Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі

Мекен-жайы: 150400 Солтүстiк Қазақстан облысы, Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан, Новоишим с., Ленин к-сi, 7 үй

Бөлiм басшысы — Юрий Анатольевич Ляпкало

Басшының телефон нөмiрi: +7 71535 22-2-19

Операциялық залдың телефон нөмiрi: +7 71535 22-2-75

Е-mail: con.gmusrepova.07@mail.ru

Жұмыс кестесi: күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейiн, жексенбi — демалыс күнi.

Бөлiм қызметiнiң мақсаты мен мәнi

Мемлекеттiк корпорация мiндеттi тiркеуге жатпайтын жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) оларды құрушыларын техникалық тексеру, мемлекеттiк жер кадастрiн жүргiзу, зейнетақы және әлеуметтiк қамтамасыздандыруды жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету саласында қызметтердi «бiр терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыратын бiрегей провайдер болып табылады,

Мемлекеттiк корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының Президентiнiң және Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң актiлерiмен, және Қазақстан Республикасының басқада заңнамаларымен қарастырылған қызмет түрлерiн және өкiлеттiктерiн жүзеге асырады.

Мемлекеттiк корпорацияның мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi Заңға сәйкес уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бекiтiлген мемлекеттiк қызметтер стандарттарымен және реттемелерiмен айқындалады.

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Азаматтарға арналған үкiмет мегаполистерде қосымша ХҚО ашады

Елiмiзде халыққа қызмет көрсететiн орталықтардың саны артады. Бұл туралы фейсбук парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi. Жаңа фронт-офистер халық көп шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ашылады.

«Мегаполистердегi халықтың өсуi жедел шаралардың қабылдануын талап етедi. Жарты жылдың өзiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан шаһарларында ғана 3,5 млн қызмет көрсетiлген. Тамыз айының соңына дейiн бiз астанамыз бен Алматыда қосымша бiр-бiр халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашатын боламыз. Оған қоса, Алматы қаласындағы Алатау ауданындағы ХҚО бiр айлық үзiлiстен кейiн қайтадан өз қызметiн жандандырды», — делiнген әлеуметтiк желiдегi жазбада.

Оған қоса, елiмiздегi мамандандырылған ХҚО саны артатын болады. Мәселен, Алматы қаласында алтыншы автоХҚО ашылса, оған жақын жатқан Талғар және Қарасай аудандарында тағы бiр-бiр орталық iске қосылады. Әсемгүл Серiкқызының айтуынша, жаңа орталықтар тамыз-қыркүйек аралығында ашылады. «Ең үлкен автобазар осы мегаполисте, жақын жатқан облыс тұрғындары сонда барып көлiктерiн сатып, жаңасын алып, тiркеу рәсiмдерiн де сонда жасатады. Жарты жыл iшiнде Қазақстанда көлiк секторы бойынша көрсетiлген қызмет саны 1,5 млн жуық болса, оның 24 пайызы Алматыға тиесiлi», — деп атап өткен Ә.Балташева өз парақшасында.

Оған қоса жазбада Шымкент қаласында да мамандандырылған ХҚО iске қосылады делiнген. Осылайша, бұл шаһарда қыркүйек айынан бастап 3 автоХҚО қызмет көрсете бастайды.

Бүгiнде Қазақстанда 328 фронт-офис жұмыс iстейдi, көрсетiлетiн қызмет түрлерiне қарай олар ХҚО, цифрлықХҚО, көшi-қон ХҚО-сы, мамандандырылған ХҚО-лар болып жiктеледi. Жыл басынан берi алты ай iшiнде онда қазақстандықтарға 15 млн қызмет көрсетiлген.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсiбi министрi Асқар Жұмағалиев азаматтарға қызмет алу кезiнде барынша ыңғайлы жағдай жасау үшiн жаңа ХҚО-ларды, әсiресе, мамандандырылған ХҚО-ларды ашу мүмкiндiгiн қарастыруды тапсырған болатын.

Азаматтарға арналған үкiмет «Мектепке жол» акциясын өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет «Мектепке жол» акциясын өткiздi

Жаңа оқу жылы қарасаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық «Мектепке жол» акциясын өткiздi.

1 қыркүйек күнiне орай, балалардың оқу портфелiн дайындап, қажеттi мектеп формасымен қамтамасыз ету үшiн корпорация қызметкерлерi қаражат жинап, әлеуметтiк жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектестi.

«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етедi. Ал отбасында бiрнеше бала болса, тiптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтiк жауапкершiлiгiнiң тағы бiр көрiнiсi. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетiнен қаржы бөлген әрiптестерiме алғысымды бiлдiремiн», — дейдi басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Шара барысында корпорацияның қызметкерлерi 1,8 млн теңге қаражат жинап, 200 баланың мектепке баруына жағдай жасады.

Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң және «NurOtan» ХДП ұйытқы болуымен өтедi.

«Азаматтарға арналған үкімет» Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде

«Азаматтарға арналған үкімет» Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы үйжайлары төтенше жағдай кезінде жарылыстан зардап шеккен Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде.

Маусым айының соңында орын алған жарылыс салдарынан бұзылған және зақым келген ғимараттарды жаппай қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Арыс қаласында жер кадастры және жылжымайтын мүлік саласы бойынша қызметтер көлемі күрт өскен. Қазіргі уақытта жоғары сұранысқа ие болып отырған осы қызметтер мемлекеттік корпорациямен тегін көрсетілуде.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік қызметтердің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында Арыс қалалық бөлімшесіне Шымкент қаласы, Қызылорда, Жамбыл облыстарынан және Түркістан облысының аудандық бөлімдерінен 25 қызметкерді көмекке жұмылдырды.

Шілде айының басынан корпорация өз есебінен ақысыз негізде 858 техникалық төлқұжат, 3328 меншік иесі туралы мәлімет, 476 жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаттарын және құқық белгілейтін құжаттың мұрағаттық көшірмесін беріп, жылжымайтын мүлік дерекқорындағы қателерді түзету жұмысы бойынша 799 тұрғынға қызмет көрсетті. Ал жалпы есепті мерзімде (24 маусым – 12 тамыз) Арыс қалалық бөлімімен көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 17 мыңға жетті.

Естеріңізге сала кетейік, Азаматтарға арналған үкіметтің Арыс қаласы бойынша бөлімі орын алған төтенше жағдайдан кейін азаматтарға қызмет көрсетуін тоқтатпай, далалық жағдайда, арнайы құрылған штаб құрамында жұмыс істеді. Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес беріліп, ақпараттық анықтамалар мен бастапқы құжаттар пакеті ұсынылды. Қажет болған жағдайда мамандар азаматтарды құжаттандыру үшін көші-қон қызметі басқармаларымен жедел өзара іс-қимыл жасап, тиісті жұмыстар атқарды.

Сондай-ақ, Арыс қалалық ХҚО қаланың әлеуметтік нысандарының арасында алғашқылардың бірі болып аз уақыт ішінде ғимаратын жөндеуден өткізіп, өз жұмысын қалыпты жағдайда қайта жүргізген болатын.

«Азаматтарға арналған үкімет» Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде

«Азаматтарға арналған үкімет» Арыс тұрғындарының құжаттарын тегін рәсімдеуде

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметі

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезектi болдырмаудың баламасы бар

Ә. Балташева: ХҚО-лардағы кезектi болдырмаудың баламасы бар

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева ХҚО-лардағы кезектiң нелiктен туындайтынын айтып, онда бармаудың балама жолына тоқталды. Бұл туралы басқарма төрайымы фейсбуктегi ресми парақшасында жазды.

Әсемгүл Балташеваның айтуынша, фронт-офистердегi қызмет көрсету сапасына қатысты халықтың арыз-шағымы үнемi ескерiлiп отырады, корпорацияның әлеуметтiк желiлердегi ресми аккаунттарына келiп түсетiн өтiнiштер де бейжай қалмайды. Соңғы уақытта ХҚО-ларда үкен кезектiң туындауы да азаматтарды мазалайтын көрiнедi. «Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың қарасы екi есе өседi. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезектi демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тiркеуге тұрып, көлiктерiн сатып, жаңасын алуымен байланысты», — дейдi Ә. Балташева.

Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушiлердiң күрт өсуi мемлекетiмiздiң әлеуметтiк тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем берiп, олар үшiн әлеуметтiк бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсендi жүргiзуiмен де байланысты деп атап өттi басқарма төрайымы. Себебi жеңiлдiктердi қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшiн бiрқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшiн де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.

Сондай-ақ басқарма төрайымы елiмiздiң барлық мамандандырылған ХҚО-ларында туындаған кезек мәселесiне де тоқталып өттi. Оның айтуынша, ҚР IIМ-нiң енгiзген жаңашылдықтары 1 шiлдеден бастап көлiк иелерiн әбiгерге түсiрiп, қызметтердiң дер кезiнде көрсетiлуiне кедергi келтiрдi. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесiндегi ақау кезектiң туындауына алып келген. «Өз тарапымыздан бұл мәселенi шешу үшiн бiрқатар шара қабылдап, «соңғы клиентке» дейiн жұмыс iстеп, құжатты қабылдаушы мамандардың санын арттырдық, сондай-ақ автоХҚО-дан қала бағытына жүретiн тегiн автобустар ұйымдастырдық. Бүгiнде ондағы қызмет қалыпқа түсiп, жұмыс барысы реттелдi» — делiнген басқарма төрайымының фейсбуктегi ресми парақшасында.

Әсемгүл Серiкқызы бұл ретте мемлекеттiк қызметтердiң 71 пайызының электрондық форматқа өткенiн тiлге тиек етiп, азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды. Ол керектi анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенiмiн бiлдiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
баспасөз қызметi

Ақпараттық хабарлама
Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

Қазақстанның автоХҚО-лары қалыпты қызмет көрсетуде

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы еліміздің барлық облысындағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметтер мемлекеттік стандартта көрсетілген талаптарға сай, қалыпты тәртіпте көрсетіліп жатқанын хабарлайды. Бүгінде қызмет алушылардың көптігі Алматы қаласындағы мамандандырылған ХҚО-ларда ғана байқалуда. Бұл Алматы қаласында көліктерді алып-сататындардың көптігі мен жақын жатқан аймақ тұрғындарының автокөліктерін сонда қайта рәсімдеп, жүргізуші куәлігін ауыстыруға баратынымен байланысты.

ҚР ІІМ 1 шілдеден бастап мәліметтердің алмасуын қамтамасыз ететін жаңа веб-модулді іске қосуына байланысты, мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде ақау шығып, салдарынан барлық мамандандырылған ХҚО-ға келушілердің өтініштері дер кезінде қаралмай, үлкен кезек туындаған болатын.

Бұл ретте мемлекеттік корпорация өз тарапынан халық наразылығын басып, кезекті тарату үшін қосымша қызметкерлерді тартып, «соңғы клиентке» дейін жұмыс істеді. Халық ыңғайлығы үшін egov.kz порталы арқылы қызметті онлайн алуға көмектесетін кеңесші мамандар жұмылдырылды.

Айта кетейік, көліктерді қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алу қызметтері бойынша мамандандырылған ХҚО-ларда шілденің 1-8 аралығында 40 мыңға жуық қызмет көрсетілді, оның 9 мыңнан астамы тек Алматы қаласына тиесілі.

Заңды тұлғаларды тiркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тiркеу функциясы өттi. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшiн ҚР Әдiлет министрлiгiне жiберiлетiн. Бұл туралы facebook-тегi ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлiмдедi.

«Ендi бiз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттiк тiркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметтi атқару үшiн әдiлет министрлiгiнiң аймақтық бөлiмшелерiнен 98 қызметкер бiзге ауысты, оған қоса бiз 197 қызметкерiмiздi оқытудан өткiздiк» делiнген хабарламада.

Жаңа енген өзгерiстерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлiк қоғамдарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттiк қайта тiркеу, тарату, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк (қайта тiркеу) тiркеу қызметтерi, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi туралы құқықтық сараптаманы мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi жүргiзедi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар қызметiне өзгерiстер ендi. 1 шiлдеден бастап ондағы IIМ қызметкерлерiн Азаматтарға арналған үкiметтiң мамандары алмастырады. Көлiктi тiркеуге қою/алу, жүргiзушi куәлiгiне өтiнiштердi корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргiзiлетiн емтихандарды да автоЦОН қызметкерлерi өткiзедi. Өз кезегiнде, барлық қабылданған өтiнiштер IIМ-нiң арнайы құрылған бэк-офистерiне өңдеу үшiн онлайн түрде жiберiлiп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетiн тиып, мемлекеттiк қызметтердiң сапалы әрi жылдам көрсетiлуiне әсер етуi тиiс.

«Бұл ауқымды өзгерiстер мемлекеттiк қызметтердiң сапалы көрсетiлуiне оң ықпал етуi тиiс. Корпорациямыздың құзырына өткен мiндеттердiң өсуi — бiзге деген сенiмнiң артқаны деп бiлемiн», — деп атап өттi өз парақшасында Әсемгүл Балташева.

Заңды тұлғаларды тiркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкiметке» берiлдi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

ХҚО қызметкерлерi ендi азаматтарды мекенжай тiркеуiне қоя алады

ХҚО қызметкерлерi ендi азаматтарды мекенжай тiркеуiне қоя алады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Тәуелсiздiк даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан №4 ХҚО бөлiмiнде ендi азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша тiркеуiн миграция қызметкерлерiмен қатар халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерi де жүргiзе алады.

Пилоттық жоба шеңберiнде 17 маусымнан бастап елорданың Байқоңыр ауданында орналасқан ең iрi халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары қызмет алушыларға мекенжай бойынша тiркеуге тұру және тiркеуден шығу мемлекеттiк қызметтерiн көрсете бастады. Бұл қызметтiң жүргiзiлуiне тiкелей жауап беретiн ҚР IIМ миграциялық қызметi ХҚО мамандарына «Құжаттау және халықты тiркеу» ақпараттық жүйесiн қолдануға рұқсат берiп, арнайы оқыту шараларын өткiздi.

Пилоттық жоба iске қосылған он күн iшiнде аталған ХҚО-да тұрғылықты жер бойынша тiркеуге тұру қызметiн алушылардың кезегi 100-150-ден 2-7 адамға дейiн қысқарған.

Айта кетейiк, халыққа қызмет көрсету орталықтарында«құжаттау» (жеке басты куәландыратын құжаттарды рәсiмдеу, тұрғылықты жер бойынша тiркеуге қою/алу) қызметтерiн миграциялық полицияның 1-3 маманы көрсетедi. Елордадағы №4 ХҚО бөлiмiнде орналастырылған миграциялық қызметтiң 3 маманына ХҚО-ның тағы 3 операторы жүктеменi азайтуға көмектеседi, сондай-ақ қызмет алушылар саны тым көбейген шақта тағы 2 ХҚО қызметкерi жұмылдырылады.

Болашақта бұл пилоттық жоба Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының барлық Халыққа қызмет көрсету орталығын қамтиды деп жоспарланған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Заңды тұлғаларды тiркеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» жүргiзетiн болады

Заңды тұлғаларды тiркеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» жүргiзетiн болады

«Бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметiн реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» тиiстi Заң ағымдағы жылдың 2 сәуiрiнде қабылданған болатын.

Заңға сәйкес, заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (7 ұйымдық-құқықтық нысан) бойынша функциялар ҚР Әдiлет министрлiгiнiң қарамағынан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясына 1 шiлдеден бастап берiледi.

Шағын кәсiпкерлiк субъектiсiне жататын заңды тұлғаларды алғашқы тiркеу тiркеушi органның қатысуынсыз egov.kz электрондық үкiмет порталында электрондық форматта жүзеге асырылады.

Тiркеу iс-әрекетiнiң қалған түрлерi, атап айтқанда акционерлiк қоғамдарды, мемлекеттiк кәсiпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттiк қайта тiркеу, тарату, филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк (қайта тiркеу) тiркеу қызметтерi құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестiгi туралықұқықтық сараптама жүргiзудi талап етедi.

Сондықтан«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының заңгерлiк бiлiмi бар қызметкерлерi арнайы оқытудан өттi. Қызмет iске қосылғаннан бастап заңды тұлғаларды тiркеумен барлығы 295 адам айналысады, олардың 95-i қалалық филиалдардың, 166-сы аудандық бөлiмдердiң және 34-i филиал бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрiретiн болады.

Айта кету керек, функцияларды мемлекеттiк корпорацияның құзырына беру республикалық бюджеттен қаржыландырылмай жүзеге асырылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕ АҚ баспасөз қызметi

Цифрлы Қазақстан — цифрлы қазақстандықтар

Цифрлы Қазақстан — цифрлы қазақстандықтар

«Азаматтарға арналған үкiмет» екi мыңнан аса әкiмдiк қызметкерлерiн egov.kz электрондық үкiмет порталын пайдалану дағдыларына үйреттi. Олардың барлығы қысқа мерзiмдi курстан өткендiгi туралы сертификаттар мен жаттықтырушы атағын алды. Тыңдаушылар одан әрi аудан әкiмдiктерiнiң қызметкерлерiн, өз қалалары мен облыстарының тұрғындарын тегiн оқытады деп жоспарлануда, осылайша цифрлық сауаттылық сабақтарымен жарты миллион адам қамтылмақ.

Электрондық үкiмет пен е-мемлекеттiк қызметтердi пайдалануды оқыту «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының адами капиталды дамыту жобасы шеңберiнде жүргiзiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқармасының төрайымы Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның тiкелей қатысуымен азаматтарды цифрлық сауаттылыққа оқыту мақсатында«Электрондық үкiмет және электрондық мемлекеттiк қызметтер» тақырыбында арнайы оқу бағдарламасы әзiрлендi.

«Бiз ақпараттық технологиялар ғасырында өмiр сүрiп жатырмыз. Сондықтан, уақыт өте келе, электрондық қызметтердi алудың жаңа тәсiлдерiн игеру маңызды. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация өзiнiң кең инфрақұрылымы арқасында азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi өз бетiнше алудың маңыздылығын жеткiзiп қана қоймай, оларды пайдаланудың оңай жолдарын үйретiп, қызметтердiң барлығына бiрдей қол жетiмдiлiгiн көрнекi түрде көрсетiп келедi. Және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса бередi», — дедi Балташева.

Оқыту барысында жаттықтырушыларғамемлекеттiк қызметтердi алудан басқа базалық цифрлық дағдылар, электрондық сауда, ақпараттық қауiпсiздiк негiздерiне үйретiп, «Ашық үкiметтiң» пайдасы туралы айтылды. Сонымен қатар, қысқа мерзiмдi курстарда кемiнде жарты миллион қазақстандық цифрлық дағдыларын жоғарылатпақ.

Айта кету керек, 2018 жылы мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң үш мыңнан асақызметкерiн оқытып, ал олар өз кезегiнде 600 мыңнан аса адамды цифрлық дағдыларға үйреткен болатын.

Естерiңiзге сала кетейiк, бүгiнде барлық облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы электрондық қызмет көрсету орталықтарында (цифрлық ХҚКО) тақырыптық сабақтар өтетiн оқыту сыныптарыжұмыс жасайды. Мұнда бiлiмiн жетiлдiрген азаматтарға электрондық сертификаттар табысталады. Үстiмiздегi жылдың 5 айында цифрлық ХҚКО-ларда барлығы 167 мыңнан аса сертификат берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ
баспасөз қызметi

Ендi жаңа туған сәбидi проактив тәсiлмен мекенжай тiркеуiне қоюға болады

Ендi жаңа туған сәбидi проактив тәсiлмен мекенжай тiркеуiне қоюға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бала туылуына байланысты проактив тәсiлмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер тiзiмiне мекенжай бойынша тiркелу қызметiн қосты. Бұл қызмет мемлекеттiк корпорацияның бастамасымен ҚР IIМ мен Әдiлет министрлiктерi базаларының интеграциялануы нәтижесiнде жүзеге асып отыр.

Ендi жаңа босанған әйелдерге баланың туу туралы құжатын жасатып, балабақша кезегiне тұру және жәрдемақы алуға ұсыныс бiлдiретiн смс-хабарламамен бiрге жаңа туған сәбидi мекенжай тiркеуiне қоюға мүмкiндiк беретiн хабарлама қоса жолданады.

«Проактив тәсiлi азаматтарға ешқайда шықпай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алуға мүмкiндiк бередi. Жаңа технологиялар ендi ғана сәбилi болған ата-анаға ХҚО-ға бармай, баланың бар құжаттарын реттеуге көмектеседi. Керегi — телефонға келген смс-ке жауап беру ғана», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның төрайымы Әсемгүл Балташева.

Ереже бойынша дүниеге келген сәбидiң ата-анасының бiрiне екi апта iшiнде мекенжай тiркеуiне тұру жөнiнде смс-ұсыныс жолданады. Сұраққа оң жауап берiлген жағдайда баспана иесi өз мекенжайының тiркеу кодын енгiзуi тиiс. Пәтер не үй баланың ата-анасының атында болмаған жағдайда баспана иесiнiң ЖСН-i қоса жолданады. Бұл ретте, проактив тәсiлмен жолданатын смс-тердi алу үшiн баланың ата-анасының бiрi мiндеттi түрде мобильдi азаматтар базасында тiркелуi керек.

Айта кетейiк, 1,5 жыл бұрын iске қосылған проактив тәсiлiмен 70 мыңнан астам баланың туу туралы құжаты берiлiп, 13 мың бөбек балабақша кезегiне тұрғызылды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы
КЕАҚ баспасөз қызметi

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

Жетiм қалған 400-ден астам бала қамқоршылыққа алынды

2019 жылдың төрт айында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу» мемлекеттiк қызметi бойынша 402 қызмет көрсетiлдi.

Қамқоршылық пен қорғаншылыққа алу — жетiм және қамқорсыз қалған балаларды асырап алу мен патронатқа алудан мүлiктiк құқықтардың болуымен өзгешеленетiн бала алу формасы. Елiмiздiң заңнамасы бойынша ата-анасы бас тартқан немесе ата-ана құқығынан айырылу салдарынан, сондай-ақ ата-анасы қайтыс болып, жетiм не қамқорсыз қалған балалар қамқорлыққа алынады. Көп жағдайда баланың туысқандары қамқоршы атанып жатады, алайда туыстық қатынасы жоқ балаларды да қамқорлыққа алуға болады.

Баланы қамқорлыққа алатын азамат мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiнiң бiрiне келесi құжаттарды тапсыруы тиiс:

  • Өтiнiш пен жеке басын куәландыратын құжат;
  • Некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келiсiмi;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (оның жұбайы/зайыбының) табысы туралы анықтамасы;
  • Қамқорлыққа алушының (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйдi пайдалану құқығын растайтын құжаттарының көшiрмесi (тұрғын үйге меншiк құқығы болмаған жағдайда);
  • Баланың ата-анасыз қалғанын растайтын құжаттары;
  • Қамқорлықа алынатын баланың келiсiмi (10 жасқа толған болса).

Айта кетейiк, соттылығы бар, табысы аз не болмаса денсаулық жағдайы келмейтiн азаматтар баланы қамқоршылыққа ала аламайды.

Соңғы жылдары жетiм не қамқорсыз қалған балаларды қамқорлыққа алу көрсеткiшiнiң оң динамикасы байқалады. 2017 жылы қамқорлыққа алу бойынша 1069 мемлекеттiк қызмет көрсетiлсе, 2018 жылы фронт-офистер арқылы 1600 қызмет рәсiмделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

1 шiлдеден бастап жәрдемақы көлемi өседi

1 шiлдеден бастап жәрдемақы көлемi өседi

2019 жылғы 1 шiлдеден бастап мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға тағайындалатын жәрдемақы мен бала кезiнен I топтағы мүгедекке күтiм көрсететiндерге берiлетiн жәрдемақы көлемi өседi.

«Нұр-Отан» партиясының XVIII съезiнде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың берген тапсырмасына сәйкес, мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға берiлетiн жәрдемақы көлемi 30% өсуi тиiс.

Бүгiнде мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар күн көрiс көлемiнiң 1,05 мөлшерiнде 31 183 теңге жәрдемақы алып отыр. 1 шiлдеден бастап оның көлемi 10 395 теңгеге өсiп, 41 578 теңгенi құрайтын болады. Айта кетейiк, елiмiзде аталған екi жәрдемақы түрi 95 мыңнан астам адамға тағайындалған. Олардың 82 мыңға жуығы мүгедек баланы тәрбиелеп отырғандар болса, 13 мыңнан астамы бала кезiнен I топтағы мүгедектерге күтiм көрсететiндер.

Жылдың ортасынан бастап көлемi өсiрiлетiн жәрдемақының қайта есептелуiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерi мен Еңбек комитетiнiң аймақтық департаменттерi автоматты түрде жүзеге асырады, бұл үшiн жәрдемақы алушылар қосымша құжат тапсырмайды.

Жәрдемақы төлемдерiн тағайындау шiлденiң және келесi әрбiр айдың 1-нен 15-не дейiн жұмыс күндерi жүргiзiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ баспасөз қызметi

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жылжымайтын мүлiк нысандарын мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау жұмыстарын жүргiзетiн мамандары жыл басынан берi 102 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi. Оның iшiнде жылжымайтын мүлiктiң техникалық паспортын, оның көшiрмесiн беру қызметтерi бар.

Жылжымайтын мүлiк санатына жаңадан салынған және қолданыстағы үй-жайлар мен түрлi мақсаттағы ғимараттар, өзге де құрылыс нысандары жатады. Олардың техникалық сипаттамаларын құжаттандыру үшiн мамандар жылжымайтын мүлiктiң өлшемдерiн өлшеп, ғимараттардың әрбiр қабатының жоспарын сызады. Жұмыс барысында нысанның техникалық жағдайы ескерiлiп, құрылыста пайдаланылған материалдар сипатталады. Барлық жиналған ақпарат бойынша мәлiмет топтастырылып, техникалық паспортқа енгiзiледi.

Бүгiнде техникалық паспортты алу үшiн өтiнiмдi egov.kz порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы берiп, өлшеу жүргiзетiн техник маманды мекенжай бойынша шақыртуға болады. Техникалық паспорт жасату үшiн келесi құжаттар тiзiмi қажет: жеке куәлiк, жер учаскесiнiң сәйкестендiру құжатымен қоса нысанның құқық белгiлейтiн құжаты және қызмет үшiн төлемнiң жүргiзiлгенi жөнiндегi түбiртек. Жыл басынан берi төрт ай iшiнде 85 мыңға жуық техникалық паспорт ХҚО, 3 900-ден астамы электронды портал арқылы жасалып берiлдi.

Жылжымайтын мүлiк нысанының техникалық паспортын әзiрлеу уақыты мүлiк түрiне қарай әр түрлi мерзiмдi құрайды. Мысалы, пәтерлер мен жатақханадағы бөлмелерге құжат үш жұмыс күнi аралығында берiледi. Үйлер, гараждар, саяжайлардың техпаспорты жетi жұмыс күнi iшiнде әзiрленедi. Ал ауданы 1000 м2 дейiнгi нысандардың құжаты он күнде, 1000 м2 асатын жылжымайтын мүлiк техпаспорты жиырма жұмыс күнi аралығында дайын болады.

Жылжымайтын мүлiктi техникалық зерттеп-қарау мамандары 100 мыңнан артық қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы КЕАҚ

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетiлдi

Egovkzbot арқылы жарты миллион қызмет көрсетiлдi

Смартфондағы telegram қосымшасы арқылы мемлекеттiк қызметтер мен сервистердi қолжетiмдi еткен @egovkzbot қызметiне бiр жыл толды. Осы мерзiм аралығында аталмыш бот көмегiмен 534 мың қызмет көрсетiлдi.

Қолданушылар арасында танымал болған телеграм-бот 25 түрлi мемлекеттiк қызмет пен сервистердi алуға мүмкiндiк бередi. Жиi сұралатын анықтамалардың iшiнде мекенжай, соттылықтың болмауы, психиатриялық, наркологиялық диспансерлердiң анықтамалары бар. Бұған қоса кез келген азамат зейнетақы қорындағы салымы туралы ақпарат алып, өз үйiнде тiркелгендердiң тiзiмiн қарай алады. Egovkzbot-тағы сервистер арқылы дәрiгердiң қабылдауына жазылып, борышкерлер тiзiмiнде бар-жоғын тексерiп, бос жұмыс орындарын қарауға болады.

Egovkzbot-ты қолдану үшiн азаматтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс. Бұл үшiн кез келген ХҚО-ға жүгiнуге болады. Айта кетейiк, бiр жыл iшiнде онлайн қызметтер ботын пайдаланып үлгергендердiң саны 320 мыңнан асты.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
КЕАҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға салынған тыйымдардың бар/жоғын @EgovKzBot арқылы тексеруге болады

Кезектi еңбек демалысы қарсаңында шетелде демалып, туристiк сапарға шығуды жоспарлаған қазақстандықтар алдын ала борышкерлер тiзiлiмiнде бар/жоғын тексергенi абзал.

Мұны азаматтар бiрнеше тәсiл арқылы тексере алады. Солардың бiрi — Telegram қосымшасындағы @egovKzBot. Бот қызметiн таңдағаннан кейiн пайдаланушы «Борышкерлер тiзiлiмi және шет елге шығуға тыйым салынулар бойынша тексеру» сервисiне өтiп, жеке сәйкестендiру нөмiрiн енгiзуi қажет. Борышкерлер тiзiлiмiнде болмаған жағдайда, автоматтандырылған ақпараттық жүйе берiлген ЖСН бойынша ешқандай деректердiң табылмағаны жөнiнде хабарлама жiбередi. Бот арқылы сапарға бiрге шығатын туысқандарыңыздың не достарыңыздың да берешегiн тексеруге болады. Керектi ақпарат сұрау жiберiлгеннен кейiн бiрден көрсетiледi.

Айта кетейiк, бiр жыл бұрын iске қосылған @egovKzBot-ты 300 мыңға жуық қазақстандық қолданып үлгердi. Бот қызметiн пайдалану үшiн қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасында тiркелуi шарт. Бүгiнде ол базаға 6,8 млн. адам өз мәлiметтерiн енгiзген.

Сонымен қатар электронды цифрлық қолтаңба иелерi egov.kz порталындағы жеке кабинетi арқылы айыппұлдардың барын тексерiп, берешек анықталған жағдайда, портал арқылы қарызын өтей алады.

Естерiңiзге салайық, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуға шектеу салықтар, айыппұлдар немесе басқа адамдар алдында сотқа жүгiнуге дейiн апарған қарыздар, алименттер, сонымен қатар коммуналдық қызметтер бойынша берешектерi барларға қойылуы мүмкiн.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ баспасөз қызметi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

Мобильдi азаматтар базасына жыл басынан берi 1 млн. адам тiркелдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2019 жылдың алғашқы төрт айында 1,1 млн. аса азаматты мобильдi азаматтар базасына тiркедi. Осылайша аталмыш базаға тiркелген қазақстандықтардың саны 6,8 миллионға жуықтап отыр.

Мобильдi азаматтар базасына тiркеу ерiктi түрде жүргiзiледi, мұнда азаматтардың жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефон нөмiрi байланыстырылып, базаға енгiзiледi. Бұл арқылы дерекқорда жеке мәлiметтерi бар адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына бармай, бiрнеше мемлекеттiк қызмет пен сервистi онлайн түрде ала алады. Мәселен, базаға тiркелгендер egov.kz порталының құпиясөзiн ұмытқан жағдайда, ұялы телефондарына бiрретiк құпиясөзге сұрау жiбере алады. Смартфондағы mgov.kz қосымшасының 81 түрлi қызметiн қолдана алады. Жаңа босанған аналар проактивтi қызмет аясында, бала туылған шақта жiберiлген смске жауап беру арқылы туу куәлiгi мен жәрдемақының тағайындалуына өтiнiш берiп, бөбектi балабақша кезегiне қоя алады. Сонымен қатар базаға тiркелген азаматтар telegram-дағы egovkzbot көмегiмен 25 қызметтi емiн-еркiн қолдана алады. Бұл сервис ұялы телефон арқылы мекенжай, соттылықтың болмауы, диспансерлердiң есебiнде тұрмау туралы, жылжымайтын мүлiктiң болу/болмауы сияқты бiрқатар анықтаманы алып, дәрiгер қабылдауына жазылуға, ХҚО кезегiн онлайн брондауға, айыппұлдардың бар/жоғын тексеруге мүмкiндiк бередi. Аталмыш бот 2018 жылы iске қосылды. Осы уақытқа дейiн оны 300 мыңға жуық адам қолданып, 162 мың рет мекенжай анықтамасын алып үлгердi.

