiн, құрметтi демалысқа шығар алдында шамамен қанша мөлшерде жалақы алатыныңызды есептейдi, әрi жалақыны жиынтық зейнетақымен ауыстыру коэффициентiн көрсетедi».

Таяуда enpf.kz сайтының «Зейнетақы калькуляторы» бөлiмiнде «Жинақтарды өмiрдi сақтандыру бойынша компанияға аудару» деп аталатын жаңа қызмет iске қосылды. Сол арқылы өмiрдi сақтандыру бойынша компаниямен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн шоттағы зейнетақы жинақтарының ең төменгi жеткiлiктi сомасын есептеуге болады. Бұл калькулятор ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ескере отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектiгiн есептейдi. Сiз тиiстi бағанда жынысыңызға қатысты мәлiметтi белгiлеген соң, шарт жасасуға қажеттi жас мөлшерi автоматты түрде көрсетiледi. Ол ерлер үшiн — 55 жас, әйелдер үшiн биыл — 51 жас.

Одан әрi кепiлдi мерзiмдi белгiлейсiз. Бұл осы мерзiм iшiнде сақтандыру компаниясынан төлемдердi тұрақты алып тұруға ниет бiлдiргенiңiздi бiлдiредi. Әрi қарай калькулятор ағымдағы жыл бойынша ең төменгi зейнетақы мөлшерiн ескере отырып, зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн зейнетақы жинақтарының сомасы қандай болу керектiгiн есептейдi. Қазiргi уақытта зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн әйелдердiң шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасы кемiнде 13 млн 580 мың теңге, ал ерлерде кемiнде 9 млн 710 мың теңге болуы керек. Бұл әрине, ағымдағы күнтiзбелiк жылға арналған болжамды сома. Ал нақты соманы сақтандыру ұйымынан бiлуге болады.

Айтпақшы, есептеу барысында сайтта сақтандыру ұйымдарының iс жүргiзуге қатысты шығындары есепке алынбайды. Бұл шығындардың көлемi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2015 жылғы 20 қазандағы №194 қаулысына сәйкес сақтандыру сыйақысы мен әрбiр сақтандыру төлемiнiң 0 пайызынан 3 пайызына дейiн құрауы мүмкiн.

Егер барлық есептеулерден кейiн, болашақ зейнетақы мөлшерi күтiлген сомадан аз болып шықса, оны ерiктi зейнетақы жарналарын аудару арқылы ұлғайтуға болады. Қазiр Қорда ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен шамамен 50 мың шот ашылған. Зейнетақыны жоспарлау деген осы. Құрметтi демалыста лайықты өмiр сүргiсi келетiн әрбiр адам, зейнет жасына дейiн қанша ақша жинау керектiгiн осы бастан бiлуi қажет.

Қор өз кезегiнде болашақ зейнетақыны қалыптастыру жолында әрбiр салымшыға дербес кеңесшi болуға тырысады және бұл үшiн барлық мүмкiндiктердi ұсынады.

«Зейнетақы калькуляторы» қызметiмен «БЖЗҚ» АҚ сайтында мына сiлтеме бойынша танысуға болады: https://www.enpf.kz/kz/elektronnye-servisy/calcs.php

2019 жылдың қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-та жеке зейнетақы шоттары автоматты түрде ашылады

2019 жылдың қаңтар айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының базасында автоматты түрде 9 409 жеке зейнетақы шоты ашылды

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, оның iшiнде Қордың веб-сайты арқылы да жүгiнудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның Қорда мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты автоматты түрде ашылады. Ол туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Бұл ретте жеке тұлға жарналарды аудару барысында төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша танылады. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

21.02.2019 ж.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар мен алушыларға ақпарат беру бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлайды

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi кез келген уақытта (электрондық тәсiлмен) тегiн алуға құқылы. Бұл заң жүзiнде бекiтiлген құқық.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы анықтаманы мынадай тәсiлдермен алуға болады:

1)БЖЗҚ-ға тiкелей келiп өтiнiш беру;

2)электрондық тәсiл, оның iшiнде:

– үзiндi көшiрме БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық мекенжайға жiберiледi. Салымшы (алушы) таңдап алынған кестеге сәйкес зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бiр рет немесе жыл сайын алады;

– логин мен пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен, Қор сайтының Жеке кабинетi арқылы;

– электрондық үкiмет порталының Жеке кабинетi немесе бiр реттiк sms-пароль арқылы, мұнда sms-пароль mGov мобильдi азаматтар базасында тiркелген салымшылар мен алушылардың ұялы телефонына жiберiледi;

3)дәстүрлi пошта байланысы арқылы.

Ақпарат алу тәсiлiн таңдау үшiн салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжатпен БЖЗҚ кеңсесiне келедi. Электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, ақпарат алу тәсiлiн Қор сайтының Жеке кабинетiнде таңдауға немесе өзгертуге болады.

Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы анықтаманы электрондық пошта арқылы алу тәсiлiн 800 мыңнан астам салымшы (алушы) таңдаған. 2018 жылы оларға шамамен 5,6 млн хабарлама жiберiлдi.

2019 жылдың 1 қаңтарына қарай 5,2 млн адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы анықтаманы Қордың enpf.kz сайтының Жеке кабинетi арқылы алу мүмкiндiгiне ие.

Бiр жыл iшiнде интернет-хабарландыру тәсiлiн таңдағандар саны 1,2 млн жуық адамға көбейдi. Бұл тәсiл шынында да өте ыңғайлы: зейнетақы шотының жай-күйi туралы анықтаманы кез келген жерде аптасына 7 күн, тәулiгiне 24 сағат бойы жедел түрде алып тұруға болады.

Алғашқы жылдары салымшылар мен алушылардың көпшiлiгi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу барысында шоттан анықтама алу тәсiлi ретiнде пошта байланысын таңдаған болатын. Бұл ретте зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме салымшылар мен алушыларға жылына бiр рет жiберiледi. Ал пошталық мекенжай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорға мiндеттi түрде хабарлау қажет. Егер хабар берiлмесе, БЖЗҚ бұдан кейiн зейнетақы жинақтары туралы анықтаманы жiбермеуге құқылы. Сонымен қатар шоттарында ақша жоқ салымшылар мен алушыларға үзiндi көшiрме жiберiлмейдi.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қор 2019 жылдың 1 қаңтарына қарай зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы 1 миллионға жуық анықтаманы салымшылар мен алушыларға жiберу шарасын жүзеге асыруда. Яғни, БЖЗҚ 2019 жылдың басынан берi 2018 жылдың қорытындысы бойынша салымшыларға (алушыларға) ақпарат беру шарасын жүргiзiп жатыр.

Айта кетелiк, үзiндi көшiрменi Қор кеңсесiне келiп алу тәсiлiн 1,8 млн астам адам таңдаған.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

18.02.2019 ж.

«Е-нотариат» жүйесi мен БЖЗҚ ақпараттық жүйесiнiң өзара ықпалдастығы жүзеге асырылды

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда нотариустарға және шетелдiк консулдық мекемелерге, олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша жеке зейнетақы шотының және онда қаражаттың бар болуы туралы анықтама бередi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) мен Қазақстан Республикасы нотариустарының өзара iс-қимылын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Республикалық нотариаттық палата, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлiк қоғамы («ҰАТ» АҚ) және БЖЗҚ арасында «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесi мен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақпараттық жүйесiнiң өзара iс-қимылы туралы Шарт жасалды. Бұл шара «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген болатын.

Ендi аталған Шарт аясында нотариустар өздерiнiң өндiрiсiндегi мұрагерлiк iстер бойынша (мұрагерлер өтiнiш берген жағдайда) қайтыс болған салымшылардың (алушылардың) Қорда жеке зейнетақы шотының және онда ақшаның болуы туралы БЖЗҚ-ға «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесi арқылы онлайн тәртiбiнде (БЖЗҚ-ға хат жүзiнде сауалдар жолдамастан) сауалдар жолдай алады.

Қор өз кезегiнде салымшылар мен алушылар Қазақстан Республикасының нотариустары куәландырған немесе растаған құжаттарды ұсынған жағдайда «Е-нотариат» Бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесiне сауал жолдап, салымшылар мен алушылардың Қорға ұсынған құжаттарына қатысты жасалған нотариалдық әрекеттер бойынша ресми растау құжатын алады.

Бұл қызмет нотариустарға жүгiнген мұрагерлердiң уақытын үнемдейдi және қағаздық құжатайналымын жояды.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру қызметi көрсетiлетiн 60 мемлекеттiк қызметтiң iшiнде үздiктердiң бiрi болып танылды

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң тапсырысы бойынша «САНДЖ» зерттеу компаниясының мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасына жүргiзген қоғамдық мониторинг нәтижесiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi үздiк бестiктiң қатарына ендi.

Мемлекеттiк қызметтердiң көрсетiлу сапасына қатысты қоғамдық мониторинг 2018 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында өткiзiлдi. Зерттеу барысында Қазақстанның барлық өңiрлерiнде 10 000 қызмет алушы арасында сауалнамалық сұрау жүргiзiлдi. Бұл ретте көрсетiлетiн 60 мемлекеттiк қызмет негiзге алынды.

Мониторинг аясында қызмет алушылар арасында сауалнамалық сұрау жүргiзiлiп, қызмет көрсетушi мен қызмет алушылардан тиянақты сұхбаттар алынды. Сонымен қатар «Құпия сатып алушы» әдiсi бойынша бақылау жүргiзiлiп, бiрқатар фокус-топтық талқылаулар ұйымдастырылды.

Зерттеу жүргiзудегi мақсат — қызмет алушылардың көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына қанағаттанушылық деңгейiн бағалау. Бұл ретте ақпараттың қолжетiмдiлiгi, қызмет көрсету мерзiмiнiң сақталуы, қызмет көрсету деңгейi (сыпайылық, бiлiктiлiк, қызметкерлердiң шапшаңдығы), құжаттардың дұрыс рәсiмделуi, шарттардың ыңғайлылығы ескерiлдi.

Зерттеу қорытындысы бойынша БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат беру қызметiне баға беру барысы ақпараттың сапасы мен қолжетiмдiлiгi, жеделдiгi мен құзыреттiлiгi бойынша жоғары нәтижелер көрсеттi: сауалнамаға жауап берушiлердiң 80,4 пайызы қызметтер бойынша ақпараттың ашықтығына және қолжетiмдiлiгiне риза. Бұл ретте жауап берушiлердiң 82,9 пайызының пiкiрiнше ақпараттар ашық және шынайы. Жауап берушiлердiң 88,3 пайызының қызметтердiң көрсетiлу мерзiмiне және 92,1 пайызының құжаттардың жиналу және әзiрлеу мерзiмiне көңiлдерi толады.

