Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Халықты қабылдау графигі

«2019 жылғы III тоқсанға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң, аудан әкiмi орынбасарларының және аудан әкiмi аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкiлдерiн жеке қабылдау кестесiн бекiту туралы» аудан әкiмiнiң 2019 жылғы 25 маусымдағы №29-ө өкiмiне өзгерiстi енгiзу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2-тармағына, «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 13-бабының 1-тармағына сәйкес:

  1. «2019 жылғы III тоқсанға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң, аудан әкiмi орынбасарларының және аудан әкiмi аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкiлдерiн жеке қабылдау кестесiн бекiту туралы» аудан әкiмiнiң 2019 жылғы 25 маусымдағы №29-ө өкiмiне келесi өзгерiс енгiзiлсiн (бұдан әрi — Кестес).
  2. Аудан әкiмi аппаратының жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесi кестенi танысу үшiн жалпыға қолжетiмдi жерге орналастырсын.
  3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмi аппараты басшысының м.а. Е.Қ. Аманжоловқа жүктелсiн.

Аудан әкiмi А. Тастемiров

Аудан әкiмiнiң 2019 жылғы
« 29» шiлдегi №39-ө өкiмiне қосымша

2019 жылғы III тоқсанға арналған Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмiнiң, аудан әкiмi орынбасарларының және аудан әкiмi аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкiлдерiн жеке қабылдау кестесi

Аты-жөні Лауазым Қабылдау сағаты және күні
1 Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы аудан әкімі айдың бірінші және үшінші сейсенбісі сағат 10.00-12.00
2 Төребеков Нұрлан Мейрамұлы аудан әкімінің орынбасары айдың бірінші және үшінші дүйсенбісі сағат 10.00-12.00
3 Баумағанбетов Сүйіндік Төлепбергенұлы аудан әкімінің орынбасары айдың бірінші және үшінші бейсенбісі сағат 10.00-12.00
4 Анафина Динара Ақанқызы аудан әкімінің орынбасары айдың бірінші және үшінші сәрсенбісі сағат 14.30-17.30
5 Аманжолов Ерлан Құанышұлы аудан әкімі аппараты басшысыныңм.а. айдың бірінші және үшінші жұмасы сағат 14.30-17.30

Мемлекеттiк органның мекенжайы: Новоишим а. Абылай хан көшесi, 28

Байланыс телефоны: 8 (71535) 21-148

Азаматтарды қабылдауды саралау аудан орталығына жету үшiн өтiнiш бiлдiрушi уақыты мен ақшасын шығындайтынын көрсетедi, ал Интернетке қосылған компьютер бола отырып, аудан әкiмдiгiне келмей-ақ, өтiнiштi үйден де жiберуге болады.

Осыған байланысты, Сiзден бей-жай қалмай, елдi мекендердi абаттандыру, сумен жабдықтау, еңбекақыны уақытылы төлемеу, көшелердi жарықтандыру, жолдарды жөндеу мен оларды күтiп ұстау және т.б. мәселелердi талқылауға белсендi қатысуға шақырамыз.

Көрсетiлген фактiлер нақты, объективтi болуы тиiс, шындыққа сай емес фактiлер қаралмайды.

Жедел әрекет ету үшiн Интернет бойынша gm.sko.gоv.kz — «Қоғамдық қабылдау» сiлтемесiн ашып, «Халықтық бақылау» бөлiмiне өтiнiш бiлдiруге, сондай-ақ WhatsApp мобильдiк қосымшасы арқылы 8-778-581-82-66, 8-777-924-11-99 телефондары бойынша, фотоматериалдарды қоса отырып хабарлама жiберуге немесе өтiнiштi gmusrepova-akimat@sko.kz электрондық мекенжайына жолдауға болады.

Келiп түскен өтiнiштер жауаптарымен «Қоғамдық қабылдау» бөлiмiнде орналастырылады.

Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау тәртiбi

«Жеке және заңды тұлғалар өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 Заңының 12-бабына сәйкес, лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкiн.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз берушi қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда арыз тiкелей сотқа берiледi.

Лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың актiлерiне (шешiмдерiне) шағым беру және оны қарау тәртiбi «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.

Байланыс тұлға: Ыбыраева Әсемгүл Ереженқызы — аудан әкiмi аппаратының жалпы мәселелер жөнiндегi құрылымдық бөлімшенің бас маманы

Байланыс телефоны: 8 (71535) 2-11-48

Электрондық мекенжай: gmusrepova-akimat@sko.kz

Қазақстан Республикасының Заңы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»

egov.kz «Электрондық үкiмет» порталы арқылы өтiнiш жазу және жiберу сервисi

«Электрондық өтiнiштер» сервистiң көмегiмен сiзге тiзiмде берiлген мемлекеттiк органдарға өтiнiш жазу және жiберу мүмкiндiгi берiледi. Бұл жерде өтiнiштiң жеткiзiлуiне кепiл алуға, орындалу мәртебесiн бақылауға және өтiнiшке жауап алуға болады.

Мақаланың шыққан күні: 22.06.2017 09:19

Парақтағы соңғы өзгерістер: 14.08.2019 11:26

СҚО Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданының әкiмi
Тастеміров Ағзам Ахметжанұлы

Промышленная Революция 4.0

Тамыз 2019
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

ҚР Әділет министрлігі

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

Официальный сайт Президента Республики Казахстан Премьер-министр Казахстана egov.kz Ассамблея народа Казахстана Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской области IPO ДКБ2020 Алтын сапа Әділет Модернизация пенсионной системы Казконтент Иновационные гранты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Защита бизнеса СКО Электрондық еңбек биржасы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ресми интернет-ресурсы 100 жаңа есім Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіАстана — Ұлы дала елордасы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі АҚ ҰК «Kazakh Invest»Қазақстанның ветеринарлық дәрігерлерінің қауымдастығы

@2019 Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімінің ресми интернет-ресурсы

A- A A+