Қазақстандықтар мобильдi азаматтар базасының тiзiмiнде тiркелген/тiркелмегенiн egov.kz порталы арқылы тексере алады.     

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ СҚО
бойынша филиалының баспасөз қызметi
Тел.: 55-10-54

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерiнiң алғашқы құжатын проактив әдiсiмен алды

Жаңа босанған 63 мың ана сәбилерінің алғашқы құжатын проактив әдісімен алды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2017 жылдың желтоқсанында үш мемлекеттiк қызметтi бiр ғана смс хабарламаның көмегiмен алуға болатын проактив қағидасын енгiзген болатын.

Пилоттық жоба iске қосылғалы берi жаңа босанған жүз мыңнан астам анаға смс құттықтау жолданып, проактив тәсiлiмен баланың туу туралы куәлiгiн алу ұсынылды. Олардың 63 330 бiр мемлекеттiк қызметке тапсырыс берiп, сәбилерiнiң алғашқы құжатын онлайн өтiнiш берiп алды.

Айта кетейiк, пилоттық жоба шеңберiнде нәрестелi болған әйелдер смс хабарламаға жауап беру арқылы баланың туу туралы куәлiгiн рәсiмдеп, жәрдемақы алуға өтiнiш жолдап, баланы балабақша кезегiне қоя алады.

«Ендi ғана босанған әйелдерге халыққа қызмет көрсету орталығына бiрнеше рет барудың қажетi жоқ. Бұрын аналар бесiгiндегi баласын қалдырып, не оларды құндақтап ХҚО-ға келiп жүретiн. Цифрландыру заманында проактив әдiсi арқылы барлығын онлайн жүйелер арқылы жүзеге асыруға болады. Оны пайдалану үшiн аналар босанбас бұрын мобильдi азаматтар базасында тiркелуi тиiс», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Бүгiнде проактив әдiсi телеграм қосымшасындағы арнайы бот арқылы да қолжетiмдi. Мобильдi базаға тiркелген азаматшалар ұялы телефонының көмегiмен өздерi де жоғарыда аталған үш қызметке тапсырыс бере алады. 2018 жылдың қыркүйегiнде iске қосылған бот қызметiне 5,5 мыңға жуық әйел жүгiнген, олардың 4 842 балаларының туу куәлiгiн рәсiмдеген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
Қалтаңыздағы ХҚО — Азаматтарға арналған үкiмет мемлекеттiк қызметтердi смартфон арқылы алуды үйретуде

Қалтаңыздағы ХҚО – Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерді смартфон арқылы алуды үйретуде

21 ақпан Петропавл қ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы халықтың цифрлық сауатын арттыру бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бүгiнде азаматтарға электронды үкiмет порталы арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды оқытатын цифрлық ХҚО елiмiздiң барлық облысында ашылған. Бұған қоса халыққа қызмет көрсету орталықтарында смартфон арқылы мемлекеттiк қызметтердi алуды үйрететiн аймақтар ашылып жатыр.

ХҚО мамандары қызмет алушылардың телефондарына telegram мен Mgov қосымшаларын орнатып беруге көмектесiп, түрлi анықтамалар мен қызметтердi алу ретiн түсiндiрiп беруде.

Бүгiнде Telegram қосымшасындағы Egovkzbot арқылы 24 қызмет қолжетiмдi. Жүйе iске қосылған сегiз айдың iшiнде 140 мың адам оны қолданып үлгерiп, 160 мың рет түрлi анықтамаға өтiнiш берген. Мэссенджер қолданушылары 60 мың рет мекенжай, 20 мың рет соттылықтың болу/болмауы туралы анықтамаларды сұратқан. Өз кезгiнде, Mgov қосымшасы арқылы 90 мемлекеттiк қызметтi онлайн тәртiпте алуға болады. Смартфон иелерi бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн. рет жүктеп, 3,6 млн. қызмет алған.

«Онлайн болу — заман талабы. Қалтаңыздағы смартфон халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, сұранысқа ие мемлекеттiк қызметтердi жылдам алуға көмектеседi. Көрсетiлетiн электрондық қызметтер санының артуына байланысты мемлекеттiк корпорация халық арасында қызметтердi онлайн алуды үйрететiн шаралар өткiзiп, азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруда. Бұл қосымшаларды пайдалану үшiн мобильдi азаматтар базасында тiркелу мiндеттi. Оны ХҚО қызметкерлерi жүзеге асырады. Тәртiп бойынша қызмет алушының жеке сәйкестендiру нөмiрi мен ұялы телефоны байланыстырылып, базаға енгiзiлуi тиiс», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Айта кетейiк, осы уақытқа дейiн электронды үкiмет порталын өз бетiнше пайдалану дағдыларын 8 миллион қазақстандық игерген. Оған қоса, мемлекеттiк корпорация мамандары жергiлiктi әкiмдiктердiң 3,5 қызметкерiне egov.kz порталын пайдалануды үйретiп, олар өзге 686 мың азаматты оқытқан.

Бұдан бөлек, мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi апта сайын емхана, әскери бөлiм, жоғары оқу орындары мен өзге де мекемелерге барып, қосымшаларды пайдалану ретiн үйретiп отырады.

Анықтама: Бүгiнде реестрдегi 752 мемлекеттiк қызметтiң 506-сы, яғни 67% электрондық форматта қолжетiмдi. Жыл өткен сайын электрондық жолмен көрсетiлетiн қызмет саны өсiп отырады, 2020 жылы оның үлесi 90% құрауы тиiс. Айта кетейiк, бүгiнде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейi 77% жеттi. 2022 жылға қарай оны 83% дейiн арттыру көзделген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» КЕ
АҚ СҚО бойынша филиалының
баспасөз қызметi

Баспасөз хабарламасы
Қазақстанға келетiн шетелдiктер миграциялық ХҚО арқылы тiркеуге тұра алады

20 ақпан 2019 ж. Петропавл қ.

Қазақстанға келетін шетелдіктер миграциялық ХҚО арқылы тіркеуге тұра алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының миграциялық ХҚО-сы арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны толыға түстi. Ендi Қазақстан Республикасына уақытша келетiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар көшi-қон қызметтерi орталығының қызметiне жүгiне алады. Бұған дейiн бұл қызмет тек ҚР IIМ көшi-қон комитетi тарапынан көрсетiлетiн.

18 ақпаннан бастап көрсетiле бастаған жаңа қызмет түрiн пайдалану үшiн шетелдiк азаматтың өзiмен бiрге келесi құжаттары болуы тиiс:

  • ҚР аймағына кiруге визасы бар шетелдiктiң не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты;
  • Шекараны кесiп өткенi туралы белгiсi бар көшi-қон карточкасы;
  • Еркiн түрде жазылған қолдаухат.

Қызмет алушылар ҚР аймағына 6 айдан артық мерзiмге келетiн болса, қосымша толтырылған 2 мекенжайға келу парағын, келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны мен 3,5*4,5 көлемiндегi бiр фотосурет тапсыруы керек.

Миграциялық ХҚО арқылы шетелдiктер бiр күннiң iшiнде тiркеуге тұра алады. Мұндай орталық мемлекеттiк қызметтердi жылдам әрi еш кедергiсiз алуға мүмкiндiк бередi, жемқорлық әрекетiне жол бермейдi.

Жаңадан қосылған қызметтен бөлек, мұнда шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат беретiн құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетiндер жеке сәйкестендiру нөмiрiн рәсiмдей алады. Естерiңiзге сала кетейiк, елiмiздiң 13 қаласында көшi-қон қызметтерiнiң орталығы жұмыс iстейдi. Тағы төрт (Павлодар, Өскемен, Тараз, Түркiстан обл.) Миграциялық ХҚО жыл соңына дейiн ашылатын болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi

Шетелге шығуға тыйым салуды және әкiмшiлiк айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

Шетелге шығуға тыйым салуды және әкімшілік айыппұлдың болуын телефонда Telegram-bot арқылы тексеруге болады

07.02.2019 ж.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Telegram — @EgovKzBot мессенджерiнде 4 қызмет пен сервистiң iске қосылғанын хабарлайды.

Ендi боттың көмегiмен азаматтар:

  • бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының келiп түсуi мен қозғалысы туралы ақпаратты;
  • бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстi ескере отырып) жай-күйi туралы ақпаратты;
  • шетелге шығу шектелген борышкерлер тiзiлiмi және атқарушылық iс жүргiзу бойынша борышкерлер тiзiлiмi бойынша шетелге шығуға тыйым салудың болуын тексере;
  • тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны туралы мәлiмет ала алады.

Онлайн режимiнде ақпарат алу механизмi өте қарапайым және азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейдi.

Азаматтарға өз гаджетiнде Telegram мессенджерiнде қызметтер мен сервистердi пайдалану үшiн «Мобильдi азаматтар базасында» тiркелу қажет, яғни порталдың жеке кабинетiнде өз телефон нөмiрiн байлау қажет eGov.kz ескерту. Бұдан әрi бот-та iске қосуды жүзеге асыру (iздеу жолына @EgovKzBot деп енгiзу). Алдын ала анықталған командаларды жiберу арқылы қажеттi қызметтер мен сервистi таңдау, қажеттi деректердi енгiзу және мобильдi нөмiрге жiберiлген бiр реттiк паролдi енгiзу арқылы қызметтер мен сервистi алуды растау.

Бүгiнгi күнi Telegram-бот арқылы қолжетiмдi қызметтер мен сервистер саны 24 автоматтандырылған мемлекеттiк қызметке жеттi.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұған дейiн жоғарыда көрсетiлген қызметтер мен сервистердi алу мүмкiндiгi электрондық үкiмет порталында ұсынылған болатын eGov.kz ескерту.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметi
55-10-54

22 өңiрлiк ХҚО бөлiмiнде жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болады

22 өңірлік ХҚО бөлімінде жүргізуші куәлігін ауыстыруға болады

Елiмiздiң 11 облысы бойынша 19 аудандық және 3 қалалық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы аймақ тұрғындары жүргiзушi куәлiгiн ауыстыра алды. Онда көлiктi тiркейтiн және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру жұмыстарымен айналысатын аудандық әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан алу бөлiмiнiң мамандары қызмет көрсетедi. 2018 жылы аталған аудандық ХҚО-лар арқылы 12 мыңдай көлiк жүргiзушiсiнiң куәлiгi берiлген.

Бұл секторлар арқылы азаматтар мерзiмi бiтуге таяу жүргiзушi куәлiгiн жаңасына алмастыра алады, бұл ретте тиiстi емтихандарды тапсырып, медициналық тексерiстен өтудiң қажетi жоқ. Аймақ тұрғындары көлiк жүргiзу құжатын жоғалтқан жағдайда аталған ХҚО-ларда уақытша құжат ала алады. Оның жарамдылық мерзiмi 1 ай, кейiн «жоғалғанның орнына» белгiсiмен жаңа көлiк жүргiзу куәлiгi берiледi.

Бұл ретте көлiк жүргiзу құқығынан айырылған тұлғалар жүргiзушi құжатын қалпына келтiру үшiн тиiстi емтихандарды тапсыру керектiгiн еске саламыз.

Сондай-ақ астаналық көлiк иелерiнiң назарына жүргiзушi куәлiгiн мамандандырылған ХҚО-дан бөлек Тәуелсiздiк даңғ., 32 мекенжайындағы ХҚО-да алмастыруға болатынын хабарлаймыз.

Бұдан бөлек, көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру қызметiнiң электрондық үкiмет порталы арқылы жүзеге асыруға болатынын еске саламыз. Бұл үшiн көлiк жүргiзушiсiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасының болуы шарт. Портал арқылы өтiнiшпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суретi де жолданып, баж салығы төленедi. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң, (мобильдi азаматтар базасына тiркелген жағдайда хабарлама SMS түрiнде келедi) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын жүргiзушi куәлiгiн алып кетуге болады.

Жүргiзушi куәлiгiн ауыстыруға болатын аудандық ХҚО мекенжайлары

Облыс атауы Аудан атауы Облыс атауы Аудан атауы
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы
Ақмола облысы Есіл ауданы Жалағаш ауданы
Ақкөл ауданы Арал ауданы
Степногорск қаласы Жаңақорған ауданы
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Қармақшы ауданы
Талас ауданы Шиелі ауданы
ШҚО Жарма ауданы Павлодар облысы Ақсу қаласы
БҚО Қазталов ауданы СҚО Тайыншы ауданы
Бөрілі ауданы Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Түркістан облысы Түркістан қаласы
Осакаров ауданы Сайрам ауданы

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Мүмкiндiгi шектеулi балалары бар отбасылар тегiн психологиялық көмекке онлайн жүгiне алады

Мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар тегін психологиялық көмекке онлайн жүгіне алады

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк сала бойынша кеңес беретiн 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалу арқылы мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырғандар псилохологиялық көмек алу кезегiн брондай алады.

Мүгедектiгi бар балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық кеңес беретiн онлайн қолдау қызметiн құру жөнiндегi әрiптестiк келiсiм ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы және Қазақстан-Ресей медицина университетiнiң арасында 2015 жылы жасалған.

Онлайн қолдау қызметi құрылғалы берi барлық аймақтан 2,4 мың өтiнiш келiп түскен. Қоңыраулардың денi Алматы, Атырау және Түркiстан облыстарына тиесiлi.

1411 байланыс орталығына хабарласқандар онлайн көмек алу уақытын белгiлеп, кезекке тұрады. Медицина университетiнiң мамандарымен байланыс «Skype» бағдарламасы арқылы жүзеге асады, ол үшiн белгiленген уақытта krmu1411 аккаунтына онлайн қоңырау шалу қажет.

Мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата-аналарына психологиялық көмектi медицина университетiнiң психиатрия, жалпы медициналық психология және педагогика кафедраларының кәсiби мамандары бередi.

Психологтардың қызметiне жүгiну — балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламаларын таңдау бойынша ақылы мамандардың қызметiн төлей алмайтын және кәсiби мамандардың қабылдауына бара алмайтын шалғайдағы елдiмекендерде тұратын ата-аналар үшiн жақсы мүмкiндiк.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
баспасөз қызметi

Жаңа жылдық сыйлық ретiнде — Цифрлық ХҚО

Бүгiн Петропавлда Цифрлық ХҚО ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң басшысы Елена Степаненко, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары Мадияр Қожахмет және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов қатысты.

Цифрлық ХҚО — бұл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының құрған Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа үлгiдегi фронт-офисi. Азаматтар өз бетiнше, операторлардың көмегiнсiз өздерiне қажеттi қызметтердi ала алады. Келушiлердiң мұнда цифрлық сауатын арттыру мүмкiндiгi бар. Орталық кiреберiсiнде бөлiм қызметкерi кеңес беретiн ресепшн орналасқан, келушiлер күту секторында жайлы жиһазда отырып, цифрлық қызметтер туралы медиа ақпаратпен таныса алады. Мұнда, сондай-ақ өзiне-өзi қызмет көрсету — ConnectionPoint секторы бар, онда келушiлер өз бетiнше мемлекеттiк қызметтердi ала алады.

«Цифрлы ХҚО — бұл өңiр тұрғындары оператор мамандардың қатысуынсыз өз бетiнше электрондық мемлекеттiк қызметтердi ала алатын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жаңа нұсқадағы фронт-офисi. Цифрлық қызметтер орталығының жұмысы толығымен автоматтандырылған. Азаматтар электрондық цифрлық қолтаңба көмегiмен мемлекеттiк қызметтердi өз беттерiнше алып, керектi анықтамаларды өздерiнiң электрондық поштасына жолдай алады. Ал осы цифрлық қолтаңбаны қолдану тәртiбiн бiлмейтiндер үшiн арнайы цифрлық сауаттылық курстары өткiзiледi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының СҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Серiк Бейсенов.

Анықтама үшiн:

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы 2018 жылы өңiр тұрғындарына 859 мың мемлекеттiк қызмет көрсеттi, оның 329 мыңы электрондық түрде. Сонымен қатар 2018 жылы аймақта egov.kz электрондық үкiмет порталы арқылы өз бетiнше қызмет алу үшiн 179 мың электрондық цифрлық қолтаңба берiлдi. Цифрлық ХҚО М. Әуезов көшесi, 157 мекенжайында орналасқан.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

2019 жылғы 1-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының шығу кестесi

Қантар

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Ломоносовский а/о., Ломоносовское а.

2019 ж. 16.01

2019 ж. 21.01

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Габдулов Ш.Н.

Ргебаев А.А.

Кожахметова М.К.

Рузаевский а/о., Рузаев а.

2019 ж. 17.01

2019 ж. 22.01

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Пугачева Ю.В.

Ақпан

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ
1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Салкынкольский а/о., Салкынкол а.

2019 ж. 1.02

2019 ж. 7.02

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Назымбек Н.К.

Ргебаев А.А.

Кожахметова М.К.

Тахтабродский а/о., Тахтаброд а.

2019 ж. 4.02

2019 ж. 8.02

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Умеркулова А.С.

Наурыз

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Андреевский а/о., Андреев а.

2019 ж. 11.03

2019 ж. 15.03

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Альмуканова А.А.

Ргебаев А.А.

Кожахметова М.К.

Рузаевский а/о., Рузаевка а.

2019 ж. 12.03

2019 ж. 18.03

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Пугачева Ю.В.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тiлектер шыршасы» орнатылды

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Тілектер шыршасы» орнатылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы фронт-офистерiнде «Тiлектер шыршасын» орнатты. ХҚО-ға мемлекеттiк қызмет алуға келушi кез келген азамат шыршаға iлiнген бала тiлегiн орындап, шатыққа бөлей алады.

Жаңа жыл қарсаңында Мемлекеттiк корпорация бастамасымен аймақтардағы ХҚО-да «Тiлектер шыршасы» орнатылды. Онда тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалардың арман-тiлектерi жазылған хаттар iлiнген. «Бұл бастаманы бiз былтыр алғаш рет Алматы мен Астана қалаларында ғана өткiзiп, 60 баланың тiлегiн жүзеге асырдық. Балаға қуаныш сыйлап, армандарын орындауға ниеттi жомарт жандардың көп екенiн бiлемiз, сондықтан бұл шараны биыл бiз барлық облыстағы фронт-офистерде өткiзудi жөн көрдiк. Балалардың сұрататындары өте қарапайым дүниелер. Сыйлықты әперушi азамат бүлдiршiндi шат-шадыман әсерге бөлеп қана қоймай, жан жылуымен бөлiсiп, бала үмiтiн ақтайды, армандарына қанат бiтiредi», — дейдi мемлекеттiк корпорацияның басқарма төрағасы Аблайхан Оспанов.

Шыршаға тiлек жазушы балалар аймақтардағы әкiмдiктер мен қайырымдылық қорларының ұсынысымен таңдап алынған, олардың арасында көп балалы отбасылар да бар. Әр шыршаға шамамен 20-30 бүлдiршiннiң тiлек хаты iлiнген, ондағы балалардың «Аяз атадан» сұрап жатқан сыйлықтары да әртүрлi. Мысалы, қарағандылық 10 жасар Бексұлтан сырғанайтын конькидi қалайды, ал болашақта ақын болуды армандайтын талдықорғандық Диана А.С. Пушкиннiң өлеңдер жинағын алғысы келедi.

ХҚО-ға келушi кез келген азамат қалауынша хаттың бiрiндегi тiлектi орындай алады. Қайырымдылық жасап, бүлдiршiндердiң армандарын орындаған азаматтардың сыйлығы ХҚО-да арнайы мерекелiк шара барысында табыс етiлетiн болады.

Жаңа жыл мерекесi қарсаңында баланың iзгi тiлегiн орындап, әлеуметтiк маңызы зор бастаманы қолдауға шақырамыз. «Тiлектер шыршасы» орнатылған ХҚО мекенжайы: Петропавл қ., №1 ХҚО бөлiмi, Әуезов к-сi, 157.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
Коммерциялық емес
Акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

2018 жылғы 4-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының шығу кестесi

Қазан

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ
1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Шукыркольский а/о., а. Шукырколь 2018 ж. 02.10 2018 ж. 08.10 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 с. Абаев А.К.

Ргебаев А.А.

Кожахметова М.К.

Дружбинский а/о., а. Дружба 2018 ж. 03.10 2018 ж. 09.10 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 с. Черемухина Т.А.

Қараша

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Тахтабродский а/о, а. Тахтаброд

2018 ж. 14.11

2018 ж. 19.11

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 с. Умеркулова А.С.

Ргебаев А.А.

Кожахметова М.К.

Салкынкольский а/о, а. Салкынколь

2018 ж. 15.11

2018 ж. 20.11

2 10:00 с. Назымбек Н.К.
  Барлығы 4 елді мекен   4        

Желтоқсаң

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азаматтарды қабылдау орны Азаматтарды қабылдау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ ХҚКО жауапты қызметкерінің ТАӘ
1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Андреевский а/о., а. Андреевка 2018 ж. 03.122018 ж. 07.12 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 с. Альмуканова А.А.

Ргебаев А.А.

Кожахметова М.К.

Рузаевский а/о., а. Рузаевка

2018 ж. 04.12

2018 ж. 10.12

2 Акимат сельского округа 10:00 с. Пугачева Ю.В.

Баспасөз релизi
2018 ж. 6 желтоқсан Петропавл қ.

СҚО еңбек мигранттары көшi-қон орталығына жүгiне алады

СҚО еңбек мигранттары көші-қон орталығына жүгіне алады

Бүгiн Петропавл қаласында Көшi-қон орталығы өз есiгiн ашты. Мигранттар үшiн осы маңызды Орталықты «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ-мен бiрлесiп таныстырды. Мұндай орталықтар Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Орал және Қостанайда жұмыс iстеуде.

Ресми ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң мемлекеттiк қызметтер басқармасының басшысы Болат Еңсегенов, Көшi-қон қызметiнiң басшысы Абилов Талғат  және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Еркiн Жұмабай қатысты.

Петропавл қаласының тұрғындары үшiн ХҚО-ның негiзгi мамандануы — еңбек мигранттарына жұмыс iстеуге рұқсат беру және қайта рәсiмдеу болып табылады. Қазiргi уақытта Петропавл қаласына келген шетел азаматтары бiр жұмыс күнi iшiнде «бiр терезе» қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтердi ала алады. Бұған дейiн шетелдiктер жұмыс iстеуге рұқсат алу үшiн бес күн жүрсе, ендi рұқсатты бiр сағаттың iшiнде рәсiмдей алады. Ендi мигранттар бiр ғимараттың iшiнде электрондық кезек арқылы қызметтердi ала алады.

«Бұл жерде медициналық тексерiс пен дактилоскопиядан өтiп, сақтандыру полисiн рәсiмдеуге және жеке сәйкестендiру нөмiрiн алуға болады, сонымен қатар Көшi-қон орталығының қолайлы жағдайлары құжаттарды рәсiмдеудiң барысын мигранттар үшiн барынша ыңғайлы етедi», — дедi Еркiн Жұмабай.

«Мечта» ТК (Жамбыл к-сi, 71 А) ғимаратында орналасқа Көшi-қон ХҚО-да «бiр терезе» қағидаты бойынша қызметтердi алудан бөлек, мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға кедергiсiз және ыңғайлы пайдалану үшiн барлық жағдайларлар жасалған. Ғимараттың кiреберiсi мүгедектерге арналған сырғыма баспалдақпен және қызметкерлердi шақыру түймесiмен жабдықталған. Мемлекеттiк қызметтердi мигранттар күнделiктi (сенбi, жексенбi және мереке күндерiнен басқа) сағат 09:00-ден 18:30-ға дейiн түскi үзiлiссiз ала алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» МК КЕ АҚ
Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының
PR-менеджерi Нургалиев Ерназар
Тел: 8-775-443-91-09

Зейнеткерлiкке бiр ғана өтiнiшпен

Зейнеткерлiкке бiр ғана өтiнiшпен

2018 жылдың қазан айынан бастап зейнеткерлiк жасқа жеткендер үшiн зейнетақыны рәсiмдеу тәртiбi жеңiлдетiлдi. Ендi зейнеткерлiкке байланысты төлемдер тағайындау бойынша барлық мемлекеттiк қызметтер «бiр өтiнiш» принципi бойынша «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн болады.

Бұған дейiн зейнеткерлiк жасқа жеткен азамат ХҚО-ға келiп зейнеткерлiк жасқа жетуi және базалық зейнетақы төлеу туралы 2 өтiнiш беретiн, әрi бiр айдан кейiн қайтадан мемлекеттiк кепiл төлем жасау туралы өтiнiш жазып, сосын Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төлемдердi төлеу жайлы тағы бiр өтiнiш беретiн. Ендi осы 4 қызмет үшiн ХҚО-ға бiр-ақ рет келiп, бiр ғана өтiнiш тастаса жеткiлiктi.

Композиттiк қызмет құрамына жасына байланысты зейнетақы тағайындау, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемдерi және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлеу қызметтерi кiрiп отыр. Бұдан басқа, (инфляцияның деңгейi мен зейнетақы жинақтарының сомасын ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарнасы, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарнасы соммаларының арасындағы айырмасы) мемлекеттiк кепiлдi төлемдердi төлеу проактивтi түрде — адамның мiндеттi қатысуынсыз жүзеге асырылады.

Айта кету керек, 2018 жылдың 9 айында мемлекеттiк корпорацияның мамандары зейнеткерлiк жасына жеткендер бойынша 67 374 төлем, сондай-ақ 76 643 базалық зейнетақы мен 51 571 мемлекеттiк кепiлдiк төлемдерiн рәсiмдедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Жүргiзушi куәлiгiн онлайн ауыстыру жеңiлдетiлдi

Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру жеңілдетілді

Egov.kz электрондық порталы арқылы жүргiзушi куәлiгiн алу механизмi жеңiлдей түстi. Ендi азаматтар жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру үшiн онлайн өтiнiм жолдаған кезде екiншi деңгейлi банк арқылы мемлекеттiк бажды төлегенi туралы чектiң мәлiметтерiн енгiзсе жеткiлiктi.

Ол үшiн қызметке онлайн тапсырыс берген кезде төлем қадамында «бұрын төлендi» деген белгi қою керек. Кейiн чек бойынша мына деректердi енгiзу қажет: салық органы, банктiң БСК, төлем күнi, КБК, ТТК және төлем сомасы. Содан кейiн табылған чектi таңдап және ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет.

Бұрын бұл қызметтi портал арқылы алғанда, онлайн өтiнiм жiберген кезде ғана төлеу керек болатын.

Еске сала кетейiк, жүргiзушi куәлiгiн онлайн алу қызметi биыл наурыз айында iске қосылды. Қызметтi алу үшiн қолданушы egov.kz арқылы өтiнiм толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын қою керек. Өтiнiмге фотосурет және қолтаңбаның скан-көшiрмесiн тiркеу қажет. Кейiн дайын хабарлама мен төлем чегi қағазға басып шығарылып, тұрғылықты жерi бойынша мамандандырылған ХҚО-ға ұсынылады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕАҚ Баспасөз қызметi

Мемлекеттiк қызметтердi видеоқоңырау арқылы алуға болады

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы CISCO компаниясымен бiрге мемлекеттiк қызметтердi қашықтықта онлайн тәртiпте ұсыну жобасын жасады. Ендi 20 мемлекеттiк қызметтi видеобайланыс арқылы алуға болады.

Желiлiк технологиялар видеоқоңырау арқылы 1414 бiрыңғай байланыс орталығына хабарласып, қызметтердi алуға өтiнiм жасауға мүмкiндiк бередi. Осы жоба арқылы бiрқатар ақпараттық анықтамаларға — мекенжай, соттылықтың бар-жоғы, зейнетақы төлемдерi, тiркелген құқықтар, жылжымайтын мүлiктiң бар-жоғы туралы және тағы басқа да анықтамаларға қол жеткiзуге болады. Сондай-ақ видеоқоңырау арқылы электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алуға өтiнiм берiп, мобильдi азаматтар базасына тiркелуге болады.

Пилоттық жоба Астана қаласында — Сығанақ көшесi, 29 үйде орналасқан «Жилстройбанк» бөлiмiнде, «Қазпошта» цифрлық бөлiмдерiнде, Бейбiтшiлiк көшесi, 25 үйде орналасқан жұмыспен қамту орталығында, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Мега парк» сауда үйiнде iске қосылды. Жуырда Мәскеудегi Қазақстан Республикасының елшiлiгiнде және Астана LRT аумағында жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметтер тiзiмi:

  1. БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру;
  2. Тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру;
  3. Бас Прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнiң есептерi бойынша мәлiмет беру;
  4. МГОВта тiркелу;
  5. Жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) туралы анықтама беру;
  6. Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама беру;
  7. Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiктерiн беру және керi қайтару (ЭЦҚ растау);
  8. Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру;
  9. Тiркелген заңды тұлға, филиал немесе өкiлдiк туралы анықтама беру;
  10. Заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  11. Жеке тұлғаның басқа заңды тұлғаларға қатысуы туралы анықтама беру;
  12. Заңды тұлғаны әрекетсiз заңды тұлға деп немесе оның қатысушыларын әрекетсiз заңды тұлғаларға қатысы бар деп тану туралы анықтама беру;
  13. Заңды тұлғаның барлық тiркелген әрекеттерi туралы анықтама беру;
  14. Көрсетiлген мерзiмге заңды тұлғаның тiркелгенi туралы анықтама беру;
  15. Құрылтай құжаттарына соңғы толықтырулар мен өзгерiстердiң енгiзiлгенi туралы анықтама беру;
  16. Заңды тұлғаның үлесiне салынған ауыртпалықтар (тыйым салу) туралы анықтама беру;
  17. Заңды тұлғаларды тiркеу (қайта тiркеу) туралы, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы анықтама беру;
  18. ЭЦҚ алуға өтiнiм беру.

Мемлекеттік қызметтерді видеоқоңырау арқылы алуға болады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi туу туралы куәлiкке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады

Енді туу туралы куәлікке телеграм-бот арқылы тапсырыс беруге болады

EgovKzBot телеграмм-боты арқылы ұсынылатын мемлекеттiк қызметтердiң тiзiмi тағы екi қызметке толықты.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ iске қосқан бот арқылы бұған дейiн 13 мемлекеттiк қызмет пен сервис, соның iшiнде 7 кең таралған анықтама, әлеуметтiк мәртебенi тексеру мен базалық зейнетақы төлемiнiң көлемi туралы ақпарат алу, емханаға тiркелу, дәрiгерге жазылу және дәрiгердi үйге шақырту, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында (ХҚО) кезектi брондау қызметтерi қолжетiмдi болған.

Ендi бот арқылы өзiңiзге жақын жерде орналасқан ХҚО туралы бiлiп, сондай-ақ бала тууға байланысты проактивтi қызметтердi алу мүмкiндiгi туды. Басқаша айтқанда, туу туралы куәлiкке тапсырыс беру, бала туу бойынша жәрдемақыларды рәсiмдеу және сәбидi балабақшаға кезекке қою тiптi жеңiлдей түстi.