Сауалнамаға қатысушылардың 79,8 пайызы қызмет көрсетушiнiң мамандарының бiлiктiлiгiн жоғары бағаласа, 80,7 пайызы үшiн қызметкерлердiң сыпайылығы, әдептiлiгi қанағаттанарлық деңгейде болды. Сонымен қатар қызметкерлерiнiң шапшаңдығын сауалнамаға жауап берушiлердiң 81,3 пайызы атап өтсе, 80,4 пайызы қызмет көрсетушiге сенедi.

Көрсетiлетiн қызметтердi барынша әдiл бағалау үшiн «Құпия сатып алушы» әдiсi де қолданылды. Ол БЖЗҚ филиалында және Астана қаласында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiнде жүзеге асырылды. Құпия сатып алушы көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын үш өлшем бойынша бағалауы тиiс болды. Олар: 1) ақпаратты сайттан iздеу, 2) ақпаратты стендтен iздеу, 3) байланыс орталығына қоңырау шалу.

Құпия сатып алушы БЖЗҚ-ның https://www.enpf.kz сайтын жоғары бағалады. Ол сайттың интерфейсiн, онда байланыс орталығының телефон нөмiрi бар екендiгiн, бiр бөлiмнен екiншi бөлiмге тез ауысуға болатындығын және ақпараттардың орыс және қазақ тiлдерiнде қолжетiмдi екендiгiн атап өттi. Қордың байланыс орталығы жұмысының сапасына да жоғары балл берiлдi. Өйткенi, Қор маманы байланысқа тез шығып, қойылған сұрақтардың барлығына нақты және толыққанды жауап берген.

БЖЗҚ-ның Астана қаласындағы филиалына барған кезде де қызмет көрсетушi қызметкерлердiң жұмысына Құпия сатып алушының көңiлi толды.

«Операция бөлiмiнiң қызметкерi менiң барлық сұрақтарыма жауап бердi және тiптi зейнетақы жарналарының түсуiне қатысты ақпаратты поштама жiберудi ұсынды. Ол сонымен қатар БЖЗҚ ұялы қосымшасының бар екендiгiн айтып, тiркелуге көмектестi. БЖЗҚ ұялы қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет өте ыңғайлы. Зейнетақы жарналарының түсуiн үнемi қадағалап отыруға мүмкiндiк бар».

Бұл зерттеудiң негiзгi нәтижелерi тұрғындардың «БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсету сапасына көңiлдерi толатындығын көрсеттi. Ал бұл Қорды қызмет көрсету сапасын одан әрi жетiлдiруге ынталандыра түседi.

Мониторинг нәтижесi бойынша толық есептi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сайтынан мына сiлтеме бойынша: https://nationalbank.kz/?docid=3525&switch=kazakh көре аласыз.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

11.02.2019 ж.

Зейнетақы жинақтарының жай-күйiн egov порталында sms-хабарламаның көмегiмен бiлуге болады

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң 2018 жылғы 11 қарашадағы №288 Қаулысының күшiне енетiндiгiн хабарлайды. Соған сәйкес «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табысты ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызметi электрондық үкiмет порталында ендi электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiнсiз де қолжетiмдi болады.

Бүгiнде зейнетақы жинақтарының жай-күйiн мынадай тәсiлдермен бiлуге болатындығын еске саламыз. Олар:

1) БЖЗҚ кеңсесiне тiкелей келiп өтiнiш жасау;

2) дәстүрлi пошта байланысы;

3) электрондық тәсiл, оның iшiнде:

– БЖЗҚ-ға ұсынылған жеке электрондық мекенжай;

– логин және пароль (құпия сөз) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ порталындағы жеке к абинет;

– электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинет арқылы.

Айта кетелiк, соңғы хабарлау тәсiлiн қолдану үшiн тек электрондық цифрлық қолтаңба қажет болатын. Ендi 2019 жылдың 25 қаңтарынан бастап кез келген салымшы (алушы) бiр реттiк sms-парольдi қолдана отырып, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрме ала алады. Бұл үшiн салымшы (алушы) электрондық үкiмет порталының жеке кабинетiнде тiркелiп, үзiндi көшiрме алуға сауал жолдайды. Содан кейiн mGov мобильдiк азаматтар базасында тiркелген салымшының (алушының) ұялы телефонына бiр реттiк sms-пароль жiберiледi.

Атап өту керек, жеке зейнетақы шотынан үзiндi көшiрменi электрондық тәсiлмен алған өте ыңғайлы. Бұл зейнетақы жинақтары туралы маңызды ақпараттарды 24/7 режимiнде алуға мүмкiндiк бередi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

22.01.2019 ж.

«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары

Бiз «БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдарында тұрақты оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап берудi жалғастырамыз.

Азаматтарды ҚР Заңдарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгiзiлген өзгерiстер қызықтырады. Олардың кейбiрi зейнетақы аударымдарына қатысты. Мiне бүгiн солар туралы әңгiмелейтiн боламыз.

Фрилансерлер деген кiмдер?

Жауап: Фрилансерлер — азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқаратын және (немесе) қызметтер көрсететiн жеке тұлғалар. Олар жұмыс орны мен жұмыс iстеу уақытын көп жағдайда өздерi белгiлейдi және тапсырыс берушiмен көп жағдайда қашықтықтан байланыс жасайды. Интернет желiсi дамығаннан берi фриланстық жұмыстар әсiресе журналистика, заң, компьютерлiк бағдарлама, дизайн, аударма салаларында кеңiнен дамыған.

1. Белгiлi бiр мекемеде еңбек келiсiм-шарты бойынша жұмыс iстейтiн, бiрақ салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғамен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша қосымша табыс алатын жұмысшылар мiндеттi зейнетақы жарналарын қалай төлейдi?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi — Заң) сәйкес агенттер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) ай сайынғы табыстың 10 пайызы мөлшерiнде төлейдi. Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ай сайынғы табыс тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнен аспауы тиiс.

Заңның 24-бабы, 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн жеке тұлғалар азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша алған табыстан Қорға МЗЖ төлеуден босатылады.

Бұдан басқа, Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көзделгенiндей, салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалған, нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын Қазақстан Республикасының азаматтары өздерiнiң ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына МЗЖ аудару құқығына ие. Бұл үшiн олар жарналарды екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Әрi қарай Мемлекеттiк корпорация жарналарды Қорға аударады. Бұл ретте МЗЖ мөлшерi алған табыстың 10 пайызын құрайды, бiрақ республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына бекiтiлген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем болмауы тиiс.

Мiндеттi зейнетақы жарналарын осылайша Қорға өз еркiмен аудару жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруға оң әсер етедi.

Атап өту керек, егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар болса, олар жеке тұлғаларға, оның iшiнде фрилансерлерге азаматтық-құқықтық шарттар бойынша төлеген табыстан МЗЖ төлейтiн агентке айналады. Бұл ретте МЗЖ алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

2. Қазiргi кезде елiмiзде еңбек келiсiм-шарты бойынша қос қызметтi қатар атқаратын азаматтар зейнетақы жарнасын қалай төлейдi? Яғни, еңбек келiсiм-шартын жасасқан екi мекеме де зейнетақы жарнасын аударып отырады ма?

Жауап: «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi зейнетақы жарналарын осы заңда айқындалатын мөлшерлемелер бойынша салық агентi болып табылатын жұмыс берушiлер аударады. Сәйкесiнше жұмыскермен еңбек шартын жасасқан екi мекеме де БЖЗҚ-ға жұмыскердiң пайдасына МЗЖ аударуға мiндеттi.

3. Үйiнде отырып-ақ табыс табатын, ЖШС немесе жеке кәсiпкер ретiнде тiркелмеген тәуелсiз жұмысшылар салықты қалай төлейдi? Жалпы оларды қалай анықтайсыздар?

Жауап: Салық мәселесi бойынша ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк кiрiстер комитетiне жүгiнуiңiздi сұраймыз.

4. Фрилансерлер мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру аударымдарын жасауға мiндеттелген бе?

Жауап: Бұл сұрақ бойынша Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорына жүгiнуiңiздi сұраймыз. Бұл ретте бiздiң айтарымыз, жеке тұлғалардың барлығы бiрдей бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) тәртiбiн қолдана алмайды.

Атап өту керек, БЖТ 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне ендi және ол бiрнеше төлемнен құралады. Олар: жеке табыс салығы, мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударым, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн МЗЖ және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударым.

Кәсiпкерлiк қызметтi жеке кәсiпкер ретiнде тiркелместен жүзеге асыратын, сондай-ақ бiр мезгiлде мынадай шарттарға сай келетiн: БЖТ төлеген; жалдамалы жұмыскерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын; қызметтердi салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана көрсететiн және акцизделетiн өнiмдердi қоспағанда, өзiнiң жеке қосалқы шаруашылығында өсiрген ауыл шаруашылығы өнiмдерiн салық агенттерi болып табылмайтын жеке тұлғаларға ғана өткiзетiн жеке тұлғалар БЖТ төлеушiлер деп танылады.

Ал нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтердi көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кiрiстер алатын жеке тұлғалар, олардың iшiнде фрилансерлер БЖТ төлеушiлер болып табылмайды.

5. Жаңа заң қашаннан бастап күшiне енедi?

Жауап: «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы негiзiнде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Заңға енгiзiлген бұл өзгерiстер БЖТ енгiзуге (ол 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлдi), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар атқарып, қызметтер көрсететiн жеке тұлғалар үшiн МЗЖ төлеу рәсiмiн оңайлатуға және МЗЖ есепке алу үшiн БЖЗҚ-да жеке зейнетақы шотының өтiнiш берушiлiк сипатта ашылуын жоюға бағытталған (ол 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiлдi).

Ендi жеке тұлғаның МЗЖ есепке алу бойынша БЖЗҚ-да ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады.

09.01.2019 ж.

БЖЗҚ-да зейнетақы шотын ашу рәсiмi оңайлатылды

2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап БЖЗҚ-да мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшiн жеке тұлғаға ЖЗШ ашу жөнiндегi өтiнiштi рәсiмдеу үшiн БЖЗҚ-ға, оның iшiнде Қордың веб-сайты арқылы жүгiнудiң қажетi жоқ. Ендi жеке тұлғаның БЖЗҚ-да МЗЖ есепке алу бойынша ашылған зейнетақы шоты жоқ болса, алғашқы жарна келiп түскен кезде зейнетақы шоты Қордың ақпараттық жүйесiнде автоматты түрде ашылады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасына (ҚР 26.12.2018ж. №203-VI Заңы) тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

Бұл ретте жеке тұлға МЗЖ аудару кезiнде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетiлген дербес деректер (тегi, аты, әкесiнiң аты, жеке сәйкестендiру нөмiрi, туған күнi) бойынша сәйкестендiрiледi. Ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелерi бойынша қажеттi мәлiметтердi Қор мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен алатын болады.

Еске саламыз, бұған дейiн жеке тұлға МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу үшiн шот ашу жөнiнде тиiстi өтiнiштi рәсiмдеуге мiндеттi болатын.

Ескере кететiн жәйт, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мен ерiктi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша ЖЗШ ашу тәртiбi бұрынғыша өзгерiссiз қалады.

Айта кетелiк, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болған жағдайда, ерiктi зейнетақы жарналарын (өз пайдасына) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын БЖЗҚ сайтында онлайн тәртiбiнде ашуға болады. Бұл салымшылар мен алушылар үшiн өте ыңғайлы.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

09.01.2019 ж.

Фрилансерлер үшiн жарналарды төлеу рәсiмi оңайлатылды

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi. Ол азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарттар бойынша жұмыстар орындайтын және қызметтер көрсететiн жеке тұлғалар үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын (МЗЖ) төлеу рәсiмiн оңайлатуға бағытталған.

Еске сала кетелiк, азаматтардың бұл санаты 2018 жылдың шiлде айынан бастап МЗЖ төлеуге мiндеттелген болатын.

Ал жаңадан енгiзiлген өзгерiстер 2019 жылдың қаңтар айынан бастап күшiне енедi.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар болатын болса, олар жеке тұлғалар үшiн, олардың iшiнде фрилансерлерге берiлетiн табыстан МЗЖ төлейтiн агентке айналады. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары алатын табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Ал егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалатын болса, онда фрилансерлер МЗЖ төлеуге құқылы болады. Яғни, мiндеттi емес. Бұл жағдайда жеке тұлға мiндеттi зейнетақы жарналарын өзiнiң ұйғаруымен Қордағы жеке зейнетақы шотына аудара алады. Бұл үшiн ол жарналарды екiншi деңгейдегi банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына төлейдi. Әрi қарай Мемлекеттiк корпорация жарналарды Қорға аударады. Атап өту керек, егер фрилансер өзiнiң осы құқығын пайдаланатын болса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететiн болады.

Бұдан басқа, еңбек шарты бойынша жалдамалы жұмыскер ретiнде еңбек ететiн әрi жеке тұлғалармен жасалған азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыстар орындайтын немесе қызмет көрсететiн азаматтар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша алынатын табыстан МЗЖ төлеуден босатылады.

Бұл ретте МЗЖ есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс. Яғни, 2019 жылы жиынтық жылдық табыс 25 500 000 теңгеден асатын болса, бұл сомадан артық алынатын табыс МЗЖ төлеуден босатылады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

12.12.2018 ж.

Петропавлда қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қорытындылары мен даму келешегi талқыланды

2018 ж 12 желтоқсан Петропавл каласында «Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесiнiң негiздерi» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Форум-кеңес түрiндегi отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлерi және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының өкiлдерi, сондай-ақ кәсiподақтар, кәсiпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелерi мен аталмыш жүйенiң бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкiлдерi, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiн енгiзу себептерiн, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемiшiн тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қазiргi жағдайы мен даму келешегiн талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсiресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетiн қалыптастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелерi, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерiктi зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пiкiр алмасты.

Отырысты Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы директоры Муканов Рамазан ашты. Ол ниет бiлдiрiп, бүгiнгi жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын бiлдiрiп, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметiне қатысты мәселелердi талқылауда жемiстi еңбек тiледi. Өз сөзiнде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өттi.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның ТМД елдерi арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргiзiп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгiнде жүйе орнықты және өзiнiң дағдарысқа төзiмдiлiгiн дәлелдедi және даму әлеуетi жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегi экономикалық ахуалға тәуелдi екендiгiн атап өттi. Өйткенi экономиканың нақты салаларының өсуi еңбек өнiмдiлiгi мен халық табысының артуына септiгiн тигiзедi. Инфляцияның төмендеуi, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етедi. Экономикалық тұрғыда белсендi халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұруға мүмкiндiк бередi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

06.11.2018 ж.

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары туралы

Бүгiнде Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) барлық 18 филиалында өзiне-өзi қызмет көрсету терминалдары жұмыс iстеп тұр. Олар салымшылар мен алушыларға оператордың қатысуынсыз, өз бетiмен зейнетақы қызметтерiн пайдалануға мүмкiндiк бередi.

Өзiне-өзi қызмет көрсету терминалының корпусы тұтас темiрден жасалған. Алдыңғы жағының жоғарғы бөлiгiнде сенсорлық экраны бар. Корпустың iшiне жаңа үлгiдегi жүйелiк блок орналастырылған. Ол терминалдың барынша жылдам жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi.

Терминалдарда ай сайын орта есеппен шамамен 1 550 операция жүзеге асырылады. Олардың iшiнде ең сұранысқа ие қызметтер: шарт жасасу (операциялардың 48,62%) және деректемелерге өзгерiс енгiзу (43,03%).

Қазiргi кезде өзiне-өзi қызмет көрсету терминалы арқылы: зейнетақы шоттарының бар-жоғы туралы анықтама алу, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) үзiндi-көшiрме алу, берiлген өтiнiштердiң орындалу мәртебесiн қадағалау және шарттардың көшiрме нұсқасын алу секiлдi қызметтердi салымшылар мен алушылар ЖСН мен құпия сөз (пароль) және жеке куәлiктегi электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегiмен ала алады. Ал мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша шарт жасасу жөнiнде өтiнiш беру және жеке деректемелердi өзгерту үшiн салымшыны танып бiлу әдiсi ретiнде тек жеке куәлiктегi ЭЦҚ қажет.

БЖЗҚ» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтiк даму стратегиясы аясында көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және тiкелей, қашықтықтан және өзiне-өзi қызмет көрсету жүйесiн дамыту арқылы Қор салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыда жәрдемдеседi.

Өткен жылы Қор сайтында зейнетақы қызметтерiнiң барлық негiзгi түрлерi электрондық форматта қолжетiмдi болды. Олар, атап айтар болсақ: МЗЖ есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, ерiктi зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ ашу, салымшының (алушының) жеке деректемелерiне өзгерiстер енгiзу, сонымен қатар I және II топтардағы мүгедектiк мерзiмсiз болып белгiленуiне байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға өтiнiш беру. 2018 жылдың 9 айы iшiнде Қор кеңселерiнде және электрондық форматта шамамен 15,7 млн операция орындалған. Олардың iшiнде 11,5 млн операция электрондық түрде жүзеге асырылды. Ал бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 2,4 млн операцияға көп, яғни өсiм — 25 пайызды құрады.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру, оларды барынша жетiлдiру жұмыстарын тұрақты түрде жүргiзiп келедi. Осылайша, салымшылар мен алушыларға ыңғайлы, заманауи қызметтер көрсетiлiп жатыр. Таяу уақытта VTM-терминалдарды iске қосу жоспарлануда. Олар салымшыларға Қор операторымен бейне-байланыс арқылы ақыл-кеңес алуға мүмкiндiк бередi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

11.10.2018 ж.

Композиттiк қызметтi енгiзу туралы

«Бiр терезе» қағидатын қолдана отырып, жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау жөнiндегi бiрыңғай өтiнiмдi ұсыну бойынша жаңа композиттiк қызметтi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2018 жылғы 9 қазандағы № 624-шi қаулысы (бұдан әрi — Қаулы) негiзiнде «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларын және зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазандағы № 1042-шi қаулысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлдi.

Ендi, зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар, «Бiр терезе» қағидаты бойынша жасына байланысты зейнетақы төлемдерi мен мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерiн және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрi — БЖЗҚ, Қор) мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн бiрыңғай өтiнiм мен құжаттар топтамасын тек бiр жерге — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚО) тапсырулары қажет. Зейнетақы төлемдерiн рәсiмдеу жөнiндегi өтiнiш негiзiнде алушыға (үнсiз келiсiм бойынша) мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын (инфляция деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жинақтарының сомасы және нақты енгiзiлген МЗЖ мен МКЗЖ сомасы арасындағы айырма) төлеуге қатысты алдын алу қызметi көрсетiледi. Яғни, бұл үшiн бөлек өтiнiш берудiң қажетi жоқ.

Бұл ретте Қордан алғашқы төлемдер зейнет жасына толған алушының банк шотына оның өтiнiшi Мемлекеттiк корпорацияға тiркелген күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде немесе Қордан зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады. Әрi қарай Қор төлемдерi мен бюджет есебiнен берiлетiн зейнетақы төлемдерi Мемлекеттiк корпорация бекiткен кесте бойынша ай сайын алушының өтiнiшiнде көрсетiлген банк шотына бiр мезгiлде аударылып отырады.

Бұл өзгерiстер зейнеткерлiк жасқа толуға байланысты зейнетақы төлемдерiн алушылардың мүдделерi үшiн енгiзiлiп отыр.

Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтерi мен мiндеттерi, оның iшiнде шетелге тұрақты тұруға кету, мүгедектiк, жерлеу және мұрагерлiкке байланысты төлемдер мен ерiктi зейнетақы жарналары бойынша төлемдердi жүзеге асыру, сондай-ақ МЗЖ мен МКЗЖ есебiнен қалыптасқан ай сайынғы зейнетақы төлемдерiн есепке алу, есептеу мәселелерi және стратегиялық мiндеттер сол өзгерiссiз күйiнде қалады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

08.10.2018 ж.

БЖЗҚ қауесеттердi жоққа шығарады

Зейнетақы Қорының инфляцияға байланысты салымшылар мен алушыларға 150 000 теңгеден төлеп жатқандығы туралы WhatsApp арқылы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды.

Еске саламыз, Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ететiн бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. «Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған кезде мемлекет алушының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляция деңгейiн ескере отырып, оның атына Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Айырма сомасы (мемлекеттiк кепiлдiк) — мемлекеттiк бюджет есебiнен берiлетiн бiржолғы өтемақы. Салымшылар мемлекеттiк кепiлдiк бойынша төлем алу құқығына зейнеткерлiк жасқа толған кезде ие болады. Бұдан басқа, мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген жағдайда I және II топтардағы мүгедектiгi бар жандар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен айырма сомасын алуға құқылы. Сонымен қатар мемлекет кепiлдiгi бойынша төлем алуға құқылы азамат қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлерi де айырма сомасын ала алады.

Мемлекет кепiлдiгi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жергiлiктi «Әлеуметтiк төлемдердiң ведомствоаралық есептеу орталығына» жүгiну керек. Мұнда арнайы әдiстеме бойынша салымшының зейнетақы жинақтарының сомасы оның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысқан бүкiл кезеңiндегi инфляцияны ескере отырып есептеледi және енгiзiлген жарналардың сомасымен салыстырылады. Егер жинақтарының табыстылығы инфляциядан төмен болса, айырма сомасы бiржолғы өтемақы ретiнде алушының банк шотына аударылады.