Естерiңiзге саламыз, мемлекеттiк қызметтердi телеграм-бот арқылы алу үшiн «Мобильдi азаматтар базасына» тiркелу қажет, яғни eGov.kz порталындағы жеке кабинетте телефон нөмiрiңiздi ЖСН-ге бекiтiп, өз гаджетiңiздегi Telegram мессенджерiнде ботты iске қосу керек.

Сосын алдын-ала белгiленген командаларды жолдап, SMS-кодпен растау арқылы анықтамалар мен сервистер туралы ақпаратты сұрата аласыз. Сондай-ақ барлық ақпаратты қолданушының электрондық поштасына жолдау мүмкiндiгi де қарастырылған.

eGov.kz порталының 2018 жылғы мамырда iске қосылған телеграм-боты арқылы қазақстандықтар шамамен 14 мыңдай мемлекеттiк қызмет алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» қазақстандықтарды бiрлесiп жұмыс iстеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы www.gov4c.info ресми сайтында мемлекеттiк қызмет көрсету бизнес-процесiн жетiлдiру бойынша қазақстандықтардың ұсыныс-тiлектерiн қабылдауға мүмкiндiк беретiн «Краудсорсинг» жобасын iске қосты.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорацияға басқарма төрағасының блогы, әлеуметтiк желiлер және керi байланыстың басқа да арналары арқылы азаматтардан түрлi проблемаларды шешу, сондай-ақ сервистердi жетiлдiру бойынша көптеген өтiнiш-ұсыныстар түсiп жатыр. Ендi ықылас танытқан әрбiр азаматтың мемлекеттiк қызмет көрсету саласына қатысты ұсыныс-талабы арнайы жоба аясында қабылданатын болады.

Жобаны енгiзушiлер қазақстандықтардың фронт-офис жұмысын жақсартып, электрондық сервистердi жетiлдiру бойынша инновациялық идеяларын күтедi. Мемлекеттiк қызмет көрсету саласын дамытып, корпорацияның жұмыс сапасын арттыруға бағытталған ұсыныс-тiлектердiң барлығын осы «Краудсорсингте» қалдыруға болады.

Ұсыныс-тiлектердi мемлекеттiк корпорация қызметкерлерiнен құрылған комиссия сараптамадан өткiзiп, таңдаулы ұсыныстар кең талқыланып, жүзеге асырылады.

Ұсыныс қалдыру үшiн https://www.gov4c.info/ сiлтемесi арқылы өтiп, арнайы форманы толтыру қажет. Сайт қолданушылары қалдырылған ұсыныстарды талқыға салып, пiкiрлер жазып, тiптi бағалай алады.

«Азаматтарға арналған үкімет» қазақстандықтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртiбi жеңiлдетiлдi

ХҚО-да электрондық цифрлық қолтаңба беру тәртібі жеңілдетілді

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жеке тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру процесiн жеңiлдеттi. Бұл үрдiс «бiр терезе» қағидаты бойынша пилоттық тәртiпте жүзеге асуда.

Ендi ЭЦҚ алу үшiн ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының (pki.gov.kz) порталы арқылы алдын-ала өтiнiм берiп, жеке тұлғаны растау үшiн ХҚО-ға барудың қажетi жоқ. Бiрден ХҚО-ға келiп, электрондық кезек талонымен маманға тiкелей жүгiнсе, оператор барлық қажеттi өтiнiмдер мен операцияларды өзi орындайды. Барлық процесске шамамен 5 минут уақыт кетедi.

Қызмет алушы өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат пен usb тасымалдаушыны әкелуi тиiс.

Ал заңды тұлғалар ЭЦҚ-ны жеңiлдетiлген үрдiспен қазан айының соңында ала бастайды.

Айта кету керек, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офистерi арқылы биылғы жылдың 8 айында 4,5 миллионға жуық ЭЦҚ берiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

2018 жылғы 3-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалының шығу кестесi

Шiлде

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Ломоносовский а/о., Ломоносовское а.

2018 ж. 13.07

2018 ж. 19.07

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Габдулов Ш.Н.
Рузаевский а/о., Рузаев а.

2018 ж. 16.07

2018 ж. 20.07

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Пугачева Ю.В.

Тамыз

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ
1 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Возвышенский а/о., Возвышенка а.

2018 ж. 02.08

2018 ж. 7.08

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Яшина Т.И.
Андреевский а/о., Андреевка а.

2018 ж. 03.08

2018 ж. 8.08

2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Альмуканова А.А.

Қыркүйек

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсету ге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты Әкімдіктің жауапты қызметкерінің ТАӘ
2 «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының бөлімі Шукыркөл а/о., Шұқыркөл а. 2018 ж. 12.09 2018 ж. 17.09 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Абаев А.К.
Дружбинский а/о., Дружба а. 2018 ж. 13.09 2018 ж. 18.09 2 Ауылдық округ әкімдігі 10:00 Черемухина Т.А.

Ақпарат
Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзiмi қысқартылды

Премьер-министрдiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтың төрағалығындағы Мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу бойынша ведомствоаралық комиссия ҚР Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмiн қысқарту жайлы шешiм қабылдады.

Ендi үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжаты бұрынғыдай 15 күнтiзбелiк күнде емес, 8 жұмыс күнiнен кейiн берiлетiн болады.

Үшiншi елдермен сауда-саттықта тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылатын шифрлау (криптографиялық) құралдарын әкелуге, әкетуге және олардың транзитiне қорытынды беру құжатын беру мерзiмi да 15 күнтiзбелiк күннен 8 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың сипаттамасы туралы нотификацияларды тiркеу жұмыстары да ендi 10 жұмыс күнi орнына 5 жұмыс күнi iшiнде орындалатын болады.

Шифрлық құралдарды әкелуге рұқсат беру мерзімі қысқартылды

Биыл тағы да 19 проактивтi қызмет iске қосылады

Биыл жыл соңына дейiн 12 өмiрлiк жағдай бойынша 19 мемлекеттiк қызмет SMS арқылы ұсынылып, проактивтi қызметтер саны арта түседi. Бұл туралы бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Сондай-ақ ол мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы проблемалық мәселелердi көтердi.

Халықаралық сарапшылардың қатысуымен өткен «Қазақстанда «Электрондық үкiмет» пен мемлекеттiк қызметтердiң дамуы» атты дөңгелек үстел барысында А. Оспанов цифрландыру аясында жүзеге асып жатқан проактивтi қызмет көрсетудiң маңыздылығын атап өттi. «ТМД елдерi бойынша Қазақстан проактивтi қызметтердi алғашқы болып енгiздi. Былтыр бiз бала туу бойынша мемлекеттiк қызметтер кешенiн проактивтi тәсiлмен ұсына бастадық. Азаматтардың қажеттiлiгiн алдын ала болжап, уақыттарын үнемдейтiн аса қолайлы қызметке деген қызығушылық күн сайын артып келедi. Бүгiнгi таңда жаңа босанған 157 мыңға жуық әйелге SMS-ұсыныс жiберiлдi. Жуырда әлеуметтiк мәселелер бойынша тағы да бiрқатар қызметтердi проактивтi нұсқада, яғни SMS-хабарлама арқылы көрсететiн боламыз», — дедi ол.

Атап айтсақ, жүктiлiкке, бала асырап алуға, мүгедектiктi белгiлеуге, көпбалалы аналарға жәрдемақы тағайындауға, қайтыс болуды тiркеуге байланысты мемлекеттiк қызметтер проактивтi тәсiлмен, яғни телефонның SMS-хабарламасы арқылы рәсiмделетiн болады. Сондай-ақ мемлекеттiк кепiлдiктердi төлеу, жылжымайтын мүлiктiң сипаттамасын өзгерту, атқарушылық iс жүргiзудi қозғау жұмыстары және бiлiм беру саласындағы қызметтер кешенi де проактивтi нұсқада ұсынылады.

Сонымен қатар мемлекеттiк корпорация басшысы мемлекеттiк қызмет көрсету саласындағы өзектi мәселелерге де тоқталды. «Елiмiзде жаппай цифрландыру үрдiсi жүрiп жатқанына қарамастан, мемқызметтердiң 51 пайызы әлi күнге дейiн қағаз жүзiнде ұсынылады, оның үстiне қазақстандықтар қызметтердi электрондық нұсқада алуға айтарлықтай тiлек танытпай отыр. Сондай-ақ бiр қызметтi алу үшiн басқа бiр қызметке жүгiну қажет және азаматтар 311 қызмет бойынша бiздiң фронт-офистерге бiрнеше рет келуге мәжбүр. Бұл орайда қашықтан қызмет көрсету процесi бойынша әлi де қарапайым және қауiпсiз механизмнiң жоқ екендiгiн айту керек», — деп ой түйдi Абылайхан Оспанов.

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

Биыл тағы да 19 проактивті қызмет іске қосылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

Автокөлiктi онлайн тiркеу сервисi iске қосылды

Автокөлікті онлайн тіркеу сервисі іске қосылды

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ҚР IIМ және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бiрлесiп, электрондық үкiмет порталында жаңа сервистi пилоттiк режимде iске қосты. Ендi қазақстандықтар автокөлiктерiн онлайн тәртiпте тiркей алады.

Егер азаматтың электрондық-цифрлық қолтаңбасы болса, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы немесе IIМ тiркеу-емтихан бөлiмшелерiне бармай-ақ,автокөлiктерiн электрондық үкiмет порталында рәсiмдей алады.

«Ведомствоаралық комиссияның аясында бiз мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмыстарын жүргiзудемiз. Автокөлiктердi тiркеу қызметiне деген сұраныс қарқынды түрде өсiп келе жатқандықтан, бiз бұл қызметтi электрондық нұсқаға ауыстыру туралы ұсыныс жасадық. Бұл жаңашылдық қызмет алушылардың уақытын үнемдеп қана қоймай, сондай-ақ мамандандырылған ХҚО-дағы жүктеменi азайтуға мүмкiндiк бередi. Мәселен, бiздiң корпорация арқылы биылғы бес айда автокөлiктi тiркеу және қайта тiркеу бойынша 745 592 қызмет көрсетiлдi», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» басқармасының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Портал арқылы өтiнiм бергенде, ешқандай құжаттың скан-нұсқасын ұсынудың қажетi жоқ, себебi қажеттi мәлiметтердiң барлығы ақпараттық жүйелер арқылы алынады.

«Бұған дейiн көлiктi сатушы мен сатып алушы өтiнiм беру үшiн бiр уақытта «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне барып, қажеттi құжаттарды тапсыруы тиiс едi. Ендi азаматтар өтiнiмдi үйден шықпай-ақ, онлайн тәртiпте жолдай алады. Электрондық үкiмет порталы арқылы бiз алдағы уақытта тағы да бiраз мемелкеттiк қызметтердi алу процесiн жеңiлдетпекпiз», — дейдi «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов.

Қызметтi онлайн алу үшiн egov.kz порталында авторизациядан өтiп, сатылатын көлiк жайлы ақпаратты енгiзiп, айыппұлдар мен салық төлемдерiн, техникалық жағдайынтексеруге сұраныс жолдау керек. Егер қарыздар болса, электрондық портал арқылы өтеуге болады. Мұнан кейiн автокөлiктi сатып алушы азамат электрондық үкiмет порталындағы жеке кабинетi арқылы сатушы қалдырған өтiнiммен танысып, айыппұлдарды тексергеннен кейiн нөмiр белгiсiне, көлiк құралын тiркеуге және тiркеу туралы куәлiкке төлем жасай алады. Сатып алушы өзiнiң ЭЦҚ-мен смарт-келiсiмдi растаған соң мамандандырылған ХҚО-ға нөмiр белгiсiн алып кету үшiн ғана келедi. Сондай-ақ нөмiрдi үйге жеткiзу қызметiне де тапсырыс беруге болады.

Еске сала кетейiк, биылғы мамыр айынан бастап ҚР IIМ автокөлiктi тiркеу кезiндегi салыстыруды алып тастаған болатын. Ендi есептен шығару немесе көлiктi тiркеу кезiнде нөмiрлiк агрегатты тексертудiң қажетi жоқ. Мұндай талап тек көлiктi алғашқы рет тiркегенде қойылады.

Сондай-ақ жүргiзушi куәлiгiнiң мерзiмi өткенге дейiн ауыстыру немесе жоғалтып алған жағдайда медициналық тексерiстен өтудiң және психиатр, наркологтан анықтама әкелудiң қажетi жоқ. Ал азаматтың ЭЦҚ-сы болса, жүргiзушi куәлiгiн электрондық үкiмет порталы арқылы онлайн тәртiпте ауыстыруға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы өседi

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап Қазақстанда зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай базалық төлемдер қайта есептелетiн болады. Базалық зейнетақы азаматтар жалпы белгiленген зейнеткерлiк жасқа толған уақыттан бастап қана тағайындалады. Бұл өзгерiстер зейнеткерлiкке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледi.

Қазiргi таңда Қазақстанда мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi 15 274 (ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54%) теңгенi құрайды. Бұл төлемақының көлемi еңбек өтiлiне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшiн бiрдей.

2018 жылғы 1 шiлдеден бастап мемлекеттiк базалық зейнетақы көлемi зейнетақы жүйесiне қатысу өтiлiне қарай қайта есептеледi. Есептеу барысында тұлғаның 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi ынтымақты зейнетақы өтiлi мен содан кейiнгi жинақталған өтiлi ескерiледi.

Егер адамның жұмыс өтiлi болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақының мөлшерi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 54% пайызын құрайды. 10 жылдан асқан әр жылдың жұмыс өтiлi үшiн базалық зейнетақы 2 пайызға өседi. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтiлi болса, базалық зейнетақы көлемi ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтiлi — 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтiлi 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң 100 пайызын, яғни 28 284 теңгенi құрайды.

Зейнетақы өтiлiне ынтымақты жүйеде атқарған еңбек өтiлi (1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн), мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңдi қамтитын жинақтаушы өтiлi, 3 жасқа дейiнгi бала күтiмi, бала кезiнен мүмкiндiгi шектеулi тұлғаның 16 жасқа дейiнгi күтiмi, әскери қызметтегi, арнайы мемлекеттiк органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бiрге тұрған кезең және т.б. кiредi.

Бұл өзгерiстер зейнеткерлiкке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шiлдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледi. Айта кету керек, мемлекеттiк базалық зейнетақыны қайта есептеу процесi автоматты түрде жүргiзiледi, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгiнудiң немесе құжат тапсырудың қажетi жоқ.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы қызмет түрлерiне тең қол жеткiзудi қамтамасыз етедi

Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның мүмкiндiгi шектеулi тұлғаларға мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша жұртшылықпен есептiк кездесу өткiздi.

Астана қаласының Есiл ауданының әкiмдiгiнде мемлекеттiк корпорацияның басшылығы мүмкiндiгi шектеулi жандармен кездесу өткiздi, онда мемлекеттiк корпорация төрағасының орынбасары Асемгуль Балташева мемлекеттiк қызметтi кедергiсiз көрсету арналары туралы баяндады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мүмкiндiгi шектеулi жандарға арналған мемлекеттiк қызметтерге тең қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн үйге қызмет көрсетуге барудан бастап, бiз барлық қазақстандықтарға ыңғайлы болу үшiн жаңа пилоттық жобаларды үнемi енгiзiп отырамыз», — дедi Балташева.

Осылайша, мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiнде пандустар, қоңырау шалу түймелерi, Брайльдегi тактикалық белгiлер және мүгедектерге арналған жеңiлдiк терезелерi, сондай-ақ фронт-офис ғимараттарының алдындағы автотұраққа бөлек орындар белгiлеу сияқты жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар, I және II топ мүгедектерi 1414 бiрiңғай байланыс орталықтарына (тегiн қоңырау) өтiнiш беру арқылы мемлекеттiк қызмет түрлерiн үйге шақыртып алуға болады. 2018 жылдың үш айында мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi үйге барып 13 мың қызмет көрсеткен.

Өткен жылдың наурыз айында есту қабiлетiнен айырылған азаматтарға пилоттық режимде «онлайн-сурдоаудармашы» жобасы iске қосылды, бiлiктi ымдау тiлiнiң сарапшысы арнайы резервтiк монитордан нақты уақыттағы аударманы қамтамасыз етедi. Бүгiнгi таңда бұл қызмет түрiн 625 мың есту және сөйлеу қабiлетiнен айырылған азаматтар ала алды.

Сөзiмiзге дәйек болсын, қазiргi уақытта Мемлекеттiк корпорацияның бөлiмшелерiнде мүмкiндiгi шектеулi 475 адам жұмыс iстейдi.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қызмет түрлеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етеді

«Азаматтарға арналған үкiмет
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Ендi мекенжай бойынша онлайн-тiркелуге жиырма минут қана жеткiлiктi

Қазақстанда электрондық үкiмет порталында тұрғылықты жерi бойынша онлайн тiркелу рәсiмi өзгердi. Ендi бұл үшiн азаматтарға 20 минут жеткiлiктi. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Салық кодексiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес биыл қаңтар айынан бастап тiркеуге мемлекеттiк баж алынбайды.

Естерiңiзге сала кетейiк, бұрын электрондық үкiмет порталы арқылы тiркелгенде 10% АЕК көлемiнде мемлекеттiк баж төлеу керек болатын. Сосын «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның фронт-офисiне келiп, жеке куәлiк чипына тiркеу туралы деректер жазбасын енгiзу үшiн көшi-қон қызметкерiне жүгiну қажет едi. Ал биылғы наурыз айынан бастап портал арқылы тұрғылықты жерi бойынша тiркелу рәсiмi айтарлықтай жеңiлдетiлдi.

Ендi жылжымайтын мүлiк иесi және тiркелетiн азамат egov.kz порталында авторизациядан өткеннен кейiн, тiркелетiн азамат өтiнiш берiп, меншiк иесi өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен растауы тиiс.

Өтiнiш берiлгеннен кейiн деректер шамамен 10 минутта өңделедi, содан кейiн тiркелген мекенжай бойынша анықтама алуға тапсырыс беруге болады.

Бұл қызметке ЭЦҚ-сы бар кез-келген азамат Қазақстанның барлық аймақтарында қол жеткiзе алады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Ендi көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауылдық ХҚО арқылы ауыстыруға болады

Ауыл тұрғындарына ыңғайлы болу үшiн әкiмшiлiк полицияның тiркеу-емтихан бөлiмдерiнiң қызметкерлерi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының аудандық халыққа қызмет көрсету орталықтарында пилоттық тәртiпте жұмыс iстей бастады. Олар көлiктi тiркеу және жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру бойынша құжаттарды қабылдайды.

ҚР IIМ-нiң әкiмшiлiк полициясының ТЭБ қызметкерлерiн аудандық ХҚО бөлiмдерiнде орналастыру туралы шешiм ҚРПремьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиев төрағалықететiн ведомствоаралық комиссиядақабылданды. Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң жанындағы арнайы мониторингтiк тобы ұсынғанжаңа жүйенiңартықшылығын алғашқы болып Қарағанды облысы Осакаров ауданының және Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданының тұрғындары бағалай алады. Көп ұзамай бұл жоба «Азаматтарға арналған үкiметтiң» тағы 21 фронт-офисiнде жүзеге асырылады.

Жаңашылдықтың арқасында автокөлiк иелерi үшiн жүргiзушi куәлiгiн ауыстыру және көлiктердi тiркеу жұмыстары айтарлықтай жеңiлдейдi. Ендi оларға облыстық мамандандырылған ХҚО-ға бару немесе iшкi iстер органдарына тiкелей жүгiнудiң қажетi жоқ. Ескеретiн жайт, жүргiзушi куәлiгiн алғашқы рет алушыларға бұл жоба аясында қызмет көрсетiлмейдi.

Осакаров аудандық №1 бөлiмi Осакаров ауылы Пристанционная көшесi, 12 үй мекенжайы бойынша, ал Тайынша аудандық бөлiмi Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесi 208 үй мекенжайы бойынша орналасқан.

Еске сала кетсек, 2012 жылдан берi Қазақстанда бiр терезе қағидаты бойынша азаматтарға жүргiзушi куәлiктерiн беру және көлiктi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету үшiн мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс iстеуде. Бүгiнгi таңда елiмiзде 14 мамандандырылған ХҚО және 3 сектор бар. Биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында мамандандырылған ХҚО бөлiмдерiн ашу жоспарланып отыр.

Анықтама үшiн:

ТЕБ-нiң қызметкерлерi орналасқан «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi:

  1. Ақмола облысы Целиноград ауданының №1 ХҚО бөлiмi;
  2. Ақмола облысы Жарқайын ауданының ХҚО бөлiмi;
  3. Ақмола облысы Есiл ауданының ХҚО бөлiмi;
  4. Ақмола облысы Атбасар ауданының ХҚО бөлiмi;
  5. Ақмола облысы Ақкөл ауданының ХҚО бөлiмi;
  6. Ақмола облысы Степногорск қ. ХҚО бөлiмi;
  7. Алматы облысы Еңбекшiқазақ ауданының ХҚО бөлiмi;
  8. Жамбыл облысы Талас ауданының ХҚО бөлiмi;
  9. Жамбыл облысы Сарысу ауданының ХҚО бөлiмi;
  10. Павлодар облысы Ақсу қ. ХҚО бөлiмi;
  11. Батыс Қазақстан облысы Бурлинский ауданының ХҚО бөлiмi;
  12. Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының ХҚО бөлiмi;
  13. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының ХҚО бөлiмi;
  14. Атырау облысы Жылыой ауданының ХҚО бөлiмi;
  15. Қызылорда облысы Қазалы ауданының ХҚО бөлiмi;
  16. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының ХҚО бөлiмi;
  17. Қызылорда облысы Арал ауданының ХҚО бөлiмi;
  18. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының ХҚО бөлiмi;
  19. Қызылорда облысы Қармақшы ауданының ХҚО бөiлiмi;
  20. Қызылорда облысы Шиелi ауданының ХҚО бөлiмi;
  21. Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданының ХҚО бөлiмi (ЖК беру қызметi);
  22. Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қ. ХҚО бөлiмi;
  23. Қарағанды облысы Осакаров ауданының №1 ХҚО бөлiмi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Елiмiзде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

Бүгiн Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде ҚР Премьер-министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң қатысуымен кеңейтiлген алқа отырысы өттi.

«Цифрландыру саласында сiздер құзыреттi орталыққа айналу керексiздер. Бұл үшiн сiздерде барлық ресурстар мен мүмкiндiк бар. Мобильдi үкiметтi қалыптастыру үшiн мекемелердiң ақпараттық жүйелерiн бiрiктiру үрдiсiн қарқынды түрде жүргiзiп, халықты жаңашылдықтар туралы құлағдар етуге де күш салыңыздар», — дедi А. Жұмағалиев.

Ақпарат және коммуникация министрi Дәурен Абаев өз кезегiнде министрлiктiң «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан iс-шаралары туралы баяндап, алдағы мақсат-мiндеттерiмен бөлiстi. «Мемлекет басшысы бiздiң алдымызға қойған барлық тапсырманы жүзеге асыруға кiрiстiк. Бiр жылдың iшiнде жоспардағы шаруаларды толық атқардық деген ойдамын. Олардың арасында ақпарат саласы, байланыс, ақпараттандыру мен мемлекеттiк қызмет бағыттары бар. Сонымен қатар, ақпарат және коммуникация бойынша заң жобасына түзетулер енгiзiлдi. Ең бастысы биыл «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды», — дедi министр. Сондай-ақ ол «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның атқарып жатқан жұмыстарына да тоқталды.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның қызметтердi оңтайландыру және автоматтандыру барысындағы жұмысы қарқынды түрде жүрiп жатыр. Былтыр 415 мемлекеттiк қызмет сарапқа салынып, оның 206-сын оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Комиссия жұмысының қорытындсы бойынша жүзеге асқан пилоттық жобалардың iшiнде «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi де бар. Бұл жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғалар электрондық үкiмет порталынан ақпараттық анықтамалар ала алады.

Кездесу барысында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов 2017 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылғы жылдың мақсат-мiндеттерi туралы баяндады. Сондай-ақ ол былтыр 29 желтоқсанда iске қосылған бала туу бойынша проактивтi қызмет желiсiмен де бөлiстi. Осы жобаға сәйкес жаңа босанған 34 мыңнан астам әйелге мемлекеттiк қызметтердi телефон арқылы алу ұсынысымен SMS-хабарлама жолданып, оның 17 мыңнан астамы бұл мүмкiндiктi тиiмдi пайдаланған. Проактивтi мемлекетке көшуге бағытталған жоба аясында фронт-офиске бармай-ақ, тiптi үйден шықпай-ақ, туу туралы куәлiк пен тиiстi жәрдемақыларды рәсiмдеуге, сәбидi балабақшаға кезекке қоюға болады. Жуырда жаңа туған баланы SMS көмегiмен тұрғылықты жерге тiркеу қызметi де iске қосылады.

«Биыл бiз жылжымайтын мүлiк иесiнiң мәлiметтерiнiң өзгеруiне, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттiк кепiлдiк төленуiне, сондай-ақ мүгедектiктi белгiлеу мен атқарушылық iс жүргiзудi қозғауға қатысты мемлекеттiк қызметтердi көрсету барысын да проактивтi тәсiлге көшiремiз», — дедi А. Оспанов. Сондай-ақ биыл халықтың цифрлық сауаттылығын 77 пайызға дейiн арттыру көзделген. Осы мақсатта алдағы уақытта ел бойынша тағы 15 цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) ашылады. Қазiргi таңда цифрлық ХҚО тек Астана қаласында бар.

Еске сала кетейiк, 2017 жылы мемлекеттiк корпорация 38 миллионнан астам мемлекеттiк қызмет көрсетiп, оның 63 пайызын электрондық нұсқада ұсынды.

Елiмiзде тағы он бес цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы ашылады

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисi iске қосылды

Қағазбастылықтан құтқаратын «Анықтамасыз қызмет» сервисі іске қосылды

Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкiметтiң» төрағасы Абылайхан Оспанов мәлiмдедi. Ендi азаматтар мемлекеттiк органдарға мекенжай анықтамасын, сондай-ақ жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар және жылжымайтын мүлiктiң болуы/болмауы туралы анықтамаларды қағаз жүзiнде апаруға мiндеттi емес.

ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Асқар Жұмағалиевтiң тапсырмасымен электрондық үкiмет порталында «Анықтамасыз қызмет» — «Paper free» сервисi iске қосылды. Жаңа пилоттық жобаға сәйкес SMS-хабарлама арқылы қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда үшiншi тұлғаларға ақпараттық анықтамалар ұсынуға мүмкiндiк бередi. «Биыл 25 қаңтардан 5 ақпанға дейiн халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 312 мың электрондық анықтама берiлдi. Бұл орайда бiз сауалнама жүргiзiп, анықтамалардың 45 пайызын азаматтар коммуналдық қызметтер мен бiлiм беру мекемелерiне тапсыру мақсатында алғанын анықтадық»,- дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспанов.

Мысалы, жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектептер оқушылардан мекенжай анықтамасын сұратады, нәтижесiнде миллиондаған ата-ана ХҚО-ға ағылады. Егер «Paper free» сервисi енгiзiлсе, оқу орындары электрондық үкiмет порталынан қажеттi құжатты сұрата алады, ал қызмет алушы, яғни ата-ана SMS-хабарлама арқылы электрондық анықтама алуға бiр реттiк рұқсат бергенiн растап, фронт-офиске бару мiндетiнен құтылады.

Бұл сервистi қолдану үшiн мобильдi азаматтар базасына тiркелу қажет. «Анықтамасыз қызмет» механизiмiне сәйкес мүдделi тұлға электрондық үкiмет порталында авторизациядан өтуi тиiс. Сосын «Үшiншi тұлғалардың анықтама алуы сервисi» бөлiмiн таңдап, қай азамат туралы мәлiмет алғысы келедi соның жеке сәйкестендiру нөмiрiн жазуы тиiс. Егер азамат мобильдi азаматтар базасында тiркелген болса, мүдделi тұлға анықтама түрiн таңдап, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қояды. Сол сәтте портал автоматты түрде азаматқа SMS-хабарлама жолдап, үшiншi тұлғаға мәлiмет беру/бермеу жөнiнде шешiм қабылдауды сұрайды. Азамат екi сағаттың iшiнде жауап беруi тиiс.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында iске қосылған «Paper free» нәтижесiнде қағаз жүзiндегi анықтамалар саны 24 миллионға дейiн кемiп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушiлердiң қатары да азаяды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Алкоголь өнiмдерiнiң саудасына лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердi iрiктеу жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның кезектi отырысында Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң құзырындағы мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру туралы шешiм қабылданды. Биылғы жылдың соңына дейiн кәсiпкерлер үшiн алкогольдiк өнiмдердi сақтау, көтермелеп және жекелеп сатуға лицензия алу айтарлықтай жеңiлдейдi.

Қазiр кәсiпкерлер алкоголь саудасына төрт құжат жинаса, болашақта тек қана электрондық үкiмет порталында мәлiметтер формасын ғана толтырып, мемлекеттiк баж салығын төлеп, өзiнiң электрондық-цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қоюы жеткiлiктi. Ал өзге де қажеттi мәлiметтердi мемлекеттiк орган автоматты түрде тиiстi ақпараттық жүйелерден алады.

Сондай-ақ рұқсатқа қол жеткiзу мерзiмi он бес жұмыс күнiнен бiр күнге дейiн қысқарады. Ал этил спиртi мен темекi өнiмдерiн шығару лицензиясын алу мерзiмi он бес күннен он жұмыс күнiне дейiн шегерiледi.

Еске сала кетейiк, Астана мен республикалық маңызы бар қалаларда алкоголдiк өнiмдердi сақтау және жекелеп сату лицензиясының құны 100 АЕК, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарда — 70 АЕК, ауылдық елдi-мекендерде — 30 АЕК, сондай-ақ, көтермелеп сату және сақтау лицензиясы 200 АЕК құрайды. Рұқсатты қайта рәсiмдеу — лицензия берiлгендегi төлемнiң 10%, көшiрмесiн жасату — 100% құрайды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ
Баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
Қазақстандық автожүргiзушiлер жаңа мүмкiндiкке ие болды

Биыл «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Iшкi iстер министрлiгiмен бiрге автокөлiк иелерiне жаңа мүмкiндiк ұсына бастады. Ендi көлiкке әдемi нөмiр алғанда, сандарды ғана емес әрiптердi де таңдауға болады.

15 қаңтардан бастап iске қосылған қызметке сәйкес қазақстандық автожүргiзушiлер мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы симметриялық нөмiр белгiлерiн таңдай алады. Бұл үшiн азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) өтiнiмдерiн рәсiмдеп, мемлекеттiк алымды төлеулерi тиiс.

2014 жылдан бастап автокөлiк иелерi ел арасында «айна нөмiр» деп аталатын симметриялық нөмiрлердi сатып алу мүмкiндiгiне қол жеткiзген едi. Ендi азаматтар ақылы түрде сандар мен әрiптердi өз қалауынша қиыстырып ала алады. Мысалы, тiлек бiлдiрушiлер 010, 020, 030, 077, 707 сияқты жоғары сұранысқа ие нөмiрлерге 5 700% АЕК көлемiнде төлейдi, ал осындай таңдаулы сандарға қоса әрiптердiң де симметриялы болғанын қаласаңыз, оның құны — 11 400% АЕК. 2017 жылы жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгеге 4500-ден астам таңдаулы нөмiр сатылған.

Сондай-ақ, егер азаматтың қалаған нөмiрлiк белгiсi базада болмаса, онда қажеттi мемлекеттiк алымды төлеп, мамандандырылған ХҚКО арқылы тапсырыс беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының СҚО бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Петропавл қ. Мамандандырылған бөлiмнiң мекен-жайы: Нефтепроводная к-сi, 7Б, тел.: 50-49-08, 50-49-09.

Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

Қазақстандық автожүргізушілер жаңа мүмкіндікке ие болды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Бүгiн қазақстандықтар алғашқы рет мемлекеттiк қызметке проактивтi тәсiлмен қол жеткiздi

Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бiрге бала туған ата-аналарға көрсетiлетiн қызметтердiң проактивтi әдiсi бойынша пилоттық жобаны iске қосты.

Ендi ақпараттық жүйелердiң бiрiгуiнiң арқасында жаңа туған азаматты тiркеу бойынша өтiнiш автоматты түрде келетiн болады. Бала өмiрге келiсiмен оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келiп, сәбидi тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтi алу ұсынысы жасалады.

Электрондық үкiмет порталы барлық мәлiметтердi түрлi мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiнен жинап, ал өзге деректердi SMS хабарлама арқылы ата-анадан сұрайды.

«Қазiргi таңда бала туғаннан кейiн ата-аналар баланы тiркеу, куәлiк алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиiс. Бүгiннен бастап проактивтi қағидаттың iске қосылуына байланысты ендi фронт-офистерге барудың, тiптi электрондық үкiмет порталына жүгiнудiң де қажетi жоқ. Барлық қажеттi қызметтердi ол SMS-хабарлама арқылы ала алады. Бiрақ SMS-хабарлама алу үшiн азаматтар кез-келген ХҚКО-ға барып, өздерiнiң телефон нөмiрлерiн порталдағы жеке кабинеттерiнде бекiтуi тиiс», — дедi «Азаматтарға арналған үкiметтiң» Қоғаммен байланыс департаментiнiң директоры Мұрат Жұманбай.

Баланы тiркеу, жәрдемақыны рәсiмдеу және балабақшаға кезекке қою қызметтерiн ХҚКО-дан да алуға болады. «Бала туу» композиттiк қызметi проактивтi тәсiлмен ұсынылады. Яғни телефон арқылы шот нөмiрiн жiберiп, жәрдемақыларды да рәсiмдеуге және балабақшаға кезекке қоюға болады. Ал халыққа ызмет көрсету орталығына баланың куәлiгiн алып кету үшiн ғана келу керек немесе үйге жеткiзу қызметiн пайдалануға болады.

Еске сала кетейiк, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк қызмет көретудi проактивтi тәсiлге көшiру үрдiсiн ҚР Премьер-министрi Бақытжан Сағынтаевтың тапсырумен қолға алған болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес
акционерлiк қоғамының баспасөз қызметi

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкiметтiң» басқарма төрағасын марапаттады

Жемқорлыққа қарсы күрескерлер «Азаматтарға арналған үкіметтің» басқарма төрағасын марапаттады

Халықаралық сыбайлас жемқорлықпен күрес күнi «Жемқорлыққа қарсы бiрiншi медиа-форум» қоғамдық бiрлестiгi қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттiк органдар, сондай-ақ БАҚ өкiлдерiн «Қоғамдық құрмет-2017» ұлттық сыйлығымен марапаттаудың V рәсiмiн өткiздi.

«Саяси жiгерлiгi үшiн» номинациясы бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласын жетiлдiрiп, сапасын көтергенi және керi байланысты қамтамасыз еткенi үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорацияның төрағасы Абылайхан Оспанов марапатталды.

А. Оспановтың айтуынша, бұл — марапат күн сайын мемлекеттiк қызметтердi көрсету саласында тер төгiп жүрген 22 мыңға жуық қызметкердiң еңбегi, сондықтан саланы дамытып, сапасын көтеруде ұжымның рөлi зор.

«Мемлекеттiк корпорациясын құру — Елбасымыздың Ұлттық жоспарында көсреткен нақты қадамдардың бiрi. Және бұл марапат мемлекеттiк қызмет көрсетудi ашық және барынша қолжетiмдi ету жолында «Азаматтарға арналған үкiмет» дұрыс бағытта келе жатқанын дәлелдейдi», — дедi Оспанов.

24.11.2017

Кең таралған 10 мемлекеттiк қызмет

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Қазiргi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерi мен бэк-офистерi арқылы барлық мемлекеттiк қызметтердiң 83% көрсетiледi. Олардың қайсысы жоғары сұранысқа ие?

Бiрiншi орында мекенжай анықтамасын беру қызметi (2017 жылғы 10 ай iшiнде 14 534 750 анықтама берiлдi). Негiзiнен, мұндай анықтамаларды жұмысқа орналасу және оқу орындарына ұсыну үшiн алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiгiн беру және қайтару бойынша 4 009 557 қызмет көрсетiлдi (электрондық-цифрлық қолтаңба).

Үшiншi орында жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтарды) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама беру қызметi тұр. 10 ай iшiнде 2 528 944 қызмет көрсетiлген.

Жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама да жиi сұратылады. Мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерi арқылы мұндай анықтама 2 422 347 азаматқа берiлдi.

Осы он ай iшiнде мемлекеттiк корпорация 1 714 465 рет бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысы қаражатының түсуi және қозғалысы туралы ақпарат беру қызметiн көрсеттi.

Жыл басынан берi сотталғандығы болуы не болмауы туралы 1 309 485 анықтама берiлдi. Бұл анықтама азаматтарға жұмысқа орналасу үшiн керек.

Биыл 10 ай iшiнде Қазақстан Республикасының азаматтары 1 302 778 төлқұжат пен жеке куәлiк алды. Көлiк құралының сәйкестендiру нөмiрi бойынша көлiк құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу — 1 218 658.

Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу қызметiне қазақстандықтар 1 113 348 рет жүгiнген.

Биыл 10 ай iшiнде азаматтарға 314 155 жүргiзушi куәлiгi берiлген.

Осылайша, ең кең тараған қызмет түрi — түрлi анықтамаларды беру. 2016 жылы 37 млн. астам мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның 24 млн. электрондық анықтамалар. Сондықтан мемлекеттiк корпорация бiрқатар мемлекеттiк органдармен бiрге «Азаматтарға арналған үкiметтiң» фронт-офисiне келушiлердiң санын шегеруге мүмкiндiк беретiн Paperfree жобасын iске қоспақ.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға анықтама беру сервисiн жүзеге асыру бұл қызмет түрiн көрсетудi 21,5 млн. қысқартар едi. Азаматтар SMS-хабарлама арқылы рұқсатын растап, үшiншi тұлғалардың сұратуы бойынша жеке мәлiметтерiн бере алады. Мысалы, сервис енгiзiлгеннен кейiн, оқу орны электрондық портал арқылы қажеттi құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана) SMS-хабарлама арқылы бiр рет электрондық анықтама балуға өзiнiң рұқсатын бередi. Осылайша, жаңа оқу жылы қарсаңында анықтама алу үшiн 3 млн оқушының ата-анасы ХҚКО-ға бармайды.

Кең таралған 10 мемлекеттік қызмет

Азаматтарға арналған үкiметте ХҚКО қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi

Азаматтарға арналған үкiметте ХҚКО қызметiн жетiлдiру мәселелерi бойынша кеңес өткiзiлдi

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесi өттi.

БАҚ қатысқан iс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетудегi өзектi мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейiн брифинг өтiп, сұрақтар қойылды.

Жұмыс кеңесi кезiнде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiмен бiрiгiп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкiмет» арқылы анықтама беру қызметiн iске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрi ХҚКО қызметкерлерiнiң қатысуысыз өтедi. Азамат жеке мәлiметтерiн беру-бермеу жөнiнде шешiмдi өзi қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап бередi.

Мемлекеттiк органдар мен жеке ұйымдарға, соның iшiнде екiншi деңгейлi банктерге анықтама беру сервисiн жүзеге асырсақ, электронды анықтама берудi 21,5 млн. қысқартуға мүмкiндiк бередi. Мысалы, қазiр жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмiрi туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажетi болмайды.

Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын iске асыру аясында қызметтердi көрсетудiң проактивтi түрiне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттiк органдармен бiрге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегi мәлiметтер автоматты түрде өзгеретiн болады.

Кеңестен кейiн қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейiн мемлекеттiк қызметтердi ұсыну сапасын бақылау деңгейi өстi. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етiлдi. «Азаматтарға арналған үкiметтiң» ахуал орталығы қызметкерлерi халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемi бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгiнгi таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистерi қосылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының Баспасөз қызметi 

2017 жылғы 4-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмi шығу кестесi

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты
қазан
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі

Рузаевский с/о,

с. Андреевка

02.10.2017 г. 09.10.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
  Салкынкольский с/о, с. Салкынколь 03.10.2017 г. 10.10.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
қараша
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Кокалажарский с/о, с. Кокалажар 17.11.2017 г. 28.11.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
 

Кырымбетский с/о,

с. Кырымбет

20.11.2017 г. 29.11.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
желтоқсан
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі

Тахтабродский с/о,

с. Тахтаброд

04.12.2017 г. 14.12.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.
 

Андреевский с/о,

с. Андреевка

05.12.2017 г. 12.12.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч.

«Электрондық үкiмет» порталын мектептерде жұртқа таныту

2017 жылдың 05 қарашасында СҚО Бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-әрекет және мемлекеттiк қызмет iстерi бойынша агенттiгi Депортаментi, СҚО Бiлiм басқармасы және «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» Коммерциялық емес Акционерлiк қоғамының Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмiнiң арасында қабылданған Өзара iс-қимыл және ынтымақтастық туралы Меморандумның шеңберiнде №1 Новоишим орта мектебiнiң Информатка пәiнiң ұстаздарын «Электронды үкiмет» порталы арқылы мемлекеттiк қызметтi қалай алуға болатындығын үйрету өттi. Барлығы 26 адам. Ұстаздарға Электрондық цифрлi қолтаңбаны (ЭЦҚ), egov.kz Порталына тiркелу, мекен-жай анықтамасы, зейнетақы салымдары туралы анықтама, жылжымайтын мүлiк бар (жоқтығы) туралы анықтама, жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама, балабақшаға кезекке қою, мемлекеттiк баж салығы мен мемлекеттiк салымдарды төлеу және т.б. жиiқолданылатын мемлекеттiк қызметтердi алу тәртiбi түсiндiрiлдi, сонымен қатар кейбiр мемлекеттiк қызметтердi sms-пароль арқылы алу мүмкiндiгi айтылды. Сондай-ақ алдағы уақытта агро-техникалық колледжiнiң ұстаздарын үйрету жоспарлануда.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ СҚО
бойынша филиалы — «ХҚКО» Департаментiнiң
Ғ. Мүсiрепов ат. аудандық бөлiмiнiң
HR дамыту секторының HR-менеджерi
Л. Чугунова

2017 жылғы 3-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмi шығу кестесi

Аудандық бөлім атауы Елді мекеннің атауы Қызмет көрсету күні Қызмет көрсетуге шығу саны Азамат тарды қабыл дау орны Азамат тарды қабыл дау уақыты
шілде
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Андреевский с/о, с. Андреевка 17.07.2017 г. 27.07.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч
  Возвышенский с/о, с. Возвышенка 18.07.2017 г. 28.07.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч
тамыз
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Дружбинский с/о, с. Дружба 01.08.2017 г. 10.08.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч
  Ломоносовский с/о, с. Ломоносовка 02.08.2017 г. 11.08.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч
қыркүйек
  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық бөлімі Шукыркольский с/о, с. Шукырколь 19.09.2017 г. 28.09.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч
  Шоптыкольский с/о, с. Шоптыколь 20.09.2017 г. 29.09.2017 г. 2 Ауылдық округі әкімдігі 10-00 ч

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк қызметтердi пошта арқылы алады

«Азаматтарға арналған үкiмет» «Қазпочта» АҚ-мен бiрлесiп, пилоттық жобаны iске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елдi мекендердiң тұрғындары мемлекеттiк корпорацияның қызметтерiн «Қазпочта» АҚ ауылдық бөлiмшелерiнде ала алады.

Әзiрше 66 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi, оның iшiнде электрондық анықтамаларды беру, баланың туылуын тiркеу, баланың туылуы мен күтiмiне байланысты жәрдемақы тағайындау, жылжымайтын мүлiк объектiлерiне техникалық паспорттың телнұсқасын беру, запастағы офицерлерге әскери билеттер және олардың телнұсқаларын (әскери билеттiң орнына уақытша куәлiктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар.

«Азаматтар арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, мемлекеттiк корпорацияда шалғайдағы ауылдық округ тұрғындарының мемлекеттiк қызметтердi еркiн алуына ерекше назар аударылып келедi. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкiл Қазақстан бойынша 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейдi, олар әкiмдiктердiң өтiнiмдерi бойынша елдi мекендерге шығып, қызмет көрсетедi. Жыл басынан берi олар 7455 рет ауыл тұрғындарына барып, 335 736 қызмет көрсеткен.

Қазпочта бөлiмшелерi арқылы танымал мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң пилоттық жобасы — азаматтарға уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкiндiк беретiн ыңғайлылыққа арналған тағы бiр қадам. Пилоттық жоба алдымен Шығыс Қазақстан облысында екi ай бойы тестiлеуден өттi, нәтижесiнде оны Қазақстанның барлық аумағында қолдану туралы шешiм қабылданды. «Пилоттық жобаны тестiлеуде ШҚО почта байланысы бөлiмшелерiнде 233 құжат берiлген. Одан бөлек, бiздiң жұмысымызға тұрғындар тарапынан жақсы пiкiрлер айтылып, оң бағалар берiлгендiктен, бiз оны елiмiздiң барлық аумағында жүргiзудi шештiк. Қазiргi таңда шалғай елдi мекендердiң тұрғындары почта байланысы бөлiмшелерi арқылы 1656 корпорация қызметiн ала алады. Демек, ендi бұл қызметтердi алу үшiн, олар аудан орталықтарына барып әуре болмайтын болды», — дедi Оспанов.

«Бiз ауыл тұрғындарын тек почта қызметiмен емес, сонымен қатар әр түрлi банк қызметтерiмен, әрине, оның iшiнде ХҚКО қызметiмен де қамтамасыз ететiн боламыз. Өйткенi ауылда көбiне почта байланысы бөлiмшелерi ғана жұмыс iстейдi. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi почта арқылы алу үшiн, ауыл тұрғындары құжаттар пакетiн ұсынулары, қызмет көрсетуге жазбаша түрде өтiнiш берулерi және қажет болған жағдайда, мемлекеттiк баж салығын төлеулерi тиiс. Қазпочта операторы өтiнiштердi қабылдап, құжаттар пакетiн қалыптастырады және оны жақын жердегi халыққа қызмет көрсету орталығына жөнелтедi. Онда ХҚКО инспекторы қызметтi ресiмдеп, курьер арқылы дайын құжаттарды жiбередi», — деп қосты «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
коммерциялық емесакционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалану мүмкiндiгi туды

Азаматтарға арналған үкiметте тағы да кезектi пилоттық жоба — «Сiздiң дербес менеджерiңiз» iске қосылды. Дербес менеджер қызметiн пайдаланған адамтүрлi анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi атқарады. Дербес менеджер мемлекеттiк қызметтi жеке көрсетедi, қажеттi анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру бередi және т.б.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазiргi уақытта көптеген қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiбарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетiн «күрделi» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөлiп төлеуге көлiк сатып алған кезде, бiздiң дербес менеджерiмiзөздiгiнен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркейдi, көлiктi есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткiзiп бередi», — деп түсiндiрдi Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттiк корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы37 фронт-офистерiнде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында iске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлiк сатып алушылар мен бизнес өкiлдерi арасында сұранысқа ие болады деп күтiлуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшiн ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделi» мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiн және кепiл шартын тiркеу, жер учаскесiне жекеменшiк құқығына актiлердi ресiмдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшiн нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлiкке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тiркеу қызметтерi үшiн қолжетiмдi болып табылады. Келешекте бұл тiзiм ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкерi нотариалды куәландырылған сенiмхат негiзiнде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер берудi дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджерi арқылы дүйсенбi мен сенбi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзедi, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жiберiледi немесе өз қолына жеткiзiледi. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушiнiң үйiне барады.

Дербес менеджердiң қызметi жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетiледi.Мұндай қызметтiң құны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң күрделiлiгiне және елдi мекеннiң орналасқан жерiне байланысты болады. Дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тiзiмiн www.gov4c.kz сайтынан алуға болады.

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалану мүмкiндiгi туды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлiктi 3 сағат iшiнде алуға болады

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу, баланың туылуын тiркеу, қайтыс болуды тiркеу, неке бұзуды тiркеу (ерлi-зайыптылықты) секiлдi қызметтердi ендi 3 сағат iшiнде алуға болады.

Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен бiрлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естерiңiзге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi тек Астананың тұрғындары ғана №1 Есiл аудандық бөлiмнен ала алатын. Ендi пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетiлген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтердi ресiмдеуге болатын ХҚКО-ның толық тiзiмiн https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәнi — «Е-ХҚКО» бiрыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушiден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткiзу.

«Азаматтардың жеделдетiлген режимде АХАТ қызметтерiн алуы үшiн, Астана қаласы бойынша бiз Астана қ. №1 ХҚКО бөлiмiнде АХАТ қызметкерлерi үшiн жұмыс орындарын, ал өңiрлерде — «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерiнiң ХҚКО бөлiмдерiмен бiр ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Ендi олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актiлерiндегi жазбаларға өзгерiстер енгiзу функцияларын сол жерде орындайтын болады», — дейдi Оспанов.

Ол пилотты iске қосқан сәттен бастап жеделдетiлген режимде 462 мемлекеттiк қызмет берiлгенiн де айтып өттi, оның iшiнде 428 — туу туралы куәлiк, 17 — қайтыс болуды тiркеу, 17 — соттың шешiмi негiзiнде некенi бұзу.

Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тiркеу — бiр жұмыс күнi iшiнде, бала тууды тiркеу және 2008 жылдан кейiн тiркелген, заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде некенi бұзуды тiркеу — 2 жұмыс күнiнде жүзеге асырылған.

Сағат 17.00-ден кейiн берiлген өтiнiштер бойынша көрсетiлген қызметтердiң нәтижесi келесi күнi сағ. 12.00-ге дейiн берiлетiнiн айта кеткен жөн.

Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтердi алуға болатын фронт-офистердiң толық тiзiмi:

Алматы қ.

1. Бостандық аудандық №1 бөлiмi — Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сi, 9А

2. Жетiсу аудандық №1 бөлiмi — Құлагер ш/а, Серiков к-сi, 6А

Ақмола облысы

3. Сандықтау аудандық бөлiмi — Балкашино а., Абылайхан к-сi, 119 А.

4. Зерендi аудандық бөлiмi — Зерендi а., Бейбiтшiлiк к-сi, 52

Алматы облысы

5. Ақсу аудандық бөлiмi — Жансүгiров к., Қабанбай батыр к-сi, 20.

6. Алакөл аудандық бөлiмi — Үшарал қ., 8 наурыз к-сi, 63.

7. Балқаш аудандық бөлiмi — Бақанас а., Бижанов к-сi, 25А.

8. Қапшағай қалалық бөлiмi — Қапшағай қ. 1 ш/а., 41

9. Еңбекшi аудандық бөлiмi — Есiк қ., Абай к-сi, 314А

10. Есiл аудандық бөлiмi — Қарабұлақ к., Шестаков к-сi, 17

11. Iле аудандық бөлiмi — Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсiздiкке 10 жыл к-сi, 23

12. Қаратал аудандық бөлiмi — Үштөбе қ., Абылай хан к-сi, 22

13. Кербұлақ аудандық бөлiмi — Сарыөзек к., Момышұлы к-сi, 1В

14. Панфилов аудандық бөлiмi — Жаркент қ., Головацкий к-сi, 51Б

15. Райымбек аудандық бөлiмi — Кеген а., Момышұлы к-сi, н/з

16. Сарқан аудандық бөлiмi — Сарқан қ., Жамбл к-сi, 44

17. Талғар аудандық бөлiмi — Талғар қ., Лермонтов ксi, 53А

18. Талғар ауданы Текелi қ. бөлiмi секторы — Текелi қ., Тәуелсiздiк к-сi, 9

19. Ұйғыр аудандық бөлiмi — Чунджа а., Қасымбеков к-сi, 35

Атырау облысы

20. Мақат аудандық бөлiмi — Мақат к., С. Мукашев к-сi, 36

Шығыс Қазақстан облысы

21.Өскемен қ. №3 бөлiмi — Белинский к-сi, 37А

22. Абай аудандық бөлiмi — Қарауыл а., Құнанбай к-сi, 12

23. Бородулиха аудандық бөлiмi — Бородулиха а., Молодежная к-сi, 25

24. Зырян аудандық бөлiмi — Зырян қ. Стахановская к-сi, 39

25. Курчатов қ. бөлiмi — Тәуелсiздiк к-сi, 4

Батыс Қазақстан облысы

26. Бөкейорда аудандық бөлiмi — Сайхин к. Бергалиев к-сi, 1

27. Сырым аудандық бөлiмi — Жымпиты к. Қазақстан к-сi, 11/2

Қарағанды облысы

28. Қарағанды қ. №2 бөлiмi — Чкалов к-сi, 7

29. Қарағанды қ. №4 бөлiмi — Архитектура көш., 8

30. Балқаш қ. бөлiмi — Бөкейхан к-сi, 20А

31. Қаражал қ. бөлiмi — Ленин к-сi, 18

32. Қарқаралы аудандық бөлiмi — Қарқаралы қ., Аубакиров к-сi, 21

33. Нұра аудандық бөлiмi — Киевка к., Сүлейменов к-сi, 2

34. Осакаров аудандық №1 бөлiмi — Осақаров к., Пристанционная к-сi,12

35. Саран қ. бөлiмi — Жамбыл к-сi, 85/3

36. Шахтинск қ. №1 бөлiмi  — Абай даңғ., 65Б

Қызылорда облысы

37. Қызылорда қ. №1 бөлiмi — Ғ. Мұратбаев к-сi, 2Е

Маңғыстау облысы

38. Отдел Мунайлинского района — с. Мангистау, 24 квартал, строение 10/3

Павлодар облысы

39. Ертiс аудандық бөлiмi — Ертiс а. И. Байзақов к-сi, 14

40. Качир аудандық бөлiмi — Тереңкөл а., Тургенев к-сi, 85А

41. Павлодар аудандық бөлiмi — Павлодар қ., Толстой к-сi, 10

42. Успен аудандық бөлiмi — Успен а., Тәуелсiздiкке 10 жыл к-сi, 30

43. Лебяжi аудандық бөлiмi — Аққу а., Ташимов к-сi, 114

44. Павлодар қ. №2 бөлiмi — Исиналиев к-сi, 24

45. Ақсу қ. бөлiмi — Ленин к-сi, 10

Солтүстiк Қазақстан облысы

46. Петропавл қ. №2 бөлiмi — Қазақстан Конституциясы к-сi, 72

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті  3 сағат ішінде алуға болады

Пресс-служба некоммерческого
акционерного общества
«Правительство для граждан»

Баспасөз-релизi
1 шiлдеден бастап қазақстандықтардың зейнетақысы өседi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы зейнетақыны қайта есептедi. 1 шiлдеден бастап 2,1 миллионнан астам зейнеткер ұлғайтылған зейнетақы алады. Қазақстандықтардың ынтымақты зейнетақы төлемдерi жыл басында 9%-ға арттырылғанын ескере отырып, 11%-ға көбейетiн болады. Базалық зейнетақы жыл басында 7%- ға арттырылғанын ескере отырып, 13%- ға өседi. Бұл тапсырысты Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтар айында Қазақстан халқына Жолдауында бердi.

Жолдауға сәйкес 2017-2018 жылдары зейнетақы мөлшерi кезең-кезеңмен өседi. 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап зейнетақы мөлшерi 20%-ға дейiн көтерiледi. Мәселен, ең төменгi зейнетақы мөлшерi (базалық зейнетақыны ескере отырып) 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап 40 950 теңге болса, 2017 жылдың 1 шiлдесiнен бастап 45 711 теңгеге дейiн көтерiледi. Салыстырма түрде 2016 жылы ең төменгi зейнетақы мөлшерi 37789 теңгенi құрады. Базалық зейнетақы төлемдерi биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап 14 466 теңгенi құрайды, ал зейнетақының орташа мөлшерi (базалық зейнетақыны ескере отырып) 66 676 теңгеге дейiн артады.

Зейнетақы төлемдерi барлық есепте тұрған зейнеткерлерге қайта есептеледi. Бұл ретте, қосымша құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.

Сондай-ақ, ана мен баланы қолдау бойынша мемлекеттiк саясат шеңберiнде 1 шiлдеден бастап бала тууына байланысты бiржолғы жәрдемақы мөлшерi 20%-ға ұлғаяды. Бiрiншi, екiншi және үшiншi балаға жәрдемақы сомасы 38 АЕК немесе 86 222 теңгенi, төртiншi және одан кейiнгi балаларға — 63 АЕК немесе 142 947 теңгенi құрайды.

Сондай-ақ, жұмыс берушiлерге Қазақстанда 1 шiлдеден бастап мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi iске қосылатыны туралы ескертемiз. Азаматтарға арналған үкiмет МӘМС шеңберiнде аударым және жарналарды қабылдауға ағымдағы шот ашылған. Аудару үшiн деректемелер:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;

Бенефициар банкi: «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру жүйесi бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезiнде төлемдердi тағайындаудың келесi кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшiн өсiмақы;

124- Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшiн өсiмақы.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық
емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

2017 жылғы 2-тоқсанға арналған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментiнiң Ғабит Мүсiрепов атындағы аудандық бөлiмiнiң шығу кестесi

Ақпараттық хабарлама
МӘМС шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны
https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік
қоғамыныңбаспасөз қызметі

Азаматтарға арналған үкiмет дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бiрлесiп дайын құжаттарды үйге жеткiзу қызметiн iске қосуда. Ендi қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшiн ХҚКО-ға барудың қажетi жоқ, кез келген көрсетiлген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткiзiп беретiн болады.

Бұл сервистi пайдалану үшiн клиент қызмет алуға қажеттi толық құжаттар пакетiн ХҚКО инспекторына өткiзедi және дайын құжаттарды жеткiзiп беру жөнiндегi өтiнiмдi толтыру үшiн ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлерiне жүгiнедi. Құжаттарды жеткiзiп беру қызметi жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негiзде көрсетiледi. Үйге жеткiзiп беру бағасы қызмет көрсетiлетiн аймаққа және соңғы жеткiзiлiм мекенжайына байланысты болады. Жеткiзiлiм жайлы ақпаратты берiлген трек-нөмiрi бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтiң ең төменгi құны — 500 теңге. Қызмет алушы жеткiзiлiм төлемiн дайын құжаттарды алғаннан кейiн жүргiзедi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазiргi уақытта қызметтердi автоматтандыру жұмыстары белсендi түрде жүрiп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметтi электрондық үкiмет порталының көмегi арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсiмдеуге болмайтын қызмет түрлерi де бар. Соңғы уақытта қызметтi үйде отырып алуға өтiнiш бiлдiрген азаматтардың қатарының өсуiне байланысты, бiздiң қызмет алушыларымызға ыңғайлы болу үшiн осы сервистi iске қосуды шештiк» — дедi ол.

Сондай-ақ Оспановтың айтуынша, бүгiнде «Азаматттарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсiмдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектiң, бейнекамераның жұмыс iстеуi, сондай-ақ ХҚКО-лардан қызметтi алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкiндiктерi қарастырылуда.

Мемлекеттiк корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бiрнеше сервистер мен жобаларды енгiзудi жоспарлап отыр.

Азаматтарға арналған үкімет дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосты

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамы баспасөз қызметi

Ендi бала тууына байланысты жәрдемақыны тұрғылықты жерiне байланыстырмай-ақ рәсiмдеуге болады

Азаматтарға арналған үкiмет қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жобаны iске қосты. Бүгiннен бастап, жас аналар бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақыны бiр облыс iшiнде тiркеуiне қарамастан ресiмдеуiне болады.

Естерiңiзге түсiре кетсек, өткен жылдың қыркүйек айынан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы пилоттық жобаны iске қосқан болатын, оның шеңберiнде корпорация қызметкерлерi перзентхана ғимараттарында бiрден 4 бiрдей қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдай алатын. Бұл қызметтер: бала тууын тiркеу, бала тууына және оны бiр жасқа дейiн күтуге жәрдемақы тағайындау, әлеуметтiк тәуекелдер жағдайына әлеуметтiк төлемдер тағайындау: бiр жасқа толғанға дейiнгi уақытта бала күтiмiне байланысты кiрiсiнен айырылу, балаларды мектепке дейiнгi мекемелерге кезекке қою. Бүгiнгi күнде бұл жобаға ҚР бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтiң айтуынша бала тууымен байланысты перзентханаларда көрсетiлетiн композиттiк қызметтер пилотын мемлекеттiк корпорация өткен жылдың қыркүйек айынан бастап тестiледi. Бұл ретте, жәрдемақыларды тағайындауда құжаттарды қабылдау барысында ең проблемалық мәселе эксаумақтық қағидаттың болмауы болып шықты, яғни азаматтар жәрдемақы тағайындауға тек тұрақты тiркелген жерiнен ғана өтiнiш берулерiне болатын болды.

«Басқаша айтқанда, бұрын, егер әйел Бурабайда тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелген болып, ал Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында босанған болса, ол жәрдемақы тағайындау үшiн тiркелген жерi бойынша, яғни Бурабайдағы ХҚКО-ға жүгiнуiне тура келетiн. Бiз бұл мәселенi шештiк және бала тууына байланысты және оның бiр жасқа дейiнгi күтiмiне жәрдемақы тағайындауға өтiнiш қабылдауда эксаумақтық қағидатты қолдану механизмiн әзiрледiк. Бастапқыда пилоттық жоба тек облыс iшiнде ғана жұмыс iстейтiн болады, ал жақын арада эксаумақтықты барлық Қазақстан бойынша iске қосуды жоспарлап отырмыз», — дедi Еренчинов.

Сондай-ақ Еренчиновтiң айтуынша, балаларға жәрдемақы тағайындауды рәсiмдеу үшiн эксаумақтық қағидатты енгiзу — мемлекеттiк қызметтердi алуды жеңiлдетудiң кезектi қадамы, себебi, бұл 4 бiрдей қызметтi алу үшiн қазақстандықтарға құжаттардың минималды топтамасы қажет  — бұл  — ата-ананың жеке басын куәландыратын құжат, неке қию туралы куәлiк және оның көшiрмесi (Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан соң неке қиған азаматтар куәлiктiң көшiрмесiн бермейдi), баланың тууы туралы медициналық куәлiк (перзентханада берiледi), барлық балалардың тууы туралы куәлiктерi немесе ахуалдық жазбалардың көшiрмесi, банктiк шоттың нөмiрi жайлы құжат.

Пилоттық жобаны iске қосқан сәттен бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы перзентханалар мен перинаталдық орталықтарды жүз мыңнан астам қызмет көрсеткендiгiн айта кету керек.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiр жылда 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылы қазақстандықтарға 35 миллионнан астам қызмет көрсеттi, оның 33 миллионнан астамын мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы көрсетсе, 1,3 миллионнан астамын «Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы» дирекциясы көрсеткен, сондай-ақ 703 мыңнан астам қызмет жылжымайтын мүлiк және жер кадастры саласы бойынша көрсетiлген.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, тек қана «Connection Point» өз өзiне қызмет көрсету секторы арқылы жыл бойы 8 миллионнан астам кеңес берiлiп, қызмет көрсетiлген. «Бүгiнде бiз мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн барынша қолайлы жағдай жасау, оларды оңтайландырып, автоматтандыру мүмкiндiктерiн қолданудамыз. Осылайша, әрбiр бөлiмде азаматтар өз бетiнше электрондық анықтамаларды алып, баланы балабақша кезегiне қойып, айыппұлдар мен баж салықтарын төлей алатын өз өзiне қызмет көрсету секторлары жұмыс iстеуде. Ол үшiн оларға осы жерде, яғни мемелекеттiк корпорацияның ғимаратында берiлетiн электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болды», деп қосты Құмарғалиев.