Қор барлық салымшылар мен алушыларды әлеуметтiк желiлер арқылы таратылатын әр түрлi хабарламаларға сын көзбен қарап, тек ресми ақпарат көзiнен алынған ақпараттарға ғана сену керектiгiн ескертедi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

20.09.2018 ж.

Баспасөз баяны
ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары

2018 жылдың 20 қыркүйегiнде «Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалында «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есiк күнi өттi. Ашық есiк күнi аясында Казкенова С.С. Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директорының мiндетiн атқарушы жиналғандарға зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi мен даму бағыттары, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы әңгiмелеп бердi.

Оның айтуынша, 1990-жылдары елiмiз тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуiнен кеңестiк дәуiрден мұраға қалған зейнетақы жүйесi жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесiн жаңа әлеуметтiк-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттiгi туындады. Реформаның басты мақсаты — азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершiлiгiне негiзделген әлеуметтiк әдiлдiк қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматТЫ зейнетақы жүйесiне қосқан үлесiне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.

Естерiңiзге сала кетейiк, 1997 жылы маусым айында ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне ендi. Сол жылы Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, елiмiздiң зейнетақы жүйесiн қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады.

Азаматтардың жинақтарын тиiмдi, қауiпсiз басқару мақсатында 2013 жылы МЖЗҚ-ның негiзiнде Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесi ортақ, базалық және жинақтаушы бөлiктерден тұрады. Бiрлескен зейнетақы бұрынғыша екi көзден қаржыландырылып, мемлекеттiк бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленедi, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.

Жүйенi одан әрi жетiлдiру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргiзiлуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап жасы келуiне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемi барлығына бiрдей емес: ол еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзiмiне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға ынталандыру үшiн енгiзiлген бұл өзгерiс базалық зейнетақыны екi есе өсiруге мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiнiң барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бiрыңғай әкiмгерi және операторы. Қорда барлық келiсiм түрлерi бойынша 10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегiне). Олардың 9,75 млн-ы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы — мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы — ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы — 8,8 трлн.

Естерiңiзге сала кетейiк, зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық табыстың сұралған кезең аралығындағы көрсеткiшi ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрмеде көрсетiледi.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерiн толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есiк күндерi 2017 жылдың басынан берi өткiзiлiп келедi. Осы уақыттан берi шараға 24 мыңға тарта қазақстандық қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалы

20.09.2018 ж.

Оқушылар арасындағы эссе байқауы

«БЖЗҚ» АҚ «Менiң атам/менiң әжем — белсендi зейнеткер» тақырыбында 12 жастан 18 жасқа дейiнгi оқушылар арасында үздiк эссеге байқау өткiзетiндiгiн жариялайды.

Байқауға ұсынылатын материалдар қазақ және орыс тiлдерiнде қабылданады.

Жұмыстарды 2018 жылдың 3 қазанынан 4 қарашасына дейiн (осы күндi қоса алғанда):

немесе

  • Қордың заңды орналасқан жерi — Алматы қ., Әуезов көшесi, 82 мекенжайына жiберу қажет.

Қатысушы байқауға қатысу жөнiндегi өтiнiмдi толтырып жiбередi. Арнайы бекiтiлген өтiнiм нысаны мына сiлтемеде көрсетiлген: www.enpf.kz. Сонымен қатар байқауға жiберiлген жұмыс қолмен салынған суреттер, фотосуреттер және т. б. қосымшалармен толықтырылуы мүмкiн.

Байқау қорытындысы БЖЗҚ сайты мен корпоративтiк журналында жарияланады.

Қазылар алқасы қазақ және орыс тiлдерiнде 12-14 жас және 15-18 жас аралықтарында әр топтан үш жеңiмпазды анықтайды.

Қазақ тiлiнде жеңiмпаз атанғандардың эсселерi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған «Ұлан» республикалық газетiнде, ал орыс тiлiндегi жеңiмпаздардың эсселерi «Дружные ребята» республикалық газетiнде жарияланады.

Одан басқа, әрбiр жас мөлшерi мен тiл санаты тобындағы жеңiмпаздар кiтап дүкендерiне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:

1 орын үшiн — 20 000 теңге:

2 орын үшiн — 15 000 теңге:

3 орын үшiн — 10 000 теңге.

Атап өту керек, байқау комиссиясының құрамында БЖЗҚ қызметкерлерiнен басқа «Ұлан» газетiнiң бас редакторы Жұлдыз Әбдiлдә, «Дружные ребята» газетiнiң бас редакторы Әлiмжан Акбаров, «Жыл он екi ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.

13.09.2018 ж.

Дария баққа жинаңыз

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесiне — 20 жыл. Осы кезең аралығында елiмiз маңызды әлеуметтiк-демографиялық, экономикалық өзгерiстердi бастан кешiрiп, талай жаңа белестердi бағындырды. Қазақстанның зейнетақы жүйесi де жаңа сапалық деңгейге көтерiлiп, уақыт талабына сай жаңарды. Елiмiздiң зейнетақы жүйесiнiң өткенi, бүгiнi мен болашағына бағдар жасау үшiн бiз Солтүстiк Қазақстан облыстық филиалының директоры Муканов Рамазан Жарлагасовичтi әңгiмеге тарттық.

Кеңестiк дәуiрден қалған зейнетақы жүйесiн жаңарту қажеттiгi тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары туындады. Кеңес Одағы құлағаннан кейiн ортақ зейнетақы жүйесi жаңа заман талабына сай келмейтiнi түсiнiктi болды. Сондықтан Қазақстан өзiне қолайлы жүйе қалыптастыру үшiн әлемдiк тәжiрибенi зерттей бастады. Ең оңтайлы жүйе ретiнде 80-жылдары әлем бойынша үздiк деп танылған Чилидiң үлгiсi таңдалып алынды. Әлемдiк банктiң кеңесiмен осы үлгi бойынша Латын Америкасы, Шығыс Еуропа, ТМД-ның бiрқатар елдерiнiң зейнетақы жүйесi реформаланды. Қазақстан осы жүйенiң басты қағидатын негiзге алды. Бұл жүйе бойынша салымшылар табысының белгiлi бiр пайызын жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған жеке зейнетақы шоттарына жинауға мiндеттелiп, бұл жарна инвестициялық табыспен капитализацияланады. Қызу пiкiрталастардан кейiн 1997 жылдың 20 маусымында «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданды.

Осылайша Қазақстан посткеңестiк кеңiстiкте алғашқы болып жинақтаушы жүйеге негiзделген аралас зейнетақы жүйесiне көштi. 1997 жылдың қыркүйегiнде ҚР Үкiметiнiң Қаулысымен Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (МЖЗҚ). 1998 жылдың басынан бастап қазақстандықтар табысының 10 пайызын мiндеттi зейнетақы жарнасы ретiнде жеке зейнетақы шоттарына аудара бастады. Осы жылдан бастап жеке зейнетақы қорлары да ашыла бастады. Әрбiр азаматқа өзiне қолайлы зейнетақы қорын таңдау құқы берiлдi. Егер ол өз таңдауын жасай алмаса, жарнасы автоматты түрде мемлекеттiк қорға аударылды.

2013 жылы МЗЖҚ-ның базасында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) құрылды. БЖЗҚ-ға жеке қорлардың активтерi берiлгеннен кейiн әкiмшiлiк және операциялық шығындар азайып, жеке қорлардың комиссияларымен салыстырғанда БЖЗҚ-ның комиссиялық сыйақылары азайды. Ең бастысы — мүдделес компаниялармен шығынды келiсiм-шарттар жасалуына тосқауыл қойылды. Салымшылардың бiр қордан екiншi қорға бей-берекет ауысуы да тоқтады. Мұның бәрi жүйенiң тиiмдiлiгiне игi әсер еткенi күмәнсiз. Дегенмен, БЖЗҚ құрылғаннан кейiн де Қазақстанда ортақ бөлiктен, мiндеттi жинақтаушы бөлiктен және ерiктi жинақтаулардан тұратын көп деңгейлi зейнетақы жүйесi сақталып қалды. Жиынтық зейнетақы да екi төлем көзiнен тұрады: мемлекеттiк бюджеттен төленетiн базалық және ортақ зейнетақы және БЖЗҚ-дағы жинақтардан құралатын зейнетақы.

Уақыт талабына сай болу үшiн зейнетақы жүйесi әрдайым жаңарып отырады. Қазақстанның зейнетақы жүйесiнде алдағы онжылдықтарда қалыптасуы ықтимал түрлi сценарийлердi болжау үшiн БЖЗҚ-да актуарлық зерттеулер жүргiзiледi. Қор мамандары зейнетақы жинақтау жүйесiнiң қандай да бiр бөлiгi жақсы дамыған елдердiң тәжiрибесiн зерттеумен де айналысады. Мысалы, шартты-жинақтаушы компонент Швецияда жақсы дамыған. Сонымен бiрге, ерiктi зейнетақы бөлiгiн дамытуға Германия мен Малайзияда үлкен мән берiледi. Сингапур жинақтарды баламалы мақсаттарға пайдалану тәжiрибесiмен, ал Гонконгтың тәжiрибесi зейнетақы активтерiн басқарудың инвестициялық стратегиясымен тартымды.

Алайда енгiзiлгелi отырған өзгерiстермен бiрге Қазақстан зейнетақымен қамсыздандырудың диверсификациялық қағидатын сақтап қалады. Себебi бұл компоненттiң артықшылығын екiншi компоненттiң кемшiлiктерiнiң орнын толтыру үшiн пайдалануға болады. 2040-жылдары 1998 жылға дейiн еңбек өтiлi жоқ азаматтар зейнетке шыға бастағанша ортақ компонент бiртiндеп шартты-жинақтаушы компонентке ауыса бастайды.

Сонымен қатар Ұлттық банкте зейнетақы активтерiн басқару бойынша бiрқатар мiндеттердi бәсекелестiк ортаға — қазақстандық және шетелдiк компанияларға беруге байланысты ұсыныстар дайындалды. Салымшыларға инвестициялық стратегия мен жеке басқарушы компанияны таңдау құқы берiледi деп жоспарлануда. Бiрақ БЖЗҚ ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бiрыңғай операторы және әкiмгерi болып қала бередi.

Құрылымдық өзгерiстермен қатар сапалық өзгерiстер де болады. Ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына орай, БЖЗҚ интернеттiң мүмкiндiктерiн пайдалана отырып, қор қызметтерiн барынша қолжетiмдi ету бағытында үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Қазiрдiң өзiнде Қордың барлық қызметтерi дерлiк электрондық нұсқада қолжетiмдi. Осының арқасында бiздiң салымшылармен ара-қатынасымыз түбегейлi өзгерiп, оларға барынша жедел қызмет көрсетуге мүмкiндiк алдық.

09.08.2018 ж.

Үздiк журналистiк материалға байқау

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы және даму келешегi» тақырыбы бойынша үздiк журналистiк материалға байқау өткiзетiндiгiн жариялайды.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тiлдерiндегi материалдар қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар әр түрлi жанрда болуы мүмкiн: мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама және т. б.

Жұмыстарды 2018 жылдың 31 тамызына дейiн (қоса алғанда):

  • press@enpf.kz электрондық поштасына — материалдың сканерден өткiзiлген көшiрмесiн немесе сiлтемесiн (мысалы материал файл алмасу хостингiне орналастырылуы мүмкiн) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлiк анықтамамен бiрге;
  • Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесi, 82) — материалдың түпнұсқасын немесе көшiрмесiн (оның iшiнде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкiн) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлiк анықтамамен бiрге жiберу қажет.

Бұдан басқа, қатысушы бекiтiлген нысанға сәйкес (өтiнiм нысаны ұсынылған) толтырылған өтiнiмдi қосу тiркеуi тиiс.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегiне дейiн шығарылып, Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады.

Қазылар алқасы «Үздiк журналистiк материал» санаты бойынша мемлекеттiк тiлде үш жеңiмпазды және орыс тiлiнде үш жеңiмпазды анықтайды. Әрбiр аталымда жеңiмпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:

  • бiрiншi орын үшiн — ноутбук;
  • екiншi орын үшiн — планшет;
  • үшiншi орын үшiн — диктофон.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Өтiнiм
«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы және даму келешегi» тақырыбы бойынша үздiк журналистiк материалға өткiзiлетiн байқауға қатысуға арналған.

  1. Қатысушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ТАӘ);
  2. Туған жылы, айы, күнi;
  3. Жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;
  4. Байланыс деректерi (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмiрi, электрондық пошта мекенжайы);
  5. Жанр және материалдың тiлi;
  6. Материал жазылған тасымалдауыш (диск, флеш-жинақтауыш).

18.07.2018 ж.

Салымшылармен өзара әрекеттесудiң жаңа арнасы

«БЖЗҚ» АҚ Whatsapp қызметiнiң — тұтынушылармен, оның iшiнде шетелде жүргендермен 8-777-000-1418 нөмiрi бойынша қашықтықтан өзара әрекеттесудiң жаңа арнасын енгiзгендiгiн хабарлайды.

Жаңа қызмет Қор бөлiмшесiне келмей-ақ немесе байланыс орталығына хабарласпастан жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметi туралы қажеттi ақпаратты автоматты түрде тез алуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ пайдаланатын ақпараттық технологиялар зейнетақы қызметiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгiн жетiлдiруге және дамытуға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

18.07.2018 ж.

Зейнетақы төлемдерiн «Бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға берiлетiн өтiнiштердi бiрiктiрiп, «бiр терезе» қағидатына сай қабылдау үшiн композиттiк қызмет енгiзу мақсатында 2018 жылдың 2 шiлдесiнде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттiк корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерiнiң есебiн жүргiзу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша ықпалдастықты реттейтiн баптарға бiрқатар толықтырулар енгiзiлдi.

Қазiргi уақытта зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар мемлекеттiк бюджет есебiнен еңбек зейнетақысын (1998 ж. 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi бойынша) және базалық зейнетақыны тағайындау үшiн тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттiк корпорация бөлiмшесiне (халыққа қызмет көрсету орталықтары), ал мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi өтiнiшпен және құжаттар топтамасымен жүгiнетiндiгi белгiлi. Ендi композиттiк қызметтер қолданысқа енгiзiлген соң, аталған тұлғалар «Бiр терезе» қағидаты бойынша бiрыңғай өтiнiштi және құжаттар топтамасын тек бiр жерге — Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады. Бұл ретте бюджет есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi және Қордан берiлетiн зейнетақы жинақтары алушының өтiнiшiнде көрсетiлген бiр банк шотына бiр мезгiлде аударылып отырады. Аталған өзгерiстер зейнетақы төлемдерiн алушылардың мүдделерi үшiн енгiзiлiп отыр. Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтерi мен мiндеттерi, оның iшiнде жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу, есептен шығару, аудару жұмыстары және стратегиялық мiндеттер сол тұрақты күйiнде қалады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында аталған қызметтердi жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ композиттiк қызметтi енгiзуге дайын. Алайда бұл қызмет Қордан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген соң барып күшiне енедi. Бұл актiлердi ҚР Үкiметi бекiтедi. Нормативтiк-құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн мемлекеттiк бюджеттен және зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштер ұсыну тәртiбi өзгерiссiз күйiнде қалады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

18.07.2018 ж.

Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттеледi

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» ҚР Заңы негiзiнде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, оның iшiнде 25-бабына өзгерiстер енгiзiлдi. Соған сәйкес ендi азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттi. Бұл жарналардың мөлшерi алған табыстың 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және ең төменгi жалақының 75 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан аспайтын мөлшерде белгiленедi.

Айта кетелiк, бұл тәртiп адвокаттар, жеке сот орындаушылары, жеке нотариустар, кәсiби медиаторлар үшiн күнi бүгiнге дейiн мiндеттi негiзде қолданылып келедi. Ал азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыс алатын азаматтар бұған дейiн тек мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу құқығына ие болатын. Ендi жоғарыда атап көрсетiлген түзетулер күшiне енген соң, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге мiндеттеледi. Бұл ретте олар бұл жарналарды Қорға өз бетiнше аударулары тиiс.

Аударымдарды жүзеге асыру тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлген, жарналарды аудару Қағидаларымен реттеледi. Осы Қағидалардың1 қолданыстағы редакциясына сәйкес жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсiби медиаторлар мiндеттi зейнетақы жарналарын «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына табыстар алынған айдан кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Қазiргi уақытта бұл Қағидалар жоғарыда енгiзiлген заңнамалық өзгерiстерге сәйкес нақтыланып жатыр.

Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда шоттары жоқ жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен кәсiби медиаторлар мiндеттi зейнетақы жарналарын кейiннен БЖЗҚ-ға аудару үшiн оларды екiншi деңгейдегi банктiң мына деректемелерiне қолма-қол ақшамен енгiзедi:

Бенефициар банкі  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Бенефициар БСК GCVPKZ2A
Бенефициар ЖСК KZ12009NPS0413609816 
Бенефициар БСН 160440007161 
ТМК «Төлем мақсатының коды» 010 

Қандай да бiр кезеңде табыс болмаған жағдайда бұл тұлғалар Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 10 пайызы есебiнен өз пайдасына мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеуге құқылы.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жоқ болған жағдайда, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiшке қол қою арқылы мiндеттi зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу қажет. БЖЗҚ iшкi құжатымен бекiтiлген өтiнiш үлгiлерi БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтiнiштi жеке басты куәландыратын құжатпен БЖЗҚ-ның кез келген бөлiмшесiнде немесе электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегiмен enpf.kz сайты арқылы беруге болады.

Аталмыш түзетулер мiндеттi зейнетақы жарналарын тұрақты және толық көлемде аудару есебiнен азаматтардың зейнетақы жинақтарын арттыру мақсатында енгiзiлiп отыр.

Бүгiнде Қазақстанда үш деңгейлi зейнетақы жүйесi жұмыс iстейдi. Ол мемлекеттi, жұмыс берушiлердi және барлық жұмыс iстеушi азаматтарды, олардың iшiнде жалданып жұмыс iстемейтiн азаматтарды да қамтиды. Уақыт өте келе зейнетақы жүйесiнiң жинақтаушы бөлiгi басымдыққа ие болады. Сондықтан жұмыспен қамтылған тұрғындарды зейнетақы жүйесiмен барынша қамту қажет. Сәйкесiнше мiндеттi зейнетақы жарналарын Қорға уақытылы және тұрақты негiзде аударып отыру — азаматтардың барлық санаты, оның iшiнде азаматтық-құқықтық шарттар аясында жұмыс iстейтiн азаматтар үшiн өте маңызды. Бұл зейнетақы жинақтарының сомасын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшерiн арттыруға да мүмкiндiк бередi. Өйткенi 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақыны есептеу барысында 1998 жылға дейiнгi еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлi ескерiледi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

1Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы № 1116 Қаулысымен бекiтiлген, мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есебiне жазу) және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндiрiп алу қағидалары мен мерзiмдерi

08.06.2018 ж.

БЖЗҚ әрдайым байланыста

Қарттық шақта қамсыз өмiр сүру үшiн қандай қарекет жасау керек? Менiң зейнетақы шотымда қанша қаржы жиналды? Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы қандай? Бұл сауалдар зейнетақы қорына жарна жинап жүрген әрбiр азаматты толғандыратыны анық. Қазақстандықтардың осы сарындас сұрақтарға жан-жақты жауап алуға мүмкiндiгi бар. 20 маусым күнi Бiрiңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық өңiрлiк филиалдарында Ашық есiк күнi өтедi. Жұртшылықпен кезектi кездесудiң тақырыбы — «Зейнетақы жинақтары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлау әдiстерi». Шара қарсаңында бiз Қордың Солтүстiк Қазақстан облыстық филиал директорының орынбасарын Казкенова Самал Сабитовнаны әңгiмеге тартқан едiк.

Сұрақ: БЖЗҚ Ашық есiк күндерiн жүйелi өткiзiп келе жатқанына екiншi жыл. Бұл шараның қажеттiлiгi неде?

— Бұл жобаны бiз былтырғы жылдың басынан бастап қолға алдық. Осы уақыт iшiнде оған республика бойынша 19 мыңнан астам адам қатысты. Зейнетақы қалай есептеледi, бұл салаға қатысты қандай заңнамалық өзгерiстер бар? Кең ауқымды түсiндiрмелiк жұмыстарға қарамастан, халықтың зейнетақы қорына қатысты сауалдары әлi де баршылық. Ашық есiк күнi жұртшылықтың зейнетақы жүйесi туралы мағлұматын кеңейтiп қана қоймай, өздерiне қатысты жеке сұрақтары бойынша мамандардан кеңес алуға мүмкiндiгi бар. Қазақстандықтардың зейнетақы тақырыбына жоғары қызығушылығын ескере отырып, Қор басшылығы шараны жүйелi түрде өткiзу туралы шешiм қабылдады.

Сұрақ: Қазақстанда қандай зейнетақы түрлерi бар? Оған кiм иек арта алады?