Айта кетерлiгi, жыл бойы 3,5 млн. астам қазақстандықтар қолтаңбаның электрондық нұсқасына ие болды.

Сондай-ақ Қазақстанда көлiктi қайта ресiмдеу және жүргiзушi куәлiгiн беру қызметтерi көрсетiлетiн, автокөлiк иелерiне арналған 12 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстеуде. Жыл басынан берi мамандандырылған ХҚКО-ларда миллиондай автокөлiк қайта тiркелген, ал жүргiзушi куәлiктерiн 253 мыңнан астам адам алған.

Құмарғалиевтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорацияның бөлiмдерi жоқ шалғай елдi мекендерде мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша жұмыстар жалғасуда. «Шалғай елдi мекендердегi тұрғындардың уақыты пен қаражатын үнемдеу мақсатында, бiздiң қызметкерлер қажеттi жабдықтармен оларға өздерi баруда. Шығу кестесi тоқсан сайын аудандық әкiмшiлiкпен бiрлесiп құрылып, жергiлiктi БАҚ-та жарияланып отырады», -деп қосты ол. Жыл басынан берi мобильдiк ХҚКО 13 мыңнан астам шығуларды ұйымдастырып, 500 мыңға жуық қызмет көрсеткен.

Естерiңiзге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы осы жылдың сәуiр айында құрылған, оның құрамына 4 РМК — «Халыққа қызмет көрсету орталығы», «Жылжымайтын мүлiк орталығы», «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы», «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» кiрдi. Қазiргi кезде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында 21 мыңнан астам адам жұмыс iстеуде. Қазақстан бойынша мемлекеттiк корпорацияның 530 мемлекеттiк қызмет көрсететiн барлығы 362 фронт-офисi жұмыс iстейдi. Осы ретте, 2017 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы көрсетiлетiн қызметтер саны тағы 53-ке артпақ.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көштi

Өскемен қаласының Жiбек маталар комбинаты шағын ауданы тұрғындары үшiн жағымды жаңалық — Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлiмi жаңа ғимаратқа көшуде. Ашылу салтанатына арнайы сапармен келген «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов, басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиев және аппарат басшысы Қайратғали Хайрулла қатысты.

«Мемлекеттiк корпорация адамдарға көмек көрсету үшiн құрылған. Сонымен қатар, бiз шығындарды оңтайландыру жолдарын ойлауымыз керек. Жалға алынған ғимараттар үшiн үлкен қаражат төлеп қайтемiз, оның үстiне ол адамдар үшiн қолайсыз болса. Сондықтан бiз өз ғимаратымызда жөндеу жұмыстарын жасадық, көрiп тұрағандарыңыздай ол бұрынғыдан да жарық, жылы, үйлесiмдi. Бiздiң ең басты мақсатымыз — адамдардың өмiрiн жақсарту. Бұл бүгiн көрнекi түрде көрсетiлдi, — дедi ашылу кезiнде «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы басқарма төрағасы Данияр Еренчинов.

Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығына орай ашылып отырған жаңа да ыңғайлы ғимарат тұрғындар үшiн ерекше сыйлық болып отыр. Жаңа ғимарат барынша кең және мемлекеттiк қызметтердi сапалы ұсынға барлық жағдайлар жасалған. Реттеу залында 44 жұмыс орны және электрондық үкiмет порталы арқылы өз беттерiмен қызмет алуға орталық мамандары көмектесетiн «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы, мүмкiндiктерi шектеулi жандарға қызмет ұсынатын арнайы жұмыс орны бар, сонымен қатар азаматтарды тiркеу және құжаттандыру бағыты бойынша мемлекеттiк қызмет ұсынатын көшi-қон полициясы мамандары да осы жерде орналасқан. Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн автотұрақ та қарастырылған.

Айта кетерiмiз, аталған бөлiм осы уақытқа дейiн көп қабатты тұрғын үйдiң бiрiншi қабатында, дүкенмен бiрге, бiр алаңда орналасқан едi. Ал ендi, бөлек тұрған жаңа ғимараттың бiрiншi қабатында Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментiнiң фронт-офисi орналасса, екiншi қабатында Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру департаментi мамандары орналасқан. Бұл оңтайландыру «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясынң сәуiр айында құрылғандығынан мүмкiн болды, себебi екi департамент те мемлекеттiк корпорация құрамына енген. Көшiру жұмыстарының арқасында мемлекеттiк корпорация 6 млн теңге үнемдемек, себебi бұл қаражат бұрын жалға алу үшiн жылына төлетiн. Ғимаратты жөндеу жұмыстарын өз қаражатымызға iстедiк.

Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ұсынатын мемлекеттiк қызметтердiң барлық түрлерiн Өскемен қаласы тұрғындары мына мекенжайдан алуларына болады: Сатпаев даңғылы 34/2. Фронт-офистiң жұмыс кестесi өзгерген жоқ: дүйсенбi мен сенбi күндерi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, үзiлiссiз жұмыс iстейдi. Айта кетер болсақ, бүгiнде мемлекеттiк корпорация арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

Анықтама үшiн: Күнiне №1 қалалық бөлiмге 500-600 қызметалушы келедi, соның 250 азаматы — ЫАЖ ХҚКО ақпараттық жүйесi арқылы көрсетiлетiн дәстүрлi қызметтер үшiн келсе, 200-ден астам азамат ҚҚП арқылы электронды қызмет алушылар. Әрқашан өзiне — өзi қызмет көрсету секторына үлкен жүк артылатын. Оған 100 қызмет алушы келедi. Көшi- қон полициясы бөлiмiне күнiне 100 қызметалушы келедi, оның 40-тан астамы құжаттандыру қызметi бойынша болса, 60-тан астамы тұрғылықты мекенжайы бойынша тiркелуге келедi.

Халыққа қызмет көрсету орталығының Өскемен қалалық №1 бөлімі жаңа ғимаратқа көшті

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында консультативтiк-кеңесшiкеңестiң алғашқы отырысы өттi

Консультативтiк-кеңесшi кеңес мемлекетттiк корпорация көрсететiн қызметтердiң сапасын одан әрi жақсарту бойынша шараларды жетiлдiру бойынша қабылданатын шешiмдердiң заңдылығын және тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн құрылған болатын.

Жиынға Қазақ ұлттық аграрлық университетiнiң ректоры Тiлектес Есполов,Астана қ. бойынша «Ұлттық ғылымакадемиясы» РҚБ Астана қаласы бойынша өкiлдiгiнiң директоры Зайролла Дүйсенбеков, Тиiмдi басқару және бәсекеге қабiлеттiлiктi дамыту халықаралық агенттiгiнiң президентi Гүлнар Құрбанбаева, еңбек ерi, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚМ бұрынғы бас директоры Әбдiкәрiм Төреқұлов, «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчинов және басқа да кеңес мүшелерi қатысты. Консультативтiк-кеңесшi кеңесте Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты Майра Айсина басшылық еттi.

Жиналыс барысында мемлекеттiк корпорацияның стратегиялық жоспарының орындалуы мақұлданды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер сапасын арттыру бойынша ұсынымдар берiлдi. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi саласы бойынша стандарттарға мұрағаттық құжаттарды сақтау мерзiмiн азайту бөлiгiнде өзгерiстер енгiзу мәселелерi талқыланды.

Жиналыс қорытындысы бойынша көлiк құралдарын тiркеу, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнын анықтау бойынша және т.б.мемлекеттiк қызмет стандарттарына өзгерiстер енгiзу ұсынылды.

Айта кету керек, Консультативтiк-кеңесшi кеңесжұмысының негiзгi қағидаттары ашықтық пен айқындық, ал кеңестiң мүшелерi мемлекеттiк корпорация жұмысына бей-жай қарамайтын, жұмыс сапасын жақсарту бойынша сындарлы сын мен ұсыныстарынайта алатын азаматтар болып табылады. Консультативтiк-кеңесшi кеңесотырысы жылына кемiнде 2 рет туындайтын мәселелер сипатына байланысты өткiзiлiп тұратын болады.

Астанада жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi талқылануда

Астанада «Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мемлекеттiк кадастрлық есебiнiң өзектi мәселелерi» атты халықаралақ конференциясы басталды. ҚР Ауыл шаруашылық министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы бiрлесiп ұйымдастырған iс-шараға кадастрлық қызмет саласындағы салалық кәсiпорындардың және Еуразиялық экономикалық одақтың қатысушы мемлекеттердiң ұйымдары мен Литва Республикасының делегациялары қатысуда. Сондай-ақ, конференцияға ҚР Ақпарат және коммуникация министрлiгi, ҚР Әдiлет министрлiгi, «Қазгеодезия» РМҚМ, «Зерде» ҰИХ АҚ және «Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ өкiлдерi қатысуда. Конференция нәтижесiнде қатысушылар ынтымақтастық жөнiндегi меморандумға қол қоймақ.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша конференция қатысушалары кадастрлық қызмет саласында тек тәжiрибе аламсып қана қоймай, Қазақстанда жылжымайтын мүлiктiң бiрiңғай мемлекеттiк кадастрын құруды дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

«Бұл шара бiз үшiн — тек қана бiрегей диологтар алаңы емес, сонымен бiрге Қазақстан Республикасында Бiрiңғай кадастрлық есеп жүйесiн құру механизмi мен шешiм қабылдауда бiрыңғай түсiнiстiкке келу мүмкiндiгi болып табылады» — дедi Медет Құмарғалиев. «Осы жылдың мамыр айында бiз жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай мемлекеттiк кадастрын құруды компаниямыздың стратегиялық жоспарына енгiзген болатынбыз. Бiрыңғай кадастрды құру жекеленген ақпараттық жүйелердi бiрiктiрудi, жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу барысында әкiмшiлiк кедергiлердi азайтуды, сапаны жоғарылатып және жылжымайтын мүлiкке құқықтарды есепке алу және тiркеу бойынша мемлекеттiк қызметтiң ашықтығын қамтамасыз етедi».

Бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорацияда жер телiмдерiнiң, ғимараттар мен құрлыстардың ГАЖ — қабаттары, инженерлiк коммунакациялармен, жол-көшелiк желiлер және т.с.с. қамтыған жылжымайтын мүлiктiң бiрыңғай кадастрының мүмкiндiктерi жайлы демонстрциялық тақта жасалған. Жер кадастры және жылжымайтын мүлiктi техникалық тексеру дирекциясы Астана қ. бойынша 92 күрделi құрылыстар мен құрылыстарды үйлестiрудi орындаған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Астанада жылжымайтын мүлік объектілерінің мемлекеттік кадастрлық  есебінің өзекті мәселелері талқылануда

Мемлекеттiк корпорацияда қазақстандықтардың уақытын үнемдейтiн кезектi пилоттық жоба iске қосылды

Ендi жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң жаңа техникалық паспортын алу және сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркеу үшiн халыққа қызмет көрсету орталығына бiр рет барсаңыз жеткiлiктi. Бұрын қызмет алушы бұл мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ХҚКО-ға кемiнде үш рет баруы қажет болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтiң айтуынша, деректердiң өзгерiстерiн тiркеуге 2 фактi — қайта өлшеу кезiнде анықталған алаңның өзгерiсi және жылжымайтын мүлiк объектiсiн қайта жоспарлаған жағдайдағы сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiсi негiз болуы мүмкiн.

Жөндеу жұмыстарының, балкон алаңының қосылуы және т.бнәтижесiнде алаң көлемi өзгерген жағдайда, азамат сәйкестендiру деректерiнiң өзгерiстерiмен тiркелген техникалық паспортты және құқық белгiлейтiн құжатты (жекешелендiру, сыйға беру, сату-сатып алу шарты) алады.

Жылжымайтын мүлiк қайта жобаланған немесе қайта жабдықталған жағдайда, азамат жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң сәйкестендiру сипаттамаларының өзгерiстерiн тiркетуi қажет. Ол үшiн алдымен өзгерiстердi заңдастыру үшiн сәулет органдарына жүгiну қажет, нәтижесiнде ол пайдалануға қабылдау актiсiн алады. Бiрақ, Құмарғалиевтiң айтуынша, ендi барлық құжаттар топтамасын мемлекеттiк корпорация қызметкерi жинап бере алады. Ол сенiмхат негiзiнде өз бетiнше барлық құжаттар топтамасын жинақтайды, оның iшiнде пайдалануға арналған қабылдау актiсiн де ресiмдейдi. Ал қызмет алушы ХҚКО-дан дайын құжатты алады.

Құжаттар топтамасын жинақтау қызметiн мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi ақылы негiзде жүзеге асыратынын атап өткен жөн.

Бұл сервис мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне келуге және құжаттар жинауға уақыты жоқ азаматтарға ыңғайлы болуы үшiн ұйымдастырылған, сондай-ақ ол бизнес жүргiзу жағдайларын жеңiлдетуге арналған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi«Азаматтарға арналған үкiмет» жұмыскерлерi перинаталдық орталыққа шығып, кеңес бердi

Өткен демалыста Қазақстанның барлық аумағында Аналар күнiн атап өттi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпрациясының жұмыскерлерi де бұл бейресми, бiрақ жанға жылы мейрамды тойлаудан шет қалмады және Астана қаласының №1 перинаталдық орталығына шығып, жас аналарға кеңес бердi.

Перзентханадағы кездесу барысында мемлекеттiк корпорация фронт-офистерiнiң инспекторлары жас аналарға «Мемлекеттiк корпорация» фронт-офистерi арқылы ұсынылатын жүктiлiк пен босану, бала тууы және басқа да қызметтер бойынша әлеуметтiк төлемдердi рәсiмдеу бойынша түсiндiрмелер бердi.

«Бiз перинаталдық орталықтың емделушiлерiне бала тууына жәрдемақыны бiр ғана өтiнiш арқылы рәсiмдеуге болатынын айтып бердiк» — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығы директорының орынбасары Серiкхан Сабыржанов. «Ол үшiн электрондық цифрлық қолтаңбасы мен электрондық үкiмет порталына қолжетiмдiлiк болса жеткiлiктi. Композиттiк қызмет ата-аналарға бала тууға бiр жолғы жәрдемақыны тағайындау және бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне әлеуметтiк төлемдердi тағайындауға бiр уақытта өтiнiш беруге мүмкiндiк бередi».

Бұдан басқа, әлеуметтiк төлемдердi ведомствоаралық есептеу орталығының инспекторлары Қазақстанда әйелдер үшiн жүктiлiк демалысы төлемдерiн рәсiмдеу процедурасы жеңiлдетiлгендiгiн — ендi жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтаманы ұсынудың қажетi жоқ екендiгiн айтып бердi. Ендi жүктiлiк демалысы төлемдерiн тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде көрсетiлген нақты аударымдар бойынша жүзеге асырылады.

Айтпақшы, қазақстандықтар 1411 — тегiн қызмет көрсету нөмiрi арқылы жәрдемақыны және зейнетақыны есептеу бойынша кез-келген сұрақтарын қойып, кеңес ала алады.

Сондай-ақ, Сабыржановтың айтуынша, республикалық бюджеттен жәрдемақы мен әлеуметтiк сақтандыру мемлекеттiк қорынан әлеуметтiк төлемдердi алушылар қалауы бойынша жәрдемақына аудару үшiн арнайы ағымдағы шот ашуларына болады. Бұндай арнайы шотқа түскен ақшалай қаражатты банктiң несие бойынша кешiктiрiлген қарызын өтеу үшiн арқылы ұстауына жатпайды.

Мемлекеттiк корпорация арқылы жыл басынан бастап барлығы 122 мыңнан астам жүктiлiк демалысы төлемдерi, 288 мың бала тууына бiржолғы төлем және 166 мың бiр жасқа дейiнгi бала күтiмi бойынша әлеуметтiк төлемдер тағайындалған.

Айта кетерлiгi, аталмыш акция Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығын мерекелеуге орайластырып, тек Астана қаласының перзентханасында ғана емес, сондай-ақ Павлодар, Орал, Атырау және басқа да қалаларда өттi. Мемлекеттiк корпорацияда мерейтойлық датаға арналған бұл алғашқы iс-шара емес. Жұмыскерлер мен олардың балалары «Мектепке жол», мемлекеттiк тiлдi бiлу конкурсына, спартакиадаға және балалар суреттерiнiң конкурсына қатысқан болатын.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру үшiн «Азаматтарға арналған үкiметте» бiрқатар iс-шаралар өттi«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ-та сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiне төзбеушiлiк атмосферасын құру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi қалыптастыру» — дәл осы тақырыпта мемлекеттiк корпорацияның орталық аппаратының, Астана қаласы бойынша дирекциялары мен департаменттерiнiң жұмыскерлерi үшiн бiрқатар iс-шаралар өткiзiлдi.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң қолдауымен өткiзiлген iс-шараларға ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Анар Жайылғанова, «Нұр Отан» партиясы «Бiрлiк» филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Әлия Кайшарова, ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң Астана қаласы бойынша департаментiнiң басшысы Тiлеген Каскин қатысты.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң» Тәуекелдердi басқару және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл департаментiнiң директоры Бауыржан Талдықбаевтың айтуынша, мұндай iс-шаралардың негiзгi мақсаты — сыбайлас жемқорлық фактiлерiнiң алдын алу және оған жол бермеу, мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiктi көрсететiн құндылықтар жүйесiн нығайту.

«Бүгiнде әрқайсымыздың алдымызда халықтың құқықтық сауаттылық деңгейiн арттыру, «Сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет — гүлденген мемлекет» идеологиясын алға тарту, мемлекеттiк корпорацияның барлық қызметкерлерi арасында, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясымен, құқық қорғау органдарымен және басқа да қоғамдық бiрлестiктермен және ұйымдармен бiрлесiп, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдiк» төзушiлiк атмосферасын құру мәселесi тұр. Сыбайлас жемқорлықпен күресу — баршаның және әр азаматтың мiндетi. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершiлiгi тек қана мемлекетке емес, әрбiр жеке азаматқа жүктелетiнiн есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бiрлiгi және өзара сенiмдiлiгi ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкiндiк бередi», — дейдi Талдықбаев.

Бауыржан Талдықбаев атап көрсеткендей, мұндай iс-шаралар «Нұр Отан» партиясының, құқық қорғау органдарының, үкiметтiк емес ұйымдар мен басқа да ұйымдардың өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекеттiк корпорацияның барлық аумақтық департаменттерiнде жүйелi түрде өткiзiлетiн болады.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк қоғамының
Баспасөз қызметi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедi

Қазақстанда жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi ресiмдеу рәсiмi жеңiлдедiЖүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердi есептеуге қажеттi құжаттар топтамасы қысқартылды. Бұл Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi мен «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының бiрлескен жұмысының арқасында мүмкiн болып отыр. Ендi, өтiнiш берген кезде әйелдерге соңғы 12 айға жұмыс орынан табыстары туралы анықтама ұсыну қажет емес. Жеке куәлiгiн, еңбекке жарамсыздық парағы мен банктiк шотын ұсыну жеткiлiктi. Жеке кәсiпкер куәлiгi бар әйелдерге сондай-ақ ЖК тiркеу туралы куәлiк пен салықтары бойынша салыстырып тексеру актi қажет болады.

«Бұрын мемлекеттiк корпорацияның жұмыскерлерi автоматтандырылған ақпараттық жүйеге нақты аударылған әлеуметтiк аударымдарды жұмыс орнынан берiлген анықтамада көрсетiлген сомалармен салыстырып тексеру жүргiзетiн және сәйкес болмаған жағдайда өтiнiш берушiге нақтылау үшiн құжаттар қайтарылатын», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы ЗТМО дирекциясы директорының орынбасары Серiкқан Сабыржанов. «Қазiр, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан берiлетiн әлеуметтiк төлемдер мөлшерлерiн тағайындау қағидасына енгiзiлген өзгерiстердiң арқасында жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердi тағайындау автоматтандырылған ақпараттық жүйеде қамтылған нақты аударылған аударымдар бойынша жүзеге асырылатын болады. Жүктiлiгiне және босануына байланысты төлемдердiң мөлшерi есептелген және аударылған әлеуметтiк аударымдардың дұрыстығына жауапкершiлiк көтеретiн жұмыс берушiге тiкелей байланысты екендiгiн есте сақтау қажет», — деп түсiндiрдi Сабыржанов.

Сонымен қатар, жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерi соңғы 12 айға орташа айлық табысын еңбекке жарамсыздық күнiнiң санын отыз күнтiзбелiк күнге бөлу арқылы алуға болатын еңбекке жарамсыздық (науқастанған) күнiнiң саны коэффициентiне көбейтумен айқындалады.

Мысалы, әйел орташа айлық табысы 95 000 теңгемен 12 ай ұйымда жұмыс iстедi. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күн болса, еңбекке жарамсыздық күнi санының коэффициентi 4,2 тең. Демек, жүктiлiгiне және босануына байланысты бiржолғы төлем зейнетақы аударымдарын шегерусiз 399 000 теңгенi құрайды.

Зейнетақы мен жәрдемақы есептеу жөнiндегi кез келген мәселе бойынша консультацияны қазақстандықтар 1411 тегiн нөмiрiне қоңырау шалып алуына болады және сұрақтарын қоя алады.

Барлығы мемлекеттiк корпорация арқылы жылдың басынан берi 97,5 мың жүктiлiгiне және босануына байланысты табысынан айрылу жағдайына әлеуметтiк төлем тағайындалды.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге болады

Бала тууына берiлетiн жәрдемақыны бiр ғана өтiнiшпен рәсiмдеуге боладыБала өмiрге келген сәттен бастап ата-анасының бiрi бiржолғы жәрдемақы алуға және бiр жасқа толғанға дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдерге қақысы бар. Ендi бұл жәрдемақыларды «Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының фронт-офистерiнде электрондық үкiмет порталы арқылы бiр ғана өтiнiш берiп ресiмдеуге болады.

«Азаматтарға арналған» мемлекеттiк корпорациясының филиалы — ЗТМО директорының орынбасары Серiкхан Сабыржановтың айтуынша, ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, «Connection point» өз өзiне қызмет көрсету секторларында немесе үйде отырып-ақ аталған жәрдемақыларға өтiнiш беруге болады. Электрондық үкiмет порталы арқылы берiлген өтiнiш жәрдемақы тағайындау туралы шешiм қабылдайтын Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталыққа автоматты түрде жiберiледi. Бұрын бұл қызметтi алу үшiн азаматтар аталмыш жәрдемақыларды тағайындауға қатысатын барлық мемлекеттiк органдарға өзi баруы қажет болатын.

Айтпақшы, бiр жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемдердi өз бетiнше формула арқылы есептеуге де болады. Ай сайынғы төлем көлемi соңғы 24 айдағы орташа айлық кiрiстi 0,4 — кiрiстi алмастыру коэффициентiне көбейту арқылы анықталады. Мысалы, соңғы екi жылдағы орташа айлық табысыңыз 60 мың теңгенi құраса, онда ай сайынғы төлем көлемi 24 мың теңгенi құрайды. Ал жұмыссыз аналарға төленетiн ай сайынғы әлеуметтiк төлем мөлшерi бiрiншi бала үшiн 5,76 АЕК, екiншi бала үшiн 6,81 АЕК, үшiншi бала үшiн 7,85 АЕК және төртiншi бала үшiн 8,90 АЕК-тi құрайды. 2016 жылы бiржолғы жәрдемақы көлемi бiрiншi, екiншi және үшiншi балалар үшiн 31,41 АЕК және төртiншi бала үшiн 52,35 АЕК-тi құрайды.

Жыл басынан берi мемлекеттiк корпорация арқылы 116 мың бала тууына берiлетiн жәрдемақы және бала күтiмiне байланысты әлеуметтiк төлемақы тағайындалған, оның iшiндегi 656 жәрдемақы мен әлеуметтiк төлемдер электрондық портал арқылы тағайындалған.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

Астанада «Қазақстан бала көзiмен» тақырыбында Астана күнiне арналған балалар суреттерi конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау салтанаты өттi. Конкурс «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамы қызметкерлерiнiң балалары арасында өткiзiлдi. ҚР Премьер-Министрiнiң орынбасары Дариға Назарбаева мен ҚР Ақпаратжәне коммуникациялар министрi Дәурен Абаев конкурстың жеңiмпаздарына марапат қағаздары мен сыйлықтарды ұсынды.

Салтанатты марапаттау кезiнде Дариға Назарбаева осындай дарынды балаларды тәрбиелегендерi үшiн олардың ата-аналарына алғыс айтып, мерекелiк iс-шараға қатысушылардың барлығын Астана күнiмен құттықтады.

Ең үздiк суретшiлер үш санат бойынша таңдалды: 7 жасқа дейiнгi балалар, 7 жас пен 11 жас аралығындағы және 11 жас пен 15 жас аралығындағы балалар. Бiрiншi, екiншi және үшiншi орындардың сыйлықтары Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау, Қызылорда облыстарының, сондай-ақ СҚО және ОҚО еншiсiнде кеттi. Ал балалар суреттерi конкурсының гран-приi Ақмола облысынан келген 5 жасар Диас Карамкасов пен 8 жасар Даяна Идрисоваға және қарағандылық 12 жасар Анель Имишоваға бұйырды.

«Конкурсанттардың жалпы санынан жеңiмпаздарды анықтау өте қиын болды. Қатысушылар сурет салудың кез-келген техникасы — гуашпен, акварельмен, қарындашпен, фломастермен салынған суреттердi ұсынған. Барлық жұмыстар ашық бояулы және қызықты болды. Бiздiң конкурстың мақсаты — балаларды Отанына деген сүйiспеншiлiк пен патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады», — дедi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорация» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Астана күнi құрметiне балаларға мерекелiк демалыс ұйымдастырылды. Балалар алғашқы Президенттiң мұражайында, ҚР ұлттық мұражайында, мұхитаралда, джунглиде, «Атамекен» этно-мемориалды кешенiнде болып, «Байтерек» монументi алаңынан астанамыздың орталығына шолу жасады.

Еске салсақ, мемлекеттiк корпорация «Жер кадастры ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК — 4 кәсiпорынды қайта құра отырып, жұмысыносы жылдың 11 сәуiрiнен бастаған болатын. Бүгiнгi таңда корпорация Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам қызметкердiң басын бiрiктiрдi.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы балалар суреттерi конкурсының қорытындысын шығарды

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлiк
қоғамының баспасөз қызметi

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы көрсететiн қызметтердi үйде отырып ала алады

1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандар «Азаматтарға арналған үкiмет» көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк корпорацияның фронт-офистерiне бармай-ақ ала алады. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы жұмысын бастағалы берi мобильдiк топтар 3 670 мүмкiндiгi шектеулi жандарға барып, 5 761 қызмет көрсеттi. Олардың iшiнде жылжымайтын мүлiк пен құжаттандыру бойынша қызметтерге, электрондық анықтамаларға көп сұраныс көп.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтiң айтуынша, мемлекеттiк корпорация 1 және 2-топтағы мүмкiндiгi шектеулi жандардың үйiне барып қызмет көрсету бойынша ХҚКО тәжiрибесiн жалғастырып отыр. Азаматтар мобилдiк топты шақыру үшiн Бiрiңғай байланыс орталығының 1414 нөмiрiне телефон шалулары керек. Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерлерi оған 72 сағат iшiнде барады.

Жалпы, мемлекеттiк корпорация мүмкiндiгi шектеулi жандарға мемлекеттiк қызмет көрсетуге көп көңiл бөлiп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында арбадағы мүгедектер үшiн пандустар, шақыру нүктелерi орнатылған. Сонымен қатар «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясында әр түрлi қызметтерде 360 мүмкiндiгi шектеулi жандар жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-нiң қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз. Бүгiнгi таңда «Азаматтарға арналған үкiмет» арқылы 530 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

Ашық үкiмет

Өткен жылдың мамыр айында, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнiң дамыған 30 елдердiң қатарына кiру мақсатында бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру үшiн 100 нақты қадамдарды белгiлеген. Солардың iшiндегi соңғы 10 қадам «Есеп беруге мiндеттi үкiметтi қалыптастыру» реформасын iске асыруға бағытталған.

Атап айтқанда, 94-шi қадамда Ашық үкiметтi жүзеге асыру мiндеттерi белгiленген.

«Ашық үкiметтiң» мақсаты — ашық және халық алдында есеп беруге мiндеттi мемлекеттi құру, азаматтардың мемлекеттiк басқару саласындағы құқықтары мен мүмкiндiктерiн кеңейту, жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мен жаңа технологияларды мемлекеттiк басқару тиiмдiлiгiн арттыру үшiн қолдану болып табылады.

Ашық үкiмет мынадай 5 компонеттен тұрады: ашық деректер, ашық НҚА (нормативтiк құқықтық актiлер), ашық диалог, ашық бюджеттер және мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау. Бес порталдың iшiнен төрт портал қазiргi кезде жұмыс iстеуде, ал мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн бағалау порталы келесi жылдан бастап жұмысын бастайды.

Ашық үкімет

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздi

Азаматтарға арналған үкiмет жұмыскерлерi асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға көшпелi кеңестер өткiздiХалықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының жұмыскерлерi Қазақстанның барлық өңiрлерiнде асырап алушылар мен көп балалы ата-аналарға және балалар үйлерiндегi әлеуметтiк жұмыскерлерге көшпелi кеңестер өткiздi.

«Халықаралық балаларды қорғау күнi мерекесiне орайластырылған акция Қазақстанның барлық өңiрлерiнде өттi. Бүгiн «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясыныңжұмыскерлерi отбасы негiзiндегi балалар үйлерiнде қорғаншылықты ресiмдеу, жәрдемақы, зейнетақы ресiмдеу және т.б. әлеуметтiк маңызды қызметтердi көрсету бойынша көшпелi кеңестер өткiздi», — дейдi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубеков.

Сондай-ақ, Оршубековтың айтуынша, мемлекеттiк корпорация жұмыскерлерi кеңестер берумен қатар, балаларға арнап жағымды тосынсыйлар жасады. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» қарағандылық филиалының өкiлдерi балалармен футболдан жолдастық кездесу өткiзiп, 16 жасқа толған жеткiншектерге дайын жеке куәлiктер тапсырса, ал Алматыда көп балалы ана сәбилердiң күтiмiн жасайтын құралдар түрiнде жағымды сыйлықтар алды.

Атап өтсек, бүгiнгi күнi мемлекеттiк корпорация арқылы азаматтарға 530 мемлекеттiк қызмет түрi қолжетiмдi. Олардың iшiнде зейнетақы төлемдерi, 18 жасқа дейiнгi балаларға жәрдемақылар тағайындау, мүгедектiгiне байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және т.б.әлеуметтiк маңызды төлемдер мен жәрдемақылар тағайындау қызметтерi бар.

Мемлекеттiк корпорация өз жұмысын осы жылдың 11 сәуiрiнде «Жер кадастры ғылыми өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның қайта құрылуы жолымен бастағанын естерiңiзге саламыз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ
баспасөз қызметi

Баспасөз-релизi
Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылды

Баспасөз-релизi Мобильдiк ХҚКО құрамына еңбек комитетi және жұмыспен қамту басқармаларының өкiлдерi қосылдыШалғай ауылдық округтерiнiң халқына ыңғайлы болу үшiн құрылған Мобильдiк Халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетiлетiн кеңестердiң ауқымын кеңейттi. Ендi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы департаменттерiнiң қызметкерлерiмен бiрге еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетiнiң, сондай-ақ жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасының өкiлдерi шығатын болады.