— Қазiргi таңда зейнетақы жарналараның үш түрi бар. Оның бiрiншiсi — мiндеттi зейнетақы жарналарын жұмыс берушi жұмыскердiң айлық табысының 10 пайызы көлемiнде аударып отырады. Екiншiсi — мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын жұмыс берушi зиянды жағдайда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң есепшотына айлық табысының 5 пайызы көлемiнде аударады. Ал, үшiншi- ерiктi зейнетақы жарнасы өзiнiң зейнет кезеңiн жоспарлап, қарттық жасындағы қажеттiлiктерiне қаражат жинауға дайын азаматтарға арналған. Жарнаның бұл түрiнiң сомасын салымшы өз ықтиярына қарай белгiлей алады. Өкiнiшке орай, азаматтардың зейнетақы жүйесiнiң қалай жұмыс iстейтiнi туралы бiлiмi бiркелкi емес. Осының салдарынан кей азаматтарымыз зейнетақы шағын дұрыстап жоспарлай алмайды, ал кейде тiптi бұл кемшiлiк олардың құқықтарының шектелуiне әкелiп жатады. Сондықтан Ашық есiк күнi аясында бiз бұл тақырыпқа ерекше тоқталып өтудi жөн санадық.

Сұрақ: Ашық есiк күнiнiң екiншi тақырыбы — жеке зейнетақы шоттарының жай-күйi туралы ақпарат алу әдiстерi. Бұл тақырыптың маңыздылығы неде?

— Бұл да өте өзектi тақырып. Себебi азаматтарды өз зейнетақы шотында қанша жарна жиналғаны, олардың қаншалықты тиiмдi инвестицияланғаны әрдайым алаңдатады. Зейнетақы қоры салымшылары мен алушыларын бұл туралы әрдайым құлақтандырып отырады. Ал соңғы жылдары ақпараттандыру тәсiлдерi айтарлықтай кеңейдi. БЖЗҚ уақыт талабына сай дамып келедi. Қашықтық арқылы қызмет көрсетуге есептелген көптеген жаңа электрондық сервис түрлерi қолданысқа енгiзiлдi. Ендi кеңсеге барып, кезекте тұрмай-ақ қызмет алып, уақыт үнемдеуге болады. Зейнетақы шотының жағдайын үйде отырып-ақ, тiптi ұялы телефон арқылы да қадағалауға болады. 2017 жылы Қорды электрондық операцияларының көрсеткiшi 52 пайызға жеткен. Мұндай қызмет түрлерiн бiз одан әрi де жетiлдiре бермекпiз. Цифрландыру — сән қуу емес, бұл бiздiң өмiрiмiздi барынша қолайлы ететiн уақыт талабы. Сондықтан бiз жұртшылықты бұл мүмкiндiктермен кеңiрек таныстырмақпыз.

ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрме алудың қандай нақты түрлерi бар? Зейнетақы рәсiмдеудi есептемегенде бұл ең көп сұранысқа ие қызмет түрi ғой.

Қазiргi таңда тек ЖЗШ-дан көшiрме алу ғана емес, БЖЗҚ-ның көптеген қызмет түрлерi электрондық нұсқаға көшiрiлген. Қор салымшылары мен алушыларына өз жарналары туралы ақпаратты қашықтықтан алуға мүмкiндiк беретiн ыңғайлы әдiстерiн ұсынып отыр. Ал «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының енгiзiлуi бұл мүмкiндiктердi одан әрi кеңейтуде. Қысқаша тоқталар болсам, қазiр мұндай ақпаратты электрондық пошта арқылы ғана емес, Қор сайтында жеке кабинет ашу арқылы, EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталы арқылы да алуға болады. Android, iPhone, iPad, Windows Phone операциялық жүйелерiне есептелген мобильдi қосымша да жұртшылық арасында үлкен сұранысқа ие. Әрине, ақпарат алудың белгiлi бiр тәсiлiне жүгiну үшiн Қор кеңсесiне келiп өтiнiм жазу, электрондық цифрлық қолтаңбаға жүгiну сынды белгiлi талаптар бар. Дегенмен, бұл дәстүрлi қызмет түрлерiнен әлдеқайда қолайлы екенi анық. Осы жаңа қызмет түрлерiмен бiз жұртшылықты Ашық есiк күнiнде кеңiрек таныстырмақпыз. Сонымен қатар, азаматтарға қосымша сұрақтары бойынша жеке кеңес беруге дайынбыз. Сондықтан жұртшылықты 20 маусым күнi сағат 10:00 мен 17:00 аралығында асыға күтемiз. Бiздiң мекен жайымыз: Петропавл қаласы, Бөкетов көшесi 31 «А»

— Әңгiмеңiзге рахмет. Жұмыстарыңызға сәттiлiк тiлеймiз!

06.06.2018 ж.

БЖЗҚ-да «Ашық есiк күнi» өтедi

2018 жылдың 20 маусымында БЖЗҚ-ның республикадағы барлық аймақтық филиалдарында биылғы жылғы екiншi «Ашық есiк күнi» өткiзiлмек. Шараға барлық ниет бiлдiрушiлер қатыса алады. Тақырыбы: «Зейнетақы жарналары. Жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлау әдiстерi».

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықпен зейнетақы жүйесiне қатысты кешендi сұрақтар бойынша түсiндiрмелiк жұмыстар жүргiзудi жалғастыра бермек. Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартумен; зейнетақы жинақтарын төлеумен және есептеумен айналысады; салымшылар мен алушыларға олардың жеке зейнетақы шоттарының жай-күйi туралы хабарлап отырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Жеке зейнетақы шоттарының (ЖШС) жай-күйi туралы хабарлаудың 6 тәсiлi бар: БЖЗҚ-ның жеке қызмет көрсету орталықтарына бару немесе сенiмдi өкiл жiберу арқылы; пошта байланысы немесе электрондық пошта арқылы, www.enpf.kz сайтында «Жеке кабинет» ашу арқылы немесе «e-mail-ге ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрме алу» қызметi арқылы; ENPF ұялы қосымшасы арқылы, EGOV.KZ электрондық үкiметiнiң порталы арқылы. 2017 жылдың қорытындысы бойынша БЖЗҚ операцияларының 52 пайызы электрондық әдiспен көрсетiлген. Қордың корпоративтiк стратегиясына сай, бұл көрсеткiштi 2021 жылы 60 пайызға жеткiзу көзделiп отыр.

Ашық есiк күнiне келушiлерге зейнетақы жарналарының түрлерi мен жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алу әдiстерi түсiндiрiледi. Сонымен қатар, Қор қызметкерлерi шараға қатысушыларға жеке сұрақтары бойынша кеңес бередi.

«Ашық есiк күнi» жобасы БЖЗҚ-да 2017 жылдың қаңтар айынан бастап тоқсан сайын өткiзiлiп келедi. Осы кезеңде шараға 19 мыңға тарта адам қатысты.

Шараға қатысуға бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерiн шақырамыз.

Басталуы: 20 маусым 2018 жыл; сағат 10:00 мен 17:00 аралығында
Өткiзiлетiн орны: Петропавл қаласы, Бөкетов көшесі, 31 «А»
БАҚ өкiлдерiмен байланыс: Казкенова Самал Сабитовна, ж.т: 8 (715-2) 46 99 02, iшкi номер 55, e-mail: s.kazkenova@enpf.kz

«БЖЗҚ» АҚ ағымдағы көрсеткіштері

16.08.2019

2019 жылдың 1 тамызына қарай БЖЗҚ-ның негiзгi көрсеткiштерi

Зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары

2019 жылдың 1 тамызына қарай жарналардың барлық түрi бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 10,17 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 8 пайызға, ал бiр жыл iшiнде 1,6 трлн теңгеге немесе 19 пайызға өстi.

Зейнетақы шоттарының барлық түрi бойынша келiп түскен зейнетақы жарналарының сомасы жыл басынан берi 549,2 млрд теңге болды. Бұл ретте мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,9 трлн теңгенi құраса, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 224,9 млрд теңгеге және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңгеге жеттi.

2019 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша салымшылар мен алушылардың МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны жыл басынан берi 152 мыңдай шотқа көбейiп (жүйден шыққан қатысушылардың жабылған шоттары ескерiлдi), 10,3 млн бiрлiктi құрады.

2019 жылдың жетi айы iшiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 124 млрд астам теңгенi құрады. Салыстырып қарасақ, былтырғы жылдың сәйкес кезңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 110,9 млрд теңге болған. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер — 43,9 млрд теңге, ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер — 26,2 млрд теңге, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 35,5 млрд астам теңге болды. 2019 жылы сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар көлемiнiң елеулi түрде артқанын атап өткен жөн (2018 жылдың 7 айы iшiнде ол 11,1 млрд сәл астам теңгенi құраған едi). Өйткенi 2019 жылы мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары енгiзiлген күннен бастап (01.01.2014ж.) толық 5 жыл өттi. Сәйкесiнше өз пайдаларына мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары кемiнде күнтiзбелiк 60 ай (5 жыл) төленген 50 жасқа толған адамдар (ерлер мен әйелдер) өздерi таңдаған сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу мүмкiндiгiне ие болды. Бiрақ бұл үшiн Қордағы мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары және ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан жинақ ақша ай сайын кемiнде ең төмен зейнетақы мөлшерiндегi зейнетақыны төлеп тұруға жеткiлiктi болуы тиiс. Жыл басынан бастап күнi бүгiнге дейiн 1,2 мыңнан астам адам осы құқықтарын пайдаланып үлгердi. Олар сақтандыру ұйымдарына жиынтық жинақтары есебiнен шамамен 16,2 млрд теңгенi аударды. Осылайша еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдар үшiн Қордан МКЗЖ есебiнен зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу түрiндегi жеңiлдiк толығымен жүзеге асырылып жатыр.

2019 жылдың 7 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 363,2 млрд теңгеден асты. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы жыл басынан берi 3,77 пайыз, ал инфляция 2,8 пайыз болды. Егер бұл көрсеткiштi жылдық тұрғыда алып қарайтын болсақ, зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде 9,65 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып, нақты табыстылық 4,25 пайызға жетiп отыр.

01.08.2019

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелi

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сенiмгерлiк басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерi 9,99 трлн. теңгенi құрады.

Салымшылар мен алушылардың зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 2018 жылдың шiлде мен 2019 жылдың маусымы аралығында (өткен 12 ай iшiнде) 9,4 пайызға жеттi. Дәл осы кезеңде инфляция деңгейi 5,4 пайызды көрсеттi.

2019 жылдың басынан берi есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 285,2 млрд. теңгеден асты.

Зейнетақы активтерi бойынша алынған инвестициялық табыстың құрылымы мынадай:

  • бағалы қағаздар, орналастырылған салымдар және «керi РЕПО» операциялары
  • бойынша сыйақы түрiндегi табыстар 330,57 млрд. теңге;
  • бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан орын алған шығындар (31,79) млрд. теңге;
  • шетелдiк валютаны қайта бағалаудан орын алған шығындар (24,10) млрд. теңге;
  • сыртқы басқарудан түскен табыстар 6,68 млрд. теңге;
  • басқа да шығындар 3,85 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 шiлдесiндегi жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiндегi борыштық қаржы құралдарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылына 7,0 пайызды құрады. Оның iшiнде теңгеге номиналданғандары бойынша орташа табыстылық — жылдық 8,5 пайыз, ал шетелдiк валютада — жылдық 3,7 пайызды құрады.

Қордың зейнетақы активтерi портфелiнiң негiзгi бөлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құнды қағаздарына (40,31 пайыз) тиесiлi. Бұл табысы ең тұрақты қаржы құралдарының бiрi. Есептi күнге қарай теңгеге номиналданған ҚР мемлекеттiк бағалы қағаздарының өтелуi бойынша орташа табыстылық жылдық 7,5 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 4,5 пайызды құрады.

Шет мемлекеттердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарының ағымдағы құны 2019 жылдың 1 шiлдесiне 1 446,22 млрд теңгенi құрап, жыл басынан берi 21,34 пайызға артты. Олардың портфельдегi үлесi 14,47 пайызды құрады. БЖЗҚ зейнетақы активтерiнiң портфелiнде шетел мемлекеттерiнiң МБҚ өтеуге орташа алынған кiрiстiлiгi есептi күнге 3,2 пайызды құрады.

Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдарының 2019 жылдың 1 шiлдесiндегi облигациялары зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң 13,71 пайызын құрады. Есептi күнге ҚР квазимемлекеттiк ұйымдарының теңгемен номиналданған облигациялары бойынша өтеуге орташа алынған кiрiстiлiк жылдық 10,2 пайызды, АҚШ долларымен — жылдық 5,0 пайызды құрады.

Екiншi деңгейлi қазақстандық банктердiң қаржы құралдары былайша келтiрiлген: портфельдiң 12,69 пайызы облигацияларға орналастырылған, олардың орташа алынған кiрiстiлiгi ұлттық валютада жылдық 10 пайызды және АҚШ долларында 6,4 пайызды құрады; депозиттердiң үлесi орташа алынған кiрiстiлiкпен жылдық 9,4% пайызды құрап, 2,66 пайызға жеттi.

БЖЗҚ зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар шеңберiндегi қаржы құралдарының инвестициялық портфелi былайша көрiнiс тапты: ұлттық валютадағы инвестициялар — 68,23 пайыз, АҚШ долларында — 31,36 пайыз, басқа валюталарда — зейнетақы активтерi портфелiнiң 0,42 пайызын құрады.

Қордың сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясына толығымен сәйкес келедi.

БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерiн басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сiлтеме бойынша қолжетiмдi:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/f65/f657f047351a31b5e726c10056d5da2c.pdf 

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

01.08.2019

«БЖЗҚ» АҚ 2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығының қорытындысын жариялады

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығы бойынша БЖЗҚ қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi сенiмдi оң динамиканы көрсетедi: 2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,99 трлн. теңгенi құрап, жыл басынан берi 7%-ға немесе 615 млрд. теңгеге ұлғайды.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеруi 464,8 млрд. теңге мөлшерiнде зейнетақы жарналарының, 107,6 млрд. теңге мөлшерiндегi зейнетақы төлемдерiнiң, сондай-ақ, 257,5 млрд. теңге көлемiндегi инвестициялық кiрiстiң түсулерiмен байланысты.

01.07.2019 ж. қарай мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтары 9,8 трлн. теңгенi, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен — 220,0 млрд. теңгенi, ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебiнен — 1,9 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың 1 шiлдесiне қарай МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны (техникалық шоттарды қоспағанда) 10,3 млн. шотты құрап, жыл басынан бастап 1,2%-ға немесе 119,3 мың шотқа өстi (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып).

Бұл ретте МЗЖ бойынша жеке зейнетақы шоттарының саны (техникалық шоттарды есепке алмағанда) жыл басынан бастап 1%-ға немесе 100 мың шотқа (жүйеден шыққан қатысушылар бойынша шоттардың жабылуын ескере отырып) ұлғайып, 9,7 млн. шотты құрады.

Техникалық (сәйкестендiрiлмеген) шоттар саны есептiк кезеңде 216,3 мыңнан 201,8 мың шотқа дейiн 7%-ға азайды.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ-да 155 821 салымшы үшiн жеке зейнетақы шоттары ашылды. Алғаш рет БЖЗҚ-да шот ашқандардың 22%-ы 20 жасқа дейiнгi топты құрады, 36,2% — 21-ден 30 жасты, 18,3% — 31-ден 40 жасты, 13,6% — 41-ден 50 жасқа дейiнгi, 9,9% — 51 жастан жоғары топтарды құрады.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығындағы зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 107,6 млрд. теңгенi құрады. Бұл ретте жасына байланысты төлемдер 41 млрд. теңгенi құрап, сақтандыру ұйымдарына 30 млрд. теңге аударылды, 21 млрд. теңге ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлендi. Салыстыру үшiн — өткен жылдың осы кезеңiнде зейнетақы төлемдерiнiң жалпы сомасы 100,9 млрд. теңгенi құрады.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында БЖЗҚ салымшыларының жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық кiрiс 257,5 млрд. теңгенi құрады. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляция 5,4% болғанда 9,4% құрады. Осылайша зейнетақы активтерi соңғы 12 айда 4% мөлшерiнде нақты оң кiрiстiлiкке ие.

«БЖЗҚ» АҚ салымшылар арасында ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жалғастыруда. 01.01.2017 ж. — 01.07.2019 ж. аралығында Қор қызметкерлерi 59,8 мың көшпелi тұсаукесерлер өткiзiп, оған 1,8 млн. адам (немесе елдiң жұмыспен қамтылған халқының 21%) қатысты.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор кеңселерiнде күн сайын Қазақстан бойынша 13 мыңнан астам қызмет көрсетiлдi.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор қызметiнiң 80,5%-ы электронды форматта (онлайн) жүргiзiлдi.

2019 жылдың бiрiншi жартыжылдығында Қор әртүрлi байланыс арналары арқылы келiп түскен 300 мыңға жуық салымшылардың (алушылардың) өтiнiштерiн қабылдап, өңдедi.

03.06.2019 ж.

«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан берi жинақталған инвестициялық табыс оң сипатқа ие

Ағымдағы жылдың 4 айы iшiнде салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық табыс көлемi 154,9 млрд теңгенi құрады. Өткен 12 ай iшiнде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 10,7 пайызға жетсе, бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,9 пайызды көрсеттi. Осылайша жылдық мерзiмде зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы инфляциядан 5,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Әдетте нарықтық бағалау барысында зейнетақы активтерiнiң портфелiнде бiр қаржы құралы табыс әкелсе, екiншiсi шығын әкелетiнi белгiлi. Бұл жалпы әлемдiк құбылыс. Дегенмен БЖЗҚ құрылғаннан берi оның зейнетақы активтерiне есептелген қорытынды инвестициялық табыс оң сипатқа ие. Мысалы, 2015 жылдан 2018 жылға дейiнгi аралықта жинақталған оң сипаттағы шынайы табыстылық (жинақталған инфляцияны шегергенде) 8,43 пайызды құрады.

Зейнетақы жинақтарының шынайы табыстылығы 2018 жылы 5,97 пайызды, (бұл ретте жалпы табыстылық 11,27%, ал инфляция деңгейi 5,3%) және 2014 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде жинақталған шынайы табыстылық 9,93 пайызды (бұл ретте жалпы табыстылық 59,38%, ал инфляция 49,45%) құрады.

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледi және оның көлемi шоттағы жинақ ақшаның сомасына, зейнетақы жарналарының мөлшерi мен аударылу жиiлiгiне байланысты.

Инвестициялық табысты есептеу шартты зейнетақы бiрлiгiнiң (ШЗБ) құнына байланысты. Әрбiр жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары теңгемен және шартты зейнетақы бiрлiгi санымен есепке алынады. Зейнетақы шотына түскен әрбiр зейнетақы жарнасының сомасын Қордағы шартты зейнетақы бiрлiгiне бөлу арқылы ШЗБ саны есептеп шығарылады. Мысалы, Сiздiң жеке зейнетақы шотыңызға 10 000 теңге көлемiнде зейнетақы жарнасы келiп түстi делiк. 2019 жылдың 23 мамырына қарай ШЗБ құны — 760,5 теңге дейтiн болсақ, Сiздiң шотыңызға есептелетiн ШЗБ саны 13,2 бiрлiк болады (10 000 теңге/ 760,5 теңге).

2019 жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша ШЗБ құны 762 теңге болды делiк. Бұл ретте шотқа есептелген инвестициялық табыс ескерiлдi. Ендi осы күнгi ШЗБ санын есептеп шығарайық. Сiздiң шотыңызға есептелген ШЗБ саны ШЗБ-ның ағымдағы құны негiзiнде былайша қайта бағаланады: 13,2 ШЗБ * 762 теңге = 10 058 теңге. Осылайша Сiздiң зейнетақы жинақтарыңыз 2019 жылдың 24 мамырына қарай 10 058 теңге болады. Бұл жерде зейнетақы жинақтары инвестициялық табыстан (58 теңге) және есептелген жарналардан (10 000 теңге) құралатындығын айта кеткен жөн.

Сонымен зейнетақы жинақтары инвестициялық табысты есептеуге байланысты көбейдi. Соның арқасында ШЗБ құны 1,5 теңгеге артты (762 теңге — 760,5 теңге).

ШЗБ құнын Қордың www.enpf.kz сайтының басты бетiнен күн сайын көруге болады. Зейнетақы жинақтарының көлемi жарналардың мөлшерi мен тұрақты аударылуына және инвестициялық табыс сомасына тәуелдi. Сондықтан жарналарды жеке зейнетақы шотына уақытылы және толық көлемде аудару өте маңызды.

БЖЗҚ — Қазақстан Республикасы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң барлық қаржылық және ақпараттық легiнiң бiрыңғай әкiмшiсi және операторы. Қордың басты мақсаты — Қазақстан азаматтары БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастыру мүмкiндiгiне ие болуы үшiн оларға барлық қажеттi жағдайды жасау. Бұл үшiн зейнетақы қызметтерiнiң сапасы мен қолжетiмдiлiгi одан әрi арттырылып, зейнетақы активтерiнiң есебi шынайы жүргiзiледi, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетiн арттыруға көмек көрсетiледi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

22.04.2019 ж.

2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне шолу

2019 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,49 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 115,8 млн теңгеге өстi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,29 трлн теңгенi құрады (жалпы соманың 97,8%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 204,9 млрд теңге (бүкiл жинақтың 2,2%) және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бiрлiктен асты.