Бүгiнгi таңда мемлекеттiк корпорация арқылы ұсынылатын 530 мемлекеттiк қызмет қазақстандықтарға мобильдiк ХҚКОлары арқылы қолжетiмдi. Жобаны iске қосқан сәттен бастап 66 бiрлескен сапар жүзеге асырылды, олардың барысында ауыл тұрғындары тек мемлекеттiк қызметтердi ғана алып қоймай, әлеуметтiк қорғау, жұмыспен қамту және жаңа мамандықтарға оқыту мәселелерi бойынша да кеңестер алды.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕ АҚ филиалы — «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша мобильдiк ХҚКОлар жергiлiктi атқарушы органдардың келiсiмi бойынша бекiтiлген кестелер бойынша шығады. «Мобильдiк ХҚКОлар ауыл тұрғындарының қаржысы мен уақытын үнемдеу үшiн құрылған болатын. Көрсетiлетiн қызметтердiң ауқымы мен сервистерiн кеңейту, оларды ауыл тұрғындары үшiн неғұрлым танымал етуде. 2016 жылғы 4 ай iшiнде 4 755 сапар жүзеге асырылды, олар 1 316 елдi мекендi қамтыды», — дейдi Әбдiлманов.

Республиканың 14 өңiрiнде 70 мобильдiк ХҚКО жұмыс iстейтiнiн естерiңiзге саламыз. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКОлар 127 063 мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

Сапарлар кестесiн «Халыққа қызмет көрсету орталығы» дирекциясының ресми порталында, аудандық әкiмдiктердiң және өңiрлiк БАҚ сайттарында көруге болатынын атап өтемiз.

«Азаматтарға арналған үкiмет»
мемлекеттiк корпорациясы»
КЕ АҚ Баспасөз қызметi

Тууды мемлекеттiк тiркеу мерзiмдерiнiң өзгеруi туралы

«Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-IV Кодексiне енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар 2016 жылғы 3 мамырда күшiне енiп, соған сәйкес баланың тууын тiркеуге өтiнiш беру мерзiмi 2 айдан 3 жұмыс күнiне дейiн қысқартылды.

Кодекстiң 189-бабына сәйкес, баланың тууы туралы өтiнiштi оның ата-аналары не басқа да мүдделi адамдар тiркеушi органдарға (тууды тiркеуге өтiнiш ХҚКО арқылы берiледi) ол туған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей беруге тиiс.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы өз жұмысын бастады

«Жер кадастрының ғылыми-өндiрiстiк орталығы» РМК, «Жылжымайтын мүлiк орталығы» РМК, «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» РМҚК және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-лерiн қайта құру жолымен құрылған «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы 2016 жылғы 11 сәуiрден бастап өз қызметiн бастады.

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлiгi корпорацияны құру бойынша iшкi құжаттарды жасау, корпорацияның даму жоспарын жасау, инфрақұрылымды оңтайландыру және сараптау сияқты барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтады. Тиiстi уәкiлеттi органдар корпорация жұмысын регламенттеу мен мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбiне қатысты 140-тан астам нормативтiк-құқықтық актiлердi қабылдады.

Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының басты ерекшелiгi, барлық бизнес-үдерiстердi автоматтандыру мен оңтайландыру болады. Бiрiктiрiлген кәсiпорындарға ХҚКО-лардың қолданысындағы қызмет көрсету мониторингi мен сапасын бағалаудың жаңа құралдарын пайдалану, СМС-хабарлау, кедергiсiз қызмет көрсету, кезектi броньдау сервисi тәрiздi мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары енгiзiлген.

Корпорацияның көрсететiн қызметтер санының едәуiр артуына байланысты, корпорация құрамына кiрген барлық кәсiпорындардың 3 600 қызметкерiне оқыту-үйрету жұмыстары жүргiзiлдi. Қызметкерлердiң жұмысының нәтижелiлiгiн анықтау үшiн тиiмдiлiктiң негiзгi көрсеткiштерi бекiтiлдi (КРI).

Мемлекеттiк корпорация қызметiндегi жаңалықтардың бiрi — қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, қызметкерлер оларды өңдеудi жүзеге асырады. Республикамыздың барлық ХҚКО-ларында енгiзiлген ақпараттық жүйенiң арқасында, қызмет көрсету уақыты мен қажет етiлетiн құжаттар едәуiр қысқарады.

Азаматтардың мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiгi де әртүрлi араналар арқылы — қалалар мен аудандарда халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, сонымен қатар өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының көмегiмен, электрондық және мобильдiк үкiмет арқылы қаматамасыз етiледi. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн мобильдi ХҚКО-лар жұмыс iстейтiн болады.

ҚР ИДМ БААК
Баспасөз қызметi

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Бұл сан жыл басынан жаңа жүргiзушi куәлiктерiн алған жалпы автомобилистер санының 30%-ына жуығын құрайды. Барлығы 36 115 жүргiзушi куәлiгi, оның iшiнде әйелдерге — 10 776 жүргiзушi куәлiгi берiлдi.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, мамандандырылған ХҚКО-да жүргiзушi куәлiгiн алған автомобиль әуесқойларының саны жыл сайын өсiп келедi. «2014 жылы, мысалы, қаңтар және ақпан айларында мамандандырылған ХҚКО-ларда 15 мыңнан астам қазақстандық жүргiзушi куәлiгiн алды, олардың iшiнде 4 мыңы — әйелдер. 2015 жылдың 2 айына — 27 мыңнан астам, олардың iшiнде 8 мыңнан астамы — әйелдер. Осы жылы да бiз сол сияқты жүргiзушi куәлiктерiн беру бойынша қызметтердiң өсу динамикасын көрдiк», — деп айтып өттi ол.

Автокөлiк құралдарын тiркеу бойынша алғашқы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы Қарағанды қаласында пайда болғандығын, кейiннен мамандандырылған ХҚКО-лар Алматы, Астана, Ақтау және Тараз қалаларында жұмыс жасай бастағандығын атап өтемiз. Бүгiнде Қазақстанда автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету бойынша 11 мамандандырылған ХҚКО жұмыс iстейдi.

Бизнес-процесстердi автоматтандырудың және мемлекеттiк органдардың деректер қоры мен ақпараттық жүйелерiн интеграциялаудың арқасында жүргiзушi куәлiктерiн алу уақыты 2 сағатқа дейiн қысқарды. Бұдан басқа, мамандандырылған ХҚКО-лардың аумағында психоневрологиялық, наркологиялық диспансерлер дәрiгерлерiнiң кабинеттерiн және медициналық комиссияларды орналастыру клиенттерге барлық iлеспе анықтамаларды бiр жерде алуға мүмкiндiк бердi.

Мамандандырылған ХҚКО-ларда мiндеттердi бөлiсу қолданылатындығын атап өту керек: ХҚКО қызметкерлерi құжаттарды қабылдаумен және дайын құжаттарды берумен айналысады, ал ТЕБ қызметкерлерi жүргiзушi куәлiктерi мен көлiк құралдарын тiркеу куәлiктерiн жасау процесiне қатыстырылады.

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

Жылдың басынан 10 мыңнан астам әйел ҚР мамандандырылған ХҚКО-ларында жүргiзушi куәлiктерiн алды

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша баспасөз қызметi

Инвесторларға қызмет көрсету секторы

Петропавл қаласының №1 бөлiмiнде 2016 жылдың қаңтар айында инвесторларға қызмет көрсету секторы iске қосылды. Аталған секторда кез-келген шетелдiк немесе отандық инвестор 300 аса қызмет түрiн ала алады.

Инвесторлардың мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылын жеңiлдету инвесторларға бағытталған мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн «бiр терезе» қағидатын енгiзудiң арқасында мүмкiн болды.

«Инвесторлардың қолайлығы үшiн ХҚКОда мемлекеттiк қызметтердiң негiзгi мiндеттерi инвестициялық мүмкiншiлiктер мен мемлекеттiк қызметтердегi мәселелер бойынша қабылдау және кеңес беру, мемлекеттiк қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттарды дайындауда көмек және ресiмдеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде орталық және жергiлiктi органдарда инвестициалық жобаларды сүйемелдеу бойынша болып табылатын инспекторлар көрсетедi», — дедi «ХҚКО» РМК СҚО бойынша филиалының директоры Руслан Шамшиев.

Инвесторға өзiнiң сұранымы бойынша барлық құжаттарды дайындаса болды, ал қалған барлық үрдiстi Инвесторларға қызмет көрсету секторы орындап, бақылайтын болады. Ендi барлық әкiмшiлiк сатыларды өз бетiнше өтудiң қажетi жоқ. Барлық құжаттар көрсетiлген уақытта дайын болады және инвесторға жiберiледi.

Инвесторға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсетудiң барлық процесi автоматтандырылады. Интернет жүйесiнде тiркелуге, ақпарат алуға, сонымен қатар құжаттарды жеткiзудi online режимде қарастыруға мүмкiндiк бар.

Сонымен қатар, ҚР Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Инвестициялар комитетiнде инвестор ақпараттық және кеңестiк қолдау ала алатын Call center орталығы қызмет етуде. Call center тел:
8 (7172) 75-45-40.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда экстернмен оқуға рұқсат алуға болады

«Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметiн Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады. Қызмет 15 жұмыс күнi iшiнде тегiн көрсетiледi. Бұл ретте өтiнiштi қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Экстернат нысанында оқуға өтiнiш беру үшiн тiркеу орны бойынша ХҚКО-ға жүгiну керек. Денсаулық жағдайы бойынша жалпы бiлiм беру мекемелерiнде оқуға мүмкiндiгi жоқ немесе уақытша шетелде тұрып жатқан, сондай-ақ оқуын уақтылы аяқтамаған оқушылар экстернат нысанында оқи алады.

«Егер бала 18 жасқа толған болса, ол рұқсат беруге өтiнiш бере алады. Кәмелет жасқа толғанға дейiн олардың мүддесiн ата-аналары немесе заңды қамқоршылары бiлдiредi», — деп атап өтедi «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева. — Айтпақшы, уақытыңыз шектеулi болса, ХҚКО-ға кезектi электрондық үкiмет порталы арқылы брондауға болады. Бұл үшiн сiзге электрондық цифрлық қолтаңбаның керегi де жоқ. ЖСН-ды енгiзiп, қызметтi алғыңыз келетiн ХҚКО-ны көрсетсеңiз жеткiлiктi».

Қызметтi алу үшiн өтiнiштi толтыру керек, сол сияқты өзiңiзбен бiрге мынадай құжаттар болсын: дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы;1/е нысаны, соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелiнiң көшiрмесi және көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (2008 жылға дейiн туылған болса), сондай-ақ салыстыру үшiн түпнұсқа. Қажет болған жағдайда бiлiм алушының ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың уақытша шетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитынын растайтын құжат керек болуы мүмкiн.

15 жұмыс күнiнен кейiн сiз ХҚКО-да экстернмен оқуға дайын рұқсатты немесе дәлелдi бас тартуды ала аласыз. Айта кетейiк, 2015 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы осындай 130 рұқсат берiлдi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
Субсидиялауға өтiнiмдi қазақстандықтар ендi ХҚКО арқылы бере алатын болады

Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресiмдей алады. Бұрын осы қызметтердi ресiмдеу үшiн белгiлi бiр кесте бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiне тiкелей жүгiну талап етiлсе, ендi қазiр қызметтер ХҚКО арқылы қолжетiмдi болып отыр, оның iшiндегi үшеуiне электрондық үкiмет порталы арқылы қол жеткiзуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттiк қызметтерге құжаттарды өздерiнiң қалыпты кестесi бойынша қабылдайды — аптасына 6 күн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9-дан кешкi сағат 8-ге дейiн.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша ХҚКО-лар арқылы субсидиялаудың 8 түрiн алуға болады, олардың iшiнде — а/ш өндiрушiлерiне су беру жөнiндегi қызметтердiң құнын; а/ш өнiмдерiн өңдеуге арналған гербицидтер мен биопрепараттардың құнын; асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуды; жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру шығындарының құнын; тұқым шаруашылығын дамытуды; тыңайтқыштардың құнын; ауыл шаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын, сондай-ақ өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мерзiмi әр түрлi — күрделiлiгiне қарай 6 жұмыс күнiнен бастап 41 жұмыс күнiне дейiн созылады. Алайда, ХҚКО арқылы құжаттар топтамасын тапсырған кезде құжаттарды қабылдау күнi бұл мерзiмге кiрмейтiндiгiн есте сақтаған жөн.

Қажеттi құжаттар туралы электрондық үкiмет порталының con.gov.kz ресми сайты және 1414 тегiн нөмiрi бойынша бiрыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы бiлуге болады. Субсидиялау жөнiндегi қызметтер тегiн көрсетiледi.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының құрылған сәтiнен бастап мұнда ұсынылатын мемлекеттiк қызметтер спектрi 212-ге дейiн көбейдi, ал бизнес-процесстердi оңтайландыру мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алуға қажеттi құжаттар санын төмендетуге, сол сияқты ресiмдеу мен кезек күту уақытын қысқартуға және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мерзiмдерiн азайтуға мүмкiндiк бердi. Бүгiн елiмiзде 270 ХҚКО бөлiмi жұмыс жасайды.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспа сөз қызметi

Баспасөз релизi
Бiлiм туралы құжаттарды ХҚКО-ларда апостильдеуге болады

Бiлiм туралы құжаттарға Халыққа қызмет көрсету орталықтары және электрондық үкiмет порталы арқылы апостиль қоюға болады. Бұл мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет «Қазақстан Республикасы бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» деп аталады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қорытындысын Астана тұрғындары 5 жұмыс күнiнен кейiн ала алады, ал басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн бұл мерзiм күнтiзбелiк 30 күндi құрайды. Қабылдау күнi қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Бiлiм туралы құжаттарды апостильдеу ақылы — 0,5 АЕК. Оған ақы төлеудi екiншi деңгейлi банктер және Казпочта кассасы арқылы жүргiзуге болады. Өтiнiштi портал арқылы ресiмдеу кезiнде ақы төлеу электрондық үкiмет шлюзi арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуға өтiнiш беру үшiн өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжат; апостильдеу үшiн ұсынылатын құжаттың түпнұсқасы және мемлекеттiк бажды төлеу туралы түбiртек болуы керек.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы толық құжаттар топтамасын ұсынбаған жағдайда қызметтi ұсынудан бас тартылуы мүмкiн.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi

Электрондық үкiмет порталында «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» қызметi қол жетiмдi.

Қызметтi онлайн тәртiпте алу үшiн, Сiзге:

  1. Порталда авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.
  2. Өтiнiмдi толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен).
  3. Қызметтердi көрсету үшiн мемлекеттiк баж алымын төлеу.
  4. Жеке кабинетте («Қызметтердi алу тарихы» тарауында) көрсетiлген уақыт iшiнде келiп түсетiн, сiздiң өтiнiмiңiздi өңдеу туралы хабарламамен танысу.
  5. Куәлiктi алу үшiн мемлекеттiк органға жүгiну.

Тiркеу есебiне тұру үшiн Өтiнiш берушi жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде бұған дейiн тiркелмеуi тиiс. Салық органының коды өтiнiш берушiң тұрғылықты жерi бойынша тiркелген мекенжайына сәйкес таңдалады.

Қазiргi уақытта «электронды үкiмет» порталында жүзеге асырылатын «Жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебi» мемлекеттiк қызметi, өзi тұратын (тiркелген) мекен жайды жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокат орналасқан орны ретiнде жеке тұлғаларға ғана қол жетiмдi.

Егер, жеке кәсiпкер, жеке нотариустың, жеке сот орындаушының, адвокаттың орналасқан орны ретiнде жоспарланып отырған мекен жайы жеке тұлғаның тұрғылықты (тiркелен) мекен жайынан өзгеше болған жағдайда, жеке кәсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркелу мақсатында салық органдарының ақпаратты қабылдау өңдеу орталығына жүгiнуiңiздi ұсынамыз».

Қызмет көрсету нәтижесi — жеке кәсiпкердi, жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк.

«ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi»

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек — жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен жеке тұлғаларға мемлекетпен ақшалай түрде ұсынылады.

Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы кедейлiк деңгейiнен төмен Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, босқындар, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмекке құқыққа ие.

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалмайды:

  1. Қазақстан Республикасында азаматтарды жұмыспен қамту және жұмысқа қабiлеттi сұрақтары бойынша уәкiлеттi органдарда тiркелмеген жұмыссыздарға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шарасына белсендi қатысудан жазбаша түрде бас тартқандарға, бiр айдан аса ауруханада емделуде жатқан кезеңiндегi тұлғалармен мүгедектерден басқа, студентер, тыңдаушылар, курсанттар және күндiзгi бөлiмде оқитын магистранттар, сондай-ақ I және II топтағы мүгедектердi бағып күтумен жұмыс iстейтiндер, сексен жастан үлкен тұлғалар, жетi жаска дейiнгi балалары бар азаматтар;
  2. Жұмысқа орналасуға уәкiлеттi органдар ұсынымнан дәлелдi себепсiз бас тартқан жұмыссыздар, соның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнынан немесе қоғамдық жұмыс, мамандыққа даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiктi көтеру сияқты жұмыстарға және оқытуларға қатысуын өз ерiктерiмен тоқтатқандар.

Атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау уәкiлеттi органмен атаулы әлеуметтiк көмек көрсету бюджетiне сәйкес қарастырылған сома iшiнде жүргiзедi

Атаулы әлеуметтiк көмек көлемi уәкiлеттi органмен жан басына шаққандағы орташа айлық табысы мен областа белгiленген кедейлiк деңгейiн әр отбасы мүшесiне санағандағы айырмашылығына байланысты.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баланы балабақшаға кезекке қою

Бiлiм бөлiмдерiнiң мамандарының есiгiнiң алдында балабақшаға балаларын орналастыруға қалаушы ата-аналар тобын әрбiр ана жақында қорқынышты түсiндей елестететiн. Қазiр бәрi басқаша. Балаңызды мектепке дейнгi балалар мекемесiне кезекке қалай қоюды сiз осында оқи аласыз:

Өзiңiздiң балаңызға туу туралы куәлiгiн ресiмдеу кезiнде, сiз балаңызды мемлекеттiк балабақшаға кезекке қоя аласыз, ол үш-төрт жасына дейiн келедi. Егерде сiз жергiлiктi атқарушы орган арқылы аталған рәсiмдi бұрынғыдай өткiзгiңiз келсе, онда бұл да мүмкiн.

Егерде сiз ХҚКО-ға жүгiнсеңiз, онда портал арқылы өтiнiш бiлдiрген сәттен бастап 30 минут iшiнде сiз өз кезегiңiздiң нөмiрiн бiлетiн боласыз, бұл жайлы қызметтi алушыға кезектiң нөмiрi көрсетiлген қолхат берiледi. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

ХҚКО-ға екi құжат қана қажет:

  1. Қызмет алушының заңды өкiлдерiнiң бiрiнiң жеке құжаты (сәкестендiру үшiн);
  2. Мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орынды алуға құқығын растайтын құжат.

Қалған қажеттi деректердi ХҚКО қызметкерi сәйкесiнше мемлекеттiк ақпараттық жүйеден уәкiлеттi тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Балабақшаға кезекке www.egov.kz электрондық үкiмет порталы немесе iOS және Android үшiн қолжетiмдi egov.kz мобильдi қосымшасы арқылы қонлайн қоюға болады. Жас ата-аналар үшiн кезекке онлайн қою тәсiлi ыңғайлы, өйткенi бұны үйден шықпай-ақ жасауға болады. Кезектi интернет арқылы egov.kz порталында «Балабақшаға кезек нөмiрiн қарау» сервисiнiң көмегi арқылы қадағалауға болады.

Бiрiншi орынды алу құқығына ие:

  • мүгедек балалар;
  • ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • жетiм балалар;
  • көп балалы отбысылардың балалары;
  • жеңiлдiктер және кепiлдiктер бойынша соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерiне теңестiрiлген тұлғалардың балалары.

Портал арқылы қызметтi алуда тұлғалардың жеңiлдiктi санатына портал арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаға ие болу қажет.

Жас жұбайларға естелiк!

Некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлерге, қазiр некенi тiркеуге үшiн арызды АХАТ жүгiну қажет емес. Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЙҚ) және интернет-ресурсына қолжетiмдiлiкке ие болсаңыз www.egov.kz порталында некенi тiркеуге арызды Онлайн бере аласыз. Осындай қағидада арыз беру Сiздiң уақытыңызбен жол шығыныңызды үнемдейдi.

Неке тiркеуге арызды берушiге қызметтi онлайн алушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту;
  2. Өтiнiмде ерiнiң немесе зайыбының ЖСН көрсету және неке тiркелетiн АХАТ таңдау;
  3. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет;
  4. Бұрынғы ерiнiң немесе зайыбының өтiнiш берудi растауын алу. Өтiнiш 48 сағаттан артық емес растауды күтуi мүмкiн, одан кейiн күшiн жояды.

Некенi тiркеу арызын растаушыға қажет:

  1. Egov.kz порталында Авторлану және «Қызметтердi алу тарихы » тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).
  3. Егер өтiнiштi берушi төлемесе, қызметтi төлеу қажет.
  4. Өтiнiмге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңбамен).

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторы жылдам және кезексiз жасауға мүмкiндiк бередi

Өзiне өзi қызмет көрсету секторлары аудан ХҚКО-да азаматтардың қолайлығы үшiн қызмет етуде, «Connection Point» деп аталатын, аудан тұрғындары инспекторды күтпестен электронды қызметтердi алуға мүмкiншiлiктерi бар.

Аталған секторда инспекторлар қызмет етуде, егерде мемлекеттiк қызметтi азамат алғаш рет алған жағдайда, мiндеттi түрде оған көмектеседi.

Айта кетейiк, www.egov.kz электронды үкiмет арқылы азаматтар арасында аса сұранысқа ие қызметтердiң iшiнде — жылжымайтын мүлiктiң болмауы (болуы) туралы анықтама, мекенжай анықтамасы, зейнетақы аударымдары туралы анықтама. Одан басқа ХҚКО клиенттерi өздiгiнен өзiнiң ЖК тiркеуге, тегiмен атын ауыстыруға өтiнiм беруге, баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкiндiктерi бар.

Инспекторлар мемлекеттiк баж төлеуге, салық, жол жүру ережесiн бұзғаны үшiн айыппұлды, коммуналдық қызметке қалай төлеуге болатынын түсiндiредi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ЭЦҚ мүмкiншiлiгi

Электронды цифрлық қолтаңба — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлгiн және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық цифрлық нышандар терiмi.

Электрондық сандық қолтаңбаны пайдалана отырып, Сiз:

  • облыс ғана емес, сондай-ақ республика мемлекеттiк органдар виртуалдық қабылдауына өтiнiштердi жүзеге асырасыз (бұл қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарына өз өтiнiштерiн мемлекеттiк органдарға тапсыруға мүмкiндiк және өтiнiштiң дәрежесiн: мемлекеттiк органға жеткiзiлгенiн, орындалуға берiлгенiн, орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкiндiк беретiн мемлекеттiк орган тарапынан жауапты әрекетке кепiлдiк бередi);
  • үйден шықпай тәулiгiне 24 сағат аптасына 7 күн мемлекеттiк қызметтердi ала аласыз;
  • тауарлардың және қызметтердiң электрондық саудада, аукциондарда және тендрларда ең тиiмдi баға ұсыныстарын ұсына және таңдай аласыз.

Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жанында орналастырылған Ұлттық куәландыру орталығынан ала аласыз немесе www.pki.gov.kz Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландiрушi орталығының сайтында онлайн тапсырыс бере аласыз.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

ХҚКО-лар 2015 жылы 35 млн-ға жуық мемлекеттiк қызметтер көрсеттi

2015 жылы халыққа қызмет көрсету орталықтары 34,8 млн. (2014 жылы 29 млн. қызмет), оның iшiнде 24,5 млн. электрондық форматта мемлекеттiк қызмет көрсетiп, өз жұмысының барлық негiзгi көрсеткiштерiнiң өскендiгiн көрсеттi.

Бұл ретте, ХҚКО арқылы көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер санының өсуi жалғасуда, мысалы, 2015 жылдың iшiнде ХҚКО-ларға 21 жаңа қызмет берiлдi және бүгiнгi таңда олардың саны 212-ге жеттi. Жаңа қызметтер қатарында жетiм-балалар мен ата-анысының қамқорынсыз қалған балалардың қорғаншылары мен қамқоршыларына жәрдемақы тағайындау, жеке iстерi бойынша Қазақстан Республикасына кiруге шақыруды ресiмдеу және т.б.

Инвестиция және даму вице-министрi Сәкен Сәрсеновтың айтуы бойынша, бекiтiлген қызметтерден басқа ХҚКО-ларда бас прокуратураға талап арыздарды, «сот кабинетi» арқылы сотқа құжаттарды, «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына өтiнiштердi беру бойынша пилоттық жобалар iске қосылған. «Азаматтардың ХҚКО арқылы фитосанитарлық және карантиндiк сертификаттарды алу мүмкiндiгi пайда болды.

2015 жылғы наурыздан бастап «ХҚКО» РМК, ЗТМО және «Қазпочта» АҚ арасындағы үш жақты меморандумның арқасында шалғай ауылдық елдi мекендердiң тұрғындары тек Мобильдiк ХҚКО көрсететiн қызметтердi ғана емес, сонымен бiрге жәрдемақы, зейнетақы төлемдерiн тағайындау, сондай-ақ оларды тағайындау үшiн шоттар ашу сияқты әлеуметтiк маңызды қызметтердi ала алады. Жыл басынан бастап мобильдiк ХҚКО-лар шалғай ауылдық елдi мекендерге 13 мыңнан астам сапарға шықты және 444 мыңнан астам қызмет көрсеттi. Сондай-ақ мобильдiк ХҚКО-лардың сапарға шығу кестелерi қайта қаралды, оның арқасында елдi мекендердi қамту саны артты.

Клиенттерге ыңғайлы болу үшiн барлық мамХҚКО-ларда «шоферлiк комиссиясы» iске қосылған, ол арқылы автокөлiк иелерi «083У» анықтамасын бiр кешеннiң аумағында ала алады. Вице-министр бiр жыл iшiнде мамХҚКО-ларда 2 862 жоғары сұранысқа ие нөмiрлер сатылғанын, оның нәтижесiнде мемлекет бюджетiне 923 млн-нан астам теңге түскендiгiн атап өттi.

Қазан айында Астана және Алматы ХҚКО-ларында мобильдiк ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сату бойынша пилоттық жоба бастау алды. Оларды пайдалану азаматтарға ең қарапайым батырмалы телефон арқылы мекенжай анықтамаларын, жылжымайтын мүлiктiң барлығы (жоқтығы) туралы, зейнетақы аударымдары туралы анықтамаларын және өзге де қызметтердi алуға жол бередi. Айта кетсек, Қарағанды, Павлодар және Солтүстiк Қазақстан облыстарының тұрғындарының 21 желтоқсаннан бастап ЭЦҚ-мен SIM-карталарды сатып алу мүмкiндiгi пайда болды.

«Conneсtion point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторларының жұмысына аса көңiл бөлiнедi. 2015 жылы «Conneсtion point» 7 млн. астам электрондық анықтамалар берiлген. Ал азаматтарды порталмен жұмыс iстеуге оқытудың арқасында электрондық үкiмет порталының халық арасындағы танымалдығы маңызды артты. Осылайша, электрондық цифрлық қолтаңбаны жыл басынан бастап 3 млн. астам пайдаланушы алды.

Қазақстан ХҚКО-ларында сурдоаударма тiлiн 696 қызметкер игерген, қазiргi уақытта iр ХҚКО-да ыммен сөйлесудi игерген 2 қызметкер жұмыс iстейдi, ал 1 және 2 топ мүгедектiгi бар мүмкiндiгi шектеулi азаматтарға ХҚКО қызметкерлерi үйiне келедi. Жыл iшiнде 30 мыңнан астам мүгедек үйде қызмет алған.

Сонымен бiрге, азаматтарға ыңғайлылық үшiн кейбiр ХҚКО-лар жаңа ғимараттарға көшiрiлдi, бұл тұрақтар, жайпақ пандустар мен тар үй-жайлардың мәселелерiн шешуге көмектестi. Қалалардың жаңа аудандарында ХҚКО бөлiмдерi ашылды. Мысалы, Шымкент қаласының Қаратау ауданында, Алматы қаласының Наурызбай ауданында және т.б. Желтоқсан айында Қостанай мен Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО iске қосылды, әр қайсысында автоматтандырылған автодромнан басқа «А» санатын алуға емтихан тапсыруға арналған алғашқы автоматтандырылған мотодром салынған. Осылайша, елiмiзде халыққа қызмет көрсету орталықтарының саны 270-ке артты.

Сондай-ақ, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнде «жасырын сатып алушы» әдiсiмен өткiзiлген әлеуметтiк зерттеудiң екiншi кезеңiнiң қорытындысын шығарды. Зерттеу нәтижелерi халық арасында ХҚКО қанағаттану деңгейi 85%-ға жеткендiгiн көрсеттi.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметi

«Өзiңнiң жылжымайтын мүлiгiңдi тiрке!»

«Өзiңнiң жылжымайтын мүлiгiңдi тiрке!»Ақпараттық қызметтердiң сұранысымен қатар Халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Жылжымайтын мүлiкке құқығын (мүлiк аурытпалығын) мемлекеттiк тiркеу» дәстүрлi сипаттағы қызметпен қолдануда. Халыққа қызмет көрсету орталығы үрдiсiнiң алға басуын талдай отырып бар сенiмдiлiкпен ХҚКО көрсетiлетiн жылжымайтын мүлiктi тiркеу бойынша қызмет сұранысқа көп қызметтердiң бiрi деп айтуға болады.

Жалпы ақпарат үшiн ХҚКО жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет көрсетiлуi үшiн қажеттi құжаттар тiзiмiн ұсынамыз:

  1. белгiленген нысандағы мемлекеттiк тiркеу туралы өтiнiш;
  2. қызметтi алушының жеке куәлiгiн растайтын құжат (жеке тұлға) (қызметтi алушының сәйкестiгiн растау үшiн түпнұсқа ұсынылады);
  3. қызметтi алушының уәкiлеттi тұлғаның жеке куәлiгi және қызметтi алушының уәкiлеттiлiгiнiң өкiлдiгiнiң растайтын құжат, қызметтi алушының жеке куәлiгiн, құжаттың мәлiмет көрсетумен (егер қызметтi алу үшiн өкiлдiгi жүгiнген жағдайда);
  4. тiркеу объектiсiн растайтын құқықбелгiлеушi және басқа құжаттар;
  5. тiркеу жинақ сомасын бюджетке төлегендiгi растайтын құжат немесе жинақ төлеуден босатылғандығы жөнiндегi растайтын құжат.

Көрсетiлген құжаттардан басқа тiркеу объектiлерiне байланысты басқа құжаттар ұсынылады.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Зейнетке шығу үшiн не қажет?

Зейнетке шығу үшiн не қажет?Қазақстанның тұрғындарында зейнетке шығуды ЗТМО, Халыққа қызмет көрсету орталығы немесе «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы ресiмдеуге мүмкiндiктерi бар. ХҚКО арқылы мемлекеттiк қызметтi ресiмдеу кезiнде келесi құжаттарды ұсыну қажет: жеке куәлiк (жеке куәлiк, азаматтығы жоқтарға тұру анықтамасы), сонымен қатар оралмандар үшiн — оралмандардың куәлiгi, қызметтi алушылардың тұрғылықты мекенi бойынша тiркелуiн растайтын құжат (тұрғылықты жерiнен анықтама немесе ауыл әкiмiнен анықтама, Байқоңыр қ. тұрғындары үшiн Ресей Федерациясының Байқоңыр қ. тұрғын үй шаруашылығындағы азаматтардың есепте тұру және тiркелуi бойынша бөлiмнен берiлетiн анықтама); зейнетақы және жәрдемақы беру бойынша өкiлеттi органнан банк шотының нөмiрi жөнiнде дерек немесе түзету мекемесiнен бақылау шотының болуы туралы мәлiмет; қамқоршылық (қорғаншылық) жағдайда қамқорлықты растайтын құжат ұсынылады, өтiнiштi берген жағдайда және үшiншi тұлғаларға құжатты берген жағдайда — сенiмхат ұсынылады. Құжаттардың түпнұсқасы мен көшiрмелерi салыстыру үшiн берiледi, содан соң құжаттардың түпнұсқасы қызмет алушыға қайтарылады. Портал арқылы ресiмдеген кезiнде: Қызметтi алушының ЭҚҚ, электронды құжат нысаны бойынша сұраныс қажет. ХҚКО арқылы құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттiк қызмет 10 жұмыс күнi iшiнде көрсетiледi, портал арқылы — ЗТМО ақпараттық жүйесiне электрондық сұраныс келiп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайтын уақытта көрсетiледi. Дегенмен, мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi iс материалын ресiмдеуге уақыт қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкiн. «Мемлекеттiк базалық зейнетақыны төлеудi тағайындау» мемлекеттiк қызметi ақысыз көрсетiледi. ХҚКО арқылы құжаттарды тұрғындар дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда, түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн тапсыра алады. «Электрондық портал» арқылы зейнетақыны тәулiк бойы ресiмдеуге болады.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Өзiңнiң зейнетақы қорыңды бақыла!

Өзiңнiң зейнетақы қорыңды бақыла!Бiрiңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары инвестициялық кiрiс есебiмен зейнетақы қорының жағдайы жөнiнде ақпаратты электрондық үкiметтiң порталынан ала алады. Бүгiнгi таңда eGov пайдаланушылары кiрiстерi көрсетпей-ақ зейнетақы аударымдары сомасы бар Мемлекеттiк зейнетақы төлеу орталықтарынан (МЗТО) анықтамаларды алу мүмкiндiктерi бар. БҰЗҚ берiлетiн бұл анықтамада салымшының зейнетақы жинақтамасының жағдайы туралы ақпарат, жеке зейнетақы шотындағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы салымдарының түсуi, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асырылуы, сонымен қатар инвестициялық кiрiс туралы ақпарат бар.

Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтар» категориясында — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» тарауында — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлiмiнде қол жетiмдi. Қызметке ие болу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет. Қызмет көрсету мерзiмi 30 минуттан аспайды.

Осындай қызмет түрiн жасау азаматтар үшiн өз жинақтары туралы барлық ақпараттарды алуға мүмкiндiк туғызады. Ендi әр салымшы өздерiнiң зейнетақы жинақтарын үнемi бақылап отыра алады.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алу

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм туралы құжаттың телнұсқасын алуБiлiм жөнiндегi құжатты жоғалттыңыз ба? Қайғырмаңыз. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi, техникалық және кәсiптiк, сонымен қатар негiзгi орта және жалпы орта бiлiмi туралы телнұсқаларды Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы алуға болады.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» және «Техникалық және кәсiптiк бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызметтерiн алу үшiн сiзге ХҚКО-ға келесi құжаттарды ұсыну қажет: оқу орнының басшысы атына нысан бойынша өтiнiш, мерзiмдiк баспасөз басылымына құжаттың тiркеу нөмiрi және беру күнi көрсетiлген құжаттың жоғалуы туралы хабарламаның көшiрмесi (10 күн мерзiмiнен аспайды), алушының жеке куәлiгi, сонымен қатар, қажет болған кезде: тегiн ауыстырғанын растайтын құжат және жарамсыздыққа келген немесе құжатты толтыру кезiндегi қателерi бар (бар болса) бiлiмi туралы құжаттың түпнұсқасы.

Ал «негiзгi орта, жалпы орта бiлiмi туралы құжаттың телнұсқасын беру» қызметiн рәсiмдеу үшiн сiзге баланың ата-анасының немесе қызмет алушының жеке куәлiгiмен туу туралы куәлiктiң (2008 жылға дейiн туылған жағдайда) көшiрмесi, азаматтың немесе ата-анасының өтiнiшi, егер бала кәмелеттiк жасқа толмаса, сонымен қатар құжаттың нөмiрi және берiлген күнi көрсетiлген құжаттың жоғалғаны жөнiндегi жарияланған мерзiмiнен 10 күн өтпеген мерзiмдi баспасөз басылымынан үзiндi.

Барлық үш қызмет тегiн көрсетiледi. ХҚКО-ға аптаның алты күнiнде үзiлiссiз сағат 9.00-ден бастап 20.00-ге дейiн өтiнiш бiлдiруге болады. Құжаттар пакетiн тапсырғаннан кейiн бiр айдан кейiн сiздiң қолыңызда бiлiм туралы құжаттың телнұсқасы болады.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

«Некеге түсем деушiлерге естелiк»

«Некеге түсем деушiлерге естелiк»Некеге түсем деушiлерге, қазiргi уақытта некеге тiркелу өтiнiмiн беру үшiн АХАТ бару мiндеттi емес. Ғаламтор-ресурсына шығу мүмкiндiгi және электронды-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болған жағдайда, сiз өз бетiңiзше www.egov.kz порталы арқылы некеге тiркелу үшiн Онлайн өтiнiмiн бере аласыз. Өтiнiмдi берудiң бұндай принципi, Сiздiң ХҚКО (алыс өңiрлерде тұратын азаматтар үшiн) бару жолына уақыт пен шығыныңызды үнемдейдi.

Онлайн қызметiн қалай алуға болады некеге тiркелу өтiнiмiн берушiге келесiлер қажет:

  1. Порталда тiркелу және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасына көшу.
  2. Өтiнiмдi толтыру. Өтiнiмде жұбайының ЖСН көрсету, және неке тiркелетiн АХАТ бөлiмiн таңдау.
  3. ЭЦҚ (электронды-цифрлық қолтаңба) өтiнiмге қол қою.
  4. Болашақ жұбайыңыздың берген өтiнiмiне растау алу. Өтiнiмге растау 48 сағаттан аспайтын уақытта күтiледi, содан соң жойылады.

Некегетiркелу өтiнiмiн растаушыға келесiлер қажет:

  1. Порталда тiркелу және «Қызметтi алу тарихы» бөлiмiнде қол қоюды күтушi тапсырысын таңдау.
  2. Өтiнiмдi толтыру және оны ЭЦҚ (электронды-цифрлық қол) қол қою.
  3. Егер өтiнiм берушiмен қызметке ақы төленбесе, оған ақы төлеу.
  4. ЭЦҚ (электронды-цифрлық қол) өтiнiмге қол қою.

«ХҚКО» РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Баспасөз релизi
ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi артты

2015 жылғы 10 желтоқсан Астана қ.

Баспасөз релизi ХҚКО-ларда салық органдары қызметтерiнiң тiзбесi арттыХҚКО-лар салық органдарының бағыты бойынша пилоттық режимде тағы да 8 қызметтi көрсетудi бастады. Бұған дейiн ХҚКО-лар аталған ведомствоның 17 қызметiн ұсынған болатын. Ендi қызметтер тiзбесi кеңейтiлдi және Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң ХҚКО-ға берген қызметтер саны 25-ке келiп жеттi.

Атап айтсақ, ендi ХҚКО-ларға салық төлеушiлердi тiркеу, салық төлеушiнi тiркеу есебiне алу, ҚР-дағы көздерден алынған кiрiстер сомасы және ұсталынған (төленген) салықтар туралы анықтама, сондай-ақ ҚР резиденттiгiн растау және т.б. үшiн жүгiнуге болады.

Бұрын қазақстандықтар аталған қызметтердi ҚР Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң аумақтық органдарынан ғана ала алатын. Ендi оларды мемлекеттiк органдар және баламалы негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары көрсетедi. Қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ға дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00-ден бастап кешкi сағат 20.00-ге дейiн жүгiнуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуына қарағанда, пилоттық қызметтердiң басым бөлiгi толығымен автоматтандырылған және оларды ХҚКО-лардың электрондық үкiмет порталында, сондай-ақ «Connection Point» секторларында өз бетiнше алуға болады. «Бұл үшiн электрондық кезек талонын алу қажет емес, онлайн қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба болса ғана жеткiлiктi. ЭЦҚ болмаған жағдайда ХҚКО инспекторлары клинеттерге оны жеке куәлiкке не флеш-картаға жазып беруге көмектеседi», — деп атап өттi ол.

Балташева қазiргi уақытта көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары келiсу үстiнде екендiгiн айтып өттi. Олар бекiтiлiсiмен пилоттық жоба аяқталып, қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негiздерде көрсетiлетiн болады.

Анықтама ретiнде, Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайды. 2015 жылғы 10 айға ҚР ХҚКО-ларында 30 милионнан астам қызмет, оның iшiнде 22 миллион қызмет — электрондық нысанда көрсетiлдi.

ХҚКО РМК СҚО бойынша
филиалының баспасөз қызмет

Баспасөз релизi
Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға болады

2015 жылғы 3 желтоқсан Астана қ.

Баспасөз релизi Фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды ендi Халыққа қызмет көрсету орталықтарында алуға боладыҚР ХҚКО-ларында пилоттық жоба iске қосылды. Оған сәйкес ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетi аумақтық инспекцияларының фитосанитариялық және карантиндiк сертификаттарды беруi ХҚКО-лар арқылы жүзеге асырылады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның сөзiне қарағанда, бұрын аталған қызметтердi азаматтар ҚР АШМ агроөндiрiстiк кешенiндегi Мемлекеттiк инспекция комитетiнiң аумақтық инспекцияларында ғана ала алатын. «Ендi оларды баламалы негiзде мемлекеттiк орган мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары да көрсетедi. Бұл ретте қызметтердi ресiмдеу үшiн ХҚКО-ларға дүйсенбiден бастап сенбiге дейiн, түскi үзiлiссiз таңғы сағат 9.00 минуттен бастап кешкi сағат 20.00 минутке дейiн жүгiнуге болады», — деп қосып өттi Балташева.

Карантиндiк және фитосанитариялық сертификаттарды алу мерзiмдерi — 3 және сәйкесiнше 5 жұмыс күнiн құрайтындығын атап өту керек. ХҚКО-да ҚР аумағында карантинге жатқызылған өнiмдi ауыстыруға карантиндiк сертификат алу үшiн өзiңiзбен бiрге тек қана жеке куәлiгiңiз болу керек. Ал карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификатты беру үшiн, сондай-ақ импортер-елдiң өсiмдiктер карантинi бойынша ұлттық қызметiнiң өсiмдiктер карантинi саласындағы талабын ұсыну керек. Айта кетейiк, екi жағдайда да өтiнiмдi толтыру керек.

Балташеваның айтуына қарағанда, жуық арада аталған қызметтер 32 ХҚКО-да пилоттық режимде ұсынылатын болады, олардың тiзiмiн http://con.gov.kz/normativno-pravovie-akti/%20files/MSH_ru.pdf көруге болады. Болашақта оларды жалпы негiзде барлық ХҚКО-ларда көрсету жоспарланып отыр.

Бүгiнгi күнi Қазақстанда 212 қызмет көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. 2015 жылғы 10 айда ҚР ХҚКО-ларында 30 миллионнан астам қызмет ұсынылды, олардың 22 миллионы — электрондық нысанда көрсетiлдi.

Бiрiңғай байланыс орталығы «1414»

Бiрiңғай байланыс орталығы «1414»2013 жылдың қазан айынан 1-2 топтық мүгедектiгi бар азаматтар мемлекеттiк қызметтердi үйiнде алу мүмкiндiгi бар екендiгiн естерiңiзге саламыз. Ол үшiн бiрыңғай 1414 нөмiрiне қоңырау шалып, өтiнiм беру жеткiлiктi. ХҚКО қызметкерлерi қызметалушымен хабарласып, қызмет алуға қажеттi құжаттар тiзiмiн анықтап, қызметалушыға ыңғайлы уақытты таңдайды.

Мобильдi топ 72 сағат iшiнде үйiне барып қызмет көрсетедi. Қызметалушының келiсiмi бойынша және интернет желiсiне қосылған дербес компьютерi бар болған жағдайда ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк қызметтердi ЭҮПнан алуды үйретедi. 1414-ке қоңырау шалу (ұялы байланыс операторларының бәрiне) тұрақты телефоннан сондай-ақ, ұялы телефоннан да тегiн. Қазақстандықтар кез келген уақытта мемлекеттiк қызмет көрсету туралы кеңестi ала алады: ББО тәулiк бойы, күнделiктi жұмыс iстейдi.

Мобильдiк ХҚКО

Халықтың бұқара тобына, сонын iшiнде алыстағы елдi-мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қол жетiмдiлiгi бойынша Елбасымен қойылған тапсырманы орындау шеңберiнде бүгiнгi таңда Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданы бойынша мобильдiк ХҚКО қызмет етедi, олар 9 елдi мекендi қамтиды. 2015 жылдан бастап алыстағы елдi мекендерге 51 шығу жасалынды. Шығулар арнайы бекiтiлген кестеге сай жүргiзiледi.

Қазақстан Республикасының денсаулық және әлеуметтiк даму Министрлiгi «Зейнетақы беру бойынша мемлекеттiк орталық» РМҚК, Қазақстан Республикасының инвестиция және даму Министрлiгi «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК және «Казпочта» АҚ арасында жасалған 3 жақты меморандумға сәйкес 2015 ж. 16 наурызынан бастап бiрлескен мобильдi ХҚКО шығулары жүзеге асырылуда, берiлген меморандумның мақсаты алыстағы елдi мекен тұрғындарына мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру болып табылады.

Мобильдiк ХҚКО-ның шығулары кезiнде тұрғындарға электронды үкiмет порталының жұмыстары және электронды цифрлық қолтаңбаны пайдаланудың артықшылығын түсiндiру жұмыстарын өткiзедi. Халыққа кеңесшiлiк көмек көрсетiледi. Халыққа қызмет көрсету орталығының жаңа жұмыс форматына ауысуы халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге мүмкiндiк бердi, бизнес-үдерiстердiң автоматтандырылуы, барлық мемлекеттiк органдардың дерекқорларының және ақпараттық жүйелерiнiң бiрiктiрiлуiнiң нәтижесiнде бүгiнгi таңда мемлекеттiк қызмет көрсетулердiң үлкен бөлiгi электронды форматқа ауыстырылды, бұл қызмет алу тәртiбiн жайдақтайды.

10 айдың iшiнде Мобильдi ХҚКО тобымен 1 956 өтiнiш қабылданды, 1948 құжат берiлдi.

2015 жылдың желтоқсанына шығу кестелерi:

  • Шоптыкөл с/о — 2015 ж.02.12.; 2015 ж.08.12;
  • Шұқыркөл с/о — 2015 ж.04.12.; 2015 ж.10.12.

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз

Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы — сiздiң көмекшiңiз«Connectoin Point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторы Қазақстандықтар үшiн ХҚКО-дағы кеңiнен таралған, сұранысы артқан бөлiм болып отыр. Аталған сектордың арқасында заңды және жеке тұлғалар өздерiнiң маңызды мәселелерiн электронды үкiмет порталының онлайн-режимiнде шешiп алуда. Өзiне-өзi қызмет көрсету секторы мамандарының айтуынша қызмет көрсету бойынша мекен-жайлық анықтама алу, жылжымайтын мүлкi жоқ екендiгi туралы анықтама алу, зейнетақы қорын есептеу анықтамасы, сотты болғандығы немесе болмағандығы туралы анықтама. Арнайы құралдармен және техникалармен жабдықталған орындар қызмет алушыларға қажеттi қызметтерiн ыңғайлы, әрi қысқа мерзiмде элетронды үлгiде алуына мүмкiндiк бередi. Сектор қызметкерлерi электронды үкiмет порталымен жұмыс iстеуге, мемлекеттiк қызмет көрсетудi онлайн арқылы алу қызметтерiне машықтануға үйретедi, онлайн-режим арқылы мәселелердi шешуге байланысты қажеттi барлық сұрақтар бойынша кеңес бередi, ЭСҚ алу тәртiбiн және оның мүмкiндiктерiн көрсетедi, сондай-ақ, мобильдi байланыс құралдары арқылы Мобильдi үкiмет жұмысының артықшылықтарын көрсетедi.

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»

Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру»Жылжымайтын мүлiктi сату күннен күнге өсуде. Жылжымайтын мүлiктi рәсiмдеу маңызды факторлардың бiрi болып табылады. Тiркеушi орган арқылы қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн алу үшiн, сiзге «Жылжымайтын мүлiк объектiлерi жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу органы куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру» қызмет түрi бүкiл ХҚКО-да ұсынылуда.

Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.Қызметтi көрсету мерзiмi: бiр жұмыс күнi iшiнде берiледi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қызмет көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн қалғанда берiледi).

Көрсетiлетiн қызметтi алушы(не сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес белгiленгеннысандағы сұрау салу;
  2. Көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат(түпнұсқа көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн берiледi);
  3. Заңнамада белгiленген жағдайларда көрсетiлетiн қызметтi алушы өкiлiнiң өкiлеттiгiн куәландыратын құжат.

Мемлекеттiк қызмет көрсету стандартынмен http://www.con.gov.kz сайтынан таныса аласыздар.

Мекенжай анықтамасы

Мекенжай анықтамасыМекенжай анықтамасы Қазақстан тұрғындарының арасында аса үлкен талап етiлетiн электронды қызмет болып қала бередi. Мекен-жайлық анықтаманы сiздер тек қана Халыққа қызмет көрсету орталығынан ғана емес, өздерiңiз электронды үкiмет порталынан да ала алатындарыңыз туралы бiз сiздердiң тағы да естерiңiзге салайық деп отырмыз. Бұл үшiн ЭСҚ көмегiмен порталда авторлансаңыз жеткiлiктi. Ал егер сiздiң қолыңызда компьютер немесе ғаламтор болмаған жағдайда, ХҚКО әрқайсысында бар «Connection point» өзiне-өзi қызмет көрсету секторынан қызмет алуыңызға болады. Бұл анықтаманы порталдан тек қана жеке тұлғалар ғана ала алады. Сондай-ақ, 2007 жылдың 13 тамызынан бастап азаматтық хал актiлерiне тiркелген балалардың ата-аналары үшiн онлайн-қызмет қолжетiмдi.

Егер анықтамадағы ақпарат толық емес немесе дәл емес (мекен-жай дұрыс емес немесе тiркеуге отырған күнi көрсетiлмеген) болса ХҚКО келiп, көшi-қон полициясы қызметкерiне мекен-жайлық мәлiметтерге түзету енгiзуге келуi қажет.

Мұрағаттық анықтамаларды алу

Мұрағаттық анықтамаларды алуСiзге еңбек өтiлiн растау керек пе? Алдынғы жұмыс орнынан еңбекақы, зейнетақы және әлеуметтiк аударылым көлемi туралы ақпарат жинап жүрсiз, ал фирма әлдеқашан жабылып қалған? Бiлiмiңiздi және бiлiктiлiгiңiздi растау қажет пе? Ендi бұлар ғана емес, басқа да мұрағаттық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электрондық үкiмет порталы арқылы алуыңызға болады. Жоғарыда аталғандардан басқа «Мұрағаттық анықтамалар беру» қызметi көмегiмен жасы, мемлекеттiк және ведомстволық марапаттармен марапатталғаны, ғалым дәрежесi мен атағын беруi, қамау, қоныс аударту және сауықтыру орындарында, экологиялық апат аймағында емдеуде болғаны жөнiнде, күштеп айдап кету және отанына қайта оралу, азаматтық хал актiлерi немесе мүлiктiк құқық туралы мәлiметтер алуға болады.

Қажеттi мұрағаттық құжатты өтiнiш бiлдiргеннен кейiн 15 күннен соң алуға болады, құжаттарды тапсыру күнi бұл мерзiмге кiрмейдi. Мемлекеттiк қызметтi алуға өтiнiштi рәсiмдеу кезiнде өзiмен бiрге қажет: жеке куәлiк, сонымен қатар сенiмхат, егер басқа тұлға үшiн анықтама алса. Электрондық үкiмет порталы арқылы анықтаманы алу үшiн ЭЦҚ-ның болғаны жеткiлiктi.

Мәлiмет үшiн, жеке және заңды тұлғалар үшiн әлеуметтiк-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу-тегiн.

ХҚКО жаңа қызметтерi

Жаңа қызметтердiң енгiзiлуiнiң арқасында жақын арада ХҚКО-да қаржы, әдiлет, қорғаныс, ауыл шаруашылығы, инвестиция және даму министрлiктерiнiң желiсi бойынша қызметтердiң жаңа 21 түрiн алуға болады:

  1. Салық төлеушiлердi тiркеу;
  2. Жеке қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлердi тiркеу есебi;
  3. Қазақстан Республикасының резиденттiгiн растау;
  4. Электрондық салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi;
  5. Салықтарды және (немесе) өсiмдердi төлеу бойынша салық мiндеттемелердi орындау мерзiмдерiнiң өзгеруi;
  6. Кеден одағы аясында тауарларды экспорттау (импорттау) кезiнде салық нысандарын қабылдау;
  7. Әкiмшi (уақытша әкiмшi, оңалтушы, уақытша және банкроттық басқарушы) қызметiн жүзеге асыру құқығына үмiткер тұлғалардан бiлiктi емтихан алу;
  8. Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру;
  9. Өндiрiп алушының өтiнiшi бойынша атқарушы құжат негiзiнде орындау өндiрiсiн қозғау;
  10. Азаматтарды әскери-техникалық және басқа әскери мамандықтарға дайындау;
  11. Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшiн қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын субсидиялау;
  12. Ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарын субсидиялау;
  13. Жемiс-жидек дақылдарының және жүзiмнiң көпжылдық көшеттерiн отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау;
  14. Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау;
  15. Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау;
  16. Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау;
  17. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау;
  18. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге су беру қызметтерiнiң құның субсидиялау;
  19. Өлшеу құралдарының түрiн бекiту туралы сертификат беру;
  20. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар беру;
  21. Тауарды шығарған елдi, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесiн айқындау, сәйкестiгiн растау, аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторларды аттестаттау.

«Мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту»

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекiтiлдi.

Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚКО-ға құжаттар пакетiн тапсырған күннен бастап — 3 (үш) жұмыс күнi;
  2. құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;
  3. құжаттарды алу кезiнде кезек күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут.

ХҚКО-ға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының бекiтiлген актiсi. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi; өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенiмхат бойынша жеке тұлға) көрсетiлген қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  1. бекiтiлген нысанға сәйкес өтiнiш;
  2. нысан бойынша мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзетiн мемлекеттiк кәсiпорын есептеген жер учаскесiнiң бағалау құнын айқындау актiсi.

Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi немесе ХҚКО қызметкерi «электрондық үкiмет» шлюзы арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлген қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде:

  • көрсетiлген қызметтi берушiге — қағаз жеткiзгiште өтiнiштiң қабылданғанын растаушы құжат пакетiнiң қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп, кеңсеге тiркелгенi туралы белгi соғылған көшiрме болып табылады;
  • ХҚКО — көрсетiлген қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi.

Қазақстан Республикасының заңдарында басқаша көзделмесе, көрсетiлген қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпарат жүйелерiндегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

ХҚКО-да дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат (не оның өкiлiне нотариалды расталған сенiмхаты) бойынша сенiмхаттың негiзiнде жүзеге асырылады.

ХҚКО нәтиженi бiр ай бойы сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы ХҚКО-ға бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде ХҚКО-ның сұрау салуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн дайын құжаттарды ХҚКО-ға жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тiркеу куәлiгiн беру және керi қайтарып алу»

«Жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту»

Баспасөз релизi
«Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлданды

2015 жылғы 08 қазан Астана қ.

Баспасөз релизi «Азаматтар үшiн үкiмет» мемлекеттiк корпорациясын құруды қарастыратын заң жобасы мақұлдандыҚР Парламентiнiң Мәжiлiсi «ҚР мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша кейбiр актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңның жобасын екiншi оқылымда мақұлдады.

«Заң жобасының мақсаты — мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша бiрыңғай провайдердi құру, халыққа қызметтердi ұсынуды реттейтiн нормаларды заңды түрде бекiту және халықты әлеуметтiк қорғау, жер қатынастары және жылжымайтын мүлiктi ресiмдеу салаларында қызмет көрсету сапасының бiрыңғай стандарттарын сақтау», — деп ҚР ИДМ вице-министрi Сәкен Сәрсенов атап өттi.

«Қазiргi уақытта халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 212 мемлекеттiк қызмет көрсетiледi. Мемлекеттiк корпорация бiрiншi кезеңде 522, ал екiншi кезеңде 700-ден астам мемлекеттiк қызмет көрсетедi. Қызметтердi iрiктеу үшiн ведомствоаралық комиссия құрылады, оның құрамына қызмет көрсететiн барлық мемлекеттiк органдардың өкiлдерi кiредi. Қызметтердi мемлекеттiк корпорацияға беру шарттарының бiрi оларды оңтайландыру және автоматтандыру болып табылады», — деп қосты ол.

Кәсiпорындарды бiрiктiрген соң, онда ХҚКО-лардыңа қолданысындағы мемлекеттiк қызметтердi көрсетудiң бiрыңғай стандарттары қолданылады. Мысалы, «ЗТМО» РМҚК өз қызметтерiн сағат 9.00-ден 14.00-ге дейiн, ал ЖерҒӨО сағат 9.00-ден 18-30-ға дейiн көрсететiн болса, онда мемлекеттiк корпорацияда барлық қызметтер сенбiнi қоса алғанда, сағат 9.00-ден 20-00-ге дейiн көрсетiлетiн болады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерлерi қызметтi көрсетуге өтiнiмдi қабылдау және дайын құжаттарды беруден басқа, оларды өңдеудi жүзеге асырады. Сондай-ақ, шалғай елдi мекендерде тұратын азаматтарға қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн «Қазпочта» инфрақұрылымы пайдаланылатын болады.

Қазiргi уақытта заң жобасы ҚР Парламентi Сенатының қарауына жолданды.

Баспасөз релизi
Қазақстандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиатының статусы туралы анықтаманы ХҚКО-ларда ала алатын болады

2015 жылғы 21 қыркүйек Астана қ.

Аталған анықтаманы алу үшiн азаматтың өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаты болуы және қажеттi өтiнiштердi толтыруы тиiс. Егер клиент ХҚКО-ға жеке өзi келе алмаса, қызметтi алуға жүгiнген өкiлге нотариалды куәландырылған сенiмхат керек.

«ХҚКО» РМК бас директорының айтуы бойынша бұрын бұл қызмет ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Халықаралық бағдарламалар орталығында ғана ұсынылатын, ендi «Болашақ» халықаралық стипендиатының мәртебесi туралы анықтаманы ҚР-дың барлық 267 ХҚКО-сынан алуға болады. «Шетелдiк жоғары оқу орындарының түлектерi кез келген ХҚКО-ға барып, электрондық кезек тәртiбiмен жүгiне алады және де олардан аталған қызметтi алуға өтiнiм қабылданады», — деп қосып өттi ол.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi Астана тұрғындары үшiн 1 жұмыс күнiн (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi), басқа өңiрлердiң тұрғындары үшiн — күнтiзбелiк 15 күндi (құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi) құрайды.

Мемлекеттiк қызмет тегiн ұсынылады.

Балташева сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектiгi бар адамдардың үйiне барумен қызмет ала алатындығын хабарлады. Бұл үшiн оларға 1414 нөмiрi бойынша Бiрыңғай байланыс орталығына жүгiну және қызметтi алу үшiн қолайлы уақытты көрсету керек. Мобильдiк топ 72 сағат iшiнде қызмет көрсету үшiн үйге барады.

Анықтама ретiнде: Бүгiнгi күнi Қазақстанда 191 мемлекеттiк қызметтi көрсететiн 267 халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет жасауда.

Ағымдағы жылдың 8 айына ҚР ХҚКО-ларында 24 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi.

Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру

«Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру» мемлекеттiк қызметi ҚРҰлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығымен бекiтiлген сәйкес атқарады.

Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, поселкенiң, ауылдың, ауылдық округтiң жергiлiктi атқарушы органдары (көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижелерiн беру:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
  2. ХҚКО;
  3. www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚКО-ға немесе порталға құжаттар пакетiн тапсырған күннен бастап — 30 (отыз) күнтiзбелiк күнге дейiн;
  2. көрсетiлген қызметтi берушi көрсетiлген қызметтi алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық еместiгi анықталған жағдайда көрсетiлген қызметтердi берушi белгiленген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қатыстырудан дәлелдi жазбаша бас тартады.

  1. ХҚКО-ға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi;
  2. порталға жүгiнгенде — 30 (отыз) күнтiзбелiк күнге дейiн.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық түрiнде.

Порталда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжаттар нысанында жiберiледi.

Қағаз жеткiзгiште шешiм беру туралы қаулыны алуға жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және мөрмен және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен куәландырылады.

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚКО-ға:

  1. мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн талап етiледi);
  3. жер учаскесiн сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының актiсi;

порталда:

  1. мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған өтiнiш;
  2. жер учаскесiн сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесiнiң кадастрлық (бағалау) құнының актiсi — құжаттың электрондық көшiрмесi түрiнде.

Көрсетiлген қызметтi алушыдан барлық қажеттi құжаттарды алған кезде:

Көрсетiлген қызметтi берушiге — қағаз тасығыштағы өтiнiштiң қабылданғанын растаушы құжат пакетiнiң қабылданған күнi мен уақыты көрсетiлiп, кеңсеге тiркелгенi туралы белгi соғылған көшiрме болып табылады.

ХҚКО — көрсетiлген қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

ХҚКО-да құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не оның нотариалды расталған сенiмхаты бар өкiлiне) берудi оның қызметкерi жеке басын куәландыратын құжат және сенiмхат ұсынылған кезде қолхаттың негiзiнде жүзеге асырады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы дайын құжаттарды алуға ХҚКО-ға бiр ай өткеннен кейiн жүгiнген кезде ХҚКО бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiге сұрау салады. Көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды ХҚКО-ға жiбередi, одан кейiн ХҚКО дайын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыға бередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық пакетiн ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн беру:

  1. Халыққа қызмет көрсету орталығы;
  2. www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Млекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

  • Көрсетiлетiн қызметтi алушының ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 8 жұмыс күнi;
  • Қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi;
  • Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде 5 жұмыс күнi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) ақылы және ақысыз негiзде көрсетiледi.

Ақылы негiзде көрсетiлетiн тартқыш, сондай-ақ моторвагонды жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеудi қоспағанда, жүк, жолаушылар, арнайы жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу ақысыз негiзде көрсетiледi.

Тiркеу алымы жергiлiктi бюджетке «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде белгiленген ставкалар және тәртiп бойынша төленедi және мыналарды қамтиды:

  • Тiркеу үшiн — алымды төлеу күнiнде қолданыстағы 0,25 АЕК;
  • Қайта тiркеу үшiн — алымды төлеу күнiнде қолданыстағы 0,25 АЕК.

Алым сомасы екiншi денгейдегi банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысумен жүргiзiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiзiлiмде мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

  • өтiнiш;
  • тiркеуге не қайта тiркеуге жататын темiр жол жылжымалы құрамды түгiндеу паркiнiң бойынша тiбесi;
  • меншiк құқығын растайтын құжаттың не мүлiктiк жалдау (жалға алу), лизинг не мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартын растайтын құжат;
  • жылжымалы құрамының әрбәр бәрләгәне берген зауыт-өндiрушiнiң техникалық паспорты (формуляры);
  • тартқыш, сондай-ақ мотор-вагонды жылжымалы құрамды мемлекеттiк тiркеу кезiнде — тiркеу алымының бюджетке төленгенiн растайтын құжат;
  • өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын құжат.