Жыл басынан берi Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 12,1 млрд теңгеге жеттi. Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде (2018 жылдың наурызы мен 2019 жылдың ақпаны) 11 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,8 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң табыстылығы инфляциядан жоғары болып отыр.

2019 жылдың екi айы iшiнде зейнетақы төлемдерi 43,0 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 28,3 млрд теңгенi, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 4,4 млрд теңге болды. Салыстырып қарайтын болсақ, өткен жылдың сәйкес кезеңiнде Қордан 62,8 млрд теңге төлендi. Оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 2,6 млрд теңге болды.

БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша жұмыстарды үнемi жетiлдiрiп келедi. Жыл басынан берi салымшылар мен алушыларға 4,4 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi. Бұл ретте электрондық тәсiлмен қызмет көрсету басымдыққа ие — 3,7 миллионнан астам операция (немесе 85%) (шоттан берiлген үзiндi көшiрмелердi есепке ала отырып) электрондық форматта жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында тұрақты негiзде ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсiпорындарда және сауда орындарында көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiзедi. Жыл басынан берi 4 мыңнан астам таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оған 140 мыңнан астам адам қатысты.

2019 жылдың басынан берi бiрыңғай жиынтық төлемдi (БЖТ) төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 19 605 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 10,7 млн теңгеге (4,7 млн теңге республикалық және облыстық маңызға ие қала тұрғындарынан, ал 5,9 млн теңге басқа елдiмекендердiң тұрғындарынан) 21 986 жарна келiп түстi. БЖТ төлеу аясында 2019 жылдың ақпан айында жарна сомасы 4,1 есеге ұлғайды. Сонымен қатар БЖТ бойынша жарналары саны 4,5 есеге және осы жарналар түсетiн зейнетақы шоттарының саны 4,4 есеге артты.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

05.03.2019 ж.

2019 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша БЖЗҚ негiзгi көрсеткiштерiне шолу

2019 жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,4 трлн теңгенi құрап, соңғы 12 ай iшiнде 1,6 трлн теңгеге көбейдi. Еске сала кетелiк, былтырғы жылдың 1 ақпанына қарай зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,8 трлн теңге болған едi. Осы кезең iшiнде салымшылардың шоттарына үлестiрiлген зейнетақы активтерiнiң өсiмi 21 пайызға жеттi. Бұл ретте зейнетақы активтерi зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыстан құралатындығын еске саламыз.

2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы түсiмдерiнiң сомасы 70,8 млрд теңгенi құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңiнде бұл көрсеткiш 65,3 млрд теңге болды. Сәйкесiнше бiр жыл iшiндегi өсiм 5,5 млрд теңгеге жетiп отыр. Бұл ретте түсiмдердiң басым бөлiгi мiндеттi зейнетақы жарналарына (МЗЖ) тиесiлi — 66,5 млрд теңге. Қаңтар айында барлығы 4,9 млн мiндеттi зейнетақы жарналары түскен. Жарналардың орташа сомасы 13,7 мың теңгенi құрады.

2019 жылдың алғашқы айында салымшылар мен алушылардың шоттарына үлестiрiлген таза инвестициялық табыс 15,4 млрд теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 5,6 млрд теңгеге (немесе 57%-ға) жоғары.

12 ай iшiнде зейнетақы активтерiнiң табыстылығы 11,3 пайыз болса, осы кезеңде инфляция деңгейi 5,2 пайызды көрсеттi. Яғни, бiр жыл iшiнде зейнетақы активтерi бойынша нақты, таза табыстылық — 6,1 пайызды құрады.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай, ҚР Ұлттық Банкiнiң басқаруына берiлген зейнетақы активтерi портфелiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздардың үлесi 44,09 пайызды құрады. Олардың үлесi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда (01.02.2018 ж. — 44,47%) өзгерген жоқ деуге болады. Теңгеде номиналданған мемлекеттiк бағалы қағаздар бойынша өтелуiне қарай орташа өлшемдiк табыстылық жылдық 7,0 пайызды, АҚШ долларында — жылдық 4,4 пайызды құрады.

Ал Қазақстан Республикасының квазимемлекеттiк ұйымдары облигацияларының үлесi 13,80 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңдегi көрсеткiштен бiршама жоғары (01.02.2018 ж. — 10,11%). ҚР теңгеде номиналданған квазимемлекеттiк ұйымдардың облигациялары бойынша өтелуiне қарай орташа өлшемдiк табыстылық жылдық 10,3 пайызды, ал АҚШ долларында — жылдық 5,0 пайызды құрады.

Зейнетақы активтерiнiң портфелiнде ҚР екiншi деңгейдегi банктерi облигацияларының үлесi — 13,3%-ға пайызға жетiп, өткен жылдың сәйкес кезеңiндегi көрсеткiшпен салыстырғанда (01.02.2018 ж. — 15,82%) төмендедi. ҚР екiншi деңгейдегi банктерiнiң теңгеде номиналданған облигациялары бойынша өтелуге қатысты орташа өлшемдi табыстылық жылдық 10,0 пайызды, ал АҚШ долларында жылдық 6,6 пайызды көрсеттi.

Шет мемлекеттердiң шетел валютасында номиналданған мемлекеттiк құнды қағаздарына жасалған инвестициялар үлесi 12,81 пайызды құрап (01.02.2018 ж. — 12,61%), өтеуге қатысты орташа табыстылық жылдық 3,7 пайызды көрсеттi.

Қордың зейнетақы активтерi есебiнен сатып алынған қаржы құралдарының қай валютада номиналданғаны былайша келтiрiлген: зейнетақы активтерiнiң 67,61 пайызы ұлттық валютада, 31,97 пайызы АҚШ долларында, 0,42 пайызы өзге валюталарда инвестицияланған.

Зейнетақы активтерi портфелiнiң 72,7 пайызы — рейтингi «AAA»-дан «BBB» дейiн болатын қаржы құралдарына, 12,2 пайызы — рейтингi «BB+»-тен «B-»-қа дейiн болатын қаржы құралдарына орналастырылған.

БЖЗҚ-ның сенiмгерлiк басқарудағы зейнетақы активтерi портфелiнiң құрылымдық үлестiрiлiмi БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келедi.

2019 жылдың 1 ақпанына қарай шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,4 млн бiрлiктi құрады. Оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен ашылған шоттар 9,9 млн бiрлiк (95 пайыз), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есепке алу бойынша ЖЗШ саны 0,5 млн бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша 0,05 млн бiрлiк болды. 2019 жылдың қаңтар айында МЗЖ бойынша ашылған шоттардың саны 11 293 бiрлiктi құрады. Олардың iшiнде 9 409 шот автоматты түрде ашылды. Зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылу тәртiбi 2019 жылдың 08 қаңтарында енгiзiлген.

2019 жылдың қаңтар айында зейнетақы қоры тарапынан тұрғындарға 2,4 млн операция көлемiнде қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде электрондық қызметтердiң үлесi 86 пайызды құрады. Осы кезеңде азаматтардың жинақтаушы зейнетақы жүйесi мәселелерi бойынша 58,7 мың өтiнiшi қаралды. Кәсiпорындар мен ұйымдарда 1955 көшпелi таныстырылымдық шара өткiзiлiп, оларға 65,3 мың адам қатысты.

2019 жылдың алғашқы айында зейнетақы төлемдерi 31,53 млрд теңгенi, оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 23,64 млрд теңгенi, сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар — 2,65 млрд теңгенi, ҚР шегiнен тысқары жерлерге тұрақты кетуге байланысты төлемдер 2,66 млрд теңгенi, мұрагерлiк бойынша төлемдер 1,89 млрд теңгенi құрады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу аясында БЖЗҚ-ға жарналар түсе бастады

2019 жылдың қаңтар айында БЖТ төлеу аясында БЖЗҚ-дағы 3 655 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 2,1 млн теңгеге 4019 жарна (1,1 млн теңге қала тұрғындарынан, ал 948 мың теңге ауыл тұрғындарынан) келiп түстi.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды. Бiрыңғай жиынтық төлем өзiн-өзi жұмыспен қамтушы жеке тұлғалардың бейресми қызметiн тiркеудi оңайлатуға бағытталған. Сол арқылы төрт мiндеттi төлемдi: мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды және Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды бiр төлеммен жүзеге асыруға болады. Осылайша БЖТ төлеу мүмкiндiгiне ие азаматтар барлық төлемдердi оңайлатылған тәртiпте төлеп, әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiне қатыса алады.

Бұдан басқа БЖТ төлеушi қазақстандықтар жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысып, жинақтарын молайтады және қатысу өтiлiне қарай мемлекеттiк базалық зейнетақыны жоғары мөлшерде алуға үмiт арта алады..

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Жыл басынан берi фрилансерлер мен жеке кәсiпкерлердiң «БЖЗҚ» АҚ-тағы зейнетақы шоттарына 4,2 млрд теңге түстi

2019 жылдың қаңтар айында Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 253,4 мың салымшыдан, яғни жеке тұлғалар мен жеке кәсiпкерлерден жалпы сомасы 4,2 млрд теңгеге 768,6 мың жарна келiп түстi.

«Қазақстан республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына енгiзiлген өзгерiстерге байланысты, мынадай өзгерiстер күшiне ендi:

– егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi, яғни заңды тұлғалар, жеке кәсiпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсiби медиаторлар болатын болса, онда олар фрилансерлер үшiн мiндеттi зейнетақы жарналарын төлейтiн агентке айналады. Бұл ретте жарналар жеке тұлғаның алатын табысының 10 пайызы мөлшерiнде, бiрақ тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 10 пайызынан кем емес және 50 еселенген мөлшерiнiң 10 пайызынан жоғары емес мөлшерде белгiленедi.

Бұл ретте жарналарды есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс.

Егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғалармен жасалса, онда фрилансерлер жарна төлеуге тек құқылы болады. Бiрақ мiндеттi емес. Дегенмен жеке тұлға бұл жарналарды өзiнiң ұйғаруымен Қордағы жеке шотына аудара алады. Бұл үшiн ол жарналарды банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына төлейдi. Әрi қарай корпорация жарналарды Қорға аударады. Егер фрилансер өзiнiң осы құқығын пайдаланса, бұл оның жеке зейнетақы капиталын қалыптастыруына оң әсер ететiн болады.

Сонымен қатар еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн азаматтар әрi азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалардың тапсырысын орындайтын болса, онда олар азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жарна төлеуден босатылады. Бұл жағдайда мiндеттi зейнетақы жарналарын салық агентi болып табылатын жұмыс берушi ғана төлейдi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Мақаланың шыққан күні: 31.05.2017 11:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.10.2019 12:22

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Қазан 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      
Подать резюме

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+