Мемлекеттiк ақпарттық жүйелердi қамтылған жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, дара кәсiпкердi мемлекетiiк тiркеу туралы мәлiметтi ХҚО қызметкерi, көрсетiлетiн қызметтi берушi «электрондық үкiметтiң» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпаратық жүйелерден алады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн:

  1. құжаттар топтамасын толық ұсынбаса;
  2. тiркеушi органға ұсынылған құжаттарда өшiрулер, қолжазбаларында не машина жазбаларында түзетулер не көшiрмелердi куәландыратын қолы және оларды растауды талап ететiн даналарында мөрi болмаған және/немесе электронды өтiнiш толтыру кезiнде талап етiлетiн мәлiметтердi кателер жоқтығы;
  3. заң тәртiбiнде белгiленген сот қабылдаған шешiмге сәйкес жылжымалы құрамға тыйым салынған жағдайларда.

Тасымалданатын жүктердiң шектеулi номенклатурасы бар маусымдылығы және шектеулi мақсатқа арналған жылжымалы құрамды қоспағанда, бұрын ұзартылған қызмет ету мерзiмi бар вагондар, сондай-ақ қалдықты қызмет мерзiмi жасалған кездегi тағайындалған қызмет мерзiмiнен 60% кем құратын, Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы тiркелетiн жүктердi тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды тiркеуге рұқсат етiлмейдi.

Бiренгей және элиталық тұқымдар, бiрiншi, екiншi, және үшiншi көбейтiлген тұқым өндiрушiлердi аттестаттау

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру:

  1. көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;
  2. Халыққа қызмет көрсету орталығы;
  3. «Электрондық үкiметтiң» веб-порталы.

Мемлекеттiк қызметтi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары көрсетедi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған алған күнiнен бастап екi жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге мiндеттi.

ХҚО-ға жүгiнген кезде қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — аттестаттау туралы куәлiк.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.

Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. Нысан бойынша өтiнiш;
  2. Мәлеметтер нысаны.

Порталға:

  1. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
  2. Мәлеметтер нысаны.

ХҚО арқылы құжаттарды беру көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлi) жеке куәлiгiн көрсеткен кезде қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Қазақстанда «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорын өзектендiру жалғасуда

Қазiргi уақытта жергiлiктi атқарушы органдар (әкiмдiктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорында азаматтар туралы мәлiметтердi өзектендiру жөнiнде бүкiл елiмiзде кампаниялар жүргiзуде. Олардың қызметкерлерi жергiлiктi тұрғындардың пәтерлерiн аралауда және сәйкессiздiктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәлiметтерiн түзету немесе қайта құжаттандыру үшiн халыққа қызмет көрсету орталықтарына жiбередi.

Деректер қорындағы көптеген сәйкессiздiктер оның құрылған сәтiнен орын алған, ол кезде ақпарат жүйеге қағаз тасығыштардан түсiрiлген болатын. Бiреулерi жаңа тұрғылықты жерi бойынша қайта тiркеуден өтпеген, ендi бiреулерi басқа елге көшiп кеткен, бiрақ құжаттарын тапсырмағандықтан, базада есепте тұра берген. Қайтыс болғандардың туыстары қайтыс болу туралы куәлiктi алмағандықтан, деректер қорында тiрi адамдар ретiнде тiркелген жағдайлар да орын алды.

Сондай-ақ, бүгiнгi күнi қолданылу мерзiмi өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткiзiлiп жатқан iс-шаралар аясында:

  • қолданылу мерзiмi өткен жеке куәлiктер;
  • тұрғылықты жерi нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтiн, оның iшiнде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетiлген ескi үлгiдегi жеке куәлiктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.

Айта кетейiк, өзектi деректерi бар ескi үлгiдегi жеке куәлiктердiң болуы және қолданылу мерзiмi өтпеген жаңа үлгiдегi куәлiктер мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негiз болып табылмайды.

Алайда, қоллданылу мерзiмi өткен не деректерi ескiрген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшiн ХҚКО-ларға (көшi-қон бөлiмдерiне) жүгiну керектiгiн естерiңiзге саламыз.

ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметi

Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiн жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтаң жоқ (бар) екендiгi туралы ақпарат беру

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

  • Халыққы қызмет көрсету орталығы;
  • «Электрондық үкiметтiң» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi: ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәтен бастап — 1 жұмыс қүнi, сондай-ақ портал арқылы жүгiнген — 30 минут.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (тоғылымен автоматтандырылған) немесе қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы не оның өкiлi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

  1. Нысан бойынша өтiнiш;
  2. Жеке басты куәландыратын құжат, ал өкiлетiн растайтын құжат және жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендiру үшiн).

Порталға жүгiнген кеде:

Электрондық құжат нысандағы өтiнiш.

Баспасөз-релизi
Соңғы аптада ХҚКО келушiлердiң саны 3 есе артты

2015 жылғы 24 тамыз Астана қ.

Клиенттер санының күрт өсуi жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзiп жатқан «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк деректер қорында мәлiметтердi өзектендiруге байланысты.

Қазiргi уақытта әкiмдiктердiң қызметкерлерi азаматтарды аула аралап тексеру жүргiзуде және мәлiметтер сәйкес келмеген жағдайда, мәлiметтерiн өзектендiру талап етiлетiн барлық азаматтарды жеке басы куәлiктерiн ауыстыру немесе мекенжай мәлiметтерiн түзету үшiн ХҚКО жолдайды. Нәтижесiнде соңғы аптада ХҚКО келушiлердiң саны 3 есе артты.

«Бүгiн таңертеңнен жеке басы куәлiктерiн ауыстыру немесе мекенжай мәлiметтерiн түзету үшiн 3 мыңнан астам талон берiлдi, бұл әдеттегi күнде осы қызметтi алушылар санынан үш есе артық. Келушiлердiң ең көбi Астана қаласында, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай облыстарында. Құжаттандыру жүргiзудi қалайтын азаматтар саны жақын арада тек өсу мүмкiндiгi туралы болжам бар», — деп «ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өттi.

Сондай-ақ, Балташеваның айтуы бойынша қазiргi уақытта Халыққа қызмет көрсету орталықтары кезек болдырмау және азаматтарға күту мерзiмiнен кешiктiрмей қызмет көрсету үшiн барлық мүмкiндiктердi жасауда. ХҚКО 238 қызметкерi көшi-қон полициясы қызметкерлерiне мекенжайжай-анықтамалық мұрағат бойынша тексеруге көмек көрсету үшiн жiберiлген.

Көшi-қон полициясының қызметкерлерi жұмыс күндерi жылжымалы кесте бойынша үзiлiспен 09-00-ден бастап 18-30-ға дейiн және сенбi күнi 09-00-ден бастап 13-00-ге дейiн жұмыс уақытына өткен.

Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi жастағы (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою

Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2015 жылғы 7 сәуiрдегi № 172 бұйрығымен «Мектепке дейiнгi балалар ұйымдарына жiберу үшiн мектепке дейiнгi жастағы (7 жасқа дейiн) балаларды кезекке қою» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызметтi республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары, қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкiмдерi көрсетедi.(қызметтi берушi) Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру қызметтi берушi және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (ХҚКО), «электрондық үкiмет» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:көрсетiлетiн қызметтi берушiге, ХҚКО-ға, порталға жүгiнген сәтiнен бастап — 30 минут. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi нысанға сәйкес бойынша мектепке дейiнгi балалар ұйымына жолдама беру, мектепке дейiнгi ұйымдарда орын болмаған жағдайда кезектiлiк нөмiрi көрсетiлген кезекке қою туралы хабарлама беру болып табылады. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға:

  1. нысанға сәйкес өтiнiш;
  2. баланың туу туралы куәлiгi
  3. ата-анасының бiрiнiң құжат
  4. мектепке дейiнгi ұйымға бiрiншi кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (бар болғанда).

Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2015 жылғы 10 сәуiрдегi № 332 бұйрығына сәйкес «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау ХҚКО және дайындаудың жаңа технологиясына сәйкес құжаттардың түр өзгерiсiне байланысты жеке басын куәландыратын құжатты ауыстыру кезiнде — «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi қызметтi алушы ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi берушiге қажеттi құжаттар топтамасын тапсырған күнiнен бастап, сондай-ақ порталға жүгiнген кезде — күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен кешiктiрмей. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға ақылы негiзде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсеткенi үшiн мемлекеттiк баж алынады, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын бергенi үшiн мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 400 (төрт жүз) пайызын, ал жеке куәлiгiн бергенi үшiн айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 20 (жиырма) пайызын құрайды.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке өзi (сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған балалар мен азаматтар, өкiлдiк етуге құзыреттiлiгiн растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкiлдерi үшiн (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) ХҚКО-ға жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi: ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

1) құжат үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады);

2) құжатты ресiмдеген сәтте көрсетiлетiн қызметтi алушының жасына сәйкес келетiн өлшемi 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз жеткiзгiште ресiмделген кезде) екi фотосурет.

«Халықты құжаттандыру және тiркеу» Тiркеу пунктi» ақпараттық жүйесi арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыны фотосуретке түсiру ХҚТ ТП АЖ-да халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және ақысыз жүргiзiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының фотобейнесi электрондық формулярға фотосуретке түсiру, қолтаңба сканерi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының қолтаңбасы енгiзiледi.

3) мына құжаттардың бiрi: туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде) және ата-анасының бiрiнiң жеке куәлiгi (баланың азаматтығын растау үшiн). Ата-аналарының азаматтығы әртүрлi болған жағдайда шетелдiк ата-анасының баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжатын алуға нотариалды түрде куәландырылған келiсiм-өтiнiшiн ұсыну қажет; Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспорт ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн жоғалтқан кезде); Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгiн ауыстырған, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан не оны бiрiншi рет алған кезде); iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде); Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi берген қайтып оралуға арналған куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде).

Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2015 жылғы 10 сәуiрдегi № 332 бұйрығымен «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi стандарт бекiтiлдi. Мемлекеттiк қызметтi Iшкi iстер Министрлiктiң аумақтық бөлiмшелерi көрсетедi. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге құжаттар қабылдау ХҚКО және «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (www.еgov.kz) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi берушiге — 30 (отыз) минут iшiнде;

портал арқылы — 15 (он бес) минут iшiнде. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға ақылы негiзде көрсетiледi, мемлекеттiк баж төлеу күнiне белгiленген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнiң 10 (он) пайызын құрайды. Төлем «электрондық үкiметтiң» төлем шлюзi (бұдан әрi — ЭҮТШ) немесе екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн электрондық сұрау салу портал арқылы берiлген жағдайда, төлем ЭҮТШ арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке өзi (сот әрекетке қабiлетсiз деп таныған балалар мен азаматтар, өкiлдiк етуге құзыреттiлiгiн растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкiлдерi үшiн (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкiлеттiкте көзделген iс-әрекеттердi жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша сенiм бiлдiрген адам жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

ХҚКО-да көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

  1. жеке тұлғаны сәйкестендiру үшiн тұрғын үй иесiнiң (үй иесiнiң өзiнiң қатысуы мiндеттi) жеке басын куәландыратын құжаты және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн сәйкес нысан бойынша тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi;
  2. белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның iшiнде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау шарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, банк мекемесiнiң мөрiмен куәландырылған жылжымайтын мүлiктiң кепiл шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендiру шарты, сатып алу-сату шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын құжат. Белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi оның сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар туралы мәлiметтердi көрсетiлетiн қызметтi берушi уәкiлеттi лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
  3. жеке басты сәйкестендiру үшiн — жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар — туу туралы куәлiк); республикадан тыс жерлерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары — бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгiсi бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгi болмаған жағдайда — азаматтылыққа тиесiлiгiн мiндеттi түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемесi (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң Консулдық қызмет департаментi) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама немесе шет мемлекеттiң құзыреттi органдары тиiстi түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерiнен тiркеу есебiнен шыққаны туралы құжат;
  4. тұрақты не уақытша тiркелгенi үшiн мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттар ұсынады);
  5. қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң профилактикалық есепке қоюы туралы белгiсi бар бас бостандығынан айыру орындарынан босату туралы анықтама, ол жоғалған кезде — қоғамдық қауiпсiздiк бөлiмшесiнiң тiркеу орны бойынша iшкi iстер органына бас бостандығынан айыру орнынан босап шыққан адамдарды профилактикалық есепке қоюы туралы белгiсi бар анықтама (оларға қатысты әкiмшiлiк қадағалау белгiленген, бас бостандығынан айыру орындарынан мерзiмiн өтеу бойынша, не шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамдар үшiн).

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет республикалық маңызы бар қаланың, астананың және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушыоргандары (көрсетiлетiн қызметтi берушi) тарапынан жүзеге асырылады. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижелерiн беру Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi — ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады.Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi құжаттар топтамасын ХҚКО-на тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнi. ХҚКО-на өтiнiш берген қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi некiрмейдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқу ғарұқсат беру жөнiндегi жергiлiктi атқарушы орган басшысы бұйрығының көшiрмесi немесе бұйрықтың нөмiрi мен шығарылған күнi көрсетiлген хат болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi нұсыну нысаны: қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетiлетiн қызметтi алушының тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiледi, «электрондық үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «брондауға» болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе оның заңды өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажет құжаттардың тiзбесi:

  1. өтiнiш;
  2. дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы, «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрi мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген 1/е нысанында;
  3. бiлiм алу шыныңата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдар дыңу ақыт шашетелде тұруы туралы анықтама, шетелде оқитын дығын растайтын құжат (қажет болған жағдайда);
  4. соңғы оқыған сыныбындағы үлгерiм табелдерiнiң көшiрмесi;
  5. көрсетiлетiн қызметтi алушының туу туралы куәлiгiнiң (2008 жылға дейiн туған жағдайда) көшiрмесi (салыстыру үшiн түпнұсқасы).

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiмтуралықұжаттардыңтелнұсқаларын беру

Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасының негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары (көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетiнiң «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (ХҚКО) арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе ХҚКО-ға өтiнiш берген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушы құжаттарды тапсырған сәттен бастап 15 жұмыс күнi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi негiзгi орта бiлiм туралы куәлiктiң телнұсқасын, жалпы орта бiлiм туралы аттестаттың телнұсқасын беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға тегiн көрсетiледi.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi алушының таңдауы бойынша жеделдетiлген қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, «электронды үкiмет» веб-порталы арқылы электронды кезектi «броньдау» мүмкiндiгi бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi көрсетiлетiн ХҚКО-ға жүгiнген кезде:

  1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттың жоғалу жағдайы немесе басқа да себептерi көрсетiлген өтiнiшi;
  2. кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (заңды өкiлiнiң) жеке куәлiгiмен (паспортымен) бiрге туу туралы куәлiгiнiң (2008 жылы туылған жағдайда) көшiрмесi немесе көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендiру үшiн);
  3. құжаттың нөмiрi және берiлгенiн тiркеу күнi көрсетiлген, азамат құжатының жоғалғаны жөнiндегi ақпаратты орналастырған күннен бастап жарияланған мерзiмi күнтiзбелiк 10 күннен аспаған мерзiмдi баспа басылымынан үзiндi немесе бүлiнген құжаттың түпнұсқасын ұсыну.

Баспасөз-релизi

2015 жылғы 3 маусым Астана қ.

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер iске қосылды

ҚР ХҚКО-ларында 35 жаңа қызметтер iске қосылдыМаусым айынан бастап Қазақстандық ХҚКО-ларда пилоттық режимде 35 жаңа қызмет қолжетiмдi болды. Атап айтқанда, ендi халыққа қызмет көрсету орталықтарына салық есептiлiгiн қабылдауға/керi қайтаруға, дара кәсiпкерлерге патент беруге, қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетiм балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға жәрдемақы тағайындауға, Қазақстан Республикасына жеке iстер бойынша кiруге шақыруларды ресiмдеуге және т.б. үшiн жүгiнуге болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуы бойынша қазiргi уақытта 9 мемлекеттiк органның 35 қызметi берiлдi. «Әзiрше осы қызметтердiң стандарттары қаралып жатқанда, олар ХҚКО-ларда пилоттық режимде ұсынылатын болады. Оларды бекiткен соң, пилоттық жоба аяқталады және қызметтер ХҚКО-ларда жалпы негiзде көрсетiлетiн болады», — деп атап өттi.

Балташева сонымен бiрге ҚР ХҚКО-ларына жаңа қызметтердi ендiру бойынша жұмыс жалғасатынын хабарлады. Жыл аяғына дейiн ХҚКО-ларға тағы да 20-дан астам жаңа қызметтер, олардың iшiнде инвестициялар және даму, ауыл шаруашылық, әдiлет, қаржы және қорғаныс министрлiктерiнiң қызметтерiн ендiру жоспарлануда екендiгiн айта кетелiк.

Осылайша, ХҚКО-ларда көрсетiлетiн қызметтер саны 212-ге жетедi. 2011 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары барлығы 59 қызмет көрсеткенiн, 2012 жылы — 113, 2014 жылы олардың саны 171 жеткендiгiн айта кетейiк.

ҚР ХҚКО-ларда ағымдағы жылғы 4 ай iшiнде көрсетiлген қызметтер саны 13 711 696 құрайды, соның iшiнде 10 миллионнан астамы — электрондық.

«Астық Есiл» ЖШС-i 19 маусымның сағат 11-00 Новоишимское селосы, Локомотивная, 48 в көшесе табиғат қорғау iс-шара жоспарының талқылау өтедi. Материал бойынша барлық сұрақтар мен ұсыныстар келесi электрондық адрес бойынша қабылданады: alina_onishenko@mail.ru

Баспасөз релизi

2015 жылғы 22 мамыр Астана қ.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерiн мемлекеттiк кiрiстер органдарының ғимараттарында көрсете бастады

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының инспекторлары салық қызметтерiн мемлекеттiк кiрiстер органдарының ғимараттарында көрсете бастадыБұл ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетi мен ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетi iске қосқан бiрлескен пилоттық жобаның арқасында мүмкiн болды.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева атап өткендей жарқын болашақта мемлекеттiк кiрiстер органдарының ғимараттарында ХҚКО-лардағы сервиске баламалы қызмет көрсетудi ұйымдастыру жоспарлануда. «Биылдың өзiнде азаматтар салық қызметтерiн қандай да бiр кедергiлерсiз, ал келесi жылы Ахуалдық орталығымен интеграцияланған Бiрыңғай электрондық кезек тәртiбiмен ала алатын болады. Яғни бiз қызмет көрсету барысын электрондық кезек талонын алған сәттен бастап клиенттiң дайын құжатты алған сәтiне дейiн қадағалай алатын боламыз», — деп айтып өттi ол.

Аталған «пилоттың» шеңберiнде халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерi 14 салық қызметiн ұсынады. Олардың iшiнде: Дара кәсiпкердi тiркеу есебiне алу, салық төлеушiлердi тiркеу, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған кiрiстер сомасы және ұсталып қалған (төленген) салықтар туралы анықтамалар, салық есептiлiгiн керi қайтарып алу және т.б. Қазiргi уақытта ХҚКО инспекторлары апта сайын оқыту семинарлары мен тренингтерiнен өтедi.

Айта кетейiк, осы iспеттес пилоттық жоба өткен жылдың желтоқсанынан бастап Алматы облысы Қарасай ауданының және Астана қаласы Сарырарқа ауданының мемлекеттiк кiрiстер басқармаларында қолданылды. Ендi бұл тәжiрибе барлық облыс орталықтары мен Алматы қаласына таралды.

Қазiргi уақытта облыстық мемлекеттiк кiрiстер органдарына ХҚКО-ның 5 инспекторы, Астана мен Алматы қалаларында — сәйкесiнше 10 және 20 қызметкер iссапарға жiберiлдi.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың қараша айына дейiн созылады.

Бүгiнгi күнi республикада 264 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасайтындығын еске саламыз, олардың iшiнен 9-ы автокөлiк иелерiне қызметтер көрсету жөнiндегi мамандандырылған ХҚКО.

Ағымдағы жылдың 4 айына Қазақстанның ХҚКО-ларында 13 711 696 қызмет көрсетiлген, оның iшiнде 10 366 299 — электрондық нысанда ұсынылды.

Баспасөз релизi

2015 жылғы 20 мамыр Астана қ.

Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтары Ахуалдық орталығына қосылды

Қызметтер көрсетудiң сапасын мониторингiлеу үшiн барлық 264 ХҚКО Ахуалдық орталығына қосылды, оның мамандары шынайы уақыт режимiнде қызметкерлердiң жұмысын бақылайды.

Бұл туралы Есiл ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Астананың мамандандырылған ХҚКО-сына барған сапар барысында Астана экономикалық форумының шетелдiк қатысушыларына мәлiмделдi. Қонақтар арасында Электрондық үкiмет басқармасының төрағасы Бахрейна Мухаммед Аль-Каед, Египет электрондық үкiмет басқармасының басшысы Ахмед Камал, Alphaworks.com төрағасы Эрин Глен болды.

«ХҚКО» РМК бас директорының орынбасары Шоқан Әбдiлмановтың айтуы бойынша бейнекамералардың айтарлықтай көп саны мамандандырылған ХҚКО-ларда орнатылған.«Мамандандырылған ХҚКО-ларда медкомиссиядан өту, айыппұлдар мен салықтарды жабу, агрегаттарды салыстыру, жүргiзушi куәлiктерiн беруге тестiлеу, автодромда практикалық емтихан тапсыру және т.б. сияқты iлеспе қызметтердiң көрсетiлуiне байланысты барынша көп бейнекамералар орнату қажеттiлiгi бар. Мысалы, Алматыдағы ең iрi мамандандырылған ХҚКО-да 77, Астана мамандандырылған ХҚКО-сында — 68, Талдықорған мамандандырылған ХҚКО-сында — 63 бейнекамера орнатылған», — деп қосып өттi ол.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн мониторингiлеу кезiнде «ХҚКО» интеграцияланған ақпараттық жүйесi маңызды рөл ойнайды, ол ХҚКО қызметкерлерiнiң қызметтер көрсетудiң белгiленген мерзiмдерiн сақтауын бақылауға мүмкiндiк бередi. Егер стандарт бойынша қандай дабiр құжатты алу үшiн 20 минут қажет болса, ал клиент қызметтi белгiленген мерзiмде алмаса, ахуалдық орталығының қызметкерлерi «мерзiмiн кешiктiрудiң» себебiн анықтайды. Егер мерзiмiн кешiктiру ХҚКО қызметкерiнiң кiнәсiнен болса, оған тәртiптiк сипаттағы шаралар қолданылады.

Қызметтi алу уақытын есептеу азаматтың талон алған сәтiнен бастап дайын құжатты алғанға дейiн жүргiзiледi. Ахуалдық орталығының қызметкерлерi клиенттердiң кезек күту уақытын, оларға қызмет көрсету уақытын, берiлген құжаттардың санын, сондай-ақ клиенттердiң ХҚКО инспекторларының жұмыс сапасын бағалау нәтижелерiн тiркейдi.

Бүгiнгi күнi ахуалдық орталығына барлық 264 халыққа қызмет көрсету орталығы, оның iшiнде 9 мамандандырылған ХҚКО қосылған. 2015 жылдың соңына дейiн Ақтөбе және Қостанай қалаларында тағы да екi мамандандырылған ХҚКО-ны қосу жоспарланып отыр, олар да ахуалдық орталығына қосылатын болады.

Баспасөз релизi
Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады

Ақтөбеде мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады2015 жылдың соңына қарай Ақтөбе қаласында саны бойынша 10-ншы мамандандырылған ХҚКО iске қосылатын болады. Мамандандырылған ХҚКО Батыс-2 ауданында салынуда, оның алып отырған учаскесi 4 жарымнан астам гектарды құрайды.

Жаңа мамандандырылған ХҚКО Елбасының автокөлiк құралдарын тiркеу және жүргiзушi куәлiктерiн беру функцияларын ХҚКО қарамағына беру туралы тапсырмасының шеңберiнде салынуда. «ХҚКО» РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Руслан Ерғалиевтiң айтуынша орталықтың құрылысы қызуқанды жүрiп жатыр. «2014 жылдың соңында Ақтөбе облысының әкiмдiгi құрылыс компаниясымен шарт жасасты. Қазiргi уақытта учаскенi бөлу жүргiзiлдi, ғимарат орналасатын жер жұмыстары аяқталды, iргетасы қаланды, электр желiлерi жүргiзiлдi, ендi қабырғалары тұрығызылуда», — деп атап өттi ол.

Жаңа орталықта көлiк құралдарын тiркеуге/қайта тiркеуге және жүргiзушi куәлiгiн алуға болады. Бизнес процесстердi автоматтандыру және мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн интеграциялау ақтөбелiктерге жүргiзушi куәлiгiн 2 сағатта алуға мүмкiндiк бередi, дәл осы уақыт автокөлiктi тiркеуге де кетедi.

Мамандандырылған ХҚКО-ның автоматтандырылған автодромында пайдаланылатын заманауи электрондық бақылау жүйесi жүргiзу бойынша емтиханның практикалық бөлiгiн тапсыру кезiнде адами факторды толыққанды жоюға мүмкiндiк беретiндiгiн атап өту керек.

Ақтөбе облысының Iшкi iстер департаментiнiң деректерi бойынша 2014 жылы көлiк құралдарының 44 мыңнан астам бiрлiгi тiркеуден өткен және 22 мыңнан астам ақтөбелiктер жүргiзушi куәлiгiн алған.

Анықтама ретiнде: Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Талдықорған, Қызылорда және Петропавл қалаларында 9 мамандандырылған ХҚКО қызмет көрсетуде. 2015 жылы мамандандырылған ХҚКО-ларды Ақтөбе және Қостанай қалаларында iске қосу жоспарланып отыр.

Мобильдiк ХҚКО-лар ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ қызметтерiн көрсетудi бастайды

Шалғай елдi мекендердiң тұрғындары өз елдi мекендерiнен еш жерге шықпай-ақ ХҚКО, ЗТМО және Қазпочта қызметтерiн ала алатын болады. Егер бұрын мобильдiк ХҚКО-лар халыққа қызмет көрсету орталықтарының ғана қызметтерiн көрсетсе, ендi 16 наурыздан бастап ХҚКО қызметкерлерiмен бiрге ЗТМО және «Қазпочта» АҚ қызметкерлерi сапарға шығатын болады.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташева мен «Қазпочта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусиннiң және «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық» РМҚК бас директоры Бiржан Жүнiсов арасында тиiстi меморандумға қол қойылды.

«ХҚКО» РМК бас директоры Әсемгүл Балташеваның айтуынша, мобильдiк ХҚКО-лардың басты мiндетi — бұдан бұрын мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi алу үшiн аудандық орталықтарға баруға мәжбүр болатын шалғай елдi мекендерде тұрып жатқан азаматтардың ақшасы мен уақытын үнемдеу. «Әлбетте, бiз қаншалықты көп қызмет көрсетсек, соншалықты халыққа да қолайлы болмақ. Солндықтан да бiз ЗТМО мен «Қазпочта» АҚ басшылығының ұсынысын, яғни олардың қызметкерлерiнiң Мобильдiк ХҚКО-лармен бiрге сапарға шығып, өз бағыттары бойынша қызметтер көрсетуiн ынтызарлықпен қолдадық».

ЗТМО қызметкерлерiнiң халыққа барынша маңызды әлеуметтiк қызметтердi көрсететiндiгiн атап өту керек, атап айтсақ олардың iшiнде жәрдемақылар, зейнетақы төлемдерiн тағайындау бар, ал «Қазпочта» АҚ қызметкерлерi азаматтарға зейнетақы төлемдерiн, әлеуметтiк жәрдемақыларды тағайындау үшiн шоттар ашуға көмектеседi, зейнетақыны жеткiзетiн болады және т.б.

Мобильдiк ХҚКО спараларының кестесi әкiмдiктермен алдын ала келiсiлетiн және аудандық әкiмдiктердiң сайттары мен өңiрлiк БАҚ-тарда жарияланатын болады. Бұдан басқа, мобильдiк ХҚКО сапарларының кестесiн «ХҚКО» РМК-ның www.con.gov.kz ресми порталындағы «Мобильдiк ХҚКО» тарауынан табуға да болады. Қажет болған жағдайда, мобильдiк ХҚКО-ның жоспардан тыс сапарға шығуын ұйымдастыру мүмкiн болады. Қазiргi уақытта Қазақстанда 70 мобильдiк ХҚКО қызмет ететiндiгiн атап өту керек.

Балташеваның айтуынша, 2014 жылы мобильдiк ХҚКО-лар 11 мыңнан астам сапарды жүзеге асырып, 339 мыңнан астам қызмет көрсеткен, ал ағымдағы жылдың 2 ай iшiнде мобильдiк ХҚКО-лар шалғай елдi мекендерге 2 мыңнан астам рет сапарға шығып, 67 мыңнан астам мемлекеттiк қызмет көрсеткен.

БЖЗҚ анықтамасы ендi eGov порталында қолжетiмдi

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкiмет порталында инвестициялық кiрiсi көрсетiлген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.

Бүгiнгi күнi eGov пайдаланушыларының Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтың (ЗТМО) анықтамаларын алуға мүмкiндiгi бар, онда зейнетақы аударымдарының сомасы кiрiссiз көрсетiлген.

Анықтаманың жаңа түрiнде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуi, зейнетақы төлемдерiнiң жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кiрiс туралы ақпарат бар.

Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы — «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» тарауы — «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлiмiнде қол жетiмдi. Қызметтi алу үшiн электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкiмет порталында тiркелу қажет. Қызмет көрсету мерзiмi 30 минуттан аспайды.

Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесiн алу немесе салық декларациясын толтыру үшiн қолданыла алады.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайталама куәлiктер немесе анықтамалар беру

2015 жылға жәрдем ақылауға қатысу үшiн өтiнiмдерi Қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру

«Казахстанская правда» республикалық газетiндегi 2014 жылғы 30 желтоқсанда шыққан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министiрлiгiнiң 2014 жылғы 19 қарашанын № 3-1/600 «Асыл тұкымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекiту туралы» бұйрығы негiзiнде, «Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның ауыл шаруашылық және ветеринария бөлiмi» ММ жәрдем ақылауға өтiнiмдер қабылдаудың бастаулы туралы хабарлайды.

8(71535)21494, 22326 телефондары бойынша анықтамалар.

Еgov порталында сiздiң борышкер/борышкер емес екендiгiңiздi тексеруге болады

Электрондық үкiмет порталындағы жаңартылған жеке кабинет пайдаланушыларды борышкерлер тiзiмiне енгенi немесе одан шыққаны туралы хабардар етедi.

2014 жылдың соңына дейiн egov жеке кабинетiне Әдiлет министрлiгiнiң «Қазақстан Республикасынан шығуы уақытша шектелген борышкерлер тiзiмi» мен «Атқару өндiрiстер бойынша борышкерлер тiзiмi» жүйелерi қосылады. Содан кейiн портал автоматты түрде пайдаланушыны бұл ресурстарға енуi немесе бұдан шыққаны туралы хабардар етедi.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Руслан Еңсебаевтың айтуы бойынша, электрондық үкiмет порталы арқылы жiберiлетiн хабарламалар механизмi азаматтарға төленбеген айыппұлдар, салықтар және т.б. кесiрiнен шетелге шығуға тыйым салу сияқты келеңсiз жайттардан құтылуға мүмкiндiк бередi.

Борышкер болып алимент немесе жол қозғалысы тәртiбiн бұзғаны үшiн айыппұлдары және коммуналдық қызметтер бойынша қарызы бар адам есептелетiнiн естерiңiзге саламыздi. Қара тiзiмге сот өндiрiп алуға қаулы еткен 700 теңгеден бастап төленбеген шоттары бар адамдар кiргiзiледi.

2014 жылғы 5 қарашада сағат 16.00-де Тахтаброд а. Тахтаброд ауылдық округi әкiмiнiң аппаратында Тахтаброд ауылдық округi әкiмнiң лауазымына кандидаттарды қарау бойынша жергiлiктi қоғамдастықпен кеңес өтедi.

Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Он сегiз жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау

Жылжымайтын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың телнұсқасын беру

Жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру

Мақаланың шыққан күні: 23.06.2017 11:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.08.2019 17:01

